Әдебиет теориялары  Аллегория



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата11.09.2023
өлшемі414,29 Kb.
#106886
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әдебиет теориясы жаңа бағдарлама

Драмалық жанр
. Мұнда оқиғаны баяндау да , болған жағдайды адамның 
қабылдап сезінуі де бар. Шығармаға арқау болатын оқиға өмірлік тартысқа 
құрылады. Оқиға барысы қалай дамитыны кейіпкерлердің сөйлеген сөзінен 
аңғарылады. Бұл жанрдың негізгі түрлері - трагедия, комедия, драма.

Жанр
(франц . genre , лат . generis – түр, тек) – өнердің барлық түрлерінде 
қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Мысалы, музыкада ән, күй, романс, 
симфония сияқты жанрлар бар болса, бейнелеу өнерінде натюрморт
пейзаж, портрет сияқты жанрлар болады.

Жоқтау
- дүниеден өткен кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе белгілі 
адамдарға айтылады. Қайтыс болған кісінің әйелі, қызы немесе келіні 
жылай отырып, ол адамның ерекше мінезі мен көзі тірісінде жасаған жақсы 
істерін, ендігі өз бастарына түскен ауыр қайғыны жыр түрінде айтқан. 
Жоқтауды ақындар да шығарып беретін болған. Мысалы: Шоқанды, 
Абайдың ұлы Әбдірахманды, Жамбылдың баласы Алғадайды жоқтау және 
т.б. 

Жыр
- оқиғасы өлеңмен баяндалатын көлемді шығарма. Жырдың 
батырлық, эпостық, лиро-эпостық, тарихи және т.б. түрлері бар. Олар, 
негізінен, 7-8 буынды болып келеді.

Жыршы
- батырлық, тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушы, ауыз 
әдебиетінің дәстүрін сақтаушы. Ірі өнерпаз жыршылар жырларды өзінше 
өңдеп немесе суырып салып , яғни өз жанынан шығарып та айтқан. 

Идея
(грек.idea - түсінік, елес, бейне) - көркем шығармадағы жазушының 
айтқысы келген ой-пікірі мен көзқарастары. Автор идея арқылы өзінің 
айтар негізгі ойын жеткізеді.

Ирония
(келемеж, кекесін) – бір қарағанда мақтау тәрізді көрінгенмен, 
оның астарында ажуа, кекесіннің басым болуы. Мұндағы сөздер қарама- 
қарсы, кекесін мағынасында қолданылады. Мысалы:
Ол рас, аталарың шенге алыпты, 
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты. 
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын, 
Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты. 
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз, 
Артқыға қандай егін еккеніңіз? 
Жусақ да денемізден кетер емес, 


Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз»... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет