Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет84/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

7.3. ДНҚ синтезі
ДНҚ-дезоксирибонуклеин қышқылдары синтезінің 3-түрі 
бар:
1. ДНҚ-ның репликациясы
2. ДНҚ-ның репарациясы
3. Кері транскрипция
ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі репликация деп 
аталады.
Репликацияға керекті компоненттер:
1. Субстрат есебінде дезокси қатарына жататын төрт трифосфо-
нуклеозидтер (d– АТФ, d – ГТФ, d – ЦТФ, d – ТТФ).
2. Ферменттің оптималды активтілігі үшін Mg²

қатысуы қажет.
3. Аналық ДНҚ-ның болуы міндетті, себебі генетикалық инфор-
мацияның көзі қажет.
4. Нуклеотидтердің біріне-бірі қосылуы 5¹ → 3¹ бағытында бо-
лады.
5. ДНҚ-на тəуелді ДНҚ-полимераза ферменті (I,II,III). ДНҚ- по-
лимераза элонгацияға тікелей қатысатын фермент.
Прокариоттарда бұл ферменттің үш түрі табылған: ДНҚ-
полимераза І, ДНҚ-полимераза ІІ жəне ДНҚ-полимераза ІІІ. 


175
ДНҚ-полимераза І протомер, молекулалық массасы 100 кДа. По-
лимераза І полимеразалық жəне нуклеазалық активті келеді. ДНҚ 
репарациясына да қатысуы мүмкін.
ДНҚ-полимеразаның ІІ қызметі толық анықталмаған.
ДНҚ-полимераза ІІІ ферментінің қызметі күрделі, себебі 
ДНҚ молекуласындағы пайда болатын жаңа тізбектің өсуін 
катализдейтін осы фермент. ДНҚ-полимераза ІІІ ферменті – 
олигомер, 7 суббірліктен тұрады. Бірақ ДНҚ-полимераза ІІІ 
өз бетінше синтезді бастай алмайды. Синтезді бастап беретін 
құрылым РНҚ фрагментінен тұрады. РНҚ-фрагментіне ДНҚ-
полимераза қосылып, праймер деген тізбектің фрагментін түзеді. 
Праймердің түзілуін катализдейтін РНҚ-полимеразаны праймаза 
деп атайды.
Эукариоттарда ДНҚ-полимеразасының 5 түрі табылған: 
α, ε, 
β, γ
жəне 
δ
(28,29-кестелер).
ДНҚ синтезін жүргізетін негізгі фермент ДНҚ-полимераза- 
δ. Ал ДНҚ-полимераза 
β
-ның қызметі прокариоттардағы ДНҚ-
полимераза І-ге ұқсас келеді. ДНҚ-полимераза – 
γ
митохондрияда 
жүретін нуклеотидтер полимерленуін катализдейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет