Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет50/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
80 
үйретесіз, ол солай қабылдайды және соны ереже деп 
ойлайды. Сосын біраз уақыт өткеннен кейін бұл ереже 
бұзылса, ол ашуланады. «20 жыл болды ғой осыны істеп 
келе жатқаныңа, не көрінді аяқ астынан, құбылмалы ауа 
райы сияқты өзгеріп кеттің. Не болды саған?» -дейді. 
Сондықтан, қыздар, бұл кеңестер қарым-қатынасты енді 
бастап, енді үйленіп жатқан адамдарға жақсы болады. Ал 
көп жылдар бойы немесе бес жылдан көп тұрмыс құрған 
келіншектерге ер адамды баяу, сыпайы, еркелеп осыған 
жеткізуге болады. Еріңізді жаңа ережеге үйреткіңіз келсе, 
ешқашан бірдеңе ұмытып кеткенде дауысыңыз дөрекі 
болмасын, жұмсақ, майда, нәзік сөйлеңіз. Кемшіліктерін 
айта бермеңіз. Ер адамға қай кезде сөйлеу керек екенін білу 
керек, тәсілдерін білу керек. Күйеуіңізге қай кезде үндемей 
қалу керек, қай кезде айту керегін біліңіз, негізі оның 
мінезін жақсы білесіз ғой, бірақ өз нәпсіңіз жоғары 
болғандықтан кейде қалай сөйлеу керегін біле тұра, еркекті 
бала сияқты түзеп алғымыз кеп тұрады. Сондай сәттерде 
өзіңізге жақсылық жасап жатқаныңызды, өзіңізге пайда 
беріп жатқаныңызды ойлаңыз. Себебі бұрыңғы жолмен 
еркекті түзете берсеңіз, сіз өзі
ңізге тек қана зиян келтіресіз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

 Некеден кейін әйел бақыты

 
81 
Әйелдің отбасылық өмірдегі қателіктері 
1.
Қателік. Ер адамды сырттан күтіп алғанда, оған 
өз-өзіне келіп алуына уақыт бермеу

Қарапайым бір күндік мысал. Әйел идеалды 
отбасының бір күнін қалай елестетеді? Әйелдің ойынша, 
күйеуі 
кешке 
жұмыстан 
келеді, 
екеуі 
бірге 
жаңалықтарымен бөлісіп, қалған уақытты бірге өткізеді. 
Ал еркектің ойынша, ол жұмыстан келгенде 10-15 минут 
тыныштықта оңаша қалады. Түзден шаршап келгенде өзін 
ешкімнің мазаламағанын қалайды. Сол себепті үйге кіре 
сала жағасынан алып, жаңалығын сұрамай қоя тұрыңыз. 
Әйелдер кішкене басқаша жаратылған, сырттан үйге 
келгенде аяқ киімімізді шешіп үлгермей жатып, бүкіл 
жаңалығымызды айтып тастағымыз келеді. Алдымен 15-20 
минут оңаша қалсын, өзінің қауіпсіздікке, тыныштыққа 
келгенін сезінсін (еркек сыртқа шықса түзге, соғысқа 
кетеді), душ қабылдап, дәмді тамақтандырыңыз. Содан 
кейін ғана өз жаңалығыңызды айтып бастасаңыз, ол да 
сізге өз әңгімесін айтады. Ер адам үйге демалуға
комфортты сезінуге келеді. Алғашқы сағатта еріңізге сол 
комфортты беріп, тек позитивпен бөліскеніңіз дұрыс. 
Бірнеше уақыттан кейін үйдің мәселелерін қозғауға да 
болады. Демалып алған еркек мәселені шешуден қашпай, 
сізге көмегін беруге тырысады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет