191
Сонда да АҰК алдыңғы қатарлы басшылары - тайпа кӛсе-
мі
Альберт Лутули
(кейін Нобель сыйлығының иегері),
Нельсон
Мандела, Уолтер Сисулу
күш кӛрсетпеу әдісімен ӛз саясаттарын
жалғастыра берді. Сонымен, үкімет АҰК және Панафрикалық
Конгресін заңсыз ұйымдар деп жариялады,
оның басшылары-
ның кӛпшілігін түрмеге қамады. 1961 жылы АҰК «Умконто
сизве» («Ұлт найзасы») деген әскери ұйым құрды, ал 1962 жылы
осындай әскери ұйымды «Поко» деген атпен Африкалық Конг-
ресте құрды. Дегенмен, осы кезде олардың басшыларын жаппай
қамауға ала бастады, АҰК-нің басшыларының бірі
Нельсон
Мандела
да тұтқындалып,
ӛмірінің 27 жылын түрмеде ӛткізді
.
Сонымен, Оңтүстік Африкадағы нәсілдік саясат елдің ха-
лықаралық беделіне нұқсан келдірді.
Шарпевильдегі оқиғадан
кейін, Британ Достастығына мүше елдер Оңтүстік Африка
Республикасын Достастық құрамынан шығаруға мәжбүр етті.
1961 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы апартеид саясатын сынға
алды, ал 1962 жылы БҰҰ-ның барлық мүшелеріне Оңтүстік
Африка Республикасымен дипломатиялық байланысты үзіп жә-
не экономикалық байкот жариялау туралы ұсыныс жасайды.
Дегенмен, Оңтүстік Африканың экономикалық жағдайы
ӛте нашар емес еді.
Мұнда алтын, алмаз, тас кӛмір, марганец,
мыс, сурьм, хром, термір, платин, фосфат және басқа кӛптеген
пайдалы қазба байлықтарының кен орындары бар болатын.
1962 жылдан бастап, Оңтүстік Африканың экономикасы тез қар-
қынмен дамыды, ал 1972 жылы алтынның бағасы ӛскен кезде ол
одан ары дамуын жалғастырды. 1972-1980 жылдар аралығында
алтынның бағасы 10 есе ӛсіп,
бұл елге қосымша кіріс алып
келді.
Оңтүстік Африка Республикасын 1967 жылдан бастап
Б.Й.Фостер
басқарды. Ол елдің сыртқы саяси бағытын ӛзгертті.
1970 жылы Фостер бірнеше африкалық басшылардың қолдауы-
на ие болды; 1978 жылы Фостердің орнына
Питер Бот
прези-
дент болып тағайындалып, ол либералды саясат ұстанды. Питер
Бот елдегі апартеид саясатын
сонымен бірге футболдағы, оқу
жүйесіндегі нәсілдік дискриминацияны жоюды қолға алды.
192
Оңтүстік Африка Республикасының жаңа Конституциясы
1983 жылы 3 қыркүйекте қабылданды, ол бойынша үш палаталы
парламент құрылды: ақ нәсілді депутаттар - 178, түрлі-түстілер-
ден 85 депутат, және үнділіктерден 45 депутаттық орын берілді.
Елдегі қара нәсілділерге орын берілген жоқ. Бұл конституция-
лық реформаны радикалдар сынға алып,
африкалықтар толық-
тай бас тартты. 1983 жылы құрылған Біріккен демократиялық
майдан партиясы және 1985 жылы құрылған оңтүстікафрикалық
кәсіподақтар Конгресі апартеидке қарсы белсенді саясат жүр-
гізді.
Осы кезде Питер Бот үкіметі күшті қуғын-сүргін саясатын
жүргізді, цензура күшейтілді, ереуілдерді полиция қарудың кү-
шімен басып жаншыды. Халықаралық жағдай тағы нашарлады.
1986 жылы қыркүйекте америкалық сенат Оңтүстік Африка
Республикасына қарсы экономикалық санкция жариялады.
Оңтүстік Африка сонымен бірге Ұлыбританияның қамқорлығы-
нан да айырылды,
АҰК селсоқ қараған
Маргарет Тэтчер
1989 жылы Достастық елдердің конференциясынан шектеді.
1980-ші жылдардың ортасында Оңтүстік Африка Республикасы
үлкен саяси дағдарыс үстінде тұрды. 1989 жылы 6 қыркүйекте
Оңтүстік Африканың президенті болып
Фридерик де Клерк
тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: