180
барлығы жергілікті халықтың наразылығын тудырып, нәтиже-
сінде отарлық билікке қарсы шықты.
Отарлық әкімшіліктерде жұмыс істейтін африкалықтар,
ұлтжандылар мен интеллигенттер белсенділік танытты: олар
нәсілшілдікке қарсы ұранмен күрес жүргізді. Мұғалімдер, дәрі-
герлер, тілмаштар және әскерилер ӛз
кәсіби қызметтерін жақ-
сартып, біліктілігін арттырды. Ал 1930 жылдың екінші жарты-
сында Африкада экономикалық даму тез қарқынмен жүрді: жаңа
ӛнеркәсіп орындары салынды, инфрақұрылым күшейтіліп, ха-
лықтың тұрмыс жағдайы біршама ӛзгере бастады.
Екінші дҥниежҥзілік соғыс жылдарындағы Африка.
1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Африка
стратегиялық жоспар бойынша маңызды орында болды.
Африканың отарлық территорияларына әскери қозғалыс енгізі-
ліп, олар бүкіл соғыс барысында тоқтаған жоқ (Ливия, Египет,
Алжир, Марокко, Тунис, Кения, Сомали, Эфиопия, Эритрея,
Судан). Мыңдаған африкалықтар Солтүстік Африка және Батыс
Еуропа жерінде ғана соғыс қимылдарын жүргізіп қойған жоқ,
сонымен бірге Таяу Шығыс, Бирма және Малайя аймақтарында
соғысты. Африкандықтардан
ұлттық әскерлер жасақталып, ке-
йін олар тәуелсіздік үшін күресте үлкен маңызды рӛл атқарды.
1940 жылы шілде айында итальяндық әскерлер ағылшын-
дардың Сомали, Кения мен Суданның бір бӛлігін басып алды.
Алайда 1941 жылы қаңтарда ағылшындық, үнділік, судандық
әскери жасақтар, сонымен бірге «Еркін Франция» қозғалысы
(құрамы африкалдықтар), Шығыс
Африкада итальяндық әскер-
ді талқандап, Сомали, Эфиопия, Эритреяны азат етіп, 1941 жы-
лы мамырда итальяндықтарды тізе бүктірді. 1940 жылы мау-
сымда Франция тізе бүккен кезде оның кӛптеген африкалық
отарлары «Виши» үкіметінің басқаруына ӛтті. Ал Француздық
Экваторлық Африканың губернаторы Феликс Эбуе генерал
де
Голль
жағына ӛтті.
Соғыс жылдары Француздық Экваторлық Африкада әлеу-
меттік және саяси реформалар жүргізілді. 1941
жылы тамызда
Англия және АҚШ үкіметтері Атлантикалық хартияға қол қой-
ды, онда халықтар құқығы және билікті ӛздері сайлау арқылы
181
тағайындау туралы айтылды. Соғыстан кейін державалар конс-
титуциялық реформа жүргізу және жергілікті халыққа құқық
пен бостандық беру, отарларға ӛзін-ӛзі басқару ұйымын құруға
уәде берді. 1944 тайпа, діни қауым және шыққан тегіне қарай
түрлі саяси партиялар құрылды. 1944
жылы тамызда Нигерия
мен Камерунда Ұлттық кеңес құрылып, олар тәуелсіздік үшін
күресті.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезде, 1945 жылы
қазанда Англияның Манчестер қаласында 5-ші Жалпы африка-
лық конгрес болды. Бұл конгреске танымал африкандық қай-
раткерлер:
К.Нкрума, Д.Кениата, Х.Банда
және
танымал тайпа
кӛсемі Акинтола қатысты. Осы конгресте тәуелсіздік талаптары
алға тартылды. Конгрес үш құжат қабылдады: біріншісі – дү-
ниежүзіндегі отар елдерді тәуелсіздік үшін күреске шақыру,
екіншісі - метрополия үкіметтері жаңа мемлекеттерге тәуелсіз-
дік берудің барлық мүмкіндіктерін қарастыру, үшіншісі – бар-
лық халықаралық қауымдастыққа, БҰҰ-на, барлық халықара-
лық
ұйымдарға бағытталады, онда африкандық халықтардың
тәуелсіздік алуына кӛмек кӛрсету туралы айтылған.
Сонымен, Африкада жаңа дәуір басталды - отарсыздану
кезеңі, яғни осының нәтижесінде ондаған мемлекеттер ӛз тәуел-
сіздігіне қол жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: