179
ету, «португальдық ӛмір салтымен жүру». Бірақ «португаль-
дану» үрдісі ӛте баяу жүрді: Екінші дүниежүзілік соғыс қарса-
ңында Анголада 24 мың африкалықтар «мәдениеттілер» қата-
рына жатты, ал Мозамбикте ол 1,8 мың адамды ғана құрады.
Сонымен бірге Португалия отарлары тауарлы шаруашылық
жүргізді, салықты ақшалай тӛлеуді талап етті.
Жергілікті халыққа ең қатал саясат жүргізген Бельгия
болды. Әртүрлі халықтар қоныстанған Бельгиялық Конгода
1908 жылдан бастап, генерал-губернаторлықтар басшылығын-
дағы бельгиялық азаматтық әкімшілік басқарды. Онда еңбекпен
қанау кең етек алды, африкалықтар арасында ӛлім жиі кездесіп
тұрды. ХХ ғасырдың алдыңғы 20 жылында жергілікті халық
саны екі есеге дейін қысқарып кетті. Бірінші дүниежүзілік со-
ғыс қарсаңында Конгоның Катанга провинциясында мыс ӛнді-
ріле бастады, осының нәтижесінде Конгоның басқа жерлерімен
салыстырғанда Катанга біршама бай кӛрініске ие болды. Эко-
номикалық игілікке африкалықтар аз кӛңіл бӛлді. Конгода еш-
қандай саяси қызметке рұқсат берілген жоқ, білім беру мен ден-
саулық сақтау жүйесі тоқырау үстінде болды. Билікті жергілікті
халық қолына беру бельгиялықтардың жоспарына кірген де жоқ,
сол үшін оларды оқытуға ешқандай қадам жасалмады.
Достарыңызбен бөлісу: