193
партияға, ал ақ нәсілділерге АҰК мүше болуларына рұқсат бе-
рілді. 1989 жылдың соңында Ұлттар Достастығы және БҰҰ
Оңтүстік Африкаға қарсы санкцияны жоюды мақұлдады. Бұл
Ф.де Клеркке үлкен серпіліс беріп, ол 1990 жылдың ӛзінде-ақ
апартеидтің кӛп заңдарын жояды. 1991 жылдың басында апар-
теидтің соңғы үш заңы жойылды, соның ішінде халықты нәсіл-
дік топ бойынша қоныстандыру заңы.
1991 жылы Демократиялық Оңтүстік Африка үшін Конфе-
ренция (КОДЕСА) құрылып, 1993 жылдың соңына дейін жұмыс
істеген, оған 20-ға жуық партия қатысты. Оның мақсаты - жаңа
Конституцияның жобасын жасау болды. 1992 жылы Ф.де Клерк-
тің позициясы күшейді: ол референдумда жеңіске жетті, оның
барысында ақ нәсілділердің басым кӛпшілігі (69%) билікті то-
лыққанды африкалыққа беру туралы пікірді қолдады. 1992 жы-
лы КОДЕСА мүшелері Уақытша Конституцияны қабылдады.
Ӛтпелі Атқарушы кеңес құрылды. Үкімет және АҰК, яғни
Оңтүстік Африка Республикасында ортақ армия және азаматтық
әкімшілік болады деген келісімге келді. 1994 жылы 26-29 сәуір
аралығында жалпыға бірдей сайлау болып, оны халықаралық қа-
уымдастық та "еркін және шынтуайтты" деп мойындады. Сай-
лауда АҰК жеңіске жетіп, 62,6% дауыс жинап парламентте 252
орынға ие болды. Ұлттық партия 20,4% дауысқа ие болды, пар-
ламентте 82 орын, «Инката»- 10,5% дауыс және парламентте 43
мандат иемденді. Нәтижесінде коалициялық үкімет құрылды
АҰК - 18 орын алды, Ұлттық партия - 6, «Инката»- 3 орын.
Достарыңызбен бөлісу: