190
салды. Кейін келе 1963 жылы қабылданған заң бойынша
африкалықтар кез келген уақытта қаладан қуылатын болды.
1953 жылғы «Еңбек туралы» заңда кәсіподақ құру және ереуілге
шығуға тыйым салынды. Осы 1953 жылғы «Білім туралы» заңда
африкалдық қоғамның маманданған жүйе бойынша білім алула-
рына тыйым салынды: онда африкалықтарды тек қара жұмысқа
ғана пайдалану керек деп атап кӛрсетілді.
1960 жылдың басында Оңтүстік Африкада жалпы заңна-
маға ӛзгерістер енгізіледі. Олар билікке қатысты азаматтар құ-
қығын шектей бастады, күдікті деген адамдарды үйде тұтқын-
дап ұстау т.с.с. Апартеид саясаты алдап-арбау мен зорлық-зом-
былық негізінде жүргізілді. Түрмелер тұтқынға толды, полиция
ӛте қатал шаралар қолданды, ӛлім жазасының жаңа түрі кӛбейді.
Оңтүстік Африка кӛбінесе полицейлік мемлекетке ұқсап кетті.
1958 жылдан 1967 жыл аралығында Оңтүстік-Африка Одағы-
ның премеьер-министрі болған
Х.Ф.Фервудті
апартеидтің басты
идеологы деп атады. Ол Голландияда дүниеге келіп, Германияда
білім алған, Оңтүстік Африкада жұмысын университет профес-
сорылығынан бастады. 1950-ші жылдардың ӛзінде Х.Ф.Фервуд
ішкі істер министрі болған; тап сол кезде апартеид идеясының
стратегиясын бастаушыға айналды. Сонымен африкалықтар ӛз
отандары, яғни Оңтүстік Африкада «шетелдіктерге» айналды.
Достарыңызбен бөлісу: