188
ХІХ ғасырдың ортасында
ағылшындар Кап және Нетал
отарларына қоныс тебе бастады, ал Оңтүстік Африкада алмаз
жаңа кен орны ашылған соң олар бурлардың иелігіне қарай
жылжиды. 1880-ші жылдары осы жерде алтын кен орны ашыл-
ған соң бұл жерге ағылшындар одан әрі баса кӛктеп кіреді. Нә-
тижесінде бурлармен арадағы үнемі шиеліністің соңы 1899-
1901 жылдардағы ағылшын-бур соғысына алып келді, яғни мұн-
да
Англия жеңіске жетеді, алайда 1906-1908 жылдары бурлар
республикасына ӛзін-ӛзі басқару құқығын және тіпті ӛз парла-
менттерін құруға амалсыздан кӛнді.
1910 жылы екі бурлар республикасы және екі ағылшындар
отарында (Наталь және Кап) тәуелсіз доминион - Оңтүстік
Африка Одағы (ОАО) құрылды.
Дегенмен бурлар мен ағылшын-
дар арасында қайшылық тоқтаған жоқ, бұрынғыдай британдық
мәдениет пен тілді таратуға қарсылық жалғаса берді. Әсіресе
оларды ағылшындардың жергілікті африкалық халыққа түзу
ниетті қатынасы ызаларына тиді. Ӛз
отарларында Англия
1863 жылдың ӛзінде-ақ, аралас некеден туғандарды ақ нәсілді-
лермен бірге сайлауға қатысу құқығын берді; бурлар
республикасындағы парламентке тек ақ нәсілділерге ғана құқық
берілді. Бурлар мен ағылшындар
арасындағы шиеленіс ХХ ға-
сырдың бірінші жартысын түгел қамтыды. Ол кездері жергілікті
африкалық халықтарды ақ нәсілділер тек арзан жұмыс күші
ретінде ғана қабылдады. Қара халық саны ақтардан 3 есе кӛп
болатын. 1912 жылы Оңтүстік-Африкадағы жергілікті ұлттық
Конгрестің негізі қаланды, ал кейін ол Африкалық Ұлттық
Конгрес (АҰК) деп аталды. Оның басшылары
қара нәсілділердің
қоғамдық құрылыстағы орнын табуға талпыныс жасады, сон-
дықтан бастапқы кезде күш кӛрсетпеу әдісі қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: