А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


А.М.Яхья-ханның әскери режимі



Pdf көрінісі
бет61/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

А.М.Яхья-ханның әскери режимі.
Саяси оппозицияның 
күшеюі және Шығыс Бенгалияның аймақтық автономиясы үшін 
жаппай қозғалыстың ӛсуі 1969 жылы Пәкістанда саяси дағда-
рыстың орын алуына және генерал 
А.М.Яхья-ханның
билікке 
келуімен елде саяси тәртіптің орнауына түрткі болды.
1970 жылы саяси партиялардың жұмыс істеуіне және пар-
ламенттік сайлау жүргізуге рұқсат берілді. Оған 22 саяси партия 
қатысты, олардың ішіндегі ең беделдісі Авама лиг, ПХП, Ұлт-
тық-Халықтық партия, Бүкілпәкістандық мұсылмандар лигасы 
болды. Жеңіске Шығысбенгальдық Авами лиг партиясы жетті. 
Олар Шығыс Пәкістандағы Ұлттық жиналыста 160 орынға (162 
орынның), ал Заңшығарушы жиналыста 288 орынға (300 орын-
ның) ие болды. Батыс Пәкістан Халық партиясы жеңіске жетті. 
Авами лиг партиясының лидері 
Муджибур Рахман
орта-
лықта да Шығыс провинцияда да үкімет құруға құқық алды. Ол 
Шығыс Бенгальияға аймақтық автономия беруді талап етті. Ал 
бұл талапты орындаудан бас тартқан А.М.Яхья-хан әрекеті бү-


97 
кіл Шығыс Пәкістанды қамтыған азамат соғысы науқанына 
алып келді.
1971 жылы наурыздың 25-нен 26-на қараған түні әскери 
әкімшіліктің бұйрығымен Муджибур Рахман тұтқынға алынып, 
Авами лиг партиясының қызметі тоқтатылды. Шығыс 
Бенгальияға әскер түсіріп, елдегі азамат соғысы ӛте қантӛгіспен 
жүрді. 
Осы қарулы күрес барысында Шығыс Бенгальдықтардың 
провинциялық автономия үшін кӛтерілісі ӛрши түсті. Нәтиже-
сінде 1971 жылы 26 наурызда азамат соғысы жеңіспен аяқталып, 
Шығыс Бенгальия Пәкістаннан бӛлініп, тәуелсіз 
Бангладеш
мемлекеті құрылды.
З.Ә.Бхуттоның ішкі және сыртқы саясаты.
1971 жылы 
20 желтоқсанда генерал А.М.Яхья-хан отставкаға кетіп, орнына 
1970 жылғы сайлауда Батыс Пәкістан провинциясында жеңіске 
жеткен, Пәкістан Халық партиясының басшысы 
З.Ә.Бхутто
келді. 1971 жылы Пәкістан тарихында жаңа кезең басталды: кӛп 
жылдарға созылған 
М.А.Айюб-хан
(1958-1969) және 
А.М.Яхья-
ханның
(1969-1971) әскери режимдерінен кейін билік азаматтық 
әкімшілікке берілді. 
Үкімет басына келісімен ПХП-сы әлеуметтік-экономика-
лық және саяси қайта құруларды қолға алды. Бұл елдің капита-
листік дамуы және қоғамдағы әлеуметтік құрылымды модерни-
зациялауға негіз болды. Экономикалық стратегияны дамыту 
үшін мемлекеттік сектордың кӛлемін кеңейту, монополияға қар-
сы заң шығару, сақтандыру компанияларын және жеке меншік 
банктерді мемлекет қарамағына ӛткізу, мақтаның экспорттық 
саудасын дамыту, мемлекеттік жоспарлауды еңбек қатынасын 
заңдастыру (реформалау), жер иеленушілікті қысқарту. Бұл 
үкімет әскери әкімшіліктен ерекше болды. Сыртқы саяси бағыт-
та да ӛзгерістер болды: Пәкістан СЕАТО және Британдық Ұлт-
тар Достастығынан шығып кетті, Үндістанмен қатынасын жақ-
сартты (1972 ж. Симл келісімі), Бангладеш Республикасын мо-
йындады, КСРО-мен қарым-қатынас орнатты, басқа салалар бо-
йынша да халықаралық байланысын кеңейтті. 


98 
ПХП-сы ӛз қызметінде үш негізгі қағиданы ұстанды: «Ис-
лам-біздің дініміз; демократия-біздің билік түріміз; социализм-
біздің экономикамыз». Елде 21 бӛлімді бағдарлама жасалды
онда пәкістандық қоғамды демократияландыру үшін бірқатар 
шаралар қаралды. 
Жаңа биліктің тағы бір маңызды акциясы 1973 жылы 
тамыздағы жаңа (үшінші) Конституцияны қабылдау болды, оны 
биліктегі партияның қайраткерлері жасады. 1973 жылы Консти-
туцияға сай 
Пәкістан Федеративті парламенттік Республика 
болып жарияланды. Ислам елдің мемлекеттік діні болды. 
Пәкістан тӛрт провинциядан тұрды: Пенджаб, Синд, 
Солтүстік-Батыс шекаралық провинция және Белуджистан.
1977 жылы қаңтарда жалпыға бірдей сайлау болатыны хабар-
ланды, яғни 1977 жылы 7 наурызда Ұлттық жиналысқа, 10 нау-
рызда провинциялардағы Ұлттық жиналысқа. Сайлау нәтижесі 
бойынша ПХП-сы Ұлттық жиналыстағы 
200
орынның 155 
орынға 
ие болып, 77,5 пайызбен жеңіске жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет