А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші дҥниежҥзілік соғыс қарсаңындағы Тҥркия



Pdf көрінісі
бет68/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Екінші дҥниежҥзілік соғыс қарсаңындағы Тҥркия.
30-
жылдардың ортасында кемалистік қайта құрулар жақсы нәтиже-
лерге қол жеткізді. Саяси және экономикалық жағдай жақсарып, 
кӛрші елдерде Түркияның беделі ӛсті. Сыртқы саясатта да 
анкаралық үкіметтің әлемдік сахнадағы рӛлі күшейді. 
Ататүрік ӛмірінің соңғы жылдары және оның қазасынан 
кейін (1938 ж.) елдегі бір партиялық жүйе әлсірей бастады. 
Алайда, оның жақтасы және ізбасары Екінші дүниежүзілік со-
ғыс қарсаңындағы халықаралық жағдайды ескере отырып, осы 
жүйені сақтауға тырысты. Соғыс басталғанда Түркия бейтарап-
тық жариялады, ӛз шекарасын сақтап қалу үшін бірде «белдік» 


108 
елдермен, бірде гитлерлікке қарсы коалициядағы одақтастармен 
әртүрлі ойынға кӛшті. Тек 1945 жылы ақпанда түрік үкіметі 
Германия және Жапонияға қарсы соғыс ашты. Осының ӛзі 
Түркияға БҰҰ-ның Құрылтай жиналысы арасындағы елдермен 
бірдей болуға мүмкіндік берді.
Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Тҥркия.
Соғыс-
тан кейін ХРП арасында бӛлшектену басталды. 1946 жылдың 
басында Демократиялық партия (ДП) құрылады. Алайда олар-
дың бағдарламасы ХРП партиясынан еш ӛзгеріс болған жоқ. Заң 
жобалары бір партиялық жүйеден кӛп партиялық жүйеге кӛшті. 
Кӛп ұзамай елде 30-ға жуық партия құрылды. Олардың ішінде 
ең белсендісі ДП болды. ДП бағдарламасында жеке меншік ка-
питалы жеке меншік мүддесі екендігі туралы қаралды. Түрік қо-
ғамының дамуында Түркия мен АҚШ жақындығы тез байқалды. 
Экономика саласында министрлер кабинеті жеке меншік 
мүддесіне қатысты саясат жүргізді. Сонымен елге сырттан ка-
питал келе бастады. 
1950 жылы майда парламенттік сайлауда Демократиялық 
партия жеңіске жетіп, елдің президенті 
Д.Баяр,
ал премьер-ми-
нистрі 
А.Мендерес
болды. ДП елді он жыл басқарды.
1950-ші жылдардың соңында елде демонстрациялар бол-
ды. ДП басшылығы партияның беделінің жоғалып бара жатқа-
нын біліп, басқа тәсілге кӛшті. Мендерес үкіметі оппозицияны 
басу үшін шара қолданды. 1960 жылы 27 сәуірде Стамбулда сту-
денттер митнгісі болды. Елде жаппай тәртіпсіздік орын алып, 
грек және басқа шетелдіктерге шабуыл жасалды. Осыны пайда-
ланған генерал 
Кемаль Гюрсель
1960 жылы 27 мамырда елде 
әскери тӛңкеріс жасап, әскерилерден құрылған Ұлттық бірлік 
комитеті (ҰБК) ел билігін ӛз қолдарына алды. Д.Баяр және 
А.Мендерес тұтқындалып, жазаға тартылды. Сонымен бірге бұ-
рынғы басшылардан 15 адам тұтқындалып, түрмеге жабылды. 
1924 жылғы Конституция жойылды, парламент таратылды, сая-
си партиялардың қызметіне тыйым салынды. Түркия 
Республикасының ӛмір сүру дәуірінің бірінші кезеңі осылай аяқ-
талды.


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет