1980 жылдардың соңы, 2000 жылдардың басындағы
Пәкістан.
1988 жылы Пәкістанның ішкі саяси ӛмірінде үлкен
ӛзгеріс болды. Генерал М.Зия уль-Хактың 11 жылдық әскери би-
лігінен кейін елге азаматтық демократиялық билік қайта ор-
нады.
Билікке ПХП-сы келді. Елдің премьер-министрі болып
1979 жылы ӛлім жазасына кесілген З.А.Бхуттоның қызы
Беназир Бхутто
тағайындалды. Сайлау науқаны
М.Зия уль-Хак
1988 жылы тамызда әуе апатынан қаза болған соң тӛрт айдан
кейін болды. Азаматтық қоғам құру және сайлау қорытынды-
сына байланысты әскерилер оңшыл мұсылман партиясымен бір-
ге әкімшілік аппаратта, парламенттің жоғарғы палатасында
100
Пенджаб провинциясындағы билікте ӛздерінің күшті оппози-
циясын сақтап қалды. Олардың қол шоқпарлары президент
Гулам Исхак-хан
болды. Осындай жағдаймен Б.Бхутто үкіметі
ешқандай еркін әрекетке бара алған жоқ, олар үнемі армия бас-
шылығының позициясымен санасуына тура келді, әскери арна-
йы қызметтің ерекше жағдайы сақталып қалды. Үндістандағы
Кашмир мәселесіне қатысты ішкі жағдайдың шиеленісуін пай-
далана отырып, Пәкістан президенті 1990 жылы тамызда пар-
ламентті таратып жіберді. "Б.Бхуттоның үкіметін" қабілетсіз, па-
рақор және бас пайдасын ойлаушы деп айыптады.
Осы жылдары конституцияға жаңа ӛзгертулер енгізілді,
онда президенттің кейбір құқықтары шектелді, әсіресе премьер-
министрдің ісіне қатысты тұстары. Саяси істерге қатысты ар-
мияның рӛлі шектелді.
1996 жылы қарашада президент
Сардар Фарук Ахмед
Ұлт-
тық ассамблеяны таратып және Б.Бхуттоның үкіметін отставкаға
жіберді. 1997 жылғы сайлауда Пәкістандық Мұсылман лигасы
партиясы жеңіске жетті. Үкіметті
Наваз Шариф
басқарды.
Оның кабинетінің билікке келуі тұрақсыз болды. Әлеуметтік-
экономикалық және саяси проблемалар шешілмеді. Саяси пар-
тиялардың арасындағы шиеленістер ұлтаралық және діни-қауым
негізіндегі қақтығыстарға алып келді.
1999 жылы күзде Пәкістанда тағы да әскери тӛңкеріс
болып, үкіметті генерал
Первез Мушарраф
басқарған армия қол
астына ӛтті.
2001 жылы 11 қыркүйекте Пәкістан лаңкестікке қарсы
әлемдік коалицияға кірді. Бірақ кӛптеген пәкістандықтарға
Америка тек лаңкестерге ғана емес бүкіл мұсылмандарға қарсы
тұрғандай болып кӛрінді. Осындай сыртқы саяси бағыт ұстанған
Первез Мушаррафқа
қастандық жасалды. Ол бұл қылмысқа
террористерді айыптап, елде «тазалау» жұмыстарын жүргізді.
2003 жылдан 2005 жылға дейін пәкістандық армия АҚШ-пен
бірігіп, әскери операция жүргізді.
Мұндағы қарсыластары Пәкістанның шекаралық ауданда-
рында қоныстанған «Талибан» әскери ұйымының қалған мүше-
лері болды.
101
Достарыңызбен бөлісу: |