А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Мҧстафа Кемальдың реформалары



Pdf көрінісі
бет66/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Мҧстафа Кемальдың реформалары.
1922 жылы 1 қара-
шада Ұлы Түркия ұлттық жиналысы сұлтандықты жою туралы 
заң қабылдады. 
Сұлтан ІҮ Мехмед
елден қашып кетті, ал хали-
фат мұсылман әлемін біріктіруші институт болғандықтан, уа-
қытша сақталып қалды. Барлық мұсылмандардың халифы бо-
лып сұлтан әулетінің ӛкілі 
ІІ Абдул Меджит
сайланды. 
1922 жылы 20 қарашада Лозан конференциясы болды. Бұл 
конференция 1923 жылы 24 маусымда Лозан келісіміне қол 
қоюмен аяқталды. Ол бойынша Түркия ӛзінің территориясын 
тұтас сақтап қалды және Стамбулдағы әскери адамдар саны
12 мыңнан аспауы керектігі айтылды. Барлық елдерге ӛткел ар-
қылы бейбіт кезде емін-еркін жүруге құқық берілді. Шексіз тізе 
бүгу жүйесі жойылды.
Тӛменгі кедендік салық шетелдіктер үшін Түркияда
5 жылға дейін сақталуға уәде берілді. Грециямен арадағы шие-
леніс реттелді. Гректердің Түркияға түріктердің Грецияға қо-
ныстануына рұқсат берілді. Барлық шетелдік әскерлер Түркия 
территориясынан шығарылуы да қаралды. 1923 жылы 6 қазанда 
ең соңғы ағылшын әскері елден шығарылды. 
1923 жылы қазанда Түркияда Халықтық партия құрылды, 
ал кейін ол Халықтық-республикалық партия деп аталды. Осы 
партия елді билеп, оның ӛкілі М.Кемаль болды. 1923 жылы
29 қазанда Түркия "республика" деп жарияланды. Оның астана-
сы Анкара, ал президенті М.Кемаль-Исмет-паша. 
Модернизацияның бастамасы.
1923 жылы президент 
М.Кемаль Түркияны шетелдік интервенциядан азат ету кезінде 
кӛзге түскен ол, елде үлкен беделге ие болды. М.Кемаль қысқа 
уақыт ішінде реформа жүргізуді қолға алды. Реформаның ең 
басты бағыты етіп - елді модернизациялау қолға алынды.
Барлық жақсы оларда бар деген мұсылман менталитетін 
жақсы білетін М.Кемаль реформаны тап осы діннен бастады. 
1924 жылы 3 наурызда мәжіліс халифатты жою туралы 
шешім қабылдады. Ал халиф 
ІІ Абдул Меджит
отбасымен ел-


106 
ден кетуіне тура келді. Монастыр, діни істер жӛніндегі ми-
нистрлік жойылды. Сәуірде діни сот жүйесі жойылды. Медресе-
лер жабылды. Барлық мектептер ағартушылық министрлігі қа-
рамағына ӛтті.
Реформаның бірінші кезеңі осылай - діннің мемлекеттен 
бӛлінуінен басталды. 1924 жылы 20 сәуірде Түркия Республика-
сының Конституциясы қабылданды, ол екінші рет 1928 жылы
9 сәуірде бекітілді. 
Заңға сәйкес Түркия бір палаталы республика болып жа-
рияланды. Мажоритарлы жүйе бойынша. 
Елде қатал диктатура орнады. Орталықтандыру күшті қол-
ға алынды. Ел округ-вилайяттерге бӛлінді.
Халифатты жою тек Түркияда ғана емес, бүкіл әлемдегі 
мұсылмандардың ашу ызасын тудырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет