103
Антанта елдері империяны бӛлшектеу жоспарын жасауға
кірісті: сыртқы иеліктердің барлығы тартып алынды, ал олардың
тағдырын 1919 жылы Париж бейбіт конференциясында қарау
алға қойылды. Империяның түріктерге тиесілі емес иеліктерінің
барлығы Ұлттар Лигасының мандатына берілді.
Тіпті түріктердің ӛз иеліктерін бӛлу жоспары да жасалды.
Онда Түркияның құрамынан екі автономия шығаруды қолға
алды - Армения және Күрдістан; ал Қара теңіз жағалауындағы
Трапезунда жерінде гректердің Понтий мемлекетін құру жос-
парланды.
1919 жылы 15 мамырда грек әскерлері Измирді басып ал-
ды, ал оған Италия да үміттенген болатын. Сонымен бұл ӛткел-
де халықаралық бақылау орнатылды. Антанта державалары ӛз
флоттарын енгізіп және комиссарлар сайлады. 1919 жылы билік
басына «Бостандық және келісім» ұйымының либералды топ-
тары келді, бірақ нағыз билік Антанта қолында болды. Түрік ар-
миясы таратылды, әскери базалар жеңген елдер қолына кӛшті.
Осы кезде ел толығымен Батыс билеушілері қолына кӛшті десе
де болады.
Достарыңызбен бөлісу: