А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші республика: саяси либералдану кезеңі



Pdf көрінісі
бет69/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Екінші республика: саяси либералдану кезеңі.
ҰБК-нің 
ұсынысымен елдегі алдыңғы қатарлы заңгерлерге жаңа конс-
титуцияның жобасын жасау тапсырылды, оған 1961 жылы шіл-
деде референдум болып, халықтың қолдауына ие болып, нәти-
жесінде елдің Басты заңы күшіне енді.
Конституция бойынша Түркия әлеуметтік-құқықтық мем-
лекет болды. Конституция авторларының пікірінше, яғни мемле-
кет ӛз міндетін тек, жоспарлы экономиканы дамыту арқылы қол 
жеткізеді деп атап кӛрсеткен болатын. Аграрлық реформа жүр-
гізіліп, жеке меншік ӛнеркәсіптер мемлекет қарамағына берілді. 
Түркия осы жылдары артта қалған мемлекет болып есептелсе де 
экономика тӛрт есе, ӛндіріс ӛнімі жеті есеге ӛсті. 
Екішні республиканың саясаткерлерінің жақсы және жа-
ман нәтижелері болды. Экономика дамып, Түркия аграрлы-ин-
дустриалы елге айналды, ал саясатта этатизмді жақтаушылар 
мен либералдану және жеке меншікті кеңейту мүддесін қорғау-
шылар арасында бәсекелестік болды. 
Осы кезде елде беделді 2 партия болды: Халықтық-демок-
ратиялық партия (ХДП) немесе «Сұр қасқырлар партиясы» және 
таратылған Демократиялық партияның орнына құрылған Әлілет 
партиясы (ӘП). Елдің президенті 
Кемаль Гюрсель
, премьер-
министрі ХДП-нан сайланған 
Исмет Инѐню
болды. Елдегі екі 
партия арасында күшті бәсекелестік басталды.
1964 жылы наурызда Түркия мемлекеттік экономикалық 
ұйым туралы Заң қабылдады. Ал 1965 жылғы сайлауда ХДП 
партиясының бәсекелесі ӘП жеңіске жетіп үкімет басына 
Сүлейман Демирель
келді. Ол ӛте ақылды және сӛзге шешен сая-
саткер, Түркиядағы ең алдыңғы қатарлы саяси қызметкерлердің 
бірі болатын. С.Демирель жеке меншік саясатына үлкен кӛңіл 
бӛлді. Осы кезде Түркияда бірінші рет КСРО-ның кӛмегімен ірі 
мемлекеттік ӛнеркәсіптер салынды.
60-шы жылдардың соңында елдегі ереуілдер, студенттер 
толқулары, күрттердің сепаратистік қозғалысы - Түркияны қай-
тадан анархия табалдырығына апарып тастады, яғни елдегі сая-
си жағдайдың барысына тағы да армияның араласуына әкеп соқ-
ты. 1971 жылы 12 наурызда елде қайта әскери тӛңкеріс болып, 


110 
С.Демирель биліктен кетті. Ел билігі Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі-
нің бақылауына ӛтті, оның құрамына президент, үкімет басшы-
сы, барлық министрліктер, әскери штаб бастығы және басқол-
басшы кірді. Саяси партияларға тыйым салынған жоқ, бірақ осы 
күрделі уақытта елді басқару әскерилер қолында қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет