Социал Жҧмабаев есеней естелігі



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10151
1   2   3   4   5   6   7   8   9
- Кенесарының патшаға қарсы аттан салуы дҧрыс! Себебі, жҧртымыздың 
келешегі ҥшін кәпірлерге қарсы кҥресу әбден керек болатын. 
Шоң мырза: 
-  Сардар  аға,  сіздің  Кенесарыға  әуелде  ақыл  айтқан  деседі.  Сол  айтқан 
пайдалы  насихатыңызды  естиік.  Ренжімесеңіз,  бізге  айтып  бергеніңіз  жӛн 
болар еді. 
Есеней қазы: 
-  Балам,  мен  ақылды  да,  данышпан  да  кісі  емеспін.  Тек  қатардағы 
бектердің  бірімін.  Бірақ  ӛзіміздің  мҧсылмандардың  болашағын  ойлап, 
Кенесары  қҧдама  пайдалы  да,  жанды  да  кеңес  айтқаным  рас!  Ол  кеңес 
сіздерге ҧнауы да, ҧнамауы да мҥмкін. Сонда да айтып кӛрейін. 
Біріншіден,  Кенесарыға  Керей-Уақ,  Атығай-Қарауыл  елдерінің  жерінен 
майдан  ашуға  болмайтынын  айттым.  Ӛйткені,  бҧл  Тӛрт  момын  жҧртының 
Марал ишан бастаған соғысы (ғазауат) 1821 жылдың қазан айының аяғында 
ғана тоқталды. Мен ол соғысқа он жеті жасымнан бастап, ҥзіліссіз қатыстым. 
Біз соғыс кезінде намазды жҥріп келіп жатып оқыдық. Толыбай сыншының 
ӛсиетін орындадық. Бірақ зеңбірегі кӛп орыстардан ҧтылдық. 
Егер Кенесары жерімізден майдан ашса, еліміз қырылып кететін болды. 
Екіншіден,  ешбір  қазақ  ауылын  тіпті  басқа  да  мҧсылмандардың  ауылдарын 
шаппау  керектігін  есіне  салдым.  Саржанды  да  осы  жайларды  айтып,  алдын 
ала    сақтандырдым.  Саржанға  да,  одан  кейін  Кенесарыға  да  Алтай  тауына 
бекіну керектігін, сол жерден әрбір жаққа жорыққа әскер аттандыру, Алтай, 
Шәуешекке ауып кеткен біздің Керей-Уақтарды кәпірлер кӛбеймей тҧрғанда, 

 
26 
кейін  қайта  кӛшіріп  алу  қажеттігін,  оларды  Алтай  тауының  терістігінен 
баста, Ҥшбҧлаққа (Ҥшбҧлақ – Омбы облысы мен Новосибирский облысының  
шекарасындағы  қоныстың  ескі  атауы)  дейінгі  аралыққа  қоныстандыру 
керектігін  және  ғазауатқа  Сібір  Татарларын  қатыстыруды,  ел  ішінде 
насихатты  кҥшейту  ҥшін  жҧртты  қорқытпай,  мҥрдтерді  әр  руларға  жіберіп, 
салауат  айтқызып,  халықты  кәпірлерге  қарсы  жҧмылдыруды  айттым!  Бірақ 
мен одан қазақтың кең сахарасын қызғанған жоқпын. Ол Орта жҥздің би мен 
бектерін Сарыарқаны қызғанушылар ретінде ҧғынды. Патшаға қызмет етсек 
те,  Кенесарыға  бҥйрегіміз  бҧрып  тҧрды.  Тҧрлыбек,  Табей,  Шоңке,  Сексен 
хажы  да  Қасым  ҧлдары  да  осы  жағын  баса  айтты.  Біз  қоныстардан 
айырылатынымызды  да,  аға  сҧлтандық,  заседательдік,  рубасылық  (ру 
старшиналығы)  биліктерді  мәңгілік  болмайтынын,  қазақтың  билері  мен 
бектерінен ел басшылығы кететінін ерте білдік. Осы мәселелерді Кенесарыға 
ашық  айттық.  Алайда,  ол  біздің  мақсҧтымызды  басқаша  ҧғынды.  Шалабай 
Естектерін,  Сібір  Татарларын  Кенесарының  кәпірлерге  қарсы  бастаған 
соғысына  қатысыруға  ӛзіміз  де  кӛмектесетін  едік.  Алайда,  Қасым  ҧлдары 
бізді ӛз мақсҧттарына пайдалана алмады. Кенесарының жіберген қателігінің 
бірі  осы  еді.  Сонымен  бірге  Қытайлар  басып  алған  (1805  жылы)  Алтай 
тауының  бір  бӛлігі  мен  Шәуешек  маңына  қоныстанған  (1805-1835  жылдар 
аралығында  Қҧлынды  даласынан  ауа  кӛшіп  барған)  Он  екі  ата  Абақ  керей 
мен  оларға  ілесе  кӛшкен  Ашамайлы  Керейдің  Қарасары,  Жәдік,  Жастабан, 
Қарақас,  Шимойын  руларын,  Уақтарды  Барнауылдың  солтҥстігіне  кӛшіріп 
алып,  Омбыға  дейінгі  аралыққа  қайта  қоныстандырғанда,  сол  елдеріміздің 
жігіттері  Кенесарының  дайын  әскері  еді  ғой.  Оның  екінші  бір  жіберген 
қателігі  –  сол  елдерді  қайта  кӛшіріп  алмағандығы!  Омбы,  Тҥмен,  Қорған, 
Екатеринбург,  Челябі,  Тобыл,  Томск  қамалдарына  жиі-жиі  шабуылдар 
жасалғанда,  Ресей  патшасы  Кенесарымен  санасуға    мәжбҥр  болатын  еді. 
Ӛйткені, ол жылдары Қаптауы мҧсылмандары да Ресейге қарсы соғысқан еді. 
Қасым  ҧлдарына  қарсы  орыс  әскерін  де  бастап  шыққан  жоқпыз.  Орта 
жҥзден Кенесарыға қарсы орыс жасағына ілесіп, қарсы шыққандар: Ақмола 
маңында  тҧратын  Қоңырқҧлжа  Қҧдаймендеҧлы,  Аягӛз  тӛңірегінде  тҧратын 
Барақ  Салтыбай  ҧлы  ғана  еді.  Қасым  ҧлдарына  болсын,  басқа  да  кәпірге 
қарсы  соғысқан  қазақ  батырларына  болсын,  кӛбінесе,  қарсы  шыққан,  орыс 
әскеріне  кӛп  ілескен  Кіші  жҥз  ханы  Әбілхайырдың  тҧқымдары  болатын. 
Кәпірлер  татарларға,  башқҧрттарға  жасаған  қиянаттарын  Керей-Уақтарға 
жасап,  шҧрайлы  жерлердің  кӛпшілігін  тартып  алды.  Тіпті  реті  келсе, 
шоқындыру,  балалар  саудасын  жҥргізу  әрекеттеріне  де  кӛшкілері  келді. 
Әуелі  Шақшақ  би  Кӛшекҧлы,  одан  соң  Арал  Қҧрбанҧлы,  кейін  Марал 
Қҧрбанҧлы  бастаған  Батыс  Сібірдегі  мҧсылмандардың  наразылықтары, 
қарулы  қарсылықтары  кәпірлердің  шоқындыру,  балалар  саудасын  жҥргізу 
әрекеттерін болдырмай тастады. 
Егер  Кенесары  біздің  ақылымызды  тыңдап,  оны  іс  жҥзінде  жҥргізе 
бергенде,  оның  кәпірлерге  қарсы  бастаған  әрі  діни,  әрі  ел  намысы  ҥшін 
соғысы  осы  кезге  дейін  созылатыны  да  анық  еді.  Онда  Орыс  патшасы 
қазақтың бірталай жерін босатып та беретін еді, аға сҧлтандық билікті де жоя 

 
27 
алмайтын  еді.  Оның  ҥстіне,  орыстар  Кенесарымен  толық  санасатын  еді. 
Алтай  тауына  орналасқанда,  инше  Алла,  Кенесарыны  жау  да,  жҧт  та 
алмайтын  еді.  Алтай  ӛңірі  кҥнкӛріске  де  қолайлы  жер  ғой.    Аң  мен  қҧстың 
неше  тҥрі  сонда  бар.  Сулы,  нулы,  таулы  аймақ.  Онда  кен  бар.  Кенесарыға 
орыстар ашқан сол кен орнын басып алып, онда кәсіп етіп жҥрген кәпірлерді 
сҥннетке  отырғызып,  Есіләм  дініне  енгізу  керек  еді.  Солармен  бірге  қазақ, 
татар  жігіттеріне  де  кәсіп  еткізіп,  кенді  қазақ,  иісі  мҧсылман  пайдаланатын 
ету керек еді.  
Кенесарыға  да,  оған  дейін  Саржанға  да  елден  саяқ  ат,  атан,  нар,  тоң, 
шекпен,  астық  жинап  бергенбіз.  Кенесары  кез  келген  қазақ  ауылдарын 
орысқа  сатылдың  деп  жала  жауып,  жазықсыз  шаба  берген  соң,  одан  қол 
ҥздік,  жҧрттың  бәрі  Қасым  ҧлдарын  жек  кӛрді.  Шындығында  Кенесары  – 
Наурызбайдың және оған ерген батырлардың орысқа сатылдың деп орынсыз 
жазғырған ауылдарының адамдары, біріншіден, сатқын емес еді. Екіншіден, 
олар  орыстың  тілін  де  білмейтін  болатын.  Ҥшіншіден,  олар  орыстың  атын 
естісе,  тӛбе  шашы  тік  тҧратын,  кәпірлерден  жандары  тҥршігетін  еді. 
Тӛртіншіден, олар ерке балаларын «Орыс келе жатыр, орыс алып кетеді» деп, 
қорқытатын адамдар еді. Ар жағын енді ӛзің де тҥсіне берерсің. 
Шоң мырза: 
-  Сардар  аға,  бәрі  белгілі  болды.  Бір  мәлімсіз  жайт-сол!  Ӛзініңздің 
Кенесарыға  қарсы  болу  себебіңіз  айтылмай  қалды.  Соны  айтсаңыз,  дҧрыс 
болар еді. Соны естігіміз келеді. 
Есеней қазы: 
- Кенесары қҧдама қарсы болайын деген жоқ едім. Бірақ оған халық ҥшін 
қарсы  болдым.  Іші  боқ,  сырты  тҥк  жылқы,  тҥйені  Кенесары  ауылдарды 
шаппай-ақ    елден  тарту-таралғы,  сыйлық  ретінде-ақ  алатын  еді  ғой.  Туған 
халқымен шабысатын реті де жоқ еді. 
Осы  ӛмірімде  қырық  тоғыз  рет  жаудан  ел  жылқысы  мен  тҥйесін 
айырдым.  Сол  айырып  алған  жылқы  мен  тҥйенің  бірталайын  Кенесары 
жасағынан қайтарып алып едім. Менің Кенесарыға қарсы болғаным – Керей-
Уақ,  Атығай-Қарауыл  руларының  жылқы,  тҥйелерін  оның  жасағынан 
айырғаным еді. 
Кенесары  жасағы  ҥшін  бай-жарлы  бәрібір  болды.  Олар  байлардың 
жылқы-тҥйесіне қоса солардың маңдарындағы ауылдардың жылқы-тҥйелерін 
айдап  кетіп  жҥрді.  Қасым  ҧлдары  әскері  тартып  әкеткен  жылқы-тҥйелердің 
ішінде әлді шаруаның да, орта шаруаның да, жарлынының да, баласыз шал-
кемпір де, жетім-жесірдің де, кемтардың да малдары кетті. Халық зар қағып 
жылады. 
Кенесары  ӛзіне  саяқ  аттар  мен  атан-нарларын  берген  Бидалы  Уақ  Қожық 
мырзаны екі рет шапты. Оның жылқы-тҥйелерін, Алтыбас Қыпшақ Балғожа 
би,  Жанғожа  Жаңбыршы  ҧлдарының  жылқы-тҥйелерін  Кіші  Арғынның  Таз 
атасынан  шыққан  атақты  Шоқай  би  Балқанҧлы  барып,  Кенесарыдан  алып 
қайтқан  екен.  Кенесары  жасағы  Уақ  Маңтӛбет  мырзаның  ауылын  шауып 
малын  айдап  кеткенде,  оны  Кӛшебе  керей  даңқты  батыр  Сегіз  сері  айырып 
алып  қалып,  иелеріне  қайтарып  берді.  Кенесары  ӛз    нағашысы  Марал 

 
28 
ишанның  Сыр  бойынан  Аманқарағайға  (Аманқарағай  орманы  мен  ондағы 
әулиекӛл  –  екеуі  Марал  ишанның  әкесі  Қҧрбан  батырға  қалмақтармен 
соғыста  кӛрсеткен  ерліктері  ҥшін  Қожаберген  ордабасы  –  жыраудың 
сыйлыққа  берген  қоныстары.  Сонымен  қатар,  Аманқарағай  –  Қызылжар 
аймағының батыс жақ шеткі бӛлігі. Осы кҥні Аманқарағай орманы Қостанай 
облысына  қарайды)  кӛшіп  барған  балалары:  Алтай,  Қалқай  ишандардың 
ауылдарын  әскер  жіберіп  шапқызып,  жылқы,тҥйелерін  айдатып  алғызған 
екен.  Оны  Кӛшебе  керей  Тілен  қазы  Бағдатҧлы  барып,  Кенесарыдан 
қайтарып алып, Марал ишан балаларының ӛздеріне табыс етті. 
Нҧралы  керей  ақсары  Шарыш  мырзалардың,  Атығай  Зілғара,  Шопан 
Байтоқа  ҧлдары  мырзалардың,  Ноғай  Қарауыл  Кемел  мырзаның,  Жансары 
Уақ  Жарылғамыс  мырзаның,  Бәйімбет  Атығай  Жалғыз  батырдың  жылқы-
тҥйелерін  1841  жылы    -  сиыр  жылы  мамыр  айының  бас  кезінде  Кенесары 
әскері  айдап  кеткенде,  солардан  жылқы-тҥйелерді  Кӛшебе  керей  Қуаныш 
батыр  Баһрамҧлы, Сазанбай батыр  Маманайҧлы  ҥшеуіміз  қол  бастап  барып 
айырып,  ӛз  иелеріне  табыс  еттік.  Осыдан  кейін  ҥш  ай  ӛткен  соң,  сол  1841 
жылы  қыркҥйек  айының  басында  ел  жайлаудан  келген  соң,  Кенесарының 
елшілері  келіп,  бізбен  бітім  жасады.Елшілікке  Кенесарының  інілері: 
Қҧдайменде,  Әбілғазы,  Орта  жҥз  Арғыннан  оған  ілескен  Ағыбай,  Әлке, 
Базар, Жанайдар, Жәуке батырлары келді. Қҧранды кӛкіректеріне ҧстап, олар 
бізбен соғыспасқа серт етті. Сонан кейін қайта тату боп кеттік.  
Біз  Кенесары  әскері  жеріміз  арқылы  ӛтіп,  орыс  патшасы  бекіністеріне 
шабуыл  жасағанда,  оларға  еш  уақытта  кедергі  жасаған  жоқпыз.  Стап 
(Пресногорьковка),  Островка  (Жаңа  қала),  Михайловка,  Кіпитан  (Преснов), 
Дубровной,  Саржан  (Сенжарка),  Становой,  Мәуліт,  Қызылжар  бекіністеріне 
Кенесары жасақтары шабуылдар жасағанда, біз кәпірлерге болысқан жоқпыз. 
Тек  қана  Керей-Уақ,  Атығай-Қарауыл  жерлеріне  Кенесарының  әскер 
топтастырып  шоғырландыруына  келіспедік.  Себебі,  екі  оттың,  екі  жақтан 
жауған оқтың ортасында қалатын болдық.  
Ресей патшасының жерге тоймас шенеуніктері қайғылы белдеуді мықтап 
орнықтыру ҥшін, 1822 жылдан бастап, 1835 жылдың кҥзіне дейін Қорған мен 
Шатыра  (Шадринск  орналасқан  қоныс)  жақ  беттегі  қазақ  ауылдарының 
бірталайын бірте-бірте әскер кҥшімен кӛшіріп, жҧртымызды сирете бастады. 
Сол кӛшкен Балта, Сыйбан керей ауылдарының біразы Кӛкшетау ӛңіріндегі 
Мәтеннің қарағайын ертеден мекендеп отырған Керейлерге кӛшті. 
1826  жылы  –  ит  жылы  Бағылан  (Бағылан  1734  жылы  сол  кезеңдегі  қазақ 
халқының  ауыр  жағдайын  пайдалана  отырып,  Ресей  отаршыларының  сауда 
пункті  ретінде  орналастырған  Звериноголовка  бекінісінің  қазақша  аты.  Ол 
Тобыл  ӛзенінің  жарқабағындағы  Керей  Бағылан  бидің  арғы  бабасы 
Ашамайлымен  қатар.  Бағылан  (Звериноголовка)  Қорған  облысының 
Половинка  (Ақсиыр)  ауданына  қарайды)  мен  Қызылжар  аралығында  хутор 
ретінде казак орыс ауылдары қаптай қоныстанды. Әуелде бҧл аралықта Стап 
пен  Становой  ғана  бар  еді.  Ол  ауылдар  әуелде  жиырма  ҥйден  болса,  1840 
жылы – тышқан жылы әр қайсысының саны  

 
29 
жҥз  ҥйге  дейін  кӛбейіп,  казак  орыс  станциясы  деген  атпен  жаулап 
алушылардың бекіністеріне айналып, қайғылы білдеуді қҧрап жіберді. 
1734-1752-1772  жылдар  аралығында  Бағыланнан  бастап  қазақтың  шеткі 
жерлерін татар жерлеріне қоса ішіне алып, Қызылжарға дейін жарты шеңбер  
жасай  алғашқы  жҥргізілген  қайғылы  белдеудің  бойындағы  хутор  атаулыны 
бекініске айналдыра бастаған кезінде 1773 жылы – жылан жылы жазда Ресей 
патшасы  әскерлеріне  қарсы  Шақшақ  би  бастаған  Батыс  Сібір 
мҧсылмандарының  қарулы  аттаныстары  басталып,  Сартай  бастаған 
қаруланған жасақ оларды тҥгел қҧртып, алғашқы қайғылы белдеу жойылып 
кетіпті.  Әрине,  Ресей  патшасы  қазақ-қалмақ  соғысын  пайдаланып,  қайғылы 
белдеуді жҥргізген ғой. 
Қазақтың  жерін  ӛздерінің  жері  деп  кӛрсету  ҥшін,  орыс  ҧлықтары  1826 
жылы  жазда  жҥргізген  қайғылы  белдеудің  бойына  қоныстана  бастаған 
хуторларды  алғашқы  жойылып  кеткен  қайғылы  белдеудің  бойындағы 
хуторлардың аттарымен атауды дағдыға айналдыруда. 
Кәпірлер ӛздерінің мҧсылмандардан жеңілген кездерін қағазға тҥсірмей, 
тек жеңген уақытын ғана хатқа тіркейтін  сияқты. Қазақ жерлерін ӛзінікі ету 
ҥшін  бос  жатқан  жерге  келіп  қоныстандық  деуден    немесе  қалмақтан 
жеңілген қазақтар біздің қолтығымызға кеп паналады деуден Ресей патшасы 
кінәздері мен ҧлықтары тайынатын емес кӛрінеді. Соны хатқа тҥсіруге әрекет 
жасап  жҥргенін  Батыс  Сібір  шекаралық  комиссия  бастығының  бірінші 
кеңесшісі  Кӛшебе  керей  Байдалы  мырза  айтты.  Мендей  емес  Байдалы 
орысша хатқа жҥйрік кісі. Оның сондай жазбаны кӛзі шалыпты. 
1826  жылы  жаздан  бастап,  қайғылы    белдеудің  жҥргізілетінін  кӛрген  соң, 
соның  келер  жылында  –  1827  жылы  –  доңыз  жылы  жаздың  басында  Ресей 
патшасының  келісімінсіз  кезінде  Батыс  Сібір  мҧсылмандары  аталатын 
Шалабай  естектері,  қазақтар,  татарлар  ӛздері  кӛсем,  Бас  мҥфти  сайлаған 
қолбасы-батыр Марал ишан Қҧрбанҧлы (Марал ишан Қҧрбанҧлы ӛз тҧсында 
ӛте  кӛреген,  алдағыны  дҧрыс  болжайтын,  айтқаны  тура  келетін  білімпаз, 
аруақты,  қасиетті,  ҥлкен  емші,  халықты  соңына  ерте  алатын  зор  қабілетті 
кемеңгер адам болған екен. Оның қасиетті кісі екені іс жҥзінде дәлелденген): 
«Кәпір жайлаған жерде тҧрмаймын»,-деп, Есілдің саласы – Есет ӛзені (Есет 
ӛзенінің  атауы  басқа  болса  керек.  Есіл  ӛзенінің  бҧл  саласы  1745  жылдан 
бастап  Кӛшебе  керей  Есет  баһадҧр  Қожаберген  жырау  ҧлының  (1688-
1772жж)  атымен  аталған.  Ӛйткені,  Есет  сардар  1745-1771  жылдары  Сібір 
татарларына  қазы  болып,  ел  басқарғанда,  ӛз  есімімен  аталатын  осы  Есілдің  
саласының  бойындағы  тоғайларды  иемденіп  сонда  қыстаған.  Есет  ӛзені  – 
Тҥмен облысындағы ағын су) бойындағы қонысынан ауа кӛшіп, Сыр бойына 
барды. Марал ишанға ӛз елі – Нҧрымбет керейден азғана ҥй еріп және Балта, 
Сыйбан,  Кӛшебе,  Кҥрсары  керейлерден  аздаған  шаңырақтар  ілесіп  кетті. 
Сӛйтіп, ҧстазым – Марал ишан Сыр бойына тҧрақтап қалды. Ақыры ол сонда 
ауырып  қайтыс  болды.  Марал  қайтыс  болған  соң,  оның  асы  ӛткен  соң, 
Қҧрбан  ҧлы  ишанның  кҥмбезінің  маңында  бір  ауыл  ғана  керей  қалып, 
басқалары ӛздерінен бҧрын кӛшіп барып, Аманқарағайға қоныстанған Алтай, 
Қалқай Маралҧлы ишандардың маңдарына кӛшіп барыпты. 

 
30 
Қоныстардың  тарылуы  Керей  байларының  сандарының  азаюына  әкеп 
соқты.  Жер-суынан  айырылған  Керейдің  ірі  шонжарлары  малын  азайтып 
орташа байға, орташа бай әлді шаруаға, әлді шаруа орта шаруаға, орта шаруа 
кедей шаруаға, кедей шаруаның бірталайы малайға, жалшыға енді бірталайы 
ӛмірден  тҥңіліп,  орыс  кӛпестерінің  керуендерін  тонайтын  қарақшыларға 
айналып кетті. Сӛйтіп, халқымыз ата мекенінен айырылып жан-жаққа босып 
кетті. 
Ӛзіміз де жылқы санын оң мыңға, тҥйе саның бес мыңға тҥсіріп азайтып 
едік. Ӛткен жылы сырқаттана бастаған соң, ӛзіміздің Қызылжар аймағындағы 
Ашамайлы  керейдің  жарлыларын,  жетім-жесірлерін,  кемтарлары  мен 
мҥскіндерін жаршы жҧмсап шақырып алып, баталарын алып, ӛзім дҥниеден 
ӛткен соң, дҧғаларынан қалдырмауларын ескертіп, жылқының да, тҥйенің де 
жартысынан кӛбін соларға ҥлестіріп жібердім. 
Мен сиыр мен қой-ешкі кӛп ӛсірген жоқпын. Жалпы біздің Тӛрт момын 
аталатын  Керей-Уақ,  Атығай-Қарауыл  елдерімізде  сиыр,  қой-ешкіні  кӛп 
ӛсіру салт болған жоқ. 
Тҥйе ӛсімі аз мал болса да, оны мен жасымнан кӛп ӛсірдім. Ол-менің ата 
кәсіптерімнің  бірі.  Біздің  бҧл  Қызылжар  ӛлкесінде  тҥйе  жейтін  шӛптің 
барлық тҥрі ӛседі. Халқыма разымын. Қай ауылға қарасты сорлардың (тҧзды 
кӛлдердің)  болсын  тҥйе  жоғына  мен  тҥйелерімді  бӛліп-бӛліп  қыстатып 
шығарып отырдым. Әрине, бәріне де
 
ақысын бердім.
 
Кенесары  қҧда  қайғылы  белдеу  бойындағы  Ресей  патшасы  бекіністерін 
әскер жіберіп, шапқыза беруі керек еді. Киімдерін ӛзгертіп киіп, аттарын да 
ӛзгертіп  мініп,  беттерін  перделеп,  біздің  жігіттер  де  солармен  бірге 
бекіністерді  шабуға  қатысатын  еді.  Бірақ  не  керек,  Кенесары  қҧдам  ӛз 
жҧртымен  босқа  соғысып  кетті.  Істі  әуелі  дҧрыс  бастаса  да,  Қасым  ҧлдары 
қҧдаларым аяқ жағын ӛздері бҥлдіріп алды. 
Алатауға  бармау  керек  еді.  Не  Балқаш  кӛлінің  оңтҥстігін  айналып, 
Аягӛзге жетпей, тіке Ҥржар арқылы Солтҥстікке бҧрылып, Тарбағатай тауы 
асулары арқылы Ертіске жетіп, одан салмен ӛзеннен ӛтіп, әрі қарай Алтайға 
асып  кетулері  керек  еді.  Ол  арада  Кенесары  әскерін  тоқтатарлықтай  мықты 
орыс жасағы жоқ еді. 
Болмаса,  Кенесары  қҧдама  кҥнгейге  қарай  із  тастап,  кілт  бҧрылып, 
Баянауылдың  терістік  жағымен  Ертіске  жетіп,  бірнеше  салды  дайындап, 
салмен  ӛзеннен  ӛтіп,  әрі  қарай  Қҧлынды  даласы  арқылы  Алтай  тауының 
солтҥстігіне  барып  бекініп,  бір  жылдай  дайындық  жасап,  Ресей  патшасына 
қарсы  кҥресті  жалғастыра  берулері  керек  еді.  Қазақ  ауылдарына  соқтығуды 
пышақ кескендей тоқтатса, оның бҧрынғысын халқы да кешірер еді. Кенені 
ел қайта қолдар еді.  
Барнауыл  мен  Шот  қаласының  арасында  ол  кез  тҥгіл  қазір  де  орыс 
бекіністері жоқ. Шот қаласы (Славгород) мен Кереку арасында да осы кҥнде 
орыс ауылдары жӛнді жоқ. Біз айтқанды іске қайта асыру керек еді.  
Кенесары  қазақ  ауылдарын    шабамын  деп,  ӛзінің  тірегінен  айырылды. 
Ол  қазақ  жҧртына  соқтықпағанда,  Ресей  патшасына  қарсы  қырық-елу  жыл 

 
31 
соғысуға  Қасым  ҧлдарының  толық  мҥмкіншілігі  бар  еді.  Ӛйткені,  халық 
оларға былай  да кӛмектесетін еді. 
Кенесарының  жасы  ҧлғайса,  оның  соғысын  інісі  Наурызбай 
жалғастыратын  еді,  ол  қартайса,  Кенесарының  баласы  Сыздық  әрі  қарай 
соғысты  жҥргізе  беретін  еді.  Ашық  дала  мен  жалаңаш  аласа  таулардан  гӛрі 
аспанмен  тілдескен  шыңдарын  қар  басып,  бҧлт  ораған,  әр  биігінен  қҧлай 
тарам-тарам бҧлақ аққан етегінен ҧшар басына дейін қарағай, шырша ӛскен 
Алтай  тауы  Қасым  ҧлдары  мен  олардың  әскерінің  бекінуіне  лайықты  да 
керек  қоныс  болатын.  Ӛз  ішінде  қырқысқан  соғыс  жҥріп  жатқан  Қытай  да 
Кенесарыларға  бірден    соқтыға  алмайтын  еді.  Алтай,  Шәуешектегі 
қазақтардың кӛшіп кеткеніне Қытай қуанбаса, ренжімейтін еді. 
Шоң мырза: 
- Ҧлық аға, Қасым мен оның ҧлдары туралы Сізден артық білетін адамды 
кездестірмедік.  Сауалдарыма  кең  тҥрде  жауап  бергеніңізге  мың  да  бір 
рахмет! 
Енді бір сауалым ӛзіңіз жайында. Сізді ел ата-анасынан он сегіз жасында 
қалды  дейді.  Бірақ  билікке  ерте  араласып,  ел  билігі  тізгінін  жастай  қолға 
алыпсыз.  Сол  дәрежеге  қалай  жеттіңіз?  Соны  білгіміз  келеді.  Ол  туралы  не 
дейсіз?  
Есеней қазы: 
-  Балам,  бҧл  сауалың  орынды  болғанмен,  бҧған  жауап  беру 
мақтаншылық  сияқты  кӛрінеді.  Дегенмен  шындықты  айтқанның  айыбы  да 
болмас. Айтайын. 
Мен  әулие-пайғамбар  емеспін.  Аяғым  аспаннан  жерге  салбырап  тҥскен 
де  жан  емеспін.  Мені  бабам  –  Ер  Ақпанбеттің,  атам  –  Сейіт  бидің,  әкем  – 
Естемес мырзаның аруағын сыйлап, халқым қолдады, ел жақсылары билікке 
қолымды  жеткізді.  Әрине,  әуелі  мені  Алла,  аруақ,  әулие  -  әнбие  қолдады. 
Әйтпесе,  мен  сонша  кім  едім.  Тек  қатардағы  балуан,  молда,  қатардағы 
жорықшы  батыр  ғана  боп  қалатын  едім.  Батаны  Тіленші
9
  мен  Киікбай
10

Қолдас
11
  берді, бақытты  Тоқсан
12
  мен  Итіке
13 
берді, тақытты Шақшақ берді. 
Ар жағынан ӛзің ҧғына жатарсың! 
Шоң мырза: 
-  Батыр  аға,  1843  жылға  дейін  қандай  қызмет  атқардыңыз?  Қандай 
лауазыммен ел басқардыңыз? 
Есеней қазы: 
-  Балам,  мен  орысша  оқыған  адам  емеспін.  Оның  ҥстіне,  ол  кезде  де, 
біздің азамат кезімізде орыс оқуы мҧсылман жҧрты ҥшін салт болған жоқ. Ӛз 
туған  жерім-  Бескӛл  Қызылжар  шаһарына  жеті-ақ  шақырым  болғандықтан, 
орысша  сӛйлеуді  бала  кезімде  ҥйрендім.  Он  жеті  жасқа  дейін  дін  оқуын 
оқыдым. Орысша хат танымаймын. 
Он  жеті  жасымда  Марал  ишанның  кәпірлерден  жер-суды  қорғап  қалу 
соғысына  қатысып,  мҧсылмандық  парызымды  ӛтеуге  кірістім.  Ауылдарды 
аралап,  салауат  айтып,  халықты  Отанды  сақтау  жолындағы,  азаттық 
жолындағы  кҥреске  шақырдық.  Отанның  отын  сӛндірмеуге  тырыстық.  Он 

 
32 
сегіз  жасымда  жҥзбасы  болдым,  жиырма  жасымда  мың  басы  –  сардар 
болдым. 
Абылай  хан  заманында  әкесі  Кӛшек  баһадҧрдың  орнына  Сібір 
қазақтарына  аға  шора  боп  1768  жылы  –  тышқан  жылы  наурыз  айында 
Шақшақ  би  сайланып,  елу  жыл  ел  басқарды.  Ол  кӛп  шаруа  тындырды. 
Шақшақ ата-бабаларының жолын қуып, шонжарларға бҧйрық беріп, бірнеше 
мешіт, медресе аштырған. Ол егін шаруашылығын, ӛнершілікті ӛркендетті.  
Шақшақтың ӛзі де, інілері де, балалары да халыққа жайлы болды. Есіләм 
дінін  де  ол  бҧрынғы  дәрежесіне  кӛтеруге  тырысты,  ақыры  дінді  мықты 
ӛркендетті. 
1819  жылдың  басында  хандық  та,  шоралық  та  жойылатын  болды.  Сол 
шақта біздің Тӛрт момын елінің билері мен бектері, батырлары шора билігін 
сақтауға  жанталасты.  Сӛйтіп,  олар  маған  аға  шора  болуды  ҧсынды.  Оның 
алдында  сол  1819  жылы  –  қоян  жылы  наурыз  айының  ішінде  Керейдің 
Тіленші,  Тоқсан,  Киікбай,  Маманай  билері,  Итеке,  Нашан,  Марал,  Қолдас, 
Сексен,  Баһрам  батырлары  Шақшақ  биге:  «Сізде,  ата-бабаларыңыз  да 
армансыз  ел  басқардыңыздар.  Енді  бір  жолға  жҧрт  тізгінін  аға  баласы  – 
Сыйбан керейге берсек қайтеді. Ӛз ықыласыңызбен орныңызды сізге әрі бала 
есепті,  әрі  бӛле  Есенейге  берсеңіз  екен.  Ол  –  атақты  Ақпанбет  баһадҧрдың 
шӛбересі ғой!»,-деп, тілек қойыпты. Бірақ менің Сібір қазақтарына аға шора 
болуыма Еркенекті Уаққа жататын Баржақсы, Шайгӛз аталарының адамдары 
және сол санаттағы Бидалыдан
14
 шыққан Сҥйір
15
 батыр қарсы болыпты. Олар 
Бидалыдан  шыққан  Мақаш  қажы  Қасаболатҧлын  сайламақшы  екен.  Оған 
Керей-Уақ,  Атығай-Қарауыл  елдерінің  билері  мен  бектері,  батырлары 
келіспепті. 
1819  жылы  –  қоян  жылы  жаздың  басында  ел  жайлауға  шыққан  кезде, 
Шақшақ    би  ӛзінің  билік  орын  маған  беруге  келісіп,  ӛзі  Қызылжар 
аймағының шорасы болды.  
Хан  жайлауда  (Керей  жайлауында)  Керейдің  Тіленші,  Киікбай, 
Жаңбыршы, Тоқсан, Маманай билері, Итіке, Қолдас, Сартай, Сексен, Баһрам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет