105
ҚОҢҚЫШ ПЕН ҚОЖЫҚ
Қожық Мақашев туралы жаңсақ айтылып жҥрген пікірдің бірі – Қожық
Кенесары Қасымҧлының бір қолын басқарыпты, Кенесарының Кенжебике
атты қызын алыпты. Бҧл ақылға сыймайтын жағдай. Ӛйткені, атақты
тарихшы Ермҧқан Бекмахановтың деректері бойынша, Кенесары қолы
Қожықтың әкесі Мақаш байдың жылқысын барымталағаны, жасақ (салық)
тӛлемегені ҥшін бір рет Ержан Саржанов, екінші рет Бопай ханша, барымта
жасаған. Омбы мҧрағатының (Қор-3, тізбе-72, іс-17708: “Ведомость лошадей
угнанных в 1841-1844 гг. у киргиз Аман-Карагайского, Акмолинского,
Кокчетавского округов хищными киргизами мятежного султана Кенесары”)
қҧжаты бойынша Бидалы уақтың старшинасы Есенғҧл Қҧлмешеков, билері –
Қожық Мақашев, Бҧйғҧртбаев бастаған болыстырдың екі мыңнан астам
жылқысын барымталағаны жоғарыда жазылды.
1841
жылы
Пресногорьков
станицасы
маңында
Кенесары
барымташыларымен Қожық Мақашов және Шағалық атасынан Медеубай
Есілбайҧлы басқарған Қҧсмҧрын дуанының аға сҧлтаны Шыңғыс
Уәлихановтардың біріккен қолымен соғыс болады. Нәтижесінде дуанның екі
мыңдай жылқысын Кенесары барымташыларынан арашалап алып қалады.
Осы соғыстағы ерліктері ҥшін Шыңғыстың ҧсынысымен Қожық пен
Медеубай Анненков лентасымен марапатталады. (Омбы архиві. Қор-374.
Тізбе-1, Ус-270).
Тарихи шындық осылай бола тҧра неге ел аузында Қожық Кенесары
кӛтерілісшілерінің қатарында болды және қызын алды делініп жҥр?! Біраз
жылдардан бергі зерттеу жҧмысымыздың нәтижесінде Кенесары қолында
болған Қожық емес, оның інісі Қоңқыш екенін анықтадық. Мақаш
Қасаболатҧлынан Қазбек, Қожық, Қожақ (Қоңқыш) атты ҥш бала туған.
Қожақты Қожықпен алмастырмау ҥшін ел аузында Қожақты «Қоңқыш» деп
атап кеткен. Сонда да Қоңқыштың кейбір ӛмірдеректері Қожыққа телініп
келген. Енді Қоңқыш Мақашҧлы жайлы әңгімемізге кӛшейік.
1837 жылы Бопай ханшадан бҧрын Кенесарының інісі Ержан Саржанов
кӛтерілісті қолдамаған Мақаш байдың мыңнан аса барымталанған
жылқылардың ішінде Мақаштың атағы ҥш жҥзге мәлім “Мақаш қҧла” деп
аталатын бәйге атының ҥстінде кҥзетте жҥрген 14 жасар Қоңқыш (Қожақ)
бірге кетеді.
Кенесары қолы Мақаш байдың жылқыларымен бірге Қоңқышты да
кепілдікке алады. 14 жасар Қоңқыштың дене бітімі ерекше – жауынгер
тҧлғалы, кең жауырынды, ӛткір кӛзді, ат қҧлағында ойнайтын ӛнерпаз
болады. Жас бала жігіттен жақсы жауынгер шығатынын байқаған Наурызбай
Қасымҧлы ӛз тәрбиесіне алып, әскери жаттығуларға қатыстырады. Ат ҥстінде
найзаласу, қылыштасу, тағы басқа әскери қимыл жасау әдістерімен
машықтандырады. Әйтсе де, еліне қашып кете ме деп сақтық жасап, бір-екі
адамның бақылауында ҧстайды. Туыстарын, елін, жерін сағынбасын деп
басын дуалатып, Кенесары тӛленгіттерінің бірінде ӛкіл бала қылады.
106
1842 жылы жазда Ержан мен Наурызбай бастаған Кенесарының бір
жасағы Қҧсмҧрын дуанына қарасты Қызылжар аймағындағы Ащыӛзек
бойында орналасқан Преснов, Михайловка, Островка деген ҥш казак-орыс
станицаларын шауып, кӛп шығынға ҧшыратып кетеді. Ержан Саржанов пен
Наурызбайдың ӛшіккен адамы Островка селосының (қазақша – “Қуқала” –
селосы) атаманы Андрей Бекетов еді. Бірақ ҧстатпай қашып кетеді. Андрей
Бекетов Қҧсмҧрын дуанының аға сҧлтаны Шыңғыс Уәлихановпен бірге
казак-орыс балаларынан офицерлер дайындайтын Омбы училищесінде бір
уақытта оқыған екен. Преснов бекінісі жандармдарын басқарған Андрей
Бекетов Шыңғыс Уәлихановпен бірігіп Пресногорьков станицасындағы
болған алдындағы соғыста Ержан басқарған Кенесары қолын жеңіп, айдап
әкетіп бара жатқан дуан байларының жылқыларын тартып алған.
Осы соғыстың алдында қылмысты болып, қатаң бақылауда жҥрген
Островка селосының екі жасӛспірім жігіті: “Атаман Андрей Бекетовтың
қоластында болып, қорлығын кӛргеннен Кенесары жасағында болғанымыз
артық”, – деп ӛз еріктерімен беріледі. Кӛтерілісшілер екі жас орыс жігіттерін
тәрбиесіне алады. Мануил деген жігітке Аманжол деп, Дмитрий деген жігітке
Мәткәрім деп қазақша ат қояды. Екеуі де мҧсылман дінін қабылдауға ант
береді. Екеуін де сҥндеткізеді. Қоңқыш пен екі орыс жігітін бірге ҧстайды.
Қоңқыш оларға қазақ тілін, орыс жігіттері Қоңқышқа орыс тілін ҥйретеді.
Бірер жылдың ішінде ҥшеуі де орыстармен тілмаштыққа жарап қалады. Басқа
барар жері жоқ бҧл орыс жігіттері Кенесары қолына адал қызмет істейді.
Шапшаң қимылды, не нәрсеге болсын ыңғайлы елгезек Қоңқыш
Кенесары ханға және оның әскери қолбасшыларының бәріне ҧнайды.
Кәмелеттік жасқа толған Қоңқыш жҥзбасылыққа дейін кӛтеріледі. Ол ӛз
жҥздігін бастап Ресей отаршылдары әскерімен Қоқан хандығы әскерімен,
Тҥріктің қарақшыларымен,, Қырғыз манаптарымен болған соғыстарға
белсене араласыпты. Сол уақыттан жеткен ел аузындағы әңгімелерге
қарағанда, Қоңқышқа Кенесарының немере інісі Ержан Саржановтың қызы
Қарашаш сҧлу ғашық болып қалып, Кенесары екеуінің ҥйленуіне рҧқсат
етіпті. Кенесарының тӛленгіттеріне айналған екі орыс жігітіне де қазақ
қыздарына некелесуге рҧқсат етеді. Осы арада бір айта кетейік дегеніміз,
жазушыларымыздың шығармаларында Қоңқыш пен Қожық алмастырылып,
Кенесарының қарындасын алған Қожық және Қожық Кенесарымен бірге
қырғыз манаптарымен соғысты деп жазылған. Тарихи деректерге, яғни Омбы
қаласы архивінен алынған қҧжаттарға табан тіресек, Кенесары қолы
Қожықтың әкесі Мақаштың жылқысын екі рет барымталаған. Қҧсмҧрын
дуанының аға сҧлтаны Шыңғыс Уәлиханов, осы дуаның кеңесшісі Есеней
Естемісов және Қанжығалы болысының старшыны Қожық Мақашев ҥшеуі
Кенесары қолымен соғысып дуанға қарасты ауылдардың жылқыларын алып
қалғаны туралы да дерек бар. (Бҧл деректерге кейін арнайы тоқталамыз).
Сондықтан Қожық Кенесарының қарындасын алыпты, екеуі бірігіп Қырғыз
манаптарына қарсы соғысыпты деу тарихқа жасалған ҥлкен қиянат. Қожыққа
інісі Қоңқышты Кенесарының тығып ҧстап, дуалатқаны да мәлім болатын.
Екеуі де ӛмір бойы бір-бірімен ӛштесіп ӛткен адамдар.
107
Алдымен Кенесарының інісі Саржан баласы Ержанның жасағында
болған Қоңқыш қырғыз манаптарымен болған соғысқа дейін қатысады.
Ержан Саржанҧлы қайтыс болғасын Тайшыбек Кенесарыҧлының нӛкері
болады. Қоңқыш қай жасақта болмасын Мануил (Аманжол) мен Дмитрий
(Мәткәрімді) ӛзімен бірге ҧстаған екен.
Оқиға желісі тҥсінікті болу ҥшін айта кетейік. Кенесарының қыздай
алған бәйбішесі Кҥнімжаннан Жапар, Тайшық, Ахмет туады; екінші әйелі
Жағымнан бес ҧл болады: Омар, Оспан, Әбубәкір, Сыздық, Шығай. Әкесінің
қазасынан соң Кенесары балалары Шу бойын Қаратаудан Тҥркістанға дейін
жайлап, Қоқан ханына бодан боп тҧрады.
Шешелерінің ықпалымен Кенесары балалары оқып білім алады да,
кәмелеттік жасқа толған соң, Қоқан ханына қызметке тҧрады. Хан оларға
пайсат басшы (жҥз басыдан жоғары) деген шен береді. Біраз уақыт Қоқан
хандығының қҧрамында орыстарға қарсы соғысқан Кенесарының ҧрпақтары
бҧл хандықтың әлсіз екенін және қарамағындағы қазақтарға ауыр салық
салып, мал-мҥліктерін тартып алып жатқанын байқап, бҧл хандықтан безіне
бастайды. Кенесары балалары екіге бӛлініп, біразы Ресей жағына ӛтуді
қалайды. Тайшық пен Ахмет Ресейдің қоластына ӛтіп, орыс отрядтарымен
Қоқан хандығына қарсы соғыстарға қатысады.
Сыздық сҧлтан бауырларының пікірімен келіспей: “Ата-бабамның оң
жолынан тайқып, мен орысқа берілмеймін. Орыс Қоқанды алар болса, Бҧхар
барамын. Бҧхарды алса, толып жатқан мҧсылман елдерінің біріне барып
тҧрамын. Әйтеуір, әкем салған жолды ҧстанам”, – деп, қоқандықтармен
бірігіп орыстарға қарсы соғысын тоқтатпайды.
Тайшық пен Қоңқыш Созақ жерінде Қоқан хандығынан, Тҥрікмен
шапқышылығынан жапа шегіп отырған ауылдардан жасақ қҧрып, орыс
отрядтарымен бірігіп қоқандықтардан жергілікті қазақтардың мал-мҥлкін
қорғайды. Қазақстанның оңтҥстігі ХІХ ғасырда қоқандықтардың қолында,
солардың иелігінде болғаны тарихтан мәлім. Салық жинауға шыққан Қоқан
хандығы зекетшілері әр кезде қазақ ауылдарынан шауып кетіп жҥрген.
Тайшық пен Қоңқыш Қоқан хандығы қҧшбегілерінен қазақ ауылдарының
малын, дҥниесін, тҧтқында кеткен адамдарын қайтару жолында біраз кҥрес
жҥргізді. “Еруліге қарулы” – дегендей, қарулы жасақ ҧстаған Тайшық пен
Қоңқыш қоқандықтардың және тҥрікпен шонжарларының да жылқыларын,
тҥйелерін айдап әкетіп, ауқатты байларға айналады. Сауда-саттықпен де
айналысады.
Қоңқыштың байлығы, дәрежесі, атақ-беделі артқан сайын қатар жҥрген
адамдарының арасында кӛре алмаушылық болады. Іріткі салушылар ойнап
қалжыңдаса қалса да, жанжалдаса қалса да “кірме”, “кҥшік кҥйеу” деп
намысына тиеді. Жас кезінде әке-шеше, туыстарын, елін-жерін басына
жасаған дуаның әсерінен ойына алмаса, кейін ӛзінің әкесі Мақаштың, одан
кейін туған ағасы Қожықтың малдарын барымталап, ӛзінің туған елін шауып
кеткен Кенесары хандығына қызмет еткеніне қатты ӛкінетін болады.
Жасалған дуаның да кҥші қайта бастаса керек: “Ӛлімнен ҧят кҥшті,
туыстарыма, еліме не бетіммен қараймын, тірі жҥргеннен ӛлгенім артық,
108
тезірек ӛліп кетсем екен”, – деп жҥре береді. Қоқандықтардың,
тҥрікмендердің малдарын барымталап, жылқы-тҥйелерінің саны әкесі
Мақаштан асып тҥседі. Табиғатында мал жинағыш Қоңқыш саудамен де
айналысады. Кенесары қаза тапқаннан кейін елін жиі ойлайтын болады. Бір
кҥні тҥсінде ҧлы әкесі Қасаболат болып бір сәлделі ақсақал аян беріп:
“Қоңқыш, балам, адасқанның айыбы жоқ, қайтып елін тапқан соң” – деген
бар, елге орал”, – дейді. Қоңқышқа бҧл тҥс қатты әсер етеді. Туған елге
оралуға бел байлап, Тайшық сҧлтанмен ақылдасады. Тайшық пен Қоңқыш
бір жылы туған, екеуі қҧрдас екен. Жас кезінен бірге ӛсіп, талай әскери
жорықтарға бірге қатысқан айнымастай дос екен. Тайшық сҧлтанның нӛкері
болғанымен ақылшысы, сыйлайтын адамы болыпты. Барлық жағдайды
білетін Тайшық келісімін беріп: “Бірақ, еліңде қалып қойма, қайтадан орал.
Екеумізді Қҧдай ғана айырсын деген бір-бірімізге деген антымыз да бар ғой”,
– дейді.
Бҧдан кейін Қоңқыш жол қамына кіріседі. Екі кӛмекшісі орыс жігіттері
Мануил мен Дмитрийге елге қайтуға ҧсыныс жасайды. Екеуі бірден: “Ой,
елге бармаймыз. Біз соққыға жыққан Островканың атаманы Андрей
Бекетовтың баласы біз кеткесін ӛліп қалды деп естігенбіз. Елге барсақ, бізді
бірден дарға асып, ӛлтіреді. Бізді Ресей, қазақ жерлерінен іздестіріп жатыр
дегенді естігенбіз. Мҧнда да жағдайымыз жаман емес. Аз кҥн болса да, дҧрыс
тіршілік еткіміз келеді”, – деп, азар да безер болады. Бірақ Қоңқыштың
қоластында нӛкері болып жҥрген екеуі амалсыздан кӛнеді. Қоңқыш оларға
ешкімге тигізбейтініне сӛз береді. Тайшық ҥшеуіне Перовскідегі генерал
Дебудің қолы қойылып, мӛрі басылған орыс отрядтарының қҧрамында Қоқан
және Тҥрікпен хандықтарымен соғысқан дейтін анықтама қағаз алып береді.
Орыс армиясының киімдерін кигізеді.
Кӛктем шыға солтҥстіктің қары сӛгілетін уақытта Қоңқыш екі орыс
жігітімен отбасыларын алып, қазіргі Оңтҥстік Қазақстан облысы Созақ
жерінен еліне аттанады. Жеке қағаздары мықты болғасын шегарадан, орыс-
қазақ жерлерімен тоқтаусыз ӛтеді. Созақтан 400 жылқы, 200 тҥйе, тарту-
таралғыларымен шыққан олардың қолында қажет болған жағдайда
мемлекеттік кӛмек беру туралы хат болады. Ӛйткені орыс отрядтарының
қҧрамында қоқандықтармен соғыста Қоңқыш ҥлкен марапаттарға ие болған
екен.
Кӛп кҥн жҥріп ел шетіне келген Қоңқыштар ӛзі кеткенде “Қҧндызды”
ӛзенінің Қҧсмҧрын кӛліне қҧяр тҧсында отырған ауылының кӛлденең Есілдің
кҥнгей бетінде “Меңзей” дейтін жерде (қазіргі Солтҥстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мҥсірепов атындағы аудан, Тоқсан би (Западное), Ставрополь
ауылдарының жерлері) отырғанын естиді.
Қоңқыш пен оның жора-жолдастарын туыстары қуана қарсы алады.
Ӛйткені, ауылы Қоңқыштың басында дуа болғасын Кенесарының қолында
жҥргенін алыстан естіп жатады екен. Қоңқыштың елге аман-сау оралғанына
қатты қуанған екі ағасы Қазыбек пен Қожық, Бидалы және Жансары Уақ
ауылдарын тегіс шақырып ҥлкен той жасайды. Тойдан кейін Қоңқыш ӛзі
жоқта қайтыс болған әкесі Мақашқа бата қылып, ҥлкен ас береді. Асқа
109
маңайдағы ат жетер жердегі ауылдарды тегіс шақырады. Ат шаптырып,
балуандарды кҥрестіреді. Созақ жерінен айдап әкелген жылқылары мен
тҥйелерін “ат шапан айыбым” – деп екі ағасына, кедей туыстары мен ілік-
шатыстарына ҥлестіріп береді.
Қоңқыш тойға және әкесіне берілген асқа да Сегіз серіні арнап
шақыртқызады. Оның себебі былай екен. Қоңқыш Сегіз серімен
Кенесарының қосында жҥргенде танысқан екен. Орыс отаршылдарымен
қолына қару алып соғысқан Сегіз сері батыс елдерінде жҥргенде Кенесарыға
арнайы барып қосылу туралы жолыққан. Кенесары Сегіз серіні қуана қарсы
алып, қазақ жерін бірігіп қорғайық дейді. Бірақ Сегіз сері оның стратегиялық
саясатын қолдағанымен, оның бай, кедей демей ӛзіне қосылмағандардың
малдарын тартып алып, ӛзіне еріксіз қосып жатқанына келіспейді. Осы
қатынас кезінде Сегіз сері Қоңқышпен кездесіп қалады. Қоңқыш Сегіз серіге
Кенесары жасағына қалай келгенін тегіс айтып береді. Сегіз сері Қоңқыштың
әкесі Мақашпен, ағалары Қазбек және Қожықтармен жақсы сыйлас болыпты.
Сегіз сері Қоңқыштың дуаның кҥшімен жҥргенін жҧрттан естісе де еліне
қайту керек деп ақыл берген екен.
Әкесінің асына келген Сегіз серіге Қоңқыш “Батыр аға, ауылында
қылмыс жасап, Кенесары қолына қосылған мына екі орыс жігітін бірге алып
келіп едім. Островка, Михайловка, Пресновка селоларындағы әке-шеше,
туыстарын кӛргісі келеді. Ӛзіміз барсақ, ҧстап алып тҥрмеге жаба ма деп
қорқамыз. Бҧл селоның чиновниктері сізден қорқады дейді. Қалай болар
екен”, – дейді.
– Жарайды, апарайық, – деп, Сегіз сері келісім береді.
Қоңқыш пен Сегіз сері Мануил мен Дмитрийді Островка мен Пресновка
селоларына апарады. Әке-шеше, туыстарымен кездестіреді. Бҧлар елден
кеткендегі
Островка
селосының
старшыны,
Преснов
бекінісі
жандармдарының бастығы болған Андрей Бекетов әлі тірі екен. Бір кезде
қылмысты болған екі жігіттің келгенін естіп, оларды ҧстатпақшы болады. Іс
насырға шауып, Сегіз серіні де тыңдамайды. Басқа амалы қалмаған Сегіз сері
мен Қоңқыш Омбыдан еліне келіп жатқан Батыс Сібір шекара комиссисының
тҧрақты мҥшесі Тәбей Барлыбаевтан кӛмек сҧрайды. Тәбейдің ауылы
Островка селосынан тура жҥрсе 20 шақырымдай, қазіргі Жамбыл ауданы
Петровка селосының батыс жағында 3-4 шақырым Биболай атты жерде
болатын. Сегіз серімен аталас, Қоңқыштың ағасы Қожықпен сыйлас болған
Тәбей екі орыс жігітін жазадан қҧтқарып, қолдарына Батыс Сібірі
губерниясы жерінде ешкім тимесін деп, қолын қойып, мӛрін басып анықтама
қағаз береді.
Тәбей Барлыбаев кім? Ол 1783 жылы туып, 1863 жылы қайтыс болған.
Кӛшебе Керейдің Жоламан атасынан тарайды. Ата қонысы қазіргі Жамбыл
ауданы Петровка селосының батыс жағында 2-3 шақырым жерде, Биболай
атты қоныста. Зираты Петровка селосының оңтҥстік жағында ҥш
шақырымдай жерде Баян қорымында. Тәбей ӛте парасатты, орысша да жақсы
сӛйлеген, ӛз кезінің озық ойлы адамы, саятшы, сері, ӛте мырза, дәулетті
110
болған. Ел ішінде Тәбей беделінің зор болуын Сегіз сері ӛзінің ӛлең
жолдарында: “Жайлылығы Тәбейдей болсын”, – деп, ӛлеңіне қосқан.
Тәбей Барлыбаев 1840 жылы Аманқарағай округінің аға сҧлтаны
Шыңғыс Уәлихановтың заседателі болып сайланған. Батыс Сібір шекара
комиссиясының тҧрақты мҥшесі болып қызмет атқарған. Осындай
қызметтерді атқара жҥріп қиын заманда қиналған халыққа ізгілік жолын
нҧсқап, орыс отаршылдарынан елді арашалаған, зарыққанға жебеу,
тарыққанға демеу, озбырлықтан әділеттілікті арашалаған адам болған.
* * *
Екі жолдасы Мануил (Аманжол) мен Дмитрийді (Мәткәрім) туған жері
Островка (“Қуқала”) селосына орналастырған Қоңқыш “Бҧқпа” кӛлінің
(Благовещенка селосы мен Ольговка селосының арасындағы кӛл. Қазір де
карта бойынша “Бҧқпа” кӛлі деп аталады) жағасында отырған Мҧстафа Сегіз
серіҧлы ауылына келеді. Қоңқыш пен Мҧстафа бажа, Қоңқыш Кенесарының
немере інісі Ержан Саржанҧлының Қарашаш деген қызына ҥйленсе, Мҧстафа
Кенесарының інісі Наурызбай сҧлтанның Меңсҧлу атты қызына ҥйленген.
Қоңқыш Мҧстафаның әкесі Сегіз серіге бата қылып, маңайдағы ағайын-
туыстарды шақырып ас береді. Ала жаздай Керей-Уақ, Атығай-Қарауыл
ішіндегі тамыр-таныстары мен қҧда-жекжаттарында қонақ болып,
ӛлгендеріне бата қылып, кҥзге қарай Атбасар жәрмеңкесі басталар алдында
ағайын-туыстарынан Созаққа қайтуға рҧқсат сҧрайды. Олар қинала-қинала
зорға дегенде жолға шығуға рҧқсат етіпті. Ӛйткені, бҧлар да Қоңқыштың
Тайшық Кенесарыҧлына “Созаққа қайтып келемін” деген уағадасын
ескеріпті. “Тҥбінде елге ораламын”, – деп туыстарына да уәдесін береді,
сӛйтіп, Қоңқыш аға-жеңгелерімен, ағайын-туыстарымен қоштасып, жолға
шығады. Алайда, Қоңқыш уәдесін орындай алмайды. Мықтап дуаланған ол
айналшықтап, Созақтағы тӛре ауылдарынан шыға алмайды. Ол ӛзінің
дуаланғанын ӛмірден ӛтер алдында ғана біледі. Қоңқыш қайтыс боларынан аз
кҥн бҧрын алыстан келіп, ел аралап жҥрген елші: “Дуаланған екенсің. Дуа
бойыңа әбден тарап, сіңіп кеткен екен. Қайтара алмаймын”, – депті. Ӛзінің
дуаланғанын сонда ғана білген ол қатты ӛкініпті.
Арада біраз уақыт ӛтіп, Қоңқыш хабар-ошарсыз кеткен соң, оның ағасы
Қожық Мақашҧлы туысын іздемек болып Созақ жеріне баруға жиналып
жҥргенде Маңтӛбет оқиғасы басталып, оның кейінгі ӛмірінен туыстары
хабарсыз қалады.
111
МАҢТӨБЕТ ОҚИҒАСЫ МЕН ҚОЖЫҚТЫҢ ӨЛІМІ
ХІХ ғасырдың ҥшінші ширегінде біздің Қызылжар ӛңірінде
байлығымен, абырой атағымен есімі елге тараған Маңтӛбет есімді мырза
болыпты. Ата қонысы қазіргі Ғабит Мҥсірепов атындағы ауданға қарасты
Аққанбҧрлық ӛзені бойындағы Чистополье селосының жері. Маңтӛбет ӛз
дәуірінде осы ӛңірдің билеушісі, атақты биі болған екен.
Маңтӛбет Бидалы Уақтың атақты байы, Қҧндызды ӛзенінің Қҧсмҧрын
кӛліне қҧяр сағасын мекен ететін Қожықтың әкесі Мақашпен замандас
болғанымен бір мҥшел жас екен. Уақ руының екеуі екі атасына билік
жҥргізген екі бай бақталас болып ішінара жауласып ӛтсе керек. Мақаш
қартайып билікке оның баласы Қожық араласа бастағанда Маңтӛбет
жағының дәрежесі тӛмендеп, Қожық теңдік бермепті. Ол кезде атақты
адамдардың, байлардың мәртебесін кӛтеріп, атағын шығаратын оқиғаның
бірі бәйгеге қосқан аттарының бәйгенің алдында келуі болатын. Қҧлақ жетер
бҥкіл қазаққа сауын айтатын ҥлкен тойлар мен атақты адамдардың астарында
бас бәйгені Мақаш байдың “Мақаш қҧла” деп аталып кеткен аты жеңіп алса,
екінші бәйгені Маңтӛбеттің ҥлкен баласы Әлімбайдың Қаракересі алып
жҥріпті. Қарала ат Мақаш қҧладан жас болса керек. Кенесары ханның
батыры Жоламанның, одан кейін Сегіз серінің қолында болған, кейін Сегіз
серінің ӛзі иесі Мақаш байға қайтарған “Мақаш қҧла” қартайып бәйгеден
Әлімбайдың Қаракер атынан кейін келетін болыпты. Бҧған Қожықтың ӛзіне
тартқан ӛзінен басқа зор жоқ деп санайтын, жаратылысында тентек Шақабай
атты баласы әкесінің Қҧйтырқы, Лашын, Қаршыға есімді ҧры жігіттеріне
барымталатып алады. Бәйге атты бір жылдай ешкімге кӛрсетпей, жазда киіз
ҥйде, қыста ағаш ҥйде кҥзетпен ҧстайды екен. Бәйгеге қоспай, жасырын
аңшылыққа ғана мініп, тҥлкі, қасқыр соғып алып жҥріпті.
Екінші жылы кҥзде Кӛлденең Есіл ӛзені бойында бір жолы Шоқабай
астына бәйге Қаракер атты мініп, қасына бес жігітті ертіп қаршыға салып
жҥріпті. Қҧс салудың қызығына тҥсіп кеткен Шоқабайлар Маңтӛбет
ауылдары мекендейтін жерлерге қалай келіп қалғанын байқамай да қалады.
Сол арада Қаракер бәйге атты кӛріп қалған Маңтӛбет балалары жігіттерін
жинап, Шоқабайларға жабылып, оларды сойылмен ҧрып тҥсіріп байлап,
кҥздіктеріне апарып, жартылай жер ҥйге қамап қояды. Алтауының да аяқ-
қолдарына кісен салады. Аштан ӛлмейтіндей ғана тамақ беріп, кҥзетте
ҧстайды.
Қожық қаршыға салуға шығып, қасындағы бес жігітімен қоса ҧшты-
кҥйлі жоқ болып кеткен баласына іздеу салса да ешқандай хабар таппайды.
Іздеу салмаған ел қалмайды. Тірідей табылатынынан кҥдер ҥзе бастайды.
Бір кҥні Шоқабайлар қамалған кҥздікке жаяу ел аралап жҥрген қайыршы
тҥнемек болады. Сол тҥні кҥзетшілер де болмай қалады. Қайыршы ҥйге
кірейін десе, есік қҧлыптаулы, ҥйдің ішіндегі біреулердің сӛйлескен
дыбыстарын естіп қалады. Темірмен торланған терезеден қарап Қожық
ауылының жігіттерін, оның баласы Шоқабайды таныды. Олар да ел аралап,
қайыр сҧрап жҥретін Қҧсайын қайыршыны танып қалады. “Біздің қамауда
112
жатқанымызды тез ауылға жетіп, әкеме айт. Басқа ешкімге айтпа. Осыны
Достарыңызбен бөлісу: |