ЕСЕНЕЙ ЕСТЕЛІКТЕРІ
Шоң Телғозыҧлы (1828-1902) – «Мырза Шоң», немесе «Қуандық Арғын
Шоң» деген атпен заманында жҧртшылыққа мәлім болған екен. Ел ішінде
«Тоқа Шоң» деп те аталып жҥрген.
Шоң Телғозы ҧлы жас кезінде дін оқуымен қатар орысша да оқыған
екен. Оны Қанжағалы Арғын Қуат ақынның мына ӛлең шумағынан байқауға
болады.
Аққошқарды тыңдаған Телғозы да
Орысша оқуға ҧлы – Шоңды берген.
Он бестей іріктелген бай баласы
Тӛрт жылдай орыс ҧстаз алдын кӛрген.
Ҧлдары Телғозының ӛңшең бӛрі
Бірі – мырза болғанда, бірі – сері.
Шоң Телғозыҧлы заманында Ақмола дуанындағы аға сҧлтанның 1893
жылдан 1854 жылға дейінгі аралықта іс-қағаздарын жҥргізуші хатшысы,
1854-1868 жылдары Тоқа руының старшинасы, біраз жыл Ақмола дуаны аға
сҧлтанның заседателі (орынбасар). Бір сайланым Атбасар дуанының аға
сҧлтаны болған адам.
Шоң мырза Телғозыҧлы Керей бегі Есеней қазымен 1847 жылдан бастап
таныс екен. Аста, базарларда аға сҧлтандар бас қосқан тӛтенше съездерде
Аққошқарға еріп жҥрген Шоң бала жігіт болса да, әр елдің игі жақсыларымен
таныса бастайды. Сол жҧрт иелерінің бірі Ашамайлы керейдің рубасысы
Есеней Естемесҧлы батыр екен. Есеней 1852-1859 жылдары Қҧсмҧрын
(Аманқарағай) дуанында аға сҧлтан болған кезінде де, Тҧрлыбек Кӛшенҧлы
бас кеңесші қайтыс болған соң, оның орнына 1859-1869 жылдары Батыс
Сібір генерал-губернаторына Бас кеңесші болып, тоғыз дуанның ҥстінен
қарап, билік еткен шақта да ел аралап жҥріп, Ақмола жағына барғанда, Шоң
мырзамен бірнеше рет табақтас болыпты. Тіпті Есеней соңғы қызметінде
жҥргенде, ел аралап шығып, Қуандық Арғын Телғозы шонжардың ҥйінде ҥш-
тӛрт рет қадырлы мейман болып, одан ат мініп, кҥзен ішік киген екен.
1868 жылы 21 қазандағы Ресей патша ӛкіметінің жарлығы бойынша
қазақ даласындағы дуандар таратылатын болады. Ал, Ресей патша ӛкіметінің
сол 1868 жылғы 23 қазандағы жарлығы бойынша қазақ даласында
дуандардың орнында уездер ашылып, уездерде болыстық (волостной)
мекемелер қҧрылатын болады. Уезд басшысы орыс чиновник, орынбасары
немесе кӛмекшісі қазақ мырзасы, болыс басшысы қазақ, оның тӛрт биі де
қазақ,, сол тӛрт бидің бірі болыс басшысының орынбасары (кандидат)
болатыны жарияланады. Әр болысқа мың ҥйден қарайтын болады. Мың ҥйді
жҥз ҥйден бӛліп, он ауылнай басқаратын болады. Он ауылнай болыс
бастығына бағынатын болады. Сол Ресей патша ӛкіметінің 1868 жылы 21
қазандағы жарлығы шығардан бірер кҥн бҧрын Есеней сырқаттана бастайды.
Жасында батыр болып, қысы-жазы жорықта жҥрген Естемесҧлы сардардың
19
кей жылдары қыс кҥнінде мҧз тӛсеніп, қар жастанған кездері де аз болмаса
керек. Сол кезде оның денесіне суық ӛтіп кеткен кӛрінеді. Есеней оны елең
қылмай, жҥре берген сияқты. Ақыры сол суық оның қартайған шағында
ауруға шалдықтырады. Естемесҧлын Ресей ӛкіметі пенсияға шығарады. 1868
жылдың аяғында болыс сайлауы уақытша тоқтатылады. 1869 жылдың
жазының басында Сарыарқаның барлық жерінде болыс сайлауы болып,
волостной управительдер сайланады. Бҧрын аға старшиналар басқарған рулы
елдер енді бірнеше болысқа бӛлініп кетеді. Тоқа руының кейін бҥкіл Қарпық
елінің аға старшинасы (рубасы) болған Шоң мырза Телғозыҧлы енді
Қараағаш болысының басқарушысы (волостной управителі) болады.
1869 жылы – жылан жылы тамыз айында керек дҥниелерді сатып алу
ҥшін ӛз керуенімен бірге Шоң да Қызылжар аймағындағы атақты Болатынай
жәрмеңкесіне ертерек аттанады. Олар бірнеше кҥн жол жҥріп, Болатынайға
(қазіргі СҚО Жамбыл ауданына қарасты Новорыбника селосы. Бҧл село
ҥлкен жәрмеңке орталығы болған) жетеді. Керуенін Болатынайда қалдырып,
сол арадан онша алыс емес Бҥркеуде (Жамбыл ауданы Жаңажол ауылына
қарасты жер) отырған Есенейге сәлем беруге аттанады. Есенейдің
сырқаттанып қалғанын, жасы ҧлғайып демалысқа шыққанын Шоң болыс
сайлауы кезінде естіген екен. Бас кеңесші болып тҧрған шағында Есенейдің
Шоңға шарапаты тиген кез де болса керек. Базарға сатуға әкелген биелер мен
іңгендерден, нарлардан таңдап, бір боз бие, бір боз іңген, бір ақ нарды алып,
нарға кілем жауып, қоржынға қҧндыз ішікті салып, Шоң тӛрт нӛкерін ертіп,
Естемесҧлының ақ ҥйлі ауылына келіп жетеді.
Қуандық Арғын Шоң болысты Есеней ауылының жігіттері жақсы қарсы
алып, оны, нӛкерлерін аттан қолтықтап тҥсіреді. Аттарды, жетектеп келген
биелерін кермеге байлап, іңгендер мен нарды бӛлек байлайды. Меймандарды
бастап, Есеней отырған он екі қанат ақ ордаға есік ашып, жігіттер кіргізеді.
Шоң мырза мен оның нӛкерлері ҥйге сәлем беріп кіріп келіп, Есенейге қол
беріп амандасады. Олар барғанда, Естемесҧлы бек (1798-1871жж) тӛрт
кішкене мықты доңғалақты тақтың ҥстінде отырады. Қонақтардың сәлемін ел
ағасы алып, «меймандар, тӛрге шығып отырыңдар»-дейді. Онан соң
амандық-саулықты
сҧрайды. Жігіттері бір тегене қымыз, бір тегене шҧбат әкеп қонақтардың
алдына дастархан жайып, соның ҥстіне қойып, шара аяқтарға қҧйып,
меймандарға ҧстатады. Дастарханға тҥрлі тағамдар қойылады.
Шоң мен оның нӛкерлері Есенейдің кӛңілін сҧрайды. Естемесҧлы мырза
ӛзінің аяқ астынан қатты науқастанып, аяқ-қолы жансызданып қалғанын
айтады. Сонан соң ол бас шабарманын шақырып алып: «Он сегіз қанат қонақ
ҥйін тіктір. Меймандарға семіз ҥлкен тай сойыңдар!» - деп, бҧйрық береді.
Шоң мырза мен оның нӛкерлері ӛздері әкелген тарту-таралғаны
Есенейге береді. Ол: «Бекер әкелгенсіңдер. Ҧят болады. Мен әркімге жасаған
азғана жақсылығымды сатпаймын!» - дегеніне қарамастан, Шоң оның
иығына қоржыннан алып қҧндыз ішік жабады. Бас шабарман Қазақ деген
орта жастағы Есенейдің нӛкері Шоң берген боз іңген мен боз биені, ақ нарды
қабылдап алып, меймандарға алғыс айтады. Есеней де Шоңға алғыс айтады.
20
Дереу жігіттер он сегіз қанат ақ ҥйді тігіп, ішіне тӛсеніш тӛсеп,
меймандарды сонда отырғызады. Есенейді де сол ордаға апарады. Ҥлкен
семіз асау тайды ҧстап әкеп Шоңнан бата сҧрайды. Шоң малға бата береді.
Тайды жығып, тӛрт аяғын буып, жігіттер бауыздап сояды.
Қонақ ҥйге Есеней ауылының адамдары, кӛрші ауылдардың кісілері
келіп, меймандарға сәлем береді. Есеней оларға қонақтарын таныстырады.
Естемесҧлының Матақай керей Кӛрпе, Атығай Тоғыжан деген екі ақыны бар
екен. Қонақтардың келу қҧрметіне екеуі кезекпен ӛлеңдер шығарып айтады.
Меймандардың алдарына дастархан жайып, шай береді. Мәжіліс басталады.
Сонда Шоң мырза Есеней қазыға: «Батыр аға, ғафу етіңіз! Әңгімемен
ҧмытып та бара жатырмын. Осыдан ҥш жыл бҧрын Созақ жаққа барғанымда,
Сізге Бопай деген қҧдашаңыз сәлем айтып еді. Одан бері сізбен жолыға
алмадым, қҧдашаңыздың сәлемін қабыл алыңыз!»-дейді. Естемесҧлы қазы:
«Ол қҧдашам, саламат болсын! Сол Бопайды кӛрмегеніме биыл отыз бес жыл
болды. Ол да жетпіске келіп қалды. Қыз кезінде керемет қалжыңбас еді.
Менің Бопан келінімнің туған апасы ғой. Кенесарының да ол апасы. Қасым
сҧлтанның қызы, Марал ишанның жиені!»-деп, тоқтап қалады.
Ордаға жиналған жҧрт Арғын мырзасының Есенейді сӛйлеткелі
отырғанын сезіп қуанып қалады. Сонда Шоң сӛзін әрі қарай жалғастырып:
«Ҧлық аға, сіз сол қҧдашаңыздың бірінші ерін танитын ба едіңіз?» - деп
Есенейге сауал қойыпты. Ол сауалға Естемесҧлы: «Танығанда, қандай?
Бопайды Әбілхайыр сҧлтан немересі Тәуке тӛре Досан деген ҧлына
атастырып әперген еді. Бопай соған зордың кҥшімен барды-ау деймін. Неге
екенін кім білсін? Досанды менсінбей, Бопай балаларын алып, ағаларының,
әкесінің кӛздері тірісінде тӛркініне қайта оралып, Кенесары інісінің
соғысына қатысып, бір топ әскерді бастап жҥрді дегенді естідік. Онан кейін
қайда жҥргенін білмейміз!» - дейді.
Ертедегі қазақ бектерінде таңертең қҧлындары желіге байланған
биелерді немесе боталары желіге байланған іңгендерді кешке дейін сауып,
сҥттерін сабаға немесе сҥйретпеге қҧйып, кешке таман ол сҥттер саумалға
айналар кезде араның балын (бір ағаш аяқ) немесе бас қанттың (ҥлкендігі
орташа самауырындай, ортасы тесік) жартысын, бір шелек шие, қазы-
қартаның бір бӛлігін кесіп салып жіберіп, тҥн асырып қымыз, шҧбатты
баптап ішу дәстҥр болған. Есеней сол дәстҥрді мықты ҧстаған ХІХ ғасырдағы
қазақ бектерінің бірі болыпты. Сондай баптаған қымызбен шҧбат қҧйылған
тегенелер қонақ ҥйге әкелініп, Шоң мырза мен оның нӛкерлерінің, сонда
отырған барлық кісілердің алдындағы дастархандарға қойылып, жігіттер
ожаумен сапырып-сапырып шара аяқтарға қҧйып, ҥйде отырған бар
адамдарға бір-бірден жағалата ҧстатады. Қонақ ҥйдегі әлеумет қымыз бен
шҧбаттан бір-бір жҧтып, алдарына шара аяқтарды дем алып ішпек болып,
қойып, әңгіме тыңдамақ болады.
Шоң мырза Есеней қазыға қарап:
- Батыр аға, сізге қояр бірнеше сауалым бар еді. Егерде қарсы
болмасаңыз, соларды бізге ҧғындырып берсеңіз, жӛн болар еді.
Есеней:
21
- Кҥнде келіп жатқан жоқсың ғой. Сауалдарыңды қойып кӛр. Білсем
жауап берейін.
Шоң мырза:
-
Қасыммен әкеңіз қҧда болды ма? Әлде ӛзіңіз қҧда болдыңыз ба?
- Қасымның қызы Бопанды бӛбек кезінде онымен бір жылда туған ініме
атастырған әкем Естемес еді. Еменәліге Бопанды айттырып, әкем Естемес
Қасым тӛремен бесік қҧда болды. Ӛйткені, екеуі әуелден ҥзеңгілес жолдас,
дос болған.
Шоң мырза:
- Сізге Бопай қҧдашаңыз қыз кезінде ғашық болғанын ӛзі айтты. Сол рас
па?
Есеней қазы:
- Балам-ай, бҧндай сауалды қоймасаң да жарайтын еді. Амал жоқ.
Сҧрағыңа жауап қайтарайын. Мен ажарсыз кісілердің біреуімін. Бопай ӛңді
әйел. Жас қыз кезінде ол тіпті ажарлы болды. Бопай екеуміздің арамызда
ғашықтық болғаны шындық. Бірақ біз қосыла алмадық. Оған әке-
шешелеріміз кінәлі емес. Жазмыштың ісі солай болды. Бопай ханша
екеуміздің қосыла алмауымызға екі себеп болды. Біріншісі: менің ағам
Есенкелді қайтыс болды да, он жеті жастағы маған оның келіншегі
Ғайнижамалды қосты. Екіншісі: Досан, Сортек Әбілхайыр сҧлтан ҧрпақтары
менімен замандас, жақсы таныс жігіттер еді. Біреулердің ақ батасын бҧзуды
хош кӛрмедім. Оның ҥстіне, жеңге алған келіншегім-Ғайнижамал артықша
әйел еді. Оны ренжіткім де келмеді. Қайын атам Байтоқа ӛте тәуір кісілердің
бірі еді. Ол кісіні де ӛкпелетуге болмайтын еді. Жалпы бата бҧзуға болмайды
ғой.
Шоң мырза:
- Бопай қҧдашаңыз сіздің биік адамгершілігіңізге, батырлығыңызға
ғашық болыпты. Оны да ӛзі айтты.
Есеней қазы:
- Ой, балам-ай, Бопай қҧдашам да жоқ сӛзді айтқан екен. Жҧрттың бәрі
батыр бола бере ме? Досан тӛре батыр болмаса да, біреудің мәпелеген
баласы, ӛз ауылының мырзасы болатын.
Шоң мырза:
- Аға, сізді ел Есенкелді, Саржан Қасым ҧлдары тӛрелермен ҥзеңгілес
жолдас болды дейді. Оған не айтасыз?
Есеней қазы:
- Балам, сҧрағың орынды. Қасым тӛре біздің Керейге кҥйеу еді. Оның
екінші бәйбішесі-Бибі Нҧрымбет керей атақты Қҧрбан батырдың қызы еді.
Ал, бірінші әйелі – Қант Кіші жҥз Он екі ата Байҧлыға жататын Алтын
руының қызы екен. Есенкелді, Саржан сол Қанттан туған. Қасыммен әкем
Естемес дос болды. Ӛзім Қасымның Ағадай деген баласымен қҧрдас едім.
Сондықтан Есенкелді, Саржан, Ағадай, Бегадай Қасым ҧлдарымен дос,
жорықтас жолдас болдым. Олармен бірге кәпірлерге қарсы соғысқа алты жыл
бойы қатыстым. Соған бола маған орыс патшасы ҧлықтары 1847 жылға дейін
сенбей келді. Менің Қасым балаларымен, Ғҧбайдолла Уәлиханҧлымен дос
22
болуыма екіншіден, Қасым сҧлтанның балдызы Марал ишан менің ҧстазым,
елдесім болғандықтан, оның жиендерімен дос болған едім.
Шоң мырза:
- Қасымның екінші бәйбішесінен туған ҧл-қыздар кімдер?
Есеней қазы:
-
Қасым тӛренің екінші бәйбішесі – Бибі апайдан Ағадай, Бегедай,
Кенесары, Уақ, Шуақ, Сапақбай, Әбілғазы есімді ҧлдар, Бопай, Бопан,
Бопыш есімді қыздар туған. Бопышты Кӛшебе керей атақты Маманай би
ӛзінің кейінгі ҧлдарының бірі – Мәненбайға атастырып, қалың малға қырық
жетіні қырқа матап беріп алып берді. Мәненбай батыр Бопыштан Қайынбай,
Терекбай, Талдыбай атты ҥш ҧл кӛрді.
1841 жылы мамыр айында Нҧралы керей Ақсары, Шарыш есімді,
Қҧдайберді Атығай Зілғара-Шопан атты, Бәйімбет Атығайда Жалғыз батыр,
Шоға Уақ Маңтӛбет деген, Ноғай Қарауыл Кемел деген мырзалардың
жылқы, тҥйелерін жаудан айырған Мәненбай батыр ауыр жараланып, оны
ауылына жауынгерлер найзаға салып әкеле жатқанда, жолда қайтыс
болыпты. Сҥйегі Толыбай сыншы бейітіне жерленген. (Гҥлтӛбе жерінде).
Шоң мырзы:
- Кӛгедей, Кӛшек тӛрелерді ел Қасымның асырап алған балалары дейді.
Сол рас па?
Есеней қазы:
- Балам, бҧл сауалың да дҧрыс. Бірақ мен асқан шежіреші емеспін. Сонда
да білгенімді айтып берейін. Қасыммен бір шешеден туған Қамбар тӛре
Абылай хан ҧлы да, оның әйелі де қайтыс болып, олардың Кӛгедай, Кӛшек
деген ҧлдары жастай жетім қалыпты. Сол екеуін де отау ҥй қып шығарған
екен. Олар асыранды болғанда, бӛтен емес, Қасымның інісі Қамбардың
балалары. Ағадай, Бегедай, Кӛгедай – ҥшеуі де кәпірлермен соғыста жас
жігіт кездерінде шейіт болды. Олардан перзент қалмады. Уақ, Шуақ,
Санақбай да кәпірлермен соғыста шейіт болыпты.
Шоң мырза:
- Сардар аға, қҧдаңыз Қасым сҧлтанның ҥшінші әйелі Асылтас балдызы
дейді. Сол сӛз?
Есеней қазы:
- Ол – шындық. Бҧл сӛзіңнің шет жағасы маған да тиіп кетеді. Ондай
жағдай ӛз басымда да болды. Оны естіген де шығарсың. Асылтас апай да
Қҧрбан батырдың қызы. Оның кҥйеуі – Кӛшебе керей Есет батыр деген
мықты кісі еді. Есет қайтыс болған соң, оның ағайындары батырдан қалған
балаларды, дҥние-малды ӛздері алды да, Асылтасқа дҥние-малдан ҥлес беріп,
оған тӛркініне баруға рҧқсат етті. Асылтас тӛркінінде бір-екі жыл жесір
отырған шақта, Бибі апай науқастанып, ӛзін кҥтуге Асылтасты алдырып,
ақыры ері – Қасым сҧлтанға қосты. Қасымның Асылтастан туған алғашқы
балалары жастай шетінеп кетті. Кейін Қасым тӛреден 1821 жылы – жылан
жылы наурыз айында Асылтас Наурызбайды тапты. Наурызбай туған соң,
қырық бес кҥннен кейін Асылтас апай ауырып қайтыс болған. Наурызбайды
жас шаңырақтың иесі Кенесары тӛре Қасымҧлы мен оның жас келіншегі –
23
Кҥнімжан Ӛтетілеуқызы (елі – Қуандық Арғын ішінде Алтай) бауырына
салып асырап тәрбиелеп ӛсіреді. Науан айым деп Кенесары мен Кҥнімжан
оны қатты еркелетті. Наурызбай тӛре ағасы Кенесары мен жеңгесі
Кҥнімжанға тҧңғыш баласы есепті болды.
Шоң мырза:
- Сардар аға, осы Ержан мен Қҧдайменде Қасымның ӛз балалары ма,
әлде немерелері ме?
Есеней қазы:
- Балам, осы арасын ӛзім де ажырата алмаймын. Ӛйткені, мынау
балаларыңыз ба я болмаса немерелеріңіз бе деп Қасым қҧдадан сҧрауға
ҧялдым. Біреулер Ержан мен Қҧдайменде Саржан тӛренің алғашқы ҧлдары
екен. Бірақ ол екеуін естерін білмейтін бір жастағы кездерінде бірінен соң
бірі Қасым мен Бибі апай бауырына салып, ӛздері тәрбиелеп ӛсіргендіктен,
олар Саржанды әкеміз демей, ағамыз деп санаған дейді. Ержан Наурызбайдан
он бес жастай ҥлкен еді, Қҧдайменде он ҥш жастай ҥлкен еді. Наурызбайды
батырлыққа бала жасынан баулыған Ержан ағасы. Ержанды, Уақ, Шуақ,
Сапақбайды батырлыққа Кенесары мен Шҧбыртпалы Арғын Ағыбай
баулыды. Енді біреулер Ержан мен Қҧдаймендені Бибіден туған Қасымның
ӛз балалары дейді. «Бір биеден ала да, қҧла да туады»,- дегендей, Ержан
батыр болғанмен, Қҧдайменде батыр болған жоқ. Ол жездесі менің інім
Еменәі сияқты момын еді.
Шоң мырза:
- Батыр аға, Қасымның тӛртінші, бесінші әйелдері туралы не айтасыз?
Олардан кімдер туды? Ҥсенді тӛрелер неге Қасым балаларының санатына
жатқызбайды? Осылар жайында білгім келеді.
Есеней қазы:
- Ай, ҧлым-ай, мені кӛп сӛйлетіп жібердің ғой. Сауал қойдың ғой, енді
жауап берейін. Қасымның тӛртінші, бесінші әйелдері Қарауыл елінің
жесірлері. Қарауылда Жолдыбай деген жақсы батыр болды. Ол мына біздің
Ашамайлы Керейдің Кӛшебе елінен шыққан Шақшақ бидің он жеті кӛкжал
ҧлдарымен дос болды, менің ағам Есенкелді де солармен жорықтас жолдас
болды. Бҧлар сауда да жасайтын еді. Олар Астрахан шаһарына керуенмен
барып, сауда жасап жҥріп, жәрмеңкеден елге беттегенде, сол маңда тҥнеген
кӛрінеді. Таңертең тҧрып, Шақшақ балалары, керуеншілері беті-қолдарын
жуып, шай қайнатып, дастарханға айнала отырып, шай іше бастағанда,
арқандаулы тҧрған аттарының арқандарын қиып жіберіп қалмақ
қарақшылары сайгҥліктерді қуып айдап кетеді. Бҧлар аттарды арбалардан
алыстау
жерге шӛп оттасын деп арқандап қойған екен, ӛздеріне бҧрын ешкім
батып, соқтығып кӛрмегендіктен, жайбарақат отырса керек. Сол аттардың
ішінде Шақшақ бидің ҧлы Ӛстемір батырдың екі бәйге боз атының бірі бар
екен. Бҧлар да осал кісілер емес қой, нарларға, атандарға мініп қуады. Ақыры
ӛкшелеп қуып жетуге айналған соң, жаулар боз ат пен қара жорға аттан
басқасын қалдырып, қашып қҧтылыпты. Боз ат пен қара жорға атқа екі жау
мініп, босаңсыған екі атты тастап қашады. Біздің керейлерге жеткізбей, ӛз
елдеріне дҧшпандар таяп қалады. Жауынгерлер аз болған соң, Ӛстемір батыр
24
жауларды еліне дейін қууға бата алмай, кейін қайтады. Соған кектенген
Шақшақ балалары елден жасақ жинап алып, сол жылдың ӛзінде де, одан
кейін де Еділдің арғы бетіндегі қалмақты бірнеше рет барып шапты. Шапқан
сайын олжалы болып қайтып жҥрді. Соңғы рет қалмақты шапқанда, біздің
керейлер баяғы боз арғымақ пен қара жорға атты тауып алып, кӛп олжамен
оралды, бір сҧлу қыз әкелді. Сол қызды Сексен хажы Шақшақҧлы Қарауыл
Жолдыбай батырға сыйға тартты. Соған разы болған Жолдыбай басқа олжа
алмай, керейлерге алғыс айтып, бҧрынғыша разы боп аттанды. Дҥние-малдан
ӛзіне тиген ҥлесін алмай, Керейлерге қалдырған соң, бҧлар Жолдыбайды
тоқтатып, тҧтқынға тҥскен орыс қызын тағы берді. Сӛйтіп, екі қызды
Жолдыбай ауылына алып кетті. Жолдыбай батырдың Байқадам деген жаңа
пері атанып жҥрген жауынгер бозбаласы бар еді. Байқадам жаңағы екі бой
жеткен қызды да Есіләм дініне кіргізіп, мҧсылманға айналдырып, ӛзіне әйел
етіп алмақшы болып, әкесінен рҧқсат сҧрайды. Әкесі оған атастырып, қалың
малын тӛлеп қойған қалыңдығыңды алып келіп, той ӛткен соң, әлгі қызды
алуға рҧқсат ететінін айтады. Байқадамға Жолдыбай батыр ӛздерінің Бес
Мейрам Арғынына жататын Қозған Арғынның Атбасар
жерінде мекендейтін
бір атасынан шыққан Асат, Сҥтемген деген ағайынды екі батырдың Манат
есімді бойжетіп отырған қарындасын атастырған екен. Байқадам ҧрын
барады. Сонда қайынағаларымен шайқасып қалып, қаза табады. Байқадам
қайын жҧртында қалыңдығы Манатпен жолыға алмай қаза тапқан тҥні
Қарауыл Жолдыбай батырдың ауылын Қасым сҧлтан жасақ ертіп барып
шауып, мал-мҥлкін, әлгі Керейлер сыйға тартқан бой жеткен орыс қызы мен
қалмақ қызын – бәрін олжалап ӛз ауылына алып қайтады. Соның артынан бір
жҧмадан кейін Қасым сҧлтан ӛз нӛкерлерін ертіп барып, қырық жетісін
қырқа матап беріп, Асат, Сҥтемген батырлардың қарындасы Манатты
әйелдікке алып келеді. Манатты Қасым некелеп, тӛртінші әйелі етіп алды. Ол
екі қабат қалмақ қызын некесіз әйелім деп есептеді, жҥкті орыс қызын Қасым
бір тӛлеңгітіне қосты, одан туған перзенттің ҧл екенін де, қыз екенін де
білмеймін. Жолдыбай батыр ҥйіне әкелген бір қалмақ, бір орыс қызымен
Байқадам жақындасып қойып, содан екі қыз да жҥкті болыпты. Қасым
некесіз әйел санаған жҥкті қалмақ қызы жас босанып, ҧл тапты. Оның есімін
бір тӛлеңгіт Ҥсен қойыпты. Ҥсенді тӛрелердің Қасым ҧлдарының санатына
қоспау себебі – осы. Қасым Ҥсеннің шешесін кҥң есебінде ҧстады.
Қасымның Манат деген әйелінен Алтыншаш, Кенжебике деген екі қыз туды.
Алтыншашты біздің керей Итіке батыр Жандосҧлы ӛзінің кіші баласы
Қошқарбайға
атастырды.
Қошқарбай
батыр
Итікеҧлы
Кенесары-
Наурызбаймен бірге Қырғыз манапарының қолынан қаза тауыпты.
Алтыншаш кӛшіп келген. Қош қарағайда тҧрады. Мына апа-жездесі Еменәлі
мен Бопанға да, осы ҥйге де келіп, қонақ боп қайтып жҥреді. Кенжебикені
Бидалы Уақ Мақаш қажы Қасаболатҧлы ӛзінің Қожық деген баласына
атастырып әперді. Саржанның қызы Қарашашты Нҧралы керей Ақсары,
Шарыш мырзалар кіші інісі Кеген мергенге атастырған. Кеген де Кенесары-
Наурызбаймен бірге Қырғыз манаптарының қолынан қаза тауыпты. Қарашаш
та жау қолына тҧтқынға тҥсіпті. Кенесарының Қырғызбен соғысын
25
Кенесарыға тӛлеңгіт болып жҥріп, қырғыздың шабындыда қолға тҥскен
қыздарын әйелдікке алған, Есіләм дінін қабылдап, мҧсылман болған осы
жақтың екі орысынан естідік. Ол екі орысқа кешірім қағазын менің жездем
Табей Барлыбайҧлы әперді. Мҧсылман болған сол Аманжол (орысша аты -
Мануил), Мәткерім (орысша аты - Дмитрий) деген орыстарға осы арадағы
орыс атаулы тҥгел қарсы. Сондықтан ол екі азамат қазақтарға паналап, жан
сақтап жҥр. Олар да орта жасқа келіп қалды.
Шоң мырза:
- Кенесары қҧдаңызды әуелде ҧлықтарға білдірмей, қолдағаныңыз рас
па?
Есеней қазы:
- Ол – шындық сӛз.
Шоң мырза:
- Батыр аға, солай қолдай тҧра, кейін сізді Кенесарыға қарсы болған
деседі. Ол қалай?
Есеней қазы:
- Әуелде дос, қҧда Кенесары сҧлтанға қарсы болған себебім халыққа аян
іс еді. Оны естіген де боларсың?
Шоң мырза:
- Естіген жоқпын. Аға, әуелі сҧрайтыным былай: Кенесарының патшаға
қарсы шығуы, майдан ашуы дҧрыс па, әлде бҧрыс па?
Есеней қазы:
Достарыңызбен бөлісу: |