Социал Жҧмабаев есеней естелігі



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10151
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Түсініктеме
 
1.
 
Пырасынау  –  Пресновский  бекініс  бастығы,  қазіргі  Солтҥстік 
Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының орталығы Преснов селосы осы 
кісінің есімімен аталған. 
2.
 
Кіпитан  –  Капитан  Пресновский  деген  сӛзден  шыққан.  Қазақтар 
Преснов селосын «Кіпитан» деп атаған. 
3.
 
Азамат – Сегіз серінің әкесі Баһрамның ағасы Сексен қажының баласы. 
4.
 
Марқаш – жер атауы. 
5.
 
Тобылғы сай – жер атауы. 
6.
 
Дәстемжал  –  жас  ағаш  атауы.  Марқаш,  Тобылғы  сай,  Дәстемжал  – 
қазіргі  Айымжан  ауылы  мен  Островка  селосының  арасындағы  жер, 
ағаш атаулары. 
7.
 
Шӛптікӛл  –  Айымжан  ауылынан  4-5  шақырым  батыс  жағындағы  кӛл. 
Бҧл кӛлді «Қожаберген» кӛлі, «Обалы» кӛлі деп те атайды. 
8.
 
Ғаршакӛу – Горчаков Батыс Сібір генерал губернаторы. 
9.
 
Тҧрлыбек  –  Тҧрлыбек  Кӛшенов.  Омбы  облыс  басшысының  қазақелін 
басқару жӛніндегі кеңесшісі. 
10.
 
Шайгӛз – Уақ руының бір атасы. 
11.
 
Баржақсы – Уақ руының бір атасы. 
12.
 
Шақшақ – Сегіз серінің атасы. 
13.
 
Жар – Керей руының кӛрнекті адамы. 
14.
 
Қапсыт – Керей руына қарасты бір ата. 
15.
 
Ыстап – Қазіргі Пресногорьков селосы. 
16.
 
Ӛсіп  –  Уақ  руының  кӛрнекті  адамы.  Бекіпте  орталығы  Преснов 
селосына ӛрт салған адам. 
17.
 
Киікбай, Шақшақ, Тіленші – Керей руының билері мен бектері. 
18.
 
Баһрам – Сегіз серінің әкесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
88 
Есеней және оның елі 
Қадыр Мырза әли 
 
Ертесі не, кеші не, 
Аруақтарды сыйлаңдар. 
Есенейді есінен 
Шығармайды Сибандар. 
 
Бола алады кім кҥшті 
Оққа тӛсін тӛсемей? 
Ӛзіменен Шыңғыстың 
Шендес болған Есеней! 
Тегістелген кӛктемде 
Тӛбелердің қыртысы: 
Есенейдің 
Ӛткенде 
Бес-алты мың жылқысы! 
 
Жасыл желек алапта 
Жемің де әзір, 
Шӛп те әзір. 
Мҧнша жылқы бірақ та 
Ауданда да жоқ қазір. 
 
Тайталаса кеткенде 
Талай байың таңданар: 
Бес мың жылқы ӛткенде 
Шалғыннан тек шаң қалар! 
 
Жақын жандай әр ҥйге 
Сол баяғы қалпында 
Есекейдің, әрине, 
Аты қалған артында. 
 
Болмақ емес басқаша, 
Шын абырой орнықты, 
Ер есімін 
Ешқашан 
Ҧмытпайтын ел мықты! 
 
 
 
 
 
 

 
89 
ҚОЖЫҚ МАҚАШОВ 
 
МАҚАШ ҚАСАБОЛАТҦЛЫ 
 
Қожақтың  әкесi  Мақаш  Қасаболатҧлының  туған,  қайтыс  болған 
жылдары туралы нақты деректер жоқ. ХҤIII ғасырдың екiншi жартысы мен 
ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында ӛмiр сҥрген адам. Орта жҥз Уақ руының 
Бидалы  атасынан  тарайды.  Бидалының  Қҧдайқҧл  атты  баласынан  Амантай, 
Қожантай,  Қараман,  Қайдауыл,  Ӛтей,  Дәуiш  болып  тараса,  Қараманнан 
Қасаболат, Қасабалаттан Мақаш туған. Мақаштан Қазыбек, Қожық, Қоңқыш 
туған. Мақаш ҧрпақтарын Қазыбек пен Қожықтың ҧрпақтары жалғастырады. 
Қараман атасының, оның iшiнде Мақаштың қонысы алдымен Қҧндызды 
ӛзенiнiң Қҧсмҧрын кӛлiне қҧяр тҧсы болған. Мақаштың ата қонысы туралы 
Сәбит  Мҧқанов  былай  деп  жазған:  «…Кезегi  келгенде, оқырман  кӛпшiлiкке 
Қожықты  да  қысқаша  таныстыра  кетейiк:  Ол  Қазақ  руларының  iшiнде  – 
Уаққа  жататынын  жоғарыда  айттық.  Уақ  iшiнде  ол  «Қобыланды»  және  «Ер 
Сайын» жырларында аталатын Қараман батырдың тҧқымы. Кейiн рулы елге 
айналған  Қараманның  мекенi  қазiргi  Қостанай  облысының  «Қарасу» 
аталатын ауданда. Қожықтың әкесi – Мақаш «Қҧндызды» ӛзенiн, «Қойбағар» 
және  «Жасылбағар»  кӛлдерiн  тӛңiректеп  жҥредi  екен.  Ӛзi  мыңдаған 
жылқысы  бар,  «Момын  бай»  атанған  кiсi  бопты».  (С.Мҧқанов.  «Аққан 
жҧлдыз». Екiншi кiтап. 18 бет). 
Одан кейiн кӛлденең Есiл жерiнде Меңзей орманы жерiн қоныс еттi.(Бҧл 
жер қазiргi Ғабит Мҥсiрепов ауданына қарасты жер. Кейiнгi жылдарға дейiн 
Тоқсан  би  кесенесiнiң  оңтҥстiк  батыс  жағында  3-4  шақырым  жерде  Меңзей 
ауылы  болды.  С.Жҧмабаев).  Мақаштың  қонысы  Меңзей  кӛлденең  Есiлдiң 
Кҥнгей  жақ  бетiнде  болса,  сол  кӛлденең  Есiлдiң  терiскей  жақ  бетiнде 
Бәйiмбет  Атығай  руының,  Ҥмбет  Кӛшебе  керейдiң,  Балта  керейдiң  Нашан 
атасының,  Самай  керейдiң  Жанбура,  Толыбай  аталарының  ауылдары 
мекендеген екен. Мақаш ауылдары бҧл ауылдармен тығыз  қарым-қатынаста 
тату  тҧрған.  Ӛзен  ӛткелiнiң  екi  жағында  да  темiр  қазық  қағылып,  оған 
шынжырлаулы  екi  қайық  байланып,  кезекшi  ескекшiлер  болыпты. 
Сондықтан  Мақаш  пен  оның  баласы  Қожық  туралы  жоғарыда  аталған 
кӛршiлес ауылдардың адамдары кӛп әңгiме сақтап қалған. 
Мақаш  заманында  Бидалы  уақтың  басты  кiсiлерiнiң  бiрi  болыпты. 
Кезiнде  Мақаш  балуан,  Мақаш  мырза,  Мақаш  қажы,  Мақаш  атбегi  деген 
есiмдермен  жҧрт  аузында  жиi  айтылып  жҥрiптi.  Мақаштың  ауылында  ата-
бабаларынан  мҧра  болып  қалған  мешiт,  медiресе  ҥйлерi  болған.  Ол  ҥйлердi 
Мақаш қажы кҥтiп ҧстап, дiн уағыздау, тарату  iсiмен айналысқан. Кәсiппен 
де  айналысып,  бiрнеше  шеберханалар  ҧстаған.  Онда  балташылар,  ҧсталар, 
ӛрiмшiлер,  етiкшiлер  жҧмыс  iстептi.  Сонымен  бiрге  егiншiлiкпен,  мал-қҧс 
ӛсiрумен, қол-ӛнерiмен, аңшылықпен айналасыпты. Ӛзiнiң жел диiрменi мен 
су  диiрменi  де  болған.  Су  диiрменiн  сол  маңайдағы  ауылдар  кейiнгi  кезге 
дейiн пайдаланып келген. Мақаштың бҧл су диiрменi кейiнгi кезде Тоқсан би 
диiрменi деп аталған. Ӛйткенi диiрмен салынған Есiл ӛзенiнiң жарқабағында 

 
90 
Тоқсан  бидiң  зираты  болған.  Содан  «Мақаш  диiрменi»  аты  ҧмытылып, 
«Тоқсан  би  диiрменi»  атауы  қалған.  Диiрменнiң  орны  осы  уақытқа  дейiн 
сақталған.  Ӛнерге  жақын  Мақаш  мырза  қолына  әншi,  ақын,  балуан,  мерген 
жiгiттердi ҧстапты. 
Қандай ғана тарихи тҧлға болмасын ӛзi ӛмiр сҥрген заманы тҧрғысынан, 
сол уақыттағы тарихи уақиғалар, сол уақыттағы атқарған қоғамдық қызметi 
тҧрғысынан бағаланатынын ескерiп, Мақаш Қасаболатҧлы мен оның баласы 
Қожық тҧсындағы қоғамдық тарихи жағдайға тоқтала кетейiк. 
1819  жылғы  Уәлi  ханның  ӛлiмi  қазақ  хандығының  қҧлауын  тездеттi. 
Ресей  патшалығы  ҥшiн  хандықты  жоюдың  оңтайлы  сәтi  тҥстi.  Қазақтың 
хандық  қҧрылысын  жақтаған  халықтың  бiраз  бӛлiгi  Уәлiнiң  бәйбiшесiнен 
туған Ғҧбайдолланы хан сайлағанымен, Ресей патшалығы оны бекiтпедi. 
1822  жылғы  М.Спиранскийдiң  «Сiбiр  қазақтарын  билеу»  туралы 
ережесiнiң шығуына байланысты қазақ даласындағы хандық билiк жойылды. 
Ел iшi ауыл (50-70 ҥй), болыс (10 ауыл), округ (15-20 болыс) болып бӛлiнiп, 
аға  сҧлтандық  (дуандық  басқару  жҥйесiне  кӛштi.  Яғни,  бiртҧтас  халық  бiр 
орталыққа  бағынатын  бас  иесiнен  айрылып,  iштей  бӛлшектенуге  ҧшырады. 
Округты  (дуанды)  билейтiн  аға  сҧлтандар  (дуан  басшылары)  елге  билiк 
жҥргiзген  сияқтанып  атқа  мiнгенмен,  оның  атының  да,  ӛзiнiң  де  тiзгiнi 
патшалық  Ресей  әкiмдерiнiң  қолында  болды.  Патша  әкiмдерi  қазақ  халқын 
аға  сҧлтандар  арқылы  биледi.  Орталық  Қазақстанда  Қарқаралы,  Кӛкшетау, 
Баянауыл,  Аягӛз,  Ақмола,  Кӛкпектi,  Аманқарағай  (Қҧсмҧрын),  Алатау 
округтерi ашылды. Бҧл округтер 1824 жылдардан бастап ашылды, 1822-1823 
жылдары  бiр  де  округ  аша  алмапты.  Себебi,  Орта  жҥз  хандығын 
бӛлешектеуге  қазақтың  билерi  мен  бӛктерi,  Есеней,  Марал  ишан,  Зiлғара 
сияқты  атақты  адамдары  хандықты  жоюға  қарсы  әрекет  жасапты.  «Замана» 
деген ӛлеңiнде Сегiз серi осы кезең туралы былай деп жырлаған: 
 
Сҧм патша елдi алдады расында
Келтiрмей қозғалуға шамасын да. 
Билерге ҥш жыл бойы ерiк берген 
Хандық жойылып, дуан қҧралар арасында. 
 
Хандықты жоймақ болып, жарлық келген 
Сҧлтандар әулетiне жарлық келген, 
Патша уездерi Сперанский жоба жасап, 
Он дуанға Орта жҥз халқын бӛлген. 
 
Абылай ханға тартпаған балалары
Ел билеуге жетпеген шамалары. 
Уәли Орта жҥзге хан болса да 
Қазақтың жақтырмаған даналары. 
 
Уәли хан ӛлмей тҧрып, бiр жыл бҧрын, 
Хандығы Орта жҥздiң таратылған. 

 
91 
Кӛсемге ел басқарар билiк тимей, 
Кәпiрге қазақ жҧрты қаратылған. 
 
Он дуан бiрақ бiрден қҧрылған жоқ, 
Сҧм патша жҧртты алдады ҧрылған жоқ. 
Маралдың соғыстары аяқталған, 
Сол себептi ӛткенге ҧлық бҧрылған жоқ. 
 
Бiртiндеп округтердi қҧра бердi, 
Бектердi ӛздерiне бҧра бердi. 
Жҧрт қамы деген сӛздi дәлел етiп, 
Шонжарлар ел ҧстауды мақҧл кӛрдi. 
 
Бҧл кҥнде қҧрылыпты сегiз дуан 
Басқарған сегiзiн де ӛңкей жуан. 
Iшiнде дуанбасы шонжарлардың 
Кейбiрi сардар едi жауды қуған. 
 
Қыс қылған Ресей патшасы елдiң жазын, 
Ҧстаған қолшоқпар ғып жҧрттың азын. 
Халайық билiк жайлын ҧғынған жӛн, 
Аға сҧлтан, дуанбасы бiр лауазым. 
 
Шеттетiп кӛп кӛсем, не маңғазды, 
Басқарған аға сҧлтан приказды. 
Сайланып заседатель-орынбасар, 
Кҥндейдi думаншыл деп ӛнерпазды. 
 
1830  жылы  Есiл  ӛзенiнiң  терiстiк  бетiнде  Тобыл  ӛзенiне  дейiнгi 
аралықтығы жердi қамтитын Аманқарағай дуаны қҧрылғанмен тарап кеткен 
болатын.  Оған  бiрнеше  себептер  болды.  Бiрiншiден,  дуанға  қарасты  халық 
ӛзара  келiсiм  бойынша  дуанға  ясақ  (салық)  тӛлеп  тҧру  керек  болса,  дуан 
басшылары  ӛзiне  қарасты  халықтың  жерiн,  дҥние-малын  ҧры-қарыдан 
қорғауға тиiстi болды. Дуан халықтан салықты жинап алғанмен, ӛзiне тиiстi 
шартты  орындай  алмады.  «Ащы  белдеу»  бойында  орналысқан  казактар 
қазақтардың  қҧнарлы  жерлерiн  тартып  алып,  ата  қоныстарынан  айырды. 
Жергiлiктi  қазақтар  мен  шегара  бойындағы  казактар  арасындағы  жанжал 
қарулы  қақтығыстарға  дейiн  барды.  Марал  ишан  қозғалысынан  бастаған 
орыс  старшындарына  деген  жергiлiктi  халықтың  ӛшпендiлiгi  басыла 
қоймады. Халық салық тӛлемей, дуан басшылығына бағынбады. Дуан тарап 
кетедi.  Мақаш  Қасаболатҧлы  бҧл  уақытта  Қараман  ауылының  алғаш 
старшинасы болатын. 
Батыс-Сiбiр  губерния  басшылары  1834  жылдың  тамыз  айында  тарап 
кеткен  Аманқарағай  дуанын  қайтадан  ашады.  Бҧл  уақытта  Аманқарағай 
дуанына қарасты халықтың қҧрамы тӛмендегiдей болатын. 

 
92 
 
 
Рулар 
Үй саны 
Жылқы 
саны 
 
 




 
 
 









10 
11 
12 
13 
I. УАҚ РУЫ 
 
Бидалы 
Жансары 
Баржақсы 
Шайгөз 
 
II. КЕРЕЙ РУЫ 
 
Көшебе 
Сибан 
Матақай 
Самай 
Есенбақты 
Еменалы 
Қантай 
Таз-керей 
Дәулетiмбет 
Нұрымбет 
Қапсыт 
Шағалақ 
Қара кемпiр 
 
 
500 
525 
450 
225 
 
 
 
700 
500 
1000 
500 
200 
150 
250 
100 
100 
380 
180 
100 
80 
 
 
40000 
25150 
12620 
4450 
 
 
 
17500 
20000 
32000 
22000 
2071 
3000 
2500 
1025 
1000 
11400 
1800 
900 
400 
(Ескерту:  қарамал  мен  қой-ешкiнiң  санын  жазбадық,  ӛйткенi  кейбiр 
рулардың малының саны 
 
Кейiн  (1835  жылы)  Қҧсмҧрын  болып  аталған  Аманқарағай  сыртқы 
округы  (дуаны)  Обаған  мен  Есiл  ӛзендерiнiң  аралығындағы,  оңтҥстiкте  – 
Торғай  ӛзенiнiң  бас  жағын  солтҥстiкте  «Ащы  белдеу»  бойына  дейiнгi 
жерлердi  қамтыды.  Округ  жерiнде:  62  ауылдан  тҧратын  (3192  шаңырақ) 
Керей  (Сибан,  Балта,  Кӛшебе,  Еменәлi,  Алдай,  Қантай,  Таз,  Бике, 
Дәулетiмбет,  Иманәлi,  Нҧралы,  Нҧрымбет,  Самай,  Матақай),  1773 
шаңырақты  бiрiктiретiн  Арғын,  123  шаңырақтан  тҧратын  қыпшақ,  1957 
шаңырақты  бiрiктiретiн  32  ауылдан  тҧратын  Уақ  (Баржақсы,  Бидалы, 
Жансары,  Шайгӛз)  тайпалары  мекендедi.  Бҧл  округ  қазақтары  Есiл,  Обаған 
ӛзендерiнiң  жағалауларын,  қалың  ормандар  арасын  қыстап,  жазда  шӛптiң 
жақсы жайылымдықтары бар жерлерге кӛшiп жҥрдi. 
Жоғарыда  аталған  рулық,  тайпалық  одақтар  тӛмендегiдей  бес  болысқа 
бiрiктi: 1. Матақай – Самай Керей болысы; 2. Сибан, Кӛшебе Керей болысы; 
3.  Еменалы  Керей  болысы;  4.  Уақ  (Бидалы,  Баржақсы,  Жансары,  Шайгӛз) 
болысы; 5. Ақташы арғын – Қанжығалы болысы. 
Омбы  қаласындағы  Сiбiр  линиялық  казактарының  әскери  училищесiн 
тәмамдаған  Шыңғыс  23  жасында  осы  дуанға  аға  сҧлтан  болып  сайланады. 

 
93 
Аға  сҧлтан  болуға  басқа  лайықты  адамдар  болса  да,  елдi  хан  тҧқымынан 
шыққан  адамдар  ғана  билеу  керек  деген  қалыптасқан  дәстҥр  бойынша 
губерния басшылары оларға келiсiм бермейдi. 
Ел  аузындағы  әңгiмелер  бойынша  Керей-Уақ  адамдары  (iшiнде  Мақаш 
Қасаболатҧлы  да  бар)  жаңа  қҧрылған  Аманқарағай  дуанын  басқаруға 
Айғанымнан сол уақытты әскери училищенi бiтiрген Шыңғысты қалап алған. 
Бҧл  шындыққа  келмейдi.  Ӛйткенi,  бiрiншiден,  халық  дуан  ашуға  қарсы 
болған.  Екiншiден,  Қызылжар  аймағын  мекендейтiн  Керей-уақтың  басты 
адамдары  Шақшақ  Кӛшекҧлы,  Тоқсан  Жабайҧлы,  Киiкбай  Айтуғанҧлы, 
Қолдас  Сағындықҧлы,  Мақаш  Қасаболатҧлы,  Берiк  Малқарҧлы,  Тайпақ 
Сапулатов, Жҧбан Қондыбаев, Жарылғамыс би тағы басқа ру басшылары Қақ 
кӛлiнiң басында қҧрылтай шақырып, Есеней Естемiсовты рубасы, әрi қазысы 
етiп  губерния  басшыларының  ҧлықсатынсыз  сайлап  алған  болатын.  «Бiз 
Ресейге  ӛз  еркiмiзбен  қосылған  жоқпыз.  Бiздiң  ризашылығымызды  алмай, 
елдi  Сырттай  ӛздерiне  қосуға  болмайды.  Бiз  ақсақалға,  Мҧфтиге,  қазыға, 
шораға,  ханға  бағынатын,  Аллаға  сыйынатын  мҧсылман  жҧртымыз.  Ешбiр 
салық тӛлемеймiз. Жер-суымызды қайтарып берiңiздер. Сонда ғана Уәлi хан 
тҧсындағыдай  белгiлi  бiр  мӛлшерде  шаңырақ  салығын  тӛлеуге  келiсемiз. 
Әйтпесе,  кешегi  Марал  ишанның  ғазауатын  қайта  жалғастырамыз.  Сендер 
Марал  ишанның  қозғалысын  кҥшпен  тоқтатқан  жоқсыңдар,  алдап,  жалған 
уәдемен  тоқтаттыңдар.  Айтқан  сӛздерiңде  тҧрмадыңдар.  Елге  берген 
уәделерiң орындалмады», - деп Ресей ҧлықтарына қарсы шыққан болатын. 
Сондықтан  Ресей  ҥкiметi  дуанның  ашылуы  мен  оның  басшысын 
сайлауды  жергiлiктi  халықпен  ақылдасты  деу  жаңсақ  пiкiр.  Рас,  Керей-
уақтың (Керейдiң iшiнде Ашамайлы керейлер) Абылай ханның Қасым және 
Уәлi  сияқты  балалары  билiкке  таласқанда  Уәлiнi  жақтағаны  анық.  Әсiресе, 
Бидалы-уақтың  Қҧдайқҧл  балалары:  Ӛтей,  Дәуiш,  Қарамандар  Уәлiнiң  ең 
сенiмдi  адамдары  болды.  (Қараман  Мақаштың  ҧлы  әкесi).  Керей  Уақ  және 
Арғынның Атығай атасының ҧрпақтары Қасым балалары Есенкелдi, Саржан, 
Кенесары кӛтерiлiстерiн қолдамаған. (Әрине, бәрі емес). 
Ендi  бiздiң  әңгiмемiздiң  бас  арқауы  болып  отырған  Мақаш 
Қасаболатҧлы  мен  оның  баласы  Қожықпен  жақсы  қарым-қатынаста  болған 
Шыңғыс Уәлiҧлы туралы таным ҥшiн арнайы тоқталайық. 
23  жасында  аға  сҧлтан  болып  сайланған  Шыңғыс  бҧл  қызметтi  1852 
жылға  дейiн  атқарады.  Шыңғыс  1811  жылы  Уәлi  ханның  бас  ордасы 
Қызылағашта  туған.  Орысша  бiлiм  алудың  маңызын  терең  тҥсiнген  әжесi 
Айғаным  1857  ж.  Шыңғысты  Сiбiр  линиялық  казактардың  әскери 
училищесiне  оқуға  тҥсiредi.  Бҧл  оқу  орны  Шыңғысқа  толық  орта  дәрежелi 
бiлiм  бередi.  Жетi  жыл  оқығаннан  кейiн  ол  бҧдан  ой  ӛрiсi  кеңейiп,  ғылым 
мен  әдебиеттен,  кӛркем  ӛнерден,  сондай-ақ  тарих  пен  жаратылыстанудан 
терең мағлҧмат алып шығады. 
Шыңғыс  ел  басқара  жҥрiп,  қазақтың  батырлар  жырлары  мен  лиро-
эпостық жырларына талдау жасап, тҥпнҧсқаларын жинастырған. Ғылым мен 
ағарту  iсiнiң  қазақ  елiндегi  қамқоршысы  ретiнде  Шыңғыс  Москва  мен 

 
94 
Петербургке,  әсiресе,  географиялық  және  антропологиялық  қоғамдарға 
белгiлi болған. 
Қазақ  даласында  қазақтың  тҧңғыш  мектебiн  ашу  iсi  де  Шыңғысқа 
тиесiлi  болған.  Қҧсмҧрында  Шыңғыс  ашқан  қазақ  мектебiнiң  оқу-тәрбиелiк 
бағдарламасында  жаңалықтар  кӛп  болды.  Онда  тарих,  жаратылыстану, 
математика,  шығыс  тiлдерiнiң  (шағатай,  парсы,  араб)  пәндерi  оқытылып, 
қазақ  халқының  эпостарынан  дәрiс  берiлетiн.  Шыңғыс  демократтық, 
прогресшiл  кӛзқараста  болған  адам.  Маңайына  Жанақ,  Шӛже,  Орынбай, 
Арыстанбай,  Бiржан  сал,  Ақан  серi,  Жаяу  Мҧса  сияқты  ақындарды 
топтастырды. 
«…Дала  елiне  әсер  етуде  Омбы  мекемелерi  ҥш  кiсiнiң  –  Шыңғыс 
сҧлтанның,  оның  баласы  Шоқанның  және  оның  нағашысы  Мҧса 
Шормановтың абырой беделi мен ақыл-кеңесiн жарты ғасырдан астам уақыт 
бойы пайдаланды», – деп жазды Г.Потанин. 
Жоғарыда  жазғанымыздай  Мақаш  мырза  да  ӛнер-бiлiмге  ӛте  жақын 
болып  қамқорлық  жасап  отырған.  Әкелерi  арасындағы  достықтың  ҥстiне 
Шыңғыс  пен  Мақаштың  осындай  қасиеттерi  бiр-бiрiне  жақындата  тҥстi. 
Шыңғыс  аға  сҧлтан  билiгiне  келгесiн-ақ  Мақаш  мырзаға  қамқорлық  жасап, 
Қараман  аулының  старшыны  болып  жҥрген  Мақаш  мырзаға  Уақ  руының 
Бидалы  атасына  қарасты  ауылдарға  старшын  болуды  ҧсынды.  Бiрақ, 
табиғатында  жуас,  мансапқорлығы  жоқ,  ол  жасының  келiп  қалғанын  айтып 
келiсiм  бермедi.  Шыңғыс  кейiн  бҧл  қызметке  оның  баласы  Қожақты 
сайлатқызады.  (Бҧған  кейiн  тоқталамыз.  С.Ж.).  Бiр  ӛкiнiштiсi  кейбiр  аға 
жазушыларымыз  архив-қҧжаттарын  ескермей  ел  аузындағы  сӛздермен,  не 
болмаса  шындықты  кеңестiк  саясатқа  жеңдiрiп,  Шыңғыс  пен  Мақаш  және 
оның  баласы  Қожық  арасын  шиеленiстiрiп,  жауластырып  жазғанын  жақсы 
бiлемiз.  Шыңғыс  сҧлтан  мен  әкелi-балалы  Мақаш  пен  Қожық  арасындағы 
достық  қатынасты  жақсы  бiлетiн  Кенесары  Аманқарағай  дуанына  шабуыл 
жасағанда  Мақаштың  мыңнан  аса  жылқысын  айдап  әкетiп,  жҥген  ҧстатып 
қалдырғанына  да  тарих  куә  бола  алады.  Атақты  тарихшы  Ермҧхан 
Бекмаханов  1948  жылы  жазған  «Қазақстан  ХIХ  ғасырдың  20-40 
жылдарында» деген зерттеу еңбегiнде былай деп жазды: «1838 жылы Бопай 
ӛзiнiң  отрядымен  Батыс-Сiбiр  губернаторлығының  солтҥстiк-батыс 
аудандарына  iшкерлей  енiп,  қимыл  жасады.  Кӛптеген  мал  айдап  әкетiлдi. 
Керi  қайтқан  жолда  Сырымбет  деген  жерде  қоныстанған  ӛзiнiң  бҧрынғы 
кҥйеуiнiң туысқандарының ауылдарын да шапқыншылыққа  ҧшыратты. Осы 
жағдайға  байланысты  заседатель  Редько  Талызинге  былай  деп  хабарлады: 
«Сҧлтанша  Бопай  Қасымова  ӛзiнiң  200  адамымен  Аманқарағай  округiнiң 
қырғыздарынан  (қазақтарынан)  кӛптеген  малды  тартып  әкеттi  және  қайтар 
жолда  Сырымбет  шатқалына  тоқтап,  қойманың  қҧлпы  мен  есiгiн  бҧзып, 
ондағы киiздердi, елтiрелердi және кӛп азық-тҥлiк қорын алып кеткен». 
Жоғарыда  жазылғандай  Бопай  Қасымқызының  айдап  әкеткен  малы 
Аманқарағай  дуанына  қарасты  Мақаш  мырзаның  мыңнан  астам,  Самай-
Керейдiң  алты  жҥзден  астам  жылқысы  болатын.  Осы  оқиға  байланысты 
Омбы архивiнде қҧжаттар бар. (Омбы архивi. Қор – 3, тiзiм – 2, iс – 17713). 

 
95 
Бидалы  Уақ  старшинасы  Берiк  Малқаров,  мал  иесi  Мақаш  Қараманов, 
билерi Есенғҧл Қҧлмешеков, Байғҧртбаевтар және Самай-Керей болысының 
болысы  Тайпақ  Сапулатов,  билерi  Нҥркен  Тҥменов,  Тҧрлыбек  Сатыпалдин, 
Итқара  Тоқаевтар  Батыс-Сiбiр  губерниясына  Кенесары  Қасымов  айдап 
әкеткен жылқыларды қайтарып әперудi талап етiп арыз жазады. «Бiздi дуанға 
қабылдар 
алдында 
малымызды, 
жанымызды 
барымташылардан, 
жауларымыздан қорғаймыз дедiңдер. Сол ҥшiн бiздерден ясак (салық) алып 
отырдыңдар.  Ӛзара  келiсiм  бойынша  сендер  барымтамаға  ҧшыраған 
малдарымызды  қайтарып  беруге  тиiстiсiздер,  мҧны  бiз  заң  жҥзiнде  талап 
етемiз»  –  деп  жазды.  Губерния  басшылары  бҧл  шағым  хатқа  «Шара 
қолданыңдар»  деп  бҧрыштама  қойып  Қҧсмҧрын  дуанының  (Аманқарағай 
дуаны  1835  жылдан  бастап  Қҧсмҧрын  дуаны  деп  аталады)  басшылары:  аға 
сҧлтан Шыңғыс Уәлиханов, кеңесшiлерi (заседательдерi): Есеней Естемiсов, 
Тәбей  Барлыбаевтарға  бередi.  Кенесарының  Бопай    қолын  ҧстауға  Есеней 
мен  Шыңғыс  ӛздерi  ҥшiн  де  мҥдделi  болатын.  Ӛйткенi,  жоғарыда 
жазылғандай,  Бопай  осы  жолы  Сырымбеттегi  Шыңғыстың  әкесi  Уәлi 
ордасын  шауып  кеткен  болатын  және  Бопай  айдап  әкеткен  жылқылардың 
iшiнде  Есенейдiң  туыстары  мен  қҧдандалы  адамдарының  жылқылары  да 
болған  екен.  Бопай  қолын  қуған  Шыңғыс  пен  Есеней  бiраз  жылқыларды 
қайтарып  алады.  Омбы  архивiнде  бҧны  анықтайтын  қҧжаттар  бар.  (Омбы 
архивi. Қор – 3, тiзiм – 2, iс – 13259). 
1857  жылы  31  тамыз  кҥнi  Шыңғысты  Кӛкшетау  дуанына  аға 
сҧлтандыққа  ҧсынар  алдында  жазылған  мiнездемеде:  «1838  жылы  Шыңғыс 
пен Есеней 35 қарулы жiгiтiмен Кенесарының апасы Бопай қолынан дуанның 
бiраз  жылқыларын  айырып  алды»,  -  деп  жазған.  Бҧл  қҧжат  та  жоғарыда 
айтылған оқиғалардың тарихи шындығына бҧлтартпайтын дерек бола алады. 
Кенесарыны  қолдамаған  патшашыл  байлардың  жылқысын  неге  Бопай  қолы 
барымталып  отырған  деген  сҧрақ  болуы  мҥмкiн.  Оған  жауап  тӛмендегiдей. 
Кенесары қҧрған хандықтың iшкi басқару қҧрылысы бойынша бҧл iс Бопайға 
тапсырылған. Кенесары кӛтерiлiсiн зерттеген тарихшы Ермҧхан Бекмаханов 
жоғарыда аталған еңбегiнде былай деп жазады: «Iрi ақсҥйектердiң малы мен 
мҥлкiн  мемлекет  қарамағына  тартып  алу  iсiн  Кенесарының  әпкесi  Бопай 
басқарды.  Мемлекет  қарамағындағы  кӛтерiлiсшiлерге  кӛмектесуден  бас 
тартқан iрi феодалдардың мал-мҥлкi тартып алынып отырды. Кҥшпен тартып 
алардан бҧрын мал-мҥлiк иелерi алдын ала хабарландырылып отырған». 
Бҧл арада мынаны ескеру керек. Iрi байлардың малдарын тартып алғанда 
олардың  кӛтерiлiсшiлдердi  қолдамағаны  ҥшiн,  Кенесары  қҧрған  хандықтың 
iшкi басқару тәртiбi бойынша Ресей отаршылдарына қарсы кҥрес шығынына 
салық  тӛлемегендерi  ҥшiн  барымталаған,  яғни  кепiлдiкке  алған. 
Кӛтерiлiсшiлдердiң  талаптарын  орындаған  жағдайда  малдарын  қайырып 
берген.  Сондықтан  кейбiр  қазақ  байлары  Кенесарыға  малдарынан  айрылып 
қаламыз  деп  қорыққаннан  қосылған.  «1837  жылдың  соңында  Аманқарағай 
округiнен Кенесары кӛтерiлiсiне бҧндай байлардың екi мыңдайы қосылды» – 
деп жазды Ермҧхан Бекмаханов жоғарыда аталған еңбегiнде. 
 

 
96 
ҚОЖЫҚ МАҚАШОВТЫҢ ПРОТОТИПІ 
 
Қожық  Мақашов  оқырман  жҧртшылығына  атақты  жазушыларымыз 
Сәбит  Мҧқанов  және  Ғабит  мҥсірепов  шығармаларынан  әдеби  кейіпкер 
ретінде  таныс.  Сәбеңнің  «Аққан  жҧлдыз»,  Ғабеңнің  «Ҧлпан»  атты 
шығармалары  тарихи  уақиғалар  негізінде  жазылған  кӛркем  шығарма  екені 
анық.  Екі  ҧлы  жазушы  да  уақиға  сюжетін  шиеленістіру  ҥшін,  Шоқан  мен 
Ҧлпан образдарын сомдай тҥсу ҥшін тарихи тҧлға Қожықты жағымсыз бейне 
ретінде  шебер  пайдаланған.  Бҧл  жазушыларымызды  тарихи  шындықты 
бҧрмалауға  апарған  заман  талабы  еді.  Ӛйткені,  Қожық  Уақ  руының  қолына 
барымташылар  ҧстаған  атақты  байы.  Айдап  әкеткен  малын  қайтару  ҥшін 
Кенесары қолымен соғысқан адам. 
Екі  жазушы  да  тарихи  тҧлға  Қожық  Мақашҧлын  ертегілердің 
кейіпкеріндей,  әрине  саналы  тҥрде  бҧрмалап  жазды.  Бҧрмалап  жазды 
дейтініміз Қожық кӛп жылдар бойы Бидалы Уақтың, Арғынның Қанжығалы 
елінің болысы болған. 1849 жылы Қҧсмҧрын дуанының Заседателы болғаны 
жайлы  Омбы  архивінде  шындықтан  бҧлтартпайтын  деректер  бар.  Туған 
ӛлкеміздің ХІХ ғасырдағы ел басқарған тҧлғаларды таныту ҥшін де тӛмендегі 
қҧжаттың кӛшірмесін жаздық. 
 
Омбы архивы. Қор № 374. Тізбе № 1, іс № 243. 
Қҧсмҧрын  округы  бойынша  сҧлтандардың,  билердің,  старшындардың, 
қҧрметті қазақтардың 1850 жылғы тізімі (20.01.1851ж.). 
1. Берік Малқаров. 1792ж. туған. Бидалы, Баржақсы Уақ болысы. 
1813ж. – старшын. 
1834ж. – волостной управитель. 
2. Итемір Барлыбаев. 1804ж. туған. 
Сибан Керей болысының старшинасы. 
3. Қҧлыбек Тоқсанҧлы. 1799ж. туған. 
1835ж. – болыс болды. 
4. Қожахмет Табеев. 1820ж. туған. 
1849ж. – заседатель. 
5. Медебай Есілбайҧлы. 1792ж. туған. Шағалақ болысының 
старшинасы. 
1838ж. Кенесары қолынан шаруалардың 44 
жылқысын қайтарып алғаны ҥшін Анненск 
лентасымен марапатталған. 
6. Қожық Мақашҧлы. 1801ж. туған. Қараман Уақ, Қанжығалы 
болысының болысы. 
1849ж. Қҧсмҧрын дуанының заседателі. 
7. Тоқсан Мыңжасарҧлы. 1789ж. туған. 
8. Шыңғыс Уалиханов. 1817ж. туған. 
9. Қырғыз Малдыбайҧлы. 1795ж. туған. 
1831-1843ж.ж. – волостной управитель 
1844ж. – прапорщик правитель. 

 
97 
10.Жақабай Малдыбайҧлы. 1791ж. туған. 
1831-1841ж.ж. – ауыльный старшин. 
11.Жҥсіп Меңдібайҧлы. 1819ж. туған. 
 
Аманқарағай,  кейін  Қҧсмҧрын  дуанына  қарасты  елдерде  болыс,  осы 
дуанының 
заседателі, 
биі 
болған 
Қожық 
Мақашҧлын 
жерлес 
жазушыларымыздың  ҧры,  елбҧзар  болды  деп  жазулары  Кеңестік  саясаттан 
туып отырғаны анық жәйіт. 
2009  жылдың  шілде  айында  Қожықтың  ата  қонысы  Қостанай  облысы, 
Қарасу  ауданының  Қараман  ауылында  болып,  кейінгі  ҧрпақтарымен 
әңгімелескен  едік.  Қожықтың  ата  қонысында  отырған  ең  жақын  ҧрпағы  80 
жастағы  Шауыпкел  Қалиҧлы  екен.  Қожық  және  ҧрпақтары  жайлы  біраз 
әңгімелерді осы кісіден және ауылдың ең қарт тҧрғыны Әбикенов Молдақан 
ақсақалдан 
естідік. 
Қожық 
Мақашҧлы 
туралы 
біраз 
деректер 
кӛмескіленгенмен шежіресі толық сақталған екен. 
-Қожық  бабамыз  кезінде  Қараман  Уақ,  Қанжығалы  болыстарының 
старшинасы.  1849  жылы  Қҧсмҧрын  дуанының  заседателі  болғанына  ешкім 
дау  айта  алмайды,  ӛйткені  бҧл  деректер  Омбы  мҧрағатында  сақталған. 
Осындай  тҧлғаны  елден  шыққан  ҧры,  жауыз,  қатыгез  деп  жазған  атақты 
жазушыларымыз  Сәбең  мен  Ғабеңе  қатты  ренжіген  уақытымыз  да  болды. 
Рас,  бҧл  жазушылардың  бабамызды  ҧрылардың  жиынтық  образы  етіп 
жазғанын  білеміз.  Аты-жӛнін  ӛзгеріспен  алу  керек  еді.  Жиырма  жасынан 
бастап  ел  басқарып,  ӛңіріміздің  ХІХ  ғасырдағы  кӛрнекті  тҧлғаларының  бірі 
болған  бабамыз  рухының  ласталғаны  қатты  батты,  -  деді  Қожық 
ҧрпақтарының  бірі  Шаупкел  ақсақал.  Дегенмен  ҧрпақтары  Қожық 
табиғатында  «зорды»  танымайтын,  әкімге  бағынбайтын,  ӛзінен  жоғары  кісі 
деп санамайтын, кҥш кӛрсеткісі келгендерге кҥшпен жаулап беретін, тентек 
те содырлы да, ӛктем де адам болғаны туралы естігендіктерін айтты. 
Осы  кісілермен  және  тағы  Қараман  ауылы  тҧрғындарымен  әңгіме 
ҥстінде  Қожық  Мақашҧлы  ӛмірдеректерінің  бізге  беймәлім  тҧстарын  да 
кездестірдік. Шежіресін алдық. Шежіресін былайша таратты. 
Бидалы  Уақ  –  Қҧдайқҧл  –  Қараман  –  Қасаболат  –  Мақаш.  Мақаштан  2 
бала:  Қожық,  Қоңқыш  (Қожақ).  Қожықтан  5  бала:  Шоқатай,  Текебай, 
Тәжібай, Жантӛре, Байтӛре (Балғожа). 
1.  Шоқанайдан  –  Махамбет.  2.  Текебайдан  –  Ыбырай.  Ыбырайдан  – 
Қамза,  Қанапия;  Қанапиядан  –  Бекен,  Кәкен;  Бекеннен  –  Бығай,  Асхат.  3. 
Тәжібайдан  –  Оспан  –  Жанахмет  –  Шалабай  –  Тӛлеген.  4.  Жантӛре  – 
Қабдолла  –  Кәмел –  Дулат,  Бақыт,  Мҧрат,  Бақытжан. 5.  Байтӛре  – Сақатай, 
Бастами;  Сақатайдан  –  Кӛкен  –  Қуандық,  Болат;  Бастамиден  –  Сейтен  – 
Дулат, Мҧрат. 
Қожықтың  жоғарыда  аталған  бес  баласынан  тараған  ҧрпақтар  қазіргі 
Ғабит Мҥсірепов ауданына қарасты Ставрополь селосының жанында болған 
Меңзей  ауылында  1950  жылдарға  дейін  тҧрған.  Меңзей  ауылын  Қожық 
ауылы  деп  те  атаған.  Меңзей  ауылы  1960  жылдары  тарап  кеткен.  Атақты 

 
98 
Тоқсан  би  Жабайҧлының  басына  кесене  орнатылған  бейіті  осы  Меңзей 
ауылынан 3-4 шақырым жерде. 
Мақаш  Қасаболатҧлының  екінші  баласының  азан  айтып  қойған  есімі 
Қожақ екен. Қожақ ел аузында «Қонқыш» деп атанып кеткен екен. Кітаптың 
келесі тарауларында Қоңқыш туралы арнайы әңгіме болады. 
Қызылжар  қаласында  тҧратын  оқып-тоқығаны  да,  кӛргені  де  кӛп 
шежіреші  қарт  Жҧмағайыр  Абдрахманҧлы  Қожық  жайлы  кӛп  біледі.  Есте 
сақтау қабілеті ӛте жақсы осы қарттың айтуы бойынша ағасы Сексен батыр 
орыс  отаршылдары  қолынан  қаза  тапқаннан  кейін  Тоқсан  бидің  де  кӛзін 
жоймақ  болады.  Жер  ҥшін  Сексен  батырмен  бірге  орыс  отаршылдарына 
қарсы талай рет соғысқан Қожық қазіргі Жамбыл ауданының Қарағаш ауылы 
жерінде отырған Тоқсан биді ӛз еліне кӛшіріп алған екен.  
Жҧмағайыр қарттың айтуы бойынша Кенесары Қасымовтың қолы 1838 
жылы  Кенесарының  әкесі  Мақаш  байдың  мыңнан  аса  жылқысын  айдап 
әкетіп,  жҥген  ҧстатып  қалдырады.  Преснгорьков  бекінісі  әскерлерінің 
кӛмегімен 
Қожық 
Кенесары 
қолынан 
барымтамаға 
ҧшыраған 
жылқыларының  жартысын  ғана  қайтарып  алады.  Кенесары  мен  Қожық 
арасындағы  кикілжың  осыдан  басталып  1843  жылы  Кенесары  қолы  Уақ 
болысының  жылқыларына  тағы  да  барымта  жасайды.  Омбы  мҧрағатынан 
мҧны анықтайтын қҧжат табылды. 
Қор-3, тізбе - 72, іс – 17708. 
«Ведомость  лошадей  угнанных  в  1843-1844  г.  у  Киргиз  Аман-
Карагайского,  Акмолинского,  Кокчетавського  округов  хищными  киргизами 
мятежного  султана  Кенесары»  -  деген  қҧжат  бар.  Осы  қҧжат  бойынша 
Бидалы Уақтың старшинасы Есенғҧл Қҧлмешеков, билері – Қожық Мақашев, 
Байғҧртбаев    басқарған  болысының  бірінші  Август  1841  жылы  2005 
жылқысын,  Еменәлі  Керей  болысының  2021  жылқысын  Кенесары  қолы 
барымталап кеткен.  (Жоғарыдағы  аталған істің 21 бетінде)  Аталған істің  23 
бетінде былай жазылған. 
 
Командиру Отдельного Сибирского Корпуса 
Господину генералу Инфантерии и Кавалеру 
князью Горгакову второму 
Состоящего в должности Пограничного 
начальника Сибирских Киргизов 
полковника Вишневського. 
Рапорт. 
В последствие предписания Вашего сіятельства от 21 августа 1841 года 
№ 3939, имею честь донести, что имения, отбитье в аулах мятежного султана 
Кенесары Касымова и назначенное в вознограждение Киргизам роздано все 
по  назначению,  кроме  только  вещей  (ценюю  на  303  баранов)  назначенных, 
Аман-Карагайского  округа  бию  Код  жуку  Макачеву  и  старшин  Исенгулу 
Кулмешекову, за не прибытием их для получения в Кокчетавський приказ, о 
посптышнейшей высылкть ко их делано надлежащее распоряжение, отьих же 
веших, которые розданы, имеются подлинная расписки получателей 

 
99 
Полковник Вишневський. 
№494. 8 марта 1845 года. 
г. Омск. 
Бҧл  қҧжат  Қожық  Мақашевтің  ӛмірдеректерін  анықтауда  кӛп  жаңалық 
ашты.  Біріншіден,  кӛркем  әдебиетте  жазылып  жҥргендей  ҧры  ғана  емес, 
Бидалы  Уақтың  ел  билеген  биі  болғанын  анықтаса,  екіншіден  патша 
ҥкіметінің  қуғынына  ҧшырап,  итжеккенге  тоғыз  баласымен  бірге  жер 
аударылғанын терiске шығарады. Қайта қамқорлық жасағанын анықтайды. 
 
Омбы  облыстық  мҧражайынан  ӛңіріміздің  ХІХ  ғасырдағы  тарихына 
орай алынған қҧнды қҧжаттың бірі – Кӛкшетау болысы барымташыларының 
Бидалы Уақ елінің жылқыларын айдап әкеткені туралы қылмыстық іс болды. 
Ҥшінші қор, ҥшінші тізбе, 2133 іс, 16-17 бетте басылған бҧл қҧжаттың 
мазмҧны тӛмендегідей. 
Кӛкшетау  болысының  8  адамы  Бидалы  Уақтың  55  жылқысын  барымта 
жасап  бір  тҥнде  айдап  әкетеді.  Бидалы  Уақтың  старшинасы  Есенғҧл 
Қҧлмешеков  және  Қожық  басқарған  қуғыншылар  арасында  ҧрыс  болады. 
Осы  ҧрысқа  қатысқан  Еменәлі  болысының  атақты  адамы,  Тоқсан  би 
Жабайҧлының баласы Мҥсәпір Тоқсанов ауыр жараланады. Барымта жасауға 
арнайы  дайындалып  келген  барымташылар  қуғыншыларды  жеңіп, 
жылқыларын айдап әкетеді. 
Бҧл іс бойынша сол кездегі Уақ руының старшинасы Тайпақ Сапулатов 
Батыс  Сібір  Шегара  комиссиясына  арыз  жазғаны  туралы  осы  қҧжатта 
жазылған.  Оның  қалай  шешілгені  туралы  мәліметті  кезедстіре  алмадық. 
Қҧжат 1863 жылы толтырылған. 
Бҧл  қҧжаттың  біздің  ӛлкеміздің  тарихына  байланысты  қҧндылығы  – 
Есенғҧл  Қҧлмешеков,  Мҥсәпір  Тоқсанов,  Тайпақ  Сапулатов  сияқты  ХІХ 
ғасырда ӛмір сҥрген облысымыздың атақты тҧлғалары жайлы дерек береді. 
Есенғҧл Қҧлмешеков Бидалы Уақ атасының старшинасы, қажы, кӛрнекті 
адам. Бидалы Уақ жайлы оқиғаларда жиі айтылатын тарихи тҧлға, «Арқаның 
арыстаны» аталған Қозыбай шешенді бала  қылып асырап алған адам. 
1822  жылы  қазіргі  Благовещенка  селолық  округі,  бҧрынғы  Маманай 
ауылында  туған  Қозыбай  шешеннің  (1822-1906)  туған  әкесі  –  Сегіз  серінің 
ағасы Нәупіл. Нәупіл мен шешесі Ғалым ерте қайтыс болып, Қозыбай шешен 
жас  кезінен  нағашысы  Есенғҧлдың  тәрбиесінде  болады.  Сондықтан  кейбір 
деректерге  Қозыбай  Есенғҧлҧлы  болып  жазылып  жҥр.  Уақ  шежіресін 
ӛлеңмен жазған Зағидолла Қауменҧлы ақын (1890-1989) былай деп жазды. 
 
Кіші жҥзде шектіге кҥйеу екен. 
Уақты Бидалыға жиен екен
Қозыбай ӛзін солай таныстырды 
Қызылжар аймағының керейі екен 
Бала боп нағашысы Есенғҧлға, 
Уаққа жас кезінен сіңген екен. 
 

 
100 
Бидалы Уақ ішінде Есенғҧлдың шежіресі былай таратылады. 
Қҧдайқҧл – Қожантай – Базаркелді – Қарамырза, Жалмырза, Жанбақсы; 
Жалмырзадан  –  Қҧлмешек  –  Есенғҧл;  Жанбақсыдан  –  Биболай  (Жамбыл 
ауданының әкімі Нҧрлан Тӛлеуҧлының атасы). 
Жоғарыдағы қҧжатта аталған тағы бір тҧлға Мҥсәпір Тоқсанов. Мҥсәпір 
атақты  шешен  Тоқсан  би  Жабайҧлының  баласы.  Тоқсан  биден  екі  бала 
туады,  ҥлкені  –  Доғалақ,  екіншісі  –  Мҥсәпір.  Доғалақтан  ҧрпақ  жоқ. 
Мҥсәпірден  Шӛкібай  атты  бала  қалып,  ҧрпағын  жалғастырды.  Шӛкібайдың 
Жаналы  атты  баласының  ҧрпақтары  Ресей  елінің  Тҥмен  облыстарында 
тҧрады.  Мҥсәпір  Тоқсанов  туралы  «Тоқсан  би»  (Авторлары  Қ.Мҧқанов, 
С.Жҧмабаев.  2001  жыл.  Қызылжар  баспаханасы)  кітабында  жазылған 
болатын.  Алдағы  уақытта  осы  жолы  мҧрағат  қҧжаттарынан  алынған  тың 
деректермен  толықтырылатын  болады.  Осы  қҧжатта  аталған  тағы  бір  ірі 
тҧлға – Тайпақ Сапулатов. Тайпақ Сапулатов 1840 жылдары Шоғалақ-Самай 
болысының старшинасы болған. Бидалы Уақтың жылқысы барымтаға тҥскен 
уақытта  Қҧсмҧрын  дуанының  кеңесшісі  болып  істеп  жҥрген  уақытта 
болатын.  Батыс  Сібір  Губерниясының  сотында  Бидалы  Уақтың  жылқысын 
даулап  дуан  атынан  Тайпақ  Сапулатов  пен  ҧрланған  жылқылардың  иесі 
болып  Есенғҧл  Қҧлмешеков  қатысып,  ҧрланған  жылқыларды  қайтарып 
алады. 
 
МАҚАШ ҚҦЛА 
 
Қазақтың ғасырлар бойғы тҧрмыс-тіршілігіндегі жылқы малының қадыр 
– қасиетін аз сӛзбен айтып жеткізу қиын. Батырлар жарындағы Алпамыстың 
Байшҧбары,  Қобыландының  Тайбҧрылы,  Қамбар  батырдың  Қарақасқа  аты, 
ертегідегі  Кендебайдың  Керқҧласы,  кешегі  Ақан  Серінің  қҧлагері  сияқты 
тҧлпарлар  қазақ  халқының  алуан  тҥрлі  жырларына,  ертегілеріне,  ән  - 
кҥйлеріне  арқау  болды.  Елді  мекендерге,  жер  –  суларға  атау  болып 
қалғандары қаншама. Солардың бірі кӛрші Омбы облысы, Есілкӛл ауданына 
қарасты «Қасқа ат», «Торы ат» ауылдары. «Торы ат» ауылы кейінгі жылдары 
тарап  кетті.  Бҧл  екі  ауылдың  Қожаберген  батыр  жыраудың  Қасқа  аты  мен 
Торы  атының  атымен  аталғаны  туралы  жазған  болатынбыз.  («Солтҥстік 
Қазақстан» газеті). 
ХІХ  ғасырдың  екінші  ширегінде  ҥш  жҥзге  жататын  елдерге  аты 
жайылған  сәйгҥліктердің  бірі  «Мақаш  қҧла»  деп  аталып  кеткен  бәйге  аты 
болыпты.  Жоғарыда  жазылғандай  Мақаш  атақты  жерлес  жазушыларымыз 
Сәбит  Мҧқанов  пен  Ғабит  Мҥсірепов  шығармаларында  барымташы,  озбыр 
адам бейнесінде суреттелетін Қожықтың әкесі.  
Мақаш қҧла қара жал, қара қҧйрық, маңдайында жҧлдыздай қасқасы бар, 
тӛрт сирағының бірдей ағы бар, қҧлан тҧяқ, сҧлу мҥсінді, ерекше жаратылған 
жылқы  болыпты.  Ҥш  жҥзге  аты  жайылған  бҧл  сәйгҥлікке  бас  бәйгені  орта 
жҥз елінде кӛбіне шаппай береді екен. 

 
101 
Табиғатында  момын,  ӛз  шаруашылдығымен  ғана  айналысатын  Мақаш 
Қасаболатҧлы  ҥлкен  байлықты  кӛп  жылқыны  осы  сәйгҥлігінің  бәйгесімен 
жинаған екен деседі.  
Атақты  тарихшы  Ермҧқан  Бекмахановтың  деректері  бойынша  1937 
жылы  Кеңесарының  апасы  Бопай  ханшадан  бҧрын  інісі  Ержан  Саржанов 
Мақаштың  1300  жылқысын  айдап  әкетеді.  Айдалған  жылқылардың  ішінде 
«Мақаш қҧла» бәйге аты  бірге кетеді. Осы  арада бҧрылыс жасап, Кенесары 
қҧрған қазақ хандығының ел билеу жҥйесі туралы айта кетейік. Қандай ғана 
мемелекеттік  қҧрылым  болмасын  иелігіндегі  халықтан  салықтық  тӛлем 
алады.  Салық  уақытында  тӛленбесе  тиісті  заң  арқылы  айыппҧл  салынады. 
Кенесары хандығы байларға салықты малдай, оның ішінде кӛтерілісшілердің 
мінуі  ҥшін  жылқы  малымен  салған.  Қатты  шығынға  ҧшырап  қалса,  сол 
шығынның  салығын  қоса  салған.  (Бҧл  салықтарды  «жасақ»  салығы  деп 
атаған. Орыс отаршылдары да осы сӛзден шығарып, салықтарын «ясак» деп 
атаған)  әрине,  қазақтың  барлық  байлары  бҧл  салықты  уақытында,  тӛлей 
бермеген,  кейбіреулері  тӛлеуден  бас  тартқан.  Осындай  жағдайда  Кенесары 
қолы  салық  тӛлемеген  байдың  барлық  жылқысын  барымталап  айдап  әкетіп 
отырған.  Бірақ  алдын  ала  осындай  уақыт  ішінде  тӛлеуге  тиісті  жасақты 
тӛлемесең, барымтама жасап барлық жылқыңды айдап әкетеміз деп хабарлап 
отырған.  Барымталанған  жылқының   хан  ордасына  тӛлеуге  тиісті жылқыны 
алып қалып, басқасын иесіне қайтарып отырған.  
Кенесары ханның бас батырлары Ағыбай мен Жанайдар Мақаш байдан 
барымалап  әкелген  1300  жылқыларды  аралап  жҥріп,  екеуінің  кӛзі  басқа 
жылқылардан  ерекше  Мақаш  қҧлаға  тҥседі.  Екеуі  де  кӛп  жылқыдан  жауға 
шабар жҥйрік ат іздейді. Жанайдар батыр жылқы танитын атбегі адам болса 
керек, Ағыбайға Мақаш қҧланы кӛрсетіп:  
-
 
Ағатай  –  ай!  Мына  қҧланы  маған  қиыңызшы,  тірі  жҥрсем 
жақсылығыңды бір қайтарармын, - дейді.  
Жанайдардың Ағыбайды «ағатай» дейтіні екеуі Арғын руынан, Ағыбай 
Арғынның  Шҧбыртпалы  атасынан  болса,  Жанайдар  Сҥйіндік  Арғынның 
Тӛртҧлынан  тарайды.    Ағыбайдың  жасы  ҥлкен.  Екеуі  аға  –  іні  болып 
сыйласып жҥрген адамдар. Екеуі де Кенесары хан кеңесінің мҥшесі болсада, 
Ағыбай  бас  кеңесшісі  еді.  Ӛзі  қызығып  тҧрса  да  сыйлас  інісінің  кӛңілін 
қайтармай, Мақаш қҧланы Жанайдар Орынбайҧлына береді.  
Бірде  кіші  жҥз  елінде  Орта  жҥз  бен  кіші  жҥздің  атақты  адамдары 
қатысқан ҥлкен той болып, бәйге жарысы болады. Бәйге жарысына орта жҥз 
бен кіші жҥздің бас бәйгені бермей жҥрген атақты сәйгҥліктер қатысады.  
Осы  уақытта  кіші  жҥз  елінде  жҥрген  Сегіз  сері  ӛзінің  бәйге  аттары 
Ханкҥреңі  мен  Байшҧбарын  бәйгеге  қосады.  Жанайдар  Мақаш  қҧланы 
сынамақ  болып, бірінші рет осы бәйгеге  қатыстырады.  Екі  жҥзден  астам ең 
жҥйрек  деген  сәйгҥліктер  қатысқан  бәйгенің  алдында  Жанайдар  батыр 
иелігіндегі  Мақаш  қҧла  бірінші  болып  келеді.  Бҧл  сияқты  дҥбірлі  бәйгенің 
алдында ҥнемі бірінші келіп жҥрген Сегіз серінің Ханкҥреңі мен Байшҧбары 
екінші,  ҥшінші  болып  келеді.  «Уай,  шіркін,  жануарларым  –  ай,  қартайған 
екенсіңдер» - деп Сегіз сері бҧған ренжіп қалады. Жанайдар батыр да ӛзінің 

 
102 
қосқан  атының  бірінші  келгеніне  ренжімесе  қуанбайды.  Ӛйткені,  Сегіз  сері 
мен  Жанайдар  жан  аяспайтын  дос  екен.  Қандай  ғана  той  –  думан  болсын, 
Сегіз сері ӛнерімен,  балуандар кҥресі болса кҥшімен бірінші орында болса, 
бәйге  жарысында  жоғарыда  аталған  екі  аты  ҥнемі  алда  келетін.  Сегіз  сері 
сияқты  ел  ардақтаған  досының  кӛңіліне  қаяу  тҥсіртіп  алған  Жанайдар: 
«Қымбатты  досым,  бҧл  сәйгҥлік  саған  ғана  лайықты,  сыйлығымды  қабыл 
ал,»  -  деп  аттың  жҥген  тізгінін  Сегіз  серіге  ҧстатады.  Сегіз  серінің  иелігіне 
ӛткен  Мақаш  қҧла  талай  рет  бас  бәйгені  алып  жҥреді.  Ӛзінің  бәйге 
қҧласының  Кенесары  қолынан  кетіп,  ӛз  елінің  батыры  Сегіз  серіге 
бҧйырғанын естіген Мақаш қария: «Менің Бәйге қҧлам ӛз иесін тапқан екен. 
Сегіз  серінің  астында  жҥргеніне  қуаныштымын.  Бәрімізде  Керей  –  уақтың 
баласымыз ғой. Бәйге қҧла оған қҧт болсын», - деп, Сегіз серіге хабар салады.  
Сегіз  сері  ӛзінің  бәйгеге  салып  жҥрген  бәйге  қҧласының  Мақаш 
Қасаболатҧлының  «Мақаш  қҧласы»  екенін  білмепті.  Кенесарының 
барымтамаға алған жылқыларның бірі ғой деп ойлап, атақты Мақаш қҧламен 
бәйгеге  қатар  салудың  сәтін  кҥтіп  жҥрсе  керек.  Сегіз  сері  Мақаш  пен  де 
достық  қатынаста  болып,  жасы  ҥлкен  аға  ретінде  қатты  сыйлайды  екен. 
Мініп  жҥрген  бәйге  қҧласының  Мақаш  қҧласы  екенін  естіген  ол:  «Қҧдайға 
шҥкір,  бәйге  аттың  бірнешеуі  ӛзімде  бар.  Сӛйте  тҧра  біреудің  маңдайына 
басқан сәйгҥлігін иемденіп алғаным жарамас. Онан да жҥйрігін ӛзіне табыс 
етіп, қадірлі ақсақалдардың бірі Мақаш қажының ақ батасын алайын,»  - деп 
ең  жақын  жолдасы  Ниязбен  ақылдасады.  Кінәлі  болмаса  да  ат  –  шапан 
айыбым  деп,  Мақаш  қҧланың  жанына  тағы  бір  жҥйрікті  байлап,  Мақашқа 
арнайы  кісіден  беріп  жібереді.  Жҥйрігі  қолына  тиген  Мақаш  ауылында  той 
жасайды.  Сегіз  серіге  риза  болып,  3-4  жігіт  әзер  кӛтеретін  таза  жібектен 
тоқылған Парсы кілемін бәйге әкелген жігіттен беріп жіберіпті. Бҧл кілемді 
Мақаш  Бидалы  Уақтың  болысы  болып  тҧрған  уақытында  бір  ҥйір  жылқыға 
Тәжікстанның  Ходжент  (Кеңес  дәуірінде  Ленинабад  қаласы  атанған) 
базарынан  ӛзінің  жас  кезінде  сатып  алған  екен.  Сегізге  риза  болғандығы 
сондай  ең  қымбат  дҥниесін  тарту  етіпті.  Сегіз  сері  жҧмсаған  жігіттің  есімі 
Сәлім  екені  Сегіздің  зайыбы  Ырысбикенің  жоқтау  ӛлеңінде  сақталып 
қалыпты.  Сәлім  әкелген  бҧл  кілемді  ҥлкен  болғандықтан  Ырысбике  тӛртке 
бӛліп, жиектерін асл матамен жиып, тӛрт кілем жасапты. Осы тӛрт кілемнің 
біреуі  Сегіздің  екінші  баласы  Мҧсайыннан  туған  немересі  Нҧрмҧхамедтің 
ҥйінде 1930 жылдарға дейін сақталып келген. (Айымжан ауылында). 
Қайтқан  малдың  қайыры  болып,  бәйге  қҧла  қолдарына  тиген  Қазыбек, 
Мақаш, Қасаболат ҧлдары кезекпен бәйгеге қосып, ылғи бас бәйгені алып, аз 
уақытта дәулетті байлардың қатарына қосылыпты. 
Жоғарыда  жазғандарымызға  дерек  орнына  Мҧсайын  ақын  Сегіз 
серіҧлының  «Жанайдар  сардар»  атты  толғауынан  ҥзінді  келтірейік.  Бҧл 
ӛлеңнен Уәлі ордасы мен Мақаш ауылын Бопай ханша мен Жанайдар батыр 
бірге шапқанын байқауға болады. 
 
Мың сарбазды бастап кеп, 
Бидалы Уақ Қожық (Мақаш) пен 

 
103 
Уәлінің шапты ауылын 
Хан бҧйрығын орындап, 
Жылатқан қазақ қауымын. 
 
Осындай бір ретсіз 
Жанайдар да іс қылды 
Кінәсі жоқ Қожыққа 
Тым орынсыз кҥш қылды. 
 
Тартып мінді Мақаштың 
Ҥш жҥзге мәлім қҧласын. 
Кӛрсетті қҧдай кӛзіне 
Шапқыншының кҥнасын. 
 
Қожықты шапқан жақпады, 
Жанайдарға ханға да 
Ажал келді ҧзамай 
Малына да жанға да. 
 
Екеуінің сол шақта 
Екі бірдей ҧлы ӛлді. 
Қапияда ӛрт шығып 
Індет тарап, мал ӛлді. 
 
Кене ханға жақпады 
Елге жапқан жаласы. 
Жақсы ҧлынан айырылды 
Қожықтың соғып наласы. 
 
Бес жасар сәби ҧлы ӛліп 
Жанайдар іші ӛртенді. 
Шаппасқа шын бел буды 
Бҧдан былай еш елді. 
 
Орындамасқа лаж жоқ 
Кене ханның бҧйрығын. 
Екі жыл мінген Жанайдар 
Қожықтың қҧла жҥйрігін. 
 
Бір жорықта кездесіп 
Әкеміз Сегіз серіге. 
Сыйға тартқан қҧланы 
Жомарттықпен кӛріне. 
 
 

 
104 
Жанайдардың сыйлығын 
Әкеміз қабыл етіпті. 
Алған соң қҧланы аз мініп 
Мақашқа табыс етіпті. 
 
Сегіз сері әкеміз 
Мақашқа атын табыстап 
Ат мініп, ішік киіпті 
Иесінен алғыс ап. 
(Мҧсайын ақын Сегіз серіҧлы (Жанайдар сардар») 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет