Социал Жҧмабаев есеней естелігі



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10151
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 
 
Қазақ халқының ХІХ ғасырда ӛмір сҥрген ел қорғаны-батырлары мен игі 
жақсыларының бірі – Ер Есеней Естемесҧлы. 
Ер Есенейдің биік адамгершілік иесі екенін, ел қорғаны болғанын екінің 
бірі  біле  бермейді.  Ӛйткені,  оны  кейбір  жазушы  ӛзінің  шығармаларында 
Қодар бейнесінде дҥлей кҥштің иесі етіп және ҥстем таптың зорлықшыл ӛкілі 
ретінде  оқырмандарға  қҧбыжық  етіп  кӛрсетті.  Енді  бір  жазушы:  «Қолына 
топтан  ҧры  ҧстайтын,  бықыған  малы  кӛп  Ашамайлы  керейдің  байы 
Есеней...»-деп,  ол  да  Естемесҧлын  елге  қолайсыз  кісі  етіп  кӛрсетіп,  ӛз 
шығармасында шындыққа жанаспайтын сӛздерді жазды. 
Кешегі  Кеңес  дәуірінде  Қазан  тӛңкерісінен  бҧрынғы  кезеңде  ел 
басқарған адамдарға дҧрыс баға берілмеді, олардың ақыл иелері болғандығы 
еске  алынбады.  Себебі,  олардың  бәрі  қанаушы  таптың  ӛкілдері  саналды. 
Билер  мен  бектер,  батырлар,  мырзалар  тҥгел  жыртқыш,  мейірімсіз, 
қанаушылар  атанды.  Шындығында  олар  солай  ма?  Бҧлардың  жақсы  істері 
аталмай  қалды,  ақты-қарасы  тексерілмеді.  Билердің  кӛпшілігінің  кедей 
немесе  орта  шаруалардың  ӛкілдері  екендігі  де,  әділдік  қасиеттері 
есептелмеді. 

 
57 
Жыртқыш  деп  халық  ел  шапқыш  содырларды  немесе  кісі  ӛлтіргіш 
қанішерлерді,  ел  ішінде  бҧліншілік  жасаған  бҧзықтарды,  немесе 
тонаушыларды, қайырымсыз, қара жҥрек қарақшыларды, немесе әрдайым кез 
келген  кісілерді  алдап,  әкім  қылған  алаяқ  қуларды,  немесе  кісі  еңбегін 
бермейтін сараң, қара ниет байларды атағаны кімге болса да белгілі жайт. Ал, 
есігі  ашық,  дастарханы  кҥні  бойы  жиылмайтын  меймандос,  ғарыптерге 
қысылғанда  қол  ҧшын  берген  жомарт,  ғашықтарға  азаттық  әперген  әділ, 
қамқоршы бектерді жыртқыш, қанаушы, зорлықшыл деуге болмайды. Біз сӛз 
еткелі  отырған  Есеней  де    заманында  елге  қайырымды  бектер  мен 
батырлардың бірі болғандығы шежіре деректерінен және сол дәуірдегі ақын-
жыраулардың  ӛлең-жырларынан  кӛпке  мәлім.  Әрине,  Есенейдің  де  аздаған 
пендешілігі  болыпты.  Бірақ  соған  қарап,  оның  жҧрт  ҥшін  сіңірген  кӛп 
еңбегін,  атқарған  игілікті  істерін,  ел  қамқоры  болғанын  жоққа  шығаруға 
болмайды. 
Әуелі Сібір қазақтарының шорасы боп 1819-1824 жылдары ел басқарған 
кезінде,  кейін  1859  жылдан  бастап,  он  шақты  жыл  Батыс  Сібір  генерал-
губернаторына  Бас  кеңесші  боп  он  дуан  елдің  ҥстінен  қараған  уақытында 
«Есенейді  қарадан  хан  болды»,-деп,  халық  Есеней  хан  деп  атапты. 
Естемесҧлын 
Батыс 
Сібір 
мҧсылмандарының 
Марал 
ишанның 
басшылығымен  жер-су  ҥшін  болған  Ресей  отаршылдарына  қарсы  азаттық 
кҥресіне  белсене  қатысқандығы  ҥшін,  сонда  ҥлкен  ерліктер  жасағаны  ҥшін, 
кейін  тонаушылардан,  барымташылардан  елдің  жылқы-тҥйесін  бірнеше  рет 
айырып,  иелеріне  қайтарып  бергені  ҥшін,  қазақ,  татар,  башқҧрт  халықтары 
оны Ер Есеней деп атаған екен. 
Сонымен қатар, Есеней сӛзді тауып сӛйлейтін, шындықты жасырмайтын 
турашыл  адам  болыпты.  Мысалы:  Естемесҧлының  тҧғырдан  тайып, 
науқастанып  қалған  шағында,  яғни  1869  жылы  қыркҥйек  айының  басында 
ӛзіне  сәлем  ере  келген  Орта  жҥз  Қуандық  Арғын  Шоң  Гиелғазыҧлы  (1828-
1902  жж.)  болыстың  мейман  боп  отырып,  ӛзіне:  «Батыр  әке,  сізді  ел  ата-
анасынан  бала  жігіт  кезінде  қалған  дейді.  Соған  қарағанда  билікке  ерте 
араласуыңызға себепші адамдар болған ғой, сірә?»-деп, сауал қойғанда, оған 
Есеней:  «Батаны  Тіленші,  Нашан,  Киікбай  берген,  батырлықты  марал  ишан 
мен  Баһрам  берген,  бақытты  Итіке,  Тоқсан,  Маманай  берген,  тақытты 
Шақшақ берген. Ісімді Алла қолдай берген! Ар жағын балам, енді ӛзің тҥсіне 
берерсің!»-депті.  Расында  осы  есімдері  аталған  ардагерлер  Есенейді  ел 
басқаруға да, қол басқаруға да баулыған екен. Есенейге тәлім тәрбие берген 
бҧл  тоғыз  кемеңгердің  ешбірі  де  алыс  жердің,  я  болмаса  басқа  тайпаның 
адамдары    емес.  Солай  бола  тҧрса  да,  Есенейге  ҧстаз  болған,  жоғарыда 
аттары  аталған  ел  жақсыларының  бірі-Киікбай  Айтуғанҧлы  шешенді  соңғы 
жылдары  кейбіреулер  ӛздерінің  еңбектерінде  Батыс  Қазақстанда  туған  етіп, 
елін  Кіші  жҥз  етіп  кӛрсетіп,  бҧрмалап  жазып,  оқырмандарды  басқа 
шатастырып  жҥргенін  айтуға  міндеттіміз.  Асылында  кімге  болса  да,  ӛзі 
білмейтін мәселеге араласудың  ешбір  қажеті  жоқ  деп білеміз!  Себебі  соңғы 
жиырма  жыл  ішінде  бір  тайпаның  жақсы  адамың  екінші  бір  тайпанікі  етіп 
кӛрсету, немесе бір тайпалық одақтың руын екінші бір тайпалық одақтікі ете 

 
58 
салу  әдетке  айналып  кетті.  Мҧның  ӛзі  оқырмандарды  шатастыруға  әкеп 
соққанын 
жасыруға 
болмайды. 
Орта 
жҥздің 
даугері 
ретінде 
барымташылардан есе алып қайту ҥшін, немесе кеткен жесірді қайтарып алу 
ҥшін Киікбай Кіші жҥзге барса барған шығар. Бірақ оның елі – Кіші жҥз емес 
те,  туған  жері  –  Батыс  Қазақстан  емес,  Киікбай  Айтуғанҧлының  елі  –  Орта 
жҥз Ашамайлы керей, оның ішінде Еменәлі, оның ішінде Таз атасы, ал туған 
жері  –  Қызылжар  аймағы  (Солтҥстік  Қазақстан  облысы).  Сол  сияқты 
Есенейді  шыңдаған  қалған  сегіз  кемеңгер  де  Қызылжар  аймағындағы  Орта 
жҥз  Керей  елінің  адамдары.  Біз  мҧны  рушылдықпен,  я  болмаса 
жерлесшілдікпен айтып отырған жоқпыз. Шындық ҥшін айтып отырмыз. 
Біз  сӛз  етіп  отырған  Есеней  1798  жылы  –  Ҧлу  жылы  наурыз  айында 
қазіргі  Солтҥстік  Қазақстан  облысының  орталығы  –  Қызылжар 
(Петропавловск)  қаласына  таяу  жердегі  ежелгі  ата  мекені  –  Бескӛл  деген 
қоныста  тҧратын  Орта  жҥз  Ашамайлы  керейдің  Сибан  руына  жатын 
Қошқарбай батыр ауылында Естеміс мырзаның шаңырағында дҥниеге келіп, 
аталмыш облыстың Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылының тӛңірегіндегі 
Бҥркеу  деп  аталатын  соңғы  қонысында  ауырып,  1871  жылы  –  қой  жылы 
желтоқсан  айында  қайтыс  болыпты.  Елі  оның  сҥйегін  сол  арадағы  Жәнібек 
батыр  бейітіне  жерлепті  (Керей  шежіресі  бойынша).  Есенейдің  туған  жері, 
туған  жылы,  руы,  ауылы  архивте  де  осылай  жазылған.  Есенейдің  ата-анасы 
да,  ағайын-туғандары  да,  бірнеше  ата-бабасы  мен  әже-апалары  сол 
Бескӛлдегі Ескі Керей бейітіне жерленген. Сол Ескі Керей бейітіне 1745-1752 
жылдары аралығында қайтыс болған Уақ, Атығай елдерінің де, адамдарының 
біразы жерленіпті. Қызылжар маңынан Керей ауылдарының алыстап кетуіне 
1826  жылы  жазда  Ресей  патша  ӛкіметі  отаршыларының  Қызылжар 
тӛңірегіндегі,  Қызылжар  мен  Мәуліт  аралығындағы  жерлерді,  Мырзаағаш 
(Соколов ауданы жерінің қазақша атауы) жерін ӛз именнелеріне айналдыруы 
себепкер болыпты (архивте, шежіреде бар). 
Есенейдің  әкесі  Естеміс  балуан  Сейітҧлы  ӛз  тҧсында  Ашамайлы 
керейдің  басты  адамдарының  бірі  болыпты.  Оған  атақты  әнші-ақын,  сазгер 
Сегіз серінің «Ер Есеней» атты тарихи толғауында мына шумақтар да дәлел 
бола алады: 
 
Орта жҥздің ішінде 
Ашамайлы керейде. 
Қатарының алды боп, 
Бӛленген жан мерейге. 
 
Балға батыр¹ ҧрпағы, 
Заманының сҧңқары –  
Есеней ердің бабасы 
Әрі де ӛткен Ақпанбет, 
Жауға тиген болып ӛрт. 
 
 

 
59 
Бергі атасы Сейіт би 
Ӛз тҧсында болған бек 
Ӛз әкесі Естемес, 
Ел жақсысы, ғадыл ед! 
 
Бҧдан  Есенейдің  ата-бабаларының  тәуір  ел  қорғаны-батыр  адамдар 
болғанын  кӛреміз.Ал,  Есенейдің  анасы  Ақжәми  –  ХҤІІІ  ғасырдың  тӛртінші 
ширегінде,  яғни 1773-1775  жылдары  және 1783-1797 жылдары  отаршылдық 
езгіге қарсы бағытталған Кіші жҥз қазақтары шаруаларының кӛтерілістерінің 
кӛсемі Сырым Датҧлы батырдың (1712-1802 жж) қызы екенін екінің бірі біле 
бермейді. 
Сонымен  қатар,  Есенейдің  әкесі  Естемес  те,  атасы  Сейіт  те  Меккеге 
хажылыққа  барып  қайтқан  екен.  Сейіт  пен  оның  баласы  Естеместің  хажы 
болғандығына  Сегіз  сері  ақынның  «Ер  Есеней»  атты  дастанындағы  мына 
шумақ та дәлел болады: 
 
Әкесі де атасы 
Есенейлердің хажы еді. 
Сибан керей ішінде. 
Басқа атадан аз еді. 
 
Әкесі  Ақпанбет  батырдан  ҥш  жасында  жетім  қалған  Сейіттің  жастық 
шағы  нағашы  жҧртында  ӛтіпті.  Сейітті  жігіт  болған  кезінде  немере  ағасы 
Бесбай Тоқпанбетҧлы мен Балта керей Ермҧхаммед Тҧрсынбай батырҧлы 
 
¹
Балға батыр – Сибан керейдің тҥпкі атасы, Балғаның әкесі – Танаш би – Ақ Орданы гҥлдеткендердің 
бірі екен.
 
 
Байбақты  елінен  кӛшіріп  әкеліпті.  Қурай  емген  тҧқымы  деп  аталатын  кӛп 
жылқы біткен Сейіт қыдыр дарыған бай болыпты. 
Сейіт  ӛзінің  Естемес,  Есіркеп  атты  екі  баласын  әуелі  Қажым  деген 
молдадан  оқытып,  одан  кейін  Қызылжардағы  Шақшақ  шора  медресесіне 
оқуға  беріпті.  Сейіт  мырза  екі  баласын  әрі  қарай  оқытпақшы  болыпты.  Ол 
Қызылжар, Омбы шаһарларының базарларына келіп жҥрген, сауда саттықпен 
айналысатын  Қоқан,  Хиуа,  Бҧхар  хандықтарының    саудагер  байларымен 
танысып, олармен жақсы араласып, дос боп кетіпті. Енді сол достықты Сейіт 
Шақшақ шора медресесін тамам еткен екі ҧлын оқыту ҥшін пайдаланады. Ол 
Естемес  пен  Есіркепті  Ҥргеніштегі  достарының  ҥйіне  қойып,  сондағы 
медересеге  оқуға  береді.  Әке  ҥмітін  ақтап,  Естемес  те,  Есіркеп  те  Ҥргеніш 
медересін жақсы оқып, бітіреді. Есіркеп молда боп Шақшақ шора медересіне 
ҧстаз боп орналасып, балаларға дәріс береді. Ал, Естемес ірі балуан болыпты. 
Сонымен бірге ол Сибан керейді билепті. Естемес Ресей отаршылдармен жер 
су  мәселесінде  тартысқа  тҥскен  кісілердің  бірі  бопты.  Қазақ  пен  орыс 
қатынасына  байланысты  1794  жылғы  24  желтоқсандағы  оқиғада  Сибан 

 
60 
керейдің басшысы ретінде Естемес Сейітҧлының есімі аталады (Бҧл жайында 
архивте дерек бар). 
Есеней  жас  бала  кезінде  ауыл  молдасынан  оқып,  хадимше  хат  танып 
діни  білім  алыпты.  Осы  арада  бір  ескерте  кететін  мәселе  былай:  Естемес 
хажы  ӛз  балаларын  кезінде  ӛзі  оқып  тамам  еткен  Шақшақ  шора
2
  медресесі 
мен  Ҥргеніш  медересінде  оқытуды  дҧрыс  кӛріпті.  Сондықтан  ол  Есенкелді, 
Есеней  атты  ҧлдарын  Қызылжардағы  1767  жылы  ашылған  ескі  оқу  орны  – 
Шақшақ шора медересесіне оқуға береді. 
Есеней  ағасы  Есенкелді  сияқты  аталмыш  медереседе  жақсы  оқып 
хадимше сауатын жетілдіріп, терең діни білім алып, араб, парсы, кӛне тҥрік 
(шағатай) тілдерін ҥйренеді. 
Сондай-ақ, Естемесҧлы Қызылжар шаһарындағы Шақшақ медересесінде 
оқып жҥргенде, кӛрші тҧратын татар, орыс балаларымен бос уақытында бірге 
ойнап жҥріп, татарша, орысша сӛйлеуді жақсы меңгеріпті. 
Естемес мырза Шақшақ би медересесін жақсы оқып тамамдаған баласы 
Есенейді  Ҥргеніштегі  ӛзі  оқып  бітірген  медересеге  апарып,  оқуға 
орналастырыпты. Есеней Ҥргеніш медересесін жақсы оқып, тамам етіп, онда 
діни  білімін  толықтырып,  араб,  парсы,  кӛне  тҥрік  тілдерін  жетік  біліп 
шығады. 
Әке ӛсиетін орындамақ болған Есеней 1815 жылы – доңыз жылы жазда 
Ҥргеніш медересесін тамам етіп келген соң, Батыс Сібір мҧсылмандарының 
(қазақ, башқҧрт, татарлардың) Ресей патшасы ӛкіметінің рҧқсатынсыз ӛздері 
сайлаған Бас мҥфтиі – Марал ишан Қҧрманҧлына арнап барып, сәлем беріп, 
оған  мҥрид
3
  болыпты.  Сӛйтіп,  Естемесҧлы  1815-1819  жылдары  Нҧрымбет 
керей Марал ишан бастаған Батыс Сібір мҧсылмандарының дін ҥшін, жер-су 
ҥшін,  ел  бостандығы  ҥшін  Ресей  патша  ӛкіметі  отаршыларының  қарсы 
бағытталған ғазауатына (халық-азаттық қозғалысына) белсене қатысыпты. 
 
2
Шора  -  әуелде  сот  деген  мағынаны  білдіретін  сӛз  болса,  кейін  аймақ  билеушісі  деген  мағынада 
қолданылған сӛз.  
3
Мҥрид – діни шәкірт. 
 
Ол  қатардағы  жауынгер  болып,  соғысқа  қатысқан  кҥннен  бастап,  ерліктер 
кӛрсетіп,  ақырында  жҥзбасы  деген  әскери  атақ  алады.  Есеней  жауға  қарсы 
бірнеше рет ӛз жҥздігін бастап, шабуылға шығып, отаршылар әскеріне соққы 
беріп, олардың талайын тҧтқынға  тҥсіріпті. 
1819 жылы кӛктемнің аяқ шенінде Есіл ӛзенінің  Есет деген саласының 
бойында Батыс Сібір мҧсылман қауымының дін-басылары, билері, бектері, 
батырлары  мен  мырзалары  бас  қосқан  қҧрылтайда  бірнеше  жас  ерлерге 
майданда кӛрсеткен  ерліктері ҥшін жҥзбасы,  мыңбасы  деген  әскери  атақтар 
беріліпті.  Сондағы  мыңбасы  атағына  ие  болған  батырлардың  бірі  –  Есеней 
екен. Оның Ер Есеней атануы сол кезден басталыпты. 
Есенейдің  әке-шешесі  ерте  қайтыс  болыпты.  Алайда  «Әкең  ӛлсе  де, 
әкеңді  кӛргендер  ӛлмесін!»  -дегендей,  мыңбасы-сардар  атағын  алған 
Есенейді  әкесіне  бірі  аға  болған,  бірі  іні  болған,  бірі  дос,  жолдас  болған 
елдестері  мен  жерлестері:  Балта  керей Нашан,  Итіке батырлар мен  Кӛшебе, 

 
61 
керей  Тіленші,  Маманай,  Еменәлі  керей  Киікбай,  Тоқсан  есімді  билер  ел 
басшысы ету мақсатымен Кӛшебе керей Шақшақ шора Кӛшекҧлына ((1740-
1831  жж.),  Сегіз  сері  батырдың  атасы)  арнап  барып,  сәлем  беріп,  қонақ 
болып,  мәжілісте  олар:  «Сардар  аға,  сіз  елу  жылдан  артық  ел  басқардыңыз, 
бетіңізге  ешкім  қарсы  келген  жоқ.  Ғадылдігіңізге  ел  бас  иіп,  бәрі  Сізді 
сыйлады.  Жасыңыз  сексенге  келді.  Орныңызды  басатын  балаларыңыз  да, 
туыстарыңыз  да  бар  екенін  білеміз.  Дегенмен,  аға  баласына  жол  берсек 
қайтеді? Оған қалай қарайсыз? Естемес ініңіздің баласы Есеней сіздің ізіңізді 
басуға  жарап  қалған  сияқты»,-депті.  Сонда  ӛз  орнын  басатын  батыр  да, 
шешен  де  ҧлдары,  туыстары  бар  екеніне  қарамастан,  Шақшақ  шора 
турашылдыққа  кӛшіп:  Сибан  аға  баласы  екені  рас.  Олардың  біраз  жыл 
биліктен  қол  ҥзгені  де  мәлім.  Жолымды  бердім.  Екпіні  тау  жыққандай 
жалынды  да  талапкер  жастың  бірі  –  Есеней  ғой.  Орнымды  бердім.  Есеней 
менің  шоралық  тағыма  отырып,  Сібір  қазақтарын  басқарсын!  Билігімді 
Есенейге  сыйладым.  Менен  қалған  дәурен  оған  қҧтты  болсын!  Ісін  Алла 
оңғарсын!  Тек  ел  ҥмітін  ақтайтын  кӛсем  болсын!»-деп,  бірден  келісімін 
беріпті.  Сонда  билер  мен  батырлар,  бектер  қарт  ағасының  кең  пейілдігіне 
разы болып, оған алғыс айтып, оның иығына жанат ішік жауып, босағасына 
ақбоз жорға атты байлап кетіпті. 
1819  жылдың  жазының  басында  хан  жайлауда  Керей-Уақ,  Атығай-
Қарауыл  елдерінің  басты  адамдары  қҧрылтай  ашып,  Қақ  сорының
4
 
жағасында  Есенейді  боз  биенің  сҥтіне  шомылдырып,  ҥстіне  ақ  киімдер 
кигізіп, ақ киізге отырғызып кӛтеріп, шора сайлапты Естемесҧлына сол арада 
ел  қҧтты  болсын  айтып,  Шақшақ,  Тіленші,  Киікбай,  Тоқсан,  Маманай, 
Қҧрымсы  сынды  дуалы  ауыз  билер,  әулие  Марал  ишан,  Нашан,  Қолдас, 
Жолдыбай,  Сартай,  Мәуліт,  Итіке  батырлар,  Сардар  Баһрам  ақ  баталарын 
беріпті.  Есенейді  шора  сайлауға  Қызылжар,  Омбы  шаһарларындағы  татар 
мырзалары да қатысыпты. Сол кҥннен бастап Естемесҧлы 1824 жылға дейін 
Сібір қазақтарының шорасы болып, ел басқарыпты. Хандық Орта жҥзде 1819  
 
4
Сор  - тҧзды кӛл. 
 
жылы жойылды. 
Есеней шора болумен қатар, ҧстазы Марал ишанның ғазауатын қолдап,  
оған  әскер  жинап,  жауынгерлерге  ат  жинап  беріпті.  Сӛйтіп,  ол  ӛзі  де 
бҧрынғыша  Ресей отаршылдығына қарсы соғысқа белсене қатысыпты. Оған 
Баһрам  батыр  Шақшақҧлының  (1779-1826  жж)  «Қайғылы  белдеу»  деген 
тарихи дастанындағы мына шумақтар да айғақ бола алады. 
 
Зеңбірекпен келсе де, 
Кәпірдің жолы болмаған. 
Қанға қҧмар иттердің, 
Бҧл жылы ісі оңбаған. 
 
 

 
62 
Марал ишан ҧстазын, 
Есеней шора қолдаған. 
Сарбаз жинап берсін деп, 
Бектерге сәлем жолдаған. 
 
Кәпірге қарсы шықсын деп, 
Елге жаршы жіберді. 
Сарбазға ат жинады
Жеңістен ҥзбей кҥдерді. 
 
Арқада хандық 1819 жылы жойылса да, шоралар билігі 1824 жылға дейін 
сақталды.  Ӛйткені,  Есеней,  Зілғара,  Тоқтамыс,  Мҥсет,  Қожағҧл  сияқты 
бектер  ҥшін  шоралық  билік  жҥйесі  пайдалы  болды.  Сондықтан  олар 
округтердің ашылуын қаламады.  
1822  жылдың  басында  Ресей  патшасының  Бас  министрі  Сперанский 
Орта  жҥз  қазақтарын  он  округке  бӛліп  билеу  туралы  жоспар  жасаған,  әрі 
соны  жҥзеге  асыруды  кӛздеген.  Бірден  округ  ашуға  отаршылдардың 
батылдары да бармаған. Әйтсе де 1822 жылы сайланған Батыс Сібір генерал-
губернаторы  П.М.  Капцеевич  Солтҥстік  Сарыарқадан  Қҧсмҧрын,  Кӛкшетау 
дуанын  1824  жылы  ашуды  жоспарлады.  Бірақ  Қҧсмҧрын  округін  қҧрумен 
қатар,  сол  1824  жылы  Орталық  Сарыарқадан  П.М.  Капцеевич  Қарқаралы 
дуанын ашқан. 
1819  жылы  Орта  жҥзде  хандық  билікті  жоюға  тек  Ғҧбайдолла  сҧлтан 
Уәлиханҧлы  ғана  қарсы  болып  қоймай,  уәзірлер,  билер  мен  бектер,  Есеней 
сияқты шоралар, батырлар, хазірет, имамдар, хажылар да қарсы болыпты. 
Қызылжар  аймағында  Қҧсмҧрын  округі  ашыла  қоймайды  да,  ол  ӛңір 
Керей  болысы  деген  атпен  уақытша  1830  жылға  дейін  Кӛкшетау  дуанына 
қарап,  Керей-Уақ  бектері  де  отаршылдарға  қарсы  болып,  биліктен  шеттеп 
қалады.  Оған,  біріншіден,  Есенейдің  Марал  ишан  бастаған  Батыс  сібір 
мҧсылман  қауымының  Ресей  отаршылдарына  қарсы  бағытталған  халық-
азаттық қозғалысына белсене араласуы, екіншіден, сол Естемесҧлының Орта 
жҥзде  хандық  жҥйенің  жойылуына,  ҥшіншіден,  оның  шоралар  билігінің 
жойылуына,  тӛртіншіден,  Есенейдің  Ресей  патшасы  отаршылдығының 
мҧсылмандардың  қоныстарын  тартып  ала  бастауына,  Есіләм  дінінің  ӛрісін 
тарылтуына,  мҧсылман  балаларын  саудаға  салуына,  елден  алым-салықты 
кӛптеп  алуына,  мҧсылмандарды  шоқындыруға  ашық  тҥрде  қарсы  болулары 
себепкер  болыпты.  Алайда,  Қызлжар  аймағындағы  Ашамайлы  керейдің 
билері мен бектері: Шақшақ, Тіленші, Киікбай, Тоқсан, Итіке, Сексен, Ӛмір – 
бәрі  бірауыздан  ел  жинап  ашқан  қҧрылтайда  Есенейді  Ресей  патшасы 
ҧлықтарының  рҧқсатынсыз  ӛздері  қазы  сайлап,  даулы  мәселелерді  соған 
шешкізеді.  Батыс  Сібір  генерал-губернаторлары:  П.М.  Капцеевич  те  одан 
кейінгі  И.а.  Вельяминов  те,  Н.С.  Сулима  да  Есенейдің  Қызылжар 
керейлерінің  басшысы  екенін  мойындамай,  оны  Сибан  керейдің  рубасысы 
деп  қана  таниды.  Алайда  Кӛкшетау  дуанбасысы  Зілғара  Есенеймен  керей 
елінің басшысы ретінде санасып отырыпты. 

 
63 
1826  жылы  жаздың  басында  Есеней  Қызылжар  шаһары  тӛңірегіндегі 
ӛзінің  ата  қоныстарының  жартысынан  кӛбін  Ресей  отаршылары  ӛз 
иеліктеріне  айналдырған  соң,    ӛз  қыстауы  Бескӛлдің  батысында  жҥз  жетпіс 
шақырым қашықтықтағы Нҧралы Керейдің босап қалған, яғни штаб салудың 
сәті  тҥспеген  жерге  Сибан  керейдің  Қорқыт  әулетіне  жататын  ауылдарын 
бастап  кӛшіп  барып,  ҥйлер  салып,  шӛбін  шауып  алып,  келер  қысқа  қам 
жасайды.  Естемесҧлының  Бескӛлден  кӛшкеніне  оның  аталас  ағайыны  Шоң 
Дәулетҧлы зергердің ата қоныспен қоштасып шығарған дастанының ішіндегі 
мына шумақтар да дәлел бола алады: 
 
Есеней тоқтамайды ҥдере кӛшіп, 
Жәнібек сӛз сӛйлейді, желдей есіп. 
Бескӛл мен Қызылжарым, қош-есен бол, 
Жерім ең кірім жуған, кіндік кесіп. 
 
Туған жер кейін қалдың, уа, дариға-ай, 
Мҧндай жер енді бізге табылар ма-ай. 
Егін сап бала-шаға асыраған, 
Бескӛл мен қош-есен бол, Қызылжар-ай! 
 
Алайда  жаңа  қоныс  Есенейге  қҧтты  бола  қоймапты.  Ӛйткені, 
Қызылжардағы бір кезде ӛзі оқыған Шақшақ шора медіресесіне (1767 жылы 
жазда  ашылған  ескі  оқу  орнына)  апарып,  оқуға  орналастырмақ  болған 
Есенейдің  тоғыз  жасар  Аманжол,  жеті  жасар  Аманқҧл  деген  ҧлдары  (жеңге 
алған  әйелі  –  Ғайнижамал  Байтоқақызынан  туған)  шешекпен  ауырып,  бір 
кҥнде  қайтыс  болыпты.  Оған  әнші-ақын  Сегіз  серінің  «Ер  Есеней»  тарихи 
дастанының ішіндегі тӛмендегі шумақтар да айғақ болады: 
 
Жақпады Есенейге Бҥркеу мекен, 
Бір кезде Қожағҧлдың қыстауы екен. 
Кӛшіріп Нҧралыны еріксізден, 
Сол жерге штаб тҥспек болған екен. 
 
Астыртын мҧсылмандар әрекет қып, 
Бҥркеуде штаб ҥйін қалдыртпаған. 
Ӛрт салып, солдаттарын тҥгел қырып, 
Ҧлықтың ойлағанын болдыртпаған. 
 
Қызығып бос қоныс деп қонса-дағы
Бҥркеуде Есенейге апат келген. 
Аманжол, Аманқҧлдай екі ҧлы, 
Бір кҥнде шешек шығып қабат ӛлген. 
 
Есеней  екі  ҧлының  ӛліміне  қатты  қайғырып,  ас  ішпей,  бас  кӛтермей, 
теріс  қарап  жатып  алыпты.  Ағайындары,  інілері,  ауыл  адамдары,  кӛрші 

 
64 
ауылдардың кісілері келіп, кӛңіл айтса да, бас кӛтермей, тӛсегінде қҧса боп 
жата беріпті. Бір кҥні осы ауыр жағдайды Есенейдің ӛзіне ҧстаз, әрі әкесімен 
жолдас  болған  қадырлы  елдестерінің  бірі  Еменалы  керейдің  Таз  атасынан 
шыққан Киікбай Айтуғанҧлы шешен естіпті. Ол әдейілеп Естемеҧлына кӛңіл 
айтуға келіпті. Атты кермеге байлап, жасы секскенге таяса да, жҥрісі ширақ 
Киікбай (1748-1842 жж) би Есеней жатқан ҥйге сәлем беріп кіріп келіп, тӛрге 
шығып  отырады.  Ҥй  жандары  тҥгел  орындарынан  тҧрып  Киікбай  атасына 
сәлем  береді.  Киікбай  баршасына  кӛңіл  айтып,  дҥниеден  ӛткен  екі  ҧлдың 
рухына  бағыштап  қҧран  оқиды.  Айтуғанҧлының  алдына  дастархан  жайып, 
оның ҥстіне қызметші жігіт бауырсақ салған табақша мен шара аяққа шҧбат 
қҧйып  қояды.  Есеней  теріс  қарап  жатқан  кҥйі  қозғалмапты.  Сонда  Киікбай 
інісіне қарап, жҧбату сӛздерін айта отырып, ең соңында: 
 
«Уа, мырзам, кӛтер басты, 
Кӛзден тез тый жасты. 
Бала қайғысы ӛзекке тиген оқ, 
Ата-ананың ішіне тҥскен оқ. 
 
Жазмыш ісі болған соң, 
Қайғыра берудің орны жоқ. 
Байла мықтап беліңді
Қамықтыра берме еліңді. 
 
Бер қасыңды, іш асыңды, 
Қайғыңызға  бәріміз  де  ортақпыз!»  -  депті.  Оны  естіген  Есеней  «Би-
ағамысың?»-деп,  орнынан  тҧрып,  Киікбай  ағасымен  қҧшақтасып,  кӛрісіп 
жылап,  ақыры  кӛзден  жасын  тыйып,  кӛңіл  айтып,  бас  кӛтерткені  ҥшін 
Айтуғанҧлы ағасына  кӛп-кӛп алғыс айтып, оны бірнеше кҥн бойы қадырлы 
мейман  етіп,  жақыны  болса  да,  жаттай  сыйлап,  астына  ат  мінгізіп,  иығына 
бҧлғын ішік жауып, разы етіп аттандырған екен. 
Есеней қазы боп тҧрғанда да, кейін де қолына жҥз мҥрид ҧстаған екен. 
Ол  сол  мҥридтер  арқылы  Есіләм  дінін  насихаттаумен  қатар,  ел  ішіндегі 
содырларды  жӛнге  салып,  ҧрлықты  тыйған  екен.  Есеней  ҧрыға  қатал  шара 
қолданыпты. 
1832  жылдың  аяғында  қазақтың  беделді  де  мықты  адамдарының  бірі 
Есеней  екеніне  генерал-губернатор  И.А.Вельяминовтің  кӛзі  әбден  жетіп, 
оның  Қызылжар    аймағын  мекендейтін  Керей  елінің  және  Қызылжар 
қаласында  тҧратын  мҧсылмандардың  ортақ  қазысы  екенін  толық 
мойындапты. Сондықтан губернатор Естемесҧлына жақсы мінездеме береді. 
1833  жылы  Ресей  патшасының  Бас  министрі  Есенейді  Петербургке 
шақыртып алып, ел тыныштығын сақтағаны ҥшін оған қҧрметті қазақ атағын, 
Анна  лентасына  қадаған  алтын  медальды  грамотамен  бекітіп  беріпті,  әрі 
Батыс  Сібір  шекаралық  комиссиясына  мҥше  етіпті.  Ресей  патша  ӛкіметінің 
тағы да Есенейге бҧлай оң кӛзбен қарауына оның туған қҧдасы Қасым тӛре 
Абылай ханҧлы мен оның Есенгелді, Саржан  есімді батыр ҧлдарымен жақсы 

 
65 
қарым-қатынаста болуы себеп болған. Ресей отаршылдарына Есеней сияқты 
мықты  қазақты  Қасымнан  бӛліп  алып,  ӛз  жағына  тарту  ауадай  қажет 
болыпты. Бірақ Естемесҧлы қазы ӛзінің қҧдалары: Қасым және оның ҧлдары: 
Есенгелді,  Саржан  сҧлтандармен  достығын  сақтаған.  Ол  Кенесарымен  де 
1838  жылға  дейін  достық  қатынаста  болыпты.  Есеней  ӛз  қҧдасы  Кенесары 
сҧлтан Қасымҧлына бейбіт қазақ ауылдарын шаппау керектігін ескертіп, әрі 
оның Алтай тауына бекінуі қажет екендігін айтып, оған дҧрыс жол сілтейді. 
Ол  аталмыш  қҧдаларына  кезінде  саяқ  аттар  мен  атан,  нарларды  тарту  етіп, 
Қасым  балаларын  1838  жылға  дейін  кӛлікпен  жабдықтаған  бектердің  бірі 
болыпты (Керей шежіресі және ақын-жыраулардың ӛлең-жырлары). 
Кейбір  ғалымдардың,  кейбір  жазушылардың  Есеней  мен  Зілғараны 
Кенесарыға қарсы болды деп жазғыруы дҧрыс емес. 1838 жылдың жазының 
басына дейін Естемесҧлы Кенесарыны астыртын қолдап, кӛлік беріп тҧрған. 
1830  жылы  жазда  Қызылжар  аймағында  округ  Қҧсмҧрын  деген  атпен 
емес,  Аманқарағай  деген  атпенен  ашылады.  Ресей  отаршыларының  ӛзін 
приказ  бастығына  ӛткізбейтінін  сезген  Есеней  туған  қҧдаларының  бірі  – 
Жалбыр  Абдоллаҧлын  (Абылай  ханның    кӛп  немерелерінің  бірін)  аға 
сҧлтандыққа  ҧсынады.  Сӛйтіп,  әкесі  де,  ӛзі  де  әу  бастан  тӛре  атағынан 
безініп,  қара  қазаққа  айналған  Жалбыр  мырза  Керейлердің  қолдауымен 
Аманқарағай  дуанының  алғашқы  аға  сҧлтаны  болып,  ел  басқарыпты  (Бҧл 
туралы Омбы архивінде толық дерек бар). 
Есеней  баяғысынша  халық  сайлаған  қазы  қызметінде  қала  беріп, 
шариғат жолымен дауларда билік айтыпты. 
1834  жылдың  жазының  аяғында  Жалбырдың  орнына  Уақ  руы 
шонжарларының  қолдауымен  Шыңғыс  Уәли  ханҧлы  тӛре  (1811-1902  жж) 
Аманқарағай  округіне  аға  сҧлтан  болады,  оның  бірінші  заседателі  болып, 
Есеней тағайындалады. 
Есенейді  бақталастары  жала  жауып,  губернаторға  арыз  жазып,  кейін 
заседательдіктен босаттырады. Бірақ Есенейді Омбы ҧлықтары, дін басылары 
қолдап, ол 1842 жылы Сибан керейге старшина болады. 
Осы  арада  бір  айта  кететін  мәселе  тӛмендегіше:  1838-1841  жылдары 
Кенесарымен  ҥзілген  қатынасы  1841  жылдың  тамыз  айынан  бастап,  қайта 
жалғасқан Есенейге Ресей патшасының отаршыл ҧлықтары 1847 жылға дейін 
сенбей  келіпті.  1847  жылдың  кӛктемінің  аяғында  Кенесары-Наурызбай  қаза 
тапқаннан  кейін  ғана  Есеней  Ресей  патшасы  әкімдерінің  сеніміне  толық  ие 
болыпты. 
Есенейдің  Есенгелді  есімді  ағасы,  Еменәлі  деген  інісі  болыпты  және 
әкесінің  інісі  Есіркептен  туған  Есенаман,  Есенәлі  есімді  екі  немере  інісі 
болған  екен.  Есенейдің  әкесі  Естемес  хажы  Қасым  Абылай  ханҧлы  тӛренің 
екінші қызы Бопанды кіші баласы Еменәліге айттырыпты, ал, інісі Есіркептің 
екінші баласы Есенәліге Абдолла Абылай ханҧлының Айтолқын атты қызын 
айттырыпты.  Әке  ӛсиетін  еске  алған  Есеней  жоғарыда  есімдері  аталған  екі 
інісіне  де  аталмыш  тӛрелердің  қыздарын  қалың  малын  тӛлеп  алып  берген 
екен. Естемесҧлы қазының Кенесарымен және Жалбырмен қҧда болу себебі 
осыдан.  Кейін  Есенәлі  қайтыс  болған  соң,  әмеңгерлік  жолымен  және 

 
66 
бәйбішесі  Бопанның  (Бопайдың  сіңілісі)  рҧқсатымен  Айтолқынды  Еменәлі 
алады. 
Есеней ҥш әйел алған кісі екен. Оның бірінші әйелі Ғайнижамал жеңгесі 
екен. Ғайнижамалды әуелі Есенгелді Есетемесҧлы алыпты. Есенгелді қайтыс 
болған  соң,  оның  он  жеті  жасар  інісі  Есеней  әмеңгерлік  жолмен  жеңгесі 
Ғайнижамалмен  қосылыпты.  Ғайнижамал  Қҧдайберді  Атығайдың  Андағҧл 
атасынан шыққан Байтоқа Жолдыбайҧлы деген шонжардың ҥлкен қызы екен. 
Кейін  Ғайнижамал  қайтыс  болған  соң,  Зілғара,  Шопан  Байтоқа  ҧлдары 
апасының орнына кіші қарындасы Қаныкейді Есенейге ҧзатыпты. Шешесі  – 
Жәнапия  бәйбіше  ерте  дҥниеден  ӛтіп,  анасынан  жас  бала  кезінде  қалған 
Қаныкейді ҥлкен аға-жеңгесі: Зілғара мен Бишай ӛз қамқорына алып, ӛздері 
тәрбиелеп ӛсіріпті. Сол себепті Қаныкей Зілғараның бір жағынан қарындасы, 
бір жағынан тҧңғыш қызы есепті болыпты. 
Есенейдің  Ғайнижамалдан  туған  балалары  да,  Қаныкейден  туған  ҧл-
қыздары  да  жастай  бӛбек,  сәби  кезедрінде  шетінеп  кете  берген  соң,  Есеней 
мырза  екінші  қайынағасы  Шопанның  ҥшінші  баласы  Сәлікті  бауырына 
салып,  бала  етіп  алыпты.  Осы  арада  бір  ескерте  кететін  мәселе  былай: 
Атығай  Байтоқа  мырзаның  інісі  Қаратоқаның  да  алғашқы балалары  тҧрмай, 
жастай қайтыс боп кете беріпті. Сондықтан ағасы Байтоқаның екінші ҧлы  – 
Шопанды Қаратоқа бауырына салып, содан кейін әйелінен туған ҥш ҧлы да 
тҧрақтаған  екен.  Архивте  Шопанның  Қаратокин  боп  жазылуы  содан  екен. 
Шопан да ағасы Зілғара Кӛкшетау дуанында аға сҧлтан болған кездерде бір-
екі сайлау заседатель (орынбасары) болыпты. 
Есеней  Сәлікке  Жҧмажан  деген  тӛлеңгіт  байының  қызын  атастырып 
әперіп, оларды ӛз қолында ҧстаған екен. 
Естемесҧлының  екінші  бәйбішесі  Қаныкей  оның  ӛзінен  бҧрын  қайтыс 
болыпты. Оған асты Есеней ӛзі беріпті. Қаныкейге ас берілген жер осы кҥнге 
дейін Қҧла ат сойған (Солтҥстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы 
Айымжан  ауылының  солтҥстік  шығысында  алты  шақырым  қашықтағы 
ағашты  жер)  деп  аталады.  Себебі,  Есеней  асқа  Қаныкей  бәйбішенің  кӛшке 
мінетін қара жол, қара қҧрық қҧла жорғасын бас етіп, кӛп мал сойған екен. 
Есенейдің ҥшінші әйелінің аты – Ҧлпан (1826-1902). Ол Ерейментаудан 
бір  қуаңшылықта  Керей  ішіне  мал  қыстатуға  келіп,  тҧрып  қалған 
Қанжығалы-Кҥрлеуіт деген аз елдің шонжары Артықбайдың қызы. 
Сонымен қатар, Есеней жоғарыда есімі аталған, бауырына салған баласы 
Сәліктен туған немересі Жҥсіпке Уақ еліндегі бір байдың қызын атастырып 
әперіпті.  Сәлікті  бӛлек  отау  ҥй  қып  шығарып,  ӛзі  Жҥсіппен  бірге  тҧрыпты. 
Есеней  қайтыс  боларынан  бір  жыл  бҧрын  малының  бір  бӛлігін  Сәлікке,  бір 
бӛлігін  Жҥсіпке,  бір  бӛлігін  Еменәлі  деген  інісінің  балаларына,  бір  бӛлігін 
Ерғожа,  Сауыт  деген  екі  батырына  (елі  –  Балта  керей),  бір  бӛлігін  Кӛрпе 
Ҥркімбайҧлы  (елі  –  Матақай  керей),  Тоғыжан  Ендібайҧлы  (елі  –  Бәйімбет 
Атығай)  деген  екі  ақынына,  бір  бӛлігін  Есенжан  балуан  Еменәліҧлынан 
қалған ҧлға (шешесі – татар қызы екен), бір бӛлігін Ҧлпанға, бір бӛлігін асқа, 
бір  бӛлігін  қызметшілеріне,  бір  бӛлігін  мҥридтеріне  ҥлестіріпті.  Малының 
қалған  жартысын  жаршы  жҧмсау  арқылы  Ашамайлы  керейдің  жетім-жесір, 

 
67 
жарлы-жақыбай,  жарымжан,  перзентсіз  қарт,  ғарып  қасерлерін  жинап  алып, 
соларға ҥлестіріп жіберіпті де: «Менің артымда ер бала қалмады. Мені сіздер 
дҧғаларыңнан тастамасаңыздар болды!?»-депті. 
Кҥзембай мырза Итемірҧлы деген Қызылжар уезіндегі мҧсылмандардың 
тӛбе  биінің  басшылығымен  Ашамайлы  керей  елі  Есенейге  арнап,  ҥлкен  ас 
береді.  Ас  абыройлы  ӛтіпті.  Аста  Кӛрпе,  Тағыжан,  Мҧсайын  (соңғысы 
Серінің  баласы)  ақындар  Есенейге  арнап,  толғаулар,  дастандар  шығарып 
айтып,  сыйлықтар  алыпты.  Осы  есімдері  аталған  ҥш  ақын  Есеней  қайтыс 
болғанда, оған арнап, бірнеше сапалы жоқтаулар да шығарып, ауылдың қыз-
келіншектеріне жазып беріп, оларға жаттатып айтқызған екен.  
Есенейдің  ӛсиеті  бойынша  оның  асы  ӛткен  соң,  Керейдің  билері  мен 
бектері  тиісті  дҥние-малымен  Сәлікті,  оның  баласы  –  Жҥсіпті  Зылғара-
Шопанның  кӛзі  тірісінде  ӛздеріне  кӛшіріп  апарып,  олардың  алғысын  алған 
екен. 
Есеней жылына ҥш рет елдегі ғарып-қасерлерді, жетім-жесір, жарымжан, 
перзентсіз  қарттарды  жинап  алып,  оларға  садақа  ҥлестіреді  екен.  Хажы 
болмаса  да,  Есетемесҧлы  екінші  Мекке  атанған  Тҥркістанға  ҥш  рет  барып, 
пірге қол тапсырыпты. Есеней соңғы рет Тҥркістанға 1852 жылы кӛктемнің 
аяғында барған екен. 
Есеней шора, қазы, старшина, заседатель 1852-1859 жылдары Қҧсмҧрын 
дуанында  аға  сҧлтан  болып,  ел  басқарған  уақыттарында  да,  кейін  1859 
жылдан  бастап,  он  шақты  жыл  Сібір  қазақтары  басқарма  бастығының  Бас 
кеңесшісі болып, ҥлкен қызмет атқарған кездерінде де Есіләм дінін ел ішінде 
мҥридтер,  ақындар  арқылы  насихаттаудан  бір  танбаған,  бес  намазын  қаза 
қылмаған  тақуа  адам  болыпты.  Ол  ӛзінің  қызметін  пайдаланып,  Қызылжар 
аймағында  тҧратын,  Қызылжар,  Омбы  шаһарларын  мекендейтін  мҧсылман 
мырзаларын мешіт, медересе ашуға жоғары орындардан рҧқсат әперіп, елдің 
алғысын алып отырған екен. 
Сонымен  қатар,  байғҧс  адамдарға  Есеней  жәрдемдесіп  тҧрыпты.  Ол  ӛз 
ауылында  да  мешіт,  медересе  ашқан.  Сӛйтіп,  ауылының  балаларының 
хадимше сауатты болуына, діни білім алуына жағдай туғызыпты. 1843 жылы 
Батыс  Сібір  генерал-губернаторының  бас  кеңесшісі  Тҧрлыбек  Кӛшенҧлы 
қатты  науқастанып,  оның  ҧсынысы  бойынша  уақытша  орнына  Есеней  Бас 
кеңесші міндетін атқарған екен. Сол кезде Сегіз сері шығарған «Есеней қазы» 
атты  тарихи  толғауда  Естемесҧлының  кескін-келбеті,  тҧлғасы  былайша 
суреттеліпті: 
 
Есеней қазы болды бірталай жыл, 
Жайнады билік айтып топта гҥл-гҥл. 
Сескенді айбарынан жҥйрік-жорға, 
Сӛйлейтін талай дауда сӛзге бҧлбҧл. 
 
Қарасҧр, жарлау, қабақ, қою қасты, 
Тікірейген қара шаш, ҥлкен басты. 
 

 
68 
Ат жақты, кең маңдайлы, қоңқақ мҧрын, 
Қанды кӛз, бейне қыран айнымасты. 
 
Мойыны жуан, жауырынды, бойы биік, 
Жасында батыр болған сауыт киіп. 
Сардарлық хандық дәуір қош айтысып, 
Бҧл кҥнде болған кезі советник. 
 
Есеней ӛзін ханға балап тҧрды, 
Ҥстінен сегіз дуан билік қҧрды. 
Талайы рубасы, бекзаданың 
Алдында Есенейдің қҧлдық ҧрды. 
 
(Хандық дәуір деп Сегіз сері Есенейдің шора болғанын айтқан кӛрінеді). 
Есеней  Естемесҧлының  (1798-1771  жж)  ӛмірі  мен  қоғамдық  қызметі 
туралы  деректердің  кӛпшілігін  Сегіз  сері  жазып,  аяқ  жағын  оның  баласы 
Мҧстафа  батыр  жалғастырған,  бҧл  сол  Керей  шежіресінен  алынды.  Есеней 
туралы  жоғарыда  жазылған  деректер  арабша  қолжазбадан  алынған.  Есеней 
жайындағы  бҧл  деректер  Омбы  архивіндегі  және  Алматыдағы  Орталық 
мемлекеттік архивтегі деректерге сәйкес келеді. 
 
ДАЙРАБАЙ КҤЙШІ 
 
Солтҥстік  ӛңірден  шыққан  кҥйші,  сазгерлердің  бірі  –  Дайрабай 
Нҧрғожаҧлы.  Дайрабай  кҥйші  1823  жылы  қазіргі  Солтҥстік  Қазақстан 
облысы,  Ғабит  Мҥсірепов  атындағы  аудан,  Рузаев  селосы,  Ерман  тоғайы 
дейтін  жерде  дҥниеге  келіп,  1893  жылы  ӛзі  туған  жерінде  71-ге  қараған 
шағында қайтыс болған. 
Бҧл жерде қазақта Дайрабай атты екі кҥйшінің болғанын ескерген жӛн. 
Бірі – Қарағанды облысынан шыққан, жалғыз ғана “Дайрабай” атты кҥйімен 
халықтың  ыстық  ықыласына  бӛленіп,  қазақтың  рухани  шежіресінде  аты 
алтын  әріппен  жазылған  кҥйші  –  Дайрабай  Ерназарҧлы  (1860-1937ж.ж.). 
(Ақселеу Сейдімбеков “Қазақтың кҥй ӛнері”. 588-589 бет). 
Қурай-Уақта  есімдері  елге  танымал,  шетінен  би-шешен  болған  Ермек, 
Ермен,  Ерен  атты  ағайынды  ҥш  адам  болыпты.  Ермектен  Ерғара,  Дәуқара, 
Жанқара; Ерменнен бір бала – Елембай; Ереннен екі бала: Нҧрғожа, Нарғожа 
туады. Қазір бҧлардан тараған ҧрпақтар Ғабит Мҥсірепов атындағы ауданда 
тҧрып жатыр. 
Дайрабайдың  атасы  Ерен  сол  ӛңірдің  атақты  молдасы,  ислам  дінін 
таратушылардың  бірі  болады.  Ол  сол  Есіл  ӛзені  бойындағы  қыстауда  ӛз 
қаражатына  мешіт,  медресе  салдырыпты.  Ерен  ашқан  медреседе  сол 
маңайдағы  ауылдардың  балалары  оқып,  діни  сауат  ашқан.  Заманында  Ерен 
жҧртшылыққа  “Ерен  –  молда”,  “Ерен  –  қожа”,  “Ерен  –  сынықшы”,  “Ерен  – 
қазірет” деген бірнеше есіммен мәлім екен. 

 
69 
Ерен  жас  кезінде  Марал  ишан  Қҧрманҧлының  мҥриттерінің 
(шәкірттерінің)  бірі  болыпты.  Марал  ишан  1789-1822  жылдары  Батыс  Сібір 
мҧсылмандарының  (қазақ,  башқҧрт,  татарлардың)  Ресейдің  рҧқсатынсыз 
сайлаған бас мҥфтиі болған. 
Ерен  қазірет  жасы  ҧлғайған  шағында  Меккеге  барып,  сонда  ауырып 
қайтыс  болыпты,  сҥйегі  сондағы  бейітке  жерленген.  Ерен  молда  дінбасы 
болумен  қатар,  жатқа  әндетіп  қисса  айтатын,  жетіген,  сыбызғы,  домбыра 
тартқан  кісі.  Ол  ӛз  бойындағы  осы  ӛнерін  ӛзінен  туған  балалары  Нарғожа 
мен Нҧрғожаға дарытқан. 
Нҧрғожаның  Рәзия  атты  әйелінен  екі  бала  Дайрабай,  Беделбай  туады. 
Дайрабай  ӛз  ауылындағы  медресені  бітіргеннен  кейін  Қызылжар 
шаһарындағы  Шақшақ  би  медресесінде  оқиды.  Ол  кезде  аталған  медресеге 
Кӛрпеш  қазірет  Баһрамҧлы  (1799-1851ж.ж.)  иелік  етіпті.  Ол  –  Сегіз  серінің 
ағасы.  Дайрабайдың  кҥйші  болуына  себепкер  ең  бірінші  әкесінің  інісі 
Нарғожа  болса,  екінші  осы  Кӛрпеш  екен.  Ол  шәкірттеріне  діни  білім  беріп 
қана  қоймай,  қисса-ӛлеңдер  жаттатып,  ән  салғызып,  кҥй  тартқызған. 
Дайрабай медреседе оқып жҥргенде әкесі мен шешесі қайтыс болып, тәрбиесі 
әкесінің  інісі  Нарғожаға  қарап  қалады.  Нарғожа  бірде  Сегіз  серіге  келіп: 
“Батыр,  Дайрабайымның  болашағынан  зор ҥміт  кҥтемін. Қарсы  болмасаңыз 
ӛзіңіздің  қамқорлығыңызға  алып,  шәкірт  етіп,  әншілікке,  кҥйшілікке 
баулысаңыз. Иншалла, ӛзіңіздің жолыңызды қуатын ӛнерпаз ініңіз болады, – 
депті.  Сегіз  сері  Нарғожа  кҥйшінің  тілегін  қабыл  алып,  ӛз  тобына  қосып 
алады. Дайрабайдың Сегіз сері тобында болғаны Жаяу Мҧса Байжанҧлының 
(1835-1929ж.ж.)  “Ер  Сегіз”  атты  тарихи  ҧзақ  толғауындағы  мына  шумақтан 
белгілі. 
 
Демейтін мынау Алшын,  
Ҥйсін, Найман, 
Жиналған сарбаздары әлде қайдан. 
Атанып ел қамқоры  –  Сегіз сері 
Ат басын тартқан емес болса майдан. 
Ауылыма шәкіртім деп ертіп келген 
Ер Сегіз ҥміт кҥтіп Дайрабайдан. 
 
Дайрабай  Сегіздің  сҥйікті  шәкірттерінің  бірі  болады.  Сегіз  жас 
талапкерге  домбыра,  ән  салу,  қобыз,  сырнай,  скрипка  тартуды  ғана  емес, 
жауынгерлікке,  атбегілікке,  аңшылыққа,  мергендікке  ҥйретеді.  Жиырма 
жасқа ілінер-ілінбес кезден бастап, кҥйшілік ӛнерімен кӛзге тҥседі. Ел ішінде 
ӛнерпаз жігіт атанады. 
Дайрабайдың  “Ҧлпан  қыз”,  “Айымжан”  (Айымжан  сҧлуға  арналған), 
“Қаранар”  (Есенейге  арналған),  “Ақ  орда”  (Сегіз  серіге  арналған),  “Ителгі”, 
“Қҧлажорға”,  “Кербала”,  “Қожық”  кҥйлері  кӛпшіліктен  мақтау  алып,  ел 
ішіне кеңінен тарайды. 
Дайрабай  Ерейментау  жерінде  ӛткен  бір  ҥлкен  тойда  ақылдылығымен, 
сҧлулығымен ел аузына ілеге бастаған Ҧлпан Артықбайқызымен кездесіп, екі 

 
70 
жас  бірін-бірі  ҧнатысып  қалады.  “Жігітті  ел  мақтаған  қыз  жақтаған” 
дегендей, Ҧлпан Дайрабайға жар болуға келісімін береді. Бірақ әке-шешеден 
ерте айрылған Дайрабайдың шамалы тҧрмысы қалыңмал тӛлеп, қҧда тҥсуге 
мҥмкіндік  бермейді.  Бҧл  жағдайды  естіген  Дайрабайдың  әкесінің  ағасы, 
Қҧсмҧрын  дуанының  атақты  билерінің  бірі  Елембай  Ерменҧлы  Ҧлпанның 
әкесі  Қанжығалы  Артықбаймен  кездесіп,  Ҧлпанға  қҧда  тҥсуге  жаз  шыға 
келетінін  айтып,  келісімін  алады.  Дуанның  беделді,  кӛрнекті  адамы 
Елембаймен  қҧда  болып,  қызын  Дайрабай  сияқты  ӛнерпаз  жігітке  қосуға 
Артықбай қарсы болмай, қҧдалықты жаз шыға ӛткізуге уәде байласады. 
Ҧлпан қыздың атағы екі бірдей баласы шешек ауруынан қайтыс болып, 
баласыз  қалған  Есенейдің  де  қҧлағына  жетеді.  Есеней  қызды  кӛріп  келуге 
Артықбай  ауылына  ӛзінің  шабарманы  Қазақты  жасырын  тҥрде  жіберіп 
алады.  Ҧлпанды  кӛріп  келген  Қазақ:  “Мҧндай  сҧлу  қызды  кӛрсем,  кӛзім 
шықсын”,  –  деп,  Есенейдің  қызға  деген  қҧмарлығын  одан  сайын  арттыра 
тҥседі.  Мҧны  Ғабит  Мҥсіреповтің  “Ҧлпан”  романынан  жақсы  білеміз. 
Романда  Ҧлпанның  Есенейге  амалсыздан  қосылғанын  оның  мы-на  сӛзінен 
байқауға  болады.  “Ағашқа  асылып  ӛлмесең  қҧтыла  алмайсың.  Есенейден 
арашалап  алып  қалар  адам  жоқ.  Айтты  болды.  Басың  болса  ие  бер,  тізең 
болса бҥге бер” (“Ҧлпан”. 62- бет). 
Сол уақыттағы оқиғалардың куәсі, дерегі болып табылатын Сегіз серінің 
“Ер  Есеней”  атты  шығармасында  Есеней  мен  Ҧлпанның  қосылуы  туралы 
былай дейді. 
 
Артықбай биылғы жыл елу ҥште, 
Бай болғанмен жоқ еді қара кҥшке. 
Есілге мал салам деп келген байғҧс 
Кез болды-ау қапияда қиын іске. 
 
Ҥш арысқа даңқы шыққан Ер Есеней 
Қойыпты Артықбайды есіркемей. 
Шабарман Қазақ деген жезді қамшы 
Ҧлпанды тартып апты мҥсіркемей. 
 
Пайдасы болмай қалып  
танысқанның, 
Ҧлпанжан Дайрабаймен табыспадың. 
Ерке ӛскен Ерейментаудың кермаралы ең 
Аузына тҥсіп кеттің арыстанның. 
 
Бҧл  уақытта  Есеней  мен  Уақ  руы  билерінің  арасында  жер  дауы  болып, 
ӛзара келісе алмай жҥретін. Ҧлпан мәселесі екі араны одан әрі шиеленістіріп, 
бықсып  жанған  отты  ҥрлеп  жібергендей  бол-ды.  Бҧл  даулы  іске,  әсіресе, 
Қожық  белсене  кіріседі.  Жанжалға  жақын  жҥретін  Қожық  Дайрабайдың 
әкесінің ағасы Нарғожамен қҧда болатын. Қожықтың туған ағасы Қазбектің 
баласы Нҧрғожаның қызын алған. Бҧрыннан да ӛштігі бар Қожық Есенейдің 

 
71 
екі  ҥйір  жылқысын  барымталап,  Ҧлпанды  алудан  бас  тартса  ғана 
жылқыларын  қайтарамын  деп  Есенейге  хабар  салады.  Уақтар  жағы  қандай 
әрекет жасаса да, Есеней айтқанынан қайтпайды. Ҧлпанның әкесі Артықбай 
сол кезде аға сҧлтандыққа сайланған Есенейден жасқанып және қалың малға 
қызығып,  Дайрабайдың  атасы  Елембайға  берген  сӛзінен  тайқып  шығады. 
Есенейдің бҧл ісі Керей мен Уақ рулары арасында “Ҧлпан дауы” деп аталған 
ҥлкен  жанжал  туғызады.  Дайрабайдың  туысы  Елембай  Ерменҧлы  бастаған 
Уақ руының басшылары: Бидалы Уақ болысының старшыны Шӛңке Меңде-
кен,  Баржақсы  Уақ  болысының  старшыны  Ермен  Тоқпанов,  Жансары  Уақ 
болысының  старшыны  Тілек  Байқонақов,  Уақтың  атақты  биі  Жарылғамыс 
Тоқпайҧлы,  Қараман  Уақ,  Қанжығалы  болысының  старшыны  Қожық 
Мақашов  Батыс  Сібір  губерния  басшыларына  Есенейдің  ҥстінен  арыз 
жазады.  (Алматы  мҧрағаты.  Қор-345,  тізбе-1, іс-342.  По  обвинению  султана 
Е.Естемисова  в  притеснении  казахов  Кушмурунского  округа).  Арыз  араб 
таңбасымен  жазылғандықтан,  толық  мәтінін  оқи  алмадық.  Хатқа  жазылған 
орысша  тҥсініктер  бойынша  Есенейдің  қызмет  бабын  пайдаланып  біреудің 
жас  қызын  тартып  алғанын  және  тағы  басқа  жер  бӛлудегі  жолсыз  істерін 
жазған.  Мҧрағат  қҧжаттарына  қарағанда,  бҧл  шағым  хаттар  жауапсыз 
қалғанға  ҧқсайды.  Ӛйткені,  губерния  басшылары  Кенесары  қозғалысынан 
кейін Есенейден сескенетін. 
Бҧл  уақыт  губерния  басшыларының  қатаң  бақылауында  жҥрген  Сегіз 
сері  сҥйгенінен  айрылған  сҥйікті  шәкірті  Дайрабайға  кӛмектесе  алмайды. 
Есенейге қарсы тҧра алмаса да, ренішін ӛлеңмен білдіреді: 
 
Жастық шақ Есенейге қолын бермес, 
Жиырма бес енді оның тҥсіне де енбес. 
Сҧлулар Ғайнижамал, Қаникейдей 
Тіріліп Есенейге қайтып келмес. 
 
Еш пенде жасырмайды жас шегеріп 
Дариға-ай, кҥні ӛткен соң,  
шын кӛнеріп, 
Ерлердің ҧлғайған соң ебі азаяр, 
Кәріліктің самалы есіп, белгі беріп, 
 
Қартайған кҥшті арыстан 
тҥк бітірмес, 
Шал ойнап жас қызбенен  
дәурен сҥрмес. 
Жылатып жас бойжеткен 
қыз алғанмен, 
Бҧл кҥнде Есенейден ештеңе ӛнбес. 
 
Алғанын бҧл Есеней қайтіп бермес, 
Ӛзімен  дауласқанды жақсы кӛрмес. 

 
72 
Кӛз жасы Ҧлпан қыз бен Дайрабайдың, 
Қазақ пен Есенейді шын жібермес. 
 
Қоңыр шаш, қоңыр кӛзді,  
алғыр ойлы, 
Қара торы, қызыл шырайлы, 
орта бойлы. 
Маралдың қолға тҥскен лағындай, 
Бектерге жаутаң-жаутаң  
қарап қойды. 
 
Сегіз  серінің  бҧл  ӛлең  шумақтары  жоғарыда  жазғанымыздай  Есенейдің 
Ҧлпанға қалай ҥйленгенін анықтай тҥседі. Ӛйткені, Сегіз сері осы оқиғаның 
ортасында болған адам. 
Осы  оқиғадан  кейін  біраз  уақыт  ӛте  келе  Сегіз  сері  Дайрабайға: 
“Адамзат  тарихында  сҥйгеніне  қосыла  алмаған  жалғыз  сен  ғана  емессің, 
тағдырдың  жазуы  осылай  болған  соң  еш  шара  қыла  алмайсың.  Ҧлпаннан 
басқа қыз қҧрып қалған жоқ. Таңдаған қызыңды айт, қалыңмалын ӛзім тӛлеп 
алып  беремін”,  –  дейді.  Сегіз  сері  ӛзінің  досы  Ниязбен  ақылдаса  келе, 
Нияздың  балдызы  Раси-ма  Шабанбайқызына  ҥйлендіреді.  Шабанбай 
аңшының аталары қазақ арасына сіңісіп кеткен, тҥбі башқҧрт екен. 
Дарынды  кҥйші  Дайрабай  Сегіз  сері  қайтыс  болғанда  қатты  қайғырып, 
жоқтау  ретінде  “Қайран,  ҧстаз!”  атты  кҥй  шығарыпты.  Патша 
отаршылдарына қарсы жер-су ҥшін кҥрескен ерлерге арнап “Қайран, қҧрбым 
– Жиенбай!”, “Есіл жігіт – Тілеубай”, “Ер Айтбай” деген кҥйлер шығарады. 
Айымжан сҧлуға арнап екі кҥй шыға-рады (қазіргі Солтҥстік Қазақстан 
облысы, Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылы Айымжан қыздың есімімен 
аталған).  Тҥсінікті  болу  ҥшін  Айымжан  сҧлудың  тарихына  тоқтала  кетейік. 
Балта-Бақсары  батыр  тҥрікмендермен  болған  бір  соғыста  солардың  қолға 
тҥскен  бір  тобын  қазіргі  Айымжан  ауылы  жеріне  орналастырады.  Бҧл  ауыл 
кейін “Қҧл ауылы” деп аталып кетеді. Осы ауылда Мамыт атты ӛнерпаздың 
Айымжан  атты  қызы  болады.  Айымжан  сҧлулығымен,  әншілік-кҥйшілік 
ӛнерімен кӛзге тҥседі. Айымжан сҧлуға Сегіз сері, Біржан сал, Біржан салдың 
ағасы  –  Нҧржан  сияқты  ӛнерпаздар  ғашық  болған.  Сегіз  сері  ел  арасына 
кеңінен  жайылып  кеткен  “Әйкен-ай!”  әнін  осы  қызға  арнап  шығарады. 
Айымжан  сҧлу  мен  Нҧржан  Қожағҧлҧлы  қосылмақ  болып  сӛз  байласады. 
Ҥйлену  тойы  жақындағанда  белгісіз  біреулер  қыз  әкесі  Мамыттың  ҥйде 
жоғын  пайдаланып,  оны  алып  қашады.  Зорлықшылардан  қашып  сулы 
томарға  жасырынам  деген  қыз  томар  ішіндегі  соқыр  қҧдыққа  тҥсіп  кетіп, 
тҧншығып  ӛледі.  Дайрабай  “Айымжан”  кҥйін  оның  асқан  сҧлулығына, 
Нҧржанмен  екеуінің  арасындағы  шынайы  махаббатқа  арнаса,  “Суға  кетті 
қарындас” кҥйін Айымжанның аянышты ӛліміне арнаған. “Қожық” атты кҥйі 
– Қожық Мақашҧлының Ҧлпанды зорлап алмақ болған аға сҧлтан Есенейге 
қарсы  тҧрып,  жанжалға  дейін  барған  ӛжеттігін,  әлсіздерге  қорған  болып, 

 
73 
кҥштілерге  кҥш  кӛрсететін  қасиеттерін  баяндайтын  сезімге  толы  кҥй 
болыпты. 
Дайрабай  кҥйлерінің  кӛпшілігінің  бізге  жетпеуінің  бірден-бір  себебі, 
ӛңірімізде  ән-кҥй  зерттеушілерінің  шықпауынан  және  басқа  жерлердегідей  
ӛнер  зерттеу  мекемелерінің  болмауынан  болып  отыр.  Бізге  жалғыз 
Дайрабайдың  кҥйлері  ғана  емес,  Қожаберген  жырау,  Дәстем  сал,  Жанкісі, 
Салғара, Сегіз сері, Нияз сері, Нҥрке сері, тағы басқа кҥйшілердің кӛптеген 
кҥйлері жетпей қалды. 
Дайрабай  Нҧрғожаҧлы  1893  жылы  Есіл  ӛзені  бойындағы  ӛзінің  туған 
жерінде қайтыс болады. Сҥйегі сол арадағы Ермен би бейітіне жерленген. 
 
САЛҒАРА АҚЫННЫҢ «ТУҒАН ЖЕР» ТОЛҒАУЫНДА 
АЙТЫЛАТЫН ӚҢІР ТАРИХЫ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет