Қасқа жолды Қасым хан (Тарих Рашиди) [4, 1 б].
«Үйірілген қышқыл, тəтті, сары қымыз,
59
Ауруға – ем, сауға - қуат, дəрі - қымыз.»–деп қазақ халқының 100 жасаған ұлы
ақыны Жамбыл сөзін мысал етсек те артық болмайды.
Ал шет ел тарихшылары мен зерттеушілеріне келер болсақ, тарих атасы - Геродот,
қытай тарихшысы Сыма Цянь сонымен қатар орыс халқының зерттеушілері Ф.Фиельструп,
түркі халықтары этнографиясының көрнекті өкілі Л.П.Потапов пен И.Г. Андреевтің
еңбектері бізге тарихи дəлел бола алады. Жоғарыда аталып өткен ғалымдардың қымыз
туралы жазып қалдырған деректеріне тоқталсам: «...всех своих рабов скифы
ослепляют.[Поступают они так] из-за молока кобылиц, которое они пьют. Добывают же молоко
скифы так: берут костяные трубки вроде свирелейи вставляют их во влагалища кобылиц, а
затем вдувают ртом туда воздух. При этом] один дует, а другой выдаивает
кобылиц.Скифы поступают так, по их словам, вот почему: при наполнении жил воздухом
вымя у кобылиц опускается. После доения молоко выливают в полые деревянные чаны.
Затем, расставив вокруг чанов слепых рабов, скифы велят им взбалтывать молоко. Верхний
слой отстоявшегося молока, который они снимают, ценится более высоко, а снятым молоком
они менее дорожат. Вот почему ослепляют всех захваченных ими пленников. Скифы ведь не
землепашцы, а кочевники. »
Грек тарихшысы Геродот [5, 7 б].
«Олар бие сүтін ағаш астауларда пісіп, бетін қалқып алады, бетіндегі қалқымасы ең
жақсы деп саналады. Оны аса қадірлейді, құпия сақтайды»
Грек тарихшысы Геродот [6, 218 б]
« ..гунны переходят со скотом с места на места, смотря по достатку в траве и воде.
Постоянного пребывания не знают. Живут в круглых юртах, из коих выход обращен к
востоку. Питаются мясом, пьют кумыс, одежду делают из разноцветных шерстяных
тканей...». Қытай тарихшысы Сыма Цянь[7, 51 б].
«Қымызды ойлап тапқан көшпенділер, себебі нағыз көшпенді тұрмыс шыдамды да ,
жүріске мықты жылқы өсірумен байланысты болды. Көшпенді тұрмыста бұл жаңалыққа тап
болу əсте қиын емес еді. Сауып алынған бие сүтін тері ыдысқа құйып (Саба- А.Т) көшіп
жүргенде ыстық күнде шайқалған сүт өзінен өзі қымызға айналған. Шайқалған сүтті ішіп
көрген көшпенді шөлін қандырып, жан сарайын ашып, денсаулығын нығайтып, көңілін
көтергенін байқаған ол енді қымыз жасаудың əдістерін жетілдіре берген...Негізінде
қазақтарда қымыз ашытудың осы көне əдісі əлі күнге дейін сақталған, қазақтар əлі күнге
дейін қымызды тері ыдыстарда сақтайды жəне ұзақ көште тері ыдыста үнемі бір қалыпта
шайқалып, көбіктеніп тұрған қымыз ең дəмді деп саналады».
Түркі халықтары этнографиясының көрнекті өкілі Л.П.Потапов[8, 43 б].
«Алтайдың тас мүсіндерінде кескінделген зерендер мен түркі заманындағы бай
молалардан табылған күміс зерендер көшпенді малшылардың ең сүйікті сусыны- қымыз
құйуға арналған болуы керек деген»
Л.П.Потапов [9, 217 б].
«...қазақтар қор болмай қалған жағдайда талдың қабығын салған, ал қырғыздар
келесі көктемге дейін қорды (солто) ыдысқа құйып алып ,аязға қатырып тастаған.Мұны
«тонгдурма қымыз» деп атаған.
Ф.Фиельструп[10, 267 6].
«... и питаются по большей части кумысом, деланным из квашеного кобыльего
молока; а из коровьего и овечьего- делают крут, на подобие сырчиков, и засушивают; и
когда их употреблять, растирают в теплой воде...»
орыс ғалымы И.Г. Андреев [2, 71 б].
Қазақ халқы ауыз əдебиетінде жылқы пірі- Қамбар ата. «Қамбар» сөзі парсы тілінің
«һəмəвар» сөзіне семантикалық жəне мағыналық жақтарынан өте ұқсас. «Һəмəвар» сөзі: Мал
аталығы жəне ұрпақ жасаушысы дегенді білдіреді.Осымен қатар парсының басқа сөзі
«һəмəварэ» сөзін қарастыруға болады, қазақсша ол «тұрақты», «өзгеріссіз» дегенді
білдіреді.Ал табындағы жылқы санының өзгеріссіз , тұрақты өсуінің тура себепкері- айғыр.
60
«Жылқышы-ата- Қамбар» үйірдің айғыры екен
Құлындатып көбейткен байлығы екен[11, 63 б]
Осы көзқарас бойынша, сақ- хаомаваргалар, яғни «хаома сусынын ішетін» сақтар
туралы жазылған Бехустун жазбасы мысалға, «жылқы бағатын» немесе «қымыз ішетін»
сақтар туралы айтуы да мүмкін.
В.Ф.Зайберт ботайлықтарда жылқыға табыну кең етек алғандығын айтады:
«Этнографически выразительный археологический материал Ботая позволил поставить и
решить ряд проблем, связанных с реконструкцией мировоззрения древних людей.
Погребальный обряд свидительствует о началии религиозных воззрений- тотемизма и
анимизма. Широкое применение получили культы коня и огня...» [12, 116 б].
Қазақстандық
экспедициялық
топ
британдық
ғалым-археологтармен,
палеозоологтармен, палеоантропологтармен бірлесіп «Ботайлық адамның тұрмыс-салты» деп
аталатын бірлескен бағдарлама негізінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік универ¬ситеті, Көкшетау университеті (Қазақстан жағынан) мен Экзетер,
Бристоль, Кембридж университеттерінің (Британ жағынан) арасында ғылыми қызметтестік
туралы келісім-шарт рəсімделді. Сөйтіп, шетелдіктердің қолдауымен Ботай қоныс-мекенінде
мəдени қабаттың палеогеографиялық жəне палео¬магниттік зерттеулері жүргізілді. Нəти-
жесінде 2009 жылы бүкіл əлемге танымал «SCIENCE» ғылыми журналында екіжақты
бірлесіп жазылған мақала басылып, онда жылқы дүниежүзі бойынша тұңғыш рет Солтүстік
Қазақстанда қолға үйретілгені, ертедегі малшы-жылқышылардың б.з.д. ІҮ мыңжылдықта
қымыз дайындағаны əлем жұртшылығына жария етілді.
Сондай-ақ, Ботайдан табылған сүйек бұйымдарының арасында тұсаудың ілгегі мен
псалийдің қолға ілігуі де, жылқылардың тістерін зерттеу де, Ботай жыл-қысының
доместикацияланғанын нақтылай түсуде. Ең таңғажайыбы– Алан Оутрамның бастамасымен
Ботай ыдыстарының сынықтарынан қымыздың нəлін тапты.Бұл қымыздың ең алғаш рет
қазақ даласында пайда болғанын көрсетеді.
Қымызды жан-жақты зерттеген қазақстандық ғалымдардан Профессор З. Сейітов,
Төрегелді Шарманов, Ахмет Тоқтабай[13, 16 б] сияқты ғалымдардың еңбектерін атап өтсек
болады
Қазақстандық ғалымдар «Ұлттық тағами брендіміз» – қымызды жаппай өндіруге
көшу үшін елімізде бірыңғай стандарт əзірленеу керек екенін айтуда.Осы орайда, бие сүтінің
сапалық көрсеткіші анықталып, (оны тиісті органдар бірлесіп, бекітуі қажет), «Ұлттық
тағами брендтің» жоғары деңгейін сақтау үшін қымыздың орнына басқа сүт өнімдерін өткізу
секілді жағымсыз əрекеттерге тосқауыл қойылуы қажет екенін де сан талай айтып жүр.
Басқа сүт өнімдерінің сақталу мерзімінде күрделі мəселе бар. Себебі сүт өнімдері тез
бүлінеді. Бие сүтінде осы айтылған мəселелер жоқ. Демек, бие сүті – «Ұлттық тағами
брендіміз» ретінде ғылыми тұрғыдан дəлелденген, ұлтымыздың абыройын аспандата алатын
бірден-бір өнім.» екенін қазақстандық ғалымдар дəлелдеп отыр.
Ұлттық сусынымыз қымыздың қасиетін ежелгі заманнан бағалап қастерлеген анық.
Оған дəлел əйгілі қымыз өндіруші германдық Ганс Цольман қымыздың шипалы екенін
қайын атасынан білген. Екінші дүние жүзілік соғыста тұтқынға түскен Рудольф Штрохті
қазақ отбасы саумал мен емдеп жазған. Ол өз еліне қайтып оралған соң, қымызды өндіруді
қолға алған.Содан бері оның ұрпағы қымыздың адам денсаулығына пайдасын Еуропа
елдеріне паш етіп келе жатыр. Қазіргі таңда Ганс Цольманның 400 ден астам жылқысы
бар.Осындай байтақ даламызда неге жылқы шаруашылығын қолға алмасқа. Сондықтан, осы
мақаламызды жазу барысында туындаған мынадай ұсыныстарды жасаймыз:
Қазақ халқының ұлттық сусыны- қымызды қазақ брендіне айналдыру қажет. Ол үшін:
Жылқы шаруашылығын дамытуды мемлекет камқорлығына алу:
Қымыздың емдік қасиеттерін ашып,пайдалы екенін дəлелдеу үшін ғылыми
тұрғыдан зерттейтін ғылыми орталық ашу:
Шетелдік туристтерге қазақ халқының ұлттық сусынын насихаттау үшін
Қазақстанның басты қалаларында саба(торсық) пішініндегі қымызханалар ашу. Осы
61
қымызханалар арқылы туристтерге қазақ ұлтының тарихын таныту. Қымыздың қазақ
халқының ұлттық сусыны ендігін шетелдіктерге мойындату.
Шетелдіктер көп келетін жерлерге этноауыл ашу.Бұл үшін мемлекеттен қаржы
бөлінуі керек.
Жылқының халық медицинасындағы ролі айрықша. Сондықтан қазіргі
медицина ғылымына бұл тақырыпта тыңғылықты зерттеулер жүргізіп, халықтың сынағынан
ғасырлар бойы өткен емдер, дəрі-дəрмектерді фармокологиялық өнеркəсіпке енгізіп, халық
қолданып жүрген денсаулыққа кері əсері бар химиялық препараттарды алмастырса игілікті
іс болар еді.
Ежелден қымыз сабаларда ашытылып, сақталғаны белгілі. Кеңес өкіметі
жылдарында саба жасау мүлдем ұмытылды. Қымыздың алюминий, шыны, темір жəне басқа
да металл ыдыстарда дайындалуы сапасын түсірді. Нағыз қымыз дайындау үшін бие
сауатын көнектен бастап, тасып əкелетін сабаларға дейін жылқы терісінен жəне ағаштан
жасалуы қажет.Болмаса қымыздың сапасын түсірмейтін, басқа материалдардан ыдыстар
жасауды зерттеп, өндіріске енгізіп қолға алған жөн.
Қымызмұрындық мейрамын Наурыз сияқты мемлекеттік мереке ретінде
белгілеп, ауыл- селодан бастап қалаларға дейін тойлау.
Əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан тарихы 10 сынып. Алматы: “Мектеп” баспасы 2010
2. Андреев.И.Г. Описание средней Орды киргиз-кайсаков.//Алматы: Ғылым .1998.
3. Зайберт В.Ф. Поселение Ботай и задачи исследования энеолита Северного
Казахстана//Энеолит и бронзовый век Урало-Итышского междуречья.Челябинск, 1985.
4. Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы // Алматыкітап баспасы 2010.
5. Геродот. Страна скифов .//Алматы: ВД «Кочевники», 2003.
6. Геродот.История в девяти книгах . 1972.
7. Сарсекеев Б.С. Книга для чтения по истории Казахстана. Астана// издательствоBG-PRINT
2012.
8. Потапов Л.П. Особенности материальной культуры казахов , обусловленные кочевым
образом жизни //МАЭ Т.12. Л.Наука 1949
9. Потапов Л.П Пища Алтайцев( этнографический очерк)// МАЭ Т14 Л.Наука
10. Фиельструп Ф.А. Молочные продукты питания турков-кочевников. Л//1930.
11. Нұрмағамбетұлы Ə. Қазақ тіліндегі атаулар тарихы.//Алматы: Ғылым 1998.
12. Зайберт В.Ф. Поселение Ботай и задачи исследования энеолита Северного
Казахстана//Энеолит и бронзовый век Урало-Итышского междуречья.Челябинск, 1985.
13. Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы // Алматыкітап баспасы 2010.
ҚОЙЛЫҚ ҚАЛАСЫ
Оңғаров Е.Е.,
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор. Қалыш А.Б
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қойлық (Қаялық) – А.Н. Бернштамның жорамалына қарағанда, Іле алқабындағы ірі
қала жер үлгісіне орай осылай аталған дейді. Қаялыққа ол Қойлық деген мағына береді, яғни
«қой жайылымы» немесе «жайылымға ыңғайлы өңір». Дейтұрғанмен барлық деректерде
Қаялық немесе Қайлақ деп аталатынын атап өткен жөн. «Кайи-кая» деген сөз-этноним. Əл-
Маврази шығыстан каи жəне кун тайпаларының Шары (Сары) еліне қарай беттегені туралы
айтады. Қытай жылнамаларындағы Си (каи) жəне Хунь (кун) тайпаларының каи мен
кундарға ұқсастығын олардың таңбалары мен хаттары да толықтыра түседі. Каи жəне кун
тайпаларының қай уақытта қоныс аударғаны жайлы ортақ пікір жоқ. Дегенмен екі кезең
болуы мүмкін, алғаш кундер ауып, кейін оларға кайлар қосылған. Осы қоныс аударған тұсты
62
Макварт Х-ХIII ғасырлар десе, В.Ф. Минорский – ХI ғасыр, ал С.П. Толстов бұл оқиғаларды
V-VI ғасырларға апарады. Макварттың пікірінше кайи (каи) ата-тегі моңғол-түркіленген
тайпа. Махмуд Қашғари олардың түркі тілінде сөйлемегенімен бірақ түркі тілін білетіндігін
айтады.
IХ ғасырдан бастап каи-оғұз түркімендерінің бір тайпалары ретінде танылады. Он бір
ғасыр бұрын қытай жылнамаларында келтірілген каи таңбасын түркімендердің кайи тайпасы
ХIХ ғасырға дейін сақтап келгені көп нəрсені аңғартады. Іле алқабындағы (долина) каи
тайпаларының болғанын растайтын жəдігерлер Жақсылық қалашығынан табылған. Олар ХI-
ХII ғасырлар шамасына тұстас. Зооморфты қыш құмыралардың сырты жылан бейнесімен
əшекейленген. Жылан кейпі каи тайпаларының таңбасы болғаны аян. Осының барлығы
Қаялық ойконимінің тайпа атынан пайда болғанының дəлелі [1, 272 б.].
Қайлақ қаласы ХI ғасыр мен ХIII ғасырдың басына дейінгі аралықтағы жазбалардан
Қаялық атауымен қарлұқ жабғуларының астанасы ретінде белгілі болған. Қала қарахандар
қағанатындағы түркі-қарлұқтар елінің орталығы болды. Тарихи деректерге сүйенер болсақ,
Шыңғыс хан жорығы кезінде жеңіліс тапқан найман Таян ханның баласы Күшлік хан қанды
қырғыннан құтылып шыққан адамдарын бастап, Ертіс алқабынан айырылып Бесбалық
атырабына келді. Одан соң Құлажаға қарай беттеп, батыс лиау патшалағының билеушісі
горханның ордасына барды. Батыс лиау билеушісі Жилугу Күшлікті ілтипатпен қарсы алып,
оған қызын берді. Шыңғыс ханнан жеңілген найман, керей, меркіт тайпаларының бір бөлегі
бұл кезде Жоңғар ойпаты мен Жетісу өңіріне қоныс аударған болатын. Дағдарысқа ұшырап
отырған лиау билеушісі Жилугу горхан бүлік шығарған бодандарын бағындыру үшін Күшлік
ханға қол артпақ болды. Күшлік оған: «Менің тайпаларым көп, олар Еміл, Қойлық, Бесбалық
жеріне жайыла қоныстанған. Егер маған рұхсат берсеңіз, оларды жинаймын да, осы
тайпалардың көмегімен горханды қолдап көмек беремін»; деп уəде етті. Горхан мұны мақұл
көріп, қару-жарақ ақша берді. Күшлік хан Бесбалық, Еміл, Қойлық өңіріне қоныс аударған
найман, керей, меркіттерден əскер, ат-көлік жинап күшейіп алды да, Хорезм жəне Самарқан
билешілерімен астасып, үкімет билігін тартып алуға қарманды. Сондай-ақ Қарлұқ
жабғуларының қарақытай горханы алдындағы тəуелділігі сөз жүзінде ғана болған сияқты,
өйткені қарақытай горханы Қашқармен басы қатып жатқан. 1211 жылы Қарлұқ ханы Арслан
Алмалық билеушісінің шешіміне ілесіп, өзін Шыңғыс ханға тəуенді екенін мойындайды.
Онымен қоймай Алмалық пен Қаялықтың жауынгерлері Шыңғыс жорығына қатысады.
Қойлық қаласы жайлы тағы бір пікір, əрине жаңсақ болса да əйгілі жерлесіміз
Мұхамеджан Тынышпаевтың «Великие бедстия» (Ақтабан шұбырынды) кітабында
келтірілген. «Керімқұл Назаров деген Қапал уезінің ауқатты жəне беделді тұрғыны (руы
жалайыр) мынадай деректі алға тартады. Ол ата-бабасының шежіресін жақсы меңгерген адам
көрінеді. Қаратал-Көксу өзененің маңында яғни Дүнгене елді мекені тұрған жерде ежелгі
қала болғандығын айтады. Кейінгі 200 жыл қаңырап, бос қалған қала ірі орталық болған
сияқты. Жəне Г. Рубруктың жазбаларында айтылған сапарға сүйенсек, Қойлақ деген қала
осы болуы да мүмкін тəрізді» делінген. Бұл қала туралы бірегей мəліметтер Моңғол
имперясының жоғарғы қағаны Мөңкеге Францияның IХ Людовик королі жіберген елшісінің
кітабында сақталған.
1253 жылы күздің аяқ шенінде елші Гильом Рубрук өзінің ұзақ сапарын бастады, яғни
сол жылдың мамыр айында Қара теңізбен жүзіп келіп, оңтүстік орыс даласын кесіп өтіп,
Днепр, Еділ, Жайық өзендерінен өтеді. Арал жағалауы, Талас алқабы арқылы Іле өзеніне
жетеді. Ол өзінің одан əрі қарайғы жолын былайша суреттейді. «Өзеннен өткеннен кейін, -
деп жазады Г. Рубрук, – біз бір жазықтыққа шықтық, онда əлдебір бұзылған қамалды көрдік,
оның қабырғалары саз балшықтан қаланған, əрі жері өңделген екен. Содан кейін біз Эквиус
деген белгісіз əсем қалаға тап болдық, онда Парсы елінен соншалықты алыс бола тұрса да
парсыша сөйлейтін сарациндер тұрады. Келесі күні үлкен таулардың оңтүстікке қарай
созылған сілемдеріне жататын таулардан əрі өттік, содан соң біз оң жағында биік таулары
бар əдемі жазықтыққа шықтық, ал ол жақта беймəлім теңіз немесе көл жатты, оны айналып
шығуға 25 күндей жол жүру керек». Бұл көл кейін белгілі болғандай Балқаш екен. Эквиус –
63
ХI ғасырда Махмуд Қашғари өзінің «Диуан Лұғат ат-Түрк» деп аталатын еңбегінде жазған
Ики-Оғыз қаласының жаңсақ жазылған атауы. Зерттеушілердің пікірлері бойынша бұл қала
қазіргі кездегі Көксу өзені бойындағы Балпық би (Кировка) селосының аумағында
орналасқан Дүнгене қаласының орнында болған [2, 213 б.].
Г. Рубрук Лепсі алабына жеткен кезде ол былай деп жазған: «Бұл жазықтықта аталған
теңізге келіп құятын таудан аққан сулармен тамаша суландырылған. Жоғарыда айтылған
жазықтықта қалалар жиі кездеседі, бірақ оның басым бөлігі жайылым іздеген татарлар
қиратып тастаған. Біз одан Қайлақ деп аталатын үлкен қалаға кез келдік, онда базар бар
екен, əрі оған келетін көпестер саны да өте көп. Онда 12 күн демалып, Батыйдың бір
хатшысын күттік, ол Мөңке (Мангу) сарайындағы істерді реттеуге біздің жолбасшымызға
серік болуы тиіс еді». «Қайлақтың маңайында, – деп жазады Г. Рубрук, – үш ли жерден біз
нағыз несториандық қонысты көрдік. Шіркеуге кіргенімізде біз «Жарылқа, Құдайым!» деп
бар дауысымызбан қуана дауыстадық, өйткені, біздің шіркеуді көрмегенімізге көп болған
еді». Осы жерден үш күннен кейін елшілер теңізге келіп жетті, «оның бурықанып жатқаны
соншалық, біз оны мұхит екен деп қалдық. Менің серігім оның суының дəмін татқысы келіп
жағалауына жақындады, суы ащылау екен, бірақ əйтеуір ішуге жарамды. Биік таулардың
арасында оңтүстік – шығыс бағытта жазықтық созылып жатыр, ал таулардың арасында тағы
бір теңіз көрінді, осы жазықтық арқылы бірінші теңіз бен екіншісінің арасында өзен ағып
жатты. Бұл алқапта үздіксіз қатты жел соғады, адамдар бұл арадан өздерін оның екпіні
теңізге алып кетуінен қауіптеніп өтеді». Бұл теңіздің Алакөл екендігін аңғаруға болады.
Г.Рубрук келместен бұрын Плано Карпини елшілігі осы жолмен жүрген болатын. Соңғы
өткен елшінің Алакөлдегі күзгі желді назарға алуы таңғалтады жəне «жартастардың
саңлауларынан жұлқынып шығатын жел» туралы аңызды да жазып алған».
1253 жылы желтоқсанда Алакөл жағалауына жеткен Г. Рубрук өзінің жолсапарын
Моңғолия жерінде жалғастырады. Г. Рубруктың жазған сипаттамаларына қарағанда, Қайлақ
базары, алаңдар мен ғибадатханалары бар үлкен қала екен. Г.Рубруктың мəліметтеріне
сүйене отырып, тек оның ғана емес, Х1 ғасырдың көрнекті ғалымы Махмуд Қашғаридың
еңбектерін жəне археологиялық зерттеу материалдарына қарай отырып, зерттеушілер
Қиялықтың (Қайлақтың) орналасқан жерін айқындауға, нақты ескерткіш – қаламен оны
ұқсастыруға мүмкіндік алды. Мəселен, шығыстанушы В.В. Бартольд қазіргі Қапал елді
мекенінен онша қашық емес жерде орналасқан деп болжам жасаған, археолог А.Н.Бернштам
оны Көксу өзені алқабынан іздеген дұрыс деп есептеді. Бірақ Антоновка қаласының ашылуы
мен зерттелуі Қиялықтың тап сол əңгімеге арқау болған қала екендігін анықтауға мүмкіндік
берді. Бұл, біріншіден, Іле алқабындағы ең ірі қала, оның орналасқан жері Г. Рубруктың
маршрутына, оның Іле өзенінен Алакөлге барған саяхатының жолына сəйкес келеді. Қазба
жұмыстары кезінде бұл жерден мешіт, будда жəне манихей ғибадатханалары табылып,
зерттелді, өзіндік ерекшелігі бар күміс жəне мыс теңге шығаратын теңге сарайы болғандығы
дəлелденді.Оны Махмуд Қашғаридың атақты географиялық картасы да дəлелдейді, онда Г.
Рубруктың Эквиусына сəйкес келетін, Қайлаққа дейін онда болған Ики-Оғыз (Иеи-Укуз)
қаласы көрсетілген.
Фактілердің мынадай үйлесімі бар: жазба деректер мен археологиялық мəліметтер-
Антоновка селосының шығыс шетінде, Алматы облысының Сарқан ауданы орталығынан
шығысқа таман 35 шақырым жердегі, Лепсі өзенінің алқабында орналасқан қаланың үйінді
орны Қиялық деген қорытындыға келу зерттеушілер үшін өте сирек болатын сəттілік.
Антоновка қаласының ауқымды аумағын жауып жатқан сандаған дөңестер мен ойпаттар
бұрынғы қала құрылысының іздері болып табылады. Жүргізілген қазба жұмыстары үш
өлшемді топографиялық сандық суретке түсіру жəне 600 метр биіктіктен түсірілген
аэрофотосурет топографияны мұқият зерттеулерге көмектесті. Қаланың топографиясын
төмендегідей ретте сипаттауға болады: саз балшықтан (пахса) тұрғызылған сыртқы мықты
қабырғалар, орталық ядро-аркалар (қамал), қаланың өзі-шахристан жəне қала іргесі-рабад.
Қиялықтың ашылуы-бұл қазақстандық археологтардың қол жеткізген тамаша табысы
екендігі сөзсіз, ал «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оған кең көлемде қазба
64
жұмыстарының жүргізу мүмкіндігінің жасалуы қаланың экономикасы, қала тұрғындарының
əлеуметтік өмірі, қолөнер мен саудасы, құрылыс технологиялары мен сəулет өнері,
монументальды жəне қолданбалы өнері, тұрғылықты халқы ұстанған діндері туралы
мəліметтер алуға мүмкіндік берді. Бұл жерде исламның, буддизмнің, христиандықтың,
манихейліктің бейбіт қатар өмір сүруінің өзі Қазақстанға ежелден тəн толеранттық дəстүр
туралы мəлімет береді. Қаялық қаласы өткен жылы Қазақстанның өзге де бірқатар тарихи
ескерткіштермен бірге ЮНЕСКО қорғауына алынып, дүниежүзілік құндылықтар қатарына
қосылды [3, 198 б.].
Антоновка қалашығы – ортағасырлық Қаялық (Қойлық) Іле жазығының ең ірі
қалажұрты Қойлық (Антоновка) ауылының (Алматы облысы, Сарқант ауданы) шығыс
шетінде, Талдықорған қаласының солтүстік-шығысында 190 км жерде, Ащы Бұлақ өзенінің
жағасында орналасқан.
Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тəн қаланың үшбөлікті
құрылымын төмендегіше сипаттауға болады: ені 11-13 м-ге жайылған, биіктігі 2-2,5 м-ге
сақталған, таспалық құю тəсілімен саздан жасалған мықты сыртқы қабырғалары пішіні
төртбұрыштылау болып келген шахристанды жəне рабадтың бір бөлігін қоршаған. Жалпы
ауданы 90 га. Қалашық X ғ. – XIII ғ. басындағы деректерде қарлық жабғуларының астанасы
ретінде белгілі. Қалашықты археологиялық тұрғыдан зерттеу 1964 жылы басталып,
К.М.Байпақовтың басшылығымен бірқатар шурф салынып, қалашықтың жоспары түсірілді.
Жұмыстар 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының
аясында жалғасын тауып, «будда ғибадатханасы» деп анықталған нысан, сонымен қатар,
қалашық цитаделінде орналасқан тұрғын жай аршылды. 1999-2000 жж. жұмыстар
қалажұрттың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, шартты түрде «бай кісінің тұрғын
жайы» деп аталған нысанда жүргізілді. 2001 жылы «хаммам» типіндегі қыштан соғылған
монша аршылды, бос қалған қалашықта салынған кесене зерттелді. 2002-2003 жж. жұмыстар
стритиграфияны зерттеуге, ескерткіштің үшөлшемді топографиялық негізін жасауға,
сонымен қатар, «будда ғибадатханасында» жүргізілген консервациялық шаралар мен
мониторингке бағытталды.
2004 жəне 2005 жылдардағы далалық маусымдар бағаналы типтегі жұма мешіті,
«манихей» ғибадатханасын», фасадтары əсем оймыш терракоталармен безендірілген
кесенелер мен олардың маңындағы ханаканы ашумен ерекшеленді. Қоғамдық сипаттағы
құрылыстар кешені 2006-2007 жылдардағы зерттеулер барысында бірегей материалдар берді.
Ашылған ескерткіштер көлемді археологиялық-музейлендіру зерттеулерін бастауға
мүмкіндік береді.Антоновка қалашығының бірегей нысандары өте жақсы сақталған жəне
оларды консервациялау мен музейлендеру туристерді тартуға жəне аймақты еліміздің
туристік инфраструктурасына енгізуге септігін тигізеді [4, 32-33 бб.].
Əдебиеттер тізімі:
1.Отырар: энциклопедия. – Алматы: «Арыс», 2005.
2. Қазақ мəдениеті: Энциклопедия. – Алматы: «Аруна» ЖШС, 2005. – 318 б.
3.Байпақов К.М.Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: «Аруна», 2005. – 316 б.
4. Е.Тоқпанов. Қойлық қаласы жəне оның туризмді дамытудағы орны // Қазақ тарихы. –
2006. – 11 қазан.
Достарыңызбен бөлісу: |