Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
часть 
Семипалатинска, 
переименованная  в 1917 г.  в  гор.  Алаш.  А.  Н.  Букейхан  собрал  членов  Народного  Совета 
Алаш - Орды в Семипалатинске и провел совещание, на котором по его предложению было 
принято  решение " признать  центральную  власть  Федеративной  Советской  Республики " и 
выдвинуть  ряд  своих  условий. 3 апреля  из  Семипалатинска  в  СНК  была  направлена 
телеграмма  с  подробностями  своего  решения  и  условий.  Телеграмма  в  Москву  была 
подписана заместителем председателя Алаш - Орды X. Габбасовым, а не А. Букейханом, так 
как уже 25 января 1918 г. из Оренбурга А. Джангильдин направил в местные органы власти 
приказ именем СНК арестовать Букейхана, Байтурсынова и Е. Омарова. Попытки арестовать 

118 
лидера Алаш - Орды предпринимались позже и Семипалатинским Совдепом, в связи, с чем 
он  скрывался  в  окрестностях  Семипалатинска.  Но,  тем  не  менее,  ход  и  содержание 
переговоров Алаш - Орды и Советской власти, безусловно, определялись самим Букейханом. 
Суть решения Алаш - Орды и, в частности, телеграммы от 3 апреля, направленной в Москву, 
сводилась к тому, что определялись границы будущей автономии : Алаш - Орда отстаивала 
свое  право  на  инициативу  созыва  Учредительного  собрания  автономии  в  тесном 
сотрудничестве  с  местным  Советом,  на  сохранение  за  собой  до  съезда  высшей 
законодательной  и  исполнительной  власти.  На  местах  власть,  по  мнению  Алаш - Орды, 
должна  была  в  переходный  период  принадлежать  Советам, " организованным  на 
демократических  началах  с  соблюдением  пропорционального  представительства  от 
национальностей ". Там же, где Советы еще не созданы, предлагалось сохранить казахские 
комитеты Алаш - Орды, земские и городские органы самоуправления, национальные суды и 
создать  народную  милицию.Отношение  большевистского  правительства  к  Алаш  Орде : 
партия " Алаш " является буржуазно - кадетской, а ее председатель - ставленник Временного 
правительства, следовательно - враг. Массовые факты насилия, грабежей и злоупотреблений, 
которыми сопровождалось, по свидетельству А. Байтурсынова, одного из лидеров " Алаша ", 
большевистское  движение  на  окраинах,  представлявших " полнейшую  анархию ", толкали 
Алаш - Орду в лагерь вооруженной оппозиции.в конце начале 1920 года Букейханов во главе 
казахской делегации ездил в Москву и, как далее свидетельствует один из алашординцев и 
членов делегации Алимхан Ермеков, лично встречался с Ульяновым - Лениным и другими 
вождями пролетарской диктатуры. Руководил работой делегации в процессе переговоров по 
окончательной  выработке  положения  об  автономии  Казахстана  в  рамках  Советской 
федерации.  В 1920 году  участвовал  в  работе  съезда  Учредительного  собрания, 
провозгласившего  образование  Казахской  АССР  в  Оренбурге,  съезд  проводился " на 
условиях  центра ", чем  и  объясняется,  что  в  составе  руководителей  вновь  образованной 
автономии его имя не  значилось. Тем не  менее, в г. г. он работал одним из руководителей 
Наркомзема  Казахстана.  В 1921 г.  после  трагической  смерти  супруги  Елены  Яковлевны 
добровольно отстранился от активной деятельности и уехал в родные места - в Токраунскую 
волость.Но  его  нахождение  в  Казахстане  было  нежелательным  и  опасным  для  Советской 
власти.  В  этой  связи  руководители  центра  решили " проявить  заботу  о  здоровье  старого... 
марксиста " и  отозвать  в  Москву.  Осенью 1922 года  он  был  арестован  и  под  конвоем 
доставлен  в  столицу,  где  его  ожидала  персональная  квартира  в  бывшем  доме  графа 
Шереметьева в центре Москвы. Несомненно, что под этим благовидным предлогом Советы 
скрывали  свою  основную  цель - изолировать  его  от  народа  и  держать  опытного 
политического  деятеля  под  контролем.А.  Н.  Букейхан  продолжал  оказывать  влияние  на 
национальную  интеллигенцию  вплоть  до  х  годов  через  прессу.  В  течение  г.  г.  он 
сотрудничал  практически  со  всеми  периодическими  изданиями  Казахстана  и  публиковал 
свои  материалы  под  различными  псевдонимами : " Кыр - баласы ", "?" ( виктория ), " 
Калмакбай ", " Читатель " ( на рус. яз.). Однако не стремился к свержению Советской власти 
и не призывал народ к восстанию. Да, он не любил Советскую власть, но признавал, т. к. был 
убежден, " что  единственная  власть,  которая отнеслась  к  нам  сочувственно - это  советская 
власть. Мы добивались долго ( возможно ) выделиться в отдельную национальную единицу, 
и никто кроме советской власти, навстречу нам не пошел…".  
Лидеру  всего  казахского  народа  Алихану  Букейхану  была  уготована  судьба : в 
сентябре 1937 года был приговорен к смертной казни, расстрелян и похоронен вместе – на 
Донском кладбище в Москве. 
 
Самое принципиальное в политическом наследии А.Букейханова - идея национально-
государственного  самоопределения,  она  была  выношена  им  и  его  соратниками,  которые 
отдали  все  силы  на  ее  претворение,  провозгласив  в  декабре 1917 года  государство  "Алаш-
Орда", и в конечном счете поплатившись за это собственной жизнью. 
 
 

119 
Список литературы: 
1.  Букейхан  А.  Тандамалы — Избранное.  Собр.  Соч.  Т.1. – Алматы:  Изд-во  «Өлке», 
2012.- 248 с., фото ( на казахском и русском языках) 
2.  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы.  Сəуір 1920-1928 жж.= 
Движение Алаш.- Т.3 .Кіт.1.- Алматы: Ел-шежіре, 2007.- 304 б. 
3.  Букейхан А. Шығармаларының толық жинағы — Полное собрание сочинений в 7-ми 
т.; Т.1 –Астана: Изд. дом «Сарыарка», 2009.- 564 с. 
4.  Ескендрұлы  (Əбдешев)  М. «Алаш  Орда»  министрлері / Министры  «Алаш  Орды» — 
Алматы: ТОО «Типография оперативной печати», 2008.- 114 с. 
5.  Аккулы Султан-Хан. Алихан всего Алаша: наследие Алихана Букейханова // Мысль. 
— 2013. — №1. — С. 71-80. 
6.  Аккулы Султан-Хан. Собиратель казахских земель: наследие Алихана Букейханова // 
Мысль. — 2013. — №1. — С. 81-87 
7.  Аккулы  Султан-Хан.  Собиратель  казахских  земель.  Часть II: наследие  Алихана 
Букейханова // Мысль. — 2013. — №2. — С. 78-85 
8.  Ауэзов М. Бессмертие Алаша // Казахстанская правда. — 2011. — 11 марта. — С. 13 
9.  Аяган Б. И это все о нем // Экспресс К. — 2011. — 25 марта. — С. 16 : фото 
10. Бельгибаев М. Е. Алихан Бокейхан — общественный деятель и учёный :140 лет со дня 
рождения // География в школах и ВУЗах Казахстана. — 2010. — №5. — С. 37-40 
11. Енисеева-Варшавская  Л.  Сын  степей:  наследие  Алихана  Букейханова // Мысль. — 
2013. — №2. — С. 74-77. 
12. Козыбаев С. Родоначальница демократической прессы: культура // Мысль. — 2013. — 
№1. — С. 67-70. 
 
 
ҰЛТ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖАНЫН ҚИҒАН – АЛАШ АЛЫБЫ 
Ерменбетова С.О. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Əбдірахманова К.Ж 
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті. 
 
Елдің тұрмысын,тілін,мінезін білмеген 
кісі көш басын да алып жүре алмайды 
Əлихан Бөкейхан 
Менің бұл баяндаманы жазудағы мақсатым:Алаш орда көсемі Əлихан Бөкейхановтың 
150  жылдығына  орай,  алаштың  біртуар  азаматы,  ірі  саяси-қоғам  қайраткері,  ұлт  көсемі, 
ғұлама,  ғалым  Əлихан  Бөкейхановтың  өмірі  мен  атқарған  істері,  тарихта  алар  орны  жайлы 
мағлұмат  бере  отырып,  туған  халқына  адалдығын,  патриоттылығын  кейінгі  ұрпаққа  үлгі 
ету.Əлихан  Бөкейханов  туралы  бұл  баяндаманың  негізгі  зерттеу  мақсаты  ол  Қазақ  еліне 
беймəлім жақтарынан таныстыру.Биыл Əлихан Бөкейхановтың  дүниеге келгеніне 150 жыл 
толды.Қазақ  халқының  қуанышына  бұл  мереке  ЮНЕСКО  көлемінде  аталып  өтетін 
болды.Бұл  баяндамамның  өзекті  мəселесі    ол  ұлт  көсемі  Əлихан  Бөкейханов    хақында 
зерттеу жүргізген ғалымдар мен тарихшылардың мағлұматтарына көз жүгірту.Алаш ардагері 
Ə.Бөкейханның  ұлт  үшін,елдің  тəуелсіздігі,  ұлт  азаттығы  жолында  атқарған  қызметі  ұшан-
теңіз.  Совет  заманында  бүркемеленіп  келген  оның  есімі  тəуелсіздік  алған  уақыттардан 
бастап,  ұрпақ  санасында  жаңғырғандығы  белгілі.  Дегенмен  Əлихандай  ұлт  көсемін  қанша 
мадақтап,оның  ұлтқа,  ел  мүддесі  үшін  істеген  игі  істерін  қалай  дəріптесек  те  жарасады. 
Өйткені  ондай  перзент  жүз  жылда  туыла  бермейтін,  дара,  дана  тұлға  екендігі  айтпаса  да 
белгілі.  Ал  оны  үлгі  ету  үшін  əр  адамның  санасына  Əлиханның  қандай  намысшыл,  ұлтын 
сүйген  ұлы  адам  екенін  жеткізу  керек.  Осы  жолда  кішкене  болсада  өз  үлесімді  қосу  парыз 
деп санадым! 
Əлихан Бөкейханов - қазақтың басын біріктіріп, ерікті ел болуын көксеп, сол мақсатқа 
жету  жолына  өз  бойындағы  бар  қасиетін:  ақыл-ойын,  өнер-білімін,  жігер-қайратын,  бар 

120 
саналы  өмірін  арнаған  адам.  Егер  ол  өзінің  бас  пайдасын  ғана  ойлап,  патша  заманында 
мансапқор болып, шен-шекпенге қызығып, ұлық болғысы келсе, өзі ақсүйек, хан əулеті əрі 
оқымысты Əлихан Бөкейханға ол жол оңай еді. Бірақ, Əлихан қара басының қамын ойлаған 
жоқ,  туған  халқының  қамын  ойлап,  белін  бекем  байлап,  ел  үшін  еңбек  ету  жолына 
түсті.Əлихан - қазақ тарихында демократиялы баламалы түрде сайланған Алаш Орда - Ұлт 
кеңесінің  тұңғыш  төрағасы! «Хан  баласында  қазақтың  хақы  бар  еді  ,тірі  болсам  қазаққа 
қызмет  етпей  қоймаймын» - деген  асыл  ердің  тектілік,  намысшыл,  ұлтжандылық  секілді 
қасиеттер  əр  қазаққа  үлгі  болуы  тиіс! «Хан  баласында    қазақтың  хақы  бар  еді,  тірі  болсам 
қазаққа  қызмет  етпей  қоймаймын»  деген  Əлихан  Бөкейханов  тірісінде  қандай  жан  еді? 
Айтқан  сөзін  орындай алды  ма?  Бұл  сұрақтың  жауабын  тарихтың  қатпар  беттерін  ақтарып 
табамыз. Иə, ол өзінің алға қойған мақсатына жетті. Қазақ елінің тағдыры талқыға салынған 
сын  сағатта  оқыған  азаматтардың  басын  қосып,тұңғыш  Қазақ  Республикасының  негізін 
қалады.  Ол  құрған  Алашорда  үкіметінің  ғұмыры  ұзақ  болған  жоқ.  Бірақ  сол  аз  уақыттың 
өзінде талай дүниенің басын қайырды. Қазақтың қазақ екендігін, азат ел бола алатындығын 
көрсетті.[1,9-11б]. 
Терең білім, ұлтының төл тарихына, көне мəдениеті мен салт-дəстүріне деген шексіз 
сүйіспеншілік, туған жерінің түкпір-түкпірін зерттеу, халқына кіршіксіз əрі адал қызмет ету, 
алты  Алашының  бостандығы  мен  құқы  үшін  тынымсыз  күрес,  міне  осының  бəрі  қазақтың 
ХХ  ғасыр  басындағы  Ұлт-азаттық  «Алаш»  қозғалысының  жетекшісі,  қазіргі  Қазақстанның 
іргетасын қалаған Алаш автономиясының төрағасы Əлихан Бөкейхан тұлғасының бір қыры 
ғана еді. Əлиханды алғаш рет алдымен «бүкіл қазақ өлкесіне ықпал ететін, дала өлкесіндегі 
діни-саяси қозғалыстың көсемі»  деп 1905 жылы ақ отаршыл патша  əкімшілігі мойындаған. 
«Қазақ»  газеті  шығып  тұрған  жылдары,  əсіресе,  қазақтарды  Батыс  майданға  қара  жұмысқа 
алған  кезде  Қыр  баласын  «Алаштың  Əлиханы», «Ел  ағасы», «Алаш  көсемі» («ұлт  көсемі») 
деп бүкіл исі қазақ таныды[2,6б]. 
Ұлт тағдыры таразыға түскен, империялық патшалық үкімет пен қызыл империяның 
қылышынан қан тамған қиын-қыстау заманда ел мүддесі емес,ұлт тағдыры туралы «ойлану» 
қорқынышты болып тұрған еді.Ол туралы алаш алыптарының бірегейі Мұстафа Шоқай  1930 
жылы  «Жас  Түркістан»  журналының  №12  санында: «Бізді  ұзақ  жылдар  бойы  бодандықта 
ұстап  келген  патшалық  Ресейдің,  одан  кейін,  міне  он  үш  жыл  бойы  езіп-қанап  отырған 
большевиктік  Ресейдің  құзғындарынан  да  өткен  жауыз,  қанішер  құзғындар  дүниенің  басқа 
бір  жерінен  табыла  қояр  ма  екен?!  Ауылдар  мен  қалалар,орыс  пролетариатының  
отаршылдық ауруымен ауырғанын көріп отырған көзі ашық жас күштер, сендерге айтамын: 
дүние жүзінде халқымызды езіп-қанап жатқан Мəскеу құзғындарынан өткен жауыз дұшпан  
жоқ  екенін  ұмытпаңдар!»-  деп,  сол  уақыттағы  қазақтың  қоғамдық-саяси  өмірінен  хабар 
береді.  Ұлт  жолындағы  атқарған  қызметтері еш  кетпеді.  Осы  уақытта  сақталған  жеріміздің 
шекарасын  сызып,оны  бүгінгі  күнгі  ұрпаққа  аманат  етіп  қалдырып  кетті.  Жалпы 
алаштықтардың  сол  уақыттағы  қызметін  айта  берсең  тауыса  алмайсыз.  Міне,осындай  ұлт 
мүддесі  жолына  өмірін  сарп  етіп,  басын  бəйгеге  тіккен  ұлттық  интеллигенция  шоғырының 
басшысы  бола  білген  Əлихан  Бөкейханның  ұлт  үшін  атқарған  қызметінің  бір  парасы – 
«тəуелсіздік», «ұлттық  тарих», «тіл    тағдыры», «ұлт  мəдениеті»  жолындағы  қызметі  болып 
табылады[3,40-42б]. 
Əлихан Бөкейхановтың халыққа қылған қызметі мен ұлт тағдыры жолындағы барлық 
қиындықтарға  қарамастан  аянбай  еңбек  етуінен  оны  ұлт  көшбасшысы,  ұлт  көсемі  бола 
білгендігінің аңғарамы.Оның қайраткерлік жолы мен қаламгерлік бағыттағы қоғамдық-саяси 
қызметінің  негізгі  бағыты – ұлт  руханиятына  арналғандығын  аңғаруға  болады.  Ұлттық 
тарихымыз,  мəдениетіміз  бен  қазақ  тілінің  тағдыры  жолындағы  күресі  оның  ұлттық 
руханиятымыздың басты қорғаушысы болғандығын айғақтайды[4,8б]. 
1917 жылдың 6-13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен ІІ жалпы қазақ съезінде 
Алашорда  ұлттық  территориялық  автономиясы  құрылды.  Ұлттық  автономия  үкіметінің 
төрағасын  сайлауды  Əлекең    балама  кондидатуралар  арқылы  өткізуді  жақтаған.  Сөйтіп, 
ұсынлған үш адамның ішінен ең жоғарғы қолдауға ие болып, үкімет төрағалығына сайланды. 

121 
Бір  ғажабы 15 адамнан  тұратын  Алашорда  үкіметінің  үш  бірдей  мүшесі  (Ə.Бөкейхан, 
Ə.Ермеков,  Ж.Ақбаев)  Ақтоғайдың  төл  перзенттері  болуы  Арқа  елінің  тектілігі  мен 
топырағының қасиет тұнғандығының айғағы шығар[5,8б]. 
Енді  Əлекең  жайлы  зерттеу  ісімен  айналысып  жүрген  ғалым,  тарихшыларға  сөз 
берейік. Алаш қозғалысының белсенді өкілі, заңгер Əлімхан Ермековтің «Ол кiсi Петроград 
университетiнiң  орман-ағаш  факультетiн  тəмамдаған.  Заң  факультетiне  Ленинмен  бiрге 
экстернат  болып  емтихан  тапсырған.  Терең  дария  мұхиттай  бiлiмдi  ғалым  болатын.  Тоғыз 
тiлде  еркiн  сөйлеп,  жаза  бiлетiн.  Бiздiң  ақыл-ойымыз  Тоқырауын  өзенiндей  болса,  Əлихан 
Бөкейханов  Балқаш  көлiндей  дария  едi  ғой!»-  деген  сөзінен  өз  заманының  өте  қабілетті, 
асқан білімді, сыйлы, беделді азаматы болғанын аңғарамыз. 
1911  жыл  «Айқап»  журналының  №5  санында  Міржақып  Дулатұлы: «Заманымызда 
қазақ үшін өмірін, білімін жұмсап, ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі 
қазақ халқына бірінші дерлік жол басшымыз – Əлихан Бөкейханов» деп жазды.  
Алаш  қайраткерлерінің  бірі - Қошмұхаммед  Кемеңгерұлы 1924 жылы  Мəскеуде 
жарық көрген «Қазақ тарихынан» атты очеркінде: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде 
айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат 
болды. Бұл топты баулыған - Əлихан. Əлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: əдеби 
тіл  тууына  себеп  болды,  өзіне  ерген  топты  діни  фанатизмге  тəрбиеледі.  Бұдан  барып 
татардан іргесін аулақ аулақ салған қазақ ұлты туды»,- деп жазды[6,15-17б]. 
Осындай  дүниежүзін  тəуелсіздік  үшін  күресудің  соғыссыз  саяси  жолдарымен 
мойындатқан  ғасыр  қазағымның  туған  жері  атамекені-Ақтоғай.Əлемде  Əлихан 
Нұрмұхамедұлының саяси күрескерлігін, дария білімді ғалымдығын мойындаған, бағалаған 
саяси қозғалыстар да, қоғамдық ұйымда өте көп. Əлиханнаң есімі берілетін ғимараттар мен 
мекенжайлар да мол болары анық.Алайда, қазақтың Əлиханының туған жері біреу-ақ, ол – 
Арқадағы Ақтоғай[7,13б]. 
Ə.Бөкейханның  «Халық  ісін  орнына  салуға  көп  ақыл,көп  қызмет,көп  жылғы  шебер 
істеген əдіс керек» - дегендігін ескеріп,ұлт жолында жұмылған жұдырықтай бірігіп қызмет 
ете  білсек,  А.Байтұрсынұлы  айтқандай: «Қатерлі  жерде  қаперсіз  отырмай»,  жаһандану 
дəуірінде: «ғасырлар  бойғы  тұншыққан  рухымыз  бен  əлсіреп,  сөнуге  таяған  қазақылық 
келбетімізді»  осы  заманда  жаңғырта  білсек. «Оян  қазақ!  Көтер  басты,  өткізбей  қараңғыда 
бекер  жасты»деп,  М.Дулатұлы  ұрандағанындай: «рухани  ұйқыда  жүрген»  қазақ 
бауырларымызды  Ахаңның  «Масасы»  болып, «оята»білсек,  онда  алаш  алыптарының 
идеясына  сəл  де  болса  үн  қосқанымыз  болар  еді.  Осындай  игі  жұмыстардың  нəтижесінде 
ғана тəуелсіздігіміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз кəміл болмақ!  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.Қазақстан ZAMAN-2016,17наурыз (№11112) 6-бет  
2.Тіл-2016.№1.40-42 бет 
3.Айқын-2016,2ақпан (№15) 8-бет 
4.Егемен Қазақстан-2016,15сəуір (№71) 8-бет 5.Жүсіпов.С.А«Ə.Н.Бөкейхановтың өмірі мен 
əдеби-публистикалық мұрасы» 15-17 бет 
6.Қазақстан мұрағаттары-2016 №2.9-11бет 
7.Егемен Қазақстан-2016,15 сəуір (№71) 8-бет 
 
 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ЕЛІМІЗДІҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІ  
ЖОЛЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ 
Жетписбаева Ж.Ж.  
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Кентбек С.К. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
Баспасөз  беттерінде  өзін  «қыр  баласы»  деп  таныстырған,  көпшілік  жұрт  оны  «ұлт 
көсемі»  деп  білген.Қазақ  ұлтының  жоғын  жоқтап,  мұңын  мұндаған, «тірі  болсам,  қазаққа 
қызмет  қылмай  қоймаймын»  деген [1,17 бет.]  Əлихан  Бөкейхановтың  туғанына  биыл 150 

122 
жыл.  Мерейтой  Юнеско  шеңберінде  осы  жыл  кең  көлемде  аталып  өтілуде.  Бұл  туралы 
ЮНЕСКО-ның 18 қарашада  Парижде  өткен  Бас  конференциясының 38-ші  сессиясында 
жария  етілген  болатын.  Юнеско  аясында  «Бүкілəлемдік  дара  тұлға»  деп  танылған  Əлихан 
Бөкейханұлының  Тəуелсіздік  жолында  алатын  орыны  ерекше.  Əлихан  Нұрмұхамедұлы 
Бөкейханов (1866-1937) – ХIХ  ғ.  соңы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  зиялыларының,  қоғам 
жəне  мемлекет  қайраткерлері  қатарындағы  аса  ерекше  тұлға.  Көрнекті  қоғам  жəне 
қайраткері,  ұлт  азаттық  жəне  Алаш  қозғалысының  жетекшісі,  Алашорда  автономиялы 
үкіметінің  төрағасы,  публицист,  ғалым,  аудармашы. 1866 жылы  наурыздың 5 бұрынғы 
Семей  облысындағы  Қарқаралы  уезінің  Тоқырауын  болысында  (қазіргі  Қарағанды  облысы, 
Ақтоғай  ауданында)  дүниеге  келген.  Халқымыздың  біртуар  перзенті  Əлихан  Бөкейхан 
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымынан. Жасынан зерек, оқуды озат 
бітірген.  Əлихан  Бөкейхан  Санкт-Петербург  университетінің  заң  факультетін  тəмамдап, 
бірнеше  шетел  тілін  үйреніп  білген,  сөйтіп  жиырма  төрт  жасында  жоғары  білімі  жөніндегі 
екі  дипломға  бірі  (Орман  институты)  ие  болған,  керемет  білімді  жас.  Əлихан  Бөкейханов 
Орман  институтын  бітіргеннен  кейін  Омбыға  барады.  Онда  орман  шаруашылығы 
училищесіне  математика  пəнінен  оқытушы  болып  орналасады. «Степной  край»  газетінің 
қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. Осы жылдары ол 
барлық  студентттік  қозғалыстарға  белсене  түрде  араласып,  əсіресе  солшылдардың 
көзқарасына  бейім  болды. 1894-1926 жылдар  аралығында  ол  төрт  түрлі  ғылыми  зерттеу 
экспедициясының 
жұмысына 
қатысқан: 
Тобыл 
экспедициясы; 
В.Щербинаның 
жетекшілігімен  жасалған  экспедициялар;  С.Швецов  басқарған  статистика-экономикалық 
экспедиция;  сондай-ақ (1926) жылы  ССРО  Ғылым  академиясының  антропологиялық 
экспедициясы. 1896-1903 жылдары  Щербина  кейін  С.Швецовтың  экспедициясы 
жұмыстарына  қатысты.  Оның  ойы  бойынша,  экспедиция  жұмысына  қатысу  сол  тарихи 
кезеңде халқы үшін ең зəру мəселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі 
бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Əлихан Бөкейхан экспедиция жұмысына 
қатысу  барысында  қазақ  даласына  байланысты  Ресей  империясының  көздеген  мақсатын 
бұрын  өзі  байқай  бермеген  жаңа  қырынан  көрді  жəне  отарлық  биліктің  таяу  жылдары  ірі 
шараларды  іске  асыруға  даярлық  жасап  жатқанын  көрді.  Бүгінде  Ə.Бөкейханды  біздер 
қазақтың  тұңғыш  энциклопедисі  деуімізге  үлкен  негіз  бар.  Қазақ  зиялыларының  мүлдем 
жаңа  салаға  көтерілуіне 1905 жылғы  орыс  төңкерісі  ерекше  ықпал  етті.  Студенттік  жəне 
омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде маркстік бағытта тұрған Бөкейханның саяси көзқарасы 
өзгерді.  Ол  қазақ  даласын  отарлау  саясатына  белсене  кіріскен  патша  өкіметімен  күрес 
жүргізу үшін əуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен қатар, орыс қоғамының 
ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси күштерге сүйенуді алға тартты. 1905 жылы маусым 
айының 26 жұлдызында  ол  қазақ  зиялыларымен  патша  өкіметінің  атына  империяның 
отарлық орыстандыру саясатынан  зардап шеккен қазақ халқының тілек-талаптарын білдіру 
мақсатында  Санкт-Петербургке  петиция  жолдады.  Петицияда  қазақ  жерінде  адам  құқығы 
аяққа  тапталып,  заңсыздық  пен  бассыздықтың  шегіне  шыққан  орыс  чиновниктерінің 
озбырлық əрекеттері көрсетіліп, болашақта келісімге келу арқылы қазақ даласындағы саяси 
жəне  ұлт  мəселелерін  шиеленістірмей  шешудің  шаралары  белгіленген  еді.  Атап  айтсақ 
талаптарға  мына  мəселелер  енді: «дінге  қысым  жасамау,  қазақша  мектептер  ашу,  Орталық 
Ресейден  қоныс  аударушыларды  тоқтату».[2]  Əлихан  Бөкейхан  Ресей  жандармерия 
басқармасының назарына студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне 
алынды.  Патшалық  Ресейдің  биліктің  озбыр  саясатын  жастайынан  көріп,  түйсініп  өскен 
Əлиханның  бойында  отаршыл  билікке  ғана  емес,  жан  алып,  жан  беріспей-ақ  отарлық 
қамытты киюге мəжбүр еткен өз халқының жағдайын сол кезден бастап терең ойлаған 1917 
жылдың  қарашасында  Бүкілресейлік  Құрылтай  жиналысына  қазақ  жерінде  сайлауға  түскен 
үш  партия – «Үш  жүз»,  большевиктік  социал-демократиялық  жұмысшылар  жəне  «Алаш» 
париияларының  ішінде  жалғыз  Алаш  ұранды  партия  бақталастарын  ойсырата  жеңіп, 43 
депутаттық  мандатқа  ие  болды.  Бұл  тарихи  сəт 1917 жылға  қарай  отарлықта  қазақтың 
«Алаш»  идеясы,  туы  жəне  ұранымен  ұлт  болып  қалыптасқанын  аңғартқан  сəт  болды. 
«Алаш»  идеясы  қазақ  ұлтшылдығының  идеясы,  ұраны  болып,  ұлттық  бірлік  пен  қайта 
өрлеудің туы ретінде 1930 жылдардың соңына дейін салтанат құрып тұрды. 

123 
«Алаш»  идеясы  Əлихан  Бөкейхановтың  ХХ  ғасыр  басындағы  ғылыми-
публицистикалық  шығармашылығы,  ағартушылық,  қоғамдық - саяси  қызметі  іс  жүзінде 
қазақ  халқының  ұлттық-сана  сезімін  оятып,  Алаш  ұлттық  идеясының  маңайына  бірігіп, 
Қазақ хандығының ыдырауынан кейін қайтадан бірегей ұлт болып қалыптасуына жеткізгені 
сөзсіз. «Алаш»  идеясын  алға  тартқан  Əлихан:  қазақ  ұлтшылдығы – ол  өз  ұлтын,  тілін, 
мəдениетін,  салт  дəстүрін,  ата-баба  жерін,  Отанды  сүю,  қорғау  жəне  амқор  болу  деп 
насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық 
мемлекет  құрып,  өзін-өзі  басқаруға  деген  қасетті  табанды  түрде  қорғап,  сол  үшін  күресіп 
өтті.  Сонымен  қатар, 1917 жылдың  желтоқсан  айында  Алаш  ұлттық-территориялық 
автономиясын  жариялап,  оның  төрағасы,  премьер-министрі  болып  сайлана  келе,  Əлихан 
Бөкейхан бұдан былай қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты, көпдінді жəне сан мəдениетті, 
бірақ  көп  мəдениетімен  тұтас  мемлекет  болатынын  болжады.  Автономия  жариялаудың 
қарсаңында  «Қазақ»  газетіне  солай  жазды  да.  [3, 20 бет.]  Патшалық  Ресейдің  отаршылдық 
саясаты  жыл  өткен  сайын  күшейіп,  қазақ  ішіне  дендеп  ене  түсті,  соның  кесірінен  хандық 
биліктің  байырғы  құрылымдары  жойылып,  қазақтың  салт-дəстүрі  мен  мəдениетіне  жəне 
оның  өз  жерінде  дербес  этнос  ретінде  өмір  сүруіне  қатер  төнді.  Патшалық  биліктің  озбыр 
саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Əлихан бойында отаршыл билікке ғана емес, жан 
алып,  жан  беріспей-ақ  отарлық  қамытты  киюге  мəжбүр  еткен  өз  халқының  жағдайын  сол 
бастан  ойлаған.  Алаш  жетекшісі  отаршыл  империяны  саяси  тұрғыдан  реформалап, 
федеративтік  демократиялы  мемлекетке  айналдыру  арқылы  ғана  қазақтың  əуелі  өзін-өзі 
билеп, кейін толық тəуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп санады. Ол мұның ұзақ та азапты 
жол  болса  да,  ең  дұрыс  жол  екенін  көре  білді.  Сондықтан  да 1905 жылы  «Халық 
бостандығы»  немесе  Конституциялық-демократиялық  партияның  (кадет)  Ақмола  облыстық 
жəне Омбы қалалық комитеттерінің ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің бірі болды. 
Əлихан  Бөкейхан  кезіндегі  құдыретті  Қазақ  хандығының  бірлігі  мен  күш-қуатынан 
айырылып,  отарлық  тəуелділікке  қалай  түскенін  егжей-тегжейлі  зерделеп  шықты.  Ол  қазақ 
хандары  мен  сұлтандарының,  ру  көсемдері  мен  билерінің  Ресей  империясы  өкілдерімен 
жазысқан  хаттарын  зерттей  келе  кейбірін  газеттер  мен  арнайы  жинақтарда  жариялады. 
Сондай-ақ  қазақтың  тағы  бір  ерекше  тұлғасы – Кенесары  хан  бастаған  қарулы  көтеріліс 
туралы  ел  аузындағы  аңыз-əңгімелерді  жинақтады.  Əлихан  Бөкейхан  осы  ізденстердің 
арқасында  бірнеше  тұжырымдарға  келіп,  өзінің  ой  қорытындысын  жасады. «Алаш» 
қозғалысы  жетекшісінің  іс-қимылы  мен  рөліне  қазақтың  қазіргі  заманғы  тарихында  алғаш 
рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» деп 
аталатын  тарихи  очеркінде: «Үкіметтің  қара  қуғын  жасаған  күндерінде  айдауында  да, 
абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. 
Бұл топты баулыған - Əлихан», - деп жазды. [4, 21 бет. 
Халқымыздың  тəуелсіздігі  жолында  «Жасасын  Алаш!»  деп  ұран  салып,  қазаққа 
қалтқысыз  қызмет  еткен  аяулы  тұлға  соңынан  өшпейтін  мұралар  қалдырды.  Олай  болса, 
Əлихан  Нұрмұхамедұлының  көтерген  идеялары  бүгінгі  жастардың  бойында,  олардың  ой-
санасында  қайта  жаңғырып  жатыр,  жəне  ол  мəңгі  жасай  бермек.  Еліміздің  біртуар  ұлы 
Əлихан Бөкейханның Алаш идеясы еліміздің жарқын жолы болғандығы баршамызға аян, ел 
тəуелсіздігі жолында алатын орны ерекше екендігі хақ. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.Бөкейханов Ə.Н. Таңдамалы.- Алматы:Қазақ энциклопедиясы,1995-477б 
2.«Алаш Туы астында – Күн сөнгенше сөнбейміз!» / Орталық Қазақстан// 25.08.2016/№134-
135 
3.Бөкейханов Ə.Н. Шығармалар.-Алматы: Қазақстан, 1994. - 384 б. 
4.Қойшыбаев Б. Əлихан Бөкейханов.-Алматы:Жеті жарғы, 2001. - 157б . 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет