«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» САЯСАТЫНЫҢ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Саяжанова А.Ж.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Кентбек С.Қ
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қазіргі таңда бүкіл əлемде өмір сүріп жатқан адамдар сан алуан тілдік ортада өмір
сүруде. Бұл жаһандық үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Қазақстан Республикасының
əлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі – қазақстандықтардың үш
тілді меңгеруі болып табылады. Тəуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері əлемдегі
көптеген елдермен саяси-əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени байланыс жасауға кеңінен
бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нəтижелі болуы жəне ел мен елдің, халық пен халықтың
өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендетуде тіл білудің мəні күн сайын арта түсуде.
Көп тілді білу – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,
əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі
ең басты қажеттілік болып отыр. Сондықтан да елімізде үштілді саясатты жүргізу барысында
үш тілдің орны, беделі, қолданыс аясы мұқият болуды қажет етеді. Əйтпесе əр тілдің орнын
белгілеуде шатасудың орын алуы əбден мүмкін. Қазірдің өзінде осы тілдік саясатты жүзеге
асыру барысында сыни пікірлер айтылып жатқаны, осы ойымызды дəлелдейді. Ағылшын
тілінде білім алып, жұмыс істеу мақсатындағы көп тілділік заманауи талапқа сəйкес пайда
болды. Бүгінгі мектеп түлектері – ертеңгі университет студенттері мен мұғалімдер,
зерттеушілер мен ғалымдар жəне болашақ мамандар. Қазақ тіліне басымдылық бере отырып,
жүргізіліп жатқан «Үш тұғырлы тіл» саясатының мақсаттары айқын жəне оның қарқынды
дамуы керек екендігіде сөзсіз. Сонымен қатар, ол əлем өркениетіне бейімделген, бəсекеге
қабілетті адамды дайындайтын үш тұғырлы білім мақсаттарымен үйлесімді болатыны хақ.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық жəне ағылшын тілін халықаралық
тіл ретінде игеру болашақ ұрпақ үшін аса қажет болады, онсыз халықаралық деңгейге шығу
да мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстанда қазақ, орыс,
ағылшын тілді қолдану, енгізу туралы ойды тұңғыш рет 2006 жылы Қазақстан халқының
Ассамблеясында жариялады. Ал, 2007 жылы Елбасы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан»
Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» «Триединство языков» мəдени жобасын қолға
алуды ұсынған болатын. Бұдан кейін 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына
Жолдауында: «Үкімет «Тілдердің үш тұғырлығы» мəдени жобасын іске асыруды жеделдетуі
тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту
сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді»,-деді [1]. Осылайша, қазақ тілі –
мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі жəне ағылшын тілі – əлемдік
экономикаға, əлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді деп көрсетті. Тоқтала кетсек,
үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым, əрі түсінікті формуламен көрсетуге болады:
мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз жəне ағылшын тілін үйренеміз.
Сонымен бірге, Елбасы өзінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу –
əркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін əрдайым айтып келемін. Біздің
міндетіміз – 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 95%-ға дейін
жеткізу. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20%-ды құрауы
тиіс деп есептеймін» деген болатын [2]. 2011 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы
Президенті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламада үш тілді (қазақ,
орыс жəне ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға
қарай- 12%, 2020 жылға қарай- 15%-ға дейін) ұлғайту көзделген. Бағдарламаның негізгі
мақсаты ол Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін
80
нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын
қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты болып табылады.
Көп тілді білім беру үдерісінің алдында тұрған міндеттері күрделі, ауқымды əрі алуан
түрлі. Солардың ішіндегі ең бір өзектісі, рухани-тарихи маңызы бар, ұрпақ тəрбиесі мен
болашағы үшін орны ерекше мəселе- қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін мемлекеттің бүкіл
аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын іс жүзінде қамтамасыз
ету болып табылады. Жоғарыда атап өткен мемлекеттік бағдарламада халықтың қазақ тілін
меңгеру деңгейін былайша жоспарлаған: мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың
үлесін (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);
мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай -
70%, 2020 жылға қарай - 100%) [3, 175б.]. Жоғарыда айтылғандырдың барлығын ескере
отырып, тіл тағдыры – ел тағдыры деп айтсақ қателеспеспіз. Өркениетке құлаш ұратын елдің
өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп
тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайды. Көп тілді білім берудің негізгі мақсаты –
оқушыларды білімді, тəрбиелі, дарынды, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра отырып,
оларға өздерінің білімін əрі қарай Қазақстаннан сырт елдерде, мысалы, Ресей, Еуропа,
Америка мен Азияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында жалғастыруына
мүмкіндік беру. Бұл өз алдына білім беру сапасының, ғылым салаларының дамуы мен ілгері
басуына алып келуі тиіс. Əлемдегі дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың
басты мақсаты сауатты ұрпақ тəрбиелеу. Ол дегеніміз – ана тілін терең меңгерген, сол тілде
еркін сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше халықтың тілін білетін ұрпақты тəрбиелеу
болып табылады. Білім мен ғылымның, инновацияның, жалпы Қазақстанның дамыған
жағдайында Елбасы біздің алдымызға үш тілді меңгеру қажеттігін қойды. Бұл еліміздің
ертеңіне қажетті аталмыш жобаны халқымыздың негізгі топтарына белгіленгендігі айқын.
Солардың бірі – мектепке дейінгі білім мен тəрбие беру мекемелерінде кеңінен енгізу
қадамдары. Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы оқушы жастар көп тілді білім алып
жатса, соның негізінде тамыр тереңдететін, жапырақ жайқалтатын тəуелсіз Қазақстанның
мақтаныштары болмақ. Сонымен қатар, осы тұста А.Байтұрсыновтың тіл үйренуге қатысты
мына пікірін еске түсірген жөн: «Бала ең алдымен, өз ана тілінде ойлауы, сөйлеуі, білім алуы
шарт». Демек, ана тілінің нəрімен сусындап, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланған балаға
екінші, үшінші, төртінші тілдерді толығымен үйретуге болады. Сондай-ақ, орта білім беретін
мектептердің өзінде оқушылардың үш тілді бірдей деңгейде меңгеруі де білім сапасына
байланысты екендігі белгілі. Мұндай нəтижеге қол жеткізу мүмкіндігі, негізінен тілдерді
тереңдетіп оқытатын гимназиялар түлектерінде басым деуге болады. Сондықтан, қандай
мектеп болмасын, ең бірінші кеьзекте шəкірттерінің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі, яғни,
қазақ тілін жетік меңгеруі міндеттелуі тиіс. Алайда, Қазақстан азаматтарының, яғни, біздің
парызымыз – «өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, мемлекеттік тілді
меңгеріп қана қоймай, шет тілдерді де білу деген пікір білдіреміз. Көп тілдік, үш тұғырлы тіл
ұлт келешегінің де, ұрпақ келешегінің де кілті екендігі бəрімізге мəлім. Сонымен, біз
көрсеткендей тілдердің үш тұғырлылығы – уақыт талабы. Үш тілді білу жас ұрпақтың білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. «Үш тұғырлы тіл» идеясы – жарқын болашақтың
кепілі болып табылады [4].
Біз Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия
факультетінің студенттерінің арасында сауалнама жүргіздік. Бұл шағын сауалнама нəтижесі
бойынша студент жастардың тілге деген құрметі, өзге тілге деген ынтызарлық жəне
қызығушылық ерекше орын алды. Ал, мемлекеттік тілдің ерекшелігі Отан сүйгіштік,
патриоттық сезімді қалыптастырғандығын көрсетті. Олай болса, «Үш тұғырлы тіл» саясатын
негізге ала отырып болашақ ұрпақ үшін мынадай жайттарға көп назар аударуымыз керек: ол
қазақ тілінің жетік меңгерілуі; еліміздің əлеуетін көтеру үшін тіліміздің оқыту жүйесін шет
елдердің оқыту жүйесінің деңгейіне жеткізу; үш тілді жетік меңгерген оқытушылардың
санын арттыру жəне осыған сəйкес білім сапасын көтеру.
81
Əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
атты Жолдауы. 2008 жыл,6 ақпан.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы. 2011 жыл, 29 қаңтар.
3. Хасанұлы Б. Мемлекеттік тіл: əлеумет жəне жастар. - Алматы, 2013.-200б.
4. Табынұлы Т. «Үш тұғырлы тіл: Бəсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы» //
«Айқын апта» газеті - 2011 жыл, 29 наурыз.
АУҒАН – КЕҢЕС СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Түсіпбек Қ.Е.
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Абдрахманова Қ.Қ.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ауғанстан – территориялық жағынан алғанда Орталық Шығыстағы үлкен ел.
Шығыстағы (Хайбер таулы асуынан) батысқа (Зульфигор шатқалына) дейінгі шекара
960 шақырымдық ең үлкен арақашықтықты құрайды. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі
тікелей арақашықтылық (Амудария өзеніндегі Хамиаб бекетінен Чагай тауларының оңтүстік
шетіне дейін) тура 800 шақырым. Ауғанстанның жалпы аумағы 652,2 мың шаршы шақырым.
Ауғанстанмен 5 мемлекет шекараласады: солтүстікте – бұрынғы кеңестер одағы
құрамындағы Орта Азия мемлекеттері, солтүстік –шығыста Қытай Халық Республикасы
(ҚХР) мен Үндістан, батыста – Иран, оңтүстік – шығыста – Пəкістан. Шекара сызығының
барлық аумағы – 5425 шақырым, оның – 2356 шақырымы Орта Азия мемлекетімен, 75
шақырымы ҚХР – мен, 120 шақырымы Үндістанмен, 820 шақырымы Иранмен, 2480
шақырымы Пəкістанмен шекарны құрайды.
Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі Кабул, Ауғанстан мемелекетінің астанасы
болып саналады. Кабул – көптеген ғасырлар бұрын бой көтерген қала.
Ауғанстан жерінің 4/3 бөлігі таулы. Елдің солтүстік шығысынан – оңтүстік батысына
қарай өте ірі Гиндикуш тау жоталары созылып жатыр. Оны Ауғанстанның солтүстігі мен
батысында Паропамид жəне Сафеднах жоталары алмастырады. Оңтүстігін Газни – Қандағар
таулы үстірті алып жатыр [1, 8 б.].
Ауғанстан халқы 20- дан астам əр түрлі этникалық топтардан құралған. Ұлт ретінде
қалыптасу процесі XVII – XVIII ғасырларда аяқталды. Саны 20 млн 547 мың. Оның ішінде 5
млн-ы Кеңес – Ауған соғысы, одан кейінгі уақыттарда орын алған ішкі жанжалдар
салдарынан Пəкістан, Иран, сонымен қатар АҚШ, Канада жəне т.б. батыс елдерінде тұрып
жатқан босқындар (1996). Ауғандықтардың 48 % - ын пуштундар құрайды, олар дуррани,
гильзай, хоттак, уəзір, африд, кака сияқты тайпалар мен тайпалық одақтарға бөлінеді.
Бұлардың барлығы да үлкен Еуропа расасының Үнді – Жерорта теңізі нəсіліне жатады, Үнді
еуропа жəне дари (тəжік) тілдер шоғырының иран тобына жататын пушту (пашто) тілдерінде
сөйлейді. Этногенезі толық анықталмаған, негізінен, үнді, тəжік, түркі халықтарының
араласуы барысында қалыптасқан.
Шамамен алғанда елдің этникалық құрамы мынадай:
Пуштундар – 9 млн адам (халықтың жалпы санының 48 %)
Тəжіктер – 4 млн (20%)
Хазарлықтар – 2 млн (10%)
Өзбектер – 1,7 млн (8%)
Түркімендер – 0,5 млн (3%) басқа ұлттар (арабтар, пашайлар, муритандықтар,
үндістер т.б) – 2,6 млн (14%) [2]
Ауғанстан экономикалық даму жағдайы жөнінде 1977 жылы 129 дамушы
мемлеккеттердің арасында 108-ші орынды иеленді. 1979жылы басталған соғыс ел
82
экономикасына көп зиян келтірді. Дүниежүзілік саудада импорт мөлшері өсіп, экспорт мүлде
азайып кетті.
1919 жылы билік басына Аманулла хан келді ( XX ғасырдың бас кезінде таққа отыған
оның əкесі Хабиболла хан Жалалбад маңында өлтірілгеннен кейін). 28 ақпанда Кабулдың бас
мешітінде Аманолла хан өз елінің тəуелсіздігін жариялады. Ресей тəуелсіз Ауған
мемлекетінің (1919 жылғы 27 наурыз) тəуелсіздігін мойындаған жəне онымен
дипломатиялық қатынас орнатқан тұңғыш держава болды.
1921 жылғы 28 ақпанда жостық туралы кеңес-ауған келісім-шарты жасалды [3, 12-15 бб.]
1926 жылы 31 тамызда Ауғанстан мен КСРО арасында бейтараптық жəне өзара
тиіспеу туралы шарт жасалды [4, 82 б.]
1973 жылға дейін Ауғанстан да монархиялық билік орнады. 1973 жылы əскери
төңкері сболып, республика жарияланды. 1978 жылытағы да қанды төңкерістен кейін үкімет
басына Революциялық Кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 жылы 25 желтоқсанда
Ауғанстанға Кеңес Одағының əскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс
қимылдарын жүргізді.
Совет Одағында «ауған соғысы» деп аталып кеткен əскери қақтығыс – Ауғанстандағы
бір-біріне қарсылас Ауғанстан Демократиялық Республикасының Үкіметі мен қаруланған
оппозиция-ауғандық моджохеттердің арасындағы азаматтық соғыстың бір бөлшегі еді. Елді
кім басқарады жəне жаңа мемлекеттің саясаты қандай бағытта болмақ? Даудың негізі де
осында болатын.
КСРО мен АҚШ та бұл соғысқа саяси жағдайлармен кірісуге мəжбүр болды. Совет
армиясы Ауғанстан Үкіметінің қарулы күштерін жақтаса, Американың қаржысы мен
техникасы, қару-жарағы моджахеттерді қолдауға жұмсалды. Оның үстіне оппозицияны
Қытай, Пəкістан, Иран, Мысыр, Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания жақтап отырды.
Ауғанстан Демократиялық Республикасы 1978 жылы Сəуір революциясы,
шындығына келсек, коммунистік революция нəтижесінде Ауғанстанның демократиялық
халық партиясы мен Ауғанстанның біріккен коммунистер майданы сол кездегі мемлекет
президенті М.Даудты орнынан алуының арқасында құрылды. Революциялық Совет жоғарғы
мемлекеттік орган болып, Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы басқарушы партия
ретінде танылды.
Жаңа режимге қарсылық бірден басталып кетті. 1978 жылдың қазан айында үкіметке
қарсы көтерілістер Нүристанда басталып, 1979 жылдың наурызында Герат қаласына өтті.
Сол жылдың қыркүйегіне дейін көтеріліс провинциялардың тең жартысына дейін жайылып
кетті.
1979 жылдың шілдесінде Ауғанстанға Совет армиясының ең алғашқы əскери құрамы
ретінде 345-ші жеке парашютті-десант полкінің жеке ботальоны келді. Моджохеттерге қарсы
Совет армиясының іс-əрекеттері кейіннен жүргізілгенімен, дəл осы уақытты ауған
соғысының басталуы деп санауға болады. Жалалабад гарнизонындағы наурыз айында
əшкереленген келісім ескеріліп, Ауғанстандағы революциялық режимнің өмір сүруіне қауіп
төндірген кезде Совет Одағының əскери көмегі дер кезінде келді деуге болады. Алайда
шектелген контингенттің негізгі дені кешігіп, яғни 1979 жылдың желтоқсан айында келді.
Ауғанстанға Совет армиясын кіргізу туралы шешімді Совет Одағының коммунистік
партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшелері Ю.В.Андропов,
Д.Ф.Устинов, А.А.Громыко жəне Л.И.Брежнев қана қабылдады. Бұл шешім Хафизулла
Аминді қолдауға жасалған шара болып көрінгенімен, астарында Советтік елдермен
ынтымақтас, Ауғанстандағы достық режимді сақтай отырып, «сенімсіз» Аминді сол кезеңде
Чехословакиядағы Ауғанстанның елшісі қызметінен аластатылған Бабрак Кармальға
ауыстыру еді.
Ауғанстандағы жағдай Саяси бюромүшелерінің тыныштығын бірнеше себепке орай
бұзған еді. 1979 жылы Иранда болған ислам революциясы Таяу Шығысқа тəн
фундаменталдық ислам саяси құрылысын бекіте түсуге шақырып тұрғандай болатын. Бұл,
əрине, ауғандық моджохеттердің де көкейтесті мақсаты еді. Оған қоса, Совет еліне көңілі
83
ауып отырған жаңа таяушығыстық республиканың Үкіметі құласа, КСРО-ның абройын əлем
алдында айрандай төгіп, Советтік Орта Азияда, дəлірек айтқанда, Тəжікстанда жағдай
бұзылар еді. Оның үстіне, Ауғанстанда жəне онымен көршілес елдерде Құрама
Штаттарының əскери-экономикалық əсері көзге көрінердей күш алып бара жатқаны
келешекте Таяу Шығыстан Совет Одағының өзіне қауіп төндіруі əбден мүмкін еді.
Сөйтіп, Совет армиясын Ауғанстанға енгізу Совет Одағы тарапынан төнер қауіптің
алдын алатын іс-шара болды. Ал сырт көзге оғаш көрінбес үшін əскердің енгізілуі КСРО ОК
Саяси бюросы Ауғанстан басшылығы мен Х.Аминнің жеке өзінің Үкіметке қарсы күштерге
тойтарыс беру үшін елге əскери көмек сұрауын негізге алды [5, 3-5 бб.]
Кесте-1 КСРО басшыларынан 1979 жылы кеңес əскерлерінің əр түрлі контингенттерін
АДР-ға енгізу туралы ауғандық басшыларының сұраған өтініштерінің тізімі (Мəскеуге құпия
хабарлама түрінде берілген күні бойынша көрсетілген) [3, 15 б.]
Күні
Мазмұны
14 сəуір
АДР – ға 15 – 20 кеңестің əскери тікұшақ экипаждарымен жіберу
туралы.
18 маусым
Үкіметті, Баграм жəне Шиндандмəуежайларын қорғау үшін АДР – ға
танкілер мен пехота броне машиналарына кеңестік экипаждар
жіберу туралы.
11 шілде
Кабул қаласына əрқайсының саны батальонға дейін əскери күш
енгізу жөнінде.
19 шілде
Ауғанстанға екі дивизияға дейін əскери күш енгізу жөнінде
20 шілде
Кабул қаласына əуе – десантшылар дивизиясыненгізу туралы
21 шілде
АДР – ға 8 – 10 МИ-24 тікұшағы кеңестік экипаждармен жіберу
жөнінде.
24 шілде
Кабул қаласына кеңестік үш арнайы бөлімшелер жəне тікұшақ
транспорттарын кеңестік экипаждар жіберу жөнінде .
1 тамыз
Кабул қаласына арнайы бригада жіберу туралы
12 тамыз
Кабул қаласына кеңестік үш арнайы бөлімшелер жəне тікұшақ
транспорттарын кеңестік экипаждар жіберу жөнінде.
21 тамыз
Кабул қаласына кеңестік 1,5 мың десантшылар жіберу жəне
ауғандық зенитшілер тобын кеңестік топпен алмастыру туралы.
25 тамыз
2 қазан
Кабул қаласына кеңестік іскерлер енгізу туралы.
17 қараша
Х. Аминнің жеке өзін қарауылдау үшін арнайы батальон жіберу
жөнінде.
2 желтоқсан
Бадахшан провинциясына күшейтілген полк енгізу туралы.
4 желтоқсан
Ауғанстанның солтүстік аудандандарына кеңестік милиция
бөлімшелерін енгізу жөнінде.
12 желтоқсан
17 желтоқсан
Ауғанстанның солтүстігіне кеңестік гарнизондар орналастыру, АДР
– дің қатынас жолдарын қарауылға алу жөнінде.
Əрине, əлемдік державалардың бүкілəлемдік билікке ұмтылуы, Ауған елінің ішкі
қақтығыстарына өз ықпалын тигізбей қоймады. Жоғарыда атап өтілген Ауғанстанның ішкі
саяси жағдайына шет мемлекеттердің араласуы, Ауғанстан үкіметінің Кеңес елінен көмек
сұрауына алып келді.
1979 жылы КСРО қарулы күштері Ауғанстан шекарасына кірді. Ауғанстан үкімет
аппараты Кеңес елінен бінеше рет, ішкі саяси қақтығыстар мен бүліктертерді басу
мақсатымен, əскери көмек сұраған. Жедел хаттар, құпия өтініш хаттар 1979 жылы Мəскеуге
бірінен соң бірі келіп отырған [кесте-1]. Амин үкіметі КСРО дан көмек сұрағанымен, КСРО
ның да держава ретінде саясаты болды. Ол Чехословакиядағы Ауғанстанның елшісі
қызметінен аластатылған Бабрак Кармальды Ауған елінің басына қою еді.
84
Əдебиеттер тізімі:
1. Война в Афганистане // Под ред. Пикова Н.И. и др. – М.: Воениздат, 1991. – 367 с.
2. Егемен Қазақстан. – 1996. – 18 ақпан.
3. Боздақтар мəңгі жадымызды. – Алматы: Өлке, 2006. – 279 б.
4. Теплинский Л.Б. История советско-афганских отношений. 1919 – 1987. – М.: Мысль,
1988. – 386 с.
5. Жантасов А. Жартасты жастанған жасақ. Астана: Foliant баспасы, 2014. – 297 б.
«ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МƏДЕНИ МҰРАЖАЙ ҚОРЫҒЫ
Тəлім А.Т.,
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б.
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Есік көлінде 1963 жылдың шілде айында орын алған табиғи апат–су тасқыны
қазылмаған қосымша жерлеу орны сақталған обаны ашуға себепші болған тəрізді. Себебі,
1969-1970 жылдары су тасқыны шайып кеткен авто тұрақты салу үшін жаңадан берілген жер
телімін зерттеу барысында археологтар К.А. Акишев пен Б. Нұрмұханбетов тек отандық қана
емес, əлемдік археология ғылымы үшін де үлкен ашылым болған «Алтын киімді сақ адамы»
жерленген Есік обасын ашқан еді.
Бұл оба ерте темір дəуіріндегі Қазақстан археологиясындағы Іле жəне Жетісу Алатауы
бойларындағы шоғырлана салынған, жоғары дəрежелі тұлғалар жерленген көп жерлеу
кешендердің біріне жатады, тек қазылған ескерткіштерден ондағы қабірдің бірінің
тоналмауы бүгінгі таңға дейінгі бірегей дерек болып отыр. Есік обасы – бұл соңғы кездері
зерттеушілер Скиф герростары деп аталып жүрген Қаратеңіз бойындағы Чертомлык, Күл-
Оба, Толстая могила сынды обалармен маңыздылығы жағынан тең түсетін, сақ кезеңінің
жеке тұлғаларға арнап салынған ескерткіші.
Сыртқы пішіні пирамида іспеттес Есік обасы үйіндісінің диаметрі 60 метрге, сақталу
биіктігі – 6 метрге дейін жеткен, беткейлерінің тіктігі 45 - 50̊ құраған, үйіндінің төбесінде,
əдеттегідей, диаметрі 12 м, тереңдігі 2,3 м тонаушылар шұңқыры болған. Обаны көлемі
жағынан зерттеушілер «патшалық» обалар санатына жатқызды, өйткені осы бір жер бетінде
тұрғызылған ғаламат құрылыстың өлшемдері жерленген адамның жоғары əлеуметтік
дəрежесіне сай. Теориялық тұрғыдан обаның есептелген көлемі 8600 м
3
тең. Осы құрылысты
салу үшін шамамен 3-4 мың адамдық күш қажет болған. Зерттеушілердің пікірінше, үйінді
түзу конус түріндегі күрделі құрылыс болған [1, 15 б.].
Жер бетіндегі құрылыстың стратиграфиясын зерттеу үйіндінің көп қабатты болғанын
көрсетті. Обаның тік қимасының кескінінде 3-4 қабат байқалды: бір қабат өзен малта тастары
қиыршық тас пен саз балшық аралас қабатпен кезектесіп отырған; орталық жерлеудің қабір
шұңқырының айналасында қабірді қазғанда сыртқа шығарылған тас шоғырлары көрінді.
Обаның табанын тазалау кезінде орталық жəне қапталдағы қабірлер анықталды [2, 10-19 бб.].
Есік обасынан алынған заттармен зертханалық–сараптамалық жұмыс жүргізу
барысында К.А. Акишев пен реставратор В.И. Садомсков жерленген адамның киімін
бастапқы қалпына келтіруді ойластырды. Бұл зерттеу жұмысы 1970 жылдан бастап, 1973
жылға дейін үш жыл бойы жүргізілді. Киімнің бөлшектерін қалпына келтіру үшін оның
барлық бірнеше мың жапсырмасын тура сол күйінде қайта құйып шығу керек еді. Ал
олардың пішіні де, өлшемі мен мазмұны да сан алуан болатын, олардың арасында құстар да,
аттар да, арқар мен таутеке де, бұғы, барыс, қасқыр, тіпті қиял-ғажайып тіршілік иелері де
кездеседі.
Құйма қалыптарын жасау үшін арақ-шарап зауытынан сұрап алынған шампан
қақпақтары пайдаланылды. Көркем бұйымдарды штамптау жəне бедерлеу үшін 45-тен аса
қалып даярланып, жапсырмалардың, шығыршықтар мен пластиналардың 3000-нан астам
көшірмелері жасалды. Анодталған алюминийден əзірленген көшірмелер техникалық дəлме-
85
дəлдігі жөнінен алтын түпнұсқалардан мүлдем ерекшеленбейтін. Күн өткен сайын, жылдан
жылға Академия ғимаратының төменгі қабатында қызу жұмыс жүріп жатты. Үлгілерді
əзірлеумен қатар, б.з.д. 6-5 ғасырларда алтын бұйымдарды жасауда штамптау, құю, соғу,
нақыштау, дəнекерлеу, пастамен жəне асыл тастармен бедерлеу, бояу (ол үшін қара жəне
қызыл бояу қолданылған), түйіршіктеу, суықтай алтын жалату, жылтырату сынды алуан
түрлі технологиялар қолданылғаны белгілі болды. 1974 жылдан бастап Кемал Акишұлы мен
Владимир Иванович жасаған «Алтын адамның» қайта жаңғыртпасы жер шарының барлық
құрлықтарын аралап шығып, қай жерде болмасын, келушілердің назарын өзіне аударып,
жасалған жұмыстың сапалылығымен реставраторларды таңғалдырды [2, 24 б.].
Бүгінде Есік қаласына жақындағанда, тас жолдың оң жақ қапталында табиғи
ландшафтыға етене сіңіскен, басты көркі көшпенділер өркениеті қалдырып кеткен көне
обалар болып табылатын мұражайды көруге болады. Олар сандаған ғасырлардың үнсіз
куəлары ретінде далалық жерде орналасқан.
Қорық–мұражай ашу туралы қаулы 2007 жылы Мемлекеттік стратегиялық «Мəдени
мұра» жобасын жүзеге асыру аясында қабылданды. Есік обалары орналасқан жерде ашық
аспан астындағы мұражай жасауды жүзеге асыру ресми түрде Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылдың 30 қаңтарында қол қойған №43
жарлығынан бастау алады. Қысқа мерзімнің ішінде авторлар ұжымының (жоба авторлары –
Н.М. Білдебаев, Е.Д. Жуйко, Б.Ш. Демеуов.; архитекторлары – О.В. Ушанова, М.Н.
Білдебаев, М. Мекебаева.; конструкторлары – Л.Н. Яровая, Е.А. Боровикова, Т.М.
Аверьянова ) жобасы бойынша мұражай ғимараты салынды. Мұражай көрмесін «Дара»
қызметкерлері безендірді.
Мұражай көрмесі сырт көзге Есік обасының зерттелу тарихын көрсететін көркем
сурет сияқты қабылданады. Онда қазба жұмыстардың барысы жəне əр жылдарда патшаның
киімін қалпына келтірумен айналысқан археологтар мен реставраторлардың портреттері
бейнеленген фотосуреттер ұсынылған. Мұражай көрмесінде «Алтын адамның», Берел
обаларының материалдары бойынша жасалған адаммен бірге қойылған жылқы маскасының
қайта жаңғыртпалары, Есік обасынан табылған бұйымдардың түпнұсқалары мен
көшірмелері, оның макеттері жəне тағы да басқа көптеген экспонаттар қойылған.
Ақпараттық стендтердің бірінен мұражайдың алғашқы демеушісі жөнінде білуге
болады. Ол «Қазақтелеком» Алматы облыстық телекоммуникация дирекциясының бас
директоры Ж.А. Мейрамбаев мырза еді. Мұражайдың ішін аралап жүргенде, уақыт
керуенінде саяхат жасап жүргендей күй кешесің. Бұған мұражайдың өзіндік ерекшелігі –
«Зерде сатысы» да ықпал ететіндей: табалдырықтан аттап өтіп, өзге əлемге тап болып, өз-
өзіңмен жəне уақытпен оңаша қалып ойыңды жинақтайсың [2, 29 б.].
Қазақстан территориясында көптеген ескерткіштер мен тарихи жерлер бар, олардың
көпшілігі бүкіл əлемге танымал жəне осы жерлерге ғаламшарымыздың жан-жақтарынан
келетін мыңдаған туристтер барып жүреді. Осындай жерлердің бірі «Есік» қорғаны, оған 80-
нен астам сақ қорғаны кіреді. Есік қорғаны скиф-сақ кезеңінің ең үлкен археологиялық
ескерткіштерінің бірі жəне XX ғасырдың ең маңызды археологиялық жаңалықтарының бірі
болып табылады. Ескерткіш б.з.б IV ғасырмен белгіленеді [3].
«Есік» мемлекеттік тарихи–мəдени қорық–мұражайының ресми ашылуы 2011 жылғы
10 маусымда болды. «Мəдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасының міндеттерін орындау
жөніндегі Қоғамдық кеңес көшпелі мəжілісін мұражайдың ашылуына орай осы жерде
өткізді. Ашылу рəсімі Қазақстан Республикасы Президенті əкімшілігі басшысының
орынбасары, «Мəдени мұра» Мемлекеттік стратегиялық жобасының міндеттерін орындау
жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері – Ə.А. Асқаров, С.Е. Əжіғали, Н. Əлімбай, К.М.
Байпақов, М.Қ. Əбусейітова, І.М. Қозыбаев, Қ.Қ. Тұяқбаев, А. Мұхамəдиұлы, Е.
Шаймерденовтермен қатар, С.М. Мұқанов, Т.Т. Түсіпбеков, Б.Р. Шеңгелбаев, Г.З. Телебаев,
А.А. Тойбаев, Б.Ə. Байтанаев, Ə.Т. Төлеубаев, К.А. Алтынбеков, Х.М. Əбжанов, А.З.
Бейсенов, М. Садықбек, С.М. Жұмағұлов, Е.К. Жұмағұлов, Г.Х. Балабекова сынды
министрліктер мен ведомстволардың, ғылыми ұжымдардың өкілдері қатысты. Есік
86
обаларының мұражайлануына мұрындық болған, өзінің туындысына жанын берген- Бекен
ата [2, 30-31 бб.].
1969 жылы К.А. Акишев басқарған қазақ археологтары Алматыдан шығысқа қарай 50
шақырым жерде үлкен қорғанды қаза бастады. Оның астында, шырша бөренелерімен
қоршалған қабірде, ағаш еденнің үстінде алтын тілімдерімен қапталған киімде сақ
жауынгерінің (Алтын жауынгер) қалдықтары жатқан. Басын күн тəңірін білдіретін қанатты
аттардың бейнелерімен безендірілген өткір ұштығы бар биік бас киім киілген. Ұзын семсер
мен қысқа қанжар оның қару құрамына кірген. Жауынгермен бірге қабірде қымыз құйылған
балшықтан жасалған құмыралар, ет кесектері бар ағаш табақтары, күміс пен қоладан
жасалған асыл құмыралар болған. Қорғанда жерленген жас жігіт сақ тиграхауда
билеушілеріне жатады. Қазақстандық археологтарының болжамдары бойынша, ол Ұлы
Құшандар Империясының билік еткен əулетінің өкілі болған. Антропологтардың зерттеуі
бойынша, Есік қорғанында жерленген жас жігіттің жасы 17-18-де болған. Ол алтын
қаңылтыр белгілерімен безендірілген сауытты, белбеуді, алтынмен кестелеп тігілген
мерекелі киім киген. Бас киімнің үстінде шамамен 150 əшекей болған. Олардың үстінде
көпшілігі тау барыстарының, тау текелерінің, арқарлардың, аттардың, құстардың
штампталған бейнелері бар. Жауынгердің сыртқы киімі шекпен мен шалбардан тұрды.
Қызыл түсті теріден жасалған қысқа шекпен бүтіндей алтын пішіндік қаңылтыр
белгілерімен, ал оның жиектері, астыңғы жағы мен жағасы жолбарыс бастарының бейнелері
бар ірі төртбұрыштарымен кестелеп тігілген. Шекпен шамамен төрт мың алтын заттармен
безендірілген. Осылардың ішіндегі ерекше назар аудартатыны – «Есік хаты» деп аталатын
табақшаның түбіне жазылған жазу [4, 3 б.].
Тянь-Шань шыршасының жүзжылдық бұталарынан мұқият кесілген жерлеу
камерасында археологтар төрт мыңнан астам алтын бұйымдарын тапқан, олар: киімнің, бас
киімнің жəне аяқ киімнің əшекейлері, сақиналар, мүсіндер, қаңылтыр белгілері. Еден үстінде
ағаштан, балшықтан, қола мен күмістен жасалған құмыралар тұрған. Жерленген
жауынгердің салтанатты сауытын безендірген заттардың орналасуы, темір семсер мен
қанжардың қалдықтары жасаған жұмыстарының арқасында зерттеушілерге сақ жауынгерінің
кейпін қайта құруға мүмкіндік берді. Қорғанда табылған жауынгер бүкіл əлемге «Алтын
адам» деген атаумен белгілі болып, егеменді Қазақстанның өзіндік нышаны, замандар
байланысы мен бүгінгі қазақтардың ата-бабалары болған сақтар, ғұндар, үйсіндер,
қыпшақтар мекендеген жер ынтымағының бейнесі болып аталған. «Алтын адам»
көшірмелері Қазақстанның түрлі қалаларындағы көптеген мұражайларында қойылған. Аты
аңызға айналған жауынгер табылған қорғанның өзі 40-тан астам қорғаннан тұратын үлкен
қорғанның оңтүстік шетінде орналасқан. Мұражай экспозициясы екі кең залдан тұрады.
Бірінші залдың басты объектісі, əрине, Алтын адамның көшірмесі болып табылады,
ол арнайы шыны сауыттың ішінде орналастырылған. Келушілер айналып өткенде сақ
жауынгерінің сауытын мұқият көре алады. Осыдан басқа, осы залда сақ кезеңінің басқа да
алтын бұйымдары, көне керамика мен қарудың қалдықтары, ат əбзелдерінің элементтері
қойылған, олардың барлығы осы жерде Есік қорғанынан зерттеу жұмыстары кезінде
табылған.
Екінші залдың экспозициясы қазақ археологтарының қызметіне арналған, осында
қорғанның үлгісі, сонымен қатар қорғандардың қазба жұмыстарына қатысқан ғалымдардың
көптеген фотосуреттері мен жеке заттары көрсетілген. Жыл сайын Есік қорғанының
территориясында ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазба жұмыстар өткізіледі [3].
Сонымен Есік зираттары Іле Алатауының солтүстік етегінен басталып, Іле өзенінің
жағалауына орналасқан патша қорғандарының құрамына жататын зираттардың біріне
саналады. Батысқа қарай Талғар өзенінің жағалауында Жаңа – Алексеевка зираты, одан əрі
қарай осы бағытта Үлкен жəне Кіші Алматы өзендерінің жағалауларында қорғанды зираттар
(қазіргі уақытта бұлардан тек жекелеген ғана қорғандар сақталған) бар. Мұндай зираттар
Қаскелең жəне Күрті өзендерінің маңында да кездеседі, ал Іле өзенінің сол жақ жағалауында
атақты Бесшатыр, Түрген өзенінің оң жақ жағалауында атақты Қаракемер зираттары
87
орналасқан. Патша зираттары одан əрі шығыс жəне оңтүстік – шығысқа қарай Шелек,
Шарын, Кеген, Қарқара өзендерінің жағалауларын, солтүстік–шығысқа таман Қаратал, Ақсу,
Лепсі, Аягөз алқаптарын жəне белгілі Шілікті зираты (Зайсан қазан шұңқыры) жəне Пазырық
қорғандарына дейінгі жерді алып жатыр [4, 5-6 бб.].
Əдебиеттер тізімі:
1. Акишев К.А. Курган Иссык.– М.: Искусство, 1978. – 130 с.
2. Жұмабекова Г.С., Базарбаева Ғ.А., Оңғар А. Есік = Иссык = Esik.-Алматы, 2011. –
200 б.
3. Государственный историко-культурный заповедник-музей //
4. Акишев К.А. Ертедегі ескерткіштер елесі. – Алматы: Қазақстан, 1976.– 120 б.
Достарыңызбен бөлісу: |