Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


«АЛАШ ЖƏНЕ АЛАШОРДА» АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42

«АЛАШ ЖƏНЕ АЛАШОРДА» АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА 
Туребаева Т.А. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бимаканова З.Ш 
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 
 
Алаш  қозғалысы – ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  Ресей  империясының  отарлық 
билік  жүйесіне  қарсы  бағытталған  ұлт-азаттық  қозғалыс.  Ғасырдың  бас  кезінде  қазақ 
қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік əскери-монархиялық басқару жүйесі, 
қазақ  жерінің  Орыс  мемлекетінің  меншігі  етіп  жариялануы,  осыған  орай,  ішкі  Ресейден 
қоныс  аударушылар  легінің  күрт  өсуі,  қазақ  бұқарасының  зорлықпен  егіншілікке  жарамды 
жерлерден ығыстырылуы, дəстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол 
қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Орталық пен жергілікті жерлерден жұмысшы-
шаруа советтердің өкімет билігін тартып алуы Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап 
саяси биліктен айырылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Іс жүзінде азамат соғысы 
дəл  сол  кезде  басталған  өкімет  үшінкүрестің  жалғасы  болып  табылады,  сондықтан  да 
революция  мен  азамат  соғысының  арасына  уақыт  тұрғысынан  айқын  меже  қою  қыйын. [2. 
5б.]. 
Қазақстан  жағдайында  азамат  соғысының  алғашқы  ошағы 1917 жылғы  қарашада 
Торғай облысының əкімшілік орталығы Орынбор қаласында пайда болады. Мұнда Орынбор 
қазақ  əскерлерінің  атаманы  Дутов  жергілікті  совет  өкіметін  күшпен  құлатып,  Рессейден 
Кеңес  өкіметінің  орнағандығын  жария  еткен  советтердің  Бүкілрессейлік  екінші  съезінің 
делегаты С.Цвиллинг басқарған революциялық комитетінің мүшелерін тұтқындайды. Кеңес 
өкіметіне  қарсы  қарулы  күрестің  екінші  орталығы  Жетісуда  құрылды. 1917 жылғы 1 (14) 
қарашада  Верный  (Алматы)  қаласында  Жетісу  қазақ  əскерлерінің  басшылығы  «əскери 
үкімет»  дегенді  құрып,  большевиктер  бастаған  жергілікті  күштерге  қарсы  қарулы  күрес 
жариялайды.  
Орталықта жеңіске жеткен социалистік революция мен оның жергілікті жақтастарына 
қарсы  үшінші  қарулы  орталық 1917 жылғы  қарашада  Оралда  дүниеге  келеді.  Осында  
құрылған «облыстық əскери үкімет» көп кешікпей жергіліктті советті таратып, бүкіл өкімет 
билігін өз қолына алады. 
Ақ  гвардияшыл  офицерлерге,  қазақ  станциялары  мен  переселендер  селоларының 
атаманшыл  кулак  элементтеріне  сүйенген  жəне  совет  өкіметін  қабылдамаған,  қолдамаған 
саяси  партиялар  мен  ұйымдардан  (соңғыларының  ішінде  кадеттер,  оншыл  эсерлер, 
меньшевиктер,  Алаш  партиясы  да  болды)  қолдау  тапқан  осы  үш  əскери  «əскери  үкімет» 
Қазақстандағы кеңестерге қарсы күрестің негізгі күштерін құрайды. 
Азамат  соғысы 1918 жылдың  жазына  қарай  кең  етек  жайа  бастайды.  Оған  шетелдік 
империалистік  мемлекеттердің  Кеңес  өкіметін  құлату  мақсатымен  ішкі  революцияға  қарсы 
күштермен одақтасу себеп болады[1. 170 б.]. 
Ресей  контрреволюциясының  чехославак  корпусының  бүлігі  нəтижесінде  Сібірде, 
Қазақстанның  солтүстік-шығыс  облыстарында  совет  үкіметін  құлатылуын  басқа  да 

154 
пролетарлық  емес  партиялар  сияқты  Алаш  партиясы  да  қанағаттанарлық  сезіммен  қарсы 
алады. Алаш көсемдері бүкілқазақстандық екінші қазақ съезінде құрылғандығын жариялаған 
Алашорданы  шын  мəніндегі  орталық  үкімет  етіп  құру  жəне  оның  жергілікті  органдар 
жүйесін қалыптастыру ісіне белсенді түрде кіріседі. 
1918  жылғы  маусым  айында  Алашорда  заңдық  күші  бар  бірнеше  қаулы-қаралар 
қабылдайды.  Атап  айтқанда,  маусымның 24-інде  Алашорда  Алаш  автонимиясы 
территориясындағы  совет  өкіметі  шығарған  барлық  декреттердің күшін  жою  туралы  қаулы 
қабылдаса, сол күннің ертеңінде облыстар мен уездерде Алашорда кеңестерін құру жөніндегі 
шешім күшіне енгізіледі. Маусымның 24-інде қабылданған тағы бір қаулыда Алашорданың 
жанында үш адамнан тұратын əскери кеңес құрылғандығы жарияланады. Осы əскери кеңеске 
қорғаныс  министрлігінің  міндеттері  жүктеліп,  облыстар  мен  уездерде  əскери  бөлімдер  ашу 
тапсырылады. Əскери кеңеске, - делінді қаулыда, «жігіттерді большевиктермен күресу үшін 
шақыру міндеті жүктеледі». 
Алашорда  қабылдаған  алғашқы  заңдық  мəні  бар  маңызды  құжаттардың  бірі – 1918 
жылы маусымның 24-інде Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев жəне Х.Ғаббасов қол қойған «Алаш 
автономиясының  территориясында  уақытша  жер  пайдалану  тəртібі»  деген  қаулы  болатын. 
Онда Бүкілрессейлік құрылтай жиналысы жер туралы заң қабылданғанша Қазақстанда жерге 
деген  жеке  меншіктің жойылатындығы,  жер  мен  су  байлықтарын  пайдалану  Алашорданың 
рұқстанымен  ғана  болатындығы,  қазақтар  мен  орыстар  арасындағы  жер  дауын  жергілікті 
өзін-өзі  билейтін  земстволық  органдар  шешетіндігі  айтылып,  жер  пайдалануға  байланысты 
басқа мəселелерді шешудің тəртібі көрсетіледі [1, 172 б.]. 
1918  жылы  шілденің 24-інде  Алашорданың  төрағасы  Ə.Бөкейханов  жаңа  Семейден 
(Алаш  қаласынан)  Зайсан,  Көкшетау,  Павлодар,  Қарқаралы,  Петропавл,  Ақмола,  Атбасар, 
т.б. уездердегі қазақ комитеттері мен земство басшыларының атына жолдахан жеделхатында 
Бүкілқазақтың екінші съездің шешімдеріне сəйкес Алашорданың өз қызметіне кіріскендігін 
хабарлай  келіп,  бұл  үкіметтің  жергілікті  оргындарын,  милиция  жасақтарын  дереу  құру 
қажеттігін  баса  көрсетеді.  Сонымен  бірге    Ə.Бөкейханов  Алашорданың  Сібірдің  уақытша 
үкіметімен,  Башқұрт  автономиясымен  одақтық  қарым-қатынас  орнатқандығын,  Семей 
облысындағы  халықтан  жиналған  салық  есебінен  алғашқы  алаш  жасақтарының  құрылып, 
олардың  Сібір  үкіметінің  əскерлерімен  большевиктерге  қарсы  қарулы  күрес  жүргізіп 
жатқандығы туралы жергілікті қазақ комитеттеріне хабарлайды [1, 172 б.]. 
Азамат соғысы жағдайында Алашорда жетекшісі өздерінің басты саяси қарсыластары 
большевиктерге  қарсы  нақтылы  əрі  пəрменді  күрес  жүргізуді  де  ұмыт  қалдырмайды. 1918 
жылы  шілденің 13-інде  Алашорда  үкіметі  қазақтан  шыққан  большевиктерді  жазалау 
мақсатында  ерекше  қазақ  соты  мен  тергеу  комиссиясын  құру  жөнінде  қаулы  қабылдайды. 
Мəселен,  Семей  облысы  бойынша  тергеу  комиссиясының  мүшесі  ретінде  Райымжан 
Мəрсеков  пен  Сыздық  Дүйсембин  тағайындалады.  Алашорданың  батыс  бөлімі 
жетекшілерінің  сепаратистік  пиғылы  мен  іс-əрекеттері 1918 жылғы  мамыр  айының 18-21-і 
аралығында  Жымпиты  қаласында  өткен  Орал  өңірі  қазақтарының IV-облыстық  съезінде 
анық  көрінеді.  Чехословак  корпусының  бүлігі  басталып,  Еділ  бойынан  Сібірге  дейінгі  кең 
алқапта совет өкіметі құлатылған уақытында өткен съездің ашылу сəтінде 300 делегат келсе, 
ол  жұмыс  істген  алғашқы  үш  күнде  оларға  тағы  да 150-дей  адам  қосылады.  Съезге 
қатысқандар  мен  басқа  да  куəгерлердің  мəліметтері  бойынша  оның  құрамы  мен  күн 
тəртібіндегі мəселелердің талқылану барысы Орал облысындағы интеллигенция өкілдері мен 
ауылдың  қалың  бұқарасы  Халел  мен  Жаһанша  Досмұхамедовтар  айқындаған  бағытты 
қолдайтындықтарын көрсетеді. 
Жалпы  саясат  мəселелері  жөніндегі  өз  стратегиясы  мен  тактикасын  анықтай  келіп, 
Орал облыстық қазақ съезі өзінің негізгі міндеті ретінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы 
мен  келешектегі  Ресей  Федерациясындағы  қазақ  автономиясы  үшін  күрес  идеясын  алға 
тартады.  Жаһанша  мен  Халел  Досмұхамедовтар  съезд  шешімімен  Ойыл  уалаятының 
уақытша үкіметін құрады. Оның құрамына Ілбішін, Орал, Гурьев, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің 
қазақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл жəне Бөкей уездері кіреді. 1917 жылы 

155 
жойылған  Уақытша  үкіметтің  облыстық  жəне  уездік  комиссарларының  орнына  Ойыл 
уалайаты  Уақытша  үкіметтің  билігі  жүретін  болады.  Алайда  Орал  облыстық IV қазақ 
съезінің бұл шешімі Орал казачествосы əскери үкіметі тарапынан да, Самарада 1918 жылғы 8 
маусымда  құрылтай  съезі  мүшелерінен  құрылған  Комуч  үкіметі  тарапынан  да,  сол  сияқты 
Орталық Алашорда үкіметі тарапынан да қарсылыққа кездеседі. 
Сондықтан  да 1918 жылғы  қыркүйекте  Уфа  директориясын  құру  туралы  мəжіліске 
қатынасқан Алаш автономиясының делегаттары сол айдың 11-інде автономияның жергілікті 
басқару  жүйесі  туралы  мəселені  талқылап,  Алашорданың  батыс  бөлімшесін  құру  туралы 
шешімге  қол  қойады.  Бұл  мəжіліске  Алашорданың  төрағасы  Ə.Бөкейханов,  мүшелері: 
Уəлитхан  Танашев,  Халел  Досмұхамбетов,  Жаһанша  Досмұхамбетов,  Ахмет  Бірімжанов, 
Əлімхан  Ермеков  жəне  Мұхаметжан  Тынышбаев  қатынасады.  Алашорданың  батыс 
бөлімшесінің  төрағасы  болып  Жаһанша  Досмұхамбетов  тағайындалады.  Алашорданың 
батыс бөлімшесінің құрылуына байланысты Ойыл уəлайатының уақытша үкіметі таратылып, 
оған  осы  кезге  дейінгі  бағынып  келген  Батыс  Қазақстанның  қазақтар  мекендеген  жерлері 
аталған бөлімшенің қарамағына беріледі [1. 175 б.]. 
1918 жылғы жазда азамат соғысы өріс алып, Совет өкіметі құлатылған жағдайда Қазақ 
автономиясын  құру  жөніндегі  Бүкілқазақтық  екінші  съездің  шешімін  орындау  аса  қиын 
мəселеге  айналады.  Бұл  ретте  ең  алдымен  елдегі  хал-ахуалдың  күрт  өзгеріске  ұшырауын 
жəне  соған  байланысты  саяси  күштердің  арасалмағының  басқаша  сипат  алғанын  баса  айту 
қажет.  Екінші  съездің  шешімдері  мен  Алаш  партиясы  программасының  жобасында  Ресей 
демократиялық  федеративтік  мемлекеті  құрамында,  оған  кіретін  «құрдас» (терезесі  тең) 
басқа  мүшелермен  қатар  Қазақ  автономиясын  құру  қажеттігі  баса  көрсетілген  еді.  Алаш 
үкіметін  Самарадағы  Комуч  та,  Омскідегі  Сібір  үкіметі  де  (кеін  Колчак  диктатурасы) 
Алашорданы Қазақ автономиясының үкіметі деп ресми түрде мойындамайды. 
Азамат  соғысы  басталысымен  үш  ай  бойы  Алашорда  өз  билігін  орнату  мақсатымен 
автономияны басқару, жер пайдалану тəртібі, салық, сот, дін, əскер істері жөнінде көптеген 
қаулы-қарарлар  қабылдайды.  Алайда  Сібір  үкіметі  тарапынан  да,  Орынбор  мен  Орал 
қалаларындағы  «əскери  үкіметтер»  тарапынан  да  оларды  қолдау  туралы  ешбір  əрекеттер 
жасалмайды. 
Алашорданың  төрағасы  Ə.Бөкейханов  Сібір  үкіметінің  премьер-министрінің  атына 
1918  жылғы 13 (26) шілдеде  келіссөздер  жүргізу  жөнінде  хат  жолдайды.  Ə.Бөкейхановтың 
хаты, толық болмаса да, белгілі дəрежеде онда алға қойған мəселелердің шешілуіне əсер етті. 
Примьер-министр  П.Волдарскийдің  жарлығымен  түземдік  істер  жөніндегі  минстр 
В.Шатиловтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылады. Комиссия жұмысына білгір адам 
ретінде Алашорданың жетекшісі Бөкейханов тартылады. 
Алашорда  делегациясымен  Сібір  үкіметінің  комиссиясы  арасындағы  келісімге  Уфа 
қаласында  өткен  мемлекеттік  мəжіліс  қарсаңында  қол  жеткізеді.  Тарихта  Уфа  мемлекеттік 
мəжіліс деген атпен бұл бас қосу 1918 жылы қыркүйектің 8-інде ашылады. Оның жұмысына 
147  адам  (кейбір  деректер  бойынша 170 кісі)  қатынасады.  Уфа  мемлекеттік  мəжілісінің 
басты  мəселесі  бүкілресейлік  өкімет  құру  болады.  Оның  басты  міндеттері  бүкілресейлік 
жоғарғы өкімет құру жөніндегі актыда анықталады. Жаңа үкімет Директория деген атаққа ие 
болады. 1918 жылы  қазанның 14-17-сі  күндері,  А.Алдияровтың,  А.Бірімжановтың  жəне 
Омаровтың басшылығымен Қостанайда төтенше уездік қазақ съезі болады. Съезд жұмысына 
алғашқы  кезде 39 делегат  қатынасып,  кейін  олардың  саны 69 адамға  жетеді.  Съезд 
Алашорданы  жоғарғы  үкімет  деп  танып,  уезд  территориясын  Қазақ  автономиясының 
құрамдас бөлігі деп анықтайды. Барлық деңгейдегі Алаш басшылығы 1918 жыл бойы ұлттық 
қарулы  күштерді  құруға  үлкен  мəн  береді.  Алаштың  алғашқы  жасағы 1918 жылғы  қаңтар-
ақпан  айларында  құрылды,  бірақ  совет  үкіметі  орнағаннан  соң  көп  кешікпей  ол 
қарусыздандырылып,  оның  қатарындағы  жігіттер  таратылады. 1918 жылы  маусымның 11-
інде Семейдегі большевиктік билік құлағаннан кейін Ə.Бөкейханов қырдан қарулы жасақпен 
қалаға  келу  туралы  шешім  қабылдайды.  Кездесу  кезінде  алаңға  белгілі  ұлттық  қайраткері 
Бөкейханов  келеді.  Оның  құрметіне  подполковник  Х.Тоқтамышевтің  ұсынысымен  салт 

156 
аттылар  «Алға»  деп  жар  салады.  Большевизмге  қарсы  күресу  үшін  Алашорда  басқа  да 
антисоветтік  күштермен,  ең  алдымен  казачествомен  жəне  Сібірдің  ерікті  армиясының 
командованиесімен ашық байланыстырды 1918 жылғы мамыр айының ортасынан бастайды. 
Қлда бар құжаттарға сүйенсек, бұл байланыстың хроникасы былай болады: мамыр айының 
екінші жартысында Ойыл уалаяаты үкіметінің арнаулы өкілі Ысхан Топаев Орал казактары 
əскер  үкіметімен  большевизмге  қарсы  бірлесіп  күрес  жүргізу  мəселелерін  талқылау  үшін 
Жымпитыдан  Оралға  жіберіледі;  Осындай  мақсаттармен  маусымның  тоғызы  күні  Ойыл 
уалаяатының уақытқа үкіметі Орынбордағы əскери үкімет пен Орынбор казак əскерінің бас 
штабына арнайы хат жолдап, Батыс Қазақстанда «халықтық милиция» жасақтарын құру үшін 
қару-жарақ,  киім-кешек  беруді  жəне  жігіттерді  əскери  өнерге  үйретуге 15 офицер  жəне 20 
урядникті жіберуді өтінеді [1. 185 б.]. 
Алашорданың  төрағасы  Ə.Бөкейханов,  Ə.Ермековпен  жəне  Алашорданың  əскер 
бөлімінің бастығы Х.Тоқтамышевпен бірге 1918 жылғы шілде жəне тамыз айларында Самара 
жəне  Омбы  қалаларында  Комуч  пен  Уақытша  Сібір  үкіметтерінің  əскери  мекемелерінің 
өкілдерімен  Алашордаға  қарулы  күштерді  құруға  көмек  көрсету  жөнінде  келіссөздер 
жүргізеді.  Комуч  пен  Уақытша  Сібір  үкіметі  Алашорданың  қарулы  күштерін  жасақтуына 
қару-жарақпен,  киім-кешекпен  жəне  инструктор-офицерлермен  көмек  беруге  дайын 
екендігін  білдіреді.  Алашорданың  батыс  бөлімшесінің  жеткекшілері  Жаһанша  жəне  халел 
Досмұхамбетовтар  Самарадағы  Комуч  үкіметінің  есебінен 600 винтовка  мен  бір  пулемет 
алды  жəне  көп  кешікпей  ортақ  жауға  (совет  өкіметіне)  қарсы  бірлесіп  күрес  жүргізу  үшін 
2000 адамнан тұратын қазақ жасақтарын құруға уəде береді. Алашорданың Торғай бөлімшесі 
300 мылтық пен 20 мың патронға ие болады. 
Əлихан  Бөкейхановтың 1919 жылғы  ақпанның 11-інде  Колчак  үкіметінің  ресми 
делегациясымен жүргізген келіссөздерінде келтірілген мəліметтер бойынша сол кезде азамат 
соғысы майдандарында Қызыл Армияға қарсы күреске қатынасқан Алаш қарулы күштерінің 
саны  үш  мың  жауынгерден  сəл  ғана  асқанын  көреміз.  Алашорда  үкіметі  мүшесінің 1918 
жылғы  қараша  айында  жарияланған  төмендегі  мəлімдемесін  келтіргеннің  артығы  жоқ 
(газетте  мəлімдеме  авторының  аты-жөні  айтылмаған): «Большевиктік  герман  езгісінен 
құтылу үшін жүргізіліп жатқан ортақ күреске біздің қатынасуымызға байланысты  мəселеге 
келетін болсақ, ол ойдағыдай емес. Біз құрылған əскери бөлімдер үшін қажет қару-жарақты 
көптеген  себептерге  байланысты  дер  кезінде ала  алмадық.  Қазіргі  кезде  қарудың  біздерден 
басқаларға жетпей жатқандығын түсінеміз» - деп мəлімдеме келтіреді. 
Жоғарыда  сөз  болған  Алашорданы  тарату  жəне  оның  орнына  қазақ  істерін  басқару 
үшін  бас  өкіл  Ə.Бөкейханов  басқарған  арнаулы  орган  құру  туралы  Директорияның 
қаулысынан  кейін  ұлттық-мемлекеттік  құрылыс  ісі  тоқтап  қалады.  Алдағы  саяси 
оқиғалардың    барысы  большевиктердің  орнына  келген  ресейлік  өкімет  жүйелерінің 
Алашордаға  теріс  қарауы  ел  билігіндегіоңшыл  элементтердің  біртұтас  мемлекеті  ыдырау 
қаупінен  қалай  болса  да  қорғап  қалу  жоспарынан  туындағанын  көрсетеді.  Осындай  оңшыл 
саяси күштер алдында Директорияның төңірегінде көп шоғырланса, кейін олардың өкілдері 
А.Колчак  басқарған  үкімет  құрамында  да  аз  болмайды.  Ресей  билеушілерінің  Алашордаға 
байланысты ұстаған бұл саясаты Қазақстанды іс жүзінде Кеңес өкіметіне қарсы жүргізілген 
белсенді күрестен ығыстырып тастады, өйткені осы саясаттың нəтижесінде қазақ халқының 
басым  көпшілігі  совет  өкіметі  құлатылғанжағдайда  өзінің  ұлттық  мемлекетіне  ие  болам 
деген үмітінен, ұлттық негіздегі күрес стимулынан айырылады. 
Алашорда  мен  Колчак  үкіметі  арақатынасы  осындай  болып  жатқан  майдандардағы 
оқиғалардың  арасалмағы  қызылдар  жағына  қарай  ауысады. 1919 жылғы  ақпан  айының 
басында ведомствоаралық комиссия құрылып, ол өзжұмысын кейбір үзілістермен сол жылғы 
мамырға  дейін  жалғасады.  Комиссия  төрағасы  П.Коропачанскийдің  мəлімдемесінде  оның 
комиссиясының  Бүкілрессейлік  құрылтай  жиналысы  қазақ  халқының  тағдырын  түбегейлі 
шешуі  үшін  атқарылатын  жұмыстардың  алдын  ала  бағыттарын  анықтау  үшін  құрылғаны 
айтылады.  Құрылтай  жиналысы  білгісіз  уақытқа  кейінге  қалдырылады.  Елдегі  билікті 

157 
большевиктер  тартып алады. 1918 жылғы  маусымда  большевизм  Сібірде  құлады,  Уақытша 
сібір өкіметі құрылды, одан соң, Уфа мəжілісінде директория ұйымдасады. 
1919  жылдың  көктемінде  Алашорда  жетекшілері  жағдайы  қыйындап,  күрделеніле 
түседі. 1919 жылы  наурызда  Семейдегі  азаматтық  істер  жөніндегі  қазақ  сотының  төрағасы 
Жақып  Ақбаев  пен  «Сарыарқа»  газетінің  редакторы  Имам  Əлімбеков  қамауға  алынады. 
Алаш  қозғалысының  белгілі  мүшелеріболған,  бұларға  большевизмді  жақтаушылар  деген 
жала жабылады. Алаш жетекшілері Колчак үкіметінің жергілікті оргындары тұтқындаған, ал 
1919 жылғы 7 шілдеде əскери дала соты ату жазасына кескен Жақып Ақбаевты өлімнен алып 
қалуға  көп  күш  жұмсайды. 1919 жылғы  желтоқсанның 10-ында  Алашорда  өз  өкілдерін 
Түркістан  майданының  қолбасшысы  М.Фрунземен  келіссөз  жүргізу  үшін  Орынборға 
жібереді.  Бірнеше  күнге  созылған  келіссөздер  нəтижесінде  Алашорда  өкілдері  ақтармен 
барлық  байланыстарын  үзуге  жəне  барлық  қару-жарақтарын  советтерге  өткізуге  келіседі. 
1920 жылдың қаңтарында Ə.Бөкейханов пен Семей облыстық Алаш комитетінің үш мүшесін 
Қызыл армияның 59-шы дивизиясының ерекше бөлімі тұтқындайды. 1920 жылы наурыздың 
5-інде Алашорданың батыс бөлімін тарату туралы қаулы қабылданады. 1919 жылдың соңы 
мен 1920 жылдың  басында  Алашорда  мен  Совет  өкіметі  арасында  жүргізілген  келіссөздер 
нəтижесінде дүниеге келген Казревкомның 1920 жылғы наурыздың 5-дегі қаулысына сəйкес 
Алашорда таратылады [1. 193 б.]. 
Қорытындылай  келе  Советтік  негіздегі,  пролетариат  диктатурасы  түріндегі  ұлттық 
мемлекеттікті қабылдамаған, оған қарсы тұрған басқа да ұлттық қоғамдық-саяси қозғалыстар 
сияқты Алаш қозғалысы, оның 1917-1920 жылдардағы құрамдас бөлігі болған саяси партия 
ретіндегі  Алаш,  автономияның  үкіметі  Алашорда,  оларды  халық  таныған  көсемдері  тарих 
сахнасынан, саяси күрес аренасынан осылай күштеп қуылады. 
Ə.Бөкейханов жəне сол кездегі қазақтың зиялы қауымының басқа өкілдері жетекшілік 
жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне 
ұлттық-мемлекеттік құрылыс мəселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық-тұтастық жəне 
халықтық бірлік принциптеріне сүйенеді. 
Алаш жəне Алашорда тарихының маңызды кезеңін зерттеген еңбегімізді аяқтай келе, 
түбегейлі іс тындырдық деуіміз көңілге қонымды болмас, өйткені, аумалы-төкпелі заманды 
басынан кешкен партия мен өкіметтің айтылмаған саясаты да, сыры да баршылық. Қазақстан 
өз  тəуелсіздігін  алғалы,  ұлттық  бостандықты  мақсат  еткен  алаш  зиялыларының  арманы 
орындалды десек қателспейміз. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Нүрпейісов К. «Алаш һəм Алашорда». Алматы: Ататек, 1995. – 282 б. 
2.  Қазақстан. «Ұлттық энциклопедия», І-том. Аңыз адам журналы № 24. - 35 б. 
3.  Бөкейханов Ə. «Таңдамалы шығармалар». Алматы: 1994. – 383 б.  
4.  Қойгелдиев М. «Алашорда». Егемен Қазақстан. 18-қаңтар. 1992. – 4 б.  
 
 
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ 
Шəріпбек М.Қ. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Қазығұлова М.Я 
Қарағанды Гуманитарлы колледжі 
 
«Өткендерін ескерген, өскендіктің белгісі,  
 өткендерін ұмытқан , өшкендіктің белгісі»  
 Халық мақалы  
Сонау  кешегі  өткен  тарих  қойнауындағы  сырларға  үңіле  отырып,  ұшқан  құстың 
қанаты талатын ұлы даланы ұрпағына мұра еткен бабаларымыздың ерлік істерін дəріптеудің 
мəнділігі зор. Сондай игілікті іс шараның көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, ғұлама 
ғалым,  ұлт  азаттық  қозғалысының  теориялық  негізін  салушы  əрі  көсемі,  қазақтың  тұңғыш 

158 
саяси партиясын ұйымдастырушы жəне Алашорда үкіметінің төрағасы, Алаш көсемі Əлихан 
Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының  атап өтілуі.  
Тарихымызды  танып,  өткенімізге  өрелі  сипаттама  жасап,  оны  ғылыми  негізде 
қалыптастыру - бүгінгі  күннің  кезек  күттірмес  мəселесі.  Ұлы  тұлғалардың  үнін  кейінгі 
ұрпаққа  жеткізу,  тарих  сырын  санамызға  зерделеу,  мұраларды  игі  мұраттарға  ұластыру  
шараларының  бəрі - Тəуелсіздігіміздің  тамаша  тағылымдары.  Ендігі  мақсат  жас  ұрпақты 
Отанын  сүюге  тəрбиелеуде  атқарылған  үлкен  игі  шараның  өткізілуі  Алаш  көсемі  Əлихан 
Бөкейхановтың  ел  жадында  берік  сақталған  есім  екендігін  танытады.  Ел  ордасы  Астанада 
үлкен  даңғыл  көшегеесімі  берілуі  де  көрнекті  қоғам  жəне  мемлекет  қайраткері  Əлихан 
Бөкейхановтың рухына құрмет екендігінің айғағы. 
Əлихан  Бөкейханов  «Алаш»  сөзін  алғаш  рет  саяси  айналымға  алып  келіп, – Алаш 
партиясын, Алашорда өкіметін тарих сахнасына «Алаш» атауымен шығарған қайраткер. Ол 
жетекшісі  болған  Алаш  партиясының  басты  мақсаты - қазақ  қоғамын  бірте-бірте  өзгертіп, 
заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғыру бағытымызға да сай келеді. Алаш арыстары 
бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. Алаштың асыл аманаты бізді ауыз 
бірлігімізді күшейтуге шақырады. 
Əлихан  Бөкейханов  ел  басқаруды  қазақ  елінің  ғылымын  дамытудан  бастағаны  туралы 
деректер  қазақ  жерін  зерттеуге  үлес  қосқан  экспедициялардың  сараптамасында  өте  жоғары 
бағаланған.  С.П.Швецовтың 1928 жылы  жазылған  «А.Н.Бокейхан»  атты  зерттеуінде  аталған. 
Ə.Бөкейханов – қазақтың мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған тұңғыш ғалым. 
Зерттеу  еңбектерінде  «Қазақтың  өсірген  əр  қойының  үстіндегі  жүнінен  тоқылған  тоқыма 
қазақтың  үстіне  киім  болып  ілінуі  керек»  десе,  келесі  бір  мақаласында  Орталық  Қазақстан 
жерінің  егін  салуға  қолайлылығы  туралы  айтады.  Ақмола,  Қостанай  жерінің  құнарлығы,  егін 
салуға  лайықты  екені,  қандай  егіннің  қай  түрі  қай  жерде  өсетіні,  тіпті  оларды  суаратын  суға 
дейін жазылған мағлұматтар бар.  
Ə.Бөкейханов – қазақ  ауыл  шаруашылығын  өркендетуге  үлес  қосқан  ғалым. 
Қазақстанның  жерүсті,  жерасты  байлықтары  əр  қазаққа  тиесілі  деп  жазған  ғылыми 
ақпараттары, қазір биология, зоология, агрономия ғылымдарына қосқан тұңғыш үлесі, тұңғыш 
зерттеулер  болып  саналады.  Бұл  зерттеулер,  негізінен,  орыс  тілінде  жазылған  жəне  шетел 
басылымдарында  жарық  көрген.  Сондай-ақ  Санкт-Петербор  мен  Мəскеудің  ғылыми 
кітапханаларында  сақталған.  Қазақ  халқының  жерін  ұрпақтарына  аманаттауы  бұл  ұлттық 
рухтың биік шыңы деуге болады. 
Ə.Бөкейханов - тарихшы ғалым, этнография саласындағы тұңғыш зерттеулердің авторы. 
Тарихшы  ғалым 1916 жылғы  көтерілістің  де  маңызды  екенін  атап  өткен,  қазақтың  рулық-
тайпалық  құрылымын  зерттеген,  қазақтың  шежіресін  жазған  тұңғыш  ғалымдардың  бірегейі. 
Осы  ретте  Павлодар  мен  Қарқаралы  уездеріндегі  төре  мен  төлеңгіттердің  шежіресін  жазған. 
Ə.Бөкейханов  орыстың  ғалымдары  Г.Н.Потанин,  В.Радлов,  А.Затаевичтермен  араласып, 
қазақтың əн-күйі, ою-өрнегі, тұрмыстық құралдары туралы ғылыми құнды мағлұматтар беріп 
отырған. 
Тарихшы  ғалым  М.  Қойгелдиев  өзінің  «Ұлттық  саяси  элита»  еңбегінде  Əлихан 
Бөкейханның  бес  ұстанымын    көрсетеді.  Бірінші – Алаш  ұлттық  демократиялық  мемлекет 
болуы  тиіс.  Ол  үшін  ең  алдымен  жер  болуы  тиіс.  Жерсіз  Отан  жоқ.  Əлихан  Бөкейханның 
ұйғарымы  бойынша,  қазақтың  байырғы  жерін  қашан  қазақтың  өзі  ғылым  мен  техникаға 
сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – 
Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, 
үстіндегі,  көгіндегі  барлық  байлық  қазақтың  өзіне  қызмет  етуі  тиіс.  Үшінші  ұстанымы – 
қазақтың  жерінде  өндірілген  бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне  тоқыма 
болып  тоқылып  киілуі  керек.  Төртінші  ұстанымы – қазақ  мемлекетінде  мемлекет  құрушы 
ұлттың тілі, діні, ділі үстем болуы керек. Бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, 
соның ішінде тəуелсіз  ғылымға, ұлттық дəстүрге негізделген, заңға  сүйене отырып, ұлттық 
демократиялық мемлекет құрылуы керек – деп атап көрсетеді. 

159 
Тарихшы  ғалымдардың  зерттеу  еңбектері  алаш  қайраткерлері  жайында  жазған  мол 
деректер  ұсынады.  Алаш  қайраткерлерінің  шығармалары  мен  өмірдеректері  туралы  ізденіс 
жүргізіп,  ғылыми  еңбектер  жазған  жазушы  филология  ғылымының  докторы,  профессор 
«Алаш  ақиықтары»  анықтамалық  жинағының  авторы  Тұрсын  Жұртбай  Құдакелдіұлының, 
алаш  тұлғаларының  тарихын  зерттеуші  ғалымдар  Сайлаубай  Ерлан  Ерназарұлының 
монографиясы,  тарихшы  ғалымдар  Е.Е.Тілешов,  Д.Қамзабекұлы,  И.Нұрахмет  құрастырған 
«Алаш  қозғалысы»  энциклопедиялық  анықтамасы  бүгінгі  ұрпақтарға  тағылымы  мол 
еңбектер жазды. Алаш көсемі Əлихан Бөкейхановтың адамгершілік пен отаншылдыққа толы, 
асқақ  рухы  күні  бүгінге  дейін  ел  аузында  айтылады.  Келешек  ұрпаққа  патриоттық  тəрбие 
беру  ісінде  үлгі  аларлықтай  тұлға  ретіндегі  бейнесі    нағыз  шынайы  Отансүйгіштік  қасиеті 
ұрпаққа үлгі. 
Тарих тағылымы – ұрпаққа аманат. Тəуелсіз  Қазақстанның іргесін бекітіп, берекесін 
нығайту – бүкіл елдің, болашақ ұрпақтың мақсаты мен парызы. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1. М. Қойгелдиев «Ұлттық саяси элита» Алматы, Жалын, 2004, 170-178 бет 
2.  Е.Е.  Тілешов,  Д.Қамзабекұлы,  И.Нұрахмет  құрастырған    «Алаш  қозғалысы» 
энциклопедиялық анықтамасы, Астана – 2011ж 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет