Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42

 
 
 

124 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАН ИДЕЯСЫ – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІ 
Жомарт Р. 
Ғылыми жетекші: Абдрахманова К.Ж 
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 
 
Қазақ  халқының  маңдайына  біткен  жарқын  жұлдыздардың  бірегейі,  данышпан 
Əлихан  Бөкейхан  тарихта  кешірілмейтін  қателіктерді  бізге  ескертіп  «Қазақтың  тарихы» 
мақаласында, бүгіннен 110 жыл бұрын айтқан болатын: «....Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, 
өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғанын білмейді, 
келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді... Тарих не айтады? – десеңіз, оның 
айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі;олардың дүниеде не істеп,не 
бітіргендігі;қандай қуатты барлығы, ол қуатты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің 
қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досты-дұшпаны 
кіс екендігі; не себеппен бағы тайғандығы жəне соған ұқсас істердің барлығын тарих сөйлеп 
түсіндіріп тұрады...» [1]. 
Ұлтының  тарихын  зерттей  келе,  Əлихан  Нұрмұхамедұлы,  алты  алаштың  бірлігінің 
болмауы,  соның  салдарынан  тəуелсіздігінен  айырылуының  ең  басты    сыры-бұрыңғы  хан-
сұлтандардың Ресей империясы тарапынан отарлау қаупі төнген сəтте де өз билігіндегі ру-
жүздерді  біріктіре  алмауы  екенін  біледі. «Бұрынғының  көбі,күш-қуатты  тиісті  орнына 
жұмсамай,  бірінің  көзін  бірі  шұқудан  уақытты  артылмады,  істегенінің  бəрі  жəбір,  залым 
болды; қылғанының бəрі зорлық-зомбылық еді», - деп жазды Əлихан Нұрмұхамедұлы 1913 
жылы  «Қазақ»  газетіндегі  «Қазақ  тарихы»  мақаласында.  Сол  себепті  де  Əлихан 
Бөкейхановтың туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тіклей ұрпағы ретінде өзін 
айыпты  сезінді,  кең  сахарадаласында  емін-еркін  ғұмыр  кешкен , өзіндік  салт-дəстүрі, 
мəдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп жіберген алдыңғыхан-сұлтандардың 
бар кінəсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. Əлихан 
Бөкейхановтың 1914 жылы жазған мақаласының бірінде: «Хан баласында қазақтың хақысы 
бар еді, тірі болсам , қазаққа қызмет қылмай қоймаймын», - деп жазды . Əлихан соңғы демі 
біткенше осы сертіне адал болды [2,401-402 б]. 
Қазақ жерінің отарлануы мен байырғы жер иесі – қазақ халқына сол кездің өзіне тиіп 
отырған  жəне  алда  да  тигізе  беретін  аса  ауыр  зардаптары  туралы  бірқатар  ірі  еңбектері 
Əлихан  Бөкейхановтың  алға  қойған  мұратының  жарқын  мысалдары  бола  алады.  Оның 
«Қазақстың  суармалы  егістік  жерлерінің  алынуы», « Дала  өлкесінің  түкпірлеріндегі  орыс 
қоныстары» , «Ақмола  облысындағы  переселендерінің  жер  үлестері»  деп  аталатын 
мақалаларының  тақырыптарынан-ақ  оның  қандай  өзекті  мəселелерді  арқау  еткені  айқын 
аңғарылады.  Əлихан  Бөкейхановтың  бұл  мақалаларды  басқа  жерде  емес,  отаршыл 
метрополияның  дəл  жүрегінде – Петербург    қаласында, «Сибирские  вопросы»  журналында 
жариялады. 
Əлихан  Бөкейхановтың  Қазақ  автономиясы  үшін  «Ұлт  Кеңесін  құру»  қажет  деп 
санады.  Яғни: «Біз 5 миллион  қазақпыз,  өзімізді  қорғайтын  күш  өзімізден  табылады.  Сол 
күштерді  реттеп  жасайтын  кеңес  орындары  қажет.  Мемлекет  ісі  күн  сайын  құбылып, түрлі 
күйге  түсіп  тұрған  шақта , бүкіл  қазақтың  атынан  əрбір  жұмысты  ақылдасатын  жоғары 
дəрежедегі «Ұлт кеңесі» болу керек. Ол «Ұлт Кеңесі» əр облыста бөлімі боларға керек. «Ұлт 
Кеңесіне»  халықтың сенімді адамдары сайланып , іс жүргізу қажет», - деп келтіреді [3,46-47 
бб.]. 
Ойымызды  нақтылай  келе , Қазақ  үшін  Алаш  идеясынан,  оның  бес  ұлы  нысанынан 
артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ . Қайта 
тəуелсіздіктің  тамыры  тереңге  кеткен  сайын,  алдымызға  сұрақ  болып  шығып  отыр.  Ол 
идеялар мыналар болатын: 
Бірінші ұстаным: жер, жер жəне жер. Жерсіз Отан жоқ. Əлихан Бөкейхановтың ұйғарымы 
бойынша: «Қазақтың  байырғы  жерін  қашан  қазақтар  өз  бетінше  ғылым  мен  техникаға 
сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». 

125 
Екінші  ұстаным:  жердің  астындағы,  үстіндегі , аспанындағы  барлық  игілік  қазақ 
мемлекетіне қызмет етуі керек. Əлихан Бөкейхановтың айтуынша, «оның əр бір түйір тасы 
қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. 
Үшінші  ұстаным:  Əлихан  Бөкейхановтыңжлбасы  бойынша , «Қазақтың  жерінде  өндірілген  
«бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне  тоқыма  болып  киілуі»  керек,  яғни 
толықтай экономикалық тəуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. 
Төртінші  ұстаным:  қазақ  мемлекетінде  мемлекет  құрушы  ұлттың  тіл,дін,  діл  үстемдігі 
болуы керек. 
Бесінші  ұстаным,  түпкі  мақсат:  ғылымға,  ұлттық  салт-дəстүрге  негізделген  заңға  сүйене 
отырып,  Жапонияның  үлгісіндегі  ұлттық-демократиялық  мемлекет  құру  еді.  Ал  бұл 
идеялардың ұйытқысы болатын. 
Осынау  стратегиялық  мақсаттарға  жету  жолында  ұлттық  зиялы  қауымға  да, 
қарапайым бұқара халыққа да жақын идея өте қажет еді . Əлихан Бөкейхановтың қазақтарды 
руға  да , жүзге  де  жіктемеді,  əлеуметтік  мəртебесіне  де,  біліміне  қарай  да  бөле-жармады. 
Қазақты  біртұтас  халық  ретінде  көргісі  келді.  Осы  орайда    ол  ұсынған  Алаш  атауы  ұлтты 
ұйыстыруға  мұрындық  болатын  тамаша    идея  болып  шықты.  Бұл  идеяны  Əлихан 
Бөкейхановтың Алаш қозғалысы пайдак болғанға дейін-ақ əрдайым айтып жүрген еді. Сонау 
1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны 
«Алаш  деген  мифтік  тұлға»  екенін  атап  өткен  болатын. 1913 жылы  жазған  «Қазақтың  
тарихы»  деп  аталатын  мақаласын  Алаш  атауына  тереңірек  тоқталып,  Алаш  атауының 
астарында «жетекші» еген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап 
кетті.  Бұл  Алаштың – алаш  жұртының  басшысы»  екенін  білдіреді , -деп  жазады  «Түрік 
баласы» («Қазақ»,1913,№7) 
Бүкіл  саналы  өмірін  халқына,  халқының  азаттығына  арнаған  арнаған  Əлихан 
Бөкейхановтың  барлық  қажыр-қайратын,  білім , дарын-талантын  патша  өкіметі  кезіндегі 
қыспақ-қанау  ,отаршылық-зорлық  кезінде  қалам  күшімен  жазылған  еңбектерінде    қалың 
қазақтың өз ішіндегі алауыздық , жалқаулық, ел тағдыры ең басты нəрсе білім , оқу екендігін 
дəлелдейді. Осы бағытта жанын аямай еңбек етті. 
Алашорда  автономиялы  үкіметтің  тұңғыш  төрағасы  сол  кездегі  Алаш  зиялылары 
сияқты  əр  саланың  білгірі.  Ресми  түрде  атайтын  болсақ,  ғұлама  ғалым  экономист,  мал 
шаруашылығын  зерттеуді  ғылыми  жолға  қоюшы,  тарихшы,  этнограф,  əдебиеттанушы, 
аудармашы,  əрі  публицистретінде  қазақ  халқының  саяси  əлеуметтік , мəдени  рухани 
тарихында өшпестей із қалдырған тұлға. Халқымыздың сарқылмас қазынасы – ауыз əдебиеті 
мұраларын жинау , оларды жіктеп, өңдеп бастыру ,əдебиеттану, көркем аударма Əлиханның 
сонау  бастан  сүйсіне  атқарған  істерінің  бірі. «Қазақтың  ұлт  болып  өркениетті  ел  қатарлы 
өмір сүруі үшін ең алдымен , халықтың сана -сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың 
ұлттық тілін əдебиетін өрістету керек. Өз əдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық 
қана азат өмір сүре алады» деп білген Əлихан ұлттық əдебиетімізді өркендетуде жан-тəнімен 
еңбек етеді [4,91 б.]. 
Ағартушы,  ғалым  Əлихан  бөкейхановтың  қаламынан  туған  «Исторические  судьбы 
киргизского  края  и  культурные  его  успехи» , «Киргизи», «Жағрафия», «Астрономия» , 
«Материалы  к  истории  султана  Кенесары  Касымова»  атты  еңбектері  оқушы  қауымға 
арналған тарихи, саяси, этнографиялық , георграфиялық тұңғыш еңбек болып табылады. 
Əлихан  Бөкейхановтың  педагогикалық  мұраларындағы  зерттеулерінде  оқыту  мен 
тəрбиелеу  бір-бірімен  байланыста  болатын  үрдіс  ретінде  қарастырады.Тұлғаны 
қалыптастыруда тəрбиенің атқаратын рөлін Əлихан өз еңбектерінде жан-жақты дəлелдейді. 
Оның  қазақ  отбасындағы  бесік  тəрбиесі,  ұл  бала  мен  қыз  балаларға  арналған  салт-дəстүр 
бойынша  тəрбиелеуді  өзінің  еңбектерінде  арқау  етті.  Ағартушы,  қоғам  қайраткері  Əлихан 
Бөкейхановтың  ойынша: «əрбір  қазақ  баласы  өз  еліне , халқынаадал  қызмет  ету , 
бауырларына қамқор болу керек , сонда біз армандаған қазақ елінің азаматын тəрбиелейміз» , 
-  дейді.  Бұл  айтылған  талғылымдық  өнегенің  ұлттық  мүде  жəне  мұралармен  де  шендесіп 
жатқанын білеміз. 

126 
Тəрбиесіз  жинақталған  білімның  қоғамға  тигізер  пайдасы  болмайтындығын  айтады. 
«Əн  өлең  һəм  оның  құралы»  атты  мақаласында  эстетикалық  тəрбие  өз  көрінісін  тапқан. 
Автор  өнердің  тұлғаны  қалыптастырудағы  рөлін  ерекше  атап  өтеді. «Əн  адамның  бар  ет 
тамыр,  сүйек-сүйегін  қозғайды,  бəрін  ерітеді,  елжіретеді», - деп  жазады  автор.  Əлихан 
Бөкейхановтың бұл ойы əннің құдіреттілігін  бейнелейді. Əн дене тəтбиесіне əсер ететіндігін 
көрсетеді. «Жаңа  туған бла жылау əні , соқылдау əнімен дүниеге келеді», - дейді.  
Əлихан  Бөкейхановтың  қазақ  егіншілігі  мен  мал  шаруашылығы , соның  ішінде 
қазақтың сиыр , қой жəне жылқы шаруашылығы туралы іргелі зерттеулер жариялады. Қазақ 
тарихы,  əдебиеті  мен  фальклоры  туралы  жүздеген  мақалалар  жазып, «Қозы  Көрпеш-Баян 
Сұлу» , «Ер  тарғын» , «Ер  Сайын»  секілді  халық  ауыз  əдебиетінің  бірнеше  үлгілерін 
жинақтап, баспа бетіне шығарды. Ол ғылыми атаққа да , ғылыми дəрежеге де ұмтылмады , 
өйткені  негізгі  күш-жігерін  саяси  күреске  жұмсады.  Кейде  ғылыми  жұмысытарын  еріксіз 
саяси  күрес  барысында  жазуға  тура  келді.  Академик  Əлкей  Марғұланның  естеліктерінде, 
Алаш  көсемінің 1925-1927 жылдар  аралығында  Ленинград  мемлекеттік  университетінің 
профессоры  болғандығы айтылады. 
Өз  дəуірінен  озық  ойлайтын  Əлихан  Бөкейхановтың  дидактика  туралы  айтылған  дəйекті 
пікірі  бүгінгі  этнопедагогиканың  қағидаларымен  байланысты  болатын  практикалық  əдістің 
лабораториялық  əдіске  жақын  екнін  дəлелдейді.  Оның  ойынша , практикалық      əдіс 
мұғалімінің  басшылығымен  сабақты  бекіту  кезеңінде  қолданылады.  Əлихан  Бөкейханов 
оқушының  қажетті  білім  алуы  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты  екендігін  айтады.  Ол 
былай  деп  жазады: «Баланы  баулыған  оқытушы  ісіне  шебер  болса,  өзі  де , балаларды 
табиғатты  əліп-бией  оқып,  аты  бəйгеден  келіп,  бүркіті  түлкі  алып  қызыққа  батады  да, 
қуанады. Бала оқуға күйі түскен қаршығадай, түлеп ұшады», - деп келтіреді [4, 92б]. 
Əлихан: «Қияметке шейін қазақ қазаұ болып жасамақ», деп алаштың жоғын жоқтап, барын 
түгендеп , ұлтымыздың  қамын  жеп  өткен  жұрт  шырақшысы.  Азаттық  жолындағы 
арпалыспен өткен күреске толы ғұмырында ол ұлтының  ертеңі үшін бар күш-жігерін , білім-
тəжірибесін жұмсаумен бірге, басын бəйгеге тігіп, жанын да қиды. Қазақтың өз жерін еркін 
жайлап, өз елінің төрінде отырып, ұл-қызын қазақша оқытып, билік пен төрелікті қазақ тіліне 
айтуы  үшін  аянып  қалған  жоқ.  Қазақ  тілінде  газет  шығарды,  қазақша  кітаптар  бастырды, 
жүздеген мақалалар жазды. Өзгелердің озық ойларын қазаққа жеткізем, көркемдік танымын 
кеңейтем  деп  аударма  да  жасады.  Қайсар  рухты , асыл  текті  қайраткердің  көшбасшылық 
арынымен де, қаламының қарымымен де қазақтың жазба əдеби тілінің дамуына қосқан үлесі 
, сіңірген еңбегі де елеусіз қалмауы керек. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақтың тарихы . Түрік баласы. «Қазақ» газеті , №2, 1913 жыл 
2.  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. «Ə-Г» \ бас ред. Ə.Нысанбаев – Алматы : «Қазақ 
энциклопедиясының» Бас  редакциясы, 1999. – 
2-т.-720 б. ; 401-402  
3.  Бөкейханов Ə. Шығармалар. – Алматы : «Қазақстан»,1994. – 384 б. 
4.  Əбдікəрімұлы Б., Байменова Б. Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық 
мұрасы. – Астана,2008. -123 б. 
 
 
АЛАШ ОРДА - ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ЖƏНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫНЫҢ 
БАСТАУЫ 
Жумашева М.А. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бимаканова З.Ш 
 
Қазақ  мемлекеттілігіне  жəне  жаңашылдығына  бастау  болған  “Алаш”  партиясының 
тəуелсіз ел болуға қосқан үлесін жеткізу, саяси тұрғыда ақпараттандыру.  
ХХ  ғасырдың  20 жылдардағы  “Алаш”  партиясының  Қазақстан  тарихындағы  алатын  орны, 
“Aлаш”  зиялыларының  қазақ  қоғамындағы  атқарған  қызметі,  сонымен  қатар “Aлаш” 

127 
партиясының  бағдарламалық  жобасының  негізгі  ойын  ашу.  Тəуелсіздік  жылдардағы 
жарияланып отырған жаңа мəліметтер негізінде жаңа көзқарастағы тұжырымға көз жеткізу. 
Бірінші  Дүниежүзілік  соғыс  пен 1917 жылы  Ресейде  басталған  революция  қазақ 
ұлттық  зиялыларының  өз  халқының  құқықтарын  қорғау  жолындағы  қызметін  жандандыра 
түседі.  Сол  кездердегі  саяси  жəне  тарихи  оқиғалар  кезінде  бірінші  орыс  революциясы 
кезеңінде  ұлттық қазақ партиясын құру жолындағы алғашқы қадамдар жасалады. Сонымен 
қатар,  Орал  қаласында  1905 жылдың  соңында  қазақ  ұлттық  партиясын  құру  жөніндегі 
шешімдер  қабылдауға  тиіс  болған.  Қазақстанның  бес  облысының  өкілдері  қатысқан 
«делегаттық  сьезд»  шақырылады.  Онда  партия  құру  идеясы  талқыланып  айтылады.  Соның 
негізінде  Қазақ  ұлтық  партиясын  құру  жөнінде  алдын  ала  шешім  қабылданып  Алаш 
партиясы  құрылады (1917 жылы  шілдеде).  Партия  төрағасы  болып  Əлихан  Бөкейханов 
сайланып, ол XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам жəне мемлекет 
қайраткерлері қатарындағы ерекше тұлға, көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, публи-
цист, ғалым, аудармашы болғаны тарихтан мəлім. Осындай жағдайларда хал - ахуалдардың 
жылдам  өзгеруі  мен  саяси    күштердің  екі  жаққа  бөліну  үрдісінің  тездетуін  ескерген  қазақ 
либерал - демократиялық  қозғалысының  басшылары  жалпы    жалпықазақ  съезін  өткізуді 
жылдамдату  жөнінде  шешім  қабылдап  Орынборда  Бірінші  съезі  шақырылады.  Онда 
мемлекеттік  басқару,  автомомия,  халықтық  милиция  құру,  оқу  ағарту,  сот,  Құрылтай 
жиналысына қатысу, саяси партиялар құру т.б жөніндегі мəселелер қарастырылады. Съездің 
негізгі шешімі: «Демократтиялық парламенттік жəне Ресей Федеративтік республикасының 
құрамында болатын ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болады. Съезде « 
Алаш» партиясын құру жөнінде шешім қабылданады. 
«Алаш»  партиясының басшылары Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б. сияқты либерал 
– 
демократиялық 
бағытағы 
қазақ 
зиялыларына 
М.Тынышбаев, 
М.Жұмабаев, 
Ш.Құдайбердиев  т.б.  кіреді. «Алаш»  қайраткерлері  Қазан  революциясын  қолдамайды. 
Олардың  ұраны - Қазақ  халқын  отарлық  езгіден  құтқару  ұранымен  бірікті.  Алаш 
партиясының негізгі бағдарламалық міндеттері ретінде: а) елді отарлық құлдықтан құтқару; 
қазақ  қоғамын  ортағасырлық  жағдайдан  алып  шығып,  мəдениетті  елдер  қатарына  қосу,  б) 
қазақ  қоғамының  əлеуметтік  экономикалық  жəне  қоғамдық – саяси  өмірінде  түбірлі 
өзгерістерді жүзеге асыру жарияланады. Бұл ұйым жерді қазақтардың меншігі ретінде тану, 
ана  тілінде  оқытатын  мектептер  мен  университеттер  ашу,  қазақ  өлкесіне  Ресей 
шаруаларының  қоныс  аудару  процесіне  шектеу  қою,  кедейлерге  теңдік  пен  бостандық 
құқықтарын  беру  жөніндегі  заңдардың  жариялануы  үшін  күресті.  Бүкілқазақтық  съезде  өз 
төңірегіне қазақ халқының əртүрлі топтарының өкілдерін біріктіреді. Самодержавие құлаған 
соң  Алаш  қозғалысы 1917 жылдың  соңында  партиялық  құрылыс    проблемасынан  ұлттық 
автономия құру əрекетіне көшеді.1917 жылы желтоқсанда Орынборда  «Алаш» партиясының 
ІІ    жалпықазақ  съезі  болып  өтеді.  Қазақ  халқының  саяси  тағдырына  байланысты  маңызды 
құжаттар  қабылданады  жəне  «Алаш»  атауымен  қазақ  автономиясының  құрылғаны  жөнінде 
мəлімдейді. «Алашорда» деген атпен Уақытша халықтық  кеңес – үкіметі құрылғаны жөнінде 
мəлімдейді. 
Съезд қазақ автономиясының құрамына  Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей 
облыстары,  Закаспий  облысы  мен  Алтай  губерниясының  қазақтар  мекендейтін    аудандары 
енуге  тиісті  екендігі  жөнінде  қаулы  қабылдайды.  Алашорда  автономиясының  орталығы 
Семей  қаласы  болып  жарияланады.  Алашорда  үкіметін  Ə.Бөкейханов  басқарады.  Ең 
маңыздысы    Алашордаға  «қазақ  тұрғындарының  атқарушы  билігін  қолға  алу»  жүгі 
міндеттеледі. «Алаш» - өлкеде    Кеңестер  өкіметі  арнаған  соң    жəне онымен  келісімге  келу 
əрекеттері  сəтсіз  аяқталғаннан  кейін  объективті  түрде  демократиялық  федерация  мен 
Құрылтай  жиналысын  қорғауды  жақтаушылар  мен  большевиктерге  қарсы  одаққа  кіреді. 
Азамат  соғысының  басталуы  мен  Алашорда  бастаған  жəне  большевиктер  мен  кеңестердің 
соңынан ерген екі жақ бір- біріне қарсы тұрады. Алаш басшылары Кеңес өкіметінің сеніміне 
кіре  алмайды.  РКП-ның  ұлттардың  өзін - өзі  билеу  құқығы  жөніндегі  ресми  құжаттарынан 
үміттенген  алашордашылар 20 жылдың  басында  оның  жүзеге  асу  мүмкіндігіне  сенеді. 

128 
Алайда  большевиктер  партиясы  өз  позицияларының  күшеюіне  қарай  басқа  қозғалыс 
өкілдерін  жоққа  шығару,  оларды  қудалау  тактикасына  көшеді.1921  жылы  күзде  «бұрынғы 
алашордашылардың 
контрреволюциялық 
органдары 
мен 
Кеңес 
мекемелеріндегі 
жұмыстарынан шеттетіледі. Партия басшысы Ə.Бөкейханов жұмыстан босатылып, М.Шоқай 
шетелге  эмиграцияға  кетуге  мəжбүр  болады.  Тоталитарлық  тəртіп  нығайып  Алаш 
партиясына  қатыстылардың  бəрін  қудалау  күшейеді.  Өкімет  алашордашылардың 
«революциялық  жолға»  келіскісі  келмегенін  жəне 1920 жылдың 1- ші  жартысында 
жарияланған  қазақтардың    КСРО – ға  тікелей  кіретін  дербес  мемлекетін  құру»  талабын 
кешіре алмайды. Алашорда қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі 
əлеуметтік - саяси, қоғамдық – саяси жəне рухани – мəдени өзгерістердің нəтижесінде өмірге 
келген  болатын.  Қозғалыстың  басты  тірегі 1917 жылдың  шілдеде  құрылған  жалпы  ұлттық 
«Алаш»  партиясы  болатын.  Алаш  партиясы  өзінің  негізгі  міндеттерін  екі  мақсатқа  жетуді 
көздеген: 
      1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;  
      2)  қазақ  қоғамының  дүниежүзілік  мəдени  қауымдастыққа  енуін  қамтамасыз  ету.  Өзінің 
саяси  құрылымы  жағынан  «Алаш»  партиясы    əр  текті  қазақ    ұлттық  демократиялық 
зиялыларының ұйымы болды.XVIIІ ғасырда жойылған қазақтардың ұлттық мемлекетін қайта 
қалпына  келтіру  болды. 1917 жылы  қарашада  «Қазақ»  газетінде  «Алаш»  партиясының 
бағдарламасының  жобасы  жарияланады.  Бағдарлама  жобасында  он  мəселе  қамтылады.  І. 
Мемлекеттік  қалпы.  Россия  демократиялық,  федеративтік  республика  болу.  Демократия 
мағынасы мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер. Федеративтік 
республикада əр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Əр мемлекет өз тізгінін өзі 
алып жүреді.  Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлкеттік 
құрылыс  мəселесіне  Ресейдің  терезесі  тең  (құрдас)  мемлекеттердің  федеративтік  одағы 
болуын,  оған  мүше  болған  əрбір  субъект  (құрдас  мемлекеттер)  өзінің  егемендік  құқы  бар 
(іргесі  бөлек)  болуымен  бірге  жалпы  федеративтік  одақ  мүдделерін  қорғауда  «ынтымағы 
бір» болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бəрі байланып, 
өз  тізгіні  өзінде  болып,  Ресей  федерациясының  бір  ағзасы  болу.  Реті  келсе,  қазақ 
автономиясы  сыбайлас  жұрттармен  əзірге  бірлес  болу,  реті  келсе  бірден  өз  алдына  жеке 
болу.  Алаш  партиясы  əділдікке  жақ,  нашарларға  жолдас,  жебірлерге  жау  болады.  Күш-
қуатын 
игілік 
жолына 
жұмсап 
жұрт 
тартқан 
айту 
жағына 
бастайды. 
Алаш  партиясы  бағдарламасының  осы  бабында  екі  түбірлі  мақсат  айқындалған:  бірінші – 
Ресей Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ 
халқы мекендеген жерге иелік етеді жəне тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан 
келген  жағдайда  Қазақстан  өз  алдына  тəуелсіз  мемлекет  болып  бөлініп  шығады.  Екінші — 
өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа 
алып,  əділдікке  жақ,  зорлыққа  қарсы  болады.  ІІІ.  Негізгі.  Құқық.  Ресей  республикасында 
дінге,  қанға  қарамай,  еркек-əйел  демей  адам  баласы  тең  болу.  Жиналыс  жасауға,  қауым 
ашуға  жария  сөйлерге,  газет  шығаруға,  кітап  бастыруға  еркіншілік:  хұқмет  қызметкерлері, 
иесінен рұқсатсыз һəм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын 
қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір 
жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу. IV
Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық. Дін жоюға ерік. Кіру-
шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат 
қою  сияқты  істер  молдада  болу,  жесір  дауы  сотта  қаралады.V.  Билік  жəне  сот.  Əр  жұртқа 
билік пен сот тұрмыс  ыңғайына қарай болуы. Би жəне  судья жергілікті жұрттың тілін білу 
керек. Аралас жерде  соттың тергеу-тексеруі  мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. 
Аралас  жерде  соттың  тергеуі – тексеруі  мен  үкімі  жергілікті  жұрттың  қай  көбінің  тілінде 
айтылуы.  Би  мен  судья  орнынан  тергеусіз  түспеу.  Билік  жəне  сот  жүзінде  жұрт  біткен  тең 
болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын 
ұсынады. Айтылған үкім тез орнына келуі керек. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен 
қаралады. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болады. Присяжный қазақтан алады. Қырдағы 

129 
ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт қалаған ереже жолымен атқарылады. VI. Ел қорғау. 
Ел  қорғау  үшін  əскер  осы  күнгі  түрде  ұсталмауы  тиіс.  Əскерлік  жасына  жеткен  жастар 
жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Əскер табына бөлгенде туысқан табына қарай 
бөлу. Əскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару. VII. Салық мəселесі. Салық 
мал-ауқат,  табысқа  қарай,  байға-байша,  кедейге-кедейше  əділ  жолмен  таратылуы  керек. 
VIII.Жұмысшылар.  Жұмысшылар  закон  панасында  болуы  керек.  Қазақ  жерінде  завод-
фабрика  аз,  сондықтан  қазақтың  жұмысшылары  да  аз.  Алаш  партиясы  жұмысшылар 
турасында  социал  демократтардың  меньшевик  табының  бағдарламасын  жақтайды. 
IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық жəне ақылсыз болады. 
Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта 
мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне 
кіріспеу;  мұғалімдер,  профессорлар  өзара  сайлау  мен  қойылуы,  ел  ішінде  кітапханалар 
ашылуы  керек.  X.  Жер  мəселесі.  Төтенше  жиналыс  негізгі  заң  жасағанда  жер  сыбағасы 
алдымен  жергілкті  жұртқа  берілсін  деуі;  қазақ  жер  сыбағасын  отырған  жерлерден  алып 
орналасқанша,  қазақ  жеріне  ауған  мұжық  келмеуі,  бұрын  алынған  жерлердің  мұжық 
отырмағандары  қазаққа  қайтуы;  қазаққа  тиетін  жер  сыбағасын  жергілікті комитеттер кесуі, 
сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы; сыбағадан 
артылған  жер  земство  қолында  болуы  тиіс;  Артық  тұрған  жерден  ел  өскенде  ауық-ауық 
сыбаға  кесіліп  берілуі.  Түркістанда  жермен  бірге  су  сыбағасы  да  кесілуі  жерді  қазақ  үйі 
басына  иленбей  ауыл-аймақ  туысқан  табына  меншіктеп  алу,  өзара  əділдік  жолымен 
пайдалануы  керек.  Жер  заңында  жер  сату  деген  болмау,  əркім  өзі  пайдалануы  керек. 
Пайдасынан  артық  жер  сатылмай,  земствоға  алыну.  Жердің  кені,  астығы,  байлығы 
қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, өзендер мемлекеттік болып, 
аз ағаш жəне көл байлықтары земство мүлкіне саналуы керек. Міне, осы Алаш партиясының 
тарихи бағдарламасының мəтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең 
осы  бағдарлама  жобасы 1917 жылғы  қараша  айының  ортасында  өткен  Құрылтай  съезінде 
өткен  сайлауда  Алаш  партиясының  үлкен  табысқа  жетуін  қамтамасыз  ететін  нағыз  қадам 
болатын. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті,  Ұлт  Көшбасшысы,  Елбасы  Нұрсұлтан 
Əбішұлы  Назарбаев  бұл  бағдарлама  жайында  «Алаш  партиясының  жетекшілері  ұсынған 
көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық 
ұйым,  алдына  қойған  мақсаты,  қазақ  қоғамын  бірте-бірте  өзгертіп,  оны  осы  заманғы 
шындыққа  бейімдеу  еді», - деп  өзінің  əділ  бағасын  берді.  Шынында  бұлар  қоғамның  даму 
дəрежесін, дəстүрлерін мен тұрмыс салтын жаңғартуды мұрат тұтқан либералдық қағидалар 
еді. Олар дəстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі 
қайшылықтардан  арылатындығына  мүмкіндіктер  туды  жəне  өз  халқының  гүлденіп - 
көркеюіне  мейлінше  қамқор  бола  аламыз  деп  сенді.  Сондықтан  да  олардың  ұлттық 
бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша халықтың бас біріктіруіне жағдай туғызды. Бір 
сөзбен  айтқанда,  олар  елді  өркендетудің  демократиялық  баламасын  ұсынды,  бірақ  ол 
авторитарлық  үрдістер  салдарынан  аспай  қалды.  Бүгін  де  біз  Алашорданың  сол  кездегі 
маңызды құжаттарын оқып, оның ешқандай да, сепаратистік немесе халыққа қарсы қозғалыс 
еместігін көреміз. Мұны Алашорда тарихын бұрмалаумен айналысқандар да өте жақсы білді, 
сондықтан  да  олар  Алашорда  үкіметінің  материалдарын  кеңінен  жария  еткісі  жəне  дұрыс 
зерттеуге жол бермеді. Мысалы 1926 жылы жарық көрген Мартыненконың «Алашорда» атты 
құжаттар жинағы мен 1935 жылы жарияланған Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихи 
жөніндегі  очерктер»  деген  зерттеу  еңбектерінде  Алаш  партиясының  қызметін  өлтіре  сынға 
алынуын нақ осымен түсіндіруге болады. Ал осы кітаптың қосымшасындағы Алашорданың 
құжаттарының  жариялануының  өзін  Алашорда  идеясын  ашықтан-ашық  насихаттау  деп 
табылды. Бұл, əрине, Кеңестік дəуірдегі идеологтардың халықтан тарихи шындықты жасыру 
үшін  істеген  əрекеттер  еді.  Қазақ  демократиялық  интеллигенциясы  қазақ  еліне  өркениетті 
қоғамдық  даму  бағдарламасын  ұсына  отырып,  өздері  атқарып  отырған  істің  тарихи  мəнін 

130 
жақсы түсінді. Ə.Бөкейханов 1917 жылдың жазында жазған мақаласында «кейінгі үрім-бұтақ 
не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар», - деп жазды.  Бірақ қазақ елі 
1917 жылғы олар ұсынған жолға түсе алған жоқ. Ал большевиктер партиясы ұсынған даму 
жолы қазақ елі үшін азабы мол жол болды. Оған дəлел ретінде 1920-1921 жылдардағы аштық 
пен 1931-1933 жылдардағы Қазақ халқының басына төнген алапат нəубетті айтсақ жеткілікті. 
Ал 1937-1938 жылдары Қазақ халқының бас көтерер азаматтарының барлығы түгелге жуық 
зорлықшыл  Кеңес  билігінің  жазықсыз  құрбанына  айналып  кете  барды.  Ол  үшін  қазақ 
демократиялық интеллигенциясының тарих алдында ешқандай кінəсі жоқ. Олар туған елінің 
бостандығы үшін соңғы деміне шейін күресіп, империялық зорлықтың құрбаны болды.  ХХ – 
ғасыр  басындағы  азаттық  қозғалыстың  жетекшісі  Ə.Бөкейханов  пен  оның  төңірегіне 
топтасқан  ұлт  зиялылары  қазақ  халқына  бостандық  əперуге,  тұрмыс  жағдайын  өзгертуге, 
өркениет  биігіне  көтеруге  бар  ғұмырын  арнаған  қайраткелер  ретінде  тарих  бетіне  алтын 
əріппен жазылып қалды. Олардың қалдырған өнегелі өмір тағлымы жас ұрпаққа өнеге. 
Саяси  сахнадан  кеткен  соң  алаш  козғалысының  кайраткерлері 20-жылдары 
Қазақстанның мəдениеті, ғылымы мен халық шаруашылығының дамуына елеулі үлес косты. 
Кеңес өкіметі жариялаған бірнеше кешірімге (1919, 1920 жылдардағы амнистия) қарамастан 
қозғалыстьң белсенді мүшелері большевиктердің 20-жылдардының соңы мен 30-жылдардағы 
«ұлтшылдар,  халық  жауларымен  күрес»  аталған  науқанының  барысында  қуғын-сүргінге 
ұшырады.  Алашордашылар 1955 жылы  ақталса  да,  одан  кейінгі  отыз  жыл  бойы,  ресми 
тарихтан  тыс  қалып  келді. 1988-89 жылдары  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  ОК-нің 
шешімі  бойынша  А.Байтұрсыновтың,  М.Дулатовтың,  Ш.Құдайбердиевтің,  М.Жұмабаевтың 
шығармашылық мұралары жария етілді.  «Алаш»партиясы басшыларының есімдері халыққа 
біртіндеп  қайта  оралып,  жарық  көре  бастады.  Қазақ  зиялыларының  армандаған  Алашорда 
мемлекетінің  бағдарламары  мен  міндеттері  бүгінгі    таңдағы  қол  жеткізген  егемендік  пен  
тəуелсіздік  еді. «Алаш»  партиясының  құрылуы-тəуелсіздігіміздің  бастауы  болды.  Бүгінгі 
таңда  Əлихан  Бөкейханов  есімі  қазақ  жұртшылығына  таралып,  тəуелсіздігімізге  жетуге 
себепкер  болған  «Алаш»  партиясы  жайлы  жас  өркенге  тереңірек    жеткізу  мақсатында  жыл 
сайын  түрлі  іс-шаралар  өткізіледі.Тəуелсіздікті  ата-бабамыз  арман  еткен,  ғасырлар  бойы 
аңсаған. Тəуелсіздік жолында күресіп, елінің бостандығы  үшін талай боздақтар өз өмірлерін 
құрбан еткен. Ал бүгін, еліміз тыныш, жұртымыз аман, басымыз бүтін. Төрт құбыламыз тең. 
Бірақ  бұл  бақыт  кімдердің  арқасы  екенін  естен  шығармаған  абзал.  Демек,  естен  шығарып 
қана қоймай, тəуелсіздігімізді келер ұрпаққа жеткізуді мақсат ету керек. Бабаларымыз салып 
кеткен сара жолды үзіп алмай, көзіміздің қарашығындай сақтап, күш-жігерді аямай əрдайым 
жаңашылдыққа  ұмтылып,  көш  ілгері  жүруді  көздеуге  тиіспіз.  Қақақстан  күллі  əлемге 
танылған  ел  екені  мəлім.  Əр  алаш  елдің  өркендеп  өсуіне,  биікті  бағындыруына  жаппай 
атсалысып,  қашан  да  қазақ  деген  атына  кір  келтірмей  дамыған  елдердің  қатарынан  көріне 
берсе  нұр  үстіне  нұр  емес  пе?!  Тарих  толқынында,  тəуелсіздік  белесінде  туымыз  мəңгі 
желбіресін!  ТəТТарихерсе  анда  қаалаш  партиясының    мдемокраəəомтиялық  қозғалысының 
басшылары жалпы қазақ еді. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Алаш. Алашорда. Энциклопедия/ Құраст. Ғ. Əнес, С.Смағұлова.-Алматы: Арыс 
2.  Омашев Н.Н. Алаш арыстарының саяси басшылығы 
3.  Нұрпейісов К. Алаш həм Алашорда.-А.,1995.-119б. 
4.  Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-294б. 
5.  Мартыненко Н. Алаш орда./Сб. Документов. 
6.  “Айқап”. 1911. №11.-8б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет