Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42

АЛАШТЫҢ ƏЛИХАНЫ 
Нұрақ А.С. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к.,доцент Бимаканова З.Ш 
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 
 
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ 
съезі  Алаш  автономиясы  деп  аталатын  Ұлттық  мемлекет  құрылғандығын  мəлімдеп,  оның 
үкіметін  сайлады.  Əлемнің  алтыншы  бөлігін  алып  жатқан  Ресей  империясы  көлемінде  бұл 
аса  зор  оқиға  болмағанымен,  отарлық  езгідегі  қазақ  қоғамы  үшін  оның  тарихи  маңызы 
ерекше еді. Өйткені мұның бəрі қазақ елінің  XVIII ғасырдан бергі өз бостандығы мен теңдігі 
жолында орыс империясына қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын. 
Тарих  сахнасына  Алашорда – Халық  Кеңесі  үкіметін  алып  келген  жалпы  ұлттық 
күрестің  басында  ұлттық  интеллигенция  тұрды.  Олардың  ортақ  түсінігі  бойынша  отарлық 
езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін 
басқа  өркениетті  елдер  қатарына  алып  шыға  алатын  жалқы  жол-  ұлттық  мемлекеттік 
құрылымның болуы еді. 
Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысының  басшылары  тəуелсіз  дербес  мемлекет  құру  жолын 
таңдай  отырып,  осындай  батыл  қорытындыға  келуі  қателік  емес  еді.  Ұлттық  қанау  мен 
ұлттық  теңсіздік  болған  жерде  езілген  елдердің  табиғи  талаптары  мен  мүддесін  қорғайтын 
саяси  институттарға  сұраныс  та  қалыптаспақ.  Ал,  осы  негізде  пайда  болған  мемлекеттің 
саналы түрде жалпы ұлттық - мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да 

140 
табиғи  нəрсе.  Өздерінің  саяси  еркіндігін  алған  елдердің  бəрінде  де  осылай  болған.  Осы 
тұрғыдан алғанда, əрине, Алашорданың өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын. 
Бірақ  қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы  қайраткерлерінің  бұл  əрекеті  ескі  Ресейдің 
тұтастығын  көксейтін ақ  казактар  мен  патша  генералдарына  да,  жаңа  тоталитарлық  жүйені 
орнатушы большевиктерге де ұнай қоймады. Егер алғашқылары Алаш қайраткерлеріне Ұлы 
Ресейсіз  өз  бетінше  өмір  сүре  алмайтын  бұратана  халықтың  өкілдеріндей қарап,  аяқтарына 
шалса,  соңғылары  саяси  сауатсыз,  аңқау  елді  арзан  ұрандармен  артына  ертіп,  ал  оның  көзі 
ашық  көш  бастаушыларын  «буржуазиялық  ұлтшылдар», «ұлтшыл-уклонистер»  деп 
жариялап,  алдымен  халықты  оларға  қарсы  қойып,  артынан  бұларды  асып-тасып,  рухани 
азапқа салып, жойып тынды. 
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл 
екі  саяси  жүйе  де  ұлттық  мемлекеттік  идеясынан  қорықты.  Сондықтан  да,  ұлттық  шет 
аймақтарда  бұл  ойға  қозғау  салушылардың  есімін  атауға  тыйым  салынды.  Міне  осыған 
байланысты  біз  соңғы  уақытқа  дейін  қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы  қайраткерлерінің  өмір 
жолымен,  олардың  артында  қалдырған  шығармашылық  мұраларымен  таныса  алмай  келдік. 
Халқымыздың  өз  еркіндігі  үшін  күрес  жолында  мəңгі  өлмейтін  терең  із  қалдырған  сондай 
қоғам жəне мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға – Əлихан Нұрмұхамедұлы 
Бөкейхан.  Көрнекті  қоғам  қайраткері  –  Ресейдің  жергілікті  жəне  қалалық  қоғам 
қайраткерлері  съезінің  депутаты,  Ресейдің  І  Мемлекеттік  думасының  жəне  мұсылман 
халықтары съезінің депутаты, Санкт-Петербор масоны, қазақтың  XX ғасыр басындағы ұлт-
азаттық  қозғалысының  негізін  салушы  əрі  көсемі,  халқымыздың  тұңғыш  саяси  Алаш 
партиясының ұйымдастырушысы жəне ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы. 
Əлихан  Бөкейхановтың  қайраткер  ретінде  қалыптасуы:  Біріншіден,  Əлихан  еркіндік 
пен теңдікті жоғары бағалаған ортасы, оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ықпалы 
болды  деуге  болады.  Орыс  оқырмандарына  Абайдың  шығар-маларымен  таныстыруды 
көздеген  материал  жариялап,  оның  Петерборда  жарық  көру  іне  мұрындық  болып, 
Қобыланды,  Ерсайын,  Қозы-Көрпеш – Баян  сұлу  жəне  басқа  көптеген  ауыз  əдебиеті 
үлгілерін  жинап,  зерттеп  жəне  насихаттап  өткен.Əлихан  Бөкейханов,  екіншіден,  XX 
ғасырдың басында озық ойлы Европа мəдениеті мен дəстүрі ықпалымен қалыптасты. Оның 
өмір  жолын  айқындауда,  əсіресе,  Ұлы  Француз  революциясының  жəне  орыс  азаттық 
қозғалысы  мен  гуманистік  əдебиетінің  орны  ерекше  болады. 1917 жылдың  жазында 
Уақытша 
үкіметтің 
комиссары 
қызметінде 
жүріп 
жазған 
мақаласында 
ол: 
«Бостандық,теңдік,туысқандық XVIII ғасырдан  бері  жарыққа  шыққан  таза  пікір.  Мұны 
майданға  салған  Франция  жұртының  саяси  ерлері.  Осы  үш  түрдің  бəрі  біздің  тарихтан, 
інжілден,  будда  оқуынан,  Лев  Николавич  Толстой  философиясынан  табылады,  көзі  ашық 
талапты ер іздесе. Бұл үш ұранның бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл 
жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады» – деп жазады.[1- 195 б]. 
Əлихан  Бөкейханов – көркем  аудармашы.  Əлиханның  кейінгі  ұрпаққа  қалдырған 
əдеби мұрасының ең көлемдісі – көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик 
жазушылары  Л.Н.Толстой,  А.П.Чехов,  В.Г.Короленко  сияқты  жазушыларымен  қатар, 
Еуропаның өркениетті елдерінің қаламгерлері, мысалға Ги де Мопассан əңгімелері, сондай-
ақ,  үнді,  түрік  тектес  Қырым  халықтарының  əдеби  шығармалары  жəне  Антика  дəуірінің 
əдеби туындылары ұшырасады. 
Əлихан  Бөкейханов  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  қатар  жазған  публицист.  Оның 
қаламынан  шыққан  мақалалар  Ресей  астанасының  «Сибирские  вопросы», «Биржевые 
ведомости», «Новая  жизнь»  секілді  газет-журналдарынан  бастап,  патша  үкіметінің  қас-көзі 
Жандармерияның  қуғын-сүргіні  салдарынан  көшіп-қонып  жүріп  Омбы,  Самара,  Орынбор, 
Семей,  Мəскеу  сияқты  қалалардың  мерзімді  басылымдарынан  жиі  көрініп  тұрған. 1918 
жылға  дейінгі  қазақ  қоғамының  саяси  рухани  өмірінде  аса  роль  атқарған  «Қазақ»  газетін 
ұйымдастыруда жəне оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуінде Ə.Бөкейхановтың атқарған 
еңбегі  аса  зор.«Қазақ»  газеті  бетінде  Ə.Бөкейхановтың  негізгі  тақырыбы,  жер  мəселесі 
болды. Онда ол: біріншіден, жер үлесін алдымен патшалық билік тұсында үлестен тыс қалып 

141 
келген  жергілікті  халық  алуға  тиіс  деп  санаса;  екіншіден  жерді  меншік  есебінде  үлестіріп 
беруге қарсы шығып, ондай жағдайда егіншілік мəдениетін толық игермеген қазақ шаруасы 
үлесін «көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытылып, жаңалаш шыға келеді», сондықтан да 
жер  қауымға  кесіліп, «жерді  бірге  алған  ру,  ауыл,  болыс  өз  ішінде  өздері  тəртіп  жасап, 
əділдікпен  пайдаланғанын  жақтайды.Үшіншіден,  жер  үлесі  «шаруаға  жердің  топырағына, 
жергілікті табиғатына байланысты» болғанын қалайды. 
Ұлттық  мемлекет  құру – Əлихан  Бөкейханов  жəне  басқа  буржуазиялық-
демократиялық  бағыттағы  өкілдердің  түпкі  мақсаты  болады.  Олар 1905-1907 жылдардағы 
орыс  революциясынан  кейінгі  кезеңде  алғашында  радикалдық  бағытта  көрінген 
буржуазиялық  конституциялық – демократиялық    партияның  құрамына  еніп, 
конституциялық  демократия  шеңберінде  қазақ  ұлтына  автономия  алудан  үміттенеді.  Бірақ 
олардың бұл үмітінің негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттың өзі де көрсетіп береді. Кадеттер 
партиясына  үміт  артқан  тəжірибесіз  ұлттық  интеллигенция  өкілдерінің  онымен  саяси-
идеялық  алшақтығы  Ақпан  төңкерісінен  кейін  біржола  айқындала  түседі.  Əлихан 
Бөкейханов  «мен  кадет  партиясынан  неге  шықтым?»  деген  ашақ  хатында  ол  туралы  былай 
деп жазады: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді.Біздің қазақ 
жерді  меншікті  қылып  алса,  басқұртша  көрші  мұжыққа  сатып,  біраз  жылда  сытырылып, 
жалаңаш болып шыға келеді. 
Кадет  партиясы  ұлт  автономиясына  қарсы.  Біз,  Алаш  ұранды  жұрт,  жиылып,  ұлт 
автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс, һəм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молла 
үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар 
үкіметке жетекшіл болып еріп кетеді. Біздің қазақ – қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет 
ісінен бөліп қойған оң болады.Оны орысша «отделение церкви от государства» дейді. Кадет 
партия менің бұл ісіме өзгеше қарайды.Осы үш жол айрылғаны биыл жазда ашыққа шықты. 
Мен  сонан  соң  қазаққа  Алаш  партиясын  ашуға  кірістім.Мен  мұны  июльдегі  жалпы  қазақ 
съезіне айтқан едім»[2- 26 б]Өз кезегінде, бұл Бөкейханов үшін кадет партиясынан шығып, 
ұлттық Алаш партиясын құру, мемлекеттілікке жету жолында жасалған келесі саяси қадамы 
еді. 
Əлихан  Бөкейхановтың 1917 жылы  мемлекттік  еркіндікке  жетудің  түрлі  жолдарын 
қарастырды.  Мəселен,  ол  осы  жылдың  күзіне  қарай  Г.Н.Потанин  бастаған  Сібір 
автономистерімен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған жағдайда Қазақстанның 
оның  құрамына  енуін  жақтады.  Бірақ,  бүкіл  империя  көлемінде  жағдайдың  шиеленісе 
түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Уақытша өкіметтің қолынан саяси 
билік  біртіндеп  ұзай  береді.  Пəрменді  биліктің  болмауы  ел  ішінде  түрлі  террористік 
актілерге,  жол  ашып  береді.  Бұл  жағдай,  əсіресе  қолында  қаруы  жоқ  қазақ  сияқты  жұртқа 
ауыр тиген болатын. Барлық жерде  зорлық-зомбылық етек алады. Міне осындай жағдайда 
Əлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы жəне 
ұйымдастыруы  бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсан  күндері  Орынбор  қаласында  қазақ 
мемлекеттігі туралы мəселе қараған жалпы қазақ съезі болады. Съездің күн тəртібінде тұрған 
ең  негізгі  мəселе – ұлттық  автономия  алу  туралы  болатын.Оның  баяндамасын  Əлихан 
Бөкейханов  жасаған  болатын.Съезд  бұл  мəселе  бойынша  қарар  қабылдап,  онда  Алаш 
облыстарын  қазіргі  бүліншіліктен  қорғау  мақсатымен  уақытша  «Ұлт  Кеңесін  құрып,  оның 
аты  «Алашорда»  болсын»  деді.  Он  бес  адамнан  тұрған  бұл  өкіметтің  төрағасы  болып 
көпшілік  дауыспен  Əлихан  Бөкейханов  сайланды.  Бұл,  əрине  Əлихан  Нұрмұхамедұлының 
өзін бақытты сезінген сəттерінің бірі болды.[3-254 б] 
Кеңес  билігі  тұсында  да  Əлихан  Бөкейханов  туған  елі  үшін  белсенді  қызметтен  бас 
тартқан  емес.Өкінішке  орай,Сталин  басқарған  жоғары  билік  революцияға  дейінгі  қазақ 
интеллигенциясына,  оның  белгілі  лидері  Ə.Бөкейхановқа  сенімсіздік  танытты,  қоғамдық 
қызметін  белгілі  бір  қалыпқа  салып,  шектеп  отырды.Соған  қарамастан  ол 1932-1927 
жылдары Мəскеуде КСРО халықтары орталық баспасында əдеби қызметкер болып жүріп, өз 
елінің рухани дамуына елеулі үлес қоса білді. 

142 
Ұлт-азаттық  қозғалысының  басшысына  Мəскеуден  ұзап  шығуына  тыйым  салынады. 
Бар өмірін өз халқының болашағы үшін күрескен Алашордалық қайраткерлерге қарсы 1928 
жылы  басталып  кеткен  сот  процестері  Ə.Бөкейханов  пен  оның  серіктестерін  саяси  өмірден 
біржола ығыстырып тастады. 
Қорыта  айтқанда,  əр  заманның  өзіндік  көкейтесті  мəселелері  болған.  Əлихан 
Бөкейханов  пен  оның  серіктестері  өмір  сүрген  дəуірде  қазақ  қоғамы  алдында  тұрған  ең 
өзекті  мəселе – ұлттық  теңдік,  саяси  бостандық  еді.  Əлихан  Бөкейханов  мəселелердің 
жоқтаушысы  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  елінің  саяси  қайраткері  ретінде  осы  күрес  жолындағы 
көш бастаушысы да бола білді.Соңынан ерген інісінің бірі Жүсіпбек Аймауытов оған арнау 
сөзінде: «Қараңғыда  қан  жылап,  қаңғырған  күнде  басыңды  қазақ  жолына  құрбан  қылған 
ағамыз, асар беліміз! Өмірінде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ», 
–  дегенде,  асыра  айтып,  қателескен  жоқ  еді.  Алаш  ардақтысының  өмір  жолы  мен  соңында 
қалдырған асыл мұрасы – мəңгі өшпек емес.[4-254 б] Майдандағы  жұмысқа қазақ жастары 
алынғаннан  соң  Əлихан  Бөкейханов  бастаған  бір  топ  қазақ  интеллигенттері  өз  еріктерімен 
майданға  аттанып,  Петроградтағы  билік  орындарымен  жүргізілген  келіссөздерден  соң, 
Минскіге  барып,  Батыс  Майдан  штабы  жанындағы  қалалық  одақтың  бұратана  бөлімін 
ұйымдастырып,  оны  басқаруды  Əлихан  Бөкейханов  өз  мойнына  алды.  Бөлімнің  міндеті 
майдандағы  жігіттерге  өажет  тұрмыстық  жағдай  жасау  жəне  басқа  түрлі  көмектер  көрсету 
еді.  Сол  істің  басы-қасында  Əлихан  Бөкейхановтың  өзі  тұрды.  Майдандағы  жұмысшы  
жігіттерге  көрсеткен  риясыз  қызметі  үшін  ол  құрметке  бөленді, «Алаштың  Əлиханы» 
атанды. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Бөкейханов Ə. Таңдамалы шығармалар. Алматы, «Қазақстан». 1994, 384 б.   
2.  Нүрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. Алматы, 1995,195 б. 
3.  Тайшыбай З.С., Ахметжанова Т.Б. Баспасөз тарихы. Петропавл, 2003, 254 б. 
4.  Қамзабекұлы Д. Алаш жəне əдебиет. Астана, 2002, 254 б. 
 
 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖƏНЕ АЛАШ ИДЕЯСЫ 
Нұрбеков А.Н.  
Ғылыми жетекші: фс.ғ.к., доцент Сағатова А.С. 
ҚМТУ 
 
«Қазақстан – 2050» стратегиясының  коғамдық  дамудың  жаңа  белесіндегі  негізгі 
мəселесі - ел болашағының дүниетанымдық жаңа үлгісін жобалау,  басты құндылықтар мен 
бағдарларды айқындауды мақсат еткен. Осыған сəйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті Н.Назарбаев 2014 жылғы халыққа Жолдауында Тəуелсіз Қазақстанның «Мəңгілік 
Ел»  жалпыұлттық  идеясын  жариялады.  Сонымен,  көне  тарихтан  бастау  алған  ұлттық 
идеямыз  қазірде  тарихи  сабақтастықты  бастан  кешіріп,  тəуелсіз  мемлекетіміздің  рухани 
тұрғыдан  тұрақты  даму  ресурсына  айналды.  Оны  Елбасы  өзінің  жария  еткен 2015 жылға 
арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың 2014 жылғы 17 
қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына 
Жолдауында  да: «Біз  үшін  ортақ  тағдыр – бұл  біздің  Мəңгілік  Ел,  лайықты  əрі  ұлы 
Қазақстан!  Мəңгілік  Ел – жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңырағымыздың  ұлттық  идеясы» – 
дей  келе,  тарихтың  мəдениет  пен  тілдің  ортақтығын,  жаңа  Қазақстандық  патриотизмнің 
идеялық  негізі  осы  мемлекет  құраушы,  жалпыұлттық  құндылықтарда  жатқандығын  ерекше 
атап көрсеткен болатын. Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған 
«Мəңгілік Ел – Патриоттық актісі» арнасында қуатты елдіктің терең идеясы іс жүзінде жəне 
ресми құжат түрінде көрініс берді [1]. 

143 
Ұлт  зиялыларының XIX ғасырдың  соңы  мен XX ғасырдың  басында  патшалық 
Ресейдің  отарлық  езгісіне  қарсы  күресе  отырып,  қазақ  халқының  болашақта  алдыңғы 
қатарлы  ел  болып  қалыптасуының  жолдарын  іздестірді  жəне  халықты  білім  мен  ғылымға, 
озық  шаруашылық  ұйымдастыруға  шақырады.  Алаш  зиялылары:  Ə.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов,  М.Шоқай,  С.Сəдуақасов,  М.Дулатов  жəне  т.б.  шығармаларында  қазақ  жері 
мен елінің тəуелсіздігі бабалар дəстүрі негіздеген ұстанымдары мен көзқарастары жан-жақты 
сараланған.  Қазақтың  мəдени  қайта  өрлеуі  мен  ұлттық  бірегейлігінің  идеологиясы,  ұраны, 
туы  ретінде  жаңа  деңгейде  Əлихан  Бөкейханов  ұсынған  «Алаш»  идеясы XX ғасырдың 
басында зор нəтижеге қол жеткізді. Өйткені бұл тарихи сəт отарлықта отырған қазақтың ұлт 
болып қалыптасқанын аңғартқан «Алаш» идеясы сабақтастықта келе жатқан «Мəңгілік Ел» 
идеясының көрінісі болды. «Алаш» идеясы ұлттық бірлік пен бірегейліктің туы ретінде 1930 
жылдардың соңына дейін салтанат құрып тұрды.  
XX 
ғасыр 
басындағы 
Алаш 
зиялыларының 
ғылыми-публицисткалық 
шығармашылығы, ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметі іс жүзінде қазақ халқының ұлттық-
сана  сезімінің  оянып,  Алаш  ұлттық  идеясының  маңайына  бірігіп,  Қазақ  хандығының 
ыдырауынан  кейін  қайтадан  бірегей  ұлт  болып  қалыптасуына  жеткізгені  сөзсіз.  Мысалға, 
Оксфорд университетінің Орта Азияны зерттеу орталығы 1985 жылы жариялаған «Қазақтар 
1917  жылға  дейінгі  орыстар  туралы  Ə.Бөкейханов,  М.Дулатов,  А.Байтұрсынов,  Т.Рысқұлов 
атты зерттеуінде Əлихан бастаған батысшыл Алаш зиялыларының атқарып кеткен қызметіне 
«Олар мəдени ренессанс», яғни «мəдени төңкеріс жасады» деген баға берді [2,42 б.]. 
Алты  Алаш  көсемі  Əлихан  ұлттық  тəуелсіздік  алуды  сонау 1917 жылы-ақ  нақты 
жоспарлап, Алаш-қазақ елін 20-25 жылда əлемнің жетекші елінің біріне айналдыру мақсатын 
көздеді. Жалпы «Алаш» идеясын Жапонияны 21 жылда артта қалған аграрлық елден əлемнің 
ең  қуатты  мемлекетіне  айналдырған  Мэйдзи  бағдарламасының  қазақша  баламасы  болатын. 
Əлихан  жапондармен  қатар  Батыс  Еуропа  елдерінің  тəжірибесін  өз  еліне  қаз  қалпында 
орнатпай,  халқының  өзіндік  мəдениеті  мен  салт-дəстүрінің  негізін  сақтап, «мəдени 
ренессанс»  жасады. «Тірі  болсақ,  алдымыз  үлкен  той, - деп  қазақтың  таяу  арада  ұлттық 
тəуелсіздік  алатынына  зор  сеніммен  жазды  Əлихан 1917 жылдың  тамызындағы  «Қазақ 
депутаттары»  айдарлы  мақаласында,-  Алаштың  баласы  бұл  жолы  болмаса,  жақын  арада  өз 
тізгіні  өзінде  бөлек  мемлекет  болар.  Бізді  бірлік  болып,  іс  қыла  білетін  шебер  табылса, 
алаштың  баласы  бақыт  жолына  түсті.  Кейінгі  үрім-бұтақ  не  алғыс,  не  қарғыс  бере  жүретін 
алдымызда зор шарттар бар. Осыны аңғар, жұртым қазақ!» [3, 3 б.]. 
XX  ғасырдың 1905-1917 жылдарында  Əлихан  қазақты  «Алаш»  идеясы  мен  туының 
астына  жинап,  біртұтас  алаш-қазақ  ұлтын  қалыптастырды,  қазіргі  қазақ  ұлтының  атасы 
болды деген пікірлер асыра айтылмаса керек-ті. Мысалға, көрнекті Алаш қайраткері Қошке 
Кемеңгерұлы 1924 жылы  Мəскеуде  жарық  көрген  «Қазақ  тарихынан»  атты  очеркінде 
мынадай пікір жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде айдауына да,  абақтысына 
да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей  ғана азамат тобы болды. Бұл топты 
баулыған – Əлихан. Əлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: əдеби тіл тууына себеп 
болды,  өзіне  ерген  топты  діни  фанатизмге  қарсы  тəрбиеледі.  Бұдан  барып  татардан  іргесін 
аулақ салған қазақ ұлты туды» [ 4, 67 б.]. 
Студент  кезінде  марксизм  идеясымен  əуестеніп  терең  меңгерген  Əлихан  қазақтың 
жер-суын, тұрмыс тіршілігін, шаруашылығын зерттеп, төрт түлік малын есепке алған 1896-
1901  жылдар  аралығындағы  «Щербина  экспедициясы»  мен  Сібір  темір  жолы  бойындағы 
қазақтың  мал  шаруашылығын,  қазақтың  ірі  қара  малы  мен  қой  тұқымдарын  жəне  санын 
зерттеген 1902-1903 жылдардағы  «Швецов  экспедициясының»  жұмысына  қызу  атсалысты. 
Осы  ғылыми  жұмыстарынан  кейін  Əлихан  қазақ  қоғамын  төл  мəдениетінің  ерекшелігі, 
əлеуметтік  құрамы  жағынан  да,  шаруашылығы  тұрғысынан  да  тап-тапқа – еңбекші  жəне 
капиталист-буржуаға бөлу тұрмақ, шаруа жəне феодал, яғни езуші жəне езілуші таптар деп 
жіктеуге  болмайтынына  көз  жеткізіп,  марксизммен  біржола  қош  айтысты. 1910 жылы  С.-
Петерборда басылып шыққан «Қазақтар» очеркінде атап көрсеткендей, өзі тəрбиелеп өсірген 
«Алаш» зиялыларын бастап Əлихан қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді 

144 
түпкілікті  мақсат  етіп  алды.  Осы  мақсатқа  ол  мəдениеті  мен  əлеуметтік-экономикалық 
болмысы  жағынан  қазаққа  бір  табан  жақын  жапондардың  əйгілі  «Мэйдзи  төңкерісі» 
тəжірибесін ден қоя зерттеді.  
Əлиханның  «Мэйдзи  жаңғыруы»  тəжірибесін  өз  елінде  өзгеріссіз  қолданғысы 
келмеуінің тағы екі сыры бар-ды. Біріншісі, Алты Алаш көсемі қазақ пен жапон салт-дəстүр, 
мəдениеттерінің ұстанған шаруашылықтарының өзіндік, қайталанбас ерекшеліктерін ескерді. 
Екіншісі – Жапония  монархиялық  билікті  сақтап  қалды.  Ал  Əлихан  Бөкейхан  саяси 
көзқарасы  бойынша  қазақтан  шыққан  тұңғыш  шынайы  демократ,  либерал  болатын. 1917 
жылдың 13 желтоқсанында  Əлихан  өзімен  бірге  Алаш  автономиясының  төрағалығына II 
Думаның депутаты Бақыткерей Құлманұлы мен заңгер Айдархан Тұрлыбайұлының дауысқа 
түскенін  қалап,  шынайы  демократиялық  сайлауда  басым  дауыспен  жеңіске  жеткені  мəлім. 
Əлихан  Бөкейханның  бұл  əрекетінен  Қазақстанда  демократиялық  сайлау  дəстүрінің  негізін 
қалағысы келгені байқалады [ 5, 3 б.]. 
Əлихан Бөкейхан Алашты автономия деп жариялағанымен, қазақтың таяу болашақта 
толық тəуелсіздігін алып, дербес мемлекет болатынына күмəн келтірмеді. Оны «Жалпы Сібір 
съезі»  мақаласындағы  мына  жолдарынан  көреміз: «Қазақ  ұлты...  Сібір  автономиясына 
уақытша  қосылады.  Өздері,  біз  енді  бөлініп,  өз  алдымызға  автономия  боламыз  деген  күні 
босанып, автономия болады деп. Биыл жаздай болған комитет сайлаулары, біздің қазақ өзін-
өзі билегенде істеген істері көрсетіп тұр: іс атқаратын азаматтың аздығын, жалпы жұрттың 
қараңғылығын біз ойладық, əуелі Сібірге сүйеніп, тасымалдап, жалғасып, көшіп кетелік; жіп 
жалғап, зор мемлекет көрнеуінен құтылып-ап, отау болып соңынан бөлінелік деп» [6, 111 б.]. 
Бұл  жерде  Алаш  көсемінің  «зор  мемлекет»  деп  отаршыл  Ресей  империясын  айтып 
отырғаны  түсінікті  болса  керек.  Əлихан  қазақтың  Ресейден  бөліну  мүмкіндігін  айтпағанда, 
тіпті  оның  құрамында  ұлттық  автономия  алуына  да  енді  тіпті  орыс  демократтарының 
қарсылығына тап болатынын жақсы сезді. 
Əлихан – қазақтың  ұлттық  мемлекеттігінің  шаңырағын  қайта  көтеріп,  бүгінгі 
тəуелсіздіктің  мызғымас  негізін  қалап  кеткен  тарихи  тұлға.  Əлихан – Алашорда  ұлттық-
территориялық  автономиясы  жарияланған 1917 жылдың 13 желтоқсанындағы  тарихты 
жасаушы тарихи тұлға. Əлихан – тарихты жасаушы ірі тұлға. Ал Əлихан мен Алаш идеясы – 
синонимдер. 
2015  жылдың 15 қарашасында  Париж  қаласынан  ЮНЕСКО-ның 38-і  басты 
конференциясы өзінің жұмысын аяқтап, Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдық 
мерейтойына  өзінің  қатысатынын  қолдады.  Сонымен  «Алаш»  партиясының,  қазақ  ұлт-
азаттық  қозғалысы  көшбасшысының  мерейтойы  халықаралық  деңгейде  өткізілуі  туралы 
қуанышты  хабар  жетті.  Əлихан  Бөкейханның  сөзсіз  үлкен  жəне  сан  қырлы  еңбегін  қазіргі 
Қазақстанның  ғана  емес  бүкіл  Орталық  Азия  елдері  жəне  халықаралық  қауымдастық 
мойындады.  Қуанышты  хабар  ұлы  қайраткердің  ұрпақтары  жəне  əрбір  қазақстандық 
патриоттар  үшін  аса  маңызды  оқиға  болды.  Жер-жерде,  Отанында,  шет  елдерде  үлкен 
қуанышпен  атап  өтілді. 2016 жылы 5 наурызда  Мəскеу  қаласында  «Қазақ  көгіндегі  күн – 
Əлихан  Бөкейхан»  атты  дөңгелек  үстел  өтті.  Анкарада  түрік  ағайындар  ұлы  қайраткерге 
арнап  ғылыми  конференция  өткізді.  Астана  қаласында  «Əлихан  Бөкейхан  жəне  тəуелсіздік 
мұраты» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Қарағанды Мемлекеттік 
Университетінің  «Тұлғатану»  ғылыми-зерттеу  орталығы  «Əлихан  Бөкейхан  жəне  Тəуелсіз 
Қазақстан»  атты  студенттер  арасында  жас  зерттеушілердің II құрылтайын  өткізді.  Осы 
шарада  үздік  шығып, I орынға  ие  болдым.  Бұл  мен  үшін  Əлихан  Бөкейханның  ұрпағы 
ретінде,  патриот  ретінде  үлкен  мəртебе  болды. 2016 жылдың 5 наурызында  Əлихан 
Бөкейханның  туған  жерінде  Қарағанды  облысы  Ақтоғай  ауданында  «Жас  Əлихандар 
форумы»  өтіп,  сол  форумда  үндеу  қабылдау  құрметі    -  ұрпағы  ретінде  маған  берілді. 
Біріншіден, «Жас Əлихандар» форумына қатысу мен үшін үлкен құрмет мəртебе. Екіншіден, 
бар  ғұмырын  ұлтының  болашақ  бақыты  үшін  «жаным-арымның  садағасы»-деп  бел  шешіп 
күрескен,  сол  жолда  бойындағы  күш  қайраты  мен  ақыл  ойын,  білім  парасатын  аянбаған 
ақылман  азамат,  көрнекті  дара  тұлға  Əлихан  Бөкейхан  осыдан 150 жыл  бұрын  жаһандық 

145 
өркениетте  өзіндік  орны  бар,  шығыстан  батысқа  көсілген  ұлы  дала,  ұлы  бел  Сарыарқаның 
шалқар төрі, Ақтоғай топырағында өмірге келді. Жалпы Алаш жұртына тұтқа болған, қазақ 
халқының маңдайына туа біткен кесек тұлға  Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның жалғыз 
қарындасы  Нұрбегімнің  қолында  өскен,  менің  анамның  əкесі  Жақсылықтың  тұңғыш 
немересі  боламын.  Қазақ  халқы  ырымшыл  келеді. 1998 жылы  қазан  айында  өмірге 
келгенімде, ата-анам есімімді азан шақырып Əлихан қоюына Əлихан Бөкейханның жарқын 
бейнесі  себеп  болатын.  Осы  есімге  кір  келтірмей  жүру  мен  үшін  оңай  еместігін  есейе  келе 
түсініп  келемін.  Себебі,  Əлиханның  есіміне  кір  келтіру,  мен  үшін  жалпы  Алаш 
жұртшылығына  кір  келтірумен  тең  деп  санаймын.  Əлекеңнің  мерейтойымен  қоса, 
Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығының  тұспа-тұс  келуінің  үлкен  сабақтастығы,  тарихи  астары 
бар.  Əлихан  мен  Тəуелсіздік  ұғымын  бір-бірінен  ажыратып  қарау  мүмкін  емес.  Себебі, 
Тəуелсіздік – елдің  ең  биік  тұғыры.  Тəуелсіздікті XX ғасырдың  басында  Əлихан  Бөкейхан 
бастаған қазақтың зиялы қауымы алдарына ұлы мұрат ретінде қойды. Сол тəуелсіздік үшін 
барлық өмірін сарп етті. Тəуелсіздік үшін күресті. Ғасырдың басында күн тəртібіне қойылып 
отырған  өзекті  мəселелер – тəуелсіздік,  кəсіпқой  парламент,  ана  тілін  жандандыру  Əлихан 
Бөкейханның  еңбектерінде,  жоспарларында  кеңінен  талқыланды.  Қазақтың XX ғасырдың 
басындағы  тарихын  Əлихан  Бөкейхансыз  елестету  мүмкін  емес.  Ол – ұлттық  көшбасшы. 
Əлихантанушы, ғалым  Мəмбет Қойгелдиевтің сөзімен айтқанда, латынамерикалықтар үшін 
Симон  Боливар  қандай  құрметті  болса,  үнді  халқы  үшін  Махатма  Ганди  қандай  болса, 
түріктер  үшін  Кемал  Ататүрк  қандай  құрметті  болса,  қазақ  үшін  Əлихан  Бөкейхан  сондай 
құрметті.  Əлекеңнің  асыл  арманы,  мұраты – қазақ  елінің  тəуелсіздігі  еді.  Əлиханның 
тəуелсіздігі – білімнің дамуы,ғылымның дамуы, қазақ қоғамының саяси дамуы.  Əлихандай 
ұлы тұлғаның есімін арқалап жүрген соң Алаш серкесінің өзіндей болмаса да, сөзін түсінетін 
отансүйгіш патриот болу, тəуелсіз Қазақстанның дамуына жəне өркендеуіне үлес қосу басты 
міндетім деп санаймын. 
Алаш идеясы мен оның көсемі Əлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы 
жолында ұстаған ұстанымының бір тарамы осындай. Бұл идея мəңгілік жəне қазақ ұлты өмір 
сүріп тұрған жағдайда күн тəртібінен ешқашан түспейді. Қандай қиыншылық түссе де, Алаш 
идеясы  баянды  болсын,  адал  жаралған  халқымыздың  көсегесі  көгерсін.  Өмір  күрес  болса, 
ұлттық  мұрат,  мүддесі  зор,  рухы  аспандай  биік  азаматтар  қазақтан  арылмасын.  Əлихан 
Бөкейхан бастаған қайраткерлердің Алаш мұраты əрбір істерінен анық көрінеді. Біріншіден, 
жол  айқындалды:  ол – ұлтты  жаңғырту  мен  жаңаша  серпілту.  Екіншіден,  тетік  те 
байыпталды:  ол – білім  мен  технология  жəне  Еуропаның  батыл  тəжірбесі.  Үшіншіден, 
жауапкершілік  те  нақтыланды:  ол – қайраткерлермен  оқығандардың  қоғам  алдындағы 
миссиясы  мен  парызы.  Яғни,  Алаш  қозғалысының  болашағы  ақылға,  білімге,  батылдыққа, 
жауапкершілікке байланысты еді. Бүгінгі тəуелсіздіктің кепілі де осы.  
Алаш  идеясы – ұлттық  саяси-рухани  серпілу.  Оның  қалыптасуы  мен  дамуында 
Əлихан  Бөкейхан  қадірлеген  Нарманбет  ақын  айтқандай, «елдің  миы  мен  жүрегі»  бар. 
Тəуелсіздігіміз жəне Əлекеңнің идеясы тұғырлы болсын. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1. 
Назарбаев Н.А. «Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012. 
2. 
Киргизы  России  до 1917: Букейханов,  Дулатов,  Байтурсынов,  Рыскулов. - 
Англия. Оксфорд, 1985. 
3. 
Қыр  баласы.  Қазақ  депутаттары // Құрастырған  жəне  алғы  сөзін  жазған 
Д.Қамзабекұлы // «Қазақ». Орынбор. № 235. 04.07.1917.  
4. 
Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. - Алматы: Қазақстан, 1996. - 67 б. 
5. 
Бөкейхан  Ə.  Шығармаларының  толық  жинағы / Құрастырған  С.Аққұлұлы. – 
Астана: Сарыарқа, 2009. – 423 б. 
6. 
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат,1995. - 328 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет