аңыз, тайынша сияқты сӛздер қатары.
Диалектологияның қалыптасу тарихы этнографиямен тығыз байланысты. Ӛйткені
диалектілер мен диалектілік ерекшеліктер этнографиялық белгілермен ҧштасады. Шынында
да, жергілікті халықтың әдет – ғҧрып, тҧрмыс – салтындағы заттар мен ҧғымдардың атауы
болып келетін диалектизмдер аз емес. Осы тҧрғыдан алғанда, диалектілік ерекшеліктер аса
маңызды этнографиялық белгі болып табылады. Мысалы, Солтҥстік Қазақстан облысында
сҥтақы – кҥйеу баланың қыз шешесіне беретін сыйы, бҧл дәстҥр Солтҥстік ӛңірге белгілі
болса, ӛзге аймақтарда мҧндай дәстҥр жоқ. Не болмаса, шілдехана – сәбидің дҥниеге келу
қҧрметіне жасалатын той екені бәрімізге мәлім. Ал, Аққайың, Аралағаш ауылдарында бҧл
дәстҥр фонетикалық ерекшеліктерге ҧшырап, шылдехана деп қолданылады.
Тіл білімінде диалектология ҧлт тілінің халықтың жергілікті диалектілерін зерттейтін сала
болып қалыптасқан. Жер – жердегі халық тілінде мағыналық ерекшелігі бар сӛздер де,
олардың тҥрлері де ӛте кӛп. Барлық халыққа белгілі кейбір сӛздер әр жерде әр тҥрлі
68
мағынада, тҥрлі вариантта қолданыла береді. Мысалы, кейбір жерде биялай делінсе, әдеби
тілде биялай да, қолғап та қолданылып жҥр, ал ел аузында негізгі термин біреу ғана болып
екіншісі кӛп қолданылмайтын болуы мҥмкін.
Қазақ диаспорасының қомақты бір шоғыры Монғолияда қалыптасып отыр. Тҥрколог
ғалымдардың айтуынша, қазақтың байырғы тілін, ҥн әуезін таза сақтап қалғандарда осы
оралман қазақтар. Монғолия қазақтарының сӛйлеу ерекшеліктері табиғи ӛз салтын сақтаған
және де дауыс ырғағы да бҧзылмаған деп айтуға болады. Себебі, олардың сӛздерінде олар
қараптан-қарап, кез-келген сӛзді ала салған жоқ. Ол сӛзді таңдап алуда ҧлттық нышанды есте
сақтаған. Және де сол табу сӛз болсын, диалект сӛз болсын шығу тегі байырғы сӛздік
қҧрамнан жасалып отыр.
Мысалы, табу сӛздегі «қайшы» деген сӛздің орнына « қиғыш» деген сӛзді ҧқыпты
қолданып отыр. Оны бҧрмалап айтқанда шет тілінен аудармасын қолданған жоқ. «Қайшы»
болсын, «қиғыш» болсын екеуі де қырқатын зат. Яғни, «қайшы» деген сӛздің синонимі
болып тҧр. Тағы осы сияқты «кӛшкі» деген диалект сӛзді алып қарайық. Киіз ҥйдің
сыртынан жабатын ақ матадан тігілген затты - кӛшкі деп атайды. Және де терезені жауып
тҧратын шымылдықты, пердені - « кӛшкі» дейді.
Қазақ тілінің тілдік-стильдік ерекшеліктерін анықтауда атқаратын міндеттердің бірі- қазақ
бейнесінің рӛлін анықтау. Ӛйткені ауызекі сӛйлеу барысындағы тілдік кӛркем жҥйелерінің
ішкі заңдылықтарының сәйкес келуі. Монғол қазақтарының сӛйлеу ерекшелігі – ауызекі
сӛйлеу барысында да, еш жаңылмай, басқа тілді қоспай еркін ӛз ойын жеткізе алуында. Сӛзге
шешен халық сӛйлегенде де, бір дем алмай әзіл-қалжың мысқыл сӛзбен жаңылдыратын
халық. Олардың арасында небір шешендердің сӛз саптау ҥлгілері де қалыптасқан.
6.
Кҥтілетін нәтиже:
Диалектологиялық сӛздікті толықтыру барысында сӛздік қорды кеңейтіп, ӛзге аймақтарда
да қолдана алатындай нәтижеге қол жеткізу. Диалектологиялық сӛздіктің ӛзіне тән басты
ерекшелігі – сӛздердің әр аймаққа байланысты қолданылуы екендігін ескере отырып, негізгі
сӛздік қорды толықтыруға ӛз ҥлесімізді қосу.
Бҥгінгі кҥні қазақ халқының рухани да қоғамдық – әлеуметтік тіршілігінің барлық
саласына тамырын кең жайып, халқымыздың қатынас қҧралы ретінде қалтқысыз қызмет
істеп отырған әдеби тіліміздің даму жолының ӛткені мен бҥгінгісіне кӛз жҥгіртіп қарасақ,
оның қалыптасуы мен кемелденуіне, талабына сай биік белестерге де кӛтерілуіне қозғау
салған халық тілі. Жергілікті халық тілінің байлығы әдеби тіліміз нәр алатын таусылмас
бҧлақтардың бірі. Қазіргі кезде жергілікті тіл ерекшеліктері жӛнінде ҧлттық әдеби тілді
байытудың қайнар кӛзі деп қарайтын оң пікір жҥйелеу, оларға лингвистикалық талдау жасау
аса қажетті істердің бірі болып саналады.
7.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
И.Сапарбай «Махаббат пен ғадауат» жыр кітабы. Алматы. «Атамҧра» баспасы. 2001
жыл. 240 б.
2.
А.Шаяхмет «Кӛзімді ашып кӛргенім» жинағы. Қостанай. 2001 жыл. 432 б.
3.
Сарыбаев Ш, Қалиев Ғ. «Қазақ диалектологиясы» Алматы. «Мектеп» баспасы. 1979
жыл. 460 б.
4.
Досқараев Ж. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» II – бӛлім, Алматы. 1955 жыл.
155 б.
5.
Тасымов А. «Қазақ диалектологиясы» оқу қҧралы. Алматы. «Қазақ университеті»
баспасы. 2005 жыл. 158 б.
6.
Қалиев Ғ. «Қазақ говорларындағы диалектілік сӛз тудыру» оқу қҧралы. Алматы.
«Мектеп» баспасы. 1985 жыл. 232 б.
7.
Атабаева М. «Диалектілік сӛз мағынасы» Алматы. «Ғылым» баспасы. 1972 жыл. 176 б.
69
8.
Досқараев Ж, Мҧсабаев Ғ. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы. 1951 жыл.
132 б.
9.
«Қазақ тілінің тҥсіндірмелі сӛздігі». «Дайк - Пресс» баспасы. Алматы. 2008 жыл.
10.
«Диалектологиялық сӛздік». «Арыс» баспасы. Алматы 2007 жыл.
11.
Әбілқасымҧлы Б. «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы» Алматы. «Арыс» баспасы.
2011 жыл.
12.
Қалиев Ғ, Нақысбеков О, Сарыбаев Ш, Ҥдербаев А. «Қазақ тілінің аймақтық сӛздігі»
Алматы. «Арыс» баспасы. 2005 жыл. 824 б.
13.
«Қазақ тілінің диалектологиялық сӛздігі». 1 – кітап. – Алматы. 1996 жыл.
14.
Қаламбаева Қ.С. «Қазақ тіліндегі диалектологиялық тҧрақты тіркестер» филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу ҥшін дайындаған диссертациясы.
Алматы. 1994 жыл.
15.
Мҧстафаҧлы Серік. «Қытай қазақтары тілінің тҧрақты тіркестеріндегі жергілікті
ерекшеліктер» филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу ҥшін
дайындаған диссертациясы. Алматы. 2002 жыл.
70
Авторлар: Карабасова Қ.М., 3 курс, « Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығы.
Ғылыми жетекші:Шошакова Ж.К., зам. декана ФКиРФ
«ҚАЗАҚ» ҦҒЫМЫНЫҢ КОНЦЕПТІЛІК ҚҦРЫЛЫМДАРЫМЕН
ТІЛДІК БЕЙНЕСІ
(Қ. ЖҦМАДІЛОВТІҢ «ДАРАБОЗ» ШЫҒАРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Кіріспе
Ғылыми жобаның ӛзектілігі: Ӛркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес
қҧндылығы деп саналады. Тіл - дҥниетаным қҧралы, ҧғым мен пайымдаудың
объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" кӛркем туындылар тілінен, яғни суреткердің
тіл шеберлігінен де кӛрінеді. Ҧлттың айнасы тіл десек, сол ҧлттың айшықты тілі кӛркем
шығармаларда кӛрініс тауып, сол арқылы ҧлттың шынайы болмысын беруге қызмет
етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге иеленуімен байланысты қоғамдық ӛмірдің
барлық саласында ӛрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің ӛсе тҥскені белгілі.
Осы ретте тілдік қҧрылымдардың жазбаша формадағы кӛрінісін, нақтырақ айтқанда
кӛркем шығарма тілін зерттеу ҥлкен мәнге ие болып отыр.
Ҧлттық тілге, рухани ӛмірімізге жаңалық болып енген шығарманың жетістігін,
оның стильдік, кӛркемдік қҧндылықтарын таныту тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымының кезек кҥттірмейтін мәселелерінің бірі. Жҧмысымыздың зерттеу объектісі
болып отырған «Дарабоз» дилогиясы-ҧлттық рухта жазылған шығарма. Шығарма
қандай да бір мәселе кӛтермесін, ол ҧлттық тҧрғыдан қарастырылып, сол аспектіден
бағаланғанын байқау қиын емес. Шығарма тілінің кӛркемдік қҧндылықтарына ғылыми
талдау беру қажеттігі біздің жҧмысымыздың ӛзектілігін арттырады .
2.Ғылыми жобаның мақсаты. Қ.Жҧмаділовтің «Дарабоз» шығармасындағы
кӛркем сӛз тілін ҧлттық тіл білімі тҧрғысынан талдау, яғни бҧл туралы ғылымның
лигвистикалық стилистика деп аталатын саласы бойынша талдауды мақсатқа алдық.
3. Ғылыми жобаның міндеттері: Қ.Жҧмаділовтің «Дарабоз» шығармасындағы
кӛркем сӛз тілін ҧлттық тіл білімі тҧрғысынан талдау, яғни бҧл туралы ғылымның
лигвистикалық стилистика деп аталатын саласы бойынша талдауды мақсатқа алдық.
Демек, шығарма романы тілінің кӛркемдік ерекшеліктері мен ҧлттық танымдық
қызметін айқындауда мынадай нақты мақсат – міндеттер алға қойылды:
- концептілер мен сӛз- символдардың ҧлттық танымдық ерекшеліктерін
анықтау;
Ғылыми жобаның негізгі нәтижесі: Қ.Жҧмаділовтің шығармасы тілін талдау
барысында ерекшеліктер анықталды.
-«Қазақ» халқының ҧлттық этикетін білдіретін сӛздер теріліп, талданды.
4.Ғылыми жобаның жаңашылдығы мен маңыздылығы
Қ.Жҧмаділов шығармаларының поэтикалық тілі, идеясы, негізгі ойы сынды мәселелер
талданып жҥр. Алайда, бҥгінгі таңға дейін «Дарабоз» дилогиясындағы «Қазақ» концептісі,
қазақ халқының танымын білдіретін этномаркерлі сипаттағы сӛздер зерттелмеген.
Біз Қ.Жҧмаділовтің «Дарабоз» шығармасы негізінде қазақ халқына ғана тән ҧлттық
сипаттағы сӛздерді теріп, талдадық.
Жобаның осы тақырыптағы зерттеулерден ең басты артықшылығы – автор тілінде
кӛздескен этномаркерлі сӛздерді жинақтау, олардың мағыналарын ашу. Қазіргі таңда
қолданыстан шығып қалған сӛздерді белгілі бір жҥйеге келтіріп, шағын жинақ шығару.
5. Зерттеу әдістері:
71
Методологиялық зерттеу, салыстыру, анализ әдістері: Жобаны жҥзеге асыру
барысында Абай «толық адам» іліміне қатысты белгілі ғалымдардың зерттеу нәтижелері
толық қарастырылып, сараланып, салыстырылып, талданды.
Әдеби – теориялық талдау әдісі: Ақынның адамгершілік тақырыбындағы
шығармалары жинақталып, мазмҧнымен танысылып, әдеби – теориялық талдауға тҥсіріліп,
тақырыпқа қатысты негізгі ойы мен идеялық тҥйін анықталды.
6. Жобаның сипаттамасы
Концепт – лингвистикалық категория. Бірақ басқа лингвистикалық терминдермен
балама қолдануға болмайды. Концепт когнитивті тіл білімінің басты термині ретінде
қарала басталғаннан –ақ мағына мен ҧғым, лингвомәдени бірлік терминдерімен
ауыстыра қолдану жағдайы кездесе бастады. Сондықтан зерттеушілер ең алдымен осы
ҧғымдардың ара жігін ажыратып кӛрсеткенді жӛн кӛрді. Ю. Степанов: «Мағына тек тіл
жҥйесінде ғана анықталатын тіл білімінің термині, ал ҧғым тіл білімі мен логика
саласындағы логикалық қатынастар жҥйесінде анықталады», -деп кӛрсетеді.
С. Аскольдов –Алексеев концепт лексикалық мағынаға қарағанда ауқымы кең
дҥние деп таниды.
Мәтінде концептілер мазмҧндық, қолданымдық, тҥрленімдік кӛрінісіне қарай
ажыратылады. Концептілердің санада танылу деңгейіне қарай, ақиқат дҥниенің болмысы
мен ӛзіндік ерекшелігіне қарай метафизикалық, ҧлттық –мәдени, эмоционалдық
концептілер деп шартты тҥрде жіктеуге
болады.
Метафизикалық концепт
Ҧлттық –мәдени концептілер
Эмоционалды концептілер
Контраст концептілер
Калейдоскоптық концептілер деп
топтастыруға болады [2, 10-б].
Қазақ
баласы
–қиыншылыққа
тӛзімді,қара кҥшке мығым, табиғаттың
дҥлей кҥшіне қарсы тҧра білетін,асқан
шебер,жырау,әнші, шежірені жадында
сақтар,жан –жақты жетілген , ата –салтын
қастерлеген ерекше жаратылыс иесі.
Біз жаңа жоғарыда концепт ҧғымдық ақпараттан басқа психологиялық,
этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді деп атап ӛткендей,
енді «Қазақ» сӛзінің этимологиясына және танымдық ерекшелігіне тоқталып ӛтсек.
«Сақ»
сӛзі
біздің
лексикамызда
әртҥрлі
сӛзге
негіз
болып
сақталған.Мысалы:Сақтанған жетер мҧратқа,Сақтықта қорлық жоқ т.б.
Ал енді сақ –қассақ-қазақ сӛздерінің этимологиясын қарастырайық.
«Қазақ» -қас-сақ. Қас- нағыз деген мағынада қас+сақ болып екеуі біріккенде екі
«с» дыбыстары қосылғанда, оның алды –артындағы ашық дауысты дыбыс «а» қатаң
дыбыстарды ҧяңдатып «з» дыбысына айналдырған.
Енді «Қазақ» сӛзінің танымдық мағынасына тоқталсақ:
Қазақ-тамыры тереңде жатқан ҧлт, алты алаштың ағасы
аз-ақ –сан –мӛлшер жағынан халқының аздығы
зақ-кемел ойды келелі сӛзбен жеткізетін дана халық
ақ –ақ нәсілді
қ-ешбір ҧлтта кездеспейтін оңға қарай да, солға қарай да оқыса бір сӛзді және бір
мағынаны беретін ҧлт атауы [3, 12-б].
Концептілік жҥйе – концептілік қҧрылымдардың реттелген формасы.
Концептілік қҧрылымдардың санада бейнеленуі әртҥрлі формада кӛрініс табады.
Олар:
72
1.Қарапайым форма (фрейм)
2.Кҥрделі форма (скрипт)
3.Оқиғалы форма (сценарий)
4.Сызбалы форма (схема)
5.Бейнелі форма (ойсурет) [2,13-б].
Фрейм – бҧл концептілік жҥйенің қҧрылымдық элементтерін танытатын концепт
типінің қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынан қҧралады және ең
жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы кӛрініс табады [2,17-б]. Мысалы,
«қазақ» концептісінің фреймдік қҧрылымы Қ.Жҧмаділов шығармасында « ер кӛңілді»,
« ақ кӛңіл», « бір атым насыбайдан кӛңілі қалатын», «кек қумайтын,кең қолтық,
қайырымды», «ҧзында ӛші, қысқада кегі жоқ», «аталы сӛзге атасының қҧнын
кешкен,кеңпейіл де кӛңілшек жҧрт» сияқты танымдық элементтерден (тармақтардан)
қҧралады.
Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері
фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының тӛңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жҥйесін
жинақтауға болады. Бҧл жҥйені қҧрайтын бӛлшектер – сценарийлер мен скриптер. [2,18-
б].
Мысалы, «Қабанбай қанша жауға қатал, елге бедел болғанымен, от басында бала
десе қоңқылдап тҧратын, кәдімгі кең қолтық қазақтың ӛзі еді» [4, 1-т, 82б].
«Әбілмәмбет ханның былайша иі жҧмсақ, алды кең болғанымен, ӛз әулетіне тән
қаталдықтан ол да қҧр алақан емес еді» [4, 1-
т, 21б].
Скрипт – кҥрделі формадағы концепт
типі. Скриптті қалыптастыратын басты
элемент –фрейм. Скрипттің санадағы кӛрінісі
– сцеарийлік қҧрылымның кеңейтілген
формасы. [2,19-б]. «Қазақ» концептісінің
сценарийлік тҥрі мәтінде былай берілген:
« Қазақтың жаңа қонысқа кӛшкені –
қанатты
қҧстың
ҧшқаны
тәрізді.
Кӛшпенділер ҥшін жазаның ҥлкені – жыл
бойы жҧрт жаңаламай, бір жерде отыру. Тҥз
қҧсы қанатымды қалай қағам, кӛк жҥзіне қалай кӛтерілем деп ойлап жатпайтыны секілді,
жҥздеген ауыл, сан мыңдаған адам ит арқасы қиянға қалай жетер екенбіз деп, бҧлар да
бас қатырып уайымдаған жоқ» [4, 1-т, 28-б].
Ойсурет. Ойсурет санада бейне, символ, метафора, аллегория кӛмегімен
танылады.[2,19-б]. «Қазақ» концептісінің ойсурет формасындағы тҥрі мынадай
лингвомәдени бірліктер арқылы берілген: « Туған елің –тұмарлы тұлпарың болғанда,
хан –ноқта, би –ауыздық, батыр –қамшы дейді екен. Сонда алысқа ататын қозы
жауырын жҥйрік жебең – ақынның жыры болғаны да»[1, 75-б].
«Қазақ» халқының психологиялық ерекшелігін
суреттейтің лексикалық бірліктер:
«Қазақ» концептісін зерттеу барысында сол халықтың ҧлттық психологиялық
ерекшелігін кӛрсететін жерлері арқылы , халққа тән кӛзқарастарды қарастырдық.
«-Сардардың ӛзі бала –шаға, ел –жұртымен шекара шебінен қозғалмай – ақ
отыр ғой.Солардан жанымыз артық па? – десіп, ӛз сұрағына ӛзі жауап беретін ер
кӛңілді қазекең қайтадан байсал тауып,сабасына түсе бастады»(«Дарабоз» 21бет).
Елін жауға қимаған батырға байланысты айтылған сӛздер:
«Туған жер қашан да қымбат. Ал қалмақпен қырық жыл қидаласып, қаныңды,
жаныңды пида етіп жүріп қайтарып алған жердің қадірі тіпті ерекше. Арам ойлы
жат жұрттың табанына таптатпақ түгіл, бір түйір тасын, бір тал бұтасын
сипатқың келмейді» («Дарабоз», 6 бет).
73
Қонақжайлылыққа байланысты туған сӛздер:
«-Бәрекелде! Біздің халық дастарқанынан дәм татқан қонақты досқа балайды.
Ӛзі де дәм татқан шаңырағына қастық ойламайды –деді Абылай» («Дарабоз», 37бет).
Кеңпейіл халық туралы айтылған сӛздер:
«-Біздің қазақ еткен қызметімнің ӛтеуін қолма –қол ӛте дейтін Самарқанның
сарты емес,жасаған жақсылығыңның қарымтасын құдайдан, сонан соң алдағы
күндерден күтеді» («Дарабоз»,47бет).
Намысты қолдан бермеген қайсар халық туралы сӛздер:
«-Ӛтеке-ау, қашып құтылатын құл, ұрланып кетер ұры емеспіз. Мына елдің сый
құрметін қалай тастап кетеміз?Елге қайтсақ та,қашып –пыспай,адам құсап
абыройымызбен қайтайық та, - деген» («Дарабоз», 62 бет).
Діншіл халық жайындағы сӛздер:
«Атаның аруағы қолдаған шығар, қазақтың кең даласы қорған боп, ат жалында
ойнаған ардалығымыз желеп –жебеген болар, бұл соғыста да алаш ұлы ӛз абыройын
сақтап қалды» («Дарабоз», 82бет).
Ғылыми жҧмыс барысында Қ.Жҧмаділов прозасындағы кейбір тілдік бірліктер
дҥниенің тілдегі бейнесін айқындайтын лингвомәдени кӛрсеткіш ретінде
қарастырылды. «Қазақ» халқының ҧлттық этикетін білдіретін сӛздер жиналды.
«Қазақ» халқының ҧлттық этикетін білдіретін сӛздер:
«Той - қазақтың қазынасы. Ол кӛпшілік қауымсыз,ағайын берекесінсіз
атқарылмайды» («Дарабоз», 213бет).
Той - әдет – ғҧрып дәстҥрі. Қазақ халқының ӛмірінде той ежелгі заманнан ҥлкен
орын алады адамның дҥниеге келуі, ҥй болуы, не тҥрлі қуанышты кезеңдерін атап ӛтетін
дәстҥр.
«Құдалар жуыр маңда бітпейтін аман –саулық сұрасуын аяқтап,енді қымыз
құйылар шақта,бір жас жігіт есік алдында қысырдың жұнттай семіз,асау тайын
құлағынан басып тұрып, қонақтардан бата сұрады. Қабанбай бӛгелген жоқ, қолын
жайды да: -Әуелі құдай оңдасын, оң жолына бастасын! Ғайып –ерен,қырық шілтен
әулиелер қолдасын!Балалардың тұсында атыс –шабыс болмасын!Құданы –құдай
қосады,досты әркім ӛзі іздеп табады.Екеуі де ұзағынан сүйіндірсін!Аллауакбар!-деп
бетін сипады.» («Дарабоз», 222 бет).
Бата - Қазақ халқының ғҧрпында адал ниет,жақсы тілек білдірудің бір тҥрі.
Бата-кҥрделікті ӛмірдің пайдалы жағын салыстыру сипатымен қатар анимистік –
магиялық наным –сенімдердің элементі кездеседі. Белгілі бір істі бастарда жауға,
жолға,аңға шығарда ақ тілеу әзіз ақсақалдан алынады.Кейін батаға ислам дінінің әсері
тиген.Осы кҥнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға ӛмір, бақыт, білім тілеу
мазмҧнында болып келеді.
«Жас келін ең алғаш рет босаға аттап,отқа май тамызар тҧста жыршы жігіт ҧзақ
«беташар» айтқан. Бҧл ауылда жас келіннің сәлем етер қайын ата, қайын енелері, қайын
ағалары мен абысындары да аз емес –ті.»
Беташар - жаңа келіннің моральдық кодексі іспеттес болып келеді.
Жеріміз қанша ҧлан –ғайыр болса, соншалықты халқымыз да жомарт, қонақжай,
дархан да кеңпейіл. Бҧл – басқа ҧлт ӛкілдері де мойындап отырған жайттар.Ҥнемі мал
шаруашылығымен айналысудан қанымызға «сіңген» малжандылық, бӛтеннің жеріне кӛз
алартпаған бейбітшілігі, тиген жаудың қабырғасын қайыстырар батырлығы, сан «мың
ӛліп тірілсе »де керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық –біздің ҧлтымыздың
мінез-бітістері.
Қазақ тіл біліміндегі концептілік зерттеулердің басталуы жӛнінде айтқанда, бізді
ең алдымен, концептілік зерттеулердің қазақ тіл біліміне келуінің себептері
қызықтырады.
74
Жазушы тілі бай, образды, ойлы суреттері де жарқын, нақты. Оның тілдік
образдары тҥгелдей қазақ ҧғымына лайықты. Кейіпкерлерді сӛйлету кезінде кӛп ойлана
отырып, тҥйдек- тҥйдек ой тастайды. Ӛмір шындығын мол қамтып, байсалдылықпен кең
суреттеу орын алады. Сонымен бірге жазушы ӛзінің ойлау парасатымен суреткерлік
шеберлігін жоғары деңгейде ҧстай отырып, оқырманға ҥлкен мҧра ҧсынады.
Кҥтілетін нәтижелер:
ЖОО студенттеріне, мҧғалімдерге, оқушыларға, жалпы оқырмандарға арналған әдеби
– теориялық, танымдық сипаттағы қазақ халқының танымын білдіретін, сӛздерді жинақтап
шағын сӛздік шығару;
- Тақырып бойынша ғылыми мақалалар жариялау;
8. Пайдаланған әдебиеттер:
1. Болатханҧлы Д. Қ.Жҧмаділовтің «Дарабоз» дилогиясы жанр және поэтика
Канд.дисс. автореферат. Тҥркістан, 2007 ж - 30 бет.
2.Тарақов Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тҧлға проблемасы (Абылай хан
бейнесінің кӛркемдік тағылымы). -Алматы: Қазақ университеті, 2004ж.–
341 бет.
3.
Қабдолов З. Сӛз ӛнері.- Алматы: Мектеп, 1992.- 119 бет.
4.
Жҧмаділов Қ. «Дарабоз» тарихи роман –дилогия, І, ІІ –томдар, Алматы -2009
75
Авторы: Жукова Е.Д., Зюзина А.М., Тетерина М.В. 3 курс, « Русский язык и
литература».
Научные руководители: Пчелкина Т.Р. к.ф.н., доцент, Конвисарова Л.А.магистр
пед.наук,
Коваль О.В. магистр гуманитарных наук.
СТУДЕНЧЕСКИЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ЦЕНТР «ТЫ НЕ ОДИН».
1. Вводная часть
Государственная программа «Серпін-2050» стартовала в стране два года назад.
Поскольку студенты, приезжающие из дальних уголков страны, нуждаются в оказании им
помощи по адаптации в условиях новой среды, у нас возникла идея создания специальной
программы поддержки студентов, обучающихся в нашем вузе. Данная программа будет
включать информационную, практическую, психологическую и другие виды поддержки.
Достарыңызбен бөлісу: |