Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев


“оның  ала  бөтен  ерекше  әсерленгiштiгi



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

“оның  ала  бөтен  ерекше  әсерленгiштiгi  
 жеделқабыл танымдылығын да күшей-
тедi”  -  деп  тұжырым  жасайды.  Мұны 
Я.Корчак  та:  “Бала  –  сезiмдiлiктiң  Тәңiрi, 
– деп құптайды. Мiне, осы тұжырымдарды 
жоғарғы нерв жүйесiнiң iлiмдерiне сүйенiп, 
түсiнгiмiз  келсе,  И.П.Павловтың  мына 
сөзiне  көңiл  аударалық:  “Жан-жануарлар 
әлемiнiң жетiле өсуiнiң адамдық фазасында 
оның жоғарғы нерв жүйелерiнiң қызметiнде 
қосымша өзгерiстер пайда болады. Әуелден 
бар  бiрiншi  әсер  (сигнал)  қабылдау  жүйесi 
жетiле  келiп,  екiншi  әсер  (сөз)  қабылдау 
жүйесiмен  үйлеседi.  Бұл  табиғат  шебердiң 
жасаған  тiршiлiк  әлемiнiң  шырқау  шыңы 
едi...” - дейтiн ғылыми жаңалығының маңызы 
зор. Сонымен қоса, бұл екi жүйе тепе-теңдiк 
заңдылығын үнемi сақтауға тиiс.
Бiз  халық  педагогикасының  негiздерi 
туралы  осы  еңбегiмiзде,  ұрпақты  үзiлiссiз 
тәрбиелеудiң  кестесiн  жасап,  бiртұтас 
үзiлiссiз 
қазақ 
мектебiнiң 
болашақ 
құрылымының сызбасын ұсындық.
Жалпы,  адам  ғұмырындағы      ең      бiр   
жауапты   кезең   ол   мектеп қабырғасында  
өтетiн    тәрбие    мен    тәлiмнiң    дұрыс   
ұйымдастырылуы  болып    табылады.   
“Ұйымдастыру” деген   сөз ХХ ғасырдың   ең  
ұлы ұғымына    айналып    отыр.     Оны    терең    
түсiнiп         дұрыс    жолға қоймайынша  адамзат   
қауымының    үндестiкке    толы өркенiн    көз 
алдыңа   елестетудiң   өзi   қиын.   Өйткенi,   

75
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
әрбiр   жеке   адамның   iс-әрекетiнен    бастап 
мемлекеттiк    басқару   жүйелерiне    дейiн,    
тiптi, ғылым   мен творчествоның   да    ерекше   
жемiстiлiгiне,        тек      дұрыс  ұйымдастыру 
шеберлiгiн игергенде ғана қолымыз жетпек. 
Олай  болса,  адам  баласының  шыр  етiп 
дүниеге  келгеннен  кәмелетке  жеткенге 
дейiн  өтетiн  сан  алуан  тiршiлiк  сабақтары 
барынша  дұрыс  ұйымдастырылуы  қажет. 
Әйтпесе,  ұрпақтарымыздың  тәрбиесi  мен 
тәлiмi жанбай жатып сөнуге де, ақпай жатып 
iркiлуi де ғажап емес. Ол үшiн биологиялық 
индивид ретiнде, ең әуелi адамның табиғаты 
мен жан-дүниесiн түсiнiп алған жөн. Мiне, 
осынау  күрделi  құбылыстың  жауабын  адам 
жаратылыстарын терең зерттеген ғұламалар 
әл-Фараби, ибн-Сина, Ф.Энгельс, И.В.Павлов 
пен А.А.Ухтомскийдiң еңбектерiнен байқауға 
болады.
Мәселен, 
баланың 
биоритмдерiн 
салыстыра келiп (тамыр соғуы, тыныстауы, 
жүйкенiң қозуы мен саябырлауы және т.б.), 
оның ойлау қабiлетiнiң белсендiлiгiн анықтай 
келгенде,  қазiргi  бiздердiң  мектептерде 
пайдаланып жүрген 45 минут уақыт мидағы 
биоритмдi ескермейтiн ұзақтығын байқатады. 
Ендеше, тiршiлiк ырғақтарын бұзу арқылы, 
әсiресе,  бастауыш  сыныптың  оқушыларын 
тез шаршату оңай екен. Биоритмдi ескермей 
жүргiзiлетiн сабақтардың сапасы да нашар, 
оның  үстiне  баланың  ынта-жiгерлерiн  де 
әлсiретiп,  бiрте-бiрте  бейтараптық  мiнезге 
үйретедi екен. Сондықтан, әсiресе, бастауыш 
сыныптардың  сабақтары  30-35  минуттан 
аспағаны  ғылыми  негiзделген.  Белгiлi 
гигиена  маманы  Р.Г.Сапожникова,  өзiнiң 
көп  жылғы  зерттеулерiн  қорытындылай 
келiп:  “кез  келген  сабақтардың  соңғы 
10-15 
минуттары 
баланы 
қатты 
шаршататындықтан,  оның  тақырыпты 
игеруi мен қабылдауында өте көп кемiстiк 
бар”  -  деуiнде  үлкен  шындық  жатыр. 
Осыны қуаттай пiкiр айтқан А.Н.Кабанова: 
“Сабақтардың уақыт мөлшерлерiн қысқарту 
арқылы  ми  қабаттарының  тез  сергiп,  жаңа 
қуаттылыққа ауысуына жағдай жасалынып, 
сонымен  қоса,  оның  қабiлетiн  арттырумен 
жоғарғы деңгейдегi биоырғаққа жетiлдiредi, 
- деп тұжырымдайды.
Кәмелеттiк  кезеңi,  немесе,  халық 
педагогикасының VII-ші негiзi
Жаппай  мiндеттi  бiлiм  беретiн  негiзгi 
мектептiң  (7-8-9)  оқу  көлемi  мен  мазмұны 
тоғызыншы сыныппен аяқталуы керек. Осы 
кезде мектеп бiтiретiн қыз бен жiгiттер 15-
тен  16-ға  шығады.  Бұл  жастар  азаматтық 
жауапкершiлiкке 
жетiп, 
қолдарына 
куәлiктерiн алады. Мiне, осы сәттен бастап 
еш  зорлықсыз  әр  адам  өзiнiң  келешегiн, 
табиғи 
қабiлеттерiне 
орай 
таңдауы 
қажет.  Сонда  ғана  тiршiлiк    үндестiктерi  
өз    орындарында  болмақ.      Бiз    ұсынып  
отырған оқу жүйесiнiң құрылысы негiзiнен 
физиологиялық 
заңдылыққа 
бағынса, 
сонымен қоса, қоғамдық өзгерiстердiң iшкi 
қатынастарын  да  ескеретiндiгiмен  құнды. 
Өйткенi, он алты жасқа толған жiгiттер мен 
қыздар өз мүмкiндiктерiн, басқаға қарағанда 
өздерi  әлдеқайда  жақсы  бiлетiндiгiн 
ұғынуымыз керек. 
ТҮЙІН    ОЙ
  Осынау  барынша  түйіндей  қысқартып  жазылған  «Адам  тәрбиесінің  жаңа 
ілімінің» -  Жеті түрлі негіздері немесе Физиологиялық кезеңдері бұрын-соңды бүйтіп 
жүйеленбегенін ұққан дұрыс. Байқасаңыздар, әр кезеңнің Басы мен Аяғы бар екендігімен 
қоса, тек сол кезеңдердің өзіне ғана лайықты ТӘРБИЕ ТӘСІЛДЕРІ болатындығы да 
алғаш рет айтылып отыр. Осылайша, адамдағы Тән құрылысы мен Жан дүниесінің 
тәрбие тәсілдері өзара үндеспей, Абай ғұлама аңсаған «толық адам, нұрлы ақылдың» 
шұғылалы  сәулесіне  шомыла  алмайтынымыз  анық.  Бұл  ілімнің  инновациясы 
мен  технологиясын,  «Педагогика  мен  психология  негіздері»  (2008)  атты  оқулық-
монографиядан жан-жақты танысып, тіпті оның екі сатылы МЕТОДОЛОГИЯСЫ 

76
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қ.Бөлеев –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақ ұлттық білім беру академиясының академигі, 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 
“Педагогика және этнопедагогика” кафедрасының меңгерушісі
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ҰЛТЖАНДЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ МОДЕЛІ
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әбу Насыр әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары. – Алматы: «Арыс», 2009.
2. Ғаббасов С. Педагогика мен психология негіздері, – Алматы,2008.
3. Ибн Сина. Избранные философские произведения, – Москва,1980.
4. Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян.  – Алматы, 1996.
5.Аристотель. Сочинения 4-х томах, Т-2. – Москва, 1978.
6. Воспоминания о К. Марксе и Ф.Энгельсе, Т-1-2. –  Москва,1983.
7. Блаватской Е.П. Разоблаченная изида, Т-1-2. М.1999.
8. Баласағұн Ж. Құтадғу білік. – Алматы, 2006. 
Резюме 
В данной статье автор систематизирует семь принципов и физиологические этапы «нового уче-
ния  воспитания  человека».  Впервые  говорится    о  способах  и  лучших  воспитательных  моментах 
каждого этапа. 
Summary
In given article the author systematises seven principles and physiological stages of "the new doctrine 
of education of the person». For the first time it is told about ways and the best educational moments of 
each stage.
мен ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ  және  АҚЫЛ ТӘРБИЕСІ  делінетін  екі жүйесін де зерделеуге 
болады. Мұнан да мол бұрындары педагогика ғылымдарында айтылмаған ұсыныстарға 
ой  жүгіртетіндеріңізге  сенемін.  Әділетті  түрде  талқылау  мен  талдауға  алынғаны 
жөн болар еді.
Бүгінгі таңдағы кеңістік өзгерістері және 
әлеуметтік тарихи уақыт мұғалім тұлғасына 
өзіндік талаптарын  қояды. Сол себепті «Мек-
теп  мұғалімі  қандай  болуы  керек?»  деген 
сұраққа жауап іздеу ісі тоқтаған емес. Педаго-
гика, психология және социология ғылымы 
сол  ізденістердің  алдыңғы  шебінен  табы-
луда. Айталық, Ресей ғалымы Л.М.Митина 
«Учитель  как  личность  и  профессионал» 
атты  еңбегінде  мұғалімге  тұлғалық  және 
кәсіптік  қасиеттері  тұрғысынан  келе  оты-
рып, оған тән болуға тиісті 35 көрсеткішті 
атаған.  Олар:  сыпайылық,  ойшылдық, 
байқағыштық,  өзін-өзі  ұстай  білуі,  мінез-
қылығын бағдарлай алуы, қайырымдылық, 
идеялық  сенімділік,  ісіне  мұқияттылық, 
бастамашылдық, ісіне шынымен ықыласты 
болуы,  ұжымшылдық,  саяси  саналылық, 
бақылау ісіне қабілеттілік, тыңғылықтылық, 
жауаптылык,  балаларға  сүйіспеншілігінің 
мол  болуы,  бала  сұранысына  сергектік, 
өзін-өзі  ұйымдастыра  алуы,  адамдық 
арақатынастағы  ашықтық,  тәртіптілік, 
әділдік,  педагогикалық    ой-өрісінін 
жоғарылығы,  көрегендік,  принципшілдік, 
өз еркімен әрекет ете алуы, өзіне-өзі сыншы 

77
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
бола алуы, қарапайымдылық, шыншылдық, 
тез ойлау және шешімділік, батылдық, өзін-
өзі  жетілдірушілік,  үлгілі  болуы,  жаңаны 
сезінгіштік, өз қадірін сақтай алатын болуы, 
сезімталдык, эмоцияға бай болуы [1].
Мектеп мұғалімінің қызметі мен тіршілігін 
әлеуметтанушылық тұрғысынан қарастыра 
келе, В.Я.Нечаев өзінің «Общество и образо-
вание» атты іргелі еңбегінде оның мынадай 
қабілетіне  ерекше  назар  аударады:  отбасы 
және  мектепке  дейінгі  тәрбие  тәжірибесін 
қабылдап алушы; «оқу» деп аталатын ерек-
ше тіршілік режимін қалыптастырушы; оқу 
қызметі  барысындағы  арабайланыстардың 
құрылысшысы;  оқу  материалдарын  даяр-
лаушы;  өмір  тәжірибелеріне  оқулықтық 
сипат  беруші;  оқу  еңбегі  барысындағы 
оқушылардың  ішкі  дүниесі  құбылыстарын 
әлеуметтік-психологиялық 
сезінуші; 
оқу  еңбегіне  байланысты  адамаралық 
құбылыстарды танып білуге іргелі ғылыми 
және  методологиялық  даярлығы;  оқыту 
әдістері  мен  технологияларын  меңгергені; 
білім  мазмұнының  оқушылардың  жеке 
бастық сұраныстарына бейімдеу шеберлігі; 
оқушылар  қабілетін  алдын  ала  берілген 
үлгіге,  яғни,  стандарт  деңгейіне  бейімдеп 
жеткізуі; оқу процесін бақылау, талдау және 
істелетін істі оны алғышарттарын есепке ала 
отырып анықтау; оқыту ісіне сенімділігі мен 
іштей  бағдарлануы;  мұғалімдік  ұжымның 
ынтымақтас  қауым  екеніне  түсіністікпен 
қатынасы,  шығармашылық  жасампаздығы 
[2].
Қазақстандық 
әлеуметтанушы-ғалым 
Т.Ж.Қалдыбаева  өзінің  «Бәсекеге  қабілетті 
Қазақстан Республикасы тұрғысындағы ХХI 
ғасыр  мұғалімі»  атты  ғылыми  еңбегінде 
Қазақстан мектептерін білікті мұғалімдермен 
қамтамасыз  ету  проблемалары  тура-
лы  айта  келіп,  мұғалімдік  мамандықты 
таңдаушылардың 
әлеуметтік-мотивтік 
негіздері  мен  болашақ  мұғалімдердің  та-
лап  тілектері,  қазақ  мектептерінің  білікті 
мұғалімдермен  қамтамасыз  етілуі,  мек-
теп  мұғалімінің  әлеуметтік  және  мәдени 
проблемалары,  мектеп  мұғалімін  кәсіптік 
даярлауға  байланысты  праксеологиялық 
қойылымдар мен тұжырымдамалардың жа-
салуын қарастырған [3].
Дегенмен, 
аталған 
еңбектерде 
мұғалімдердің 
ұлттық 
тәрбиелік 
құзырлылығына  мән  берілмеген,  әсіресе 
бұл  мәселе  Қазақстан  Республикасында 
2010-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыруда 
айрықша көңіл бөлетін проблемаға айналып 
отыр.  Өйткені,  12  жылдық  білім  беретін 
мектептің мұғалімі қандай болу керек деген 
сұрауға жауап беру қажет.  
Қазақстанның  12  жылдық  білім  бе-
руге  көшуі  жалпы  білім  беретін  қазақ 
мектептерінің 
оқушыларын 
ұлттық 
құндылықтар  арқылы  тәрбиелеу  [4]  және 
жаңа  формация  мұғалімін  даярлау  [5] 
міндеттерін шешуді қойып отыр. Сондықтан 
еліміздегі мұғалім мамандықтарын даярлай-
тын оқу орындарының алдында «Жаңа фор-
мация мұғалімі – ол рухани – адамгершілігі 
жоғары,  азаматтық  жауапкершілігі  мол, 
белсенді,  жасампаз,  жан-жақты  дамыған, 
шығармашыл  тұлға,  рефлекцияға  қабілеті 
басым, экологиялық білімді, өзін-өзі дамы-
ту және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы, 
әдіснамалық 
қалыптасуының 
жоғары 
деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, 
коммуникативтік, 
ақпараттық 
және 
біліктіліктің  басқа  да  түрлерін  меңгерген 
құзырлығы  жоғары  маман»  [5]  даярлау 
міндеті тұр.
Біздің  қосарымыз  құзырлығы  жоғары 
ондай мұғалім ұлтжанды болу керек. Сон-
да оны жаңаша «жаңа тұрпатты ұлтжанды 
мұғалім»  деген  ұғыммен  сипаттауға  бо-
лады.  Сонымен,  жаңа  тұрпатты  ұлтжанды 
мұғалім  даярлаудың  мазмұны  және  оның 
моделін жасау қажет. Өкінішке орай, ондай 
мұғалімді дайындаудың моделі қазақ педа-
гогика  ғылымында  әлі  шешімін  таппаған 
көкейкесті проблема.
Біздіңше,  жаңа  тұрпатты  ұлтжанды 
мұғалім деп өз пәнін және оның әдістемесін 
жан-жақты меңгерген, қазақ этнофилософи-
ясы,  этнопсихологиясы,  этнопедагогикасы 
және  этнопедагогика  тарихы  білімдерімен 
қаруланған, оқушыларға ұлттық тәрбие беру 
іскерліктері  мен  дағдылары  қалыптасқан 
мұғалімді айтуға болады.
Болашақ  мұғалімдерді  жаңа  тұрпатты 
ұлтжанды  мұғалім  етіп  дайындаудың 

78
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
негізі  –  «Қазақ  этнопедагогикасы»  және 
«Қазақ  этнопедагогикасының  тарихы» 
атты  оқу  пәндері.  Өйткені  «Қазақ  эт-
нопедагогикасы  –  жалпы  педагогика 
ғылымының  құрамдас  бөлігі,  оның  са-
ласы,  ол  қазақ  этнофилософиясының, 
этномәдениетінің,  этнографиясының,  эт-
нос  теориясының,  фольклористикасының, 
этнопсихологиясының 
және 
этнопе-
дагогика  тарихының  тоқайласуы  ая-
сында  қалыптасқан,  біртұтас  жүйелі 
этнопедагогикалық білім беретін дербес оқу 
пәні»,  ал  оның  өз  пәні  –  қазақтың  ұлттық 
тәрбие үрдісі [6].
Этнопедагогикалық  бiлiм  –  этно-
педагогика 
ғылымының 
теориялық 
негiздерi, 
этнопедагогикалық 
iскерлiк 
–  этнопедагогикалық  бiлiмдердi  прак-
тикада  қолдану  қабiлетiне  ие  болу, 
этнопедагогикалық  дағды  –  ұлттық 
тәрбие  беруге  қажеттi  этнопедагогикалық 
iскерлiктердiң қалыптасуы. 
Болашақ мұғалiмдерге этнопедагогикалық 
бiлiм  берудiң  мiндетi  –  оларды  ұлтжанды 
ұстаз етiп даярлау, яғни олардың ұлттық сана-
сы мен ұлттық дүниетанымын өз халқының 
тiлiне,  тарихына,  мәдениетi  мен  салт-
дәстүрлерiне бiртұтас етiп қалыптастыру.
Болашақ мұғалiмдерге этнопедагогикалық 
бiлiм мазмұны арнайы оқу бағдарламалары 
бойынша  жоғары  мектепте  оқытуды 
ұйымдастырудың  әр  түрлi  формалары  мен 
әдiстерi арқылы жүзеге асырылады.
Этнопедагогикалық 
бiлiм 
берудiң 
аудиториялық формаларына: лекциялар, се-
минарлар,  зертханалық  және  практикалық 
сабақтар, арнайы курстар, арнайы семинар-
лар  мен  факультативтер  жатады.  Ал  ауди-
ториядан  тыс  формаларына:  экскурсиялар, 
рефераттар,  конференциялар,  диспуттар, 
конкурстар,  олимпиадалар,  курстық  және 
дипломдық жұмыстар т.б. жатады.
Этнопедагогикалық бiлiм беру әдiстерiне: 
әңгiмелеу,  әңгiмелесу,  түсiндiру,  пiкiрлесу, 
көрсету, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап т.б. 
жатады.
Этнопедагогикалық бiлiм беру құралдары: 
ұлттық тiл, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-
дәстүрлер, ауызекi халық шығармашылығы, 
халық  тарихы,  ұлттық  сәндiк-қолданбалы 
өнер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер т.б.
Этнопедагогикалық 
бiлiм 
берудiң 
нәтижесiнде 
болашақ 
мұғалiмдердiң 
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлығы 
қалыптасады, яғни олар ұлтжанды ұстаз бо-
лып шығады.
Біз 1992 жылдап бастап бұрынғы Жамбыл, 
қазіргі  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 
институтында  жаңа  тұрпатты  ұлтжанды 
мұғалім  даярлау  бойынша  тәжірибелік-
эксперименттік 
жұмысты 
жүйелі 
жүргізудеміз.
Сол  мақсатта  «Болашақ  мұғалімдерді 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  дай-
ындау  тұжырымдамасын»  жасап,  оның 
институттың оқу үрдісіне ендірдік [6]. 
Тұжырымдамада 
оның 
қажеттігі, 
мақсаты,  этнопедагогикалық  білім  беру 
мазмұны, оның кезеңдері, оны жүзеге асыру 
жағдайлары мен жолдары көрсетілген.
«Жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім дай-
ындау моделін» жасадық (сурет 1).
Тұжырымдама мен модельді жүзеге асыру 
үшін арнайы «Қазақ тәлім-тәрбиесі» зертха-
насы ашып, оны талапқа сай жабдықтадық. 
Зертхана 
болашақ 
мұғалімдерді 
этнопедагогикалық  дайындықтан  өткізетін 
орталыққа айналды. 
Қойылған 
проблема 
– 
болашақ 
мұғалiмдердi  оқушыларға  ұлттық  тәлiм-
тәрбие  беруге  дайындау  үшiн  “Қазақ 
халқының  этнопедагогикасы”  атты  оқу 
бағдарламасын жасадық [7]. Ол 1992 жылы 
мамыр  айының  19–20  жұлдызында  Ал-
маты  қаласында  Бiлiм  Министрлiгi  мен 
Ы.Алтынсарин 
атындағы 
педагогика 
ғылымдарының  ғылыми  зерттеу  инсти-
туты  бiрiгiп  өткiзген  “Халық  педагоги-
касы  мен  психологиясы  дәстүрлерiнiң 
оқу-тәрбие  iсiнде  қолданылуы”  атты 
ғылыми-практикалық  конференциясында 
талқыланып,  оны  жоғары  педагогтiк  оқу 
орындарының  оқу  үрдісіне  ендiру  туралы 
шешiм  қабылданды.  Бағдарлама  баспадан 
шығарылып,  Қазақстанның  барлық  жоғары 
педагогтiк  оқу  орындарында  таратылды. 
Қазiр ол болашақ мұғалiмдердi оқушыларға 
ұлттық  тәрбие  беруге  дайындауда  кеңiнен 
пайдаланылуда.

79
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Сурет  1.  Жаңа  тұрпатты  ұлтжанды 
мұғалiм дайындау моделі
“Қазақ  халқының  этнопедагогикасы” 
атты оқу бағдарламасы қазақ этнопедагоги-
касы  ғылымының  әдіснамалық,  теориялық 
және  практикалық  бөлімдерден  тұрады. 
Оларда  қазақ  этнопедагогикасы  -  ғылым,  
оның пәнін мен міндеттері негізгі ұғымдары, 
зерттеу  әдістері,  басқа  ғылымдармен  бай-
ланысы  және  зерттеу  көздері,  сондай-
ақ  қазақ  этнопедагогикасындағы  тәрбие 
түрлері – дене, еңбек, кәсіби, адамгершілік, 
имандалық, 
ақыл-ой, 
эстетикалық, 
музыкалық,  экологиялық  және  отбасылық 
тәрбиелер қарастырылады. Және қазақ этно-
дидактикасы, мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 
қазақ  этнопедагогикасының  материалдарын 
оқушыларға ұлттық тәрбие беруді пайдала-
ну әдістемесі бойынша сұрақтар берілген.
Ал “Қазақ этнопедагогикасының тарихы” 
атты бағдарлама [8] Алматы қаласында 1994 
жылы  қарашаның  22-23  жұлдызында  өткен 
“Қазақстандағы  этнопедагогика  мен  этноп-
сихология  ғылымдарының  теориялық  және 
қолданбалы  проблемалары”  атты  ғылыми-
теориялық  конференцияда  талқыланылып, 
оны да жоғары педагогтiк оқу орындарының 
оқу үрдісiне ендiрiп, пайдалану ұсынылды.
“Қазақ  этнопедагогикасының  тарихы” 
атты  бағдарламасында  Қазақстан  жеріндегі 
педагогикалық ой-пікірлердің ілкі бастаула-
ры мен көздері, орта ғасыр ойшылдарының 
этнопедагогикалық  ой-пікірлері,  хандық 
 
Проблема: Жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім дайындау 
Қазақ этнопедагогикасының 
мазмұны 
Қазақ этнопедагогикасы тарихының 
мазмұны 
Қазақ этнопедагогикасынан және оның 
тарихынан арнайы курстар, арнайы 
семинарлар және факультативтердiң 
мазмұны 
Қазақ этнопедагогикасынан және оның тарихынан 
студенттердiң оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының мазмұны 
Қазақ этнопедагогикасынан және оның тарихынан студенттердiң 
оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны 
Қазақ этнопедагогикасынан және оның тарихынан студенттердiң 
педагогикалық практика кезiнде iстейтiн жұмыстарының мазмұны 
Болашақ мұғалiмдердiң оқушыларға ұлттық тәрбие 
беруге даярлығы 

80
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
дәуірдегі  этнопедагогикалық  ой-пікірлер, 
Қазақстанда 
ХІХ 
ғасырдың 
екінші 
жартысы  –  ХХ  ғасырдың  басындағы 
этнопедагогикалық  ой-пікірлер  мен  оқу-
ағарту  ісі,  қазақ  ағартушы-педагогтарының 
этнопедагогикалық ой-пікірлері, Қазақстанда 
Кеңестік 
кезендегі 
этнопедагогикалық 
зерттеулер  және  Қазақстанның  егемендік 
алғаннан  бергі  қазақ  этнопедагогикасы 
ғылымының дамуы қарастырылады.
Бағдарламаларға 
қажеттi 
библиографиялық 
көрсеткiштер, 
оқу 
құралдары,  оқу-әдiстемелiк  құралдар  және 
көрнекiлiктер  жасалынып,  олар  баспадан 
шығарылып,  оқытушыларға,  мұғалiмдерге 
және студенттерге таратылды [8-11].
Сонымен,  арнайы  оқу  бағдарламалары, 
оған  сай  оқулықтар,  оларға  оқу-әдістемелік 
құралдар  арқылы  болашақ  мұғалімдерге 
этнопедагогикалық  білім  беріліп,  олардың 
этнопедагогикалық 
іскерліктері 
мен 
дағдылары қалыптасып, олар жаңа тұрпатты 
ұлтжанды мұғалім болып даярлануда. Сон-
дай мұғалім ғана ұлтжанды қазақ азаматын 
тәрбиелей алады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. – М., 1994.
2. Нечаев В.Я. Общество и образование. – М., 2005.
3. Қалдыбаева Т. Бәсекеге қабілетті Қазақстан Республикасы тұрғысындағы ХХI ғасыр мұғалімі. 
– Өскемен, 2008.
4. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Астана, 
2005.
5.  Қазақстан  Республикасы  жаңа  формация  педагогының  педагогикалық  білім  беру 
тұжырымдамасы. – Астана, 2005.
6. Ұзақбаева С., Қожахметова К. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру 
тұжырымдамасы. – Алматы: Өнер, 1998.
7. Бөлеев Қ. Қазақ халқының этнопедагогикасы. Оқу пәнінің бағдарламасы. – Жамбыл, 1992.
8.  Бөлеев  Қ.,  Бөлеев  Т.Қ.  Қазақ  энопедагогикасының  тарихы.  Оқу  бағдарламасы.  –  Жамбыл, 
1994.
9. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындаудың тео-
риясы мен практикасы. – Алматы: Ғылым, 2001.
10. Бөлеев Қ., Арзымбетова Ш. Қазақ энопедагогикасы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2002.
11.  Бөлеев  Қ.  Қазақ  энопедагогикасы  –  ұлттық  тәрбие  берудің  негізі.  –  Алматы:  Нұрлы  әлем, 
2008.
Резюме
В статье разработана модель подготовки будущих учителей к национальному воспитанию уча-
щихся. Показан опыт реализации этой модели в учебно-воспитательном процессе педагогических 
вузов Казахстана.
Summary
In article the model of preparation of the future teachers to national education of pupils is developed. 
Experience of realisation of this model in teaching and educational process of pedagogical high schools of 
Kazakhstan is shown.

81
А.Б.Біртанов –
«Парасат» орденінің  иегері,
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,
Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 
Алматы қалалық №2 емханасының Бас дәрігері

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет