ӘДЕБИЕТТЕР:
«Білім берудегі менджемент», – № 2, 2010.
1.
Основные показатели системы среднего образования в 2009 году.
2.
Бержанов Б., Мусин С.
3.
«Педагогика тарихы». – Алматы, 1971.
Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік.
4.
Резюме
Автор поднимает вопрос о национальном воспитании, и через него указывает на роль
национальных ценностей казахского народа в воспитании, показывает путь и важность осмысленного
воспитания молодежи.
Summary
The author brings up a question on national education, and through him specifies in a role of national
values of the Kazakh people in education, shows a way and importance of intelligent education of youth.
Оқушыларға бала құқықтарын оқыту
адам құқықтары мәдениетін қалыптастыруға
бағытталған процесс болып табылады.
Оқыту процесі балалардың белсенді
түрде қатысуына негізделген, балалар
адам құқықтары туралы білім алып, адам
құқықтары проблемаларын түсіне бастайды,
құқықты қорғауға және теңсіздік пен ар-
намысқа ізгілікпен қарауға қажет дағдылар
мен қасиеттерді бойына сіңіреді.
Сондықтан адам құқықтарын оқыту кез
келген білім беру процесінде басты роль
атқаруы тиіс. БҰҰ-ның Бала құқықтары
туралы Конвенциясы балаларды адам
құқықтарымен таныстырудың баға жетпес
құралы болып табылады. Бала құқықтары
туралы Конвенцияда балаларға тікелей
қатысты адам құқықтары анықталған.
Бала құқықтарын зерделеу және қолдану
балаларға адам құқықтарының негізін
түсінуге, құқықтарды жеткізуші өздері екенін
түсінуге, осы құқықтарды өзінің ортасына
бейімдеуге және қолдануға көмектеседі.
Бұл балаларды адам құқықтарына оқытудың
басты мақсаты [1; 2; 3].
Конвенция преамбуласында Біріккен
Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария
етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның
барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін,
теңдей және ажырамас құқықтарын тану
жер бетінде бостандықты, әділдікті және
бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі
болып табылатынын, Біріккен Ұлттардың
халықтары Жарғыда өздерінің адамның
негізгі құқықтарына, жеке адам баласының
қадір-қасиеті мен құндылығына деген
сенімін қуаттағанын және кең ауқымды
бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір
сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге
бекем бел буғанын айтады.
Р.Ә.Жұмақанова –
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, ҚазМемҚызПУ
Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы – Бала құқықтары туралы
Конвенция және «Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
136
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Преамбулада балалардың ерекше
қамқорлық пен көмекке құқылы екені, бала
қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын
болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысында жария етілген идеалдардың,
әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік,
еркіндік, теңдік және ынтымақтастық
рухында тәрбиеленуге тиіс екені туралы
айтылған.
Конвенцияда баяндалған нормалар мен
міндеттемелердің мақсаты елдегі заңнамаға,
саясатқа және бағдарламаларға, сондай-
ақ халықаралық, ұлттық, үкіметтік немесе
үкіметтік емес ұйымдар мен органдарға,
олардың балаларға қатысты қызметтеріне
бағыт-бағдар беру.
Конвенцияда
бала
ққұқықтарының
тізбесімен қатар мемлекет тарапынан балаға
қатысты мойындалуы тиіс міндеттемелердің
тізімі берілген. Бұл міндеттемелер тікелей
болуы мүмкін, мысалы, білім алу үшін
мүмкіндік беру немесе жасы кәмелетке
толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу және
жанама түрде болуы мүмкін, мысалы, ата-
аналарға, отбасының басқа да мүшелеріне
немесе асыраушыларға өздерінің ба-
сты рольдерін ойнауға және тәрбиешілер
мен қорғаушылар міндеттерін орындауға
мүмкіндік беру.
Басқаша
айтқанда,
Конвенцияның
балаларға әсерін ең алдымен үкіметтің, со-
дан кейін халықаралықтан жергіліктіге
дейінгі мекемелер мен ұйымдардың қалай
қабылдағаны арқылы бағалауға болады.
Яғни, прогресс туралы ұлттық заңдар мен
саясаттың сипатына, сондай-ақ оларды
жүзеге асыру үшін талап етілетін құрылымдар
мен тетіктердің болуына, тиімділігіне қарай
бағалауға болады. Конвенция ешуақытта
«балаларды босату хартиясы» болған емес,
оның мазмұны да ешуақытта отбасының
маңыздылығын түсірген емес.
Конвенция адам құқықтарының ауқымды
түрлерін қамтиды. Бұрын адам құқықтары
бір жағынан азаматтық және саяси болып
сыныпталса, екінші жағынан экономикалық
және әлеуметтік, мәдени болып сыныпталды.
Алайда 4-бап осы санаттарға қатысты, деген-
мен баптар осы қағидат бойынша бөлінбеген.
Конвенцияның бүкіл мәні – барлық
құқықтардың бір-бірін толықтыратынын
көрсету, ЮНИСЕФ балалардың «өмір сүруі
және дамуы» деп көрсететін қағидасын
қамтамасыз ету. Конвенцияда қамтылған
құқықтардың барлық түрі үш бағытта
көрсетілуі мүмкін: есім, азаматтық алудан
бастап, медициналық-санитарлық көмекпен
пен білім алудан аяқталатын өмір сүру
мен дамуды қамтамасыз ету, қорғау (азап-
тау, қанау, еріксіз бас бостандығынан айы-
ру, негізсіз отбасы қамқорлығынан айыру
сияқты белгілі әрекеттерден), қатысу (жеке
басының өміріне және қоғамдағы өміріне
қатысты шешімдерге).
Конвенцияда басты үш жаңалық бар.
Біріншісі, балалар үшін «қатысу
құқықтары» ұғымын енгізу және балаларға
өздерінің құқықтары туралы ақпараттану
маңыздылығын мойындау. Екіншісі, Кон-
венция бұрын халықаралық құжаттарда
мүлде қаралмаған мәселелерді көтереді:
қатыгездіктен және пайдаланудан жәбір
көрген балалардың оңалуға құқықтары
және үкіметтің балалардың денсаулығына
зиян келтіретін дәстүрлі практиканы жоюға
қадамдар жасау міндеті. Үшіншісі, бұрын
заңдық жағынан міндеттелмейтін мәтіндерде
кездеспейтін қағидаттар мен нормаларды
қосады, атап айтқанда, бала/қыз асырап
алуға және жасы кәмелетке толмағандарға
қатысты әділ сот жүргізуге қатысты
мәселелер.
Сонымен қатар, Конвенция - мәні зор
екі маңызды тұжырымдаманы қамтиды:
«бала мүддесін барлық жағынан
•
қамтамасыз ету» (3-бап) «балаларға
қатысты барлық әрекеттердің» міндетті
критерийіне айналады;
ата-аналардың
•
(немесе бала үшін
жауап беретін басқа да адамдар) баланың
дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес, осы
құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті
түрде басшылық жасап және жетекшілік етуі
тиіс қағидат (5-бап).
137
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінде
дерлік балалардың жағдайы осы елдердің
үкіметтерін балаларды қорғауға және олардың
құқықтарының толықтай жүзеге асырылуын
қадағалауға ресми түрде міндеттеу арқылы
жақсаруы мүмкін. Конвенция қағидаттары
үкіметтердің өз міндеттерін орындау бары-
сына қарай балалардың күнделікті өміріне
өзгерістер енгізеді.
Конвенция
мынадай
басты
қағидаттарға ықпал етеді:
Мемлекеттер әрбір баланың осы
Конвенциямен көзделген, оның ата-
анасының немесе қамқоршысының қандай
да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне,
жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге
де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық
немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік
жағдайына,
баланың
денсаулығының
және туылуының жай-күйіне немесе өзге
де жағдайларына қарамастан, барлық
құқықтарын қамтамасыз етулері тиіс
(2-бап).
Жеке, мемлекеттік немесе қоғамдық
нысандағы
мекемелердің,
соттардың,
әкімшілік немесе атқарушы органдардың
балаларға
қатысты
қолданатын
іс-
әрекеттерінің бәрінде де ең бірінші кезекте
баланың мүддесі тұруы тиіс (3-бап).
Әрбір баланың өмір сүруге, есім,
азаматтық алуға, өзінің ата-анасын білуге,
олардың қамқорлығына ие болуға деген
ажырамас құқығы бар. Мемлекет оның тірі
қалуына, денелік, ойлық, рухани, әлеуметтік
және мәдени дамуды қоса жан-жақты
дамуына кепілдік беруі тиіс (6-бап).
Бала тыңдалу құқығына ие. Балаларға
өмірге қатысты барлық мәселелерді шешуге,
өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік берілуі
тиіс (12-бап).
Конвенцияда мынадай маңызды құқықтар
берілген.
Азаматтық құқықтар мен еркіндік.
Әрбір бала туылған сәттен бастап есім,
азаматтық алуға құқығы бар, мемлекет оны
тиісті құжатпен қамтамасыз етуге міндетті.
Балалар ойын еркін жеткізуге құқылы,
мемлекет олардың ойлау, ар-ождан және дін
бостандығына, ата-анасының қамқорлығына
ие болуға деген құқығын құрметтеуі тиіс.
Балалар, сондай-ақ, араласу бостандығына
құқылы және олардың жеке өміріне қол
сұғушылықтан қорғалуы тиіс. Сонымен
қатар, ешқандай бала зорлық-зомбылыққа,
қорлауға, қатыгез, кемсітетін, адамшылыққа
жатпайтын жәбірлеуге және жазалауға
ұшырамауы тиіс. 18 жасқа толмаған
жеткіншекке үкім кесу барысында өлім
жазасы мен еркіндікке шығу құқығынан
толық айырған өмірлік бас бостандығынан
айыру жазасын қолдануға тыйым салынған.
Отбасы және тәрбие. Конвенция
балаларды тәрбиелеу үшін бастапқы және
негізгі жауапкершілікті олардың ата-
аналарына жүктейді және мемлекеттің
оларды осы жағдайда қолдауын көздейді.
Балаларды ерекше жағдайлардан басқа
жағдайларда, ата-аналарының ықтиярынсыз,
құзырлы органдардан басқа органдарда,
қолданыстағы заңдарға қатаң сәйкестікте
болмаған жағдайда ата-аналарынан айыруға
болмайды. Ата-анасы еріксіз айрылған
жағдайда балалар ата-анасының екеуімен
де қарым-қатынаста болуға құқылы. Бала
мен ата-ана от басын біріктіру немесе өзара
қарым қатынастарын нығайту мақсатында
кез келген елден шығып өз еліне келуге
құқылы. Ата-аналар балаларының лайықты
өмір деңгейін қамтамасыз етуге жауапты, ал
мемлекет сол жауапкершіліктің орындалуына
кепілдік беруі тиіс. Конвенция мемлекетке
отбасыларынан айрылған балаларды арнайы
қорғауды қамтамасыз етуді міндеттейді.
Мысалы, уәкілетті органдардың рұқсатымен
бала немесе қыз асырап алу жүргізілуі мүмкін
жерлерде. Мемлекет балалардың ұрлануын
немесе ата-аналарының, я болмаса үшінші
адамдардың оларды шетелде ұстап отыруын
алдын алуға және жоюға; балаларды
қиянат көрсетудің және кемсітудің барлық
түрлерінен қорғауға міндетті. Балалар
қарулы қақтығыстың, қорлаудың, кемсітудің,
немқұрайлы қараудың немесе пайдаланудың
құрбаны болған жағдайда, мемлекет
138
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
олардың қалпына келуін және қоғамға
әлеуметтік қосылуын жеңілдететін емделу
мен сауығудың тиісті көмегін алатынына
кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар, мемлекет
емдеуге немесе сауықтыруға жіберген бала
ахуалының үнемі бағаланып отыруына құқы
бар.
Балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты.
Әрбір бала өмір сүруге құқылы, қатысушы
мемлекеттер баланың тірі қалуына және
дамуына, денсаулық сақтаудың ең жоғары
қол жетімді стандартына құқығына ең жоғары
кепілдік беруі тиіс. Мемлекеттер денсаулық
сақтаудың алғашқы, алдын алу, денсаулық
сақтау саласындағы қоғамдық білім беру
және балалар өлімін азайту жұмыстарына
баса назар аударуы керек. Олар бұл салада
халықаралық ынтымақтастықты барынша
қолдап-қуаттауы және ешқандай бала
жоғары сапалы сауықтандыру қызметінен
алыстатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін
жасауы керек. Дамуында ауытқулары бар
балалар мамандандырылған қатынасқа,
емдеуге, білім беруге және қамқорлыққа
ие болуға құқылы. Балалар әлеуметтік
қамсыздандыру саласы тарапынан да көмек
алуға құқылы. Қатысушы мемлекеттер
ата-аналары жұмыс істейтін балалардың
балалық шақты қорғау қызметтерін
пайдалану құқығына кепілдік беру үшін
барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене
бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және
әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне
құқығын мойындайды.
Білім алу, бос уақыт және демалыс.
Балалар білім алуға құқылы, мемлекеттің
міндеті бастауыш білімнің еркін және
міндетті болуына, мектеп тәртібі баланың ар-
намысын құрметтеуге бағытталуына, білім
берудің мақсаты адамның жеке тұлға ретінде
дамуына, оның ақыл-есін, дене бітімдік
қабілеттерін барынша толық дамытуға
бағытталуына кепілдік беру. Білім беру ата-
анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын,
ана тілін және адамзат құндылықтарын
құрмет тұтуды нығайтуы және ынталандыруы
тиіс, бұл баланы қоғамдағы саналы өмірге
түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, басқа
адамдармен достықта болу рухында дай-
ындайды. Балалар бос уақытқа, демалысқа
және мәдени іс-шараларға құқылы.
Арнайы қорғаныс шаралары
а) Қатысушы мемлекеттер 15 жасқа
дейінгі кез келген баланың әскери әрекеттерге
қатыспауы үшін мүмкін болған шаралардың
барлығын қолдануы тиіс. 15 жасқа толмаған
кез келген бала қарулы күштер қатарына
қызметке шақырылмауы керек. Қабылданған
халықаралық уағдаластықтарға, әсіресе
қарулы қақтығыстарда азаматтық халықты
қорғау жөніндегі Женева Келісіміне сәйкес,
қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыстар
аймағындағы балаларды қорғауға кепілдік
беру үшін барлық шараларды қолдануы
тиіс. Мемлекет барлық балаларға – әскери
қақтығыстардан, қорлаудан, кемсітуден,
немқұрайлы қараудан немесе пайдаланудан
зардап шеккен балаларға тиісті көмек
көрсетуге және оларды емдеуге кепілдік
беруге міндетті. Арнайы қорғаныс босқын
балаларға немесе босқын мәртебесін
алуға ұмтылған балаларға көрсетілуі тиіс.
Мемлекеттің міндеті – осындай қорғаныс
пен көмек көрсететін құзырлы ұйымдармен
ынтымақтасу.
ә) Бала заңмен қақтығысқан жағдайда
балалардың
құқық
бұзушылықтары
жөніндегі органдар баланың жасын назарға
алулары және олардың қоғамда реинтегра-
циялануына жәрдемдесулері тиіс. Заңмен
қақтығысқан балалар олардың адамдық
қадір-қасиетін және өзін-өзі бағалауын ын-
таландыратын қатынасқа құқылы. Мұндай
жағдайда балалар олардың сотта қорғалуына
заңды немесе өзге көмектесу сияқты негізгі
кепілдіктерге құқылы. Мүмкіндігінше олар-
ды оқшаулайтын жерлерден аулақ болған
дұрыс. Бас бостандығынан айрылған кез
келген бала ересектерден бөлек жерде болуы
тиіс, егер баланың өзінің ықтиярына қайшы
келмесе. Сонымен қатар, қамауға алынған
бала заңды және басқа да көмекке ие болуы
тиіс, сондай-ақ отбасымен қарым-қатынаста
139
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
болуға құқылы.
б) Жұмыс істеген жағдайда балалар
экономикалық қанаудан және денсаулығына,
білім алуына немесе дамуына қауіп
төндіретін жұмыстардан қорғалуға құқылы.
Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте
адамның ең төменгі жас мөлшерін және
Халықаралық еңбек ұйымы, атап айтқанда,
Ең төменгі жас туралы 1973 жылғы
Келісіммен (№138) құрылған стандарттарға
сәйкес жұмыс талаптарын реттейтін
ережелер белгілеуі тиіс. Балалар есірткі және
психотроптық заттарды қолданудан, сондай-
ақ оларды өндіру немесе сату жұмыстарына
тартылудан қорғалуға құқылы. Мемлекет
баланы жезөкшелікті, порнографиялық
бизнеске қанап пайдалануды қоса, сексуалды
қанау мен зорлаудан қорғауы тиіс. Келісім
мемлекет балаларды сату, саудалау және
ұрлауды болдырмас үшін бүкіл күштерін
салуға міндетті болғанын көздейді.
в) Бала ұлттық немесе өзге азшылық топқа
жатқан жағдайда. Ұлттық немесе азшылық
топқа жататын балалар өз мәдениетін, тілін
және дінін қолдануға құқылы.
Бала құқықтары туралы Конвенция
бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу
үшін мұғалімге Конвенцияның баланың
тірі қалуына, дамуына, қорғалуына және
қатысуына құқықтары берілген бірінші
бөлімінің 1-41-баптарына сүйене отырып,
оның мазмұнымен танысып шыққаны аб-
зал (42-54-баптарда Бала құқықтары туралы
Конвенцияның сақталуы және күшіне енуі
туралы мәселелер қаралған).
2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары
туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданды. Осы Заң баланың
Қазақстан Республикасының Конститу-
циясында кепілдік берілген құқықтары
мен мүдделерін іске асыруға байланысты
туындайтын қатынастарды реттейді. Заң
балаларды қоғамдағы толымды өмiрге да-
ярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және
шығармашылық белсендiлiгiн дамыту,
әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән
құндылықтары негiзiнде оларды жоғары
имандылық
қасиеттерге,
елжандылық
пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бой-
ында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру
қағидаттерiне негізделген.
«Қазақстан
Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы бойынша мақсатты
тәрбие жұмысын өткізу үшін баптардың
мазмұнымен танысқан кезде құжатты
тұтастай ұсыну және басты назарды баланың
негізгі құқықтары мен міндеттері ашылатын
Заңның 3-тарауына аударған маңызды.
Төменде «Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» Қазақстан Ре-
спубликасы Заңының құрылымы берілген,
оған 53-бап кіреді, ондағы 3 және 4 Тараулар
баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін
ашады:
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Бала және отбасы
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7-тарау. Бала және қоғам
8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етудін
ерекшеліктері
10-тарау. Қорытынды ережелер
(1-5-баптар)
(6-7-баптар)
(8-20-баптар)
(21-26-баптар)
(27-30-баптар)
(31-33-баптар)
(34-41-баптар)
(42-47-баптар)
(48-49-баптар)
(50-53-баптар)
140
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы Заңның «Баланың негізгі
құқықтары мен міндеттері» 3-тарауында
баланың денсаулық сақтауға құқығы (8-бап),
баланың даралық ерекшелiкке және оны
сақтауға құқығы (9-бап), баланың өмiр
сүруге, жеке басының бостандығына,
қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол
сұғылмауға құқығы (10-бап), баланың сөз
және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа,
қоғамдық өмiрге араласуға құқығы (11-бап),
баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
(12-бап), баланың мүлiктiк құқықтары
(13-бап), баланың тұрғын үйге құқығы
(14-бап), баланың бiлiм алуға құқығы (15-
бап), баланың еңбек бостандығына құқығы
(16-бап), баланың мемлекеттiк көмекке
құқығы (17-бап), баланың дем алуға және
бос уақытын пайдалануға құқығы (19-бап)
қаралады. Әрбір бала басқа адамдардың
құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен
қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк
нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз
ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи
және мәдени мұралардың сақталуына қам-
қарекет жасауға, тарих және мәдениет
ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға
және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға
(20-бап) мiндеттi.
Заңның «Бала және отбасы» 4-тарауында
баланың отбасында өмiр сүру және
тәрбиелену құқығы (21-бап), баланың
отбасындағы құқықтары (22-бап), жан-
жақты дамуына жағымды жағдайлар (24-
бап), баланың өзiнен бөлек тұратын ата-
анасымен қарым-қатынас жасау құқығы (26-
бап) қарастырылады.
«Бала және қоғам» 7-тарауда баланы
әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан
қорғауға (36-бап), баланы алкогольдi
өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды
әсерiнен қорғауға (37-бап), баланы есiрткi,
психотроптық, күштi әсер ететiн немесе
улы заттардан қорғауға (38-бап) басты
назар бөлінеді, баланы жезөкшелiк пен
порнографиядан қорғау (40-бап), баланы
соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым
салу (41-бап) туралы айтылады.
Жетекші
педагогикалық
тәжірибе
көрсеткеніндей, балаларды Бала құқықтары
туралы
Конвенция
және
Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары
туралы Заң негізінде бала құқықтарына
оқыту жұмыс барысында ойын әдістемелері
қолданылған жағдайда тиімді болады. Мысал
ретінде «Кемемен жаңа жерге сапар шегу»
атты ойын түрін келтіреміз.
Кемемен жаңа жерге сапар шегу
Кеме бортының сыртына бірінші қандай
затты тастар едіңіз?
Балалар көз алдыларына кемемен
жаңа жерге сапар шегіп бара жатқандарын
елестетеді, алайда оған жету үшін олар борт
сыртына бірінші кезекті емес заттарды таңдап,
тастаулары тиіс. Ойын басымдықтарды
белгілеп, талқылауға бағытталған.
Міндеттер:
• Тірі қалу үшін және даму үшін не маңызды
екенін бағалау.
• Өз қалауларын қажеттіліктерден бөлек
қарау.
• Адам мұқтаждарын оның құқықтарымен
біріктіру.
Дайындық: әр топ үшін қалаулар мен
қажеттіліктер
жазылған
карточкалар
жиынтығының көшірмесін жасап, оларды
қырқыңыз; оны конвертке салыңыз.
Материалдар: Конверттер, қалаулар мен
қажеттіліктер жазылған карточкалар көшірмесі,
желім, қағаз беттері
Нұсқаулықтар:
Балалардан олардың жаңа континентке
1.
сапар шегетіндерін елестетуін сұраңыз. Ол
континент қазір елсіз, сондықтан олар онда
келген кезде жаңа елдің пионерлері, негізін
қалаушылары болады.
Балаларды шағын топтарға бөліңіз, әр
2.
топқа қалаулар мен қажеттіліктер жазылған
карточкалар жиынтығы салынған конвертті
таратып, мынау жаңа елде өмір сүру үшін
өздерімен алатын заттар екенін түсіндіріңіз.
Әр топтың конвертті ашып, ішіндегі барлық
карточкаларды алып, оларды зерделеуін
сұраңыз. Нұсқа: оларға бірнеше бос карточка
қосып, балаларға жаңа елде қажет болуы мүмкін
немесе олар алғысы келетін бірнеше қосымша
заттарды қосып жазуларын ұсыныңыз.
Кеменің қазір сапарға шығатынын
3.
түсіндіріп, әңгімені былай бастаңыз:
Сапар өте қолайлы болады. Күн жарқырап
141
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тұр, теңіз тыныш. Кенет, үлкен теңіз дауылы
тұрып кетіп, кеме шайқалып жатыр. Ол батып
жатыр! Кеменің су бетінде қалуы үшін борт
сыртына үш карточка тастауыңыз қажет.
Әр топтан неден құтылатындықтарын
шешуін сұраңыз. Оларға бұл заттарды кейін
қайтып ала алмайтындықтарын түсіндіріңіз.
«Борт сыртына таслаған» карточкаларды
жинап алып, оларды бір топқа жинаңыз.
Әңгімеге қайта оралыңыз:
4.
Дауыл әйтеуір басылды. Барлығы жеңіл
демалды. Алайда, дәл осы кемеге 5-санатты
дауыл келе жатқаны туралы метеорологиялық
мәлімет келеді. Егер дауылдан аман қалғыңыз
келсе, борт сыртына тағы үш карточка
тастауыңыз қажет! Есте сақтаңыз: жаңа елде
тірі қалу үшін қажет заттарды тастамаңыз.
Әңгімеге оралыңыз:
5.
Біз ажал аузында болдық. Алайда, біз жаңа
континентке жақындап қалдық. Барлығы қатты
толқып келеді. Бірақ біз горизонтта жерді
көрген кезде, кемемізге үлкен кит соғылып,
бортты тесіп кетті. Сіздер кемені бұрынғыдан
да жеңіл қылуға тырысуларыңыз керек! Тағы
үш карточканы борт сыртына тастаңыздар.
Карточкаларды бір топқа жинап, реттеп
қойыңыз.
Олардың жаңа континентке әйтеуір
6.
аман-есен жеткендерін және жаңа ел құруға
дайын екендерін жариялаңыз. Әр топтан
қалған карточкаларды жаңа континентке не
алып келгендерін барлығы естерінде сақтай
алатындай етіп, қағаз бетіне шаптауларын
сұраңыз. Тірі қалуға қажеттінің барлығы бар
ма екен? Қалыпты өсу және даму үшін не
барын?
Әр топтың өз парақтарын бөлменің
7.
төріне іліп қоюларын сұраңыз, олардың жаңа
жерге не алып келгендерін түсіндіріңіз. Әр
сипаттаудан кейін барлық топтан: «Олардың
аралда тірі қалуы үшін қажет заттардың
барлығы бар ма? Өсу және даму үшін не
барын?» сұрап отырыңыз.
Талдау және бағалау:
Мынадай сұрақтар қойып, ойынды
1.
талдап шығыңыз:
Бұл ойында сізге не ұнады?
o
Несіз күн көре алатыныңызды қалай
o
шештіңіз? Басты нәрсе не болды?
Кейбір шешімге келу қиын болды ма?
o
Олар қандай шешімдер?
Топта нені қалдыру және нені борт
o
сыртына тастау жөнінде келіспеушіліктер
болды ма? Бұл келіспеушіліктерді қалай
шештіңіздер?
Адамдардың қажеттіліктері бірдей ма
o
екен? Кімнің қажеттіліктері басқаша?
Өзіңіздің соңғы таңдауыңыз туралы не
o
ойлайсыз? Жаңа елде өмір сүре алар ма едіңіз?
Онда қалыпты өсіп, дами алар ма едіңіз?
Тобыңыз борт сыртына не тастау қажет
o
екенін қалай шешті?
Қорытынды нәтиже сізді таң қалдырды
o
ма?
Егер осы ойынды қайта ойнау қажет болса,
қандай заттарды борт сыртына тастар едіңіз?
Адам құқықтары адам қажеттіліктеріне:
2.
әр адамның тірі қалуына, қалыпты өсуіне және
дамуына, лайықты өмір сүруіне қажет заттарға
негізделгенін атап айтыңыз. Мынадай сұрақтар
қойыңыз:
Сіздің тірі қалуыңызға қажет затыңыз
o
бар ма?
Сіздің өсуіңізге және дамуыңызға қажет
o
зат бар ма?
Сіз қандай заттардың болғанын қалар
o
едіңіз, бірақ оларды бірінші кезекті заттар емес
деп шештіңіз?
Барлық адамдарға адам құқықтарының
3.
барлығы қажет екенін айтыңыз! Кейбірі
тірі қалу үшін қажет заттар, мысалы, тамақ,
медициналық көмек, таза су және баспана.
Қалғандары жақсы өмір сүріп, даму үшін қажет
бірінші кезекті заттар. Тірі қалу - жеткіліксіз.
Мынадай сұрақтар сұраңыз:
Олардың болғанын қалаған, бірақ тірі
o
қалу үшін тастауға болатын заттар қандай
карточкаларда жазылған?
Бізге тірі қалу үшін қажет заттар қандай
o
карточкаларда жазылған?
Бізге
қалыпты
өсуімізге
және
o
дамуымызға қажет болуы мүмкін заттар қандай
карточкаларда жазылған?
Сізде _________ болмаса, мына жаңа
o
елде не болуы мүмкін? (карточкалардың ішінен
бірнеше мысал келтіріңіз.)
Достарыңызбен бөлісу: |