Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

С.Ж.Пірәлиев – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры, 
педагогика ғылымдарының докторы
профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ТӘРБИЕНІҢ БҮГІНГІ ТАҢНАН ҚОЙЫЛУ 
ТАЛАБЫ
Тәуелсіздік  алып,  ой-санасы  жаңарған 
қазақ  халқының  жаңа  үшінші  онжылдық 
қадамында  түп  тамыры  тереңге  бойлаған 
еліміздің ұлттық қайнар тәрбие көздерімен 
сусындаған  жастардың  өсіп,  қалыптасуы 
ауадай  қажет.  Бүгінде  Еуропалық  және 
Азиялық  өркениеттің  тоғысында  ғұмыр 
кешіп отырған Қазақстан жаһандану жағдайы 
өршіп  тұрған  тұста  өзінің  геосаяси  орнын, 
кеңестік  дәуір  мен  қазіргі  жай-жапсарды 
бағамдай  отырып,  халықтың  құнарлы 
даналығынан,  ұлы  педагогтарымыз  бен 
ғұлама  гуманистеріміздің  философиялық 
еңбектерінен, рухани құндылықтарымыздан 
сусындай  отырып,  оны  ұлттық  білім 
жүйесінде  қалыптастыруы  қажет.  Біздің, 
қазақ халқының болашағын айқындап, оны 
тұрақты  даму  деңгейіне  көтеретін  бірден-
бір  тұлға  –  қазақ  жастары.  Ол  жасөспірім 
тұлғаны отаншылдық, ұлтжандылық рухта 
тәрбиелеп  жетер  жеріне  жеткізу  аға  буын 
өкілдерінің  парызы.  Өздеріңіз  байқағандай 
бұл мәселенің көтеріліп отырғанына да көп 
уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен де бұл істе 
біраз жетістіктерге жетіп, көңіл қуантарлық 
нәтижелерді  еңсерудеміз.    Оның  көрінісі 
ретінде тек бір ғана мекеме, Абай атындағы 
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетін 
алсақ,  мұнда  екі  жылдың  ішінде  «Ұлттық 
тәрбие  және  өзін-өзі  тану»  кафедрасының 
ашылғанын,  «Ұлттық  тәрбие»  пәнін  оқу 
бағдарламасына  енгізілгенін,  осы  аттас 
ғылыми-көпшілік  журналдың  жарыққа 
шыққанын,  көптеген  оқу  әдістемелік 
құралдардың  шығып  жатқанын,  бұл 
салаға  қызығушылық  танытып,  ғылыми 
жұмыстармен  айналысушылардың  өскенін 
айтар едім. 
Тәуелсіз елдің ертеңі өскелең жас ұрпақта. 
Оның  бойына  тәрбиенің  бес  көзі:  дінін, 
тілін,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпын,  тарихын, 
ділін қадірлей білуге,  қалыптастыруға бау-
лу тәрбиедегі басты міндет. Қазіргі аумалы-
төкпелі  заманда  елдің  жетістігін  дәріптеп, 
отан  дегеніміз  не,  ел  үшін  еңбек  етудің 
маңызын  түсіндіре  отырып,  елін,  жерін 
қорғауға деген патриоттық сезімін оятуды, 
құрметтеу сияқты құндылықтарды уағыздау. 
Елі үшін мақтана білсе, ол әр жастың өзіндік 
санасының қалыптасқандығы. Ендеше, біздің 
қазақстандық білім беру мен тәрбиедегі жаңа 
үлгі осыдан бастау алып, жастарды білімді, 
білгір,  білікті  етіп  өсірумен  қатар,  оның 
бойына адамгершілік, тұлғалық  болмысын, 
ішкі жан дүниесін қалыптастыруда жатыр. 
Өйтпеске  болмайды.  Себебі,  қазір  елімізде  
батыстық  өркениетке  талғамсыз  еліктеу, 
оған  қарсы  тұруға  құлықсыздық,  оның 
келешектегі ұлт болашағына тигізер әсерін 
ойламаушылық, ұлттық идеяға негізделген 
ұлттық  идеологиямызды  дұрыс  құрмау, 
тәрбие  жүйесінің  ғылыми-әдіснамалық, 
педагогикалық-психологиялық, 
рухани, 
әлеуметтік негіздерінің осалдығы сияқты т.б. 
басты-басты  ойлануға  тұрарлық  мәселелер 
орын алып отырғаны белгілі. 
Қазіргі  жаппай  жаһандану  кезіндегі 
өзгерістер  адам  өмірінің  әлеуметтік, 
экономикалық,  саяси,  технологиялық, 
коммуникациялық, 
рухани 
негіздерін 
түгел қамтығандықтан, бүгінгі таңда адам-
зат  алдында  туындаған  көптеген  түйткіл 
мәселелердің ортақтығы айқын сезіліп отыр. 
Әлемнің тұтастығы, халықтар мен елдердің 
өзара  байланыстылығы  анық  байқалады, 
ақиқат 
болмыс 
жаһандық 
ауқымда 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

12
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ұғынылады.  Мұндай  жағдайда  ғылым  мен 
білім жаңа мән-мағынаға ие болады. Әртүрлі 
саладағы  адамның  қызметі  ғылым  мен 
білімнің  тұтастай  даму  дәрежесіне  тікелей 
тәуелді бола түсуде. 
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев: 
«Бізге 
экономикалық  және  қоғамдық  жаңару 
қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы 
білім беру жүйесі керек», - деген болатын [1. 
32 б.]. Демек, бұл жерде пайымдап қарайтын 
болсақ,  Отанымыздың  ертеңгі  өсіп-өнуіне 
ғылым  мен  білімнің,  ұлттық  мүддеге 
негізделген  тәрбиенің  де  қосар  үлесінің  аз 
болмайтынын аңғарамыз.
Білім  беру,  экономика,  технология, 
денсаулық сақтау, қауіпсіздік мәселелерінің 
бүгінгі  таңда  екі  бірдей–  жаһандық-
аймақтық  өлшемі  бар  дейтін  болсақ,  ал 
оларды ішкі түйсік арқылы немесе тәжірибе 
негізінде  ғана  шешу  мүмкін  емес.  Табиғи 
және  әлеуметтік  болмыстың,  оның  ақыл-
парасатқа негізделген алғышарттары мен ба-
стауларын бүтіндей ғылыми тұрғыдан тану 
қажеттігі  бүгінгі  күн  тәжірибесі  дәлелдеп 
отыр.  Демек,  ғылымның  маңызын  терістеу 
жаһандық  ақпарат  қоғамын  қалыптастыру 
дәуірінде уақыт шындығына қайшы келетін 
ескірген  көзқарасқа  айналып,  жаңа  сапа-
лы  әлемдегі  адамзаттың  аман  қалуының 
қажетті шарты болып табылады. Ғылым мен 
білім бүгінде шын мәнісінде халықаралық, 
ғаламдық  құбылыстар.  Білім  беру  мен 
ғылымның  даму  бағдары,  олардың  сипа-
ты жалпы және тегіс дүниетанымдық және 
мәдени-әлеуметтік  бағдарларға,  қоғамның 
экономикалық  және  басқа  да  қажеттеріне 
тәуелді. Өйткені, тәрбие мен білім әрқашан 
да қоғамдық дамудың ажырамас бір бөлігі 
болып  келді  және  бола  бермек  те.  Бұған 
байланысты  ғылым  мен  білім  беру  ал-
дында  және  келешек  ұрпақ  бойына  тәрбие 
дарыту  жолында  бүгінгі  таңда  мүлдем 
жаңа  ұйымдастырушылық,  әдіснамалық 
мәселелер бой көтеруде. Сондықтан жастар-
ды тәрбиелеуде, оларға дұрыс бағыт-бағдар 
беруде нақты жоспар құрып алған орынды. 
Өйткені, бүгінгі жас жеткіншектердің бой-
ынан  қазақи  болмысты,  түсінік-танымды 
көре  де,  байқай  да  бермейміз.  Жастарды 
біз  Қазақстанның  болашағы  деп,  үлкен 
сенім  артамыз.  Түлеп  шыққан  өз  отанын, 
халқын, жерін, елін сүйетін, шыншыл, адал, 
білімді, мейірімді, ұлтжанды. Қайырымды, 
жеті  атасынан  бері  үзілмей  жалғасып  келе 
жатқан  ерекше  тектілігін  сақтаған  жа-
сты  тәрбиелеп  шығару  парыз.  Мұның  бәрі 
айтуға  оңай  болғанмен,  ұрпақ  бойына 
қалай  қалыптастыру  керектігі  жайлы  сөз 
қозғалғанда мәселенің күрделігі байқалады. 
Біздің  жол  таппай  қиналатынымыз  да 
сондықтан.  Қазақта  «Шешілмейтін  күрмеу 
жоқ»  деген  жақсы  сөз  бар,  бұл  әрине  бар-
шамыз  жұмыла  кіріскенде  босатылатын 
мәселе. 
 «Адамға үш жұт бар»  дейді халық. Бірі 
– өлім, екіншісі – кәрілік, үшіншісі – тексіз 
бала.    Біріншісі  алмай  қоймайды,  кәрілік 
келмей  қоймайды,  ал  баланың  тексіз  бо-
луы,  болмауы  –  тәрбиеден».  Баланы  яғни 
болашағымызды  тексіздіктен    –  ана  тілін, 
ел  тарихын  білмейтін,  оған  немқұрайлы 
қарайтын, ұлттық тәрбиеден мақрұм қалған, 
мәңгүрт  етіп жіберу өз қолымызда.
Біз  бар  мүмкіндігімізді  пайдалана  оты-
рып, әр жастың санасына Батыстың ғылымы, 
білімі,  олардың  техникасы,  технологиясы, 
іс-тәжірибесі керек екенін ұғындырып, сол 
арқылы өзі қорытынды жасай білуге баулу-
ымыз керек. Бізге, қазіргі дамушы мемлекет 
ретінде сыртпен қарым-қатынас жасау – ау-
адай қажет. Батыстың жеткен жетістіктерін 
өзімізге  алу  өмір  сұранысы,  қажеттілік,  ал 
қазір  рухани  тапшылықтарымыз  жұтап 
отырғанда,  олардан  кісілік,  адамгершілік, 
бауырмалдық,  әдептілік,  тағы  да  басқа 
ізгілік  қасиеттерді  іздестіру  қисынға 
келмейтін  нәрсе.  Олардың  бар  жақсысын 
өзімізге  алып,  жаманын  санадан  алып  та-
стап, екшеп пайдалану – қоғамның алға да-
муына ықпалын тигізеді. Сондықтан мұны 

13
жас  өскелең  ұрпаққа  түсіндірген  тұста 
қоршаған  ортаға  тек  пайда  табу  көзі  деп 
қарауға үйрету, оны бөлшектеп сату түрінде 
түсіндіру  үлгі  болмасы  анық.  Батыстың 
өркениетіне  шамадан  тыс  еліктеушілік 
ақырында  сол  халықтың  тамырын  балта-
мен  шапқандай  болатынын  санамыз  әлі 
де  уланбай  тұрғанда  қолға  алғанымыз 
әбден  орынды.  Қарап  отырсаңыз,  Батыста 
мұндайға  бой  ұрғандар  ешбір  жетістікке 
жеткенін  көрмедік,  қайта  дәстүрлі  қазақ 
қоғамында мәдени құндылықтар сақталған. 
Ол  қазақ  халқының  өмірлік  ұстанымы 
ретінде  қарастырылған.  Батыс  пен  қазақ 
халқының    ұстанымын  салыстыра  қарар 
болсақ, олар мәдени құндылықтарын тауар 
ретінде  қарайды,  оларда  бұл  қалыптасып 
қалған.  Ал  бізде  мүлде  басқаша.  Олардың 
мақсаты  –  сату,  сатылу,  сол  арқылы  пай-
да  табу.    Біз  қанша  қақсап  айтсақ  та,  қала, 
қалама  жаһандану  үрдісінен  бойымызды 
аулақ сала да, оқшау бола да алмаймыз. Бұл 
тұрғыда  жаһандану  барысына  бейімделген 
әрбір  ұлт,  мемлекет  болмысына  бейімдеп 
сіңіре  алғанда  ғана  бұл  үрдістің  игілікті 
жағын  көреді.  Сондықтан  біздің  айтары-
мыз, жаһандануды ұлттық болмысқа икем-
демей,  тұтастай  ағылып  келген  қалпында 
алсақ, әлі күшті елдің шаңына көміліп, сол 
өркениеттің  құлына  немесе  үлкен  тобырға 
айналады. 
Ғылым  мен  білім  берудің,  тәрбиенің 
жаһандық  дамуы  және  кірігуі  жергілікті 
ұйымдастыру  шаралары  негізінде  мүмкін 
болады  десек,  бұл  іс-қимылдар  кемел 
үйлестіріліп, өзара келісімді болуы, қазіргі 
қоғамның даму қисынына сәйкес келуі тиіс. 
Мұндай  жағдайда  қоғамның  жан-жақты 
негізделген білім беру және ғылыми саяса-
ты мен ұлттық мүддеге негізделген тәрбие 
болуының  да  үлкен  маңызы  ие.  Қазіргі 
жаһандану жағдайында бұлар тұрақты даму 
мақсаттарына сәйкестендіріліп, оны жүзеге 
асырудың  тетіктері  мен  мүмкіндіктерін 
ескеруі  тиіс.  Бұл  ретте,  атап  айту  керек, 
ұлттық мүдделер мен қажеттіліктерді қаперде 
ұстаған жөн. Осыған байланысты білім беру 
және  тәрбиенің  теориялық  негіздерін  топ-
шылау  мен  оны  қалыптастырудың  ұлттық 
тұрғыдан мүдделеудің маңызы артып отыр.
Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  ең 
маңызды  ерекшеліктерін  көрсетер  болсақ: 
оның  сараланып  жіктелген  көпсатылы  (ба-
стауыш,  орта,  жоғары  білім  беру)  жүйесі 
адамның  білімі  мен  әдет-дағдыларын 
үзіліссіз  жаңартып  және  жетілдіріп  оты-
руына  мүмкіндік  береді,  адамның  жеке 
тұлғасына  зор  әсер  етеді.  Ал  ол  адамның 
әлеуметтенуінің,    рухани  жағынан  дамып, 
ақыл-ой өрісін шыңдауының қайнар көзі бо-
лып табылады. Жоғары білім едәуір дәрежеде 
адамның  әлеуметтік  орнын  айқындап, 
қызмет  бабында  жоғарылай  беруіне  өріс 
ашады.  Бүгінде  адамның  әлеуметтік 
мәртебесі ең алдымен алған біліміне сәйкес 
мамандықтың  қадірімен  айқындалады 
дейтін болсақ, бұл тұрғыдан ұлттық тәрбие 
негіз  болған  тақырыпты  көтергеніміз  өте 
дұрыс дер едім. Қазір біздің университетте 
де осы мәселеге айрықша көңіл бөлініп отыр. 
Бұл  жөнінде  қазіргі  күннің  өзінде  баршаға 
аян болып отырғаны жайы бар. Балабақша, 
мектептерге  ұлттық  тәрбие  енгізу  арқылы 
біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз 
айдан анық. Бұл тұрғыда әсіресе педагогтар 
дайындайтын оқу орындарына үлкен міндет 
жүктеледі. Осы алға қойған мақсатты жүзеге 
асыруда  біз  лайықты  мамандар  дайындау-
ды  қолға  алып  отырмыз.  Жаңа  бағдарлама 
жобасын  да  әзірлеп  қойдық.  Егер  құзырлы 
министрлік  бекітсе,  бұл  күрделі  мәселенің 
оң  шешілуіне  өз  үлесімізді  қосқан  болар 
едік. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз де-
сек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне 
сергек қарауымыз керек. Сол себепті, жаңа 
білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды 
жұмылдыра отырып рухани, экономикалық 
және  интеллектуалдық  егемен  ел,  тәуелсіз 
мемлекет  орнату  болшағына  бағдарланған, 
ұлттық 
және 
жалпыадамзаттық 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
құндылықтарға үйлестірілген ұлттық тәрбие 
берудің  үлгісін  жасай  отырып,  білім  беру 
көлеңкесінде  қалып  қоймайтын,  керісінше 
тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие-білім 
жүйесін  іске  қоссақ  –  бүгінгі  күннің  ке-
зек күттірмейтін басты мәселелерінің бірін 
оңтайлы шешкеніміз.
Құрметті  оқырмандар,  Ұлттық  тәрбие 
қазір  қоғамда  бүгінгі  күн  талабынан 
және  белең  алған  келеңсіздіктердің  ал-
дын  алу  үшін  пайдаланылатын  өмір 
қажеттіліктерінен  туындап  отыр.  Қазіргі 
таңда жастардың таным түйсігі мен психоло-
гиясы  бұрынғымен  салыстырғанда мүлдем 
өзгерген. Әрбір іс-қимылы, өзін алып жүруі 
бұрынғы жастарға қарағанда ерекшеленеді. 
Қоғамдық қатынастар да әр түрлі. Ұлттың, 
тіпті  отбасының  құрамы  да  әр  түрлі.  Сол 
себептен болар қазақ отбасындағы ежелден 
беріліп  келе  жатқан  тәрбие  желісі  күрделі 
өзгерістерге ұшырап, күтпеген жағдайларды 
бастан  кешіріп  жатқандығы.  Қызын  арға, 
ұлын  нарға  балаған  халқымыз  мұндай 
өзгерістерге  қашанда  дайын  болуы  қажет. 
Оны  білім  арқылы  тәрбиелеуде  әлемнің 
озық  үлгілеріне  арқа  сүйер  болсақ  еш 
ұтылмасымызды сіздер жақсы түсінесіздер. 
Соның  арқасында  халықаралық  деңгейдегі 
нарықтық бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ 
тәрбиелеуге қол жеткіземіз. Бұл бүгінгі за-
ман  мен  тарихи-психологиялық  ахуалдың 
талабы.  Қанша  тер  мен  қан  төгіліп,  тар 
жол,  тайғақ  кеше  отырып,  жан  алысып, 
жан  беріскенде  жеткен  тәуелсіздіктің 
маңызын,  оның  қандай  қиын  жолмен 
келгенін  бағалай  білуіміз  абзал.  Шын 
мәнінде  ол  дегеніміз  ұлтық  мәдениеттің 
сақталуы мен оның халыққа рухани қызмет 
етуімен  жүретін  процесс.  Осы  процестің 
ары  қарай  үзіліссіз  дамуына  жастарды  та-
лап  бойынша  тәрбиелеуде  бізде  барлық 
мүкіншіліктер  бар.  Бірақ  орнымен,  сана-
лы  түрде  батыс  мәдениетімен,  жаһандану 
бағытының  құрсауына  шырмалмайтындай 
жастардық рухы биік мәдениеті мен біліми 
әлеуетін  қалыптастыру  кезек  күттірмейтін 
зор іс.  Мұндай мәселенің орынды шешілуі 
жаһандану  барысында  ұлттың  өзіндік 
келбетінің  жоғалмай  сақталуына  негіз  бо-
лады.  ХХІ  ғасыр  жастар  арасында  мінезге 
жат қылықтар – нашақорлық, маскүнемдік, 
жезөкшелік, 
екіжүзділік, 
арсыздық, 
безбүйрек қатігездік  сияқты толып жатқан 
жат әдеттер осы жағдайда өрши түсуде, бұл 
тәрбие  жұмысының  басым  бағыттарының 
бірінен  саналады.  Сырттан  ағылып  келіп 
жатқан  осы  тәріздес  бей-берекеттікке 
тосқауыл  қою  үшін  теңдей  қызмет  етуіміз 
керек.    Бұл  үрдісіке  түсіп  кетпей  одан 
шығудың  амалын  іздестіру  қажет.  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев:  «Ғаламдық,  ХХІ  ғасырдың 
алаңдаушылық  пен  қатерге  толы  әлемінде 
мемлекеттің,  діннің,  азаматтық  қоғамның, 
менің ойымша, ізгі ниет білдіруінің ерекше 
және бірыңғай стратегиясы мен жолы бар. 
Бұл 
– 
бітімгершілік, 
елдердің, 
халықтардың, 
конфессиялардың 
ара-
сында  келісімге,  өзара  түсіністікке, 
ынтымақтастыққа 
қол 
жеткізуіне 
бағытталған үндеу және іс-қимыл. 
Тек  қана  төзімділік  пен  серіктестік 
арқылы  біз  лаңкестік,  жаппай  қырып-жою 
қаруы  мен  кез  келген  басқа  қаруды  тара-
ту,  есірткі  бизнесі  мен  оның  зардаптары, 
экологиялық апаттар, біздің заманымыздың 
дене  бітімдегі  және  әлеуметтік  дерттері 
тәрізді  әлемдік  нәубет  көріністеріне  қарсы 
күресте біз табысқа қол жеткізе аламыз.
Бұл  сол  сияқты  қоғамның  неғұрлым 
кембағал  жіктеріне  қатысты  рахымдылық 
пен  қайырылымдылық»,  –  деп  сараптайды 
[1.327  б.].  Тәрбие  ешқашан  жалаң,  бірізді 
болмау керек. Ол жан-жақты, әрі тек айту-
дан  ғана  емес,  көрсетуден  болады.  Сонда 
ол белгілі бір нәтижеге жетері анық. Жалаң 
тәрбие  қашанда  қауқарсыз.  Жасыратыны 
жоқ, қазіргі таңда мұндай үрдістің бар екенін 
мойындауға  тура  келеді.  Біздің  айтарымыз 
кез келген адамды тәрбиелеуде ұлттық негіз 
болу керек, соған сүйенуіміз қажет. Тәрбие 

15
жұмысының  мазмұнын    арнайы  жоспар-
лы  түрде  ұйымдастыру  керек.  Мәселен, 
ең  алдымен  баланың  отбасындағы  мінез-
құлқын,  содан  кейін  үлкендермен,  құрбы-
құрдастарымен  қарым-қатынасы,  көшедегі 
және  қоғамдық  көліктегі  тәртіптерін 
қадағалау,  өзіне  қарым-қатынасын  рет-
теу,  ұлттық  салт-дәстүрлер  туралы  білімін 
жетілдіру,  ұлттық  мәдениетке  деген 
жағымсыз көзқарасты жойып, ұлттық сана-
сезімінің  қалыптасуына  және  сол  арқылы 
өз  ұлтына  деген  шексіз  сүйіспеншілігі  мен 
ұлтжандылық  қасиеттерін  қалыптастыру, 
сондай-ақ  басқа  ұлттарға  сыйластық 
қатынасы  негізінде    ұлттық  мәдениетінің 
жоғары 
тұрғыда 
көрінуіне 
үлкен 
жауапкершілікпен  қарап,  іске  асырылуын 
қадағалап отыру. 
Әлемдік  саяси  аренада  да  Қазақстан 
Республикасының өзіндік салмағын пайым-
дау  оның  ұлттық  білім  жүйесінің  жоғары 
дәрежеде дамуымен байланысты.
Еліміздің  өз  тәуелділігіне  қол  жеткізіп, 
саяси-әлеуметтік 
және 
экономикалық 
дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта 
терең  білім,  сауатты  ұрпақ  тәрбиелеу  – 
негізгі міндеттердің бірі.
Қандай  қоғамда  да  жоғары  білімді  ма-
мандарды  даярлау,  ғылыми  ізденістерді 
ұйымдастыру  үздіксіз  жүретін  процесс 
екендігі  белгілі.  Бұл  –  бір.  Екіншіден, 
бүгінгі күннің міндеттерін анықтап, түйінін 
шешкенде  тек  қана  жаңа  тәсілдермен  және 
жаңа  әдістермен  жүзеге  асырып,  орындап 
шығу  мүмкін  емес.  Демек,  біздің  ойымыз-
ша,  өткеннің  бай  тәжірибесіне  арқа  сүйеп, 
бүгінгі  күн  тұрғысынан  пайдалануға  бо-
латын  ілкімді  дүниелерді  де  игілікке 
жаратудың  орындылығын  ескерген  жөн. 
Онсыз  қоғамдық  прогрестің  сабақтастығы 
үзіледі. Ал, білім саласында сабақтастық бай-
ланысын  сақтамау  ұлттық  ерекшеліктерді 
әлсіретіп  қана  қоймай,  еліміздің  руха-
ни  өміріне  кері  әсерін  тигізіп,  мұндағы 
ұйымдастырылатын 
іс-шараларының 
тиімділігін әлсіретуге әкеліп соғады. 
Демек, егемендіктің тұғыры тұрақталып, 
мемлекеттің  іргесін  нығайту  және  қазіргі 
уақыттағы  жаһандану  жағдайында  ұлттық 
бірегейлікті,  тұтастықты  сақтау,  ұлттық 
сананың  сарқылмауы,  тіл  мен  ділдің  ба-
янды  болуы  үшін  отбасында,  мектеп 
қабырғасында,  жоғары  оқу  орындарында  
ұлттық  тәрбие  идеяларының  өскелең  жас 
ұрпақ санасына дарытуда тәрбиенің алатын 
орны ерекше.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы: Атамұра, 2003. - 336 б.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Резюме 
В данной статье автор рассматривает направления и раскрывает смысл воспитания в аспекте 
сегодняшнего образовательного процессе, проводит анализ с научной точки зрения. 
Summary 
In given article the author considers directions and opens sense of education in aspect today's educational 
process, carries out the analysis from the scientific point of view.

16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
М.А.Нуриев –
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, 
профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 
Жаңартпа технологиялар және білім беру 
мазмұнын ҒЗИ директоры
ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 

 БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Жалпы орта білім беретін ұйымдардағы 
негізгі  мақсат  –  ХХІ  ғасырдағы  тың 
және  жаңа  технологияға  қабілетті  ұрпақ 
тәрбиелеу. Осы жолда негізгі міндетіміз – 
оқу  процесіндегі  білім  сапасын  арттыру. 
Қазақстандағы саяси және экономикалық 
қатынастардың  дамуына  байланысты 
білімді де білікті маман дайындау бүгінгі 
күн талабы. 
Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін 
құру  мақсатындағы  қазақстандық  білім 
беру  реформасы  бағыттары  жас  ұрпаққа 
мағыналы  да  маңызды  білім  беруді 
мақсат тұтады. Егеменді еліміздің дамуы, 
өркениетті  елдердің  қатарына  қосылуы 
қазіргі  өсіп  келе  жатқан  жастарға 
тиянақты,  күрделі  білім  берумен  тығыз 
байланысты.  Халықтық  қасиеті  қанында 
бар,  елінің  қамын  ойлайтын  мамандар-
ды тәрбиелесек, біз дегенімізге жетеріміз 
хақ.
Осы  тұрғыдан  қарағанда  мектепте 
жастарға  білім  беретін  мұғалімдердің 
орны өте бөлек. Өйткені, еліміздің көшін 
бастап алға жүргізетін дарынды тұлғалар, 
елдің экономикасын дұрыс жолға қойып, 
сараптап,  өсу,  өркендеу  жолын  таба 
білетін  мамандар,  жеріміздің  байлығын 
тиімді  пайдалана  алатын  инженерлер, 
технологтар, ғалым мамандар осы мектеп 
оқушыларынан өсетіні анық. Елбасының: 
«Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал, мемлекет 
тәуелсіздігі, ұлы мұраты, ұрпақ болашағы 
сияқты құндылықтар мәңгі қалады», – де-
ген сөзінде үлкен мән бар. Осы тұрғыдан 
қарасақ,  педагог  мамандарды  тәрбиелеу, 
оқыту өзекті мәселе. 
Республикамызда  осы  мамандарды 
даярлап  жатқан  біраз  университеттер, 
педагогикалық  институттар  бар.  Соның 
ішінде  көшбасшысы,  мұғалімдер  дайын-
дауда  80  жылдан  асқан  нәтижелі  еңбегі 
белгілі  Қазақстанның  Абай атындағы  Қазақ 
Ұлттық  педагогикалық  университеті. 
Бұрынғы    ҚазПИ-дің мұғалім даярлауда 
атқарған  еңбегін  бағалап,  Отанымыздың 
өсуіне, өркендеуіне қосқан үлесі ескеріліп, 
«Ұлттық 
университет» 
дәрежесіне 
көтеріліп  қайта  құрылды.  Оған  білім 
беру,  ғылыми  жұмыс  жүргізу,  мәдени-
ағарту және басқа да жұмыстарды жоғары 
білімнен  кейін  және  қосымша  білімдерді 
іске асыру жүктелді. 
Осы тапсырылған міндеттің атқарылып 
жатқанына  ешқандай  күмән  жоқ.  Біздің 
көтеріп отырған мәселеміз қазіргі істеліп 
жатқан  жұмысты  дамыту  жолындағы 
нақтылықты  айқындауды,  нағыз  Ұлттық 
дәрежеге қалай көтеру керектігін көрсету. 
Осы тұрғыдан қарағанда біраз мәселелерді 
шешу керек екендігін қойылған міндеттер 
талап етеді.  Олар мына төмендегі ойлар:
Университеттің 
Қазақстандағы 
ұлттық  дәрежесінің  мәні,  тұлғасы,  мис-
сиясы  толық  анықталуы  қажет.  Дәлірек 
айтқанда, атына заты сай болуы керек. Ол 
үшін:
-  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
педагогикалық  университеті  өзін-өзі 
басқаратын (автономия) жоғарғы оқу ор-
нына  айналу  керек.  Автономды  универ-
ситет  білім  сапасына,  ең  алдымен  қоғам 
алдында,  содан  кейін  мемлекет  алдында 
жауап беруі тиіс (мысалы: МГУ, шетелдік 

17
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
университтер).  Бұл  дегеніміз,  ғылым 
мен білімнің дамуына  басқа жоғары оқу 
орындарының  іс-әрекеттерін  кешенді 
түрде  бағалай  отырып,  сапалы  жоғары 
білім  ордасының  жүйесін  қалыптастыру 
екендігі сөзсіз.
-  Абай  атындағы  КазҰПУ  оқу 
траекториясын  өзінің  жасаған  оқу 
бағдарламасы  және  оқу  әдістемесі  бой-
ынша  қазіргі  бекітілген  стандарттан  тыс 
өткізуі керек. Себебі, бекітілген стандарт 
әрбір  2-3  жылға  өзгертулер  енгізуді  та-
лап етері анық. Бүгінгі күннің талабы оқу 
кестесіне  және  оның  бағдарламаларына 
ғылым  мен  техниканың  жедел  дамуына 
байланысты  өзгерістер  тез  арада  білім 
алушыларға жетуі керек. Осы өзгертулер 
Ұлттық университетте енгізіліп, басқа оқу 
орнына  тапсырылуы  керек.  Бұл  қазіргі 
стандарттардың  кей  жақтарын  тез  арада 
жетілдіруге  мүмкіндік  беріп,  нарықтың 
талабына  сай  мамандар  дайындауға 
жағдай жасайды. 
-  Ұлттық 
университетте 
педа-
гогика 
саласына 
сәйкестендірілген 
мамандықтарға базалық құрылым жүйесі 
болуы керек. Бұл жүйе басқа аймақтарды, 
жоғары оқу орындарына ғылым кандидат-
тары  мен  докторларын  қамтамасыз  етуді 
қадағалайды; 
-  Ұлттық  университетке  оқытудың 
жаңа  сапасы  дайындалып,  білім  беру 
бағдарламалары  бойынша  іске  асу-
ын  қадағалауын  қамтамасыз  ету;  Оқу 
процесін  модернизациялау  барысында  
Ұлттық  университет  аумағында  зерт-
теу ұйымдары мен педагог дайындайтын 
оқу  орындарына  жаңа  бағдарламалар 
құрастырылуы  қажет  (ОКР,  НИИР). 
Осы  мәселе  жаңа  министр  Б.Жұмағұлов 
келгелі қолға алына бастады. Іске сәт! 
-  Ұлттық  университет  ішінде  әр 
түрлі  мамандардың  білімін  жетілдіретін 
оқу  бөлімдерін  құрып,  оған  алыс 
және  жақын  шетелден  мамандарды, 
Республикамыздың  озық  тәжірибелі 
мұғалімдерін тәжірибе алмасуға шақырту 
бүгінгі  таңдағы  инновациялық  білім 
мазмұнын  тереңдете  түскен  болар  еді. 
Шақыртылған мамандарға арнайы қаржы 
жағын бір нақтылыққа жүйелеу.
-  Білім  саласына  сәйкестендірілген 
кафедрааралық  немесе  кафедра  ішінде 
проблемалық  зерттеу  лабараторияла-
ры  құрылуы  қажет.  Зерттеу  лаборато-
риялары мен кафедралары нақты зерттеу 
жүйелерінің  нәтижесінде  қалыптасып, 
ғылым 
саласындағы 
инновациялық 
жаңа  траекториялармен  тығыз  бай-
ланыста  жұмыстар  жүргізіп,  ғылыми 
жаңалықтарды жүзеге асырулары тиіс.
-  Студенттерді  қабылдаудың  жаңа 
үлгісін құрастыру. Аталмыш жоғары оқу 
орынына құжаттарын тапсырған абитури-
енттерге  қосымша  емтихан  тапсыру  жо-
лын  қарастыру;  (пәндік  олимпиада  және 
конкурстық сынақтық нәтижесінде оқуға 
қабылдаудың жаңа үлгісін жасап, жүзеге 
асыру). Өйткені, мұғалім болу әр адамның 
қолынан  келе  бермейді.  Республикадағы 
басқа  оқу  орнында  алдыңғы  қатарлы  та-
лантты  студенттерге  Ұлттық  универ-
ситет  аясында  білімін  жалғастыруға 
мүмкіндік туғызу. Бұл Ұлттық универси-
тетте талантты студенттерге білім алуға 
жол  ашып,  ғылыми  элитаның  және  оқу 
орындарында жоғары сапалы мұғалімдер 
қалыптасуына    апарар  бірден-бір  жол 
екендігін нақтылайды.  
-  Басқа  жоғарғы  оқу  орындарын 
инновациялық  технологиялар  жүйесімен 
және мазмұнының тереңдігімен бәсекеге 
сай кадрлық оқытушылармен қамтамасыз 
ету;
-  Ұлттық  оқу  орнында  карьера-
ны  жоспарлау  орталығын,  студенттер-
ге,  бітірушілерге,  жұмыс  берушілерге 
арналған  кадрлық  консультация  беру 
орталығын қалыптастыру; 
-  Ұлттық  университетте  студенттер 

18
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қалашығы білім ордасындағы тәрбие мен 
білім  сапасын  арттырары  сөзсіз.Ұлттық 
оқу орнында білім алатын студенттердің 
рухани  дамуына  бұл  қалашықтың  бе-
рер пайдасы мол. Сондықтан да, Ұлттық 
жоғарғы оқу орнына арнап жаңа студент-
тер қалашығын салу жағын қарастыру.
-  Балабақша  –  мектеп  –  универ-
ситет  құрылымын  құрастыру,  жоғары 
оқу  орнындағы  білім  сапасына  септігін 
тигізері сөзсіз.
-  Ұлттық  университет  аясында 
электронды  оқулықтар  шығаратын  сту-
дия  құру  оқу  орнында  жұмыс  жасай-
тын  оқытушылар  үшін  де,  оқитын  сту-
денттер  үшін  және  сырттан  тәжірибе 
алмасуға  келетін  мамандар  үшін  аса 
қажет.  Осы  оқулықтар  дистанциондық 
оқыту  жүйесімен  мұғалімдерге  және 
оқушыларға жетуі қажет. 
-  Ұлттық  жоғарғы  оқу  орны-
на  Республикалық  бюджеттен  тікелей 
қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру.
Ұлттық  жоғары  оқу  орнының  негізгі 
мақсаты  – білікті тұлғаның мәдени және 
рухани дамуын қанағаттандыра отырып, 
қоғам талабына сәйкестендірілген жоғары 
білімді,  Қазақстанның  дамуын  іске  асы-
ратын маман дайындау. 
Аталмыш  мәселелер  бір  жүйеге 
енгізіліп,  жүзеге  асқан  жағдайда  ғана 
Ұлттық  университет  атағы  ақталатыны 
сөзсіз.  Осы  көтерілген  ойлар  Білім  мен 
Ғылым  Министрлігінің  назарына  ілігіп 
шешуін  тапса,  жоғары  мектепте  дайын-
далып  жатқан  мамандар  дайындаудың 
сапасын тікелей жоғарылатуға мүмкіндік 
туғызар еді.
Резюме
В данной статье автор прослеживает пути подготовки специалистов высшей школы. Поднимает 
проблему Национальных вузов, предлагает пути решения  проблемы, как усилить роль и поднять их 
имидж в системе национального образования.
Summary 
In given article the author traces ways of preparation of experts of the higher school. Lifts a problem of 
National high schools, offers ways of a solution of a problem how to strengthen a role and to lift their image 
in national education system.
Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және 
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр 
да  аңғарымпаз  ақыл  иесі,  мейлінше  шешен,  өнер-білімге  құштар,  аса  қанағатшыл, 
жаны  асқақ  және  ар-намысын  ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат  адамдарына  да 
әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді 
білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби

19

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет