ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. –
Білім әлемі, 2004.
2. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика, –Алматы, 1997.
РБК, 141 б.
3. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, Рауан. –1993,112 б.
4. Садуақасұлы Ә. Қазақ этнопедагогикасының этнологиялық мазмұны
5. Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995. - 352 б.
Резюме
В данной статье автор с научной точки зрения анализирует роль национального воспитания
в формировании у подростков национального самосознания.
Summary
In this article, the author of a scientific point of view, examines the role of national education in the
formation of national identity among adolescents.
88
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Жер бетінде алғашқы адамдардың қалай,
қай жерде, қай заманда пайда болғаны
жайлы көлемді ғылыми пікірталас жалғасып
келеді. Алғашқы адамдардың пайда болу
төңірегінде
көптеген
монографиялар,
ғылыми-зерттеу еңбектер жазылғанмен
белгілі ой-тұжырымға келген жоқ. Әсіресе,
ХІХ-ХХ ғасырларда ғылым ретінде кең
тарай бастаған палеонтология ғылымы
аталған мәселе төңірегінде ауқымды ғылыми
ізденістер жасады.
Палеонтология ғылымның дамуына
молекулярлық биология мен археологиялық
ғылымдардың
қалыптасып
ғылыми
зерттеулер жасауы, бұл ғылым саласының
деңгейін көтеріп, жер шары халықтарының
мәдени мұраларының эволюциялық даму
жолдарын анықтауға септігін тигізуде.
Жалпы, палеонтология оқулықтары
бүгінгі күндері адам баласының құрлықтағы
пайда болуы осыдан 1 миллион 600 мың жыл
бұрын шамасында шыққан деген түсінік
береді. Кейбір деректерде адамның жер
бетінде пайда болуы 9 миллион жылдарға тең
деген болжам айтылады. Олай болса, мектеп
оқулықтарында Ч.Дарвиннің дәлелдегендей,
адам маймылдан эволюциялық жолмен
бөлініп шықты деген тұжырым қалыптасқан.
Болашақта ғылымдағы бұл жақтары
анықтала жатар.
Белгілі археолог Кемел Ақышевтың
басшылығымен шәкірттерінің зерттеу
нәтижелері көрсеткендей, Ұлы даламыздың
төсінде палеолит дәуірі кезеңіндегі Алматы
облысындағы Қарғалы және Шығыс
Қазақстан облысындағы Тарбағатай елді
мекендерінде алғашқы адамдардың тұрмыс-
тіршіліктері жайлы жатақтары табылған.
Еуразия даласында жақын арада
табылған ең ежелгі алғашқы адам тұрақтаған
мекен анықталды. Қазба жұмыстары
дәлелдегендей қазақстандық белгілі археолог
В.Волошин ашқан жаңалық адамзат тарихы
жөніндегі бірқатар теориялардың қайта
қаралуына мүмкіндік туғызады. Аты аталған
археологтың басқаруындағы экспедиция
соңғы 30 жылдың ішінде Сарыарқа өңірінен
палеолит кезеңінен 20-дан астам адам
қоныстарын ашқан.
Ежелгі
адамдардың
қоныстарында
еңбек құралдарымен қатар, осы заманғы
жылқының арғы тегі – гиппарионның
тістері табылды. Соңғы деректер бойынша,
Еуразия даласында жабайы жылқыны қолға
үйреткен тайпаның Нұра-Есіл аумағынан
табылуы әлем палеонтологтарының назарын
аударып отыр.
Сонымен, алғашқы адамның мекен еткен
жері Африкада ғана емес, Еуразиядағы Ұлы
далада алғашқы адамның тұрағы болуы,
бұл жерде ертеректе тіршілік болғандығын
айқындайды.
Еуразияның Ұлы Даласында б.з.б. соңғы
5-6 мыңжылдықтың ішінде үш рет қоныс
аудару қайталанғандығын тарихи деректер
көрсетіп отыр. Бірақ, тарихшы Қ.Салғариннің
үш рет қоныс аудару болған деген пікірін
шартты түрде қабылдауға болады. Айтылған
тұжырымды нақтылай түсетін белгілі
орыс академигі А.П.Окладников бастаған
ғалымдар “Сібір мәдениеті” деген атпен
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Қазба жұмыстар көрсеткендей, Алтай
тұрғындары тұрақтанған кезінде тұрмыс-
тіршілікте пайдаланған тас-құралдардың
мезгілін радиоактивтік құралдар арқылы
Л.К.Керимов –
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі
ЕУРАЗИЯ ДАЛАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДАСТЫҚТА
ТӘРБИЕНІҢ АРНАЛАРЫ
89
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
анықтау да, екі жүз мың жылдардан бұрын
қолданғандығын дәлелдеген.
Сібір археологтары анықтағандай энолит
(мыс, тас) дәуірінде-ақ солтүстіктің қалың
орманының күнгей жағынан Алтайды
Еуропаға байланыстырған дәліздің
болғандығын анықтайды.
Еділ мен Жайық бойынан табылған
заттар,
құралдар
мен
бұйымдар
сол шамадағы Сібірде жасалынып,
қолөнершілердің қолынан туған өте бір-
біріне ұқсас бұйымдарды ежелгі адамдардың
қоныс аударуының барысында келгендігін
айқындайды. Сол дәліздің бойымен арлы-
берлі қарым-қатынас жасаған, жағалай
мекендеген ежелгі адамдардың тұрағы болған,
олар тұтынған құралдар мен бұйымдар
табылғанымен кімдер жасағандығы белгісіз
болып отыр.
Кейбір деректерге көңіл аударсақ,
М.Аджидің
айтуынша:
“…біздің
жыл санауымыздан бұрынғы ҮІ-Ү
мыңжылдықтан кейін өздерін угор, фин,
литван, эстон, кельт және викингпіз деп атап
жүрген жұрттың көпшілігі жоғарыда айтқан
дәлізбен Азиядан Еуропаға жол тартып, сол
жерлерде өздеріне қоныс тауып, тұрақты
мекендеп қалған. Сол кездерде олардың бір-
бірінен айырмашылықтары да жоқ болатын,
бір-біріне ұқсас өзен бойын, орман ішін
мекендеп, аң аулап, балық ұстап, бірге
көшіп жүретін. Халық болып ұйымдасып
қалыптасса да, ұлы қоныс аударушылардың
көш басы осылар болатын” деп айтады.
Бұл жасалған тұжырым шындыққа келеді.
Өйткені, Шығыс Еуропа елдерінің негізін
қалағандар, яғни Скандинавия түбегі мен
Балтық бойын угор, фин, эстон, литван
және кельттер б.з.б. бірінші мыңжылдықтың
ортасында бүкіл Галлияны иемденіп, ҮІ-
ІІІ ғасырларда қазіргі Испания, Британия,
Италия, Германия, Чехия және Венгрия
жерлерінің бір бөлектеріне орнығып
қалғаны тарихтан белгілі.
Ал, Ұлы Далада мекен еткен көшпелілер
тарихи деректерге сүйенсек, Ұлы қоныс
аударудың
қарбаласында
үнемі
екі
бағытпен, яғни солтүстік және оңтүстік
бағыттар аралықтарында бірдей көшіп
қозғалғандығын
байқаймыз.
Мысалы,
жоғарыда айтқандай орман тайпалары
солтүстік бағытпен Еуропаға өтсе, дәл сол
шамада оңтүстік бағытпен Батысқа қарай
қозғалғандардың ішінде орта азиялық
тайпалар болған, кейінірек ежелгі түркілер
(мықтар – сақтарға дейінгі елдің аты, ол
туралы деректер аз) мен сақтар аталып,
олардың бір бұтағы атақты шумерлер Кіші
Азияға қоныс аударады. Олар дүниежүзі
тарихында белгілі болғандай, Таяу Шығыста
алғашқы өркениетті құрған елдер қатарында
ауқымды үлес қосқан.
Екінші қоныс аудару – дүниежүзілік
су тасқыны болып, б.з.б. екінші
мыңжылдықтан кейін, Батыстан Шығысқа
қарай болған қоныс аударуға байланысты
тарихи деректер жоқтың қасы. Сонда да,
халықтың санасында сақталған ауызша
тарихи шежіре арқылы деректі аңыздар бар.
Ол аңызда: “Дүниежүзілік су тасқынынан
кейін Нұх пайғамбардың кемеге мініп, аман
қалған Үнді үш баласын үш тарапқа -
Хамды Үндістанға, Самды Иранға, Иафетті
Солтүстікке жібереді. Иафет қоныс іздеп
жүріп, Еділ мен Жайықтың арасына орын
тебеді.
Әбілғазының “Түрік шежіресі” кітабында
Иафет 250 жыл өмір сүріп, қайтыс болғанда,
оның артында Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс,
Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз
балалары қалады. Соның ең үлкені Түрік
елге патша болады.
Атадан балаға жалғасқан мирас бойынша
осы дәстүрді Алансуоның балаларына
келгенде бұзылып, Алансуо өлерінде егіз
туған екі балалары – Татар мен Монғолға
елді бөліп береді” деп жазады.
Адамзат тарихының әр кезеңдеріндегі
тарихи-мәдени
үрдістерді
талдауда
археологиялық және этнографиялық зерттеу
нәтижелеріне сүйенеміз. Шамамен үш
миллион жыл бұрын жануарлар дүниесінен
гоминид тармағы бөлініп шығып, адам
ұрпағының бастауы – австралопитек
90
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
және алғашқы адамдар архаентроп және
палеонтроптар тарихы қалыптасу барысында
қазіргі адамдарға ұқсау нышандары
байқалынады.
Жалпы, біздің заманымыздан бұрынғы,
сандаған дәуір шежірелеріне көз салсақ,
яғни адам баласының тіршілік өмір қарекеті
негізін үш антропогендік бөліміне бөліп
қарау, тарихи дамудың орныққан дәстүрі.
Алдыңғы мыңжылдық аралықтарындағы
архаентроп дәуірі және 300-200 мың
жылдар мен 45-35 мың жылдар аралығында
палеонтроп дәуірі, біздің санамызға енген
адамзаттың пайда болу дәуірі (тас, темір
дәуірі болып үштік жүйеге бөлінген) деп
санаймыз.
Дегенмен де, адамның пайда болуы
мен
даму
кезеңдерін
геологиялық
хронологияларға негіздеу тарих ғылымында
қалыптасқан жай. Геологиялық танымда
жердің тарихы төрт дәуірге бөлінеді. Олар:
архей, палеозой, мезазой, кайнозой деп
аталады.
Жер бетіндегі тіршілік сілемі кайнозой
дәуірінен басталады. Кайнозой өз кезегінде
екі кезеңге, бірі шамамен 60 миллион жылға
созылған геологиялық үштік кезең, екіншісі
шамамен 1 миллион жылдан бүгінгі күнге
дейінгі кезең болып ажыратылады.
Сонымен, саналы адамның тіршілігінде
тұтынылған тастар “тас дәуірі” шартты
атаудан бастау алады. Адам танымы ғылыми
тұрғыдан тас дәуірін ең ежелгі кезең –
палеолит, екіншісі – мезазой (орталық кезең),
үшіншісі – неолит (ең соңғы кезең) деп үш
кезеңге бөледі.
Ал,
азиялық
аумақта
алғашқы
адамдардың пайда болуы 9-7 мыңжылдықтар
шамасындағы ең ежелгі палеолит кезеңінде
Сібір, Қырым, Кавказ, Орта Азия және
кейіннен Днепр, Дон жағалауларында пайда
болған деген пікірлер бар. Бұл тұжырым әлі
де нақтылана түседі.
Палеонтроптар еңбек және аң аулау
құралдарын жасап, әр түрлі топтық-
шаруашылық харекеттермен айналысып,
үңгірлерге, жер үйлерге паналап алғашқы
от жағу, тағам дайындау, жеміс-жидектердің
дәнін, тамырын жинау, сақтау т.б. істер
жасауда үлкендермен қатар балаларда
қатыстырылды.
Осындай
тарихи
жағдайларда тәрбиенің пайда болуы заңды
құбылыс. Күнделікті жас ұрпақты тәрбиелеу
тәжірибелері жинақтала келе, тұрмыстық-
тіршілік жағдайларындағы өмір, тіршілік
тәрбиенің қажеттілігіне және оны жетілдіріп
отыруға талаптандырды. Үлкендер мен
балалардың бірлестік еңбектері бағдарлы
үйрету харекетімен ұштасты. Тұрмыстық
тіршіліктің барысы, алғашқысында аң және
балық аулау қауымдастарын қалыптастырса,
егін және мал шаруашылығымен (8-5
мыңжылдықтан жаңа дәуір аралығы)
айналысу адамдар өміріне өзгерістер енгізді.
Яғни, 35 мың жылдардағы басталған тарихи
кезеңі мен 5 мың жылдық біздің жаңа
дәуірімізге дейінгі кезең аралықтары жаңа
тас дәуірінде (неолит) аяқталады.
Осы аралықта аналық-рулық матриархат
қауымдастығы өрбіді. Ауылдық ұйымда
балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне
үйретіліп,
осыған
сәйкес
тәрбиені
ұйымдастыру қажет болды. Балаларды
тәрбиелеу тайпа көсемдеріне, ақсақалдарға
жүктеліп, ертегі айту, ойын ұйымдастыру
және өлең айту түрлері, сол дәуірдегі
тәрбиенің мазмұндық құрамына айналды.
Кейінгі алғашқы қауымдағы аңшылық
шаруашылықтары адамдардың өндірістік
формадағы егіншілік пен шаруашылық
еңбектерімен
ұласты.
Алғашқы
қоғамдағы шаруашылық және әлеуметтік
байланыстардың күрделенуі және өзгеріске
түсуі өндіріс құралдарына иелік ету,
отбасының пайда болуына жағдай жасады.
Қоғамдағы билеуші топтар, көсемдер,
ақсақалдар, дін басшылары балаларды
еңбекке баулу тәрбиесінен, есеп-шот
біліміне үйрету, тәрбие мазмұның кеңейтуге
назарларын бөле бастады. Жер өлшеу, ауа
райын, су тасқындарын болжау, адамды
емдеу т.б. осы шамалас білімдерді үйрететін
арнаулы мекемелер (мектеп типтес) ашылды.
Онда балалардың практикалық іскерліктері
91
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
мен дағдылары жетілдірілді.
Қауымдастық қалыптасқан жағдайларына
байланысты аңшыны, бақташыны, диқанды
тәрбиелейтін бағдарламалар белгіленіп,
жасөспірімдердің
білім,
практикалық
дағдыларын дамытуға ат салысты. Қыз
балаларға арналған бағдарламаларда оларды
үй шаруашылығына, үй кәсібіне: жеміс-
жидек жинау, ас дайындау, сақтау, қолөнер,
бейнелеу, сурет салуға үйретілді.
Сонымен қатар, жастардың денесін
шынықтырумен бірге ежелгі дәстүр-
салттарын сақтауға бейімдеу қауымдық
тәрбиеде басым болып, өмірдің жалпы
ұстанымын ұстауға қажетті білімдер,
практикалық іскерлік пен дағдыларды,
рулық аңыздар, мифтерді және ертегілерді
есте сақтауға ынталандырды. Аталған
іс-шаралардың нәтижесінде оқыту іс-
әрекетінің нышаны туды. Қорыта айтқанда,
неолит дәуірінде тіршілік қажеттілігін өтеу
шаруашылығынан өндірістік өнімге көшу
адамзат тіршілігіне өзгерістер ендіріп,
сонымен бірге тәрбие мәселесіне де өзіндік
ықпалын жасады.
Алғашқы қауымдастықта күнделікті
өмір-тіршілікке,
шаруашылыққа,
елді
қорғауға қыз балалар да қатыстырылды.
Қазақстанның территориясындағы таулы-
тасты жерлердегі бедерленіп сызылған жүкті,
балалы әйелдердің бейнелері, садақ ұстап
нысананы көздеген қыздардың формалары
салынған деректер ұшырасады.
Рулық қоғамдастықта көсемдер,
жасы келген қариялар, ақсақалдар жас
ұрпақтарды тәрбиелеуге қатысқандығы
жайлы археологиялық және этнографиялық
салыстыру жұмыстарын нақты деректермен
дәлелдейді.
Дегенмен де, жас ұрпақты тәрбиелеуге
қауымдастықтың барлық мүшелері
қатысқан, оларды қауымдастықтың жалпы
өмір тіршілігіне үйреткен, балаларды
ересек адамдардың өмір қарекетіне даярлау
мәселелері ортақ болған. Екіншіден, 10-
12 жасар балалар үлкендер қатарына
қосылуда тіршілікке қажетті іскерлік пен
дағдыларды игерулері тиіс. Ал бала 13-ке
толғанда отбасы иесі деп саналып, үлкендер
қатарына жатқызылып, дене күшін дамыту
және шаруашылық іс-әрекеттер тәжірибесін
жинақтауға жасөспірімдерді тәрбиеледі.
Сол себептен тәрбиенің ұстаған бағыты
үйрету, тәрбиелеу бағытында болғандықтан,
тұрмыстық құралдарды жасау және
қолдануға дағдырландырылды. Мәселен,
қасиетті аң-құстардың, үй жануарларының,
адамдардың бейнесінен ойыншықтар жасау,
еңбек қолдарының ептіліктерін баптаудың
әдет-дағдыларын қалыптастырады. Ертедегі
палеолит дәуірінде Дон дариясының
жанындағы
Костенка
ауылындағы
қорғаннан балалар жасаған жоғарғыдай
ойыншықтар
археологиялық
қазбадан
табылған. Үлкендердің бірлесіп аң аулаудағы
көргендерін, оған қатысқаннан алған сезім-
күйлерін балалар осындай ойыншықтарды
жасау арқылы белгілі формаға түсіріп,
өзіндік ой-саналарын арттыруға мүмкіндік
алған.
Сонымен қатар, Тәңірге табыну сияқты
тотемдік ырым-салтқа байланысты
балалардың магиялық ойлау образдарын
дамытқан. Былайша айтқанда, тотемдік
дін
хайуанаттың
қимыл-әрекеттеріне
ұқсау арқылы адами қасиеттерін дамыту,
ырымды ұстану, аң аулауда жасалынатын
әдіс-тәсілдер, балық аулауда атқаратын
әрекеттерді бөлісуге, игеруге үйретілді.
Үлкендердің
басшылығымен
атқарылатын
балалардың
жұмыстары,
оларға ұқсауға талпыну барысында талғам-
сезімдері, ептіліктері қалыптасады. Балаға
арналған ер-тоқым, киім-кешек, садақ т.б.
құрал-жабдықтар оның күш-қуатына, жас
шамасына қарай бейімделіп жасалады.
Рулық
қауымдастықта
балаларға
бостандық және өздіктерінен орындау, өз
іс-әрекеттерінде, ойындарда өз ойларынан
ойын элементтерін, сюжеттік, рөлдік
ойындар арқылы әлеуметтік мінез-құлқын,
жүріс-тұрыстарын дамытудың құралдары
деп есептелді.
Сонымен, үлкендердің еңбектеріне
92
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
балаларды қатыстырумен қатар құрбылары
аралығындағы бір-біріне ұқсап ойнау
т.б. тәрбиелік орта құрап, алғашқы
қауымдастықтағы тәрбиелік ерекшеліктері
анықталған. Сол кездегі сұранысқа сай
қарым-қатынас
нормаларын
белгілеу
қауымдастық алдындағы күрделі мәселенің
бірі болды. Күнге, айға, отқа табыну
және қауымдас аралық салт-дәстүрге,
жыл мезгілдеріндегі ырым-жырымдарды
ұстануға, жасөспірімдерді қатыстыруда
олардың
көңіл-күйін,
мүмкіндіктерін
ескеріп, іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу
тәсілдерін үйрету, олардың ересектердің өмір
тәжірибелерін игеріп, алғашқы адамгершілік
қарым-қатынас элементтері бойларынан
көріне бастады. Балаларды тәрбиелеуде
немесе тиымдар салынғанда қорқыту
немесе қолдау көрсетумен қатар, ертегілер
мен аңыздар мазмұндары арқылы күшті,
ержүрек адамдар образдарына ұқсауға, үлгі-
өнеге алуға бағыттады.
Сонымен,
ертедегі
алғашқы
қауымдастықта тәрбие өндірістік және
тұрмыстық қарым-қатынастарда рулық
ұжымның табиғи өмір тіршіліктеріне
байланысты бір-бірінен бөлінбегендігінен
қайта аралас-құралас болуға бейімделген.
Жас ұрпақтарға берілген ертедегі еңбек,
дене және адамгершілік тәрбиелер, өмірге
дайындау біркелкі жинақы түрде беріліп,
қарапайым санасын өсіріп, дүниетанымдық
ой-сезімін дамытуға тәрбие берілген.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде үйрету
бағытындағы
іс-әрекеттер,
амалдар
сандық жағынан алғанда және тарихи
мәні тұрғысынан өзіндік ерекшелігімен
сипатталынады.
Ертедегі
алғашқы
қауымдастықта, оның қарапайым тұрмыс
тіршіліктеріндегі жеткен жетістіктеріндегі
нәтижелерді бағдарлай білу, одан әрі
дамытуға үйрету, балаларды жануарлар мен
адамдардың бейнелерін жартастарға салу,
мал сүйектеріне түсіру немесе бояумен бояу
сияқты әрекеттерге дағдырландырды.
Кейінгі алғашқы қауымдастықтарда
шамамен б.з.б. 8-5 мыңжылдықтарда
шаруашылықтың күрделенуіне орай адамның
жеке қамын қанағаттандыру әрекеттерін
(жеміс-жидек, аң аулау) сақтаумен қатар,
өндірістік іс-әрекет формалары (егін егу
және мал өсіру) қалыптаса бастады.
Қауымдастықтардағы шаруашылық және
әлеуметтік байланыстардың күрделене
түсуі мен өзгерістеріне байланысты жаңа
жағдайлардың туындауы, отбасының пайда
болуына себепші болды. Отбасын құруда
үйлену үрдісін жүйеге келтіруде, бір рулық
топтан тыс тұрмыс құруға рұқсат беру,
кейінірек келе екі ру қауымдастықаралық
тұрмыс құру (экзогамия) тәжірибесі рулық
қауымдастықтардың қарым-қатынастарын
жаңа негізде ұйымдастыруға себепші болды.
Сонымен, кейінгі рулық қауымдастықтардағы
тұрмыс құрудағы топтық форма бертін келе
екеуара некелесуге ұласты. Бұл өз кезегінде
рулық қауымдастықта өзгерістер әкеліп,
тәрбиенің жеке отбасылық формасын дүниеге
келтірді. Осы кезеңнен бастап, отбасындағы
тәрбиенің мазмұны баланың дене және
рухани дамуымен толықтырылды.
Ал, қыз баланы анасы, әкпелері және
рудың басқадай әйелдері тәрбиелесе,
ұл баланы ата-анасы және олар жағынан
туысқан ер адамдар тәрбиеге қатысты.
Әрине, ол кезде ананың (матриархат)
тәрбиедегі рөлі жоғары болатын. Ер бала
5 жасқа дейін отбасының ықпалында болса,
сонан кейін қауымдастықта өзі қатарлас
балаларымен бірге ортақ тәрбие алатын.
Шаруашылық
және
әлеуметтік
байланыстар
жаңа
жағдайларында
үлкендердің өмір тіршілігіне жас ұрпақты
қатыстырып өмірге дайындау нәтижелеріне
қоғамдық бақылау қойылды. Сөйтіп, тәрбие
саласында қоғамдық мәні бар институттың
алғашқы элементтері қалыптаса бастады.
Жеткіншек қыздар мен бозбалаларды
үлкендер қатарына қосу ырымдары
орныққаннан кейін, тарихи маңызы бар
алдын-ала мақсатқа сай ұйымдастырылған
тәрбиелеу мен үйретудің алғашқы қоғамдық
институты аяғына тұрды. Адамдардың
өмір тіршілігін археологиялық ізденіс пен
93
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
этнографиялық зерделеу көрсеткендей,
алғашқы
қауымдастықтың
кейінгі
кездеріндегі жас ұрпаққа жинақталып
қалған мәдени мұраларды беру және сол
мұралардың кейбір элементтері осы күнге
дейін сақталып (баланы бесікке салу, отпен
аластау, май құю) қалды.
Жастарды өмірге, рулық-салтқа
дайындауда ұл және қыз балаларды жеке-
жеке тәрбиелеу рулық қауымдастықта
белгіленген. Қауымдық орталықтарда
арнайы “үйлер”, мысалы, “бойдақтар” үйі
сияқты ұйымдар өз міндеттерін атқарды.
Осы типтес орталықтарда жастарды өмірге
дайындау мектептің міндетін атқарғандай
ұқсастық бар еді.
Қауымдастықтағы өмір тіршіліктерінде
қалыптаса бастаған үйрету бағдарламаларын
белгілеу, жасөспірімдерге өмірге қажетті
білім беру, мысалы, аңшы, егінші және әскери
адамдарға қажетті тәжірибелік дағдыларын
тәрбиелеу іске асырылды.
Қыз балалар болса үй жұмыстарына:
тоқу, ору, қол өнерлеріне (қыштан ыдыстар
жасау) үйретілді. Олардың денелерін
шынықтыру, рәсімдік дайындықтар
жасау сияқты, қыз балаларға әлеуметтік-
адамгершілік тәрбиелер берілді. Балалар
өмірдің жалпы заңдылықтарын біліп, қажетті
ұғым, түсініктер алып, практикалық іскерлік
пен дағдыларын игерді. Мәселен, рулық
аңыздар мен салт-дәстүрді ұстауға, білуге
ынталандырады. Кемелденудің аяқталу
кезінде жастардың шыдамдылықтарын
анықтауды ұйымдастыру сәтінде жасөс-
пірімдердің дене күшін, практикалық
икемділіктерін,
әлеуметтік-адамгершілік
және ерік күйлерін тексеруден өткізіп,
олардың
ересектер
өмір-тіршілігіне
жеткендігін бағалайды.
Кемелге келгендігін анықтау
тәжірбиесінен байқағандай, үйрету істерін
алғашқы
нышандарына
байланысты
болатындығын тәрбиешілер білген.
Сөйлеу мәнеріне, биге үйретуде, есте
сақтау, жаттықтыру, қайталау элементтерін
қолданып, байқаусызда кеткен кемшіліктері
үшін баланы жазалау әдістерін (ескерту,
зекіру, ұру) пайдаланған.
Берілген
тапсырмаларды
тиянақты
орындау мазмұнын есте сақтау, орындау
элементтерін ұстау, білу, өз орнын сезінуге
балаларды дағдырландырды. Ал, егер
тапсырмаларды
жеткіліксіз
орындаса,
баланы жазалап отырған және жастарды
кемелге келу жүйесін басқару рулық
қауымдастықта арнайы айналысатын қарт
адамдарға жүктелген. Сол себептен де, рулық
қауымдастықта арнайы бөлінген ақсақалдар
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру негізінде
жаңа әдіс-тәсілдер пайда болды. Бұл үрдіс,
кейін келе мазмұндық жағынан мәдени-
тарихи, тұрмыстық және шаруашылық
дәстүрлердің сұранысынан сабақтастықпен
дамып, алғашқы педагогикалық қызметтің
түрлері сұрыптала бастады. Сонымен,
алғашқы қауымдастықтың ыдырау
жағдайында
тәрбиенің
дербестенуі
басталып, оған басты себеп неолит дәуірінде
өндірістік шаруашылыққа көшу адамдардың
өмірлеріне ауқымды өзгерістер енгізді,
тәрбиеге де ықпалдарын тигізді.
Ұлы Далада тас қару-жарақ пен
құралдардың орнына қоладан жасалған
өндіріс құралдары (қола дәуірі б.з.б.
4-3 мыңжылдықтарда, қалайы дәуірі 3-2
мыңжылдықтарда және темір дәуіріндегі
1 мыңжылдықта) жетіле келе темірдің
шаруашылықта қолдануы өндіріс сапасын
арттырудағы еңбекті бөлісу, егіншіліктің
мал шаруашылығынан бөлінуі, қолөнердің
қалыптаса бастауы шаруашылық қызметінің
өрбуіне ұйытқы болды.
Алтайдан Днепрге дейінгі Ұлы Даладағы
тайпалар мал шаруашылығымен айналысса,
қазіргі Кавказ таулары етегі мен Орталық
Азия, Украина, Молдава, Еділ бойлары,
Сібір территорияларында егіншілікпен
шұғылданды.
Рулық қауымдастықта еңбектің арнайы
түрлерімен айналысатын арнайы адамдар
тобы қалыптаса бастады. Мысалы, мал және
егін, аң аулаумен қатар, жіп иіріп, мата тоқу,
металл өңдеу, қыш ыдыстар жасау дамыды.
94
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |