Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев  М.А.  —  Абай  ат.  ҚазҰПУ  Жаңартпа  технологиялар  және  білім  беру  мазмұнын  ҒЗИ  директо-
ры,  ҚР  Жоғары  мектебіне  еңбегі  сіңген  қызметкер,  профессор,  бас  редактордың  бірінші  орынбасары; 
Төлеубекова  Р.К.—  Абай  ат.  ҚазҰПУ  "Ұлттық  тәрбие"  кафедрасының  кафедра  меңгерушісі,  педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор, бас редактордың орынбасары; Сейсенбаева Ж.А. — Абай ат. ҚазҰПУ 
Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ оқу үдерісін жетілдіру бөлімінің басшысы, филология 
ғылымдарының кандидаты, жауапты редактор; Айтбаев Ө.А. — Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті, 
Тіл білімі институты ғылыми-терминологиялық орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының 
докторы,  профессор;  Айталы  А.  —  Қазақ  заң  гуманитарлық  университетінің  әлеуметтік  психологиялық 
пәндер  кафедрасының  профессоры,  философия  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Әлмұхамбетов  Б.А. 
— Абай ат. ҚазҰПУ көркем сурет-графика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, про-
фессор, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық Білім академиясының академигі; Беркімбаева Ш.К. — Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;Баймырзаев 
Қ.М. — Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, 
профессор;  Бөлеев  Қ.  —  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  "Педагогика  және  этнопедаго-
гика" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Бейсенова Ә.С. – Абай 
ат.  ҚазҰПУ-нің  «География  және  экологиядан  ғылыми-әдістемелік  орталығының»  меңгерушісі,  география 
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі;Бейсенбаева  А.А. — Абай 
ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; 
Берікханова А.Е. — Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының 
кандидаты, доцент; Ғаббасов С. — жазушы, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина және педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор; Есім Ғ. — ҚР сенат депутаты, философия ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР ҰҒА академигі; Жарықбаев Қ.К. — Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика 
орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор; 
Қирабаев С.С. — М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Абай ат. ҚазҰПУ 
ректор  кеңесшісі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР  ҰҒА  академигі;  Қасқабасов  С.А. 
— М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, 
профессор,  ҚР  ҰҒА  академигі;  Қазмағанбетов  А.Ғ.  —  Х.Досмұхаммедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университетінің  ректоры,  педагогика  ғылымдарының    докторы,  профессор;  Қыдырәлиев  Д.  —  ҚР  Пре-
зидент  Әкімшілігінің  сарапшысы,  философия  ғылымдарының  докторы;  Қозыбаев  І.М.  —  ҚР  Мәдениет 
министрлігінің  Мәдениет  Комитетінің  төрағасы,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Қалиев  С.Қ. 
—  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  Жалпы  педагогика  кафедрасының  профессо-
ры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик; Қойгелдиев М.Қ. — Абай ат. ҚазҰПУ Ма-
гистратура және доктарантура РҺD институтының Гуманитарлық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, 
тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Құсайынов  А.  —  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 
университетінің педагогика және психология кафедрасының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор; Керімов Л.К. — Абай ат. ҚазҰПУ педагогика кафедрасының кафедра меңгерушісі, пе-
дагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Құрсабаев  М.Қ.–  халықаралық  «Атамекен»  ұлттық  тәлім-
тәрбие бағдарламасының авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Көкше» академиясы этнопедагоги-
ка зертханасының жетекшісі;Колумбаева Ш.Ж. — педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай ат. ҚазҰПУ 
"Ұлттық тәрбие" кафедрасының профессоры;Мырзахметов М. — Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы "Абайтану 
ғылыми-зерттеу орталығының" директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор; Мұтанов Ғ.М. —    
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор; 
Молдабеков  Ж.Ж.  —  философия  ғылымдарының  докторы,  әл-Фараби  ат.  ҚазҰУ  мәдени-антропология 
кафедрасының  профессоры,  Әлеуметтік  академиясының  академигі,  Халықаралық  акмиологиялық 
академиясының  академигі;  Нәрібаев  К.Н.  —  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Ректорының  кеңесшісі,  экономика 
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Сарыбеков М.Н. — ҚР Білім және ғылым вице-
министрі,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Сманов  Б.Ө.  —  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дің 
әкімшілік  басқармасының бастығы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Саңғылбаев О.С. — Абай 
атындағы ҚазҰПУ "Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының" кафедра меңгерушісі, психология 
ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы; Табылдиев Ә.Т. — әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Түрікпенов Ж. — Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура және доктор-
антура РҺD институтының педагогикалық мамандықтар кафедрасының профессоры,педагогика ғылымдарының 
кандидаты, Қазақ Гуманитарлық академиясының академигі; Шолпанқұлова Г.К. — Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық 
тәрбие" кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты; Сеитова Ж.М. — жауапты хатшы.

3
 
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
почетный член НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев  М.А.  —  директор  НИИ  инновационных  технологий  и  содержания  образования  КазНПУ  им. 
Абая, профессор,  Заслуженный   работник    высшей школы РК,  первый заместитель главного редактора;
Толеубекова Р.К. — зав. кафедрой "Национальное в оспитание" КазНПУ им. Абая, доктор педагогических 
наук, профессор, заместитель главного редактора; Сейсенбаева Ж.А. — руководитель отдела исследования, 
разработки и совершенствования уровней образовательного процесса и их содержания НИИ инновационных 
технологий  и  содержания  образования  КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  филологических  наук,  ответственный 
редактор; Айтбаев О.А. — президент международного сообщества "Қазақ тілі", главный научный сотруд-
ник  Научно-терминологического  центра  института  языкового  образования,  доктор  филологических  наук, 
профессор;  Айталы  А.  —  профессор  кафедры  социально-психологических  дисциплин  Казахского  юриди-
ческого гуманитарного университета, доктор философских наук, профессор; Альмухамбетов Б.А. — декан 
художественно-графического факультета КазНПУ им. Абая, доктор педагогических наук, профессор, акаде-
мик Академии Образования им. Ы. Алтынсарина; Беркимбаева Ш.К. — ректор Казахского Государственного 
женского педагогического университета, кандидат педагогических наук, доцент; Баймырзаев К.М. — рек-
тор Костанайского  государственного  педагогического института, доктор географических наук, профессор; 
Болеев  К.  —  зав.  кафедрой  "Педагогика  и  этнопедагогика"  Таразского  Государственного  Педагогиче-
ского  Института,  доктор  педагогических  наук,  профессор;  Бейсенова  А.С.  –  зав.  кафедрой  «Научно-
методический центр по географии и экологии», доктор педагогических наук, профессор, академик НАН РК;
Бейсенбаева А.А. — профессор кафедры "Национальное воспитание" КазНПУ им. Абая, доктор педагоги-
ческих наук;Берикханова А.Е. — доцент кафедры "Национальное воспитание" КазНПУ им. Абая, канди-
дат  педагогических  наук;Габбасов  С.  —  писатель,  Заслуженный  работник  здравоохранения  СССР,  доктор 
медицинских и педагогических наук, профессор; Есим Г. — депутат сената РК, доктор философских наук, 
профессор, академик НАН РК;Жарыкбаев К.К. — директор Центра этнопсихологии и этнопедагогики име-
ни Т.Т. Тажибаева, доктор педагогических наук, доктор психологических наук, профессор; Кирабаев С.С. 
— советник ректора КазНПУ им. Абая, главный научный сотрудник Института литературы и искусства им. 
М. Ауезова, доктор филологических наук, профессор, академик НАН РК; Каскабасов С.А. — директор Ин-
ститута литературы и искусства имени М.Ауезова, доктор филологических наук, профессор, академик НАН 
РК;Казмаганбетов  А.Г.  —  ректор  Атырауского  государственного  университета  имени  Х.Досмухаммедова, 
доктор педагогических наук, профессор; Кыдыралиев Д. — эксперт администрации Президента, доктор фило-
софских наук;Козыбаев И.М. — председатель Комитета культуры Министерства культуры и информации РК, 
доктор исторических наук, профессор; Калиев С.К. — профессор кафедры "Общей педагогики" Казахского 
Государственного женского педагогического университета, доктор педагогических наук, профессор, академик;
Койгелдиев  М.К.  —  зав.кафедрой  гуманитарных  специальностей  Института  Магистратуры  и  докторан-
туры РһD КазНПУ им. Абая, доктор  исторических наук,   профессор;Кусаинов А. — зав. кафедрой "Пе-
дагогика  и  психология"  Казахского  Государственного  женского  педагогического  университета,  доктор 
педагогических наук, профессор; Керимов Л.К. — зав. кафедрой "Педагогика'' КазНПУ им. Абая, доктор пе-
дагогических наук, профессор; Курсабаев М.К. – автор международный начно-этнопедагогической програм-
мы «Атамекен», кандидат педагогических наук, заведущий лабораторией этнопедагогики академии «Көкше»; 
Колумбаева  Ш.Ж.  —  профессор  кафедры  "Национальное  воспитание"  КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  пе-
дагогических  наук;  Мырзахметов  М.  —  директор  НИЦ  Абаеведения  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  фило-
логических  наук,  профессор;  Мутанов  Г.М.  —  ректор  Восточно-Казахстанского  государственного  тех-
нического  университета  им.  Д.Серикбаева,  доктор  технических  наук,  профессор;  Молдабеков  Ж.Ж. 
—профессор  кафедры  "Культурной  антропологии"  КазНУ  им.  Аль-Фараби,  доктор  философских  наук, 
академик  Социальной  академии,  академик  Академии  Международной  акмиологии;  Нарибаев  К.Н.  —  со-
ветник ректора КазНПУ им. Абая, доктор экономических наук, профессор, академик НАН РК; Сарыбеков 
М.Н. — вице-министр образования и науки РК, доктор педагогических наук, профессор; Сманов Б.О. — 
начальник  административного  управления  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  педагогических  наук,  профессор;
 Сангылбаев О.С. — зав. кафедрой "Общей и прикладной психологии" КазНПУ им. Абая, доктор психологиче-
ских наук, и.о. профессора;Табылдиев А.Т. — профессор КазНУ им. аль-Фараби, доктор педагогических наук; 
Туркпенов  Ж.  —  профессор  кафедры  педагогических  специальностей  Института  Магистра-
туры  и  докторантуры  РһD  КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук,  академик  Акаде-
мии  гуманитарных  наук;Шолпанкулова  Г.К.  —  доцент  кафедры  "Национальное  воспитание" 
КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук;  Сеитова  Ж.М.  —  ответственный  секретарь.
 

4
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
dear member of NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. — the director of scientific research institute of innovative technologies and content of education 
of KazNPU named after Abai, candidate of technical science, the professor, the deserved worker of the higher school 
of RK, the first deputy of the editor-in-chief; Toleubekova R.K. — the university chair of «National education» of 
KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the second deputy of the editor-in-chief; 
Seysenbaeva Zh.А. — the chief of department development of educational process of scientific research institute 
of  innovative  technologies  and  content  of  education  of  KazNPU  named  after Abai,  the  candidate  of  philological 
science,  the  managing  editor;  Aytbaev  O.A.  —  the  president  of  the  international  community  «Қазақ  тілі»,  the 
main scientific employee of the Scientifically-terminological centre of Institute of language education, the doctor 
of philology, the professor; Aytaly А. — the professor of chair of socially-psychological disciplines of the Kazakh 
Law Humanitarian University, the doctor of philosophy; Almukhambetov B.A. — the dean of art-graphic faculty 
KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the academician of National Knowledge 
Academy named after Y.Altynsarina; Berkimbaeva Sh.K. — rector of Kazakh State Female Pedagogical Univerity, 
the  candidate  of  pedagogical  sciences,  the  associate  professor;  Baymyrzaev  K.M.  —  the  rector  of  Kostanaysk 
State Pedagogical Institute, the doctor of geographical sciences, the professor; Boleev K. — the university chair of 
"Pedagogics and ethnopedagogics" of Taraz State Pedagogical Institute, the doctor of pedagogical science, professor; 
Beysenova A.S. – the chair of sub department «the Scientifically-methodical centre on geography and ecology», 
the  doctor  of  pedagogical  sciences,  the  professor,  the  academician  of  NAS  RК;  Beysenbaeva A.A.  —  professor 
of a chair "National education" of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor; 
Berikhanova A.E.  —  the  associate  professor  of  a  chair  "National  education"  of  KazNPU  named  after Abai,  the 
candidate of pedagogical sciences; Gabbasov С. — the writer, the deserved worker of public health services SSSR, 
the doctor of medical and pedagogical sciences, the professor; Esim G. — the deputy of senate of RK, the doctor 
of  philosophic  sciences,  the  professor,  the  academician  of  NAS  RK;  Zharykbaev  K.K.  —  the  director  of  the 
ethnopsychology and ethnopedagogics center named after Tazhibaeva T.T., the doctor of pedagogical sciences, the 
doctor of psychological sciences, the professor; Kirabaev S.S. — the chancellor adviser of KazNPU named after 
Abai, the mail scientist of the Literature Institute named after M. Auezov, professor of the chair "Kazakh literature" 
of KazNPU named after Abai, the doctor of philology, the academician of NAS RK; Kaskabasov S.A. — the director 
of Literature Institute named after M. Auezov, the academician of NAS RK, the doctor of philology science, the 
professor; Kazmaganbetov A.G. — the rector of Atyrausk State University named after H.Dosmuhammedova, the 
doctor of pedagogical sciences, the professor; Kydyraliev D. — the expert of Presidential Administration, the doctor 
of philosophy; Kozybaev I.M. — the chairman of Culture committee of the Ministry of culture and information RК, 
the doctor of historical sciences, the professor; Kaliev S.K. — the professor of the chair "General pedagogic" of 
Kazakh State Female Pedagogical Univerity, the doctor of pedagogical sciences, the professor, academic; Koygeldiev 
M.K. — the university chair of humanitarian specialties of PhD studies and magistracy Institute of KazNPU named 
after Abai, the doctor of historical sciences, the professor; Kusainov А. — the university chair of "Pedagogics and 
psychology" of the Kazakh State Female Pedagogical University, the doctor of pedagogical sciences, the professor; 
Kerimov L.K. — university chair of "Pedagogics" KazNpU named after Abai, the doctor of pedagogical science, 
professor; Kolumbaeva Sh.Zh. — professor of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences; 
Myrzakhmetov М. — the director of the research center Abai-studies under KazNPU named after Abai, the doctor 
of philology, the professor; Mutanov G.M. — the rector of the Kazakh National University named after al-Farabi, 
the  doctor  of  technical  science,  the  professor;  Moldabekov  Zh.Zh.  —  the  academician  of  social  academy,  the 
academician  of Academy  International  acmyology,  the  doctor  of  philosophic  sciences,  the  professor  of  the  chair 
"Cultural anthropology" of KazNU named after Al-Farabi; Naribaev K.N. — rector adviser of KazNPU named after 
Abai, the doctor of economics, the professor, the academician of NAS RK; Sarybekov M.N. — the vice-minister 
of education and science of RК, the doctor of pedagogical sciences, the professor; Smanov B.U. — the director of 
administration of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor; Sangylbaev O.S. — 
the university chair of the "General and applied psychology" of KazNPU named after Abai, the doctor of psychological 
sciences, the acting professor; Tabyldiev A.T. — the doctor of pedagogical sciences, the professor of KazNU named 
after Al-Farabi; Turikpenov Zh. — the professor of chair of pedagogical specialties in the Institute of magistracy 
and doctoral РһD candidacy of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences, the academician 
of Academy  of  the  humanities;  Sholpankulova  G.K.  —  the  associate  professor  of  a  chair  "National  education" 
of  KazNPU  named  after Abai,  the  candidate  of  pedagogical  sciences;  Seitova  Zh.M.  —  the  executive  secretary.
Меншік иесі: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2010 жылдың 
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010

5
Шын мәнінде  отаншылдық 
  —  
тәуелсіздікті  құрмет-
теу,  мемлекетті  қастерлеу,  өз  Отаныңды  қалтқысыз 
сүю деген сөз.
Табанды  тұлғалар  тәрбиелеу  арқылы  ғана  ел 
тәуелсіздігінің  баянды  болатынын  ұмытпайық, 
ағайын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі 
15.12.2010 ж. 

6
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Б.Жұмағұлов – 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕДЕГІ ҮНДЕСТІК
Қазіргі  таңда  қоғамда  орын  алған 
ірі  экономикалық  және  технологиялық 
жетістіктер 
әлемдік 
қауымдастықтың 
біртұтас  білім  жүйесінің  кеңістігін 
қалыптастыруға 
бағытталған 
жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды 
бойына 
сіңірген 
саналы 
тұлғаны 
қалыптастыру қажеттігін алға тартып отыр. 
Қазақстан  халқы  үшін  ұрпағына  жақсы 
тәлім-тәрбие  мен  оған  сапалы  білім  беріп, 
өсірудің,  өрбітудің  жаңа  дәуірі  келіп,  бұл 
тұрғыда  кең  көлемде  келелі  мәселелер  ту-
ындауда.  Жасыратыны  жоқ,  бұл  күнге 
дейін  қазақ  халқының  ұрпақ  тәрбиесіне 
мән  беруі  қазіргі  алмағайып  аласапыран 
кезеңге  қарағанда  аса  жауапкершілікпен 
қараған.  Бұл  жайында  хазіреті  Әлидің: 
«Балаларыңды  өздерің  болмайтын  уақыт 
үшін  тәрбиелеңдер.  Өйткені,  олар  сен-
дер  болмайтын  уақыт  үшін  жаралған»  де-
ген  сөзін  басшылыққа  ала  отырып,    ұрпақ 
жалғастығының  үзілмеуін  қадағалаған. 
Қазіргі жаһандану жағдайында біз жер асты-
нан қазба байлықтар, кен іздегеніміз сияқты 
жас ұрпақтың бойынан тек білім нәрі арқылы 
келетін  іскерлік,  білгірлік,  қабілеттілік, 
жауапкершілік  сияқты  артықшылықтарды 
ғана  емес,  ұлттық  құнды  қасиеттерді  да-
рытып,  іздестіруіміз  қажет.  Өйткені,  кен 
байлығы  тәрізді  ұлттық  құндылықтар  да 
Қазақстанның  болашағын  алға  сүйрер, 
өркендеу  дәуіріне  апаратын  маңызды 
фактор.  Біз  қазіргі  таңда  өтпелі  кезеңнің 
қарсаңында тұрмыз. Қазіргі әлемде жоғары 
білім  берудің  ғылыммен,  осы  заманғы 
ғылыми-техникалық  жетістіктермен  өзара 
тығыз  байланысты  екендігіне  ешкім  де  
шүбә  келтірмейді.  Білім  дейгейін  көтеру 
бүкіл  өмір  бойы  үзіліссіз  өтіп  жататын 
құбылыс  деген  пікір    аксиомаға  айнал-
ды.  Бұл  ғылыми  білімдердің  жедел  түрде 
ескіруімен байланысты болып отыр. Бүгінгі 
таңда  3-4  жыл  сайын  жинақталған  білімді 
жаңғыртып,  толықтырып  тұру  қажет. 
Тәуелсіз еліміздің соңғы жылдар тізбегінде  
жүргiзiлiп  келе  жатқан  бiлiм  реформасы-
на  қатысты  түбегейлі    бетбұрыстар,  келелі 
істер,  мәселен  білім  саясатының  негізгі 
көрсеткіші  болып  саналатын  12  жылдық 
білім  беру  жүйесіне  ену  –  қоғамдық 
ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен 
көзқарастарын қалыптастыруға негiз болып, 
бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне 
өзгеше талаптар қойды. Одан байқағанымыз, 
тәрбиесі берік елдің тұғыры да биік болады. 
Әл-Фараби  бабамыз  айтқандай,  «Тәрбиесіз 
берілген білім – білім емес, ол адамзаттың 
қас жауы» демекші, ең алдымен тәрбиеге баса 
назар  аудару  керек.Тәрбие  нәрімен  сусын-
дап, елінің бар құндылығын бойына сіңіріп 
өскен  балада  отаншылдық,  ұлтжандылық, 
салт-дәстүр,  әдет-ғұрпын  сыйлай,  ата-
анасын ардақтай білетін ұл мен қыз болып 
қалыптасқаны. Ондай тәрбиелі жастан елін 
кейін  тартар  керітартпа  қылық  шығады 
деуге  әсте  болмас.    Мұндай  аса  жауапты 
мәселеде  ата-аналар,  мектеп  мұғалімдері 
бірлесе  отырып,  әр  ұл-қыздың  тәрбиесін 
бірге бірлесе отырып шешкен әбден дұрыс. 
Балаға біз қанша білімді бол деп, оның са-
насына құйғанымызбен, егер ұлттық тәрбие 
дұрыс  берілмесе  онда  одан  ұлтжанды  аза-
мат  қалыптаспағаны.  Қазір  патриоттық, 
ұлттық  тәрбие  барлық  қоғамдық  саяси 
құрылымдарда  қарастырылады.  Тек  оны 
ұйымдастыру  жағына  келгенде  аз-маз 
ақсайтыны  рас.  Сондықтан  да  білім  мен 
тәрбие  егіз  ұғым  екенін  ескере  отырып, 
оны  бірінен-бірін  ажыратып  қарау  әбестік. 
Бұл  ретте  тәрбиені  білім  саласында  дұрыс 
ұйымдастырылу жағына баса назар аудару 
жағын қадағалау керек. 
Ғылым мен білімнің, ұлттық ерекшелікке 
сай  тәрбие  берудің  жаһандық  дамуы  мен 

7
кірігуі  жергілікті  ұйымдастыру  шарала-
ры  негізінде  мүмкін  болады,  бірақ  бұл  іс-
қимылдар  үйлестіріліп,  өзара  келісімді  бо-
луы, қазіргі қоғамның даму қисынына сәйкес 
келуі тиіс. Мұндай жағдайда қоғамның жан-
жақты негізделген білім беру және ғылыми 
саясаты болуының үлкен маңызы бар. Қазіргі 
жаһандану  жағдайында  ол  тұрақты  даму 
мақсаттарына сәйкестендіріліп, оны жүзеге 
асырудың  тетіктері  мен  мүмкіндіктерін 
ескеруі  қажет.  Бұл  ретте,  әлбетте,  ұлттық 
мүдделер  мен  қажеттіліктерді  ескерген 
жөн.  Ақиық  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың: 
«Қазақтың  тағдыры  да,  келешек  ел  болуы 
да  мектебінің  қандай  негізде  құрылуына 
барып  тіреледі.  Мектебімізді  таза,  берік, 
жанымызға  қабысатын,  үйлесетін  негізде 
құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ 
серттесуге болады», - деген сөзімен айтсақ,  
қазіргі жаһандану дәуірінде маңызы ерекше. 
Бұл біздің шынайы, әрі тәуелсіз ұлттық білім 
жүйесін құруымызды талап етеді. Білім беру 
жүйесі  –  бұл  ұлттық  мәдениеттің,  ұлттық 
сана-сезімнің даму көрсеткіші, ал оның ба-
сты нысаны – қазақ жастары. Ол экономика, 
саясат,  мәдениет  саласындағы  өзгерістерді 
бейнелеп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар 
осы  түбегейлі  өзгерістерге  белсенді  ықпал 
етеді.  Оқу-білім  беру  –  жеке  адамның 
әлеуметтік-экономикалық 
процестерге 
пәрменді  қосылуын  қамтамасыз  ететін  ба-
сты жағдайлардың бірі. Қазақстандық жаңа, 
ұлттық  негізге  құрылған  білім  үлгісі    жас 
жеткіншектерді  отаншылдық, ұлтжандылық 
рухта тәрбиелеуге негізделе отырып, білімді 
де, білгір, білікті маман етіп өсірумен қатар, 
оның азаматтық тұлғасын, адамгершілік, ру-
хани жан дүниесін ұлттық құндылықтарға 
негіздеу. Қазір елімізде белең алып отырған 
прагматикалық  жағдаяттарға  негізделген 
әр  түрлі  ұлт  тағдырына  нұқсан  келтіретін 
жағдаяттар  баршамызды  толғандыруда. 
Мұның шешімін рухани, интеллектуальды, 
экономикалық мемлекет орнату тұрғысынан 
және  тұғыры  биік  тәуелсіз  мемлекет  ор-
нату  болашағына  бағдарланған,  ұлттық 
құндылықтарға  үйлестірілген  білім  беру 
жүйесі мен тәрбие жұмысы бағдарламалары 
қарастырылуда. 
Себебі,  тәрбие  мәселесін  төрге  қоятын 
тәрбие мен білім жүйесін қатар қойып, іске 
қосу бүгінгі күннің басты талабы. 
Жас 
буын 
өкілдерінің 
бойында 
құндылық  бағдарларын,  қоғамда  үстемдік 
ететін  нұсқауларды,  өмірлік  мұраттарды 
қалыптастыру  нәтижесінде  жастар  қоғам 
өміріне тартылып, әлеуметтеніп, әлеуметтік 
жүйеге қосылады. Тілді, әдебиетті, Отан та-
рихын,  адамгершілік-ізгілік  қағидаларын 
(осы күндері қолға алынып жатқан «Ұлттық 
тәрбие»  пәнінің  түп  мақсат-мүддесі)  оқып-
үйрену  жастардың  бойында  біртұтас 
құндылықтар  жүйесінің  қалыптасуына 
алғышарт  болады да, сол арқылы бұл жастар 
өзін  және  басқаларды  танып-білу  арқылы 
еліміздің саналы азаматына айналады. 
Оқу-білім  беру  жүйесі  жүзеге  асы-
рып  жатқан  балаларды  тәрбиелеу  мен 
әлеуметтендіру  процесінің  мазмұны  едәуір 
дәрежеде  қоғамда  үстемдік  ететін  рухани-
адамгершілік,  ұлттық  құндылықтарға 
тәуелді болады. Қазақ өнеркәсібі құлаштап 
дамыған  қоғамда  ұлттық  тәрбие  оқудың 
құрамдас  бөлігі  болып  табылып,  отбасы 
аясы мен мемлекеттік, арнайы оқу орында-
рында жүзеге асырылатын болады. 
Бала қайдан жарық көрінеді, соған қарай 
иіліп  өсетін  жас  шыбық  тәрізді.  Баста 
берілмеген  дұрыс  тәрбие  ол  тек  өзіне  ғана 
нұқсан  келтіріп  қоймайды,  сонымен  бірге 
келешек  ұрпағына  да,  қоғамға  да  әсерін 
тигізетіні  анық.  Сол  себепті  білім  бере, 
жаңа  тағылымдық-тәрбиелік  негіздегі  ма-
териалдарды кірістіре отырып, толыққанды 
ұрпақты қалыптастырғанымыз. Біріншіден, 
оқулықтарда  ұлттық  тәрбие  берудегі 
халықтық 
педагогиканың 
ғылыми-
әдістемелік негіздері; оның психологиялық-
педагогикалық 
 
негіздері; 
дұрыс 
ұйымдастырудың үлгісі; халықтық педаго-
гика құралдары арқылы тәрбиенің мазмұны, 
әдіс-амалдары, формалары анықталуы тиіс. 
Бұл  –  ең  бірінші  қолға  алынатын  шаруа. 
Екіншіден,  барлық  білім  мекемелерінде 
тәрбиені  біліммен  қатар  ала  отырып, 
халықтық  педагогика  құралдары  арқылы 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

8
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ұлттық тәлім-тәрбие берудің бағдарламасы 
толығымен  жасалуы;  оқу  процесі  кезінде 
педагогика  құралдары  арқылы  ұлттық 
тәлім-тәрбие  беру  бойынша  мұғалімдерге 
арналған  әдістемелік  құралдар,  нұсқаулар; 
мұғалімдердің    ата-аналармен  бірлесіп 
істейтін жұмыс бағдарламасы және т.б. осы 
тәріздес  шаралар  тез  арада  қолға  алынып, 
нәтиже  берілуі  тиіс.  Қазіргі  таңда  білім 
беру  ісінде  жеке  тұлғаны  ұлттық  негізде 
қалыптастыру,  өздеріңіз  көріп  отырғандай 
елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік,  саяси, 
экономикалық  және  мәдени  өзгерістерге 
байланысты  туындаған  өмір  талабы.  Сол 
себепті,  біздің  барлығымыздың  көтеріп 
отырған  біріншіден  –  ұлт,  екіншіден  – 
тәрбие  мәселеміз  осы  оқу-тәрбие  ісіне 
тікелей  қатысты.  Егер  де  ұлттық  тәрбие 
беру  мәселесі  өз  шешімін  таппаса,  білім 
беру  аясында  көтеріліп  және  жүргізіліп 
отырған мәселелер қандай да бір нәтижеге 
қол  жеткізбесе  ұлттың  болашағы  мүшкіл 
болғаны. 
Сондықтан да, қоғамдық өмірдің әртүрлі 
жақтарының  жаһандануы  нәтижесінде 
шын  мәнінде  жаңа  әлеуметтік,  саяси, 
экономикалық, технологиялық, экологиялық 
факторлардың  өзара  байланысы  мен  өзара 
әрекеттестігі туралы жаңа сападағы ғылыми 
білімдер, анықтап айтар болсақ, тәрбиемен 
біте қайнасқан білімнің болуы қажет. Себебі, 
қазіргі  жаппай  жаһандану  жағдайындағы 
адамзаттың өміршеңдігі, қоғамның тұрақты 
дамуы  енді  ғылымның  даму  денгейіне, 
ғылымға  апарар  жолдағы  ұлттық  тәрбиеге 
негізделген  білім  қорының  молдығына, 
оның  болжамдық  қызметіне,  табиғаттың, 
қоғамның,  техносфераның  жайы  тура-
лы,  мәдениеттің,  әлемдік  экономиканың, 
қатынас  құралдарының  және  қазіргі 
әлеуметтік тұрмыстың басқа да белгілерінің 
даму  үрдістері  туралы  ақпараттың  алдын 
ала алынуына тікелей байланысты болады. 
Ғылыми  білімділікті  ұйымдастырудың 
жаңа  түрлерін  іздестіру  –  білім  беру 
жүйесін  қайта  құрудың  аса  маңызды  сара 
жолы.  Бүгінгі  таңда  оқу-ағарту  жүйесінде 
қалыптасқан 
қатаң 
тәртіптілік 
пен 
бірыңғайлылыққа  қарсы  ғылымның  жаңа 
бейнесі  бой  көтеріп  келеді.  Ол  білім  беру 
үрдісіне  тәрбиенің,  оның  ішінде  ұлттық 
мүддемізге  негізделге  тәрбиенің  жаңа 
тұрғыдан қойылу талаптары. Сонымен бірге 
білімділік жайындағы түсінікке көзқарас та 
өзгеру үстінде. Бүгінгі педагогикада адам мен 
білімділік жайында дәстүрлі түсініктермен 
қатар  жаңа  ұғымдар  да  қалыптасып, 
педагогиканың  антропологиялық  негіздері 
алмасу  кезеңіне  аяқ  басты.  Білімді  адам  – 
көзқарастары  қалыптасып  үлгерген,  көп 
нәрседен хабардар тұлға ғана емес, сондай-
ақ, қазіргі мәдениеттің күрделі мәселелерін 
бағдарлай алатын, ұлттық құндылықтарын 
бойына жиған, өмірдегі өз орнын түйсінуге 
қабілетті,  демек,  өткен  тарихынан  хабар-
дар,  тәлім-тәрбиемен  сусындап  өскен,  бір 
сөзбен айтқанда, мынандай алмағайып жап-
пай жаһандану жағдайында нақ өмірге әзір 
адам. Оқу-білім  мен берілетін тәрбие еркін 
жеке  тұлғаның  қалыптасуына,  оның  басқа 
адамдарды  түсінуіне,  ой-өрісі  мен  қарым-
қатынастарының  қалыптасуына,  ақыры, 
адамның  нақтылы  іс-әрекеттерді  жүзеге 
асыруына жағдай жасауы тиіс.
Тәрбие  –  сан  ғасырлар  бойы  халықтың 
жинақтап,  іріктеп,  сұрыптап  алған  озық 
тәжірибесі  мен  құнды  қасиеттерін  жеке 
тұлғаның  бойына  қалыптастыру  мақсатын 
көздейді. Тәрбиесі мықты ұйымдасқан елдің 
рухы  биік.  Ол  мемлекеттің  іргесін  ешкім 
шайқалта  алмасы  анық.  Біздің  ұлттық 
тәрбиемізге  ықпал  жасайтын  факторлар 
алуан  түрлі.  Мәселен,  ұлт  тарихы,  халық 
фольклоры,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер, 
ұлттық  психологияның  элементтері,  сая-
сат,  қоғам  идеологиясы,  мәдениет  және 
т.б.  Бұл  аталғандардың  барлығы  ұлттық 
шектеушілік  пен  басқа  тар  өрісті  ойлардан 
аулақ  болғаны  жөн.  Өйткені,  ұлттық  пси-
хологияны  алып  қарасақ,  ескі  мен  жаңа 
қасиеттер  үйлесімділікті  қажет  етеді.  Ал, 
ескінің барлығы жаңамен үндесе бермейді. 
Бұл  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру 
кезінде  ұлттық  тәрбиенің  барысы,  жас 
ерекшелігі    ескерілу  қажет.  Басты  бағдар 
ретінде  –  барлық  ұлт  балаларының 

9
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қазақстанға  деген  сүйіспеншілік  сезімін 
арттырып,  ортақ  отан  қорғау  мүдделерінің 
қалыптастыруға тәрбиелеу. Тәрбиені беруді 
тек  оқу  процесінен  ғана  іздестірмей,  басқа 
салалардан да шебер, әрі ұтымды пайдала-
нылуын іздестіру қажет.  
 
Ұлттық  тәрбие  –  ұрпақ  тағдырын 
шешетінін  ескерсек,    ол  уақыт  талабымен 
бірге  келген  игілікті  іс  екендігі  белгілі. 
Сондықтан  да,  тәрбие  берудегі  негізгі 
тетіктерін айырып, білім беру үрдісіне ендіру 
жолын  дұрыстау  –  бүгінгі  күндегі  елеулі 
мәселелердің  бірі  екендігіне  барлығымыз 
оң көзбен қарап, дұрыс шешімін табылуына 
жағдай жасау керек. Сіздер білесіздер, еліміз 
тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ мектептері 
көптеп ашылып, жастарға сапалы білім мен 
саналы тәрбие беру ісімен айналысу ісі дұрыс 
жолға қойылуда. Шынайы білім ең алдымен 
ұлттың игілігіне, одан әрі адамзаттың, жеке 
тұлғаның игілігіне бағытталуы тиіс. Ұлттық 
білімнің өзектілігі де осында. Ұлттық білім 
беру жүйесінің негізі болып педагогикалық 
дәстүр, білім беру дәстүрі, жүздеген ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  біздің  бойымыздағы 
құндылықтарымыз  саналады.  Яғни,  нағыз 
педагог та, педагогика да халықтың  өз ішінде 
жатыр. Сондықтан да, ұлттық тәрбиені білім 
алушы  жастардың  бойына  сіңіру  –  біздің 
басты міндетіміз. Бүкіл адамзат тарихында 
оқу-білімнің  басты  қайнар  көзі  –  қоғамды 
ағарту құралы болып келді. Сонымен қатар
әр халықтың мәдениетіндегі өзіндік ұлттық-
этникалық  ерекшеліктер  ескерілді,  демек 
білім беру жүйесі ұлттық мәдениетті, оның 
қайталанбас және бірегей белгілерін қолдап 
сақтауда айрықша маңызды рөл атқарып от-
ырды. Ал осы құндылықтарды бойына сіңіре 
алған  тұлға  ғана  ұлттық  сана  мен  ұлттық 
психологияның ұйытқысына айналады. 
Халыққа  білім  берудің  үлгісі  әр  елдің 
өз  тарихында  бар.  Мысалы,  өзіміздің 
тарихымыздағы  кемеңгер  ойшылдары-
мыз  Шоқан,  Ыбырай,  Абай,  бертінде  алаш 
зиялыларының  өкілдері  секілді  ағартушы 
педагог-ғалымдар  ұлттық  білім  мәселесін 
ұлттық  мүдде  деңгейіне  дейін  көтеріп, 
осы  мәселелерге  тереңнен  назарын  ауда-
ра  отырып,  білім  берудің  тиімді  жолда-
рын  жасап  кетті.  Сол  қазақ  тұлғаларының 
ұлттық  мүдде  тұрғысындағы  ұлттың  та-
рихи  тәжірибесіне  сүйенген  ағартушылық 
идеялары  Кеңес  одағы  тұсында  жалғасын 
таппады.  Кеңес  үкіметінің  тотаритарлық 
қоғам  кезіндегі  білімі  «кеңестік»  деген  ат-
пен  аталып,  ұлттық  сипатынан  айырылды. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ тарихының 
сол өткен қоғам тұсында ақиқатты тұрғыда 
зерттелініп,  жан-жақты  жазыла  бастады.   
Ендігі  кезекте  өз  билігі  өз  қолына  жеткен 
тұста  қиыншылықпен  келген  баға  жет-
пес  дүниелерімізді  жоғалтып  алмай,  нық 
тұрақтандыруымыз керек. ХХІ ғасыр бүкіл 
әлемде 
информатикалық-технологиялық 
қоғамның  орнығуы  мен  дамуы  ең  алды-
мен білімі сапалы, жаңа мамандарды қажет 
етеді. Осы ретте білімнің информатикалық 
сипат  алып  бара  жатқанына  орай,  үздіксіз 
білім  беру  үдерісіне  ұлттық  білім  беру 
пәнін ендірудің маңызы зор деп ойлаймыз. 
Себебі, дәуір мен қоғамның құбылысына сай 
көптеген этносқа қамқор ел ретінде дамып 
келе  жатқан  Қазақстан  халқы  үшін  өзінің 
рухани қадір-қасиетін тұрақты ұстап тұруы 
шарт.  Қазіргі  жастардың  көбі  үлкенді  сый-
лау, жасы үлкенге орын беру, бір-бірімен ана 
тілінде сөйлесу, ұлттық мәдениетті бағалау, 
қастерлеу,  қадірлеуге  немқұрайды  қарап 
бара  жатыр.  Осыдан  келіп  ұлттық  тіл  мен 
мәдениетін менсінбейтін, тілсіз, дінсіз, ессіз 
ұрпақтар  өркендеп,  өсіп  келеді.  Міне,  сол 
себепті бүгінгі ұрпаққа ізгілік, имандылық 
рухында  тәрбие  керек.  Бүгінгі  таңдағы 
егеменді  еліміздегі  жаңа  қоғам  мүддесіне 
лайықты  жан-жақты  дамып  жетілген, 
түйсігі толық, бойында ұлттық тәрбие мен 
ұлттық  сана  қалыптасқан  ұрпақ  тәрбиелеу 
–  әрбір  жанұяның,  балабақшаның,  орта, 
жоғары  оқу  орындары  мен  бар  халықтың 
міндеті. Қазіргі кезеңде жастар тәрбиесі ту-
ралы мәселені жаңа психокөзқараспен қарау 
қажеттігі  бүгінгі    замана  дамуы  әсер  ету-
де. Бүгiнде «Бiлiм – жас ұрпақ тәрбиесiнiң 
негiзгi құралы» дегенiмiзбен, адам өмiрiндегi 
оның  алатын  орны  жаңаша  пайымдалып 
белгiленбесе,  оны  қаншалықты  жамап-

10
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жасқап,  оқу  мерзiмiн  ұзартқанымен,  жаңа 
атаулармен атап, жаңа пәндер кiргiзiп, жаңа 
әдiстер қолданғанымызбен, бүгiнгi тiршiлiк 
әлемiндегi тәрбие ісі ыдыраңқы күйде болса, 
қоғам сана әлемiнде өмiр сүретiн жаңа Адам 
тәрбиелеуге  шамасы  келмейдi.  Тәуелсіз 
елдің  ұрпағына  мәдениет  пен  ғылым, 
тәрбие  мен  білім  берудің  жолында  жет-
кен  жетістіктеріміз  жеткілікті.  Және  де  ол 
үздіксіз даму үстінде. Олай болса, егеменді 
еліміздің туын биіктетер жастардың ұлттық 
білім мен тәрбие құндылықтарын меңгеруі 
Қазақстанның жалынды жігерін, ұлттардың 
жомарт  жарастығын  әлемге  паш  етері 
сөзсіз.
Ұлттық тәлім-тәрбие беру ісін қоғамдық 
бірлестіктер мен ұйымдық жүйелер арқылы 
ұйымдастыру  және  басқару  жолдарының 
педагогикалық мәні мен әдістемелік қырын 
дамыта  түсу  жағы  әлі  де  өз  деңгейінде 
қарастырылмай отырғаны белгілі. Осы сын-
ды жұмыстардың мән-маңыздылығына мән 
бере    отырып,  халықтық  педагогиканың 
негізгі  қағидаларына  сүйенген,  ұлттық 
тәлім-тәрбие  негізінде  құрылған  жастарға 
білім  берудің  бағдарламасын  қайта  құру 
қажеттігі  айқын  көрінеді.  Еліміздің  қазіргі 
әлеуметтік-экономикалық  даму  тенден-
циялары  оқу  ісі  жөніндегі  реформаларға 
өзгерістер  мен  жаңаша  көзқарастар  легін 
алып келуді қажет етуде.  Сондықтан да  білім 
беру жүйесі мен білім саласында түбегейлі 
реформа  жасап,  онда  келесі  тәрбиеленетін 
буынды  ұлт  патриоты  етіп  шығаруды 
мақсат тұту қарастырылуы тиіс. Білім беру 
саласында біздің уақыты¬мызға дейін де та-
лай реформа жүргізілді. Ал, бүгінгі рефор-
ма өзінің іргетасын оқыту үрдісіндегі білім 
тәриенің  дамыту  бағытындағы  тұлғалық-
бағдарлы сипат алу мазмұнын нақтылайды. 
Қазіргі  таңда  білім  саласында  жүргізіп 
жатқан  реформаның  басты  мақсаты  –  ой-
өрісі  жаңашыл,  шығармашылық  деңгейде 
қызмет  ете  алатын,  дүниетанымы  жоғары, 
білімдік  бәсекеге  қабілетті  жан-жақты 
қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Қорытындылай келе айтарым, халқымыз 
«Ұры  елдің  малын  жейді,  ұстаз  –  елдің 
қамын  жейді»,  «Ұлт  болам  десең,  бесігіңді 
түзе»  демекші,  әр  мұғалім,  әр  ата-ана  
елдің  ертеңін  ойлап,  ел  болашағы  санала-
тын  бүгінгі  жастардың  тәрбиесіне  дұрыс 
бағыт-бағдар  беріп,    ұлтжанды    тұлғаға 
айналдыруға  жұмыла  кірісуі  тиіс.  Себебі, 
тұлға қалыптастыру оңай шаруа емес.  
Резюме
В данной статье автор рассматривает значение воспитания и образования. Обе задачи первосте-
пенны, воспитание и образование неотделимы друг от друга, и являются важнейшей предпосылкой 
развития современного общества.
Summary
In given article the author considers value of education and education. Both problems are paramount, 
education and education are inseparable from each other, and are the major precondition of development 
of a modern society.

11


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет