“...Бала сылаумен, қар қылаумен өседi”
дейтiн тамаша тұжырымдарын қалдырған.
Айта берсе, бесiктiң сыры тым тереңде
жатыр.
Ана тәрбиесi. Баланың ана құрсағындағы
өсетiн тоғыз айы мен қырқынан шығару және
үш айға дейiнгi нәресте тәрбиесiндегi анаға
тиiстi сыбаға тым ерекше ауқымды екендiгi
баршамызға аян. Ол нәрестесiнiң құрсақтағы
кезiнде оған өзiнiң түйсiгiн, iшкi жан
сезiмдерiн және сыртқы бес сезiмiн, алпыс
екi тамыры арқылы жеткiзiп, әсер етсе, ендi
сәбидiң дүниеге келген алғашқы айларында
жағымды әуен, аялы алақан, сөз, дыбыс,
аналық мейiрiм, бәрi-бәрi де ана тәрбиесiнiң
пәрмендi құралдарына айналады.
Ата-бабамыздың дәстүрiнде жас босанған
ананы ауыл-аймағы болып қастерлеп, оны
қол-аяғын бауырына алып сергiгенше
ерекше күтiмге алады. Алғашқы сәттен-ақ,
жайлы да таза төсек-орынға орналастырып,
арнайы күтiмде қалжалаумен қоса, өмiрге
жаңа адамның келгенiн паш ететiн шiлдехана
тойының бел ортасында жас босанған
ананың болуына жағдайлар жасалынады.
Бұл қуанышты жас босанған ана ерекше
көтерiңкi көңiлмен қарсы алатыны айтпаса
да түсiнiктi.
Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып
келе жатқан өмiр тәжiрибесiнде дүниеге
жаңа келген нәрестенiң кiндiгiн кесiп,
орап-қымтап алғаннан кейiн-ақ, көп
кiдiртпей анасының омырауына салады.
Баланы, алғашқы сәтiнен-ақ, анасының
уызына қандыруға тырысады. Қазiргi кезде
бұл тәртiп те бұзылған күйде екендiгiн
ескертемiз. Бұл анаға да, жас нәрестеге де
қиянат. Өйткенi, уызға тоймаған нәрестелер
қашанда аурушаң болып келедi. Бәрiнен де
қиыны, сәбилердiң аллергиялық және басқа
дерттерi: диатез, есек жемi, құрқұлақ, бұлақ
ағу тәрiздi көптеген сырқаттардың белең
алуларының негiзгi бiр себебi, оны анасының
уызына қандырмаудан шығатындығын ашып
айтқан жөн. Ананың уызында нәрестенiң
бүкiл
иммунобиологиялық
жүйесiн
қалыптастыратын белокты заттар көп
болады. Мұндай заттар ана сүтiнде неғұрлым
алғашқы тәулiктерде жеткiлiктi болатынын
да ескертемiз. Олай болса, нәрестенi
анасының омырауына ерте беру сәбидiң
болашағы үшiн ересен үлкен биологиялық
мәнi бар нәрсе екендiгiн түсiнуiмiз керек.
Мiне, бұдан кейiнгi бiр атап өтетiн сәт
баланың кiндiгi қатып үлгiретiн жетiншi
күннен бастап-ақ, бесiкке салу рәсiмi. Ол аса
бiлiмдарлықпен жасалынады.
Бесiктiң құрылысы. Бесiк түп-түгел
ағаштан жасалынады. Қазақ халқы негiзiнен
тал бесiктi ерекше қадiр тұтқан. Себебi,
талдан жасалынатын бесiкке иiс-қоңыс көп
сiңбейдi және әр түрлi кiшiгiрiм жәндiктер
де жоламайтындығы ескерiлген. Бесiкке
қажеттi баланың “жөргегiнде” мыналар
болады:
1. Түбек. 2. Шүмек. 3. Бесiктiң жазғы
жабуы. 4. Бесiктiң қысқы жабуы. 5. Қолбау.
6. Тартпа бау. 7. Баулар байланатын бел ағаш.
8. Бас жастық. 9. Екi бел жастық. 10. Аяқ
жастық. 11. Бел көрпеше. 12. Аяқ көрпеше.
13. Арқалық ағаш. 14. Бесiктiң басы. 15.
Бесiктiң аяғы. 16. Арқалыққа iлiнетiн жез
70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қоңырау.
Баланы бесiкке салу өнер деп
қабылданған. Сондықтан да бесiк тойы
жасалынады. Бесiкке салуды аса тәжiрибелi,
парасатты әжелерге табыстайды.
Баланың балбөбек кезеңi немесе халық
педагогикасының IV-ші негiзi
Ұрпақ тәрбиесiнiң бұл кезеңi, яғни,
балбөбек пен балабақша дәуiрiнiң де ұлттық
үлгiлерi жасалынып көрген емес. Сондықтан
да, қазiргi ұрпақ тәрбиесi ұлттық психология
мен халықтық педагогиканы пайдаланудан
мақұрым қалып отыр. Ұрпақ тәрбиесiнде
осы күнге дейiн қолданылып отырған оқу-
ағарту жүйесi тәрiздi сырттан таңылған
көшiрме мазмұн мен формалар үстемдiгiн
жүргiзуде. Былайша, үнемi елiктеушiлiкпен
тәрбиеленген ұрпақтан өзiнше ойлауды,
халқының табиғатына лайық жетiлудi күтпек
түгiл үмiттенудiң өзi мүмкiн емес.
а) Бала екi жаста. Бұл жаста баланың
дене бiтiмдерi балғадай болып, өте ықшам да
сергек күйге ауысады. Оның ойлау қабiлеттерi
күшейiп, тыным таппай айналасындағы
заттарды түсiнуге, олармен қатынас жасай
отырып, тiлдесуге талпынады. Оған арнар
уақыт мөлшерлерi де (5 сағ.) көбейедi.
Тiптi, өздерi жасайтын қимыл-әрекеттерiн
өз ерiктерiне бағындыра алатындай халге
де жетедi. Бұл кезде олар өз ойыншықтарын
өздерi жинастырып, тiптi қуыршақтарын
киiндiрiп-шешiндiруге де жарап қалады.
Олар үйренгендерiн ұмытпауға тырысады.
ә) Баланың ақыл-есi. Қозғалыс
қуаттары артқан сайын, баланың ойлау
қабiлеттерi де күшейе бередi. Күннен-
күнге қиялдары қанаттанып, iшкi түйсiгi
мен сезiну қасиеттерi тереңдейдi. Екi
жасқа толған баланың миы бұрынғысынан
әлдеқайда алғырлана түседi. Оның тiл
үйренуге деген ынтасы артып, 200-ден 500-
ге дейiн сөз тiркестерiнiң қоры қалыптасады.
Ал, олардың әлi де айта алмағандары мен
түсiнетiн сөздерi мұнан да көп болатыны
белгiлi. Сондықтан да естiгендерiн жылдам
түсiнiп, дереу орындауға тырысады.
Әйтсе-дағы балалар бұл жасында қат-
қабаты мол, күрделi ойларды дәл түсiне
қоймайды. Тiптi, күрделiлiктi ғана емес,
жалпылама айтылғандарға да онша көңiл
бөле қоймайды. Мәселен, “балалар, асқа
отырыңдар” деген жалпылама шақыруды
түсiнбейдi. Өйткенi, олар әлi де қарапайым
қысқа сөйлемдермен нақты өз аттарын атап
шақырғаннан аса қойған жоқ. Бұл тұста олар
өздерiнiң қиялы мен ойларына келгендерiн,
тек ойын арқылы айқындауға бар күштерiн
салады. Сыртқа шықса, айналасындағы
табиғатқа таңырқаудан танбайды. Олар үшiн
көрiп-сезгендерiнiң барлығы да жаңалық?
Сондықтан да жанындағы үлкендерге: “Бұл
не? Ол не? Мынау кiм? Анау кiм?” - дейтiн
толып жатқан сұрақтарды төпеп қоя бередi.
Көбiнесе, олар далада естiгендерiн жадында
ұстап қалып, үйге келгеннен кейiн ойнап
отырған сәттерiнде өзiмен-өзi сөйлесiп,
үйренгендерiн пысықтауға кiрiседi. Мұндай
әрекеттердiң барлығы да iшкi түйсiктерiмен
байып, ойынның мазмұнымен астасып
кетедi. Олар өздерiнiң кез келген ойындарын
мазмұнға құруға тырысады. Мұндай сәтте
баланың берiле ойнайтындығы соншама,
тiптi, атын атап шақырғанның өзiн елемейтiн
кездерi болады. Олар үшiн бұл үлкен жұмыс.
Көп қуат-күштерiн жұмсайды. Бiрақ соншама
мол ләззат та алады.
Осы кездiң өзiнен бастап филогенетикалық
ата-баба зерделерiн оятуды ескерген жөн.
Ол үшiн ұлттық ойындар санамақ, жұмбақ,
ән-күй, шағын ертегiлердi айту артық емес.
Кезiнде бесiк жырымен үндесе дамыған
Жүрек тәрбиесi мен Ақыл тәрбиесi ендi
саналы түрде жүргiзiлетiн ойындармен
тереңдей түседi.
б) Имандылыққа ұмтылу. Бала екi
жастан бастап, өзiнiң жайсыз iстерiне ұялатын
қылықтар көрсете бастайды. Сондықтан,
барынша өзiн жағымды жағдайларда ұстауға
тырысады. Ол осы сәттен бастап үлкеннiң
тiлiн алу, кiшiге мейiрiм көрсету тәрiздi,
имандылық қатынастарды меңгере бастайды.
Өзiмен ойнап жүрген құрбыластарымен
71
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
есептесiп, олардың да айтқандарын тыңдап,
өзiнiң де өтiнiштерiн орындатып, бiр-бiрiмен
сыйластық қарым-қатынастардың әлiппесiн
парақтайды. Кейде олар өзара берiп және
алғанның қуаныш сезiмдерiне кенеледi.
Жоғарыда айтылған, негiзiн әл-Фараби
салған хауас, хауас сәлим, яғни, түйсiк
және iшкi бес сезiм iлiмдерiнiң жемiсiн,
халық педагогикасының екiншi негiзi болып
саналатын ана құрсағындағы тәрбиеге
пайдалансақ, ал оның хауаси хамса
заһириди делiнетiн сыртқы бес сезiмiнiң
беретiн мүмкiншiлiктерiн барынша үндестiре
жетiлдiретiн тұс балбөбек кезеңi екенiн
естен шығармауымыз керек. Осы жастағы
сәбилердiң жүрек тәрбиесiнiң тереңдiгiн
аңғартатын бiр жәйi, ол өзi ренжiткен балаға
жаны ашып, олармен бiрге жылайтын
сәттерi де болады. Сыртқы бес сезiм – көру,
есту, тұшыну, тән сезiмi арқылы ғажайып
тәрбие нышандарының үрдiстерiне қол
жеткiзуге болады. Балбөбек немесе халық
педагогикасының төртiншi негiзiнде еңбекке
баулу, сұлулыққа сүйсiну процестерi де
басталады.
Сәбилiк
кезең
немесе
халық
педагогикасының V-ші негiзi
“Көру оңай, болжау қиын”
В.Франклин.
Жас баланың 4 пен 7 жас аралығында оның
ғұмырына қажеттi адамшылық қуатының
қайнар көзi осы кезеңде қалыптасады.
Адам тәрбиесiнiң бұл кезеңiнде халық
педагогикасының қайнарында, тiптi тiршiлiк-
тұрмысымыздың сан түрлi салаларында
қолданылатын дәстүр, салттарымызды
да, мейлiнше жан-жақты игеруге үлгiрген
жөн. Ғасырлар бойы қалыптасқан ата-
баба дәстүрлерiнiң кейбiр күрделi де қиын
сәттерiнен жасқанбай, лапылдап тұрған
жас жүректiң отты сезiмдерiн парасатпен
үйлестiрiп, зергелiкке де, суретшiлiкке
де, жыраулыққа да, термешiлiкке
де, қиялшылық пен салыстырмалы
танымға да, тiптi жүйелi ойлауға да батыл
түрде баулудың мәнi зор. Дәл осы тұс,
баланың танымы мен саналы көзқарастарын
жан-жақты етiп, тереңдете дамытуға
аянбайтын сәт. Тiптi, аса айқын байқалған
дарындыларды
арнайы
лицейлiк
мектептерге
топтастырып,
оның
қабiлеттерiн ерекше ашудың маңызын
ұлттық қажеттiлiкке дейiн көтерген жөн.
Тек дарыны мен талантын қастерлеген
халық қана адамзаттық қазынаға өз үлесiн
қоса алмақ.
Адам ағзасында сонау жаратылыстың
арғы
тегiнен,
атап
айтқанда,
ана
құрсағындағы кезеңде басып өтетiн
күллi тiршiлiк иелерiнiң сипаттары мен
қасиеттерiнiң сақталатындығы белгiлi.
Осынау жаратылыс зерделерiн де барынша
ұтымды пайдаланудың сәттi тұсы – балбөбек
пен сәбилік кезеңдерi. Әл-Фарабидiң түйсiк
пен iшкi бес сезiм (хауас, хауас сәлим)
iлiмiнiң заңды жалғасы - үш сүю (имани
гүл) iлiмiн жiтi қолданудың берерi көп. Жас
балаға өзiн жанындай жақсы көрiп жаратқан
жаратушысын (табиғатты) сүюдi, одан
кейiн күллi адамзатты сүюдi жетiлдiре
түсiп, үшiншi бiр құдiрет ретiнде де әдiлеттi
сүюдi үйретуден үлкен парыз болмаса
керек. Үшiншi iлiм деп қарастырылатын
Жәуанмәртлiк (ағыл, әдiлет, рахым) те
үзiлiссiз берiлетiн тәлiм ретiнде өзiнiң
жалғасын тапқаны жөн. Баланың түйсiгi
мен iшкi сезiмдерi үндесе жетiлетiнiнiң
мысалы ретiнде, ұйықтап жатқан адамның
өзiне қажеттi уақытта, ешбiр қоңыраусыз-ақ
оянып, “уақыт мезгiлiн” ұйықтап жатып-ақ
сезуiн айтуымызға болады. Алайда, осынау
физиологиялық ерекшелiктi әзiрге беймәлiм
құбылыстардың қатарына қосып жүргенi,
адам тәрбиесiнiң бастапқы екi кезеңiне мән
бермей келгенiмiздiң жанды мысалы деуiмiзге
болады. Әйтсе де, бұл айтып отырған қасиет
адам миының ең алғашқы қатпарларында
(подкорка) сақталған сонау ықылым
замандардағы тiршiлiк тектерiнiң зердесi,
солардан қалған түйсiк екендiгiнде еш күмән
жоқ. Осынау құдiретi мол түйсiктiк ақыл
қазiргi кездегi адам тәрбиесiнен мейлiнше
72
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
шет қалып отырғандығын барынша ашып
айтуымыз керек. Мiне, бұл сәбилік кезеңiнде
өте қатты қадағаланса, адам тәрбиесiндегi
көп игiлiкке қол жетедi.
Мынандай бiр аса сирек кездесетiн
қасиетi бар адамның аты тарихта қалыпты.
Оның аты-жөнi Жан Шевалье. Ол XVIII
ғасырда Швейцарияда өмiр сүрген. Жалпы,
жұрт оны “сайтанмен қарым-қатынасы
бар” деп сескенетiндiктен, оған көп үйiр
болмаған екен. Жан Шевальенiң адам
таңырқарлықтай ерекшелiгi сол уақыт
сұраған жандарға кез келген сәтте сағатына
қарамай-ақ, дәл уақытты кiдiрместен айтып
бере салады екен. Оның осындай ала бөтен
ерекше қасиетiн адамдар өмiр бойы ұғуға
талпынып ештеңе шығара алмапты.
Жан Шевальенiң бүкiл ғұмырын өзiнiң
шағын диiрменiнiң басында, жұпыны ғана
тiршiлiгiмен жападан жалғыз ғұмыр кешiптi.
Алайда, оның “уақыт мезгiлiн қателеспей
дәл айтатын қасиетi” бүкiл ел iшiне, неше
түрлi қауесет болып түрлене түлеп тарап
кетiптi. Жан Шевальеге оның өмiрiнiң соңғы
шағында Шаван деген ғалым келiп жолығады.
Зерттеушi онымен жақынырақ таныса келе
оның ешқандай сиқыршылық та, әулиелiк те
қасиетiнiң жоқ екендiгiн аңғарады. Тек оның
аса көп оқыған, неше алуан әңгiмелердi
көп бiлетiн адам екенiн түсiнедi. Әйтсе де,
зерделей қараған адамға Шевальенiң сыры
тым қарапайым да емес, сонымен бiрге,
таңырқауға да тұрарлық қасиетi бар екенi рас
болып шығады. Өйткенi, ол өмiр бойы ояу
кездерiнде үнемi iшiнен уақытты секундтап,
минуттап, сағаттап есептеуге әдеттенген. Ол
жұмыс iстеп жүрсе де, кiтап оқып отырса да,
өзге жұртпен әңгiме үстiнде де iшiнен уақыт
санауды тоқтатпайды екен. Солай болған
күннiң өзiнде де, оның уақыттан ешбiр
жаңылмайтындығы ақылға сия қоймаған.
Сондықтан да жұрт онымен әдейi дауласып,
жарыса есептеп, жамырай сөйлеген сәттердi
пайдаланып, кенет “уақыт қанша болды?
- деп те сұрап көрген. Бiрақ Шевалье сол
сәттiң өзiнде де еш кiдiрместен, дұрыс
уақытты секунд-минутына дейiн айтып
беретiн болған.
Бұл тәрiздес өмiр ритмдерiн сөз еткенде,
ерiксiз белгiлi физиолог Н.Пэрнаның
жетi жылдық психологиялық ритмдер
жайындағы зерттеулерiн ескерген жөн. Оның
болжамдары бойынша, адам ғұмырының
ұзақ жолдарында бiрнеше ауысып отыратын
«бетбұрыс» кезеңдерi болады екен. Олар 6-7
жаста, 12-13, 18 бен 19, 25 -26, 31 мен 32, 37-
38, 43 пен 44, 49 бен 50, 56 мен 57, 60 пен 61,
тағы осылайша жалғаса бередi.
Ғалымның пiкiрiнше, бұл жылдары
адамдардың “рухани өсуi” мен “сана-
сезiмдерiнiң
ашылуы”
үндесе
дамитындығын сипаттайды.
Бала мектепке дейiнгi 4-5 жасар
кезеңiнде немесе балабақша тәрбиесi
тұсында сан-салалы танымдарды игерiп,
неше алуан қиындықтарға толы, аса күрделi
құбылыстарды да ұғына алатын жағдайға
жетедi. Бұл кезде мидың үстiңгi жарты
шарлары (кора) баланың бүкiл мiнез-
құлықтары мен iс-әрекеттерiн басқара
отырып, өзiнiң күллi нерв талшықтары мен
жұлын-жүйкелерiнiң тереңдей жұмыс iстеу
қабiлеттерiн күшейте бередi. Мiне, осыған
байланысты күн өткен сайын балалардың
дене құрылысы мен психикасы үндесе
тереңдей жетiлуiнiң ықпалында болады.
Төрт-бес жасар балалардың ақыл-есi,
салыстырмалы ойлай алатын қабiлеттерi
күшейiп, барынша ерекшелене түседi.
Санамақтарды игерiп, аздық пен көптiктi,
қалың мен жұқаны ажырата алатын халге
жетедi. Айналасындағы заттардың жоғары-
төмен сатыларын, уақыт мезгiлдерiн
түсiнумен қоса, жыл мезгiлдерiн де жақсы
ұғынып, ажырата бастайды. Жалпы адамның
ақыл-есiнiң қайнар көзi болып табылатын,
оның ми қабаттарының жұмбағы әлi шешiле
қойған жоқ. Әсiресе, ми қабаттарының
күрделi құбылыстары мен құрамдық
сипаттарын тек қана космоспен салыстыруға
болар. Мәселен, аспандағы жұлдыздар
дүниесi қаншалықты шексiз, көз жеткiсiз
шетсiз болса, адам миының жұмбақтығы
онан да күрделi екендiгi дәлелдендi. Бiрақ
73
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
осы күнге дейiн мидың ашылған сырынан
гөрi ашылмаған жұмбақ қасиеттерi, әлi де
сол тылсым күйiнде қалып отыр.
Бала тәрбиесiнiң жаңа тәсiлдерiн
iздестiргенде, сөз жоқ, мидың ерекше
қасиеттерiн ескермей болмайды. Әлi
ештеңемен былғана қоймаған сәбилердiң
ми қабаттарының тiршiлiк ырғақтарын
(биоритмiн) ғылыми негiзделген жүйемен
пайдаланғанның жетiстiктерi әлдеқайда мол
болмақ.
Ойын. Төрт-бес жастағы балалардың
ойындарын өткен жастағы кезеңдерiмен
салыстыруға еш келмейдi. Бұл жастағы
ойындардың әрбiр әрекеттерi мазмұнға
айналып,
белгiлi
бiр
мақсаттарды
орындауға ұмтылыс жасайды. Мұндай
талап баладан үлкен қуат, күш-жiгермен
қоса белгiлi бiр мөлшерде зейiн зердесiнде
қалыптасқан бiлiм қоры мен жинақталған
iс-тәжiрибелерiн де пайдалануды қажет
етедi. Осының бәрi бiрте-бiрте баланы
табанды еңбек етуге баулиды. Осындай
еңбекке үйренудiң үстiнде, оның инабатты
тәлiмi мен мiнез-құлқының төзiмдiлiгi де
қалыптаса түседi. Бұл жастағы балалар топ-
топ болып, бiрiгiп ойнағанды жақсы көредi.
Олар кейде белгiлi бiр мазмұнға құрылған
ойындарын қатарынан бiрнеше күнге созып
жiберетiн сәттері де жиi кездеседi. Бiрақ
одан өздерi кереметтей ләззат алады. Бiрiнiң
қиялын екiншiсi дамыта түсiп, ойындарын
ерекше мазмұндандырып аса қызықты етiп
жiбередi. Жалпы, нағыз тәрбиешi баланың
4-5 жастағы кезеңдерiндегi iс-әрекеттерiнен
ешуақытта шаршамаса керек. Өйткенi, не
iстемесе де олар барынша саналы түрде
жасауға тырысады. Мiне, баланың осы
жасында қысқа-қысқа уақыттарға ықшамдап
ән-күй, домбыра мен қобызда ойнау, шағын
ертегiлер тыңдатумен қоса, неше түрлi
ұлттық ойындарды қызықты етiп үйрету
керек. Оларды неге тәрбиелесең де, ойын
тәрiздендiрiп өткiзудiң қызықты да тиiмдi
болары һақ.
Инабат. Төрт-бес жасар балалардың
үлкенге деген iзетi мен кiшiге деген
мейiрiмдiлiгi күннiң шуағындай әсерлi
де, жан-дүниеге рахат сезiмдер ұялатады.
Оның бұл қылықтарын үлкендер ешуақытта
қағаберiс қалдырмай мадақтап отырғандары
жөн. Сонда мұндай қылықтарының дұрыс
екендiгiн бала жақсы түсiнедi. Үлкеннiң
тiлiн екi етпей алып, бiрден тындыруға
тырысудың жөнi ерекше дамитын кез. Олар
бұл жастарында әдiлетi мол, мейiрiмдi
жандарға аса ынтық болады. Осылайша
жүрек тәрбиесi мен ақыл тәрбиесiнiң үндесе
жетiлiп, саналылық әлiппесi парақтала
бастайды.
Сана – ой елегiнен өткен бiлiм десек те
немесе болып жатқан оқиғаларды ой елегiмен
iрiктеп, талғап қабылдау деуге де болады.
Әуелi санаға, ең алдымен ой келетiндiгi,
сонан кейiн ғана ойланудың басталатындығы
түсiнiктi. Бiрте-бiрте ой үстiне ой қосылып,
санаға ырық, мақсат көздеу, талап-тiлек,
сонымен қоса сезiмдердiң үндесуiнен әсер
алу, ренжу, қуану, қайғыру тәрiздi көңiл
күйлерi араласады. Бала кезден бастау
алатын күнделiктi тәрбиенiң бұл тектес
тәлiмдерi, адамдардың ұзақ ғұмырында бiр
сәтке де толастамай, үнемi жалғаса бередi.
Ақырында бала кәмелеттiк жасқа жеткенде,
тiршiлiктегi көптеген әрекеттердi сараптай
пайдалануға да шамасы жететiн кезеңге
шығады. Баланы 4-5 жасында еңбекке баулу,
сұлулыққа сүйсiнуi де бөлек-бөлек әңгiме.
“Жетi атасын бiлген ұл - жетi ру, елдiң
қамын ойлайды” - дейдi халқымыз. Балалар
бақшасындағы соңғы екi жылды тәрбиелiк
қуаты мен санадағы өзгерiстердiң өлшемiн
еш кезеңдермен салыстыруға келмейдi. Бұл
шақ адам ғұмырындағы ең алғашқы сана
көзi мен сезiм түйсiктерiнiң ағарып атқан ақ
таңы тәрiздi. Бүкiл адамшылық негiздерiнiң
қайнар көзi де осы тұста ерекше ашылуымен
қоса, мiнез-құлықтың қалыптасуы да
қауырт жүредi. Олар осы жастарында негiзгi
мектепке әзiрленедi.
Баланың мектепке жетi жасқа толғаннан
кейiн баруы өте орынды. Өйткенi, адам
ең алдымен жаратылыс заңдылықтарына
бағынатын биологиялық индивид екенiн
74
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ешуақытта естен шығармаған жөн. Бала осы
жасында физиологиялық бiр кезеңiнен оның
екiншi кезеңiне ауысады. Ол сәбилiктен
өтiп жас бала сипатына ауысады. Бұл сәттен
бастап жыныс бездерiнiң гармональдық
әсерлерi өз қызметiне кiрiседi. Осылайша
адам санасы мен мiнез-құлықтарына
әсер ететiн үш бiрдей жүйенiң үндестiгi
басталады. Оларды бiздер адам тәрбиесiнiң
үш жүйесi: жүрек тәрбиесi, ақыл тәрбиесi,
жыныс тәрбиесi деп жiктей саралап, ықпалы
мол жүйе ретiнде ұсынамыз. Осы үш жүйенiң
үндесе қызмет iстеуiнен, бүкiл адамдық
темпераменттердiң негiздерi қалыптасып
қана қоймай, сонымен қоса, әр адам өзi тiршiлiк
етiп отырған әлеуметтiк ортаның әсерiмен
қоғамдық тұлға ретiнде қалыптаса бастайды.
Бұған әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасатын тектiк қасиеттерiнiң әсерлерiн
де қосқан жөн. Бала тәрбиесiндегi ата-баба
зердесi де, оята бiлсек, олардың iшкi қуат
көздерiн ашпақ. Жетi жасарлардың ойлауы
мен ойнау тәрбиесiне де көптеген өзгерiстер
енедi. Балаға тәрбие сабақтары I, II, III және
IV тоқсандарға жiктелiп өткiзiледi және бұл
сабақтардың өзiндiк бағыт-бағдары мен
әдiстерi болады.
Балиғат
кезеңi
немесе,
халық
педагогикасының VI-ші негiзi
“Құпиялы құбылыстарды ғажайып
екен дей салуға болмайды”
И.Гете.
Баланың мектепке жетi жасында баруы
негiзiнен биологиялық және физиологиялық
заңдылықтарды басшылыққа алудан деп
түсiнген жөн. Өйткенi, дәл осы жастан
бастап “шабдалдың үшiншi бұтағы”
деп бейнеленетiн жыныс жүйесi бiртiндеп
бүршiк жара бастайды. Бұрынғыдай емес,
ұл балалар қыздарға, қыз балалар ұлдарға
мүлдем жаңа көзқараспен қатынас жасауға
ұмтылады. Осы кезеңнен бастап, жыныс
безi мен жұлын-жүйке сөлдерiнiң үндесе
қызмет атқаруының арқасында, адамның
мiнез-құлықтары мен темпераменттерi
ғана қалыптасып қоймай, әр тұлғаның өз
ерекшелiктерiнiң даралай дамуының ең
күрделi сатыларына ауысады. Олай болса,
табиғат қашанда заңдылықты сүйетiнiн
ескергенiмiз жөн.
Адам тәрбиесiнiң ең алғашқы екi кезеңi,
яғни, ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы
тоғыз ай кезеңiнде ойдағыдай жетiлiп
туған жас балалар әрқашанда алғыр да
зерек болып келедi. Олар айналасындағы
құбылыстарды тез ұғынып, қабылдауға
бейiмдiлiк танытумен қоса, түсiнгендерiн
өмiр бойы ұмытпайтын зерделiлiктiң де
сапасын байқатады. Баланың осындай
ерекше қасиеттерi жайында Н.К.Крупская:
Достарыңызбен бөлісу: |