Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Мырзахметовтың  ойлары  өте  тұщымды 
өтті.    Біз  қазір  қандай  халықпыз?  деп 
төтесінен  сұрақ  қойып,  оған  жауапты  өзі 
берді. «...Біз өзіміздің рухани дүниесінен ай-
ырылып қалуға жақындап қалған халықпыз. 
Мәселен,  осыны  қалпына  келтіретін,  өзіміз 
айтып  отырған  –  ұлттық  тәрбие  мәселесі. 
Бұл  мәселенің  Абай  дүниелерінен  бастау 
алғанына  мақтанамыз.  Себебі,  бұл  ұлттық 
дүниенің  ядросы  сияқты  бір  кезде  инсти-
тут, университет болған. Қазір сол жағдайға 
қайтадан  баратын  жағдайы  бар  сияқты. 
Біз  өзімізді  өзіміз  танып  алайық,  әрине. 
«Әкел,  әкел»  дегеннен  ұлттық  тәрбие  келе 
қоймайды.  Бұдан  шығатын  қорытынды,  біз 
көп  жағдайда  Абайға  жүгінеміз.  Абайды 
жұрт  мойындаған,  бәрі  мойындаған.  Сон-
да  осы  мәселе  қалай  қойылған?  Абайдың 
38-ші  қара  сөзінде:  «...Баланың  тәрбиесі 
ата-анасына,  өскен  ортасы,  ойнаған  құрбы-
құрдастарына, ұстазына байланысты болады. 
Қайсысы мықты шықса, баланы сол меңгеріп 
кетеді». Қазір бізді кім меңгеріп кетті, ұстаз 
ба?  Ол  меңгере  алмай  отыр.  Ата-ана  ма, 
қазір  олар  өздерінің  рөлін  орындай  алмай 
отыр.    Қазір  тәрбие  билігін  жанағы  шеттен 

45
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
23 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-
де  белгілі ғалымдар мен қоғам мүшелерінің,  
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері, 
студенттер 
мен 
магистранттардың 
қатысуымен  «Отбасы  тәрбиесі»  атты 
дискуссиялық  клубтың  кезекті  пікірталасы 
Абай атындағы ҚазҰПУ-де ұлттық тәрбие мәселелеріне байланысты 
өткен жылдың 23-ші қараша күні өткізілген «ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ» 
атты дискуссиялық клубтың кезекті пікірталасынан 
келген  ақпараттар,  компьютер,  интернет 
алып  кетті.  Міне,  мәселе  осы  жерден  келіп 
шығады.  Бірақ, ол біздің қолымызда, соны 
жақсы  біз  меңгере  аламыз  ба  деген  мәселе 
туады. Біз ұлттық тәрбиені дұрыс қойып от-
ырмыз, бірақ дұрыс жолдан көріну іргетасын 
құруымыз керек. Іргетасын жақсы қою үшін 
бізде  үлкен  мемлекеттік  міндет  тұр.  Ол 
қандай?  Өткен  жолы  «Егеменді  Қазақстан» 
газетінде  өз  пікірімді  айтқан  болатынмын. 
Тағы  айтарым,  Қазақстан  ұлттық  ғылыми 
рельсін  өзгерту  керек.  Біз  евроцентристік 
рельспен жүріп келеміз. Солай қалыптастық.  
Егер де біз осыны  ұлттық, шығыстық рель-
ске қоймасақ, айтып жүргеніміздің бәрі құр 
әңгіме болып қалмақ. Түбірлі мәселе осында 
жатыр... 
Әр  нәрсенің  жүйесі  болады,  методоло-
гиясыз ешнәрсе болмайды. Бізде көбіне сөз 
көп те, жүйе болмайды. Жүйені тауып алған 
жерде  ешбіріміз  адаспаймыз.  Сондықтан, 
ұлттық  тәрбиені  көтеріп  отырған  кафедра 
осы жүйені тапты ма, таба алды ма деп мен 
әлі  ойланып  жүрмін...»,  -  деп  өз  кезегінде 
ойын да жасырып қалмады.  
Сөз  соңында  ректор  Серік  Жайлауұлы 
«Ұлттық тәрбиенің қазіргі өркениетті қоғам 
даму  жағдайында    көтерілуі  өте  орынды. 
Жаһандану үдерісі қарқынды дамып тұрған 
аумалы-төкпелі  сындарлы  кезеңде  ең  ал-
дымен,  ұлттық  мүдде,  ұлттық  рух,  ұлттық 
тәрбиені сақтап қалуға тиіспіз. Ұлттық тәрбие 
ұлттық білім берумен қатар жүріп отыру керек. 
Қазір біздің университетте де осы мәселеге 
айрықша көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, бұл 
тұрғыда біз алдымызға үлкен міндет жүктей 
отырып,  алға  қойған  мақсаттарымызды 
жүзеге  асыруда  лайықты  мамандар,  сана-
лы  ұрпақ  тәрбиелеуді  қолға  алып  отырмыз. 
Балабақшада,  мектепте,  жоғары  оқу  орын-
дарында  ұлттық  тәрбиені  енгізгу  арқылы 
ұлтжанды,  отансүйгіш,  парасатты  жас  аза-
маттарды  тәрбиелеп  шығарғанымыз.  Асқақ 
рухты іргелі ел мен бәсекеге қабілетті жан-
жақты дамыған тұлға боламыз десек, ең ал-
дымен,  ұрпақ  тәрбиесі  мен  біліміне  сергек 
көңілмен қарайық! Ұлттық тәрбиені берудің 
маңыздылығы, оны шешу керектігі жөнінде 
ой-тұжырым, пікірталастар тек бір тақырып 
аясында, бүгінмен ғана тоқтап қалмау керек. 
Сондықтан ендігі дөңгелек үстелді әр түрлі 
тақырыптар  аясында  ұйымдастыру  қажет. 
Құрметті  қонақтар,  келесі  ортаға  салатын 
маңызды  мәселе  «отбасы  тәрбиесі»,  «мек-
тепке дейінгі берілетін тәрбие», «мектептен 
кейінгі  тәрбие»,  «жоғары  мектеп  тәрбиесі» 
т.б.  түрлі  тақырып  төңірегінде  рет-ретімен 
әр  он  бес  күн  аралығында    арнайы  уақыт 
бөлініп,  өтіліп  тұратын  болады.  Сіздерді 
соған  өз  ой-тұжырымдарыңызбен  бөлісіп 
отыруға шақырамын. 
Сонымен  бірге,  осы  тәрбиемен  тікелей 
айналысып  отырған  әріптестер  жоғарыда 
айтылғандар  жерде  қалмай,  істелген  істің 
нәтижесі  болашақта  кітап  болып  шықсын. 
Мұны  қолға  алуларыңызды  сұраймын», 
–  деп  дөңгелек  үстелдің  аяқталуын 
қорытындылады. 

46
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
өтті.  Пікірталасты  дискуссиялық  клубтың 
жетекшісі  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  ректо-
ры,  педагогика  ғылымдарының  докторы, 
академик  Серік  Жайлауұлы  Пірәлиев  ашып 
берді.  Ол  өз  сөзінде:  «Отбасы  –  адамзат 
баласының  шыр  етіп  дүниеге  келгеннен 
бастап  тәрбиеленетін,  өзі  де  тәрбиеші  бо-
латын  алтын  діңгегі.  Отбасының  тәрбиесі 
– қоғамның дамуына әсер етуші негізгі фак-
тор. Отбасыны шағын мемлекет дейміз. Адам 
баласының  бүкіл  адами  негізгі  қасиеттері 
отбасында  қаланып,  өмір  бойы  бүкіл 
ғұмырына  негіз  болары  анық.  Сондықтан 
отбасында  берілетін  тәрбие    мен  әдет-
ғұрып,  салт-дәстүрлердің  сақталуы,  ата-
бабамыз  қастерлеп  келе  жатқан  отбасылық 
құндылықтардың  төмендеп  кетуі  барлық 
көкірек көзі ояу жандарды толғандыруы тиіс. 
Қазіргі таңда қалыпты тәрбиені айтпағанның 
өзінде әр түрлі жағдайлармен көптеген жас 
отбасылардың  шаңырақтары  шайқалып, 
бала тағдырына жіті көңіл бөлінбей келеді. 
Бүгінде  бұл  мәселеге  қаншалықты  мән 
берудеміз, жанұяда берілетін тәрбиені қалай 
ұйымдастырсақ болады, ұлттық тәрбие мен 
оның  құндылықтарын  жас  ұрпақ  бойына 
қалай  сіңіреміз  деген  сауалдар  төңірегінде 
пікір  алспақпыз»  –  деп  қорытындылады. 
Жаңартпа  технологиялар  және  білім  беру 
мазмұнын  ҒЗИ  мен  «Ұлттық  тәрбие  және 
өзін-өзі  тану»  кафедрасының  бірлесіп 
ұйымдастыруымен 
құрылған 
отбасы 
тақырыбында  қатысты  келелі  әңгімелер, 
пікірсайыстар  тәжірибе  алмасуда  маңызы 
өте зор болды.   
Алғашқы баяндаманы «Бүгінгі қоғамдағы 
отбасы  тәрбиесінің  мәселелері»  атты 
тақырыпта  педагогика  ғылымдарының  док-
торы,  доцент,  Шымкент  университеті  «Пе-
дагогика  және  психология»  кафедрасының 
меңгерушісі Қалипа Тұрсынқызы Әтемова 
жасады:  «Біз  бүгінгі  баяндамамызда    мы-
надай  өзекті  мәселеге  көңіл  аударғымыз 
келеді.
Біріншіден,  қазақтың    болмысына  тән 
отбасылық  тәрбие  дәстүрлері  қандай  еді 
және қазіргі таңда ол қандай жағдайда және 
ол бізге не берді? 
Екіншіден,  бүгінгі  отбасы  тәрбиесін  
жетілдіру  үшін  не  істеу  керек?  Осындай 
мәселелерге тоқталып өткім келеді.
Қай  қоғамда  болмасын  ұрпақ  тәрбиесі, 
қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыру иде-
ясы баршаны қызықтырып келген және бүгін 
де  қызықтырып  келеді.  Бәсекеге  қабілетті 
тұлғаны қалыптастыру мәселесі бүгінгі күні 
өзекті мәселе ретінде күн тәртібінде.  Қандай 
болғанда да тұлға болмысын заман талабына 
сай қалыптастыру отбасы тәрбиесінен бастау 
алары  сөзсіз.  Өйткені,  тәрбиенің  бастапқы 
әліппесін  бала  отбасынан  алады.  Әрбір  от-
басы  қоғамның  кішкентай  бір  бөлігі  болып 
табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке 
жеткізу,  ең  алдымен,  әрбір  отбасындағы 
өмірді ұйымдастырудан басталуы тиіс.
Әл-Фараби өзінің «Бақытқа жету жолын-
да»  деген  еңбегінде  «Тек  бақытты  адамдар 
ғана ұлы істер атқаруға қабілетті болады» деп 
айтқан. Сондықтан отбасында тыныштық пен 
ынтымақ болмаған жағдайда  адам қалайша 
мемлекеттік  істерде  пайдалы  әрекеттер  жа-
сай алады. Осыны жете түсінген өркениетті 
елдерде  бұл  мәселе  мемлекеттік  деңгейде 
қолға  алынған.  Мысалы,  Жапонияның 
мемлекеттік  экономикасы  ең  алдымен  от-
басы  экономикасынан  басталып,  дамитын 
көрінеді. Жапон шаңырағындағы бұлжымас 
тәртіп, баланы сәби кезінен бар күш қуатын 
жұмсап еңбек етуге жағдай жасауы, кәсіптің 
отбасылық  дәстүрінің  дамуы  бұл  елді  зор 
өркениеттілікке әлдеқашан жеткізген.
Пекинде  өткен  әлем  әйелдерінің 
халықаралық конференциясында Жапондық 
профессор  Сакико  Фуколо  өз  еліндегі  үй 
шаруасымен  айналысатын  әйелдің  жылдық 
табыстағы  үлесінің  қомақты  болаты-
нын  айтқан.  Жапон  әйелі  бала  тәрбиелеп, 
күйеуінің  еңбек  етуіне  жағдай  жасағаны 
үшін осылай табыс тауып, қоғамның дамуы-
на үй шаруасы арқылы үлес қосады екен. 
Мұндай  идея  біздің  елімізде  де 
мемлекеттік  тұрғыда  көтеріліп,  айтылды. 
Мысалы,  егемендікке  қол  жеткізгеннен 
кейін  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  1997 

47
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жылғы  «Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп 
өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының 
артуы»  деген  Қазақстан  халқына  жасаған 
жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары 
қоғам  болғымыз  келсе,  жұбайлардың  бір-
бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының 
алдындағы  жауапкершілігін  күшейтуге 
тиіспіз»  деп  атап  көрсеткен  болатын. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Жарлығымен  Президент жанындағы отбасы, 
әйелдер және демографиялық саясат пробле-
малары  жөніндегі  арнайы  кеңес  құрылды. 
Ол  консультациялық  кеңесші  орган  болып 
табылды.  Кеңес  өз  қызметінің  алғашқы 
қадамын «1995 жылы Қазақстандағы әйелдер 
және отбасылардың қазіргі жағдайы» деген 
тақырыпта  баяндама  әзірлеуден  бастады. 
Өкінішке орай, бұл кеңестің қызметі бүгінге 
дейін көпшілікке таныла алмады.
Кеңестік  дәуірге  дейін  қазақ  отбасы 
тәрбиесі бүкіл түркі халықтары ішіндегі ең 
ізгілікті де шынайысы еді. 
Қоғамның  дамуында  біз  еуропалық 
бағытты  ұстандық.  Зайырлы  мемлекет 
болдық  деп  табиғатымызға  тән  шығыстық 
тәрбие  дәстүрлерін  ұстанудың  орнына 
табиғатымызға  жат  батыс  мәдениетін  отба-
сы  тәрбиесінде  ту  етіп  көтердік.  Нәтижеде 
қазақ отбасының бейнесі,  тәрбие болмысы 
түбегейлі өзгерді.
Бүгінгі қоғамдағы отбасы тәрбиесінің 
ұйымдастырылуының  ерекшеліктеріне 
келетін 
болсақ, 
біріншіден, 
жас 
отбасыларының  50-70%  ға  жуығы  ата  ана-
ларынан  бөлек,  жеке  тұрғысы  келетіндігін 
айтады.  Бүл  отбасындағы  тәрбиенің 
ұйымдастырылуына екі жақты ықпал етеді. 
Біріншіден, (оңды жағы) жас отау иелері ерте  
өз бетінше өмір сүруге бейімделсе, екіншіден,  
(теріс жағы) ұрпақтар сабақтастығы үзіледі. 
Отбасындағы  ересектер  немере  қызығынан 
шектеліп, жас отбасылары бала күтімі мен от-
басы өмірін дәстүрлі тұрғыда ұйымдастыру 
бойынша    көмек  алудан  шектеледі. 
(Халқымызда  отбасы  тәрбиесі  ұрпақтар 
сабақтастығы негізінде жалғасын тауып кел-
ген.  «Қариясы  бардың  қазынасы  бар»  деп 
ұққан халқымыз ересектер кеңесіне мұқтаж 
болған. Жас отау иелерін отбасылық қарым-
қатынас  пен  бала  күтіміне  байланысты  әр 
түрлі  дәстүрлер  мен  талаптарға  үйретіп 
отырған.  Тіпті  болмағанда,  отбасылық 
өмірге баулып, кейіннен еншісін беріп бөлек 
шығарған. Сондай-ақ, қазақ отбасы тәрбиесі 
бір  шаңырақтың  астында  өмір  сүретін 
бірнеше  ұрпақтың  өзара  ынтымақтастығы 
негізінде 
ұйымдастырылатын 
тамаша 
ұрпақтар  сабақтастығы  арқылы  жүзеге 
асырып  отырған.  Оған  мынадай  мысал 
дәлел: «Өзінің маңдай терімен тапқан еңбек 
ақысын  үшке  бөліп  отырған  бір  кісіден  
оның мән-жайын сұрағанда, ол: «Бір бөлігін 
қарызыма  берем,  ал  екінші  бөлігін  қарызға 
берем,  үшінші  бөлігі  ғана  өзімдікі»  деп 
жауап  беген  екен.  Бұл  мысалдың  аста-
рында    қазақ  халқының  тарихи  дамуында 
қалыптасқан өмір салтының көрінісі жатыр. 
Үш ұрпақтың: «ата – әке – бала» арасындағы 
қарым-қатынастың 
біртұтастығы 
мен  
тәрбиелік өнеге сабақтастығы арқылы отба-
сы тәрбиесінің тиімді түрде іске асуы сипат-
талып тұр). 
Бүгінгі отбасына тән тағы бір ерекшелік, 
отбасы 
ішілік 
қарым-қатынаста 
демократиялық  және  эголитарлық  үрдіс 
белсенді  байқалуында.  Яғни,  мұндағы 
қарым-қатынаста    ерлі-зайыптылардың 
ата-аналар  мен  балалардың  бір-бірінің 
алдындағы міндеттерінен гөрі, автономиялық 
құқықтары, 
мен 
бостандығы 
басым 
көрінеді.  Мұнда  дәстүрлі  отбасыларына 
қарағанда демократиялық отбасыларындағы 
ерлі-зайыптылар  бір-біріне  моральдық- 
психологиялық  тұрғыда  талаптарды  (өзара 
түсінісу,  көңіл  аудару,  сыйлау,  қамқорлық 
көрсету,  қолдау,  шыдамдылық  танытуда 
секілді) жоғары қояды.
Бүгінгі  отбасының  дамуына  тән  тағы 
бір  ерекшелік  ажырасу  фактілерінің  ар-
туы  байқалады.  Ұлттық  болмысымызға 
тән  тәрбиенің  халықтық  сипат  алуы  күшін 
жойып,  қоғамдық  пікір  бойынша  да  ажы-
расу  құбылысы  проблемадан  шығудың  бір 
жолы ретінде қарастырылуымен байқалады. 

48
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Нәтижеде, жалғыз басты аналар, толық емес 
отбасылары және т.б. типтері көбейіп бара-
ды.
Бүгінгі  отбасы  тәрбиесіне  тән  тағы  бір 
ерекшелік  отбасы  мүшелері  арасындағы 
қарым-қатынастың  жеткіліксіздігі.  Ата-
аналар  күні  бойы  үйде  болмағандықтан, 
бала  тәрбиесі  назардан  тыс  қалады.  Ата-
ана  мейірімі  ақшалай,  заттай,  материалдық 
қамтамасыз етумен толықтырылды. Мұндай 
отбасыларының тәрбиелік мүмкіндігі төмен 
болады. (Осы орайда біз «Бала отбасындағы 
мейірімділіктің  аздығынан  ғана  зардап 
шекпейді,  оның  ұшан  теңіз  молдығынан 
да  зардап  шегеді»  деген  қағидасын  естен 
шығармауымыз керек.Себебі, мейірімділікті 
аз  көрген  бала  жасық,  тұйық,  ұяң,  сенімсіз 
т.б. өссе, мейірімділікті молынан көрген бала 
жалқау,  өзімшіл,  тәкаппар  т.б.  болып  өседі. 
Сондықтан тең ортасын ұстау керек.)
Нәтижеде:
Дәстүрлі  қазақ  отбасы  тәрбиесінің 
нәтижесінде  ешқашан  тастанды  бала, 
қараусыз  ата-ана  болмаған.  Сонымен 
қатар,  есікке  құлып  салынбаған,  қарауыл  
да  болмаған,  тәрбие  нәтижесі  жоғары 
көрсеткішті берген. Себебі, халқымыз әрбір 
адамды  ар-ождан  таразысы  тұрғысында 
тәрбиелеп  келген.  Ешкім  көрмесе  де, 
естімесе де бақылаушы күштің бар екендігіне 
сендіріп,  ар  тазалығын  қалыптастырған. 
Бұның дәлелі, «малым жанымның садағасы, 
жаным  арымның  садағасы»  деп,  мал  дүние 
адам  үшін,  ал  ар  намыс  адам  жанынан  да 
асыл қасиет екендігін  ұққан. 
Ал,  бүгінгі  отбасы  тәрбиесінің  сипаты-
на орай, отбасының әр түрдлі типтері пайда 
болды. Олар:
1.  Отбасылық  тәжірибесіне  байланысты 
отбасы типтері;
2.  Бала  санына  байланысты  отбасы 
типтері;
3.Құрамына байланысты отбасы типтері;
4. Өмір сүру сапасына байланысты отба-
сы типтері;
5.  Ерлі-зайыптылардың  өзара  қарым-
қатынасының  түріне  байланысты  отбасы 
типтері;
6.  Қарым-қатынас  стиліне  байланысты 
отбасы типтері;
7.  Тәрбиедегі  қателіктерінің  типтеріне 
байланысты отбасы типтері және т.б.
Осындай  типтегі  отбасыларындағы 
тәрбие мазмұны ұлттық бағыттан гөрі, батыс 
мәдениетіне  тән  тәрбиемен  ұштастырылды. 
Отбасы  тәрбиесінің  сипаты  мен  құрамы, 
тәрбие мазмұны мен дәстүрлері табиғатына 
тән  шығыстық  дәстүрден  алшақтап, 
табиғатына  жат  батыс  мәдениетіне  қарай  
бейімделіп,  бағыт  алды.  Осындай  типті 
отбасыларындағы  тәрбие  қандай  нәтиже 
берді? 
Нәтижеде,  жалғыз  басты  аналардың, 
әкесіз,  анасыз  және  тастанды  балалардың  
саны 
жыл 
сайын 
көбейе 
түскен 
(Қазақстандық 
этнограф-ғалым 
Жағда 
Бабалық    бүгiнгi  қазақ  отбасы  тәрбиесiне 
қатты  алаңдаушылық  бiлдiретiндiгiн  өзiнiң 
«Бiздiң  тәрбиемiз  жөргегiнен  бұзылып  жа-
тыр»  деген  мақаласында  мәлiмдеген.). 
жыл  сайын  90  мыңнан  астам  бала  тастан-
ды аталып,  бүгінге дейін 5591 бала шетел-
ге  сатылған,  жастардың  отбасылық  өмiрге 
жеңiл қарауы  немесе отбасын құруға деген 
ынта-ықыласының  төмендiгiнен  асықпауы, 
тiптi ажырасу фактiлерiнiң көптiгi (жыл сай-
ын  үйленуге  арыз  берушілердің  40%  қайта 
ажырасады ) орын алып келеді. 
Бүгiнгi қазақ қоғамында аралас некелердiң, 
яғни  аралас  ұлттар  өкiлдерiнен  тұратын 
отбасыларының    санының  көрсеткiштерi 
өзгермей  отырған  жайы  бар.  2000  жылы 
бүкiл некеге тұрушылардың iшiндегi 20,3 % 
- ы аралас некенi құраған болса, 2004 жылғы 
санақта бұл көрсеткiш 18,7 %-ы  берiп отыр. 
Сондай-ақ,  некеге  тұрмай-ақ  бала  табу 
дәстүрi де бүгiнде үйреншiктi жағдайға ай-
налып барады. Мұндай жағдай әсiресе, қара 
көз  қазақ  қыздары  арасында  басым  болып 
отырғандығы  өкiнiштi-ақ.  Мұндай  жағдай 
әсіресе, бүгінгі көптеген елдердегі  ұлтаралық 
қақтығыстар  мен  өзара  түсініспеушіліктің 
салдарынан  болып  жатқан  жанжалдардан 
кейін  аралас  отбасыларындағы  татулықтың 

49
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тұрақтылығына 
кім 
кепіл 
болмақ. 
Әсіресе,  отбасындағы  тәрбиеленіп  жатқан 
балалардың ұлттық көзқарастарында қандай 
ұстанымды  басшылыққа  алу  керектігін  ше-
шуде нақтылықты табу қиын.
Мұндай  келеңсiз  көрсеткiштердiң  орын 
алуы  ұлт  болашағын  алаңдатып  отырған 
проблема ретiнде мемлекеттiк тұрғыда қолға 
алынып, нақты тәрбиелiк шараларды енгiзудi 
керек  етедi.  Өйткенi,  тарихымызда  бұрын 
соңды  болып  көрмеген  мұндай  келеңсiз 
жағдайлар  қоғамымыз  iлгерi  басқан  сайын 
өркениеттiң, ғаламдық тәрбиенiң бiр көрiнiсi 
ретiнде  етек  алып  барады.  Бұл  келеңсiз 
жағдайлардың  пайда  болуы,  біріншіден
табиғатымызға  жат  батыс  мәдениетiнiң 
жастарға терiс ықпал етуi болса, екіншіден
жастарды  отбасылық  өмiрге  дайындаудың 
жеткiлiксiздiгi  дер едік.
Шындығында  да  жастарды  болашақ 
отбасы  өміріне  мектепте,  университет 
қабырғасында  арнайы  дайындықтан  өткізу 
іске  асырылмайды.  Тәжірибеде  жастар 
болашақ  отбасылық  өмір  туралы  ақпарат 
алуға  мұқтаж  және  өте  қызығушылығы 
жоғары. Өкінішке орай, біз маман даярлауға 
аса  үлкен  мән  береміз  және  барлық 
инновациялық технологияларды пайдалануға 
тырысамыз,  бірақ  олардың  отбасы  өмірін 
ұйымдастыруға қаншалықты қабілетті болып 
шығуына  мән  бермейміз.  Сондықтан,  уни-
верситет  қабырғасында  маман  даярлағанда 
оларды  жан-жақты  қалыптастыру  үшін 
тәрбие кешенді ұйымдастырылғаны жөн деп 
білеміз.  Ол  үшін  оқу  жоспарының  таңдау 
компонентіне  отбасы  педагогикасы  пәнін 
ендіру қажет.
Сонда ғана олар ертең мектепке барғанда 
ата-аналармен  жұмыс  жүргізуге  қабілетті  
болады.
Бүгінгі күні отбасы тәрбиесін ата-аналар 
қаншалықты 
ұйымдастыруға 
сауатты? 
Олардың  бала  тәрбиесіне  деген  көзқарасы, 
мектеппен байланыс орнатуы, мұғалімдермен 
тіл  табысу  қабілеті,  өзара  көмекке  деген 
қатынасы біркелкі емес. 
Сондықтан, отбасы тәрбиесін жетілдіруде 
ата-аналарға  көмек  көрсететін  бірден  бір 
мекеме  ол  мектеп  болуға  тиіс.  Мектеп 
жасындағы  балалардың  даму  сатысына 
қарай  физиологиялық  және  психологиялық 
өзгерістері  мен  даму  ерекшеліктерін  еске-
ре  отырып,  тәрбиелеу  әдістерін  мектеп 
мұғалімдері ата-аналармен бірге іске асырып 
отыруы тиіс. Ол үшін ата-аналар жиналысы, 
кездесулер,  ата-аналар  университеті  секілді 
ата-аналармен  жұмыс  түрлері  барысында 
олардың педагогикалық сауатын көтеріп от-
ыру қажет. Онсыз тәрбие үрдісі біржақтылық 
сипатқа ие болып қалады да, тиімді нәтижеге 
қол  жеткізу  мүмкін  болмайды.  Тіпті,  отба-
сы  тәрбиесіндегі  тәжірибелерді  жинақтауда 
тәжірибелі  ата  аналарды  тартуға  әбден  бо-
лады. Олардың сұхбаттары мен ақпараттары 
анағұрлым ұтымды болмақ.
Рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан 
ынтымақты,  инабатты  отбасы  ең  ауқатты 
мемлекет  болудың  тірегі  болып  есептеледі. 
Осы  ретте,  бүгінгі  таңда  отбасы  бірнеше 
әлеуметтік  саламен  тікелей  байланыста  бо-
луы шарт. Ең алдымен, мектеп, өнер, әдебиет, 
мәдени  орындары,  кітапхана,  мұражайлар, 
театр,  кино  және    т.б.  тәрбиелік,  білімдік 
мақсатқа,  қарым-қатынаста  болуы  болашақ 
ұрпақтың  қазіргі  қоғамның  өркениетті 
бағытта  дамуына  сай  тәрбиеленуіне 
мүмкіндік  жасайды.  Бүгінде  көптеген 
Қазақстандық ғалымдар зерттеулері осындай 
тұжырым жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Сондықтан,  осы  тұста  қоғамдық  және 
отбасылық тұрғыда нақты қадамдар жасалып, 
бала  тәрбиесiнде  iс-шаралар  қарастырылуы 
тиiс.  Әйел  және  бала  тағдыры  мемлекет 
үшiн  маңызды  мәселе  болуға  тиiс.  Мұндай 
келеңсiз  жағдайларды  болдырмау  шарала-
рын  қарастыру  тек  Үкiмет  басшыларының 
ғана iсi деп қарап емес, ел қамын ойлайтын 
ғалымдар  мен  жалпы  зиялы  қауым  да  осы 
орайда өзiндiк үн, өзiндiк үлес қосуға тиiс.
Ұсыныстар:
Отбасы  тәрбиесін  жетілдіру  мәселесін 
мемлекеттік  тұрғыдан  қолға  алу  қажет.  Ол 
үшін:
1.  Республикалық  деңгейде  «Отбасы 

50
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәрбиесін  жетілдіру»  ғылыми  орталығын 
ұйымдастыру  қажет.  Аймақтарда  оның  фи-
лиалдары қызмет етуі тиіс. 
2.  Отбасы  тәрбиесін  ұлттық  тұрғыда 
жетілдіруде  қазақтың  отбасылық  салт-
дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарынан  дерек 
беретін,  отбасы  тәрбиесін  ұйымдастыруда 
әрбір  ата-ана  әрекетіне  тірек  болатын  «От-
басы  тәрбиесінің  энциклопедиясын»  жазу 
қажет. Ол үшін Қазақстанның отбасы тәрбиесі 
мселелерін  зерттеп  жүрген  ғалымдарынан 
тұратын шығармашылық топ құру керек.
3.  Маман  даярлауда  көңіл  аударылатын 
оқытудың  жаңа  технологиялары  мен  кәсіби 
іскерліктерін қалыптастыруға аса назар ауда-
ра отырып, олардың жеке отбасылық өмірін 
ұйымдастыруын  қамтамасыз  ету.  Ол  үшін 
университет  қабырғасында  оқып  жүрген 
студенттер  үшін  оқу  жоспарының  таңдау 
компонентіне «Отбасы педагогика-сы» пәнін 
кеңінен  ендіру  арқылы  отбасы  тәрбиесін 
ұйымдастыруға байланысты ғылыми теори-
ялар жүйесін меңгеруге қол жеткізу.
4.  Отбасы  тәрбиесіне  психологиялық 
кеңес беретін мамандықтар үшін төл еңбектер 
жазу.  (Өйткені,  психология  сабақтарының 
дені  Ресейден шығатын оқулықтар негізінде 
оқытылып  жүр.  Шын  мәнінде  бұл  біздің 
ұлтымыздың  менталитетіне  сай  келе 
бермейді). 
5. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 
(теледидар,  радио,  газет,  журналдар  және 
т.б.)  отбасы  тәрбиесін  ұлттық  дәстүрлі 
жетілдіруді  мақсат  еткен  бағдарламалар 
мен  сұхбаттар,  кездесулерді  жиі  насихаттау 
арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруға қол 
жеткізу.
Келесі  баяндама    кезегін  педагогика 
ғылымдарының  кандидаты,  ҚазҚызПУ-
нің  аға  оқытушысы  Сараш  Сахиқызы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет