Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев


С.Мұқанов – Алматы облысы әкімінің орынбасары



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

С.Мұқанов –
Алматы облысы әкімінің орынбасары 
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛАҒАТТЫ ІС

38
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
 Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткен жылдың 11-ші қарашасында 
Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ және
 «Ұлттық тәрбие» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген 
«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА 
АДАМ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕПІЛІ» 
атты дөңгелек үстел отырысынан
Қазіргі  жаһандану  дәуірі  өршіп  тұрған 
қоғамда  өркениетті  қоғам  көшіне  ілесе 
алатын  ұлтжанды  ұрпақты  тәрбиелеу  – 
бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Өйткені, 
қазіргі таңдағы еліміздің жағдайы білім мен 
мәдениеттің  дамуына  байланысты  болып 
отыр. Сол себепті, қазақты
 тоқпейілділіктен 
арылтып,  іскерлікке  бейімдеу  қажет. 
Батыстың  солақай  ықпалына  түсіп  кет-
пеу  жағын  және  ұлттық,  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  мен  мәдениет  үлгілерін 
игеруші,  оны  өзінің  қалыптасу  және  даму 
жолында тұтынушы, жалғастырушы мұрагер 
ретінде қалыптастыруымыз қажет. Осындай 
жағдайларға  байланысты 
қараша  айының 
11-де Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаңартпа 
технологиялар  және  білім  беру  мазмұнын 
ҒЗИ  және  «Ұлттық  тәрбие»  кафедрасының 
ұйымдастыруымен  «Ұлттық  тәрбие  – 
өркениетті  қоғам  құру  жағдайында  адам 
ресурстарын  қалыптастыру  кепілі»  атты 
дөңгелек  үстел  өтті.  Қазақстанға  белгілі 
Ә.Бейсенова,  С.Қирабаев,  Қ.Жарықбаев, 
М.Мырзахметов,  С.Ғаббасов,  З.Ахметова 
сынды тағы басқа ғалымдар мен ұлт өкілдері 
бас  қосқан  жиналыста  тәрбиеге  қатысты  
көптеген  қызу  мәселелер  көтерілді.  Бұл 
бас  қосуда  ұлы  ғұламалар  идеяларындағы 
ұлттық тәрбие мәселелері, еліміздегі тәрбие 
мәселелерін идеологиялық тұрғыдан көтеру, 
ұлттық  тәрбиенің  әдіснамалық  негіздері, 
ұлттық  мәдениет  –  ұлттық  тәрбие  құралы 
ретінде тағы басқа да біраз мәселелер кеңінен 
талқыланды. 
Дөңгелек  үстелді  аталған  жоғары 
оқу 
орнының 
ректоры, 
педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор, акаде-
мик С.Ж.Пірәлиев ашты: 
«Сіздерді  бүгінгі  дөңгелек  үстеліміздің 
ашылуымен  құттықтаймын!  Бүгінгі  өткелі 
отырған  дөңгелек  үстеліміздің  тақырыбы: 
«Ұлттық  тәрбие  –  өркениетті  қоғам  құру 
жағдайында  адам  ресурстарын  қалыптастыру 
кепілі»  деп  аталады.  Біздің  ұлттық  тәрбие 
мәселесін көтерудегі мақсатымыз  еліміздегі 
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасының жо-
басында тәлім-тәрбие және жастар ісіне ерек-
ше көңіл бөлінуіне орай, ұлттық тәрбие мен 
жалпыадамзаттық гуманизм мұраттарын иге-
ру талаптарын басты назарға алу. Болашақ да-
муымызды дұрыс бағдарлап, тура жолға салу 
үшін  ең  алдымен  өткеннен  дұрыс  тағылым 
алып,  келешегімізді  қазіргі  заманға  орай 
тәрбиенің  жолдарымен  сараптап  алуымыз 
қажет.  Сол  арқылы  ұлттық  зиялы  қауымды 
қалыптастырып,  тәуелсіздігімізді  баянды 
ете аламыз. Зиялы қауым қалыптаспады деп 
отырғаным жоқ. Бізде бар, дегенмен олардың 
мәртебесін көтеру ұлттың ұлт болып ұюына 
тигізер  әсері  мол.  Себебі,  зиялы  қазақ  аза-
маты  –  қазақ  топырағынан  бастау  алып, 
әлем мәдениетінен сусындаған, ұлтына жөн 
сілтей алатын болашақты жалғастырушы ал-
тын көпір. 
Осыған  орай,  елбасы  Н.Назарбаев:  «Біз 
өзіміздің  ұлттық  ойлау  жүйемізді,  тарихи 
танымымызды,  рухани  мәдениетімізді  ба-
рынша терең дамыта отырып, барлық салада 
рухани  тәуелсіздікке  жетуіміз  керек»,  –  де-
ген болатын. Шынын айту керек, тәуелсіздік 
алғанымызға жиырма жылдай уақыт өтсе де, 
біздің ой-танымымызда осы мәселе жетіспей 
тұр.  Оны  жетістіруге  жетелейтін  нәрсе 
тәрбие ісі екенін барлықтарыңыз білесіздер. 
Анығында    ұлттық  тәрбие  жүйесі  жасалуы 

39
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тиіс.  «Ұлт  болам  десең,  бесігіңді  түзе»,  – 
деп ұлы жазушымыз М.Әуезов бекер айтқан 
жоқ.  Отбасынан  бастап  балабақшадағы, 
мектептегі,  колледждер  мен  жоғары  оқу 
орындарындағы 
оқу-тәрбие 
жұмысы 
жолға  қойылып,  бұған  жалпы  халықтық, 
мемлекеттік  бетбұрыс  жасалуы  қажет. 
Өздеріңіздей халқы арқа сүйер абзал азамат-
тарды шақырудағы басты мақсат та  осында.
Мектептегі басты тұлға, жүрегі – мұғалім 
десек,  біздің  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық  университеті,  негізінен, 
осындай  тұлғаларды  тәрбиелеп  шығаратын 
еліміздегі ең үлкен қара шаңырақ. Сондықтан 
университетіміздің 
Ғылыми 
Кеңесінің 
2009  жылдың  20  қарашадағы  шешімімен 
2009-2010  оқу  жылы  тәрбие  жылы  деп 
жарияланды.  Тәрбие  жылы  аясында  уни-
верситет  көлемінде  көптеген  игілікті  іс-
шаралар  жүзеге  асырылды.  Атап  айтатын 
болсақ,  студенттердің  «Этикалық  кодексі» 
қабылданды,  ұлттық  тәрбие  құндылықтары 
мен  халықтық  педагогикаға  негізделген 
«Ұлттық тәрбие» пәні оқу үрдісіне енгізілді. 
Оның  нәтижесінде  Университетімізде  білім 
алып  жатқан  студенттер  ұлттық  тәрбиенің 
тарихи-мәдени 
негіздерін, 
оны 
жас 
ұрпаққа  үйретудің  әдістемелік,  теориялық 
мәселелерін меңгереді. 
Осыған  байланысты  «Ұлттық  тәрбие» 
кафедрасы ашылып, бүкіл республикаға та-
райтын осы аттас ғылыми-көпшілік журнал 
шығарыла  бастады.  «Ұлттық  тәрбие»  жур-
налы ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке бау-
лумен қатар, ұлт тарихын, мәдениетін, салт-
дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге 
үйретуге, 
ұлттық 
интеллектуальдық 
әлеуетті  анықтауға  бағытталады.  Журнал 
ЖОО-на,  мектептерде  білім  алушыларға 
ғана  емес,  жалпы  көпшілік  қауымға  бала 
тәрбиесінде  пайдасы  мол  материалдармен 
қамтылған.  Университетіміздің  базасында 
«Ұлттық  тәрбие  жөніндегі  республикалық 
үйлестіру  кеңесі»  құрылды.  Қазақстандағы 
белгілі қоғам қайраткерлерін, атақты ғалым 
ұстаздарды,  ұлтжанды  ірі  тұлғаларды 
шақырып  “Тұлғалар тағылымы” атты лек-
циялар курсы ұйымдастырылды. Бұл лекция-
ларда ұлттық тәрбиенің жастар тәрбиесіндегі 
ролі мен қажеттігі туралы мол мағлұматтар 
қамтылды.  Аталмыш  іс-шаралар  біздің 
университетіміздің  аясында  атқарылып  жа-
тыр. Енді, осындай игі істердің Республика 
көлемінде дамып, әсіресе, білім беру орын-
дарында  жалғасын  табуы,  халыққа  ұлттық 
тұрғыда  тәрбие  беруге  жұмылдырар  күш 
болып  табылары  анық.  Университетіміздің 
базасында  «Ұлттық  тәрбие  жөніндегі 
республикалық үйлестіру кеңесі» құрылды. 
Ұлттық  тәрбие  халықтың  өмірін,  рухын 
және  тілдерінен  тұратын  ішкі  заңдарын, 
оның ұлттық мінезін, болмысын көрсетпек. 
Сондықтан, ұлтты оятудың негізгі тетіктерін 
анықтап,  біліп  алған  дұрыс.  Ол  тетіктерге 
біріншіден  –  мемлекеттік  нышандар-
ды  дамыту,  тілі,  діні,  ділі,  тарихы,  салт-
дәстүрі  арқылы  отаншылдық  рухын  ояту 
керектігін  ұсынамыз.  Ұлттың  мәңгілік  бо-
луы  халқын,  жерін,  елін  сүйетін  азаматтар-
ды  қалыптастырып,  тәрбиелеуде  болмақ. 
Сол себепті жаңа ғасырды жақсы қарқынмен 
бастап  келе  жатқан  егеменді  еліміздің 
болашағы үшін саналы да, ұлтжанды ұрпақты 
тәрбиелеудің  ұлттық  сипатын  жандырып, 
дамытуға бар күш-жігерімізді салуымыз ке-
рек. 
Себебі,  жастарға  ұлттық  құндылықтар 
негізінде  жан-жақты  тәрбие  беру  –  сол 
өркениетке жету жолындағы мұратымыздың 
кепілі.  Терезесі  теңескен,  төрт  құбыласы 
тең мемлекет ретінде қалыптасу үшін білім-
білік пен рухы биік, жастарды отаншыл етіп 
тәрбиелер  өнегелі  тәрбие  қажет.  Бұл  жай-
ында Елбасы өзінің халыққа жолдауында да 
ашық айтқан болатын. 
Біз  жастарды  тәрбиелегенде  шы-
найы  отаншылдарды  тәрбиелеуді  естен 
шығармауымыз  керек.  Себебі,  солар  ғана 
еліне  игілікті  істер  тындыра  алады.  Біздің 
бастаған ісімізді аяқтаушы.  Жалпы, келешек 
ұрпақтың қамын бүгін ойлау – аға ұрпақ бо-
рышы. Ұлттық тәрбие беру ата-бабамыздың 
біздің  алдымыздағы  парызы  болса,  келер 
ұрпаққа соны жеткізу біздің қарызымыз. 

40
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Сондықтан да, құрметті дөңгелек үстелдің 
қатысушы қонақтары, осы жерге бәріміздің 
бас  қосып  отырған  себебіміздің  мақсаты 
–  ұлты  үшін  жаны  күйген  азамат  ретінде 
осы  аталған  ұлттық  тәрбие  мәселесіне  ат-
салысып,  өз  ойларыңызды  ортаға  салып, 
ой  бөлісу  болып  отыр.  Дөңгелек  үстелде 
тұщымды ойлар мен құнды пікірлер айтыла-
ды деген зор сенімдемін!...», – деп дөңгелек 
үстелдің  маңызын  нақты  ашып  берді. 
Дөңгелек  үстелді  осы  іске    жауапты,  басты 
ұйымдастырушыларының  бірі  Жаңартпа 
технологиялар  және  білім  беру  мазмұнын 
ҒЗИ-ның  білім  беру  мазмұнын  және 
үдерісінің деңгейлерін жасау және жетілдіру, 
зерттеу  бөлімінің  бастығы                      Жанар 
Айтбергенқызы  Сейсенбаева                      ин-
ститутта  жасалып  жатқан  жұмыстарға, 
қазіргі  елімізде  көтеріліп  отырған  ұлттық 
тәрбие  мәселелеріне  кеңінен  тоқталып,  өз 
ұсыныстарын жеткізді. 
«Экономикадағы  ең  басты  капитал 
шикізат,  немесе  өңдеуші-ұқсатушы  өндіріс  
немесе  сауда және банк капиталы емес, тек 
қана адам капиталы. Ал, адам капиталының 
негізі  тәрбие,  оның  ішінде  Ұлттық  тәрбие. 
Ұлттық тәрбие мәселесі бүгінгі таңда Абай 
атындағы  ҚазҰПУ-де  қолға  алынып  біраз 
іс-шаралар  атақарылуда.  Ұлттық  тәрбие  не 
үшін  қажет,  кімге  қажет  деген  сұрақ  осы 
тұрғыда  көкейге  ұялайды.  Тәрбие  мәселесі, 
соның ішінде ұлттық тәрбие мәселесі білім 
беру  үрдісінде  кеңінен  насихатталып, 
қарастырылып  дамып  отыратын  процес. 
Осы  тұрғыда  кез-келген  білім  алушының 
болашақ  маман  иесі  ретінде  білім  алуы-
мен  қатар,  ұлттық  тәрбиелік  біліммен  бе-
дерленген  тұлға  болып  қалыптасуына 
Жоғары  оқу  орындары  өзіндік  бағыт-
бағдар  бере  білу  жақтарын  дұрыс  жолға 
қоя  білулері  қажет.  Осы  мақсатта  ұлттық 
тәрбиелік білімнің  оқу үрдісіндегі келбетін 
дұрыс  жолға  қоя  білгеніміз  орынды.  Қазақ 
халқының діліне сай келетін   адамгершілік 
қасиетін, үлкенге деген құрмет-ізетін, ақыл-
парасатын,  көсемдігін,  мол  мәдени,  рухани 
мұраларын  сақтап,  оны  заман  өткен  сайын 
еселеп жаңғырта түсетін қырларын жастарға 
ұғындыра  білім  беру  –  олардың  кәсіби 
тұлғасын ұлттық тұрғыда жандандыра түсері 
анық.  Жаһандану  кезеңінде  халқымыздың 
осындай  асыл  қасиеттерін  насихаттай  оты-
ра  білім  мен  тәрбие  беру  болашағымыздың 
ұлттық бет-пердесін нығайта түсері сөзсіз. 
Ұлттық  тәрбиеге  байланысты  универси-
тетте төмендегідей ғылыми-оқу әдістемелік 
жұмыстар атқарылды:
1.Университет  басшылығымен  жаңа 
ұлттық тәрбие кафедрасы ашылды;
2.Ұлттық  тәрбие  идеяларының,  оның 
мазмұндық  аспектілерін  және  әдістемелік 
жағынан  қамтамасыздандырудың  ғылыми 
негіздері анықталды;
3.Ұлттық тәрбие кафедрасының авторлық 
ұжымымен  ұлттық  тәрбиенің  мақсаты  мен 
міндеттері анықталды;
4.Интегративті  практикалық  бағыттағы 
“Ұлттық  тәрбие”  пәнінің  типтік  оқу 
бағдарламасы жасалды: 
Ұлттық тәрбие пәнінің мақсаты
Студент  жастарға  жоғары  деңгейдегі 
ұлттық  сана-сезімдерін,  рухани  мұраларға 
және  ұлттық  мәдениетке  деген  құндылық 
қатынастарын қалыптастыру, отансүйгіштік, 
ұлттық намыс сезімдерін дамыту, қоғамның 
адамгершілік  мәдениетінің  құрамдас  бөлігі 
ретінде қарастырылатын әдептілік негіздерін 
меңгеру.
Ұлттық  тәрбие  пәні  екі  бағытта 
оқытылады:
1. Әдеп негіздері 
2. Ұлттық тәрбие  негіздері 
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын 
бүгінгі  дәстүрге  сай  заманауи  тұрғыда 
даму  сипатын  халыққа  таныстыра  оты-
рып,  бойына  ұлттық  болмысты  сіңіру 
мақсатында 
Республикалық 
ғылыми-
көпшілік  бағыттағы  Ұлттық  тәрбие  жур-
налы  ашылды.  Журналдың  мақсаты 
–    ұлтжандылыққа,  отансүйгіштікке  баулу, 
тарихын,  мәдениетін,  салт-дәстүрін  терең 
меңгеруге,  ана  тілін  қадірлеуге  үйрету, 
ұлттық интеллектуальдық әлеуетін анықтау. 
Журналдың  міндеті  -  ғылыми-теориялық 

41
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тұрғыдан  зерттеп,  ата-бабамыз  қолданған 
үрдіс  пен  бүгіндегі  жаймен  саралап,  халық 
педагогикасының  асыл  мұралары  негізінде 
саналы тәрбие беруді қиюластыру. Өзектілігі 
-  тақырып  ауқымының  кеңдігінде.  Рухани 
ізгі  қасиеттерге  баулып,  тәрбиенің  көздері 
ана  тілі  мен  әдебиетін,  тарихы  мен  өнерін 
қастерлеруге,  халықтық  салт-дәстүрлер 
мен 
әдет-ғұрыптарды 
аялай 
білуге, 
құндылықтарымызды  дәріптеуде  болып  та-
былады.
Ұлттық  тәрбиені  білім  беру  үрдісіне 
ендіру  жолында  4  бағытта  оқу  құралдары 
дайындалуда:
1. Ұлттық тәрбие кафедрасы Төлеубекова 
Р.К. жетекшілігімен  «Студент жастар арасын-
да салауатты өмір салтын қалыптастырудың 
негіздері» атты оқу құралы. 
2.  Педагогика  кафедрасы  Керимов  Л.К. 
жетекшілігімен  «Студент жастар арасындағы 
отансүйгіштікті  қалыптастыру»  атты  оқу 
құралы.
3.  Жаңартпа  технологиялар  және  Білім  
Беру Мазмұнын ҒЗИ директоры Нуриев М.А. 
жетекшілігімен  «Ұлттық  тәрбиенің  этика-
эстетикалық негіздері» атты оқу құралы.
4.  Республикалық  біліктілікті  артты-
ру    институтының  директоры  Сманов  Б. 
жетекшілігімен «Дінтану негіздері» атты оқу 
құралы.
Жаңартпа технологиялар және білім беру 
мазмұнын ҒЗИ-да Ұлттық тәрбиенің ғылыми 
негізін  анықтау  мақсатында  2  оқу  құралы 
дайындалды. 
1. Кейінгі            дәуір       зардабынан  
қолданылмай,  ұмытылуға  айналған  кейбір 
ұлттық  құндылықтарымызды  жаңғырта 
отырып,  жастарға  бағыт-бағдар  беру;  салт-
дәстүр,  әдет-ғұрыптарымызды  білім  беру 
үрдісіне  ендірудің  ғылыми  негізінің  тиімді 
жолдарын  айқындайтын  “Ұлттық  тәрбие” 
(Салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде) атты оқу 
құралы.
2.  Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесінің 
теориясы  мен  практикасы,  ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғасып  келе  ұлттық  тәрбиенің 
ғылыми  негізі  сарапталып,  олардың 
тәрбиелік қырлары тілдік білім тұрғысынан 
қарастырылған  “Ұлттық  тәрбиенің  ғылыми 
негізі ” атты оқу құралы.
Біздің  қоғамның  дамуының  әлеуметтік-
саяси шарты білім алушының адамгершілік 
қасиеттерін  қалыптастырып,  ұлтжанды  аза-
мат  қалыптастыру  идеясы    негізінде  болып 
келе  жатқаны  белгілі.  Барлық  білім  беру 
бағдарламалары  осы  мақсатқа  негізделіп, 
орайластырып жасалып өзгеріп отырады. Бұл 
ұрпақ  дамуының  дүниетанымдық  деңгейін 
ұлттық  мәдениетпен  ұштастыру  жолымен 
тығыз байланысты. Мәдениетті болудың негізі 
де осы білім беруде емес пе?! Ендеше, осы 
жолда біз ұлттық тәрбиелік білім жастардың 
ұлттық  тұлғасын  қалыптастыруда  үлкен 
роль  атқаратыны  туралы  сөз  қозғамақпыз. 
Сонымен,  ұлттық  тәрбиелік  білім  жоғары 
оқу орындарында қандай бағыт-бағдарымен 
ерекшелінуі  қажет?  Оның  бағдарламада 
басқа да білім пәндерінен ерекшелігі қандай 
деген  сұрақ  осы  пән  туралы  айтқанда  кез-
келген  адамды  ойландырары  орынды.  Бұл 
алдымен  қоғамдық  пәндердің  қатарындағы 
пән.  Бұл  пәнді  жоғары  оқу  орындарында 
оқытуда біз негізгі ұстаным ретінде ұлттық 
тәрбиелік әдістер мен заңдылықтарға сүйене 
отырып, оның мазмұнды ұйымдастыру фор-
маларын  айқындайтын  идеяларды  жалпы 
тәрбие үрдісіндегі әдістерімен байланысты-
ра    ұлттық   бағытқа   қиюластырғанымыз 
жөн. Жоғары мектепте төмендегідей негізгі 
ұстанымдарға бағытталу керек:
1.  Жоғары  мектепте  білім  алушылар-
ды  өз  ана  тілінде  сөйлеуге  мәжбүрлеу;  Бұл 
әсіресе,  қазақ  жастарына  арналған.  Басқа 
ұлт өкілдеріне емес, өз қазақ жастарымызға 
өз ана тілін қадірлеп, қастерлеп, ана тілінде 
сөйлете  білсек,  болашақ  кәсіби  маман  ана 
тілінде  еркін  сөйлей  біледі  деген  сөз.  Ана 
тілінде  еркін  сөйлей  білетін  маман  иесі 
ертенгі ата немесе ана, болашақ отбасының 
иелері. Отбасында ана тілінде сөйлейтін ата-
анадан туған тілін сүйетін ұрпақ тәрбиеленері 
анық.
2.Ұлттық  тәрбиенің  қоғамдық  бағыт-
бағдарын болашақ маманға жалпы адамдық 

42
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қасиеттермен  қабылдата  білу.  Бұл  білім 
алушының  қоғамдағы  әр  түрлі  жайттарға 
адамдық  құндылық  қасиеттермен  үн  қоса 
білуге  үйретуді  мақсұт  тұту  деген  сөз.  Жа-
старды  елін,  жерін  қорғауда  атадан  балаға, 
ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған тарихты, салт-
дәстүрді,  ана  тілімізді  қастерлеуге,  үлкенге 
– құрмет, кішіге – ізет көрсетуін мұрат етіп, 
тәуелсіз  еліміздің  парасатты,  адамгершілігі 
биік, білімді азаматтарын тәрбиелеуге қадам 
жасауында  адами  қасиеттерді  қамтып, 
білімді  де  ұлттық  қасиетті  түсінетін  тұлға 
тәрбиелеу.  Қайырымдылықты  –  халықтан, 
пайымдылықты  –  қариядан  үйрен  деген, 
ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі 
екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық ада-
ми  қасиеттер  мен  әдет-ғұрыпты  білім  алу 
процесінде үйреніп, алдағы өмірлеріне арқау 
болатынын ұғындыру.
3.Ұлттық 
тәрбиенің 
инабаттылық 
ұстанымы.  Инабаттылыққа  жетелейтін 
бұл 
ұстанымда 
болашақ 
маман-
ды 
адамгершілікке, 
әдептілікке, 
қарапайымдылыққа, 
кішіпейілділікке, 
әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, 
өз  халқының  салт-дәстүрін  үйрене  отырып, 
әдеп әліппесін дарыту жолдары негізге алы-
нады.    Жастар  арасында  еңбексүйгіштік, 
намысқойлық,  инабаттылық,  үнемі  өзін-
өзі  жетілдіруге  ұмтылыс,  тәртіптілік 
секілді  құндылықтардың  дұрыс  жүйесін 
қалыптастыру керек.
4.Ұлттық тәрбиені халықтық педагогикаға 
негіздеу  ұстанымы.    Білім  алушы  бойына 
ата-бабамыздан  қалған  тәлім-тәрбиенің  бар 
құндылық қасиеттерін білім беру процесінде 
ұғындыру.  Уақыт  білім  алушы  жастар-
ды  жаңа  заман  талаптарына  сай,  әрі  озық 
ұлттық  дәстүр  рухына  тәрбиелеп,  өмірге 
әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп 
отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп 
шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан 
ұрпақты  эстетикалық  тұрғыдан  шыңдау. 
Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге 
асыруға  болатыны  белгілі.  Ендеше,  ұлттық 
тәрбиелік білім жолында осы халықтық пе-
дагогиканы  жалпы  әлемдік  мәдениет  және 
тәрбие  құндылықтарымен  ұштастыра  білу 
қажет.  Жалпы,  тәрбие  мәселесі  зерттеуші 
ғалымдардың  пайымдауынша,    қоғам 
дамуының алғашқы сатыларында-ақ  өзіндік 
көзқарасының  болғандығын,  мақсатқа  сай 
тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын 
айтады. Біздің ұлттық этнопедагогикамыздың 
қайнар-бұлағы  біздің  заманымызға  дейінгі 
дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің 
тегі  сол  ұлттың  ұлт  болып  қалыптаспай 
тұрған  кезінен  бастап–ақ  жеке  ұлыстардың 
ұрпағын  тәрбиелеуден  туындағаны  белгілі. 
Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе 
сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары 
үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педаго-
гиканы  қолдану  өте  маңызды.  Адамдардың 
эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде 
зор  роль  атқарады.  Әсемдікті  көре,  түсіне, 
жасай білу адамның рухани өмірін байыта-
ды,  қызғылықты  етеді,  оған  ең  жоғары  ру-
хани ләззаттануға мүмкіндік береді. Ұлттық 
тәрбиелік  білім  беру  жолында  әр  адамның 
адамгершілікті  тұлғалық  мәнін  жан-жақты 
дамытуға  бағыттау,  сондықтан  әр  баланың 
сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені 
сүйенетіндей  етіп  дамытуды  мақсұт  етеді. 
Сонымен,  ұлттық тәрбиелік білім болашақ 
маманның  ұлттық  тұлғасын  нығайтумен 
қатар,  кәсіби  маман  ретінде  шыңдалуына 
үлкен септігін тигізеді».
Алғашқы  сөз  кезегін  алған  геогра-
фия  ғылымдарының  докторы,  профес-
сор,  ҚР  Ұлттық  Ғылым  Академиясының  
академигі,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың 
«География  және  экологиядан  ғылыми-
әдістемелік  орталығының»  меңгеру-шісі 
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова отбасындағы 
қыз  тәрбиесі,  қоғамда  белең  алған 
келеңсіз  қылықтар  мен  ұлттық  тәрбиенің 
маңыздылығына,  оны  шешудің  жолдарына 
тоқталып, өз ойымен бөлісті. «...Ұрпақ қамын 
ойлаған  ата-бабаларымыз  ұл-қыздарын 
дәстүр сыйлауға, үлкендерге ілтипат жасауға, 
именуге,  арын  былғамай,  өнегелі  ортадан 
тәлім алуға үйреткен. Ұлды дала тіршілігіне, 
қызды үй ұстауға, ел бірлігін, ошақ бүтіндігін 
сақтауға  баулыған.  Қыз  намысы  дегеннің 

43
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
орны үлкен. Қыз бала отырған жерде абайлап 
сөйлеу, бейпіл сөз айтпау – оны әдептілікке 
тәрбиелеу емес пе?... 
Біздің жүріп өткен жолымызда қателіктер 
аз болған жоқ.  Социализм дәуірі ерлер мен 
әйелдерді  теңестірді,  әйелдердің  оқуына, 
қоғамдық пайдалы еңбек жасауына жол ашты. 
Бәрі  де  дұрыс.  Қоғамнан  өз  орнын  тапқан, 
үйде  де,  түзде  де  сыйлы  апа-сіңлілеріміз, 
құдайға шүкір, баршылық. Бірақ осыны пай-
даланып, үйді ойламай, түзді ойлаумен жүріп, 
ошақ  иесі  ролін  әлсіретіп  алған  әйелдер  де 
жеткілікті ғой. Осындай әйелдердің қыздары 
да  осы  жолмен  жүре  бастады.  Тәуелсіз  ел 
болып, ұлттық қазыналарымызды жинасты-
ра бастағанда, ұлттық дәстүрімізді аяқ-асты 
етіп жүрген осындай мінездерге қарсы күрес 
ашу керек емес пе?...» деді.
Одан кейінгі сөз медицина және  педаго-
гика  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
жазушы-дәрiгер  Совет-Хан  Ғаббасовқа 
берілді. Ұлттық тәрбие, оның методология-
сы, пәні, негізі, қалай берілу керектігі жайлы 
сөз  қозғап,  бұл  түсінікті  ұғындырып  берді. 
Толғандырып  жүрген  жайттарды  аша  келе: 
«...Адам тәрбиесі – бүкіл адамзат көлемінде, 
жыл өткен сайын азғындап бара жатқандығы 
да  байқалмай  отырған  құбылыс  емес.  Олай 
болса,  осынау  теңдессіз  терең  мәселені 
шешу  үшін  ендігі  жерде  ескі  канондар  мен 
ұғымдарға  байланып  қалмай  нені  болса 
да  ашық  айтып,  шырқыраған  шындықты 
іздестірген  жөн  сияқты.  Тура  сөздің 
жақтаушысы аз болса да, онда біраз жылдан 
бері жинақталған психо-физиологиялық жаңа 
көзқарасты  ашып  айтудың  мезгілі  де  жетсе 
керек...»,  –  дей  отырып,  ұлттық  тәрбиенің 
методолиясы,  пәні  ішкі  негіздерінен  бастау 
алмаса,  ол  ғылыми  пән  бола  алмайтынын, 
оны дұрыс құра білу керектігін түсіндірді. 
Филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор,ҰҒА  академигі  Серік  Қирабаев  
мәдениет дегеніміз не, оған жастарды қалай 
баулимыз  деген  сұрақтарға  жауап  іздеп,  
ойын ортаға салды. 
«...Мәдениет  деген  өте  кең  ұғым.  Кез-
келген ұлттың да дара көрсеткіші – мәдениеті. 
Мәдениетін  ұлықтамаған  ел  тарихын  да 
дұрыс пайымдай алмайды екен. Адам баласы 
тіршілік  етіп  жатқан  қоғамда  мәдениет  жа-
салады, дамиды. Оны дамытатын – адамның 
әрекеті  мен  саналы  қызметі,  ақылы,  қиялы, 
т.б. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің 
даму  сатысын  көрсетеді.  Сондықтан, 
мәдениеттегі  қазіргі      бардың,  болашақтың 
сабақтастық  байланысын  тани  білу  қажет. 
Ұлттық  мәдениет  –  халықтың  ежелден 
жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде 
қалыптасып,  жетіліп  отырады.  Рухани-
мәдени 
мұраларымызды 
танып-білуде 
дәрменсіздік көрсету – қоғамымызда мәдени 
сабақтастық  пен  тұтастықтың  әлсіреуіне 
әкелуі мүмкін. Сол себепті, жастардың бой-
ына  ата-бабаларымыздан  жеткен  тарихи-
мәдени  мұраларға  деген  сүйіспеншілікті 
тәрбиелеу  қажет.  Ұлттық  тәрбие  аясында 
осындай  мәселелер  толығымен  қамтылу 
қажет...».
Ең  алдымен,  тәрбие  отбасыдан  бастала-
ды.  Отбасында  берілмеген  тәрбие  ешқашан 
баланы қанша жерден тәрбиеле оған еш ой 
салмасы  анық.  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда 
соны  ілерсің»  деген  қазақтың  сөзін  ары 
қарай халықтың дарабоз тұлғасы Бауыржан 
Момышұлының  келіні  Зейнеп  Ахметова 
өрбітті.
«...Ұлттық  тәрбие  ең  алдымен  тек  қана 
ана  тілі  арқылы  ғана  келеді.  Біздің  ата-
бабаларымыз  баланы  ананың  жүрегінің 
астында,  іште  жатқан  кезінде  тәрбиелеген. 
Келінді  тәрбиелеу,  үлгі-өнеге  көрсету, 
келіннің көзінше әдеппен жүру арқылы, оған 
қамқорлық жасап, сол келіннің жүріс-тұрыс, 
ішкен тамағын, киген киімін бақылау арқылы 
іштегі  тәрбиеге  назар  аударып,  баланың 
дені сау болып, дұрыс туылуына, үлгі-өнеге 
алуына  жағдай  жасаған.  Ақылды  әжелер 
келініне айтады екен: «Қарағым, биік тауға 
қара – көңілің өседі, көңілің өссе немеремнің 
өресі биік болады, жазық  далаға қара  – жан 
сарайың  кеңиді,  сонда  немерем  кең  пейілді 
болады,  жайқалған  шөпке,  жайнаған  гүлге 

44
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қара  –  сәбиің  шырайлы  болады,  бұлақтың 
көзін аш – бала қайырымды болады», – деген 
секілді ұлағатты тәлімін беріп, аналарымыз 
жас  келіншектің  таным-талғамын  ұштап, 
баулып  отырған».  Қазіргі  заманда  мұның 
барлығы қарапайым болып көрінеді, барлығы 
іште жатқан балаға ұлттық тәрбиенің бағыты 
болып  табылады.  Содан  кейінгі  берілетін 
тәрбие  ананың  баласына  айтатын  «бесік 
жыры» әнінен бастау алады екен. Өздеріңіз 
оқып жүрген шығарсыздар, атаның сөзі бар: 
«Немересіне ертегі айтпайтын әжелер азай-
ып  бара  жатыр,  сәбиін  бесікке  бөлемейтін 
келіндер азайды. Мен осыдан қорқамын…» 
деген.  Мінекей,  біз  соның  барлығын  ба-
сымыздан  өткеріп  келеміз,  -  дейді  апай 
ақтарыла.  Қазақ  «Әйел  –  үйдің  ырысы,  ер-
кек – сырттың тынысы» дейді. Барлығы әйел 
адамға байланысты болғандықтан, ең алды-
мен біздің қыздарымыз, аналарымыз ұлттық 
тәрбиенің  үлгі-өнегесін  бойына  сіңіруі  ке-
рек. Ұлттық тәрбиенің жұтаңдығынан, арқау 
жібінің  бостығынан  бізге  бір  жағы  Батыс 
бағыты,  бір  жағы  Шығыс  бағыты  әсер  ету-
де.  Бет-аузын  тұмшалап,  қап-қара  киінген 
қазақтың қыздары мен иегіне бір шоқ сақал 
қойған жап-жас балалардың қатары көбейген. 
Бұл бір жағы болса, енді бір жағы шалбары 
ышқырынан түсейін деп, кіндігін шошайтқан 
қыздарды,  темекі  тартып,  арақ  ішіп  тұрған 
жастарды  көресің.  Міне,  осындай  екі  орта-
да  қалған  жайымыз  бар.  Қазақтың  тәлім-
тәрбиесін  қай  жағы  жеңеді,  қай  жағымыз 
жеңіп  аламыз  дегендей  қарауда.  Бұл  біздің 
тек қана ұлттық тәлім-тәрбиемізге ғана емес, 
ұлттық  тұтас  ұғымымызға  кәдімгідей  іріткі 
салуда, шабуыл жасауда...» 
Педагогика 
және 
психология 
ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек 
сіңірген  ғылым  және  техника  қайраткері, 
академик,  Т.Т.Тәжібаев  атындағы  Этнопси-
хология  және  этнопедагогика  орталығының 
директоры Құбығұл Жарықбаев халық пе-
дагогикасы  арқылы  тәрбие  беру  жайлы  өз 
ойларын ортаға салды.
«...Менің  Қазақ  Университетінде  жұмыс 
жасағаныма  30  жылдай  болды.  Сонда  өзім 
сияқты  бір-екі  ақсақалдармен  ақылдасып, 
«Ұлттық  тәлім-тәрбие»  қауымдастығын 
құрғанбыз,  алдағы  жылы  20  жыл  толады. 
Сондықтан бұл жиын тонның ішкі бауындай 
өтуі керек. Ұлттық тәрбиенің ең алдымен, те-
ория, әдіснамасын жасауымыз қажет. Оған 20 
жылдың ішінде де шешім шығара алмадық. 
Осы  мәселе  жөнінде  1998  жылы  алғаш  рет 
Клара Кожахметова деген қарындасым дис-
сертация қорғады. Мен оның оппоненті бол-
дым.  Сонда  оның  әдіснамалық-теориялық 
негізі талай жылдарға баратынын айтқан едім. 
Енді бәріміз жабылып, мұның әдіснамалық, 
теориялық  негізін  жасауымыз  қажет. 
Ұлттық  тәрбие  деген  сөз  баяғыдан  айты-
лып жүргенімен, қазір жиірек қолданылуда. 
Қара шаңырақтың осындай іспен айналысып 
отырғаны  көңіл  қуантады...»,  –  деп  мұның 
маңыздылығын атап көрсетті.  
Тәрбиенің  мақсаты  Абай  шығармалары 
арқылы  ары  қарай  өрбіткен  Мекемтас 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет