Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Ә.С.Бейсенова
география ғылымдарының докторы, профессор, 
ҚР ҰҒА-ның академигі,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «География және 
экология ғылыми-әдістемелік орталығының» меңгерушісі
Д.Т.Алиаскаров –
 «Қазақстан  географиясы және ГОӘ» кафедрасының ассистенті 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Егеменді елдің іргетасы қаланып, экономи-
касы дамуға бет алған қазақ елінің болашағы 
– оның сапалы дайындалған, инновациялық 
технологияларды жетік меңгерген, қазақтың 
ұлттық тәрбиесін бойына сіңірген жастардың 
қолында. 
Тәуелсіз  Қазақстан  тарихында  алтын 
әріптермен  жазылатын  кешегі  «Астана 
саммиті»,  бүгінгі  мұсылман  елдері  ли-
гасына  төрағалығы,  Азия  елдерінің  ба-
сын  қосқан  қысқы  Азиада  ойындары  –  ол 
бүгінгі  Қазақстанның  атқарған  қыруар 
жұмыстарының  бір  бөлшегі.  Осындай 
жетістіктеріміздің тұрақты болуы үшін ішкі 
саясаттың  оң  жолға  қойылуы,  еліміздегі 
ұлттар  достығы,  діни  конфессиялардың 
бірлігі бүгінгі күннің талабынан туындаған 
жағдай. 
Өтпелі 
кезеңде 
ұлыларымыз 
қалыптастырып  кеткен  ұлттық  тәрбиенің 
желісін үзіп алдық. Тіліміздің шұбарлануы, 
дініміздің  аясының  тарылуы  –  ғасырлар 
бойы  Орыс  империясының  ықпалында 
болғандығымыздан.  Ұлттың  болмысын 
анықтайтын тілдің теориялық негізін салған 
–  Алаш  қайраткерлерінің    Қазақстанның 
мәдениеті мен әдебиетінің дамуындағы рөлі 
ұшан-теңіз. Кешегі өткен батырларымыздың 
ерліктері,  би-шешендеріміздің  ұлағатты 
сөздері  бүгінгі  күнгі  жастарымыздың  бой-
ында ұлттық тәрбиенің қалыптасуына әсері 
мол.  Тек,  солар  қалдырған  мұраны  заман 
талабымен байланыстыра отырып дамыту – 
бүгінгі күннің талабы. 
Бүгінгі қоғамда ұлттық тәрбиені оң жолға 
қою  үшін  келесі  бағыттар  бойынша  жұмыс 
жасау қажеттігі айқын:
1.  Кеңестік  кезеңде  қалыптасқан  «біз 
– бір ұлтпыз» деген, өз ұлтын менсінбеген, 
тілін  қадір  тұтпаған,  дінін  сатқан  жалған 
«патриоттардың»  бойына  ұлттық  сезім 
ұялату,  оларды  бүгінгі  тәуелсіздік  рухына 
тәрбиелеу;
2.  Кезінде  ата-бабаларымызға  қоныс 
болған  ұлан-байтақ  өлкеде  жер  атаула-
ры  өзгерді,  көбі  келімсектердің  аттарына 
қойылды.  Қазақ  –  табиғат  құбылыстарын 
жете  білген,  түсінген.  Халық  оның  ұғым-
түсінігінде 
ұлттық 
сананы 
оятатын 
тұжырымдар  көптеп  кездеседі.  Осындай 
табиғат  танымдары  арқылы  отансүйгіштік 
сезімдерді оятып, табиғат сұлулығы арқылы 
берілетін тәрбие жұмыстарын жетілдіруіміз 
керек,  оларды  жас  буынның  бойына  сіңіру 
қажет. Мысалы, С.Сейфуллиннің:
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтсаң, тоясын ба? – деген 
жолдарында  ұшырасатын  табиғаттың  адам 
денсаулығына дауа, жұпар иісін сезіну оған 
деген құштарлықты оятатынын, табиғаттың 
сұлулығын түсінуге жол ашпай ма?
Әрбір атау ұлттық болмысты анықтайды, 
сол  себептен  атауларға  қатысты  жұмыстар 
жасауымыз керек-ақ;
3.  Бүгінгі  ұрпақ  Алаш  арыстарын, 
олардың  педагогикалық  мұрасын  дұрыс 
түсіне  білмейді.  Бұл  –  біздің  қазіргі 
тәуелсіздігімізге  қызмет  ететін  ұлы  мұра. 
Онда ұлт тәуелсіздігі, халықтың дәстүрі мен 
дербес шаруашылығын құрудың мәселелері, 

20
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
оқу-ағарту идеялары жан-жақты қамтылған. 
Олар XX ғасыр басында патша отаршылда-
рына  қарсы  үн  көтеріп,  тәуелсіз  қазақ  елін 
құруды  армандаған,  сол  салада  бірқатар 
шешуші  қадамдар  жасаған.  Алаш  мұрасы 
–  түгелдей  біздің  тәуелсіздігімізге  қызмет 
етеді.  Ахмет  Байтұрсыновтың,  Міржақып 
Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек 
Аймауытовтың,  Халел  Досмұхамедовтың 
әдеби-көркем туындыларымен бірге Ұлттық 
мектеп  үшін  жасаған  оқулықтары  –  бүгінгі 
ұрпақ үшін зор үлгі;  
4.  Тәуелсіз  ел  болған  тұстан  бастап, 
сырттан  келген  «мәдениет»  (атыс-шабыс 
кинолар,  мағынасыз,  мәнсіз  әндер,  т.б.) 
қыздардың  көше  жағалауына,  жігіттердің 
жеңіл  жолмен  ақша  табуына,  кісі  тонауы 
мен  адам  өлтіруіне,  әр  түрлі  діни  ағымдар 
жетегінде  кетуіне  бірден-бір  түрткі  болды.  
Соның айғағы ретінде бүгінгі күнгі қоғамда 
бет-аузын  тұмшалаған  қыздар,  сақалын 
өсірген ерлер саны күн санап көбеюде. Тіпті, 
сәнге айналды десек те болады. Ислам дінінің 
қағидаттарын жете түсінбегендер бұл күндері 
қоғам  құртына  айналған  діни  ағымдар 
жетегінде  кетуде.  Имандылықтың  жүректе 
екенін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Ұлттық 
сусынымыз қымыз бен шұбатымызды да арақ 
пен  темекіге,  нашақорлыққа  айырбастадық. 
Ұлттық  болмысын  жоғалтқан  кейбір  аза-
маттарымыз  да  қартайған  әке-шешелерін 
қарттар  үйіне  тапсыруда.  Қай  замандарда 
қазақтар әке-шешесін далаға тастап, қыздары 
пәренжі жауып, жастары дорба сақал өсіріп 
шала  молда  сияқты  жүрген.  Қазақ  үлкенді 
құрметтеген,  жетімін  жылатпаған,  жесірін 
сыртқа теппеген батыр, дархан, алғыр халық 
болған.  Бұл  –  біздің  ұлтқа  ғана  тән  ерекше 
қасиеттер.  Бүгінгідей  адамдардың  психо-
логиясы  өзгерген  заманда  қоғамдағы  осын-
дай  жағдайлардың  алдын-алу  мақсатында 
ұлттық мұрамызды, дәстүрімізді кеңінен на-
сихаттау қажет;
5.  Бүгінгі күннің өзінде  көптеген біздің 
атақ-дәрежесі  бар  педагогтарымыз  педаго-
гикадан  оқушыларға,  студенттерге  дәріс 
беруде  кеңестік  дәуірдегі  ғалымдардың 
(Ушинский, Сухомлинский т.б.) тәжірибесіне 
көп  сүйенеді.  Бұл  әрине,  ұстаздардың 
этнопедагогика 
қайраткерлерінің, 
би-
шешендердің  ұлттық  тәрбиенің  негізі 
екендігінен  бейхабарлығын,  тәжірибесінің 
аздығын  көрсетеді.  Осы  орайда,  қазақтың 
ұлттық  тәрбиесі  көлеңкеде  қалып  жататы-
ны сөзсіз. Қазақтардан шыққан алғашқы пе-
дагог  Ы.Алтынсарин,  балалар  әдебиетінің 
классиктері  С.Көбеев,  Б.Соқпақбаев  т.б. 
сияқты тұлғаларымыздың еңбектерін, Абай, 
Бауыржан  секілді  ұлыларымыздың  нақыл 
сөздерін кеңінен насихаттайтын күн жетті;
6.  Қазақ  халқының  ұлттық  болмысы 
бүгінгі  қоғамға  сай  жұмыс  жасауы  үшін 
этнопедагогикалық  құндылықтарымызды 
қайта  қалпына  келтіруге  ерекше  мән  беру 
шарт.  Бала  бесікте  жатқанда  «бесік  жы-
рын»  айтып,  балабақшада  ертегілердегі 
жағымды  кейіпкерлерін  үлгі  ете  білсек, 
мектепте 
баланың 
бойына 
ұлттық 
құндылықтарымызды 
тәрбие 
арқылы 
сіңірсек, ол бала күні ертең қоғамға пайда-
лы іс-әрекет жасары хақ. Осы орайда бүгінгі 
таңда елімізде «Балапан» бағдарламасы іске 
асуда. Ондағы мақсат – балабақшалар санын 
көбейтіп қана қоймай, ана тілін қадірлейтін, 
ана  сүтімен  берілген  отансүйгіштікке 
тәрбиелейтін  жас  буындарды  тәрбиелеу. 
Мәдени мұрамызды, халықтық дәстүрімізді 
жаңғыртып, 
бүгінгі 
қоғамда 
тиімді 
пайдалансақ, жаһандану жетегінде кетпесіміз 
анық;
7.  Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет 
іргетасын қалауда, индустриялық өндірістік-
шаруашылықты 
дамытуда, 
мәдениет 
саласының жандануына, саяси тұрақтылықты 
қалыптастыруда,  ел  экономикасының  да-
муы  үшін  атқарған  жұмыстары  ұшан-теңіз. 
Мұның  барлығы  дерлік  тәуелсіз  қазақ  елін 
өркениетті  50  елдің  қатарына  қосылу  үшін 
жасаған  қадамдары.  Саяси  тұрақтылық  пен 
халықтар достығы орнаған Қазақстан ЕҚЫҰ 
төрағалығын да сәтті атқарды. 11 жыл бойына 
жалғасын  таппаған  төрағалықты  Қазақстан 
әлем алдында қайта жандандырып, бірқатар 
мәселелерді шеше білді. 
Биылғы  елбасы  жолдауы    –  ел 
экономикасының  дамуына,  білім  мен 
ғылымның  жаңа  жетістіктерге  жетуіне, 

21
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
әлеуметтік  қамсыздандыру  мәселелерін 
шешуге  бағытталған  бірқатар  бағыттарды 
айқындап  берді.  Соның  бірі  –  қазақ  тілі 
мәселесі. 2020-жылға дейін халықтың 95%-ы 
қазақ  тілін  білуі  тиіс  деп  атап  көрсетті. 
Біздің  арамыздағы  қазақ  тілін  білмейтін 
көптеген педагог ұстаздарымыз, тілге атүсті 
қарайтын  қандастарымыз  және  Қазақстан 
жерін  мекен  еткен  әрбір  ұлт  өкілдері  үшін 
қазақ  тілін  үйренуде  ұлт  көшбасшысынан 
үлгі,  өнеге  алуы  тиіс  және  сол  елдің  ана 
тілін құрметтеуі еш мәселе туғызбауы керек. 
Бұл біздің қоғамның және ұлттық тәрбиенің 
үлкен келелі мәселелерінің бірі.    
Дегенмен де, балалардың білім кеңістігін 
ұлғайтуда, ана тілі арқылы, білім жүйесінің 
бала  ұғымына  жеткізе  білуде  ойлы 
ағартушылардың  еңбектері  әлі  де  жоғары 
тұр. Ы.Алтынсариннің:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған, – деген өлең жолда-
ры алдымен ауызға ілігеді. Осы шумақтағы 
барлық  тәрбие-біліктілікті  ұстаз  жас  ұрпақ 
бойына талдап, нақтылап түсіндірсе, еңбекке, 
өнерге,  білімге  деген  құштарлығын  оятып, 
жаңа жетістіктерге жетуіне бағдар берсе, ол 
ұстаздың еңбегінің жанғаны. Осы айтылған 
өлең  жолдарындағы  қағидалар  біздің  білім 
беру жүйесінде әлі де жеткілікті ескерілмей 
келеді. 
Алдымен  баланың  қабілетін  анықтау  ке-
рек. Ата-анасының неге бейім екенін, білімнің 
қай саласын жақсы көретінін бақылап жүріп 
бағыт-бағдар  беруі  тиіс.  Біз  мұғалім  дай-
ындаймыз.  Қазір  ел  баласын  мұғалімдікке 
бермейтін болды. Осы жайында «Бүгінде ел 
баласын неге мұғалімдікке бермейді?» деген 
тақырыпта, кең көлемде «Заң» газетінде мен 
мәселе  көтердім.  Оның  себебі,  мұғалімнің 
жалақысы  төмен,  жағдайы  жоқ.  Ұстаздық 
бағытты  таңдап  алғанда  оның  қаржысы           
басты  мәселе  болмауы  тиіс  әрине.  Мен 
мұғалім мынадай болу қажет деп тізбелемей-
ақ, Елбасы Жолдауындағы «Талантты педа-
гог өз оқушыларын таң қалдыра білуі керек», 
-  деген сөзді ақын Ғ.Қайырбековтың:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдары, – деген  
өлең жолдарын келтірсе де болады. Ұстазға 
артылар  жауапкершілікті  осыдан-ақ  түсіне 
беріңіз.
Қазіргі  таңда  жас  ұрпаққа,  жас  өскіндер 
бойына  ұлттық  салт-дәстүрлерімізді  на-
сихаттаумен  қатар,  экологиялық  білім 
тәрбиесіне  де  назар  аударғанымыз  жөн. 
Себебі, экология қазір ғаламдық мәселеге ай-
налып отыр. Ол мәселеден Қазақстан да шет 
қалмайды. Кезінде атом қаруы мен ғарыштық 
алаң  орталығы  болғандықтан,  бізде  ра-
диация  таралмаған  жер  жоқ.  Елімізді  қазір 
экологиялық апат қысып келе жатыр. Оның 
жайын  түсінетін,  оған  қарсы  күресе  ала-
тын,  экологиялық  проблемаларды  шешетін 
кадр  керек,  оны  дайындау  қажет.  Кадрлар 
қандай болу керек десек, олар ең алдымен, өз 
елінің  табиғат  жағдайындағы  экологиялық 
мәселерді шешу үшін жұмыс жасайтын және 
еліне деген патриоттық сезімі болуға тиісті 
маман қажет. Дамыған елдердің барлығында, 
әсіресе Батыс Еуропа мектептерінде,  ЖОО-
да  экология  пәні  оқытылады.  Бізде  бұл 
мәселеге әлі күнге дейін көз жұмып қарауда. 
Ал,  өркениетті  елдердің  тұрғындары  жа-
сыл желегі жайқалған табиғат аясында өмір 
сүруді  үйренген  солай  ете  бергісі  келеді. 
Қоршаған  ортаның  адамның  тұлға  ретінде 
қалыптасуына  өзіндік  әсері  бар  екенін 
ескерсек,  онда  біздерде  де  осыны  оң  жолға 
қойғанымыз тиімді болар еді. Көптеген шет 
елдерде бірінші орында адамгершілік, сосын 
экологиялық, одан кейін кәсіптік білім беру 
ісі  қойылған.  Дамыған  елдердің  осындай 
ұтымды жолдарын біздерде де қолдану қажет. 
Біздерде мұны ұлттық болмыс – экологиялық 
тәрбие  –  кәсіби  білім  бағытында  дамыту 
ыңғайлы.  Шет  елдерден  адамға  пайдасыз 
нәрселерді алғанымызша, осындай қоршаған 

22
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ортаға,  қоғамға  қажетті  шараларды  жүзеге 
асырғанымыз  ел  болашағы  үшін  пайдалы 
болар еді.
Еліміз  егемендік  алғалы  өркениетті 
елдердің қатарына жету үшін шаруашылықты 
дамыту, өндірісті өркендету, білім мен ғылым 
саласында  мамандар  дайындау  бүгінгі 
күннің  талабынан  туындап  отыр.  Тарихи 
қалыптасқан,  экономикасы  тұрақталған 
елдердің  қатарына  қосылу  үшін  бізге  жан-
жақты білімдар, өз мамандығына шебер кад-
рлар  керек.  Еліміздің  әрбір  азаматы  осыны 
ойлауға,  кадр  дайындау  ісін  жетілдіруге  ат 
салысуы қажет.
Жасыратыны  жоқ,  өтпелі  кезеңде, 
экономикамыздың нашар тұсында мамандар 
дайындау  ісінде  де  көп  олқылықтар  орын 
алды. Ата-ана да, мектеп те, жоғары оқу орын-
дары  да    көптеген  кемшіліктерге  жол  беріп 
алды. Соның айғағы – қолдарында күректей 
дипломдары  бар  азаматтардың  күнделікті 
күн  көрістің  қамымен  базар  жағалап,  арба 
сүйреуі,  қыздарымыздың  көше  жағалауы, 
аналарымыздың  дорба  арқалауы  сияқты 
нәрселер.  Сол  кезеңде  отбасы  тәрбиесін, 
салт-санамызда  қалыптасқан  дәстүрімізді 
әлсіретіп  алғанымыз  жасырын  емес. 
Мәскеуде, Санкт-Петербурда сыртта оқыған 
ғалымдарымыздың өзі күнкөрістің қамымен 
шет  ел  асты.  Өтпелі  кезеңде  дайындаған 
мамандарымыздың деңгейі төмендігі, таныс-
тамырлықпен  алған  дипломның  қоғамға 
пайдалы қызмет етпегені нәтижесін бүгінде 
көрсетуде.  Әсіресе,  мұғалім  дайындаудағы 
кемшіліктер  көзге  жиі  түседі.  Мұғалімдік 
диплом  алған  жастар  мектепке  бармайды, 
өйткені олар бұл мамандыққа қызығып бар-
май, мұғалім болу мұратын бойына сіңірмей, 
кездейсоқ  келгендер.  Мұндай  кемшіліктер 
барлық 
жоғарғы 
оқу 
орындарында 
байқалады.  Әлсіз  әзірленген  дәрігер,  инже-
нер, тағысын тағылар бізде әлі де жеткілікті. 
Осының  барлығы  да  біздегі,  қай  саланың 
мамандығы  болмасын,  сапасыздығын,  оны 
жетілдіру,  шыңдау  мақсатында  жұмыс 
жасалмағандығын көрсетеді.
Қорыта  келгенде,  жоғарыдағы  аталған 
мәселелердің  шешім  табуы  өзіміздің 
қолымызда.  Тек,  өткен  күнге  өкпе  артпай 
келер күннен үміт күтіп, соған қажетті ша-
раларды бүгіннен бастағанымыз абзал. Онда 
атқарылатын шараларға: этнопедагогикалық 
құндылықтарымызды қайта жаңғырту, халық 
арасында  кеңінен  насихаттау;  жастарды 
тәрбиелеуді балабақшадан бастап, ЖОО-дағы 
студенттерге дейін ұрпақты, ана тілін, дінін, 
ділін, отанын құметтеуге үйрету; халық ара-
сында  экологиялық  тәрбие  мәселесін  қолға 
алуымыз қажет. Ел болашағы жастар екенін 
ескерсек, сонда ғана біз болашаққа сеніммен 
қадам басар едік.
Бүгінгі  жаһанданған  заман  тұсында  ұлттық 
тәрбиені  кеңінен  насихаттау  жұмыстарын 
жүргізумен қатар, ұлы хакім Абай айтқандай: 
«Пайда  ойлама,  ар  ойла,  талап  қыл  артық 
білуге»  деген  қағиданы  жастарымыздың 
бойына сіңіруіміз қажет. Жастардың сапалы 
білім алуына, инновациялық технологиялар-
ды  игеруге,  ұлттық  құндылықтарымызды 
көзінің  қарашығындай  қастерлеуге,  елін 
құрметтеуге тәрбиелеу бүгінгі күнгі педагог 
ғалымдардың, ұстаздардың басты міндеті. 
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы национального воспитания в педагогическом об-
разовании и пути их решения.
Summary
Given article deals with the problems of national education in pedagogical education and the solutions 
of them.

23
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Д.Ж.Нүкетаева –
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
ЗАҢ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ 
БІЛІМ БЕРУ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚҰРАЛЫ
Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң 
1995  жылғы  21  маусымдағы  №2347 
қаулысымен 
бекітілген 
Қазақстан 
Республикасындағы 
жалпыға 
бiрдей 
құқықтық бiлiм беру туралы ережесінің жал-
пы бөлімінде: 
-  жалпыға  бiрдей  құқықтық  оқу  –  бұл 
бұқаралық құқықтық насихат пен азаматтарға 
құқықтық тәрбие беру жүйесi;
- осы Ереже Қазақстан Республикасында 
жалпыға бiрдей құқықтық оқуды жүргiзудiң 
мақсатын,  принциптерi  мен  тәртiбiн 
айқындайды;
-  жалпыға  бiрдей  құқықтық  оқудың 
мақсаты 
– 
азаматтардың 
құқықтық 
мәдениетiн  көтеру  және  заңды  құрметтеу 
дәстүрiн қалыптастыру;
-  жалпыға  бiрдей  құқықтық  оқудың 
ұстанымдарына: 
-  халықты жаппай қамту;
-  жүйелiлiк; 
-  үздiксiздiк; 
-  құқықтық  бiлiм  алуға  мүдделiлiк 
және  оны  алу  мүмкiндiгiн  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз етудегi мемлекеттiң мiндетi; 
-  дербестiк 
(түрлi 
санаттағы 
азаматтардың  жасын,  кәсiбiн  және  басқа  да 
ерекшелiктерiн  ескеру)  болып  табылады 
делінген білім беруді жатқызады [1]. 
Бүгінгі заманда мемлекеттің жаңа тұрғыда 
дамуы, білімінің сапасын арттырып жоғары 
дәрежеге  жеткізу  мақсатының  жүзеге  асы-
рылуы  мектеп  табалдырығынан  бастау 
алады.  Мектеп  табалдырығында  оқушы 
жастарға берілетін білім мен тәрбие мемле-
кет  азаматының  тұлғасын  қалыптастырып, 
дамытушы құрал болып табылады. Есейген 
адамға  қарағанда  санасы  мен  мінез-құлқы 
жаңадан  қалыптаса  бастаған  жасөспірім  – 
тәрбиенің қолайлы объектісі болып табыла-
ды. Осыдан келе тұлғаның құқықтық санасы 
мектептегі құқықтық білім беру мен тәрбиелеу 
жүйесі арқылы қалыптасатындығына көзіміз 
жетеді.
Жеке  тұлғаға  сапалы  құқықтық  тәрбие 
берудің  негізгі  дәлелі  –  тұлғаның  жоғары 
деңгейде  дамыған  құқықтық  санасы  мен 
мәдениеті. Мектеп табалдырығынан бастала-
тын құқықтық тәрбие оқушының құқықтық 
ұғымын  қалай  дамытып,  құқықтық  сана-
сын  қалыптастырып  жетілдіретіндігінде. 
Құқықтық  тәрбиенің  бағдары  тұлғаның 
құқықтық  санасы  мен  мәдениеті  ғана  емес, 
сондай-ақ  барлық  құқықтық  қызметінің 
негізгі  бағыттарын  анықтай  отырып,  осы 
үдерістің  сапалы  жүзеге  асуына  негіз  бола-
ды.  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  заң  жүйесін 
оқыту  арқылы  оқушыларды  құқықтық 
тәрбиелеу мәселесі ұлттық тәрбиемен тығыз 
байланыстылығы айтпай ақ белгілі.
Түркі  қағанаты  елі  деп  аталған  мемле-
кет  өзінің  1500  жыл  өмір  сүруі  барысында 
ұлттық әдептілік тәлім-тәрбиеге ерекше мән 
берген. Олар:
-  Еділ-Жайық  өңірін  жайлаған  Қазан  та-
тарлары, башқұрттар, шуаштар, 
қырым татарлары;
-    Кавказды  жайлаған  әзербайжан, 
дағыстан, ноғай, қарашай-балқар;
-  Батыс  Түркістанды  жайлаған  қазақтар, 
өзбектер, 
түрікмендер, 
қырғыздар, 
қарақалпақтар;
-  Шығыс  Түркістанды  мекендеген  саһа, 
шор, саян, хақас, алтайлықтар еді [1, 5 б.].
Бала  дүниеге  келгеннен  отбасында 
көрген  ұлттық  тәрбие  арқылы  оның  сана-
сы мен мәдениеті, тәртібі қалыптасып, мек-
теп  табалдырығында  жетіле  бастайды.  Жа-
старды  өз  отанын  сүйетін,  адамгершілігі 
мол,  қоғамдық  және  құқықтық  санасы  мен 
мәдениетін,  белсенділігін,  білімін  дамыту 
үшін  мектептегі  ұйымдастырылып  өтілетін 
тәрбие  түрлерінің  бірі  құқықтық  тәрбие. 
Оқушыларға қазақ даласындағы заң жүйесін 

24
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
оқыту  арқылы  құқықтық  білім  мен  тәрбие 
беру  ұлттық  тәрбиенің  бір  саласы  десек  те 
болады. 
Қазақ  халқы  ар,  намыс,  адамгершілік, 
имандылық идеяларын терең түсініп, оларды 
тәрбиеге топтастырған. Тәрбие мәні адамдық 
қасиеттерді  сақтау,  тәртіп  бұзбау,  біреудің 
құқығына қол салмау сипатында өрілген. Бұл 
мақсатқа  жету  жолы  тек  күнделікті  тәлім-
тәрбие, үлгі-өнеге деп ұққан. Оған жеткізетін 
басты  құрал  –  қызыл  тіл  деп  білген.  Ұлан 
асыр  кең  далада  сөз  өнерінің  қарқынды  да-
муы да  сол себепті. Бұл өнермен төрелік ай-
тушылар міндетті түрде таныс  болып, сөзді 
құрал  етіп  пайдаланған.  Сөз  өнері  әркімді 
ойлануға, шешен сөйлеуге міндеттеген. «Сөз 
мәдениеті  көшпелі  және  жартылай  көшпелі 
қазақ қоғамының бүкіл болмысының, оның 
барлық  өмір  салаларының  (шаруашылық, 
әлеуметтік,  саяси-құқықтық,  тұрмыстық 
т.б.) ішкі рухани өзегі әрі мәйегі іспеттес еді» 
[3, 50 б.] деп, З.Кенжалиев жоғарыда айтып 
отырған  мәселелерді  терең  түсінетін  кемел 
заңгер екенін көрсетеді.
Кең  ауқымды  территориядағы  көші-қон 
үдерісін қамтамасыз етудің күрделілігі мем-
лекет тарпынан жер қатынастарын реттеуде 
жаңа  әдістерге  көшу  қажеттігін  тудырды. 
Оның  үстіне  терең  этникалық  үдерістердің 
орын  алуы,  қазақ  халқының  ұлт  ретінде 
қалыптасу  процестерінің  әлі  де  болса  кең 
қанат  жаюы,  жаңа  рулар  мен  тайпалардың 
пайда  болуы  бұл  процестерді  реттеуге  де-
ген  қажеттілікті  туындатты.  Бұл  тұрғыдан 
жаңа нормативті құжаттардың, оның ішінде 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның 
ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысының» 
пайда болуы Қазақ хандығының дамуындағы 
терең эволюциялық процестерді айқындайды. 
Бұл  процестердің  орын  алуын  Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ құқығының тарихын-
да  сол  заманнан  жеткен  үш  заң  ескерткіші 
бар,  олар  аңыз  бойынша  Қасым  мен  Есім 
хандардың  есімдеріне  байланысты  айты-
латын  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім 
ханның ескі жолы» және «Тәуке ханның жеті 
жарғысы». «Жеті жарғыға» ХҮІІ ғасырдағы 
қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік өмір 
қажеттерінен  туған  қаулылар  енді.  Осынау 
құқықтық ескерткіштер қазақ халқының дер-
бес мемлекеттік алып, бірлесуге құлшынған 
сан ғасырлық арманын айқын көрсетті», –деп 
түсіндіреді [4, 212 б.].
Қазақ  халқының  құқықтық  әлемін 
терең  білетін  заңғар  ғалым  С.З.Зиманов 
адамгершілік  пен  құндылықтарға  толы 
ұлы  дала  демократиясының  институт-
тары  негізінен  әділ  сот  пен  шешендік 
ділмарлықтан  тұрып,  өзін-өзі  басқару 
еркіндігін  сақтағанын айта отырып, оны үш 
фактормен түсіндіреді.
Бірінші  фактор  –  Орталық  Азияны  ме-
кендеген  тұрғындардың  басым  бөлігі  үшін 
ортағасырлық тарихи жағдайда өмір сүрудің 
бірден-бір негізін құраған мал шаруашылығын 
дамытуға  барлық жағынан қолайлы болып 
келген, халқы сирек қоныстанған ірі табиғи 
кеңістіктің болуы.
Екінші  фактор  –  осы  ұлан-ғайыр  жер-
де  еркін  психологияға  ие  көшпелілер 
бірлестіктерінің  өмір  сүруі.  Оның  қайнар 
көзі  мен  негізін:    а)  көшпелі  өмір  үрдісі 
еркіндігі мен оның дәстүрлі мәдениетін қызу  
қолдаушылар; ә) ғұн, қыпшақ, монғол және 
темуридтер империясы қол астындағылардан 
түрлі  себептермен  бөлінген  қоныс  аудару-
шылар...; б) жайылымдық – көшпелі жерлерді 
және өзін-өзі басқару еркіндігін іздеушілер... 
құрады.
Үшінші фактор – қыпшақ даласы деп ата-
латын  кең  байтақ  аймақ  көшпелі  өркениет 
пен  еркін  көшпелілердің  көп  жағдайларда 
жалпы  адам  құндылықтарымен  үндес 
мәдениетін  бойына  сіңірді.  Қоғамда  Сөз 
құдіреті мен Әділ Сот құдіреті өмірлік күшке 
ие болды [5, 19-20 бб.]. Міне, осылайша кең 
байтақ  қазақ  жері  еркіндік  пен  бостандық 
аясында  өзара  теңдік,  өзін-өзі  басқару, 
әділдік, адамгершілік, имандылық негізінде 
қалыптасып,  дамыды.  Қоғамды  реттеуші 
нормалар  басты  тұтқаға  айналып,  өмір 
болмысының  барлық  тармақтарын  реттеді. 
Бұл еркін, азат өмір сүрушілерге қолайлы да 
ыңғайлы болды.
Қазақ  құқық  жүйесінің  ұстанымдарын 
заңгер-ғалым  З.Кенжалиев:    бас  ұстаным, 
ара  (ортақ)  ұстанымдар  және  дербес  (жеке) 
ұстанымдар  топтайды  [3,  64  б.].  Құқықтық 
нормалар  мен  құқықтық  ұстанымдар  өзара 
тығыз  байланыста  болады.  Нормалар  мен 

25
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ұстанымдардың  бірлігі  құқықтық  норма-
лар  жүйесінің  мәдени-рухани  деңгейінің 
жоғары  болуына  ықпал  ететін.  Құқықтық 
көзқарастар  мен  идеялар  реттеуші  күштер 
арқылы соларға сай ұстанымдарын тудыра-
ды. Ал, олар өз кезегінде әр түрлі тұрмыстық 
жағдайларды,  қарама-қайшылықты  шешуге 
бастама  болады.  Нәтижеде,  жалпыға  ортақ 
үлгіге  бағындырып,  логикалық  мән  беру 
себепті, өзара тұрақты және өзара үйлесімді 
логикалық  ұстанымдар  мен  құқықтық 
идеялар  шығуына  әсер  етеді.  Сөйтіп,  олар 
құқықтық жүйені қалыптастырады. Әдеттік-
құқықтық институттар мен олардың салалары, 
бірлестіктері  осындай  міндетті  жүзеге  асы-
рады. Институттар нормативтік-заңнамалық 
құқық жүйесінің негізгі құрылымдық бөлігі 
болып табылып, олардың қызмет етуінде де 
маңызды  рөл  атқарады.  Өйткені,  олар  бір 
жағынан, әлеуметтік өмірдің сәйкес салала-
рын тиімді реттеу қажеттілігіне орай, әр түрлі 
нормаларды айрықша мүдделерге біріктірсе, 
екіншіден, құқық саласын қалыптастырады.
Қазақ даласында мемлекет пен құқықтық 
ара-қатынасы  жөнінде  М.Т.Баймаханов: 
«оларға 
көптеген 
объективті 
және 
субъективті 
факторлар 
әсер 
етеді: 
экономиканың  даму  деңгейі,  халықтың  әл-
ауқаты,  елдің  әлеуметтік  тұрақтылығы, 
қоғамдық  және  мемлекеттік  құрылыстың 
демократиялық  деңгейі,  аса  маңызды  сая-
си  институттардың  ара  қатынасы,  басқару 
элитасы  мақсаттарының  бағыттылығы, 
басшылардың жеке басының қасиеті. Осыған 
байланысты  мемлекет  пен  қоғамның  өзара 
қарым-қатынасының тұрпаты қалыптасады» 
– деп пікір айтқан [6, 511 б.].
Бұл  пікір  қазақ  хандығының  сая-
си  жағдайымен,  оның  ішкі  және  сыртқы 
қызметтерімен тығыз байланысты. Бұл мем-
лекет  пен  құқықтық  жүйенің  кемелсіздігін 
емес,  қайта  заман  талабына  икемділігінің 
көрсеткіші болып табылады. Қазақ хандығы 
дәуіріндегі заң жүйесін мектеп оқушыларына 
оқытуда  сол  дәуірдегі  саяси-құқықтық  ой-
ларды,  мемлекеттік  институттар  мен  саяси-
құқықтық жағдайды ескерген дұрыс.
«Қазақ хандығы пайда болған күнінен ба-
стап, соңғы күніне дейін түркі мемлекетінің 
дәстүрінің  жалғастырушысы  болып  та-
былды.  Түркі  өркениетіндегі  мемлекет  пен 
құқыққа  деген  философиялық  көзқарастың 
мұрагері  ретінде  Қазақ  хандығы  дәуірінде 
қалыптасқан саяси-құқықтық мәдениет (мек-
теп) бүгінгі зерттеушілерді дәстүрлі зерттеу 
әдістерінен  басқа  альтернативті  әдістерді 
іздеуді талап етеді. Бұл көшпелі шаруашылық 
пен  даладағы  адамдардың  еркін  сүйгіштік 
табиғатымен  тығыз  байланысты»,  –дейді 
Ш.Қ.Ергөбек өз зерттеулерінде [7, 8 б.].
Е.М.Абайдельдинов  қазақ  даласындағы 
заң  жүйесінің  жан-жақтылығын:  «қазақ 
хандарының  заң  шығару  негізіне  монғол, 
Ресей  және  басқа  да  Еуропа  елдерінің 
мемлекеттік  билікті  жүргізуіне  қажетті 
болған  түркі  елдерінің  мемлекеттік, 
әкімшіліктік, 
қаржылық 
қызметтерін 
ұйымдастыру тәжірибесінің әсері басым», – 
деп тұжырымдайды [8, с. 108].
Қазақ 
хандығының 
мемлекеттік 
реформаларының,  билік  органдарының 
дәстүрлі  институттарға  жақындығы  да 
сондықтан.
Қ.Омарханов  қазақ  даласындағы  заң 
жүйесі  жөнінде:  «Оның  тегеурінді,  әрі 
тиянақты 
болғандығы 
соншалықты, 
алғашқы  қауымдық  құрылыстан  бастап, 
патриархалдық-феодалдық,  одан  кейінгі 
қоғамдық  формацияларда  да  өзінің  мәнін 
жоймай,  қазақ  ұлтының  дәстүр-салты  мен 
құқықтық ерекшеліктерін мыңдаған жылдар 
бойы қаймағын бұзбай сақтап келді. ...Әдет-
ғұрып қандай қоғамда болмасын адамдардың 
мінез-құлқындағы өзге ережелерге қарағанда 
қоғам  мүшелерінің  психологиясына  ерекше 
әсер  беретін  нормативтік  жағынан  инер-
циясы  басым  келетін  құқықтық  өлшем. 
Егер ол белгілі бір уақыт ішінде өмір сүріп, 
халықтық  сипат  алса,  мемлекет  мүддесіне 
сай келсе, мемлекеттік биліктегі заң нормасы 
деп танылған», – дейді [9, 32б].
«Қазақ  көшпелі  өркениеттің  көрсетілген 
қоғамдық даму сатысында билік жүргізудің 
негізгі  қағидасы:  көшпелі  қазақ  өркениеті 
жүздеген жылдар бойы этикалық-нормативтік 
тәртіптерді  қалыптастырып,  оларды  сақтау 
күш қолдану және жаза қолдану мен қорқыту 
арқылы емес, керісінше саналы түрде орын-
даумен  қамтамасыз  етіліп  отырды,  неге  де-
сек,  жеке  адам  көшпенділердің  мүдделері 

26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жас  кезден  ұжымдық,  қауымдық  психо-
логияны  қалыптастырып  отырды»  деген 
С.Өзбекұлы  [10,  18  б.].  Оның  тұжырымы 
арқылы  қазақ  халқы  мемлекеттілігінің  да-
муына бірінші орынға адам құқықтары мен 
бостандықтарын,  тәртібін  қойғандығына 
көзіміз  жетеді.  Нақтырақ  айтатын  болсақ, 
қазақ  хандығында  азаматтық  қоғамның 
болғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Осы  мәселе  жөнінде  О.А.Сегізбаев: 
«Қазақстанның  мемлекеттік  құрылымы 
хандық қалыпта қалыптасуында оның билік 
формасы  мен  басқарушылық  қызметтерін 
күшейту  мақсатында  әдет-ғұрып  норма-
ларын  мемлекет  өміріне  енгізу  халық  ал-
дында  беделді,  әрі  танымал  ақындардың, 
жазушылардың,  жыраулардың  қолдауымен 
жүзеге асырылды», – дейді. Себебі, қазақ дала-
сында өмір сүрген ұлы ойшылдар, ғұламалар, 
ақын-жыраулар,  қоғам  қайраткерлерінің 
негізгі арманы – Қазақстанда құқықтық мем-
лекет орнатып, азаматтық қоғам құру еді.
Қазақ  халқының  дәстүрлі  әдет-ғұрып 
құқық  жүйесі  өте  ұзақ  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан, 
көшпелі 
этностардың 
өркениетті,  мәдени-рухани  құндылықтары 
болып  табылады.  Өзге  аумақтарда  жасаған 
этностар  өркениет,  құқықтық  мәдениет, 
адамгершілік,  бостандық,  әділдік  жай-
лы  толғанып-ойлана  қоймаған  замандарда 
біздің ата-бабаларымыз Ұлы Даланың өшпес 
мәдениетін,  демократиялық  сипатқа  толы 
қағида-ережелерін  жасады.  Оны  жүзеге 
асырушы  билер  өз  мүдделерінен,  руласта-
ры мүдделерінен гөрі көптің, елдің мүддесін 
жоғары  қойып,  адамгершілік  идеология-
сын  дәріптеді.  Билер  де,  ел  басшылары  да, 
ақсақал,  көсемдері  де  сөзге  шешен,  ойға 
терең,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр  қағида-
ережелерін  жетік  білетін  данышпан,  ел 
басқарушысы болды. Бұларды үздіксіз, үнемі 
қоғамдық пікір таразылап бақылап отырды. 
Әбден  жетілген,  тәжірибеден  өткен  қағида-
ережелер  халықтың  тұрмыс-тіршілігімен 
өзектес,  мәні  қисындас  болып,  өмір  сүруін 
ұзартты [11, 102-103 б.б.].
Осы жайында айта кетер бір жай, ол би-
лер соты қылмыскерге жаза тағайындағанда, 
қылмыскерге  құн  төлеуге  руластары 
көмек  беріп  отырған.  Сонымен  бірге,  қазақ 
даласындағы 
заңдарда 
міндеттемелік 
құқыққа  асар,  сауын,  жылу  сынды  инсти-
туттар  кіріктірілген.  Міндеттемелік  құқық 
нормаларының  реттелінуі  арқылы  адамның 
санасына  өз  міндеттері  мен  құқықтарын 
ұғындырып  отырған.  Мысалы:  жылу  (апат 
немесе  т.б.  табиғи  құбылыстардан  зардап 
шеккендерге  берілетін  көмек);  асар  (егін 
егу  немесе  үй  салу  барысында  ауыл  болып 
көмек беру); аманат (жеке тұлғаға белгілі бір 
мерзімге берілетін мүлік, мал) және т.б.
Мектептегі  оқушыларды  құқық  тарихы 
негізінде  тәрбиелеу  үдерісі  мектепте  сабақ 
барысында  және  сыныптан  тыс  уақытта 
жүргізіледі. Сабақ барысындағы жүргізілетін 
құқықтық  тәрбие  негізгі  «Қазақстан  тари-
хы»,  «ҚР  мемлекет  және  құқық  тарихы», 
«Мемлекет және құқық теориясы» және «ҚР 
мемлекет  және  құқық  негіздері»  пәндерін 
қамту  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ал,  сы-
ныптан  тыс  уақыттағы  құқықтық  тәрбие 
іс-шараларына  мектепте  өткізілетін  тәрбие 
сағаттары,  факультатив  сабақтар,  әр-түрлі 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  кіріктірілген. 
Сонымен  бірге,  сыныптан  тыс  уақыттағы 
тәрбиеге  ықпалын  тигізуші  институт  –  бұл 
оқушының  қоршаған  ортасы.  Нақтырақ  ай-
татын  босақ,  оқушының  отбасы,  достары, 
араласатын құрдастары және т.б. жатқызуға 
болады.
Осындай 
негіздемелерге 
сүйеніп, 
құрылған  міндетті  және  элективті  курстар-
ды  мектеп  оқушыларына  құқықтық  тәрбие 
беруге ықпал-әсерін экспериментте тексеріп 
байқауды мақсат еттік.
«Құқық  негіздері»  курсы  мектепте 
9-сыныпта  өтілетін  пән.  Бұл  пән  жалпы 
құқық  саласын  толық  қысқаша  қамтиды. 
“Құқық  негіздері”  пәнін  өтудің  екі  себебі 
бар: біріншіден, Қазақстан Республикасының 
азаматы  ретінде  өзінің  құқықтық  білімін, 
белсенділігін,  санасы  мен  мәдениетін 
жетілдіреді. Сондай-ақ, мемлекетіміздің заң 
жүйесімен және т.б. заң нормаларымен рұқсат 
етілген  немесе  тыйым  салынған  нормалар-
мен  танысады;  екіншіден,  заң  нормаларын 
білу, өзінің құқықтары мен бостандықтарын, 
міндеттерін ұғынады, құқықтық санасы мен 
мәдениеті қалыптасып, дамиды.
Бұл пән мемлекет және құқық теориясының, 

27
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
мемлекет және құқық тарихының, азаматтық 
және  қылмыстық,  еңбек,  отбасы,  эколо-
гия  және  т.б.  құқық  негіздерін  қамтиды. 
Оқушыларға  қазақ  хандығы  тұсындағы 
заң  жүйесі  негізінде  құқықтық  тәрбие  беру 
мақсатында  біз  «Құқық  негіздері»  пәнінде 
қарастырылатын құқық салаларын ұлы дала 
заңдарымен байланыстыра отырып оқытуға 
бағдарлама құрдық. Мұнда «Құқық негіздері» 
пәні келесідей мәселелерді қамтиды:
-  Мемлекет  және  құқық  теориясының 
негіздері  тақырыбы  бойынша  оқушылар 
мемлекет пен құқықтың пайда болу процесі, 
ол  туралы  теориялар,  олардың  ұғымы  мен 
маңыздылығы,  мемлекеттік  билік,  мемле-
кет қызметі, аппараты, нысаны және құқық 
нормасы,  құқықтық  сана  мен  мәдениет, 
құқықтық  мемлекет  пен  азаматтық  қоғам, 
құқық бұзушылық және заңды жауаптылық 
нормаларын  білу  арқылы  оқушылардың 
құқықтық білімінің негізі қаланады;
-  ҚР-сының  конституциялық  құқық 
негіздері  тақырыбы  бойынша  оқушы 
ҚР 
Конституциясының 
құрылымын, 
өздерінің  конституциялық  құқықтары  мен 
бостандықтарын,  міндеттерін,  мемлекеттің 
конституциялық  құрамын,  мемлекеттің 
сайлау  жүйесін  білуі  және  оларды  қазақ 
даласындағы  заңдармен,  қазақ  халқының 
құқықтары  мен  бостандықтарымен,  билер 
иснтитутымен  байланыстыру  арқылы  оның 
құқықтық  мәдениеті,  санасы,  білімі  мен 
белсенділігі артады;
-  ҚР-ның  құқық  қорғау  органда-
ры  тақырыбы  бойынша  оқушылар  ара-
сында  құқықтық  тәрбие  және  кәмелетке 
толмағандардың  құқық  бұзушылығын  ал-
дын алу шараларына қатынасу іскерліктерін 
дамытады;
-  ҚР-ғы мемлекеттік басқару тақырыбы 
бойынша 
оқушы 
мемлекеттік 
билік 
органдарының қызметі, құзіреті, құқықтары 
мен міндеттері туралы біле отырып, оларға 
қатысты  заң  нормаларын  жүйелеуі  арқылы 
заң  нормаларымен  жұмыс  жасау  әдісіне 
үйренеді  және  қазақ  хандығындағы  билік 
формасының ерекшелігін біле алады;
-  Әкімшілік құқық курсында білім беру 
мекемелеріндегі мүшелердің құқықтары мен 
міндеттерін  білу,  әкімшілік  жауаптылық 
мәселелеріне шолу арқылы біледі;
-  ҚР-ның  азаматтық  және  отбасы 
құқығының  негіздері  тақырыбы  арқылы 
оқушы  азаматтық  құқықтық  қатынасқа 
түсуші  субъектілер  мен  объектілерді, 
құқақтық  қатынас  түрлерін,  мәміле, 
мұрагерлік нормаларын өтуі арқылы отбасы 
құқығы негіздерінен дәріс алады;
-  Оқушыларға  ҚР-сының  еңбек  және 
әлеуметтік  қамсыздандыру  құқығының 
негіздерін оқыту арқылы, оларға болашақтағы 
еңбек  ету  құқығын,  еңбек  келісім-шарт 
негіздерін,  ұжымдық  шарт  ерекшелігін, 
жұмыс және демалыс уақытын, жалақы мен 
әлеуметтік  қамсыздандыру  құқықтарын 
білдіреді;
-  ҚР-ның 
экология 
және 
жер 
құқығының 
негіздерін 
оқу 
арқылы 
оқушының қалыптасқан экологиялық білімі 
мен тәрбиесі заңды негізде дами түседі;
-  Қылмыстық  құқық  саласы  негізінде 
жасөспірімдердің 
істеген 
қылмыстық 
әрекеттерін  және  олар  үшін  жазалау  ша-
раларын  оқушыларға  түсіндіру  арқылы 
құқық  бұзушылықтың  алдын-алу  ісін 
жүзеге асыруға болатындығын оқушыларға 
ұғындыру негізгі мәселе болып табылады.
«Құқық  негіздері»  пәнін  қамти  от-
ырып,  мектеп  оқушысының  құқықтық 
білімі,  тәртібі,  санасы  мен  мәдениеті 
қалыптасып,  жетіле  бастайды.  Бірақ,  қазақ 
хандығы  тұсындағы  заң  жүйесі  негізінде 
оқушыларға құқықтық тәрбие беру мәселесі 
«Құқық  негіздері»  курсында  қамтылған  әр 
тақырыпты  қазақ  даласындағы  заңдармен 
салыстырып  оқуы  жеткіліксіз.  Сол  себепті, 
мектеп оқушыларын қазақтардың құқық та-
рихын оқыту арқылы тәрбиелеу мақсатында 
«Мемлекет және құқық теориясы» пәнін оқу 
үдерісіне енгіздік.
«Мемлекет  және  құқық  теориясы»  пәні 
құқық саласының негізін қалаушы курс. Бұл 
курс  толығымен  қазақ  хандығы  дәуіріндегі 
заң  жүйесін  қамтымаса  да,  оқушыларға 
құқық  тарихын  дұрыс  ұғынуға  негіз  бола 
алады.
«Мемлекет  және  құқық  теориясы»  кур-
сы  мемлекет  пен  құқықтық  ара-қатынасын, 
олардың  пайда  болуы  мен  дамуын,  ұғымы 
мен  нысандарын,  түрлерін,  қызметтерін, 

28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мемлекеттік  билік,  құқықтық  мемлекет, 
азаматтық қоғам, құқықтық сана, құқықтық 
мәдениет, құқықтық нигилизм, құқық пен заң 
ұғымдарын қамтиды. Бұл курс екі бөлімнен 
тұрады: мемлекет теориясы және құқық тео-
риясы.
«Мемлекет  және  құқық  теориясы»  пәнін 
оқыту  барысында  оқушыларға  әр  тақырып 
бойынша  тапсырмалар  беріп,  оның  орын-
далуын  қадағалау  міндетті.  Себебі,  оқушы 
мұғалім айтқанынан гөрі өзі ізденіп жұмыс 
жасаған  тақырыптарды  есінде  сақтап 
қалады.  Сондықтан,  жоғарыда  көрсетілген 
бағдарлама  негізінде  оқушыларға  келесідей 
тапсырмалар беріледі:
-   «Мемлекет пен құқықтың пайда бо-
луы» тақырыбы бойынша оқушыларға мем-
лекет пен құқықтың пайда болуы туралы те-
орияларды саралап, оларға өз пікірін айтуы 
арқылы бұл тақырыптың теориялық негізін 
жақсы біле алады;
-    «Мемлекет  ұғымы  және  оның  ны-
сандары»  тақырыбы  бойынша  оқушыларға 
мемлекетке өз ұғымы бойынша түсінік беру 
және мемлекет нысанын сурет-схема ретінде 
жіктеу тапсырмасы беріледі;
-    «Мемлекеттік  билік.  Мемле-
кет  қызметі  және  мемлекеттік  аппарат» 
тақырыбына  мемлекеттік  билік  жүйесін 
және ҚР конституциясын негізге ала отырып 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
билігін өздігімен жіктеу;
-    «Құқықтық  мемлекет.  Азаматтық 
қоғам»  тақырыбына  байланысты  «Мен  
Қазақстанды  құқықтық  мемлекет  ретінде 
қалай  көремін»,  «Азаматтық  қоғам  мүшесі 
қандай  болуы  керек»  тақырыптары  бойын-
ша шығарма жазу. Осы шығармаларды орын-
дау  арқылы  оқушының  өзіндік  тәрбиелену 
үдерісі жүзеге асады;
-  «Құқық  ұғымы  мен  нысаны» 
тақырыбы  бойынша  оқушыларға  берілетін 
тапсырма құқық ұғымын жан-жақты зертте-
ген  ғалымдардың  еңбектерінен  алып,  олар-
ды салыстырып, өз тұжырымын жасау және 
құқық нысанын кесте ретінде құрастыру;
-  «Құқықтық  норма.  Нормативтік 
құқықтық  акт  ұғымы»  тақырыбы  бойынша 
құқықтың нормаларын Қазақстан Республи-
касы заңдарының баптарынан анықтау;
-  «Құқықтық сана. Құқықтық мәдениет» 
тақырыптары негізінде оқушыларға реферат, 
ғылыми баяндама, тезис жазу тапсырмасын 
беру  арқылы  олардың  жалпы  құқықтық 
сана  мен  мәдениеттің  құқықтық  мемлекет, 
азаматтық  қоғам  үшін  қажеттілігі  ұғымы 
қалыптасады;
-  «Құқықтық  нигилизм»  тақыры  бой-
ынша  дөңгелек  стол,  пікірталас  сайысын 
ұйымдастыруға болады;
-  «Құқықтық  тәртіп»  тақырыбы  бой-
ынша  практикалық  сабақ  ұйымдастыру 
қажеттігі туады. Себебі, қоғамдағы құқықтық 
тәртіпті  қорғаушы,  оның  бұзылмауын 
қадағалаушы  құқық  қорғау  органдарымен 
кездесу ұйымдастырған өте дұрыс;
-  «Құқық  бұзушылық  және  заңды 
жауапкершілік»  тақырыбына  берілетін 
тапсырмалардың 
біріншісі, 
қылмыс 
пен  құқық  бұзушылық  әрекеттердің 
айырмашылықтарын, 
ерекшеліктерін 
анықтау;  екіншісі,  заңды  жаза  мен 
жауапкершіліктің  ауыртпалық  деңгейін 
көрсету;  үшіншісі,  заңды  жауапкершілік 
заңды жазаға айнала алады ма? 
«Мемлекет  және  құқық  теориясы»  пәнін 
қамту  арқылы  оқушылардың  құқықтық  са-
насы мен мәдениеті, білімі, белсенділігі мен 
тәртібі  қалыптасады.  Ал,  қазақ  хандығы 
тұсындағы  заң  жүйесін  оқыту  арқылы 
оқушыларды  құқықтық  тәрбиелеу  мәселесі 
үшін  бұл  пәнді  қамту  аздық  етеді.  Сол 
себепті, біз мектептің оқу үдерісіне «ҚР мем-
лекет және құқық тарихы» пәнін енгіздік.
Бұл пәнді оқу барысында оқушылар қазақ 
даласындағы мемлекет пен құқықтың пайда 
болуы  себептерін,  олардың  ұлы  даладағы 
заңды күштерін, билер институтын олардың 
халыққа  әсерін,  сол  уақыттағы  қазақ 
халқының құқықтық тәртібін, білімін, сана-
сы мен мәдениетін бөле алады.
Оқушыларға қазақ хандығы тұсындағы заң 
жүйесі негізінде берілетін құқықтық тәрбие 
мәселелері  сабақ  өту  арқылы  шектелмейді. 
Бұл үдеріс сабақтан тыс уақытта жалғасады 
және  күрделенеді.  Сабақ  барысында  қазақ 
хандығы тұсындағы заң жүйесін түп-түбіріне 
дейін  оқытуға  сағат  көлемі  жетіспейді.  Сол 
себепті, осы бағытта оқушыларға құқықтық 
тәрбие  беру  мәселелерін  сыныптан  тыс 

29
уақытта өткізуге қажеттілік пайда болды.
Қазақ  хандығы  тұсындағы  заң  жүйесі 
негізінде  оқушыларды  құқықтық  тәрбиелеу 
жөніндегі  зерттеу  жұмыстарын  ойдағыдай 
жүзеге  асыру  үшін  келесідей  міндеттерде 
алдыға қойдық:
-  мектеп  оқушыларына  тәрбие  беру 
жұмыстарын жоспарлау;
-  құқықтық 
мәселе 
бойынша 
құжаттамалар құрастыру;
-  оқушыларға, олардың ата-аналарына, 
еңбек  ұжымдарына  құқықтық  насихаттау 
жұмыстарын  өткізу  үшін  баяндама,  хабар-
ландыру,  рефераттар  жазу,  әңгімелер  мен 
дәрістер өткізу;
-  құқықтық  кештер,  рөлді  ойындар, 
дөңгелек  стол,  әңгіме,  олимпиадаларды 
ұйымдастыру;
-  мектептегі құқық қорғау отрядтарын 
құрып, жетекшілік ету;
-  құқықтық 
тәрбиені 
дамыту 
мақсатында  элективті  пәннің  құқықтық 
құзырын пайдалану;
-  аталынған  әрекетті  жүзеге  асыру 
үшін  дүниежүзілік  дамыған  мәдениет  нор-
маларын қолдану;
-  көрнекі  құралдарды  дайындау,  олар-
ды дұрыс пайдалану;
-  белгілі  бір  жастағы  оқушыларды 
заңды мекеме жұмыстарымен таныстыру;
-  тәрбиеленуші  тұлғаны  құқықтық 
тәрбие  барысының  басында  және  соңында 
анықтап, зерттеу;
-  қиын 
жасөспірімдерге 
дұрыс 
құқықтық білім беру, оған көмек көрсету; 
-  құқықтық  тәрбиелік  мәні  бар  іс-
шараларды өткізу және талдау;
-  мектеп  ұжымына  әдістемелік  көмек 
беру  мақсатымен    құқықтық  тәрбиелеу 
тақырыбына  мектеп  кабинетін  немесе 
бұрышын ұйымдастыру;
-  мектеп 
оқушыларын 
құқықтық 
тәрбиелеуде  құқық  қорғау  органдары-
мен  және  қоғамдық  ұйымдармен  қарым-
қатынасты ұйымдастыру;
-  оқушыларды құқық қорғау қызметіне 
қатыстыру;
-  жастардың  құқықтық  мәдениетін 
қалыптастыру.
Осы икемділіктерді оқушылардың бойына 
қалыптастырып, дамыту үшін  сабақтармен 
қоса  сыныптан  тыс  уақытта  тәрбие 
жұмыстарын жан-жақты жүргіздік.
Сабақ 
барысынан 
сыныптан 
тыс 
уақыттағы тәрбие жұмыстарының ерекшелігі 
келесідей:
-  сыныптан  тыс  уақыттағы  тәрбие 
жұмыстары ерікті түрде ұйымдастырылады;
-  бұл  тәрбие  жұмыстары  міндеттеуші 
бағдарламамен байланысты емес;
-  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарына 
оқушылардың  барлығы  жас  ерекшелігіне 
қарамастан түгел қатыса алады;
-  оқушылар  өздігімен  білім  алып, 
тәрбиелене алады;
-  сыныптан  тыс  уақыттағы  тәрбие 
жұмыстарына  басқа  да  ұйымдар,  орган-
дар  және  оқушылардың  қоршаған  ортасы 
қатынаса алады.
Осы  ерекшеліктерді  ескере  келе,  біз  сы-
ныптан  тыс  уақыттағы  құқықтық  тәрбие 
жұмыстарына  қойылатын  талаптарды  да 
жіктедік. Олар:
-  ұйымдастырылатын құқықтық тәрбие 
жұмысын өткізу барысында тәрбиеленушінің 
өз  құқықтарын  білу,  мемлекет  пен  қоғам 
тәртібін  сақтауға  және  азаматтық  парызда-
рын орындауға даярлықтарын қалыптастыру 
мақсатына сүйенуі;
-  мемлекеттегі болып жатқан құқықтық 
өзгерістердің және құқықтық реформалардың 
тәрбие жұмыстарында қамтылуы;
-  сыныптан  тыс  уақыттағы  тәрбие 
жұмыстарының 
мектептік 
оқу-тәрбие 
мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі;
-  сыныптан 
тыс 
уақыттағы 
ұйымдастырылатын 
тәрбие 
сағаттары 
оқушылар үшін түсінікті, әрі тиімді болуы;
-  сыныптан  тыс  уақыттағы  тәрбие 
жұмыстарының  жаңаша  және  әр  түрлі 
жағдайларда ұйымдастырылуы және т.б.
Мектепте сыныптан тыс уақыттағы тәрбие 
сағаты, факультатив сабақтар, оқушылардың 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  және  олардың 
тәрбиесіне  әсер  етуші  қоршаған  орта-
мен  тәрбие  жұмыстарын  жүргізе  отырып, 
оқушыларды  сыныптан  тыс  уақытта  жеке-
ше,  топтасып  және  жалпылама  тәрбиелеу 
әдістерін қолдану болып табылады.
Оқушыларды сыныптан тыс уақытта жеке-
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ше тәрбиелеу жұмыстарына әр оқушылармен 
жекеше  факультатив  сабақтарын  өту,  ата-
аналары  арқылы  оқушылардың  құқықтық 
санасы мен мәдениетін жетілдіру, психолог-
тармен, құқық қорғау қызметкерлерімен же-
кеше әңгімелер жүргізу, оқушылардың өзін-
өзі бағалауы сынды іс-шаралар жатады.
Мектеп 
оқушыларын 
топтасып 
тәрбиелеуге 
сыныптан 
тыс 
уақытта 
ұйымдастырылған құқықтық үйірмелермен, 
клубтармен  жүргізілетін  құқық  қорғау  ор-
ган  қызметкерлерімен,  заңгер  ғалымдармен 
кездесу  кештерін,  дебаттар,  пікір  тала-
стар,  дөңгелек  столдар,  әр  түрлі  сайыстар 
және т.б. жатады. Мұнда, оқушылар осы іс-
шараларға топтасып қатынаса отырып,  бір-
бірінің  әрекеттерін  бағалай  отырып,  өзара 
қадағалау, бағалау арқылы құқықтық тәрбие 
жұмысының мақсатына жетуге болады.
Жалпылама 
құқықтық 
тәрбие 
жұмыстарына  жалпы  мектеп  бойынша 
өткізілетін кештер, мейрамдарға (ҚР-сының 
тәуелсіздік  күні,  ҚР-сының  конституциясы 
күні және т.б.) байланысты іс-шаралар, сай-
ыстар,  тренингтер,  «президенттік  тесттер», 
конференциялар,  олимпиадалар  және  т.б. 
жатқызуға болады.
Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарының 
формаларына  оқушылармен  жүргізілетін 
жеке,  үйірмелік  және  топтық,  біріктірілген, 
көпшілікпен жұмыс формаларын атауға бо-
лады.  Мұнда,  оқушылармен  жүргізілетін 
жеке  жұмыстың  формасы  –  сыныптан  тыс 
жұмысқа байланысты мұғалімнің міндеттері 
мен  тапсырмаларын  оқушылардың  жеке-
ше  өздігімен  орындауы.  Үйірмелік  және 
топтық  жұмыстарға  үйірмелер  (пәндік, 
техникалық,  спорттық,  көркемдік)  және 
басқа  бірлестіктер:  ансамбльдер,  патруль-
дер,  полицияға  көмекші  топтар,  үгіт  брига-
далары  және  т.б.  сыныптан  тыс  жұмыстың 
біріктіретін формасына балалар мен жастар 
клубтары,  мектеп  мұражайлары  және  әр 
түрлі қоғамдық жұмыстар жатады. Сынып-
тан тыс жұмыстың көпшілік формасына кеш-
тер, мейрамдар, спорттық жарыстар, фести-
вальдар,  баяндамалар,  диспуттар,  дәрістер, 
кештер,  сенбіліктер,  жарыстар,  олимпиада-
лар,  туристік  жорықтар,  теарт  мен  киноға 
ұжыммен бару.
С.Б.Омарова  өз  зерттеулерінде  жеке 
тұлғаның азаматтық тәрбиелігінен көрінетін 
тұлғаның  мемлекетке,  билік  жүйесіне, 
мемлекет  азаматы  ретіндегі  өзіне  де-
ген  оң  көзқарасы  сияқты  оның  бойында 
қалыптасқан  қасиеттерді  анықтай  оты-
рып,  тәрбиеленушінің  бойында  азаматтық 
қасиеттердің  қалыптасу  деңгейін  18  топқа 
жіктеген. Оның кейбірлерін атап өтсек:
-  мемлекет  белгілері  мен  рәміздерін 
білу, тану, сыйлау, қызығушылығын арттыру 
және т.б.;
-  мемлекттің  тарихи-мәдени  дәстүрі 
мен  мемлекеттік  тілді  білу,  тану,  сыйлау, 
қызығушылығын арттыру және т.б.;
-  билік  жүйесінің  қағидаларын,  сипа-
тын  және  құрылымын  білу,  тану,  сыйлау, 
қызығушылығын арттыру және т.б.;
-  билік  органдарының  қызметтерінің 
механизмі мен негізгі қызметтерін білу, тану, 
сыйлау, қызығушылығын арттыру және т.б.;
-  азаматтардың 
құқықтары 
мен  міндеттерін  білу,  тану,  сыйлау, 
қызығушылығын арттыру және т.б. [12].
Аталынған  белгілер  құқықтық  тәрбие 
үдерістерінде жүзеге асатыны анық.
Құқықтық  тәрбие  үдерісі  мектепте  ба-
стауыш сыныптан моральдық, адамгершілік 
тәрбие  негізінде  бастау  алады.  Моральдық 
нормалар адамдардың адамгершілік сезімін, 
ар-ожданын дамыта отырып, олардың өзара 
және  қоғаммен  қарым-қатынасын  білдіреді. 
Бұл сияқты ұғым мораль немесе адамгершілік 
нормасы  деп  аталады.  Ғ.Ақмамбетовтың 
пікірінше, мораль – қоғамдық сананың ерек-
ше түрі [13, 34 б.].
Сонымен, адамның құқықтық санасы мен 
мәдениетін  дамыту  құқықтық  тәрбиенің 
негізгі мақсаты болып табылады. Тұлғаның 
құқықтық  мәдениетімен  қоса  құқықтық  са-
насын қалыптастырып, дамыту – құқықтық 
тәрбиенің  негізгі  мақсаттарының  бірі. 
Адамның  құқықтық  санасы  қалыптаспай 
оның  құқықтық  мәдениеті  жетілмейді.  Сол 
себепті,  құқықтық  сананы  қалыптастыру 
мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Қорыта келгенде, Н.Рысбайұлының пікірін 
қолдай отыра оқушыны ұлттық тәрбиелеудің 
мынадай жүйесін қолдануды ұсынады:
1) Балаңыз дүниеге келгенде, оны бесікке 

31
бөлеп, бесік жырымен тербетіңіз.
2)  Балаңыз  2-3  жасқа  келіп,  тілі  шыққан 
кезде  тілашар,  санамақ,  жаңылтпаш  жатта-
тып,  оның  дүние  танымын  арттыру  үшін, 
үнемі ертегі айтып беріңіз.
3) 4-5 жасында жұмбақ шешкізіп, ой-өрісін 
өсіру керек.
4)  6-7  жасқа  келіп,  қаріп  таныған 
уақытынан  бастап,  батырлық  жырлар  мен 
қисса-дастандар  жаттатыңыз.  Бұл  жырлар 
мен  қисса-дастандар  өскелең  ұрпақ  сана-
сында елдік, патриоттық сананы нығайтып, 
халықтың  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпының 
мол қайнарынан сусындатады.
5) Өз үйіңізде тек қана қазақша сөйлесіп, 
күнделікті  тұрмысыңызды  салт-дәстүрлер 
мен 
әдет-ғұрыптарды 
тұтыныңыз. 
Нәтижесінде, оны көріп өскен балаңыз  сол 
нәрселерді  өзі  де  өмірде  тұтына  бастайды 
[2].
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет