ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1996. – 272 б.
2. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі мәдениеті. – Алматы: Жеті жарғы,
1997. – 192 б.
3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1998.
4. Зиманов С.З. Қазақ хандары заңдарына шолу және олардың
ерекшеліктері // Қазақтың Ата Заңдары: 10 т. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т.4. – 552 б.
5. Баймаханов М.Т. Мемлекет теориясының негіздері//Избранные труды по теории государ-
ства и права. – Алматы: Әділет, 2003. – 510-525 бб.
6. Ергөбек Ш.Қ. Хандық дәуірдегі саяси және құқықтық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы.
Заң ғ.к. ... дисс. –Астана, 2008 –170 б.
7. Абайдельдинов Е.М. Политико-правовая история. – Алматы: Данекер, 1999. – часть І. – 295
с.
8. Омарханов Қ. Қазақ елінің дәстүрлі құқығы. 1-кітап. – Астана: Елорда, 2003. – 280 б.
9. Өсерұлы Н. Жеті Жарғы: – Алматы: «Жеті Жарғы», 1995. – 80 б.
10. Бақытхожаев Ж.Ж. Қазақтың құқықтық жүйесі жайлы зерттеу (тарихи-тағылымдық
маңызы). Заң ғ.к. ... дисс. – Тараз, 2007. – 115 б.
11. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. – Алматы, «Мектеп», 1986. –150б.
12. Омарова С.Б. Истоки (текст): Книга эссе о жизни замечательных людей, внесших свой нео-
ценимый вклад в развитие Казахстана в ХХ веке. – Алматы: Өлке, 2006. – 256 с.
13. Ақмамбетов Ғ. Парасат. Әдеп. Тәртіп. (Жастардың философиялық шағын кітапханасы). –
Алматы: Қазақстан, 1980. – 71б.
Резюме
В статье расматривается проблема правового воспитания учащихся средствами национального
воспитания.
Summary
The article discusses the problem of legal education of students by means of national education.
32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ж.Е.Ішпекбаев –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тәрбие істері
жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент, Ханьшань педагогикалық
университетінің құрметті профессоры
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Ұрпақ тәрбиесі мәселесі қай кезде де, қай
қоғамда да өзектілігін жойған емес. Әдетте,
ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі
оның ішкі тұрақтылығымен, азаматтық
жауапкершілікпен және орныққан тәртіппен
қалыптасатыны анық.
Қазіргі таңдағы ұлттық рухтың оя-
нуы ұлттық тарих, мәдениет, салт-дәстүр
және тілге байланысты жаңа көзқарасты
қалыптастырды. Осы ретте біздің міндетіміз
мемлекеттік мүдде, ұлт болашағы секілді
күрделі мәселелерді уақыт талаптарына сай
шешудің жолдарын іздестіру болып табыла-
ды.
Қазіргі қазақстандық қоғам дамуының
басты стратегиялық бағыты – жастар
тәрбиесі болып табылады. Демек, бүгінгі
ұлттық қауіпсіздік мәселесі – ертеңгі ел
тағдыры. Осыған орай, өскелең ұрпақтың
денсаулығына, білім сапасына, ұлттық са-
насы, ұлтаралық мәдениеті мен әлеуметтік
жағдайына аса назар аударылуда. Осы
мәселелердің шешімі олардың ертеңге деген
сенімін нығайтып, ұлт патриоты, ел азаматы,
білікті маман болып қалыптасуына ықпалын
тигізеді.
Білім баға жетпес үлкен рухани қару, со-
нымен қатар аса зор өндіргіш күш болып
табылады. Расында да, білімнің қуатына
тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат
көзі жоқ екені баршамызға мәлім. Тек білімі
жоғары сапалы мемлекеттің ғана әлемдік
қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі
биік болмақ. Сондықтан да, күллі әлемдік
жаңа идеология ең алдымен білім күшіне
арқа сүйейді. Білім – биік елдермен терезесі
тең мемлекет болудың күретамыры, ел
дамуының алтын арқауы. Заңғар жазушы
Мұхтар Әуезовтың: «Халықты халықпен,
адамды адаммен теңестіретін білім», – деп атап
көрсеткеніндей, рухани ұлттық қажеттілікке
жараған білім ғана ең мықты білім, рухани
ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ
қана болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді
нығайта алады.
Қазіргі кездегі білім берудің негізгі
мақсаты – жастарға білім беріп қана қоймай,
алған білімдерін үздіксіз дамыту, олардың
бойына адамгершілік, ізгілік, кішіпейілдік,
елдік сана мен ұлттық рухты қалыптастыру,
ұлтсыздықпен күресі, тәуелсіздікті баян-
ды ету болуы қажет. Демек, Қазақ елінің
мәңгілік ұлттық идеясын қалыптастыру.
Оған қол жеткізудің бірден бір жолы ұлттық
тәрбиеге арқа сүйеу.
Бүгінгі таңда ұлттық тәрбие мәселесі
өзекті болып табылады. Ұлттық тәрбиенің
негізін замандар бойы қалыптасып кел-
ген асыл рухани құндылықтар және биік
ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы
ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып
жататын,
адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі
асылдандыра түсетін, халықтың даналық
өмір-салтынан туындап отыратын бұлжымас
ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық
тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық
тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам жалпы
адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани
құндылықтарды бойына сіңіріп, толық әрі
кәміл адам дәрежесіне көтеріледі.
Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адам-
ды ойлануға үйретеді. Себебі, әрбір жеке
тұлға ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың
өкілі екендігін терең сезініп, содан кейін
барып жалпыадамзаттық қоғамдағы орнын
белгілеуі қажет. Бұл жерде негізгі әңгіме
33
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
арқауы ұлттық сана, ұлттық мүдде, ұлттық
идея, ұлттық құндылық, ұлттық мінез ту-
ралы болып отыр. Бұлай дейтініміз мұның
барлығы қазіргі жаһандану үдерісінде
өзімізді ұлт болып, ұлттық тарихымызды,
дінімізді, ділімізді, тілімізді, мәдениетімізді,
дүниетанымымызды сақтап қалудың бірден
бір кепілі болып табылады.
Бүгінгі жастардың психологиясы, таным
түйсігі, алдына қойған мақсат-мүдделері аға
буын ұрпаққа ешқандай ұқсамайтыны мәлім.
Қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлар
өскелең ұрпақты қайткенде де өз иіріміне тар-
тып әкетіп, дегеніне көндіріп бағуда. Ұлттың
құрамы ала-құла болғаны себептен, тілі де,
ұстанымы да, діні де біркелкі емес. Мұның
барлығы Қазақстандағы бүгінгі қоғамдық
қатынастардың өзгеріске ұшырауына әсерін
тигізеді. Елімізде осындай жағдайды жіті,
әрі дер кезінде пайымдаған мемлекет басшы-
сы Н.Ә.Назарбаев ұлттық тәрбие қағидасын
ұсынды.
Ұлттық тәрбие мәселесіне қатысты Ел-
басымыз өзінің «Қазақстан болашағы
– қоғамның идеялық бірлігінде» атты
еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге
еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына
айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық
ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық
үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және
оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру
керек», – деп атап көрсетеді.
Міне, осы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
бүгінгі таңда өзінің әлеуметтік әлеуетін паш
етіп, сәтті саяси-экономикалық реформала-
рымен бүкіл дүние жүзін мойындатып келе
жатқан дамушы ел. Осы орайда айтып өтейік,
Қазақстанның
Еуропадағы
Қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы
төрағалыққа сайлануы кездейсоқтық емес
еді. Бұл сайлау біздің еліміздің жоғары
халықаралық беделінің бір көрінісі ғана
емес, сонымен бірге Қазақ елінің ұлтаралық,
мәдениетаралық және дінаралық диалог-
ты жүргізудегі рөлінің мойындалуы бо-
латын. Қазір Елбасының көрегенділігімен
жүргізіліп отырған Қазақ елінің осы саяси
қадамы басқа көптеген елдерге үлгі. Соның
бір жарқын көрінісі былтырғы жылдың 1-2
желтоқсанында Астанада өткен ЕҚЫҰ-на
мүше елдер басшыларының VII Саммиті
болды. Аса жоғары деңгейде өткен Саммит
Қазақстанның осы беделді халықаралық
ұйымдағы төрағалығының ұшар шыңы,
мәртебелі мәресі болғандығын атап өткен
Мемлекет басшысы: «оның нәтижелерінің
біздің еліміз үшін стратегиялық мәні зор, әрі
маңызды болды», – деді. Ең бастысы, Астана
Саммиті Атлантика мен Еуразия арасындағы
мемлекеттердің бір-біріне қайшы келетін
көзқарастарының барлығына қарамастан
қатысушы елдер басшыларын келіссөз
үстеліне отыруға сендіре білді. Бұл жоғары
миссияны Қазақстан үлкен абыроймен
атқарып шықты. Ендігі мәселе осы жеткен
жетістіктеріміз ұрпақ талабында жарасым-
ды жалғасын табу үшін не істеу керек? Бізді
алаңдататын жайт ендігі жерде осы мәселе
болуы тиіс.
Ең алдымен, әлемдік қауымдастықтағы
басқа елдермен терезесі тең, төрт құбыласы
түгел мемлекет ретінде қалыптасу үшін
білім-білігі жоғары, рухы биік жастарды от-
аншыл, мемлекетшіл етіп тәрбиелеуге көңіл
бөлуіміз қажет. Соңғы кезде қалыптасқан
тәрбие жүйесінде мәселенің осы тұсына
жеткілікті түрде көңіл бөлінбегендіктен
жастарымыз бойындағы патриоттық сезім
факторларын көп ақсатып алғанымызды
қаншалықты ауыр болса да мойындауға
тиіспіз. Бұл жайт бізден осы олқылықтардың
орнын толтыратындай, ол үшін қазақ елінің
өткендегі ерлік істері мен жасампаздығын
терең сезіммен ұғынуға баулитындай
тәрбиенің ерекше тиімді әдістері мен форма-
ларын қарастыруды талап етеді. Ұлттық сана-
сезім туа бітті, қанмен келетін нәрсе емес, ол
әлеуметтік, анығырақ айтқанда тарихи орта-
да қалыптасатын қасиет. Яғни, жастардың
бойында ұлттық сана-сезімді, отаншылдық
қасиеттті, патриотизмді қалыптастыру қажет.
Сонда ғана халықтың рухани құндылығы
34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мәңгі өмір сүреді.
Ұлттық тәрбие берудегі негізгі мақсат осын-
дай жағдайлармен тікелей байланысты.
Осы ретте бір ескеретін нәрсе, кейбір
кертартпа адамдар «ұлттық тәрбие» деген
ұғымды әдейі бұрмалап, оны басқаларға
түсіндіргенде де ұлтшылдық мағынасында
көрсетуге тырысып жүр. Бірден айтайық,
бұлай түсіндіруге тырысу отқа май
құйғанмен бірдей. Шын мәніндегі ұлттық
тәрбие пәнінің мақсаты – ешқандай да
ұлтшылдыққа бет бұру емес, керісінше қазақ
елінде білім алатын басқа ұлт өкілдеріне авто-
хонды ұлттық тұрмысынан, салт-дәстүрінен,
арман-мүддесінен, әдеп-ғұрпынан мағлұмат
беретін, сондай-ақ мағлұмат бере оты-
рып, оны оқыту, түсіндіру арқылы қазақ
халқының бүгінгі күнге дейін қол жеткізген
жетістіктері мен мол мүмкіндіктерін паш
етіп, қазақстандықтардың бірлігін, қарым-
қатынасын нығайту, сөйтіп еліміздің басқа
жұртқа үлгі-өнеге боларлықтай ұлттық
тәрбиесі бар екенін насихаттау. Осындай
жағдайды ескерсек қана ұлттық тәрбие пәні
біздің тәуелсіз еліміздің болашағының негізі,
ұстыны болатынына олардың көзін жеткізіп,
сендіре аламыз.
Оқу мен тәрбие егіз дейтін болсақ,
тәрбие жұмысының білім беру процесімен
қатар да және одан тыс уақытта да
жалғасатыны бәрімізге белгілі. Осы тұрғыда
университет ректоры Серік Жайлауұлы
Пірәлиевтің тікелей басшылығымен
студенттердің бойына адамгершілік-рухани
тұрғыдан жетілдірілген, қазіргі заман
бәсекелестігіне жауап бере алатын, кәсіптік
дайындықтары шыңдалған тұлға болып
қалыптасуға мүмкіндік беретін «Тәрбие
жетекшілігі» жүйесі енгізілді. Тәрбие
жетекшісі – өз тобындағы студенттердің
оқу-тәрбие үдерісіндегі қызығушылықтары
мен құқықтарын қорғаушы, тұлғааралық
қарым-қатынастарына және студенттердің
күнделікті өмірін тиімді ұйымдастыруға
дұрыс бағдар беруші педагог.Тәрбие
жетекшісінің жұмысын тиімді жүргізу үшін
Тәрбие жетекшісі туралы Ереже, Тәрбие
жетекшісінің жұмыс журналы, Тәрбие
жетекшісіне арналған нұсқаулық әзірленді.
Сонымен қатар, Тәрбие жетекшілерінің
жұмысын одан әрі жандандырып, сапалы
жүргізу үшін университет және факультет-
тер жанынан Тәрбие жетекшілерінің кеңесі
құрылды.
Сонымен қатар, университет базасында
«Ұлттық тәрбие жөніндегі республикалық
үйлестіру кеңесі» құрылғандығын атап
өткен жөн. Ұлы Абай мұраларын наси-
хаттау, оның адамгершілік-эстетикалық
ұстанымдарын оқыту мақсатында «Абай-
тану» ғылыми-зерттеу орталығының ашы-
луы да кейінгі жылдардың жемісі. Барлық
мамандықтар бойынша «Абайтану» және
«Әдептану» дәрістері жүргізілуде. Аталған
пәндерді оқыту студенттердің тұлғалық және
ұжымдық тәрбиесіне, оның ішінде өзара
қарым-қатынас мәдениеті мен мінез-құлық
әдебіне, ұлттық мінез қалыптастыруына, ел-
жұртын ардақтауға тікелей әсерін тигізетіні
сөзсіз.
Тәрбие жылы аясында «Ұлттық тәрбие –
жарқын болашақ кепілі» тақырыбында рек-
тор кубогына арналған пікірсайыс турнирі
өткізілді; «Әйгерім» сән театры ашылып,
ұлттық сән үлгілерінен коллекция әзірленді;
жас ақындардың «Жалын атқан жастық
шақ!» атты жыр жинағы баспаға ұсынылды;
«Әз наурыз Абай ауылында» мерекесі той-
ланды; университет жанынан фольклорлық-
этнографиялық ансамблі құрылды.
Тұлғаға бағытталған тәрбиелік ша-
ралар,
жеке
тұлғалық
қабілеттерді
жетілдіру жұмыстары бойынша академик
К.Н.Нәрібаевтың жетекшілігімен «Тұлғалар
тағылымы» дәрістер циклы жүзеге аса ба-
стады. Оған көрнекті қоғам қайраткерлері,
белгілі ғалымдар мен танымал тұлғалар
шақырылды. Олардың қатарында акаде-
миктер С.Зиманов, С.Қирабаев, С.Сартаев,
Ө.Айтбаев, Ә.Бейсенова, белгілі ғалымдар
М.Мырзахметов, Қ.Жарықбаев, С.Ғаббасов,
А.Құсайынов, Ә.Сығай, Ә.Табылдиев т.б. бар.
35
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Олар өз дәрістерінде ұлттық тәрбие, ұлт тари-
хы мен мәдениеті жөнінде есте қаларлықтай
мазмұнды дүниелер жастардың ұлттық сана-
сезімін оятуда, отансүйгіштік, адамгершілік
қасиеттерін жетілдіруде зор ықпал жасады
дей аламыз.
Ұлт тұлғаларының өнегелі өмір жолда-
ры мен тағылымды мұрасын түсіндіру
мақсатында жаңадан арнаулы кабинет-
тер ашылып, пайдалануға берілді. Атап
айтқанда, ұлы ойшыл, кемеңгер Абайдың
мәңгілік даналығын насихаттайтын «Абай»
музей-кабинеті, университетте ұзақ уақыт
қажырлы еңбек еткен белгілі ғалым, фило-
логия ғылымдарының докторы, профессор
Нығмет Ғабдуллин атындағы оқу-әдістемелік
кабинет, Кеңес Одағының Батыры Нағи Илья-
сов атындағы әдістемелік кабинеттің ашы-
луы соның көрінісі. Сондай-ақ, Қазақстан та-
рихы кафедрасына академик Т.С.Садықовтың
есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатыл-
са, Қазақстан педагогика ғылымының
негізін қалаушы ғалымдар, педагогика
ғылымдарының докторлары, профессорлар
Талғат Сабыров пен Ромсейіт Қоянбаевты
еске алу шаралары ұйымдастырылып, ар-
найы кабинеттер пайдалануға берілді.
Жаңартпа технологиялар және білім беру
мазмұнын ғылыми зерттеу институтымен
бірлесе отырып даярланған «Студенттер
мен магистранттардың» Этикалық кодексі
қабылданып, кең қолдауға ие болды.
Университет
қызметкерлері
мен
профессор-оқытушыларының
қызметтік
этикалық нормативті іс-әрекеттері мен
жоғары оқу орны ұстаздарына қойылатын
талаптары анықталып көрсетілген «Абай
атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар
құрамы мен қызметкерлерінің» Этикалық
кодексінің жобасы даярлану үстінде.
Осы ретте астын сызып айтып өтетін
бір нәрсе, үстіміздегі 2010-2011 оқу
жылының басынан бастап «Ұлттық тәрбие»
кафедрасының ұйымдастыруымен, универ-
ситет ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиевтің
жетекшілігімен ұлттық тәрбиеге байла-
нысты мәселелерді жан-жақты қарастырып,
талқылайтын, әр түрлі пікірлерге қозғаушы
болатын Дискуссиялық клуб іске қосылды.
Мұндағы мақсат – ұлттық тәрбие мәселесімен
айналысып жүрген еліміздің жетекші
ғалымдары мен тәрбиеші-мамандардың
басын қосып, тәжірибе алмасу; осындай
тәжірибелер алмасу арқылы ұлттық тәрбие
құндылықтарын сұрыптап, екшеп, оны
ғалымдардың талқысына салып, одан әрі
жетілдіру; сөйтіп ұлттық тәрбиенің негізгі
мақсаттарын айқындап, өскелең ұрпақты
осы айқындалған іс-тәжірибе арқылы
тәрбиелеу; олардың Отан алдында жауап
бере алатын қабілет-борышын жетілдіру,
қоғам алдындағы маңызды мәселелер
жөнінде өзінің азаматтық көзқарастарын
қалыптастыра алатын шын мәніндегі патри-
от тұлғаны тәрбиелеп шығару. Қалай деген-
де де мұндай іс-тәжірибенің мәні мен берері
мол болатыны анық. Дискуссиялық клубтың
отырысын айына екі рет өткізу жоспарлан-
ды. Айтпақшы, бұл пікірталас клубтың
көтеретін тақырыптары да жан-жақты, әрі
кең ауқымды екенін айта кету ләзім. Осы
кезге дейін Дискуссиялық клубтың бірнеше
отырысы болып өтті. Оның жұмысына
Қазақстанның
көрнекті
ғалымдары
Жарықбаев Қ., Қалиев С., Құсаинов А.,
Ғаббасов С., Мырзахметұлы М., Нуриев М.,
Нәрібаев К. тағы басқалар қатысып, ұлттық
тәрбиеге байланысты келелі ойларын айтып,
аталған мәселелерге өз пікірлерін білдірді.
Олардың ішінен Шымкент университеті «Пе-
дагогика және психология» кафедрасының
меңгерушісі, профессор Әтемова Қ.,
ҚызМемПедУ-нің аға оқытушысы, педаго-
гика ғылымдарының кандидаты Қоңырбаева
С., аталған университеттің психология-
педагогика кафедрасының меңгерушісі, пе-
дагогика ғылымдарының докторы, профес-
сор Жиенбаева С., Алматы қаласы Білім беру
жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру
және қайта даярлау институтының бас ма-
маны Еденбаева З. сияқты баяндамашылар-
ды айтып өтуге болады.
36
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Университетімізде жасалып жатқан ізгі
істер бүгінгі күнде жастарды әдепті де, сана-
лы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен, ұлттық
тәрбие тұжырымдамасына сүйене отырып,
ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды,
дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған наси-
хат мұраларын жастардың санасына сіңіруге
бағытталған.
Студеттерді білім нәрімен сусын-
датып,
ұлттық
құндылықтарымызды,
ата-бабаларымыздың
ғасырдан-ғасырға
жалғасын тауып келе жатқан мұрасын, қазақ
ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам
қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық
тұлға тәрбиесі туралы ой-пікірлердің даму-
ын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы
болған ақын-жазушы, ғалым және қоғам
қайраткерлерінің
үлгі-өнегесін
тәрбие
мәселесінде жан-жақты пайдаланғанымыз
жөн. Сондықтан да, біздің міндетіміз бүгінгі
уақыт талабына сай ұлттық сана-сезімі
қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне өз
үлесін қоса алатын толық кемелді, ұлтжанды
тұлғаны тәрбиелеу болса, осы бағытты
ұстанып отырған жолымыздың жемісті бо-
луына барша қауым қолдау көрсетіп, атса-
лысады деген үміттеміз.
Резюме
В данной статье рассматривается вопрос о сущности национального воспитания и о ее роли в
воспитании молодого поколения.
Summary
The article covers the issues of national upbringing and its role in educating young generation.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде». –Алматы, 2000.
2. Түймебаев Ж. Елбасы және ел білімі. /Егеменді Қазақстан. - 3 шілде, 2010.
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол.
Төле би
37
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қай кезде де алдыңғы буын ағалар ұрпақ
тәрбиесіне бейжай қарамаған. Себебі,
бүгінгі бұғанасы қатпаған бала – ертеңгі ел
тұтқасын ұстар азамат.
Елбасының «Балапан» бағдарламасы
– ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берілген
ерекше құжат. Тәрбиенің негізі отбасында
қалыптасады, дегенмен мұнан кейінгі орын-
да балабақшаның рөлін атап өтуіміз керек.
Қазіргі уақытта облыста 114 балабақша
мен 425 мектеп жанындағы шағын
орталық жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі
тәрбиемен барлығы 29 939 бала қамтылған.
Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың
30,5 пайызын құрап отыр.
Биылғы жылдың өзінде (2010 жыл)
облыста 15 100 баланы қамтитын
балабақшалар мен шағын орталықтар ашу
жоспарланып, қазір сол бағытта жүйелі
жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін
межеленген жоспарды толық орындауға
мүмкіндігіміз бар. Мектепке дейінгі
тәрбиеде мемлекеттік тілде тәрбиелеуге зор
көңіл бөлінеді. Себебі «Тәрбие басы – тіл»
деген қанатты сөз бекер айтылмаған.
Жеткіншектер тәрбиесі туралы айтқанда
балалар әдебиетіне ерекше мән берілуі
қажеттігін ескерген орынды. Тәуелсіз ел
болғаннан кейін балалар әдебиеті де біздің
азаттығымызды, мызғымас бірлігімізді,
өнімді еңбек пен өнегелі қадамдарымызды
өзіне арқау ету керек. Әрине, бұл рет-
те қаламгерлеріміздің еңбегін қолдап,
қуаттап, жақсы шығармалардың жарық
көруіне жәрдемдесудеміз. Мәселен, об-
лыс әкімі Серік Үмбетовтің қолдауымен
жыл сайын өңірдегі ақын-жазушылардың
кітаптары баспадан шығарылуда. Соның
ішінде облыстық «Жетісу» телеарнасының
балаларға арналған «Балауса» хабарында
айтылған ертегілерді жинақтап «Жұмабала
апаның ертегілері» атты кітап шығардық.
Ұлттық құнардан, салт-дәстүр мен ауыз
әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде
де аталар аманатына адал боларына кәміл
сенеміз.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында
Серік Әбікенұлының бастамасымен Жетісу
жерінде ақын, батыр, әулие балаларымызға,
ұлтымыздың ерен ұлдарына ескерткіштер
қойылуда. Бүгінге дейін облыс аумағында
Райымбек, Наурызбай, Қабанбай, Қарасай
батырларға, Қадырғали Жалайыр, Ескелді
би, Балпық би, Қабылиса жырау, Сүйінбай
ақын, жыр алыбы Жамбыл, Ғали Орманов,
Мұхаметжан Тынышпаев, Нұрғиса Тілендиев
сынды көптеген айтулы тұлғаларымыздың
мүсіндері орнатылды.
Ескерткіш – елге қуат беретін, ердің
жігерін жанитын, ұрпаққа ұлағат болар
мәдени мұрамыз. Ол жас ұрпақты ізгілікке,
отансүйгіштікке бастайтын киелі орынға
айналуы тиіс. Сонымен қатар, бүгінгі
жастарға ой салып, ата-баба дәстүрін жа-
дында сақтап, намысын қайрайтын тарихи-
мәдени құндылықтарының бірі болады де-
ген сенімдеміз. Міне, сондықтан да біздер
үшін оның маңызы зор.
Ұлттық салт-дәстүрді, мәдениет пен
өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі.
Көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ
секілді төл ойындарымызды төрімізде
көрсетіп жатсақ, аудан, қалалардың
мәдениет күндерін жыл сайын дәстүрлі
шара ретінде өткізіп жүрсек, бұл да кейінгі
толқын қазақи қайнардан тәлім алсын,
ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп
өссін дегеніміз.
Достарыңызбен бөлісу: |