Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-параграф. От жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата31.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10950
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2-параграф. От жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі 
талаптары

      410. ГТҰ-да, филиалдарда және бөлімшелерде өндіріс ерекшеліктерін, жергілікті жағдайларды
есепке ала отырып, от жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс нұсқаулықтары әзірленеді. Жұмыс 
нұсқаулықтары мемлекеттік бақылау аймақтық органдарымен және ГТҰ кәсіподақ ұйымдарымен 
келісіледі және ГТҰ, филиалдардың және бөлімшелердің басшылары (бас инженері) бекітеді. Жұмыс 
нұсқаулықтарында мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) газ тасымалдау ұйымдарында, филиалдарында немесе бөлімшелерінде вахталық әдіспен жұмыс
жасау кезіндегі ұйымның ерекшеліктерін есепке ала отырып, от жұмыстарын жүргізу шарттарының 
ерекшелігі;
      2) қосымша қауіпті және зиянды өндіріс факторлары;
      3) климаттық және табиғи шарттардың ерекшеліктері;
      4) жергілікті шарттарды және қосымша қауіпсіздік шараларын есепке ала отырып, от 
жұмыстарын орындау технологиясы;
      5) аса күрделі жағдайларда (шалшықта, құламалы бөктерлердегі сөрелер), сондай-ақ газ 
құбырларының, компрессорлық станциялардың, ГТС ның, газ өлшеу станцияларының, жерасты газ 
қоймаларының күрделі технологиялық тораптарында жұмыс жүргізу ерекшеліктері;
      6) жеке баспаларда және күкіртті сутектен тұратын газ құбырларында орналасқан 
агрегаттарда жұмыс жасау ерекшеліктері;
      7) қатты газ қысымымен ою технологиясын қолдану арқылы жұмыс жүргізу ерекшеліктері.
      411. От жұмыстары жоспарлы және апаттық болып бөлінеді.
      412. Жоспарлы от жұмыстары типі бойынша қарапайым, күрделі және кешенді болып бөлінеді:
      1) қарапайым от жұмыстары – тікелей газ құбырларын, газ жабдықтарын, құбырларды және 
жанар-жағар материалдарын тасымалдайтын технологиялық жабдықтарды (бұдан әрі – жанар-жағар 
материалдары) қозғамайтын жұмыстар – осы Қағидалардың 
 сәйкес нысан бойынша 
12-қосымшасына
наряд-рұқсат бойынша орындалады;
      2) күрделі от жұмыстары – газ құбырларында, газ жабдықтарында, құбырларда және 
жанар-жағар материалдарының жабдықтарында жұмыс істеу – осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес 
нысан бойынша наряд-рұқсат және от жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу жоспары бойынша 
орындалады;
      3) кешенді от жұмыстары – бұл бірнеше технологиялық байланысты объектілерде немесе бір 
объектідегі бірнеше орындарда бір уақытта жүргізілетін, не болмаса бірнеше филиалдардың, 
бөлімшелердің және/немесе басқа ұйымдардың келісілген әрекеттерін қажет ететін жұмыстар.
      413. Апаттық от жұмыстары жұмыс басшысы қол қоятын наряд-рұқсат және «Апаттарды жою 
жоспары» бойынша орындалады.
      414. Пайдаланушы ұйымда от жұмыстарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалар көрсетілген 
типі мен түрлері бойынша от жұмыстарының тізімі әзірленуі тиіс. От жұмыстарын ұйымдастыру және 
өткізу жоспарларын құру, келісу және бекіту тәртібін газ тасымалдаушы ұйым, филиал анықтайды. 
От жұмыстарының тізімін әр үш жыл сайын, сондай-ақ объектілерді қайта құруға, технологияларды 
өзгертуге немесе жабдықтарды өзгертуге байланысты қайта қарастырып отыру қажет. Тізімге енбеген
жұмыстарды атқару қажеттілігі туындаған кезде оларды жұмыс басталғанға дейін немесе олардың 
аяқталуынан кейінгі үш күн ішінде (егер жұмыстар апаттық жағдайды жою тәртібінде жүргізілсе) 
осы тізімге енгізу керек. Наряд-рұқсатты рәсімдеу, жұмыс басшысының жауапкершілігі, жұмыстарды 
даярлайтын және өткізетін тұлғалар, сондай-ақ жұмысты орындаушылар осы Қағидалардың 12-
 мазмұндалған.
қосымшасында
      415. От жұмыстарына қатысатын тұлғалар алдын ала оқытылады және олардың осы Қағидалар, от
жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс нұсқаулықтары жөніндегі білімдері тексерілуі тиіс, жұмыс 
орнындағы нұсқаулықты тіркеу журналына және наряд-рұқсатқа жазу арқылы мақсатты нұсқаулықтан 
өтуі, өзімен бірге еңбек қорғау бойынша куәлік алып жүруі тиіс. От жұмыстарын тікелей 
орындаушылар 18 жасқа толған, арнайы дайындықтан өткен, орнатылған тәртіп бойынша өзіндік 
жұмысқа рұқсат алу білімі тексерілген, қажетті біліктілікке ие, біліктілік куәлігі бар, тиісті 
жеке қорғаныс құралдарын, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын, ұжымдық қорғаныс 
құралдарын қолдану, сондай-ақ дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларына ие және медициналық 
қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар болып табылады.
      416. Тәлімгерлердің, оқушылардың және практиканттардың от жұмыстарына қатысуына жол 

берілмейді.
      417. От жұмыстарының жекелеген кезеңдерін орындауға бригадалар, өзге филиалдар мен басқа 
ұйымдардың жеке жұмысшылары, олардың қызмет көрсетуші персоналдармен бірге техникалық құралдар 
тартылуы мүмкін. Траптық ұйымдар осы Қағидалар жөніндегі білімдерін тексеру хаттамасын ұсынады 
немесе олардың қызметкерлерінің осы Қағидалар жөніндегі білімдері тексеріледі. Мұндай жағдайда 
бригадалар құру туралы бірлескен (филиалдарда және тартылатын ұйымдарда) бұйрық шығарылады, 
онда:
      1) от жұмыстарына қатысатын тұлғалардың аты-жөні және біліктілігі;
      2) уақытша пайдалануға берілетін техникалық құралдардың тізімі;
      3) от жұмыстары кешенінің басшысы болып тағайындалатын филиал өкілі;
      4) от жұмыстарын жүргізуге және техникалар мен механизмдердің жарамды жағдайына 
жауаптылар;
      5) бекеттер бойынша жауаптылар көрсетіледі.
      418. Тартылатын персонал бірлескен бұйрықта бейнеленгендей, от жұмыстарын жүргізу 
кезеңінде филиалдың оперативтік басшылығына бағынышты болады. От жұмыстарын ұйымдастыру және 
жүргізу жоспарын объектілерінде немесе қызмет ету аймақтарында от жұмыстары атқарылатын тиісті 
филиал қызметтері, бөлімшелері құрады және оларды жүргізудің ұйымдастырушылық-технологиялық 
бірізділігі анықталуы тиіс. От жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жоспары мыналарды қамтиды:
      1) объект атауы, жұмыс жүргізу орны, атқарылатын жұмыстың мақсаты, мерзімі, жұмыстың 
атқарылу уақыты;
      2) қолданылатын құбырлар, бөлшектер, тиеу арматуралары, электродтар, сондай-ақ 
нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған барлық арнайы жұмыс түрлерін өндірудің қысқаша 
техникалық және конструктивті талаптары;
      3) жұмыстарды материалдық қамтамасыз ету нұсқаулықтары;
      4) жабдықтардың, механизмдердің, байланыс құралдарының, күзет бекеттерінің, демалу және 
тамақтану орындарының орналасуы, сондай-ақ жұмысты жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның тегі 
көрсетілген жұмыстарға қатысушы персоналдың тізімдік құрамы;
      5) құбырлар учаскелерінің, технологиялық жабдықтардың, электрхимиялық қорғаныс 
құралдарының және басқа жабдықтардың жүзеге асырылатын ауыстырулардың (жандыру, сөндіру) 
тәртібі мен жүйелілігі;
      6) от жұмыстары жүзеге асырылатын газ құбыры (объект) учаскесінің технологиялық және 
ахуалдық сызбасы;
      7) от жұмыстарын орындау және жөндеуден өткен газ құбыры учаскесін (объектісін) сынау 
кезіндегі операциялардың техникалық бірізділігі;
      8) от жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары енгізіледі.
      419. От жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жоспарын құру, келісу және бекіту тәртібін ГТҰ
, филиал немесе бөлімше басшысы белгілейді. Бекітілген от жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу 
жоспары диспетчерлік қызметте сақталатын арнайы журналға тіркеледі. Түрлі филиалдардың, 
бөлімшелердің бірнеше атқарушы ұжымдары орындайтын кешенді от жұмыстарын жүргізу кезінде 
пайдаланушы ұйым кешенді жүргізуге бұйрық шығарады. Объектілерінде кешен жүргізіліп жатқан 
филиал, бөлімше бекеттердің, мамандардың, техниканың орналасуы анықталатын бұйрық шығарады, әр 
оттық жұмысты өткізуге наряд-рұқсат және от жұмыстары кешенін жүргізу жоспары рәсімделеді. 
Мындай жағдайларда кешенді от жұмыстарын жүргізуге бұйрық қажет:
      1) технологиялық байланысқан бірнеше объектілерде бір уақытта жұмыс жүргізілгенде;
      2) бірнеше филиалдардың, бөлімшелердің, бригадалардың келісілген әрекеттері қажет болғанда
;
      3) бір газ объектісінде орналасқан бірнеше орындарда бір мезгілде жұмыс жүргізгенде;
      4) аса күрделі жағдайларда жұмыс жүргізгенде.
      420. Кешенді от жұмыстарын жүргізу туралы бұйрықпен жұмыс кешенінің басшысы, жеке отты 
жүргізуге жауапты адам және жұмыстарға қатысушы филиалдар, ұйымдар тағайындалады. Көрсетілген 
от жұмыстары кешенін жүргізу туралы бұйрықты кешен көлеміне сүйене отырып, ГТҰ, филиал немесе 
бөлімше шығарады. Күрделілігіне байланысты ГТҰ өндірістік бөлім бастықтары, филиалдардың, 
бөлімшелердің басшылары (басшы орынбасарлары) жұмыс кешенінің басшысы болып тағайындала алады. 
Егер от жұмыстарын даярлау және тікелей өткізу орындаушылардың бір құрамымен атқарылатын болса,

олардың дайындығы мен өткізілуіне бір жауапты адам тағайындалуы мүмкін. Қолданыстағы 
объектілерді тоқтатуға немесе газдың өршуіне байланысты от жұмыстарын жүргізу белгіленген 
тәртіппен ГТҰның өндірістік-диспетчерлік қызметімен (бұдан әрі – ӨДҚ) келісілген болуы керек. 
От жұмыстарын жүргізуге жауапты адам олардың жүргізілуін жеке өзі басқарады, наряд-рұқсатқа, 
жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру жоспарына, сондай-ақ жұмыс нұсқаулықтарының, осы 
Қағидалардың талаптарына сәйкес жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне, тәртібіне, сапасына және 
шапшаңдығына жауапты болады. Жоғары тұрған және қадағалаушы ұйымдардың от жұмыстарын орындауға 
байланысты өкімдері персоналға тек қана оларды жүргізуге жауапты адам арқылы ғана жеткізілуі 
тиіс. От жұмыстарын бастамас бұрын оларды жүргізуге жауапты адам:
      1) жұмысқа қатысушыларға жұмысты орындау тәртібі, тәсілі, ерекшелігі мен орындалуы, 
сондай-ақ нақты қауіпсіздік шаралары туралы (мақсатты нұсқаулық) наряд-рұқсатқа және жұмыс 
орнындағы нұсқаулықты тіркеу журналына қол қоюын рәсімдеу арқылы нұсқаулық жүргізуге;
      2) материалдардың, құралдардың, қорғаныс құралдарының, өртке қарсы және құтқару 
құралдарының болуын, жарамдылығын, жиынтықтылығын және дұрыс қолданылуын тексеруге;
      3) бекеттерді, жұмыс бригадаларын, машиналарды, механизмдер мен байланыс құралдарын 
орындар бойынша орналастыруды қамтамасыз етуге;
      4) барлық машиналар мен механизмдердің жұмысқа жарамдылығына көз жеткізуге;
      5) тиеу арматурасының жұмысқа жарамдылығына көз жеткізуге;
      6) бекеттермен және диспетчерлік қызметпен байланыстың болуын тексеруге;
      7) жұмыс аймағындағы әуе кеңістігін бақылауды қамтамасыз етуге;
      8) отты жұмыстарды жүргізу орнында болуға міндетті.
      421. От жұмыстарын жүргізу кезінде көлік және өртке қарсы құралдар, арнайы жабдықтар, 
механизмдер, радиобайланыс құралдары жел жоқ жаққа орналастырылуы тиіс. Олар жедел орнын 
ауыстыру мен бір мезетте және жеке маневрлеу мүмкіндігін есепке ала отырып орналастырылуы тиіс.
От жұмыстарын атқаруға тікелей қатыспайтын жұмысшылар, көлік құралдары, жабдықтар, материалдар 
және оларда пайдаланылмайтын өзге де құндылықтар, сондай-ақ дем алу, жылыну, тамақтану орындары
, медпункт, командалық бекет (қозғалмалы вагондар, шатырлар, және т.с.с.) осы Қағидалардың 28-
 сәйкес қауіпсіз аймақта орналастырылады.
қосымшасына
      Жұмысты бастамас бұрын ауысым бастығы (диспетчер) мүдделі ұйымдарды, цехтарды, 
қызметтерді және лауазымды тұлғаларды от жұмыстарының орны, сипаты және басталу уақыты туралы 
ескертеді. От жұмыстарын атқару үшін қолданылатын материалдардың, жабдықтардың және бұйымдардың
олардың сапасы мен қолдану шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттары (паспорты, сәйкестік 
сертификаты) болуы керек.
      Атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер он бес күндік мерзімнен кешіктірілмей орындаушылық 
техникалық құжаттамаға (технологиялық схамаларға) және объект паспортына енгізіледі.
3-параграф. Даярлық жұмыстары
      422. Газ объектісін от жұмыстарына әзірлеуді наряд-рұқсатқа және жұмыстарды ұйымдастыру 
және жүргізу жоспарына сәйкес филиалдың, бөлімшелердің пайдаланушы персоналы жүзеге асырады. 
Диагностика жасау туралы есепті қоса отырып, сонымен бірге құбырлардың ішкі жағының ақау табуын
, қауіпті аймақ шеңберіндегі газ кемуін анықтау мақсатындағы жергілікті жағдайларды қоса 
алғанда, технологиялық жабдықтардың және газ құбырының техникалық жағдайы мен сенімділігін 
сипаттайтын құжаттар жұмыс басталғанға дейін зерттелуі тиіс. Құбыр, дәнекерлеу жіктерінің 
бойында газдың кемуі анықталған кезде жарамсыз газ құбырларының (объектілер) қауіпті аймақ 
шектері жоспарланған от жұмыстары басталғанға дейін газ кемін жою үшін тоқтатылады. От 
жұмыстары жұмыс аймағы оларды қауіпсіз және қолайлы орындау үшін әзірленуі қажет:
      1) от жұмыстары жүргізілетін жерге еркін кіріп шығатын орын жасалады;
      2) кедергі келтіретін, жарылыс қаупі бар, өрт қаупі бар құралдар мен зиянды заттар 
жойылады;
      3) жасанды жарықтандыруды қоса алғанда, тиісті жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
      423. От жұмыстарының жұмыс аймағы оларды орындау орнының ерекшелігін, ауа райын, желдің 
бағыты мен жылдамдығын есепке ала отырып, тиісті сақтандыратын қауіпсіздік белгілерімен, 

плакаттармен белгіленуі (қоршалуы) керек және оған бөгде адамдардың, көлік құралдарының кіруіне
жол бермеу бойынша шаралар қолданылуы тиіс. От жұмыстарын жүргізетін орын жарылу қаупі бар және
зиянды заттардың келіп түсуі мүмкін көздерден нақты ажыратылады (оқшауланады), ал от жұмыстары 
жүргізілетін газ құбырларының учаскелері 100-500 паскальға (10-50 мм су бағанасы) тең қауіпсіз 
жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қысымға дейін газ тасымалы жасалатын ортадан ажыратылған 
болуы керек. От жұмыстарын жүргізу орнын қиып тастауы мүмкін ілгекті арматуралардың қате немесе
өздігінен орын ауыстыру мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылады:
      1) от жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жоспарында қарастырылған орындарға тиісті 
нұсқау берілген және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген қызметкерлер құрамының 
кезекшілігін қою;
      2) бекіту арматурасын басқарудың желілік телемеханика жүйесін істен ажырату (от жұмыстары
кезеңіндегі кез келген жағдайда);
      3) пневмогидрожетекші шүмекте – импульсті газды өршіту, пневмогидрожетекшілерден 
құбырішектерді шешу (импульсті түтіктер) және оларды жинап тастау, ал штуцерді сөндіріп, оларды
автоматты басқарудан қолмен басқаруға ауыстыру үшін қолданылатын шүмектердің мұрындықтарын (
қадаларын) алып тастау;
      4) бекіту арматурасынан қол жетегімен штурвалды ағыту немесе оларға механикалық тосқауыл 
қойылады;
      5) тиісті қауіпсіздік белгілерін және «ашпа», «жаппа» деген жазуы бар плакаттар (қажет 
жерлерге) ілінеді;
      6) бекіту арматурасында су сіңіргіш жабдықтар болған кезде шүмек корпусы мен оның тиек 
жабдығының арасындағы газ бекітілуі керек.
      424. Фланцтарды ажырату немесе орауыштардың қию орындарында 25 мм кем емес етіп қиылған 
электр қосқыштар орнатылған болуы керек, ал электрхимиялық қорғаныс құралдары от жұмыстарын 
бастар алдында осы от жұмыстары жүргізілетін уақытқа ажыратылады. От жұмыстары аяқталған кезде 
дәнекерленген орындар тегістеледі. От жұмыстары жүргізілетін орындарда от жұмыстарын 
ұйымдастыру және жүргізу жоспарында және наряд-рұқсатта алдын ала қарастырылған өрт сөндіру 
құралдары болуы тиіс.
4-параграф. Газ жабдықтарын даярлау
      425. От жұмыстары атқарылатын газ жабдықтары (қысыммен жұмыс істейтін түтікшелер, 
арматура және бекіткіш құбырлар) қысым көзімен байланыстыратын барлық құбырлардан ажыратылады 
және газ бен тез тұтанғыш сұйықтытан (бұдан әрі - ТТС) босатылады. Арасында білте жібі бар 
қатар орнатылған бірізді ілгекті екі краны бар газ жабдығын ажыратуға жол беріледі. Газ 
конденсатының қалдығы (ТТС) жабдықтан босатылғаннан кейін өз ағысымен ағызылады, сорғымен 
сорылып, табиғи немесе инертті газбен үрлеп тазартатын ыдысқа сығылады.
      426. ТТС сығылған ауамен сығуды, сондай-ақ сұйықтықты топыраққа (еденге) және кәрізге 
төгуді жүзеге асырмау.
      427. Ыдыстар мен құбырлар босатылғаннан кейін жақсылап бумен тазартылады. Ыдыстар мен 
құбырлардың қуыстарында пирофорлы шөгінділер болған жағдайда үрлеп тазарту алдында сумен жуу 
керек. Ыдыстар тазартылып жуылу үшін ашық тұрған жоғарғы люкта суға толтырылады. Қолданылған су
өнеркәсіптік кәрізге төгіледі, ал пирофорлар өрт қауіптілігі жоқ жерде мол сумен жойылады. 
Ыдыстар жуылған соң табиғи түрде ауамен тазартылады (ашық тұрған жоғарғы және төменгі люктарда)
немесе бақылау арқылы үш есе ауа алмасуын қамтамасыз ететін, бірақ бір сағаттан кем емес уақыт 
ішінде кептіріледі. Пайдалану барысында немесе от жұмыстарына даярлау үдерісінде қыздырылған 
ыдыстар адамдарға жұмыс істеуге берілгенге дейін 30 С аспайтын температураға дейін 
о
салқындатылады. Ыдысты от жұмыстарына даярлағаннан кейін оның ішіндегі ауаға зиянды және жарылу
қаупі бар заттардың құрамына талдау жүргізу керек.
5-параграф. Газ құбырларының желілік бөлiгiн даярлау

      428. От жұмыстарына даярлану алдында от жұмыстары жүргізілетін газ құбырларының 
учаскелеріне және қауіпті аймақ шегімен шектес (параллель салынған, қауіпті аймаққа жақын және 
оны қиып өтетін) құбырларға қажетті қауіпсіздік шараларын анықтау үшін зерттеу жүргізіледі.
      429. От жұмыстарының қауіпті аймағында орналасқан газ құбырларында қысымның көтерілуіне 
жол берілмеуі тиіс. Газ кемуі байқалмаған немесе пайдалану барысында құбыр беріктігінің 
төмендеуі туралы куәландыратын өзге факторлар анықталмаған учаскеде механизмдердің көмегімен 
газ құбырын ашуға және ондағы қысымды төмендетпестен, қолмен оқшаулаудан ажыратуға жол беріледі
.
      430. Созылыңқы учаскелерді ашқан кезде газ құбырының асылып тұруын және онда қосымша 
кернеу туындауына жол бермейтін шараларды қолданған дұрыс.
      431. Газ құбырының желілік аумағында от жұмыстарын бастар алдында төмендегі шаралар 
орындалады:
      1) оны көршілес учаскелер мен жетектерден сызықтық крандармен ажырату;
      2) 100-500 Па (10-50 мм су тағаны) қысымға дейінгі газдан босату.
      432. Ажырататын арматура герметикалық жабынды қамтамасыз етеді. Крандарды тығыздағыш 
майдың (паста) көмегiмен тығыз бекiту керек. Егер газ құбырындағы ажыратушы бекіту арматурасын 
жапқаннан кейін герметикасы жеткіліксіз болса, жөнделетін учаскемен бірге ақаулы (герметикалық 
емес) арматурадан кейінгі көршілес учаскені де ажыратып, қысымнан босату керек. Газ құбырының 
учаскесін білтемен газ ығыстыру арқылы босату қажет. Осындай жұмыстарды орындаушы (соның iшiнде
шудан қорғайтын) тиiстi жеке қорғаныс құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі
тиіс. Газ ығыстырумен тікелей айналыспайтын қызметкер, сонымен қатар техникалық құралдар 
білтеден кемінде 200 м қашықтыққа жел жағынан орналасуы тиіс. Сызықтық крандар мен от жұмыстары
жүргізілетін орын арасындағы жоғарғы белгі айырмасы бар газ құбыры учаскесіндегі от жұмыстарын 
жүргізу барысында жұмыс орнындағы артық қысым өсуін есепке алу қажет, егер ол білтелі краннан 
жоғары орналасса өседі, ал керісінше жағдайда төмендейді. Газоконденсатының болмауын тексеру 
iсін, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып құбырдың жоғарғы бөлігінен тесілген саңылау арқылы 
енгізілген қуыс бұрғының көмегімен жүргізу қажет. Газ құбырында ТТС, газ конденсаты табылған 
жағдайда, оларды жылжымалы ыдысқа ағызып шығарып, осыған арнайы бөлінген орынға апару керек. 
Газ құбырындағы ТТС-ті жояр алдында өрт сөндiру құралдарын, жеке және ұжымдық қорғаныс 
құралдарын даярлап алу керек.
6-параграф. От жұмыстары
      433. От жұмыстарын даярлық жұмыстары толық орындалғаннан кейiн бастауға жол берiледi. От 
жұмыстарын орындаушылар оларды орындауға от жұмыстарының басталуы және жүргізілу тәртібі туралы
бұйрық беретін от жұмыстарының жүргізілуіне жауапты тұлғаның нұсқауы бойынша кіріседі. От 
жұмыстарына қатысушылардың саны барынша аз болуы қажет. От жұмыстарына қатысушылардың барлығы 
тиісті арнайы киіммен және басқа да қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. 
Газтұтқыштардың, құтқару белдігінің, арқандардың, жылу шағылдыратын костюмдердің және өртке 
қарсы құралдардың жұмысқа әзірлігіне және дайын тұруына ерекше назар аударылады. Жұмыс аймағына
от жұмыстарының жүргізілуіне жауапты тұлғаның рұқсатымен персоналдың және арнайы техниканың 
кіруіне жол беріледі. От жұмыстары жұмыс аймағының ауасындағы газдың құрамы ең төменгі тұтану 
шегінің концентрациясының 20%-дан көп емес болғанда орындалады. Газ концентрациясы ең төменгі 
тұтану шегінің концентрациясының 20%-дан астам жоғарылаған жағдайда от жұмыстарын дереу тоқтату
, ал адамдарды қауіпті аймақтан шығару қажет. От жұмыстарының жүргізілуіне жауапты тұлға 
жұмыстарды жүргізу барысында жұмыс аймағының газдануын тасымалданатын газталдағышпен мерзім 
сайын, бірақ минуттан жиі емес аралықта бақылап отырады. От жұмыстарын жүргізер алдында шұңғыда
, құбыр ішінде, ыдыста, басқа тораптарда конденсаттың, жанғыш материалдардың болмауына көз 
жеткізу қажет және егер олардың бар екендігі анықталса, жою бойынша шараларды қолдану тиіс.
      434. Жауын, қар жауғанда, күштi жел соққан кезде дәнекерлеу жұмыстары арнайы баспа 
астында жүргiзiлуi тиіс. Найзағай кезінде газды өршітпеу және желілік крандардың және үрлеп 
тазарту білтелерінің жанында тұрмау. Осы Қағидалардың талаптары орындалмаған жағдайда және 
наряд рұқсатта, ұйымның және жұмыс жүргізу жоспарында көзделген жұмыс жүргізудің қауіпсіздік 

шаралары орындалмаған жағдайда, сонымен қатар жұмыс аймағында немесе қауіпті аймақта жарылу 
қаупі туындаған жағдайда от жұмыстарының жүргізілуіне жауапты тұлға оларды дереу тоқтатады.
      435. Сонымен бiрге от жұмыстары мына жағдайларда дереу тоқтатылады:
      1) қауiптi аймақта орналасқан объектіде апат жағдайының туындауы;
      2) от жұмыстарын орындайтын ұйымдық, техникалық, технологиялық жағдайлар және табиғат 
жағдайлары шұғыл (теріс) өзгерген кезде.
      436. Жарылу қаупі бар жағдай туындаған жағдайда, ДВС механизмдері, арнайы жабдықтар және 
көлік құралдары сөндіріледі, сондай-ақ дәнекерлеу аппараттарының және жұмыс аймағында 
орналасқан басқа да тоқ қабылдағыштардың электр қоректендіруін сөндіріледі. Жұмысшылар қауіпті 
аймақтан шығарылады және апат жағдайының туындау себебін анықтау және жою бойынша шаралар 
қолданылады. От жұмыстарын қауіпсіз жұмыс жағдайы толық орнына келтірілгеннен кейін от 
жұмыстарының жүргізілуіне жауапты тұлғаның нұсқауы бойынша қайта бастауға болады. От 
жұмыстарының бұзылуы, өзгеруі, тоқтатылуы және қайта басталуы және қабылданған шаралар туралы 
хабарламаны диспетчерлік қызметке, оперативтік диспетчерлік және орталық оперативтік 
диспетчерлік басқармаға хабарлау қажет. Бекіту арматурасымен бөлінбеген екі немесе одан көп 
учаскеде от жұмыстары бірізді жүйемен жүргізіледі, яғни әрбір келесі жұмыс алдыңғысы толық 
аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Құбыр учаскелерінде олардың ұзындығына қарамастан екі және одан
көп от жұмыстарын бір уақытта жүргізуге қауіпсіздік шаралары сақталған кезде және ерекше 
жағдайларда рұқсат етіледі:
      1) пiскекті жіберу арқылы учаскені конденсаттан алдын ала тазарту;
      2) учаске ұштарындағы орауыштарды кезекпен кесу арқылы газ құбыры учаскесінің жұмысын 
тоқтату;
      3) жұмыстан шығарылған учаскені табиғи газдан нөлдік концентрацияға дейін құбыр ішін 
қысымды желдеткішпен жарылыстан қауіпсіз жағдайда үрлеп тазарту арқылы босату, пирофорлық 
қосылыстар жоқ болған жағдайда газ ауа қоспасын жарылыстан қауіпсіз соратын жабдықты немесе 
табиғи желдетуді қолдана отырып шығару.
      437. Газ құбырының тұмшалануы бұзылмай орындалатын, тесіп өтпейті ақауларды дәнекерлеу, 
катодтық өткізгіштерді дәнекерлеу бойынша от жұмыстарын газ құбырының бірнеше учаскелерінде бір
уақытта жүргізуге рұқсат етіледі. От жұмыстары кезінде бекіту арматурасын жабуды және ашуды 
ұйымның және жұмыстарды жүргізу жоспарына сай және от жұмыстарының жүргізілуіне жауапты 
тұлғаның өкімі бойынша жүргізу қажет. Арматураның орнын ауыстыру қажет болатын күтпеген 
жағдайларда арматура көзделген жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына сай, ГТҰ, филиалдың, бөлімшенің
ПДС келісімі бойынша өзгертіледі. Осы операциялар алдында от жұмыстары тоқтатылады, ал 
қатысушылар қауіпті аймақтан шығарылады. Дәнекерлеушілер және олардың көмекшілері тиісті 
қорғаныс құралдарын қолдана отырып, сонымен қатар арнайы киім және арнайы аяқ киім киіп жұмыс 
істейді, сонымен бірге қорғаныс қалқанын немесе бетпердесін қолданады. Төбедегі дәнекерлеу 
жұмыстары кезінде дәнекерлеуші қосымша асбест және брезент жеңқап киеді.
      438. Түсті металдар мен құрамында мырыш, мыс немесе қорғаныс бар қорытпаларды дәнекерлеу 
кезінде дәнекерлеуші тиісті газтұтқышты қолдануы тиіс. Дәнекерлеу жіктерін қоқыстан тазарту 
кезінде жұмыскерлер сақтандырғыш көзілдірігін киеді. Құбырдың қисық сызықты учаскесін тілетін 
газ тілуші тілуді аяқтайтын уақытта қисық сызықтың арғы жағында тұрады. Жарылу қаупі бар 
бөлмеде электр дәнекерлеу жұмыстарын атқарған кезде кері тоқ жеткізуші сым дәрежесінде жерге 
қосылған сымды, металл конструкциясын, жабдық корпусын және құбырларды қолданбау. Ормандарда 
немесе төсеме тақталарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгенде бұл құрылғылар құлап түскен балқыған 
металл өрт туғызбауы немесе адамдарды күйдірмеуі үшін темір немесе асбест қабатпен жабылады. 
Электр тұтқышқа ток жіберу үшін ақау түсуден қорғалған иілгіш оқшауланған сым қолданылады. 
Бұзылған оқшаулауы бар сымдарды қолдануға жол берілмейді.Дәнекерлеу аппараты және көмекші 
құралдар от жұмысы орнынан 20 м қашық жерге орналастырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін немесе 
үзілісте электр дәнекерлеу аппараты сөндіріледі. Дәнекерлеу тізбегін қоректендіру көзі 
сөндіріліп тұрғанда және электр дәнекерлеу жабдығы істен ажыратылғанда түзетіледі. Дәнекерлеу 
аппаратының жекелеген бөліктерінің (трансформаторлар, мойынтіректер, щеткалар, екінші тізбек 
контактілері) температурасы 75  С аспайды. Температура рұқсат етілетін шектен артқанда агрегат 
о
істен ажыратылады. Жұмыс істеп жатқанда дәнекерлеу аппаратының корпусында кернеу бұзылуы 
анықталған жағдайда дәнекерлеу тоқтатылады және аппарат ажыратылады. Ацетиленді газгенератор 

жұмыс орнына немесе басқа да от көздеріне 10 м қашықтықта жел жағынан орналастырылады. Оттегі 
құйылған баллондарды (кемінде екеу) жел жағынан от жұмыстары орнынан 10 м қашықтықта кемінде 5 
м аралықта орналастыру қажет. Қысымы 0,05 МПа (0,5 кг/см ) төмен баллоннан оттегін өндіруге жол 
2
берілмейді. Өздігінен тұтанып кету және жарылу мүмкіндігіне байланысты оттегінің (оттегісі бар 
герметикалық емес баллон) майлау майларымен және басқа да көмірсутекті тез тұтанатын 
сұйықтықтармен түйісуіне тыйым салынады. Сығылған, сұйытылған газдары бар баллондар тасымалдау 
және сақтау кезінде күн сәулесінен немесе өзге жылу көзінен қызып кетуден қорғалады. Сығылған 
және сұйытылған газдары бар баллондарды вентиль тежегіштеріндегі бітеуіш қақпақсыз және 
сақтандырғыш қалпақсыз тасымалдауға және сақтауға жол берілмейді. Баллондарды тасымалдау және 
сақтау кезінде құлап кетуден, оқыс серпу немесе соққы алудан қорғау керек. Екі баллонды арнайы 
арбамен дәнекерлеу бекетіне әкелуді қоспағанда, оттегісі және ацетилені бар немесе басқа да 
жанғыш газдары, жанар-жағар май материалдары және майлары бар баллондарды бір үй-жайда (кузовта
) тасымалдауға және сақтауға жол берілмейді. Металл кесу үшін ТТС (керосин, бензин және 
басқалары) пайдалану кезінде төмендегі талаптарды орындау қажет:
      1) жанармай толтырылған бөшке оттегі баллонынан және жұмыс орнынан, сонымен бiрге кез 
келген от көзінен 5 м-ге қашық жел жағынан орнатылады;
      2) бөшкеге ауқымының 3/4 көлемінде жанармай толтырылады, бөшкедегі қысым 0,3 МПа (3 кгс/
см  ) аспауы тиіс;
2
      3) кескіштің ұшқыны өшпей тұрып жанармай толы бөшкеден ауа шығаруға болмайды;
      4) газ кесушінің киiмiне жанғыш сұйықтықтың тиюіне жол бермеу қажет.
      439. Ацетиленге арналған құбырішекті оттегі өткізгіші ретінде және керісінше оттегі 
өткізгішін ацетилен беру үшін пайдалануға жол берілмейді. Жұмыс барысында құбырішектің 
бұратылып және бүктеліп қалмауын, сонымен қатар ток өткізгіштермен, қыздырылған заттармен 
түйіспеуін және майлы заттармен ластанбауын қадағалау қажет. Құбырішектерге металл және шлак 
қалдықтарының шашырандысы түспеуі тиіс. Өткелдер мен жолдар арқылы салынған кезде құбырішектер 
механикалық әсерлерден қорғалуы тиіс. Құбырлардың (конструкциялардың) дәнекерлеу жіктерін 
жарықтандыру үшін қолданылатын иондық сәулелену көздерімен жұмыс істегенде Радиоактивтік 
заттармен және басқа да иондық сәулелену көздерімен жұмыс істеудің негізгі санитарлық 
қағидалары, Ұйымдар мен кәсіпорындарда радиоизотоптық ақау табу кезінде қауіпсіз жұмыс жүргізу 
бойынша нұсқаулық, Радиоизотоптық ақау табу бойынша санитарлық қағидалар орындалуы тиіс. 
Дәнекерлеу жіктерінің ақау табуы бойынша жұмыстармен айналысатын адамдар оқытылады және 
дәнекерлеу жұмыстарына жасалатын тиісті бақылау түрін жүргізу құқығына куәлігі болады. 
Магнитографиялық бақылау кезінде жаңғырту аспаптарын және қоректендіру көздерін пайдалану 
бойынша зауыт нұсқаулықтарына сай жерге қосу қажет. Дәнекерлеу жіктерінің гамма және рентгендік
ақау табу кезінде қауіпсіз қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар қолданылады. 
Иондық сәулелену көздерімен жұмыс істегенде дозиметрлік аспаптардың тұрақты бақылауы жүргізілуі
тиіс. Гамма және рентгендік ақау табу аспаптарымен жұмыс істелетін орынға бөгде адамдардың 
кіруіне жол берілмейді. Қауіпті аймаққа тиісті қауіпсіздік белгілері, жазбалары және (немесе) 
қоршаулары қойылуы тиіс. Жұмыс аяқталған соң тасымалданатын қондырғыларды (аспаптар) қызметкер 
арнайы жабдықталған қоймаға тапсырады. Жұмыс күні ішінде орын алған барлық ақаулар туралы 
қызметкер әкімшілікке хабарлайды. Электр дефектоскоп жұмыс басталғанға дейін сенімді түрде 
жерге қосылады. Ақау табу барысында диэлектрлік қолғаптар мен галоштарсыз жұмыс істеуге жол 
берілмейді. Ақау табу барысында қуыс бұрғыға қол тигізуге немесе аспапты алдын ала қоректендіру
көзінен ажыратпай жөндеуге жол берілмейді. Егер заттардың үстіңгі беттері ылғалды болса, 
оқшаулау сапасын тексеруге жол берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет