Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата31.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10950
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10363 тіркелді
      «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 6
-бабы 
 сәйкес 
:
4) тармақшасына
БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық газ құбырларын пайдалану 
 бекітілсін.
қағидалары
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін 
күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық 
құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми 
интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен 
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі 
департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы 
туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика 
вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
      Министр                                     В.Школьник
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _______________Ә.Ө. Исекешев
      2015 жыл 30 қаңтар
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің  
2015 жылғы 22 қантардағы
№ 33-бұйрығымен бекітілді
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
      1. Магистральдық газ құбырларын пайдаланудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 
Қазақстан Республикасының 
 2012 жылғы 22-маусымдағы, 
«Магистральдық құбыр туралы»
«Газ және 

 2012 жылғы 9-қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Магистральдық 
газбен жабдықтау туралы»
газ құбырын пайдалану тәртібін анықтайды, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, 
техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтиды.
2. Магистральдық газ құбырларын пайдалану тәртібі
1-параграф. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі
      2. Магистральдық газ құбырының (бұдан әрі – МГҚ) желілік бөлігі мынадай технологиялық 
операцияларды орындау кезінде газдың жобалық немесе жоспарлы көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз
етеді:
      1) тазарту құрылғыларын жіберу немесе қажет болған жағдайда диаметріне қарай үрлеу арқылы
қуысты қатты және сұйық қоспалардан тазарту;
      2) кристалгидраттардың түзілуін немесе қажет болған жағдайда олардың бұзылуын болдырмау 
мақсатында құбыр қуысына метанол енгізу;
      3) ішкі жағында тоттануды болдырмау мақсатында газ құбырының қуысына тоттану ингибиторын 
енгізу;
      4) көптармақты жүйелерде немесе қиылысушы газ құбырларында жекелеген құбырлар арасына газ
жіберу;
      5) қажет болған жағдайда құбырлардың жекелеген учаскелерін ажырату және қосу;
      6) әртүрлі жұмыс қысымымен газды жүйеден жүйеге жіберу.
      3. МГҚ желілік бөлігін пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігі мына шаралармен қамтамасыз
етіледі:
      1) МГҚ желілік бөлігінің күйін кезеңдік бақылау, көзбен шолу және техникалық құралдарды 
пайдаланып тексеру;
      2) жөндеу-алдын алу жұмыстарын уақытылы орындау арқылы оны жарамды күйде ұстау;
      3) құбырішілік диагностиканы және МГҚ желілік бөлігін диагностикалаудың басқа әдістерін 
жүргізу;
      4) барынша мүмкін болатын гидравликалық тиімділікті ұстау;
      5) моральдық ескірген немесе тозған жабдықты уақытылы жаңғырту және қайта жаңарту;
      6) осы Қағидалардың 
 сәйкес күзет аймағына және елді мекендерге, жекелеген 
1-қосымшасына
өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз 
қашықтықтағы аймаққа қойылатын талаптарды сақтау;
      7) апаттардың уақытылы алдын алу, істен шығулар мен өндірістік ақауларды жою.
      4. МГҚ желілік бөлігінің объектілері осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып 
пайдалануға қабылданады.
      5. Күзетілетін аймақтағы, оның ішінде бөгде ұйым жүргізетін, жұмыс осы Қағидалардың 
талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
      6. Әр объектіде (кран алаңы, учаске) күзетілетін аймақты, өндірістік инфрақұрылымды, 
күзетілетін аймақта орналасқан және шектесетін аумақтың (объектінің) заттарын (меншігін) 
көрсетумен объектінің (крандардың) және құбыр трассасының орналасу схемасы жасалады және 
ілінеді.
      7. Схеманы кәсіпорын басшысы бекітеді, оған объектінің басшысы қол қояды.
      8. Басты құрылыстарды пайдалану осы Қағидаларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      9. Басты құрылыстардан МГҚ берілетін газдың сапасы ҚР СТ 1666-2007 Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келеді.
2-параграф. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігін ресімдеу
      10. Күзетілетін аймақтарда жұмыстың орындалуын бақылауды және ең аз қашықтықтағы 
аймақтарда жұмыс жүргізуді келісуді ГТҰ (бұдан әрі - ГТҰ) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес 

жүзеге асырады.
      11. Жұмыстарды жүргізушіде қолданыстағы құбырлар енгізілген жобалық және атқарушылық 
құжаттамасы болған жағдайда, ГТҰ жұмыс жүргізуге рұқсат береді.
      12. МГҚ желілік бөлігі тікелей учаскелерде биіктігі 1,5-2 метр (бұдан әрі -м) айырғыш 
белгілермен (қалқан-белгілермен) белгіленеді, олар көріну шектерінде, бірақ 500 м-ден сирек 
емес және газ құбырының километражы мен құбырлардың салынуының нақты тереңдігі көрсетіле отырып
, газ құбыры қиылысының бұрышында қойылады.
      13. Егер газ құбырының бойында әуе байланыс желілері өтетін болса, газ құбырының 
трассасын белгілеу үшін байланыс тіректері пайдаланылады, оларда километраж, газ құбырының 
салыну тереңдігі мен байланыс тірегі осінен газ құбырының осіне дейінгі қашықтық көрсетіледі. 
МГҚ көптармақты жүйелерінде МГҚ әр тармағы белгіленеді. Газ құбырының трассасын бекіту 
орындарын белгілеу үшін темірбетон бағаналарының орнына бақылау-өлшеу бағаналары мен катодтық 
қорғау пункттері пайдаланылады. Километрлік бағаналар қызғылт сары түске боялады. Ауыл 
шаруашылығына арналған жерлерде өңделетін жерлерге, ағаш егілетін шекараларға бағаналар 
орнатылады.
      14. МГҚ белгілерін орнату жер пайдаланушылармен бөлімшелердің бірлескен актілерімен 
ресімделеді.
      15. Газ құбырларының басқа жерүсті және жерасты коммуникацияларымен қиылысу орындары осы 
Қағидалардың 
 сәйкес «Жоғары қысымды газ құбыры» белгілерімен белгіленеді.
2-қосымшасына
      16. Кеме жүретін өзендер мен арналар арқылы өтетін газ құбырларының суасты өтпелері 
бассейндік басқармалармен келісу бойынша белгілермен жабдықталады және тәуліктің қараңғы 
уақытында автоматты түрде қосылатын дабылдық жарық белгілері болады. Газ құбырларының кеме 
жүрмейтін бөгеттер мен жыралар арқылы суасты өтпелері осы Қағидалардың 
 сәйкес 
3-қосымшасына
трассаның белгілерімен белгіленеді. Белгілер мыналарды қамтамасыз етеді:
      1) күзету кезінде газ құбырын кез келген әдіспен көзбен шолып табу;
      2) газ құбырының күзетілетін аймағында кез келген жұмысты жүргізу кезінде газ құбырының 
орналасқан жерін анықтау.
      17. Әр бағана екі плакатпен жабдықталады: біріншісі – күзетілетін аймақ, орналасқан жері 
мен газ құбырының жабдықтары туралы ақпаратпен тігінен орнатылады; екіншісі – газ құбырының 
ұзындығы көрсетілген плакат (ауадан қажетті учаскелерді көзбен шолып іздеу үшін) осы 
қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлденеңінен (30о-тан көп емес) орнатылады.
      18. Газ құбыры бойынша бөгде тұлғалардың өту мүмкіндігін болдырмайтындай, арқалық түрдегі
жерүсті өтпелерінің барлығы қоршаумен жабдықталады, олар алюминий бояумен боялады, оларда осы 
Қағидалардың 
 сәйкес нысан бойынша жазулары мен белгілері болады.
4-қосымшасына
      19. Тоннельдерде МГҚ өткізу кезінде компенсаторлар туннельге кіре берісте газ құбырының 
желілік бөлігін тастардың түсуінен қорғау үшін темірбетон төсемдерімен жабылады.
      20. Тоннельдерге газ құбырының кірулері металл шарбақтармен немесе торлармен қоршалады, 
бұл тоннельге бөгде тұлғалардың кіруін болдырмайды.
      21. Қоршауларда осы Қағидалардың 
 сәйкес нысан бойынша «Кіруге болмайды», «
5-қосымшасына
Шылым шегуге болмайды» деген белгілер орнатылады. Оған қосымша объектінің атауы, пикеттері мен 
нөмірлері МГҚ бірыңғай технологиялық схемасына сәйкес қабылданған оның пайдаланушы ұйымға 
тиесілігі көрсетіледі.
      22. Қажет болған жағдайда, қоршау шегінде желілік-өндірістік басқарманың бас инженері 
бекіткен объектінің технологиялық схемасы ілінеді.
      23. МГҚ барлық учаскелерінде алдын алу, жөндеу және апаттық жұмыстарды орындау үшін газ 
құбырының кез келген нүктесіне кіру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
      24. Газ құбырының трассасында кез келген нүктеге кіруді қамтамасыз ету үшін барынша аз 
айналып өтумен жыралардың, жылғалардың және шағын өзендердің тік беткейлері олардың арасынан 
автокөлік өте алатындай жоспарланады.
      25. МГҚ күзетілетін аймақтарында, МГҚ құрамына кіретін технологиялық байланыс желілері 
мен құрылыстарында, телемеханика мен электр желілерінде құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстары 
осы Қағидалардың талаптары сақталып орындалады.
      26. МГҚ күзетілетін аймағындағы объектілер құрылысына, газ құбырының басқа 
коммуникациялармен қиылысына қатысты барлық өзгерістер, сондай-ақ МГҚ желілік бөлігіндегі 

объектілердің конструктивтік өзгерістері атқарушылық құжаттамаға уақтылы енгізіледі.
      27. Газ құбыры астындағы топырақты жыралардың беткейлері мен өзендердің жағаларында су 
шаюдан қорғау үшін су ағыны газ құбыры осінің маңынан тоқтатылып, газ құбырларының күзетілетін 
аймағында орналасқан жыралар мен шұңқырлардың болмауы қадағаланады.
      28. Үйілген топырақтарда, дамбыларда, тауларда төселген газ құбырларынан су жіберу жұмыс 
істеу күйінде ұсталады.
      29. ГТҰ мүдделі ұйымдармен бірлесіп, олардың бүлінуінің алдын алу мақсатында газ құбыры 
арқылы ұйымдастырылған өту орнын белгілейді.
      30. Жерасты газ құбырларында ағымдағы жөндеу мен тексеру жұмыстарын жүргізу жағдайларын 
қоспағанда, жалаңаштанған учаскелер мен ашық шурфтар, шұңқырлар мен орлар болмауы керек. Мұндай
жұмыстардың аяқталуы бойынша бір апталық мерзімде жалаңаштанған учаскелер оқшауланып, көміледі.
      31. Қоршауларда объектінің атауын, оның пайдаланатын бөлімшеге тиесілігін көрсететін 
белгілер орнатылады, қажетті технологиялық схемалар, пайдаланатын бөлімшенің жалпы технологиялық
схемасына жалғастыратын километрлік пикеттері көрсетіледі. Осы Қағидалардың 
 
6-қосымшасына
сәйкес нысан бойынша «Газ. Отпен жақындама», осы Қағидалардың 
 сәйкес нысан 
4-қосымшасына
бойынша «Кіруге тыйым салынады», «Шылым шекпе» деген тыйым салу белгілері орнатылады.
      32. Мемлекеттік орман қорының жерінен өтетін МГҚ трассасы әр тараптан шеткі газ құбыры 
осінен 3 м шегінде, бұталардан дүркін-дүркін тазартылып, қауіпсіз және өртке қарсы жағдайда 
ұсталады.
      33. Пайдалану кезінде жерасты газ құбырының трассасын тексеріп шығу, айналып өту немесе 
аралап ұшып шығу жолымен бақылау керек. Тексеріп шығу, айналып өту немесе аралап ұшып шығудың 
мерзімділігі және тексеру көлемі МГҚ желілік-өндірістік басқармасы әзірлеген және ГТҰ басшылығы
бекіткен кестемен белгіленеді.
      34. МГҚ барлық санаттағы автожолдар арқылы өтпелерін тексеру жылына кемінде бір рет, оның
ішінде сорғыш шамның ауасын сынау арқылы жүргізіледі. Тексеріп шығу, айналып өту немесе аралап 
ұшып шығу нәтижелері арнайы журналда тіркеледі.
      35. Ақаулар немесе басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеруші олар туралы 
учаскені пайдалануға жауапты адамға хабарлайды, ол өз кезегінде диспетчерге немесе МГҚ 
желілік-өндірістік басқармасының бастығына хабарлайды. Соңғысы анықталған кемшіліктерді жою үшін
шаралар қабылдайды.
      36. Желілік-пайдалану қызметінде кәсіпорын басшылығы бекіткен аварияны жою жоспары, 
авариялық бригаданы жинау және аварияның орнына бару тәртібі, сондай-ақ аварияны жою үшін 
қажетті көлік құралдарының, жабдықтардың, материалдардың, байланыс құралдарының, өндірістік 
технологиялық байланыстың, өрт сөндіру, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының тізбесі болады.
      37. МГҚ кезектен тыс қарау және тексеру дүлей апаттан кейін газ құбырының және оның 
желілік бөлігі құрылыстарының зақымдануы мүмкін учаскелерде және газ құбырынан немесе 
арматурадан газ жылыстауы табылған жағдайда жүргізіледі.
      38. Өзен, жыра, сай арқылы өтетін өтпелердегі газ құбырлары бұзылулар мен шайылулардан 
қорғалады.
      39. Желілік-пайдалану қызметінде диспетчерде және авариялық-жөндеу көлік құралдарында 
олардың орналасқан орындарынан трассаның барлық учаскелеріне жылдың әр мезгілдерінде және 
әртүрлі метеорологиялық жағдайларда қозғалыстың оңтайлы жолдарының схемасы (маршруттық картасы)
жасалып сақталады.
      40. Трассаны қарау кезінде желілік құбыр жүргізушінің (тексеруші), бригаданың қозғалысы 
қолданыстағы маршруттық карталарға сәйкес, метеорологиялық жағдайларды, тасқынды, көшкінді және 
трассадағы басқа да ықтимал факторларды (кедергілерді) есепке ала отырып жүргізіледі.
      41. Желілік қараушылар, бригадалар трассаға шығу кезінде жабдықтау табеліне, климаттық, 
метеорологиялық жағдайларға сәйкес азық-түлік пен су қорымен, жеке қорғаныс құралдарымен, 
дәрігерлік көмек көрсетуге дейінгі көмек құралдарымен, диспетчермен байланыс құралымен 
қамтамасыз етіледі.
      42. МГҚ трассасына қараушылардың қарауға және тексеруге шығуы мен жүруі және аса қиын 
геологиялық немесе табиғи жағдайларда, шөлді, шөлейтті аудандарда бақылау пункттеріне баруы 
немесе қайтуы арнайы журналда тіркеледі және диспетчер немесе МГҚ желілік-өндірістік 
басқармасының басшылығы тағайындаған басқа жауапты тұлға бақылайды. Трассада жұмыстарды орындау

кезінде және қайта оралған соң персонал диспетчерге (операторға) өзінің орналасқан жері, 
орындалған жұмыс, желілік бөліктің және күзетілетін аймақтың жағдайы туралы баяндайды.
      43. Персонал белгіленген мерзімде бақылау пунктіне келмеген немесе онымен байланыс 
болмаған жағдайда, диспетчер оны іздеу мен қажетті көмек көрсету үшін қажетті шаралар 
қабылдайды.
      44. Егер қарау (айналып өту) процесінде газ құбырының саңылаусыздығынан ақау табылса 
немесе басқа да қауіпті жағдай орын алса, қауіпті аймақ қауіпсіздік белгілерімен қоршалады. Бұл
ретте, кезекші диспетчер немесе пайдалануға жауапты басқа тұлға хабардар етіледі.
      45. Диспетчерге хабарланған соң:
      1) газ жылыстаған орынға жақын жол учаскесін көлікпен айналып өту, қажет болған жағдайда 
қозғалысты тоқтату ұйымдастырылады;
      2) аса қауіпті орынға жақын жерде, әсіресе түнгі уақытта, қауіп туралы ескерту және 
қауіпті аймаққа адамдардың, көліктің, жануарлардың кіруін болдырмау үшін постылар 
ұйымдастырылады;
      3) теміржол көлігіне қауіп төнген кезде поездардың қозғалысын уақытша тоқтату шаралары 
қабылданады.
      46. Қажетті жағдайларда диспетчер немесе жауапты лауазымды тұлға қауіп туралы жергілікті 
атқарушы органдарын, кәсіпорындарды, осы учаскелерге жақын орналасқан немесе жұмыс істейтіндерді
, сондай-ақ жақын жердегі елді мекендер тұрғындарын хабардар етеді.
      47. Апат орнына жұмыстың басшысы келгеннен кейін қоршау құралдарының, қауіпсіздік 
белгілерінің бар-жоғын тексереді және қажет болған жағдайда постыларды қояды, техникалық 
құралдарды апат орнынан қауіпсіз қашықтыққа орналастырады және диспетчермен байланыс орнатады.
      48. МГҚ, оның құрылыстары мен арматурасындағы от немесе газ қаупі бар жұмыстарды талап 
ететін ақауларды жою осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      49. МГҚ газ жылыстауын жарық, коррозиялық бұзылу және тесіктер арқылы жоюға тыйым 
салынады.
      50. Жекелеген жағдайларда ГТҰ басшылығының рұқсатымен уақытша бандаждар және басқа да 
құрылғыларды орнатуға жол беріледі.
3-параграф. Желілік бөлікті пайдалануды ұйымдастыру
      51. МГҚ желілік бөлігін пайдаланудың техникалық және әдістемелік басшылығы осы қызмет 
бағыты бойынша және тиісті ГТҰ өндірістік-техникалық бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады.
      52. МГҚ нақты учаскесін пайдалануды техникалық және әкімшілік басқаруды ГТҰ басшысы 
жүзеге асырады. МГҚ желілік бөлігіндегі жұмыстарды желілік-пайдалану қызметінің басшысы 
басқарады.
      53. МГҚ-да ГТҰ екі данада жасалған арнайы паспортты ресімдейді.
      54. Паспорттың даналарына жазылған құбыр бөлшектері және құбыр құрышының түрі мен маркасы
, орнатылған ілмек, реттегіш және басқа да арматура көрсетілген оның атқарушылық схемасы қоса 
беріледі. Паспорттың бір данасы кәсіпорында, екіншісі – кәсіпорын бойынша бұйрықпен 
тағайындалған, газ құбырын пайдалануға жауапты тұлғада сақталады. Газ құбырының паспортына 
қосымша енгізілетін жазбалар бір уақытта екі данада тіркеледі.
      55. МГҚ жалпы және қауіпсіз жағдайына желілік-өндірістік басқарманың бастығы жауапты 
болып табылады.
      56. МГҚ желілік-өндірістік басқармасының бастығынан басқа, желілік-өндірістік басқарма 
бойынша бұйрықпен МГҚ белгілі бір учаскесінің техникалық жағдайына және пайдалану 
қауіпсіздігіне жауапты арнайы дайындалған қызметкерлер тағайындалады.
      57. МГҚ желілік бөлігін пайдалану бойынша бөлімшенің және оған орнатылған жабдықтың 
негізгі өндірістік звеносы желілік-пайдалану қызметі болып табылады.
      58. Жергілікті жағдайлар мен МГҚ техникалық жағдайына байланысты ГТҰ қызмет көрсетудің 
басқа ұйымдастырушылық түрлерін көздейді.
      59. Желілік-пайдалану қызметі техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді уақытында орындау 
кезінде жабдықтың, құрылыстың тиімді және қауіпсіз пайдаланылуын, бекітілген механизмдер мен 

көлік құралдарының жұмысқа дайындығын, құбырлардың, жабдықтар мен материалдардың 
төмендетілмейтін және апаттық қорларын сақтау мен толықтыру, апаттар мен өндірістік ақауларды 
қысқа мерзімде жоюды, газ құбырлары мен жабдықтың саңылаусыздығын, қоршаған ортаны ластауды 
болдырмауды және техникалық құжаттама мен есептіліктің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      60. Желілік-пайдалану қызметінің құрамына жөндеу-пайдалану блоктары мен өнеркәсіптік 
алаңдар кіреді.
      61. Газ тарату станцияларын (бұдан әрі – ГТС), операторлар мен қараушылар үйлерін, 
апаттық-жөндеу пункттерін пайдалануды, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді құрылымдық 
бөлімшедегі олар қызмет көрсететін ғимараттардың, объектілер мен шекаралардың бөлінуіне сәйкес 
желілік-пайдалану қызметі жүзеге асырады.
      62. Қабылданған техникалық қызмет көрсету және жөндеу құрамына байланысты 
желілік-пайдалану қызметінің құрамына электр химиялық қорғаныс, бақылау-өлшеу аспаптары және 
автоматика мен телемеханика бойынша учаскелер, топтар немесе мамандар кіреді.
      63. Апаттарды жедел жою, көп еңбекті қажет ететін қалпына келтіру және басқа да 
жұмыстарды орындау үшін МГҚ-да апаттық-қалпына келтіру поездары құрылады.
      64. Желілік-пайдалану қызметі метанолды алу, сақтау және МГҚ құю бойынша жұмыстарды 
стандарттарға, нормативтік құжаттарға, нұсқаулықтарға және «Метанолды жеткізушілерден алу, 
тасымалдау, сақтау, жіберу және газ кәсібінде, магистральдық газ құбырларында және газды жер 
астында сақтау станциялардында қолдану тәртібі» СТ ГУ-153-39-187-2006 сәйкес орындайды.
      65. Газ құбырына метанолды құю ГТҰ жедел-диспетчерлік басқармасының өкімі немесе рұқсаты 
бойынша жүзеге асырылады.
      66. Желілік-пайдалану қызметі газ тарату станцияларында және ГТПнде (бұдан әрі - ГТП) 
одорантты алу, тасымалдау, сақтау және уақтылы құю жұмыстарын орындайды, сондай-ақ желілік 
бөліктің объектілерін салу, күрделі жөндеу, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру 
сапасына техникалық бақылауды жүзеге асырады.
      67. ГТҰ белгілеген жекелеген жағдайларда, техникалық бақылауды қамтамасыз ету осы қызмет 
түріне лицензиясы бар басқа кәсіпорындардың немесе ұйымдардың қызметкерлеріне жүктеледі.
      68. Қолданыстағы газ құбырларына басқа газ құбырларын немесе объектілерді қосуды ГТҰ 
өкімі бойынша желілік-пайдалану қызметі жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда, бұл жұмыстарды 
орындау үшін ГТҰ басқа ұйымдарды жұмысқа тартады. Бұл ретте, желілік-пайдалану қызметі 
учаскедегі газ құбырын ажыратуды, газ шығаруды, жұмыс аймағында газ беруді, жарылыс қаупі бар 
қоспаның түзілуін және конденсаттың төгілуін болдырмайтын басқа жұмыстардың орындалуын 
қамтамасыз етеді.
4-параграф. Желілік бөлікке техникалық қызмет көрсету
      69. Техникалық қызмет көрсетуді объектілердің тиесілігі бойынша желілік-пайдалану қызметі
жүргізеді.
      70. Апаттық-қалпына келтіру пойызы кәсіпорын басшылығының өкімі бойынша техникалық қызмет
көрсету және жөндеу үшін пайдаланылады.
      71. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін ГТҰ әзірлейді және олар мыналарды 
көздейді:
      1) тексеру және диагностикалық зерттеу;
      2) техникалық қызмет көрсету;
      3) ағымдағы жөндеу;
      4) күрделі жөндеу;
      5) апаттық-қалпына келтірушілік жөндеу;
      6) сынау (қайта сынау);
      7) ресурсын ұзарту;
      8) техникалық жағдай туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
      9) тиімділікті, сенімділікті және қауіпсіздікті арттыру бойынша іс-шараларды орындау.
      72. Жоспардағы тексеру кезінде күзет аймағы және МГҚ ең аз арақашықтық аймағы, су 
кедергілеріндегі өтпежолдары, аңғарлар, темір және автомобиль жолдары, кран алаңдары және 

апаттық құбырлар қорлары, компрессорлық станцияға қосу торабы, тазарту құрылғысын қабылдау және
іске қосу торабы, трассабойлық жолдар, газ құбырларына кіреберістер, көпірлер, бөгеттер, газ 
құбырлары өтпелері, су жіберетін және басқа да құрылыстар, трассабойлық байланыс және электр 
беру желілері, трасса белгілері, кеме қатынасы жағдайының белгілері, сондай-ақ газ құбырларының
басқа ұйымдарының коммуникацияларымен қиылыстары (электр беру желілері, мұнай өнімдері 
құбырлары) тексеріледі.
      73. Тексеру мақсаты: жабдықтың және коммуникациялардың техникалық жағдайын анықтау; 
жылыстауларды, апат алдындағы жағдайларды және апаттарды, басқа да кемшіліктер мен бұзылуларды 
айқындау; жақын маңдағы құрылыстар мен объектілердегі және МГҚ тұтастығына нақты қауіп 
төндіретін апаттарды айқындау болып табылады.
      74. Тексеру кезінде айқындалған бұзушылықтар, бұзылулар және тоқтап қалулар МГҚ желілік 
бөлігін тексеру журналында тіркеледі.
      75. Тексеруді орындаушы тұлғаның бағалауы бойынша сипаты мен көлемі апатқа әкелуі мүмкін 
өндірістік бұзылулар табылған жағдайда, тексеру тоқтатылып, апаттың алдын алу шаралары 
қолданылады. Тексеруді аяқтау апаттық жағдай жойылғаннан кейін жүргізіледі.
      76. Тексерулерді жүргізу мерзімдерін, олардың кезеңділігін және көлемін жергілікті 
жағдайларды (елді мекендердің, өтпежолдардың бар-жоғын), газ құбырының техникалық жағдайын және
т.б ескере отырып, кәсіпорын белгілейді. Тексерулер мына көлік құралдарын: тікұшақты, ұшақты, 
автокөлікті пайдалану арқылы жүргізіледі.
      77. Жер асты газ құбырларының орналасу тереңдігін желілік-пайдалану қызметі жер бедерінің
өзгеруі мүмкін жерлерінде: көшкін, су шайып кеткен, топырақтың шөккен жерлерінде анықтайды.
      78. Таулы аймақтарда салынған газ құбырларын зерттеу газ құбырлары мен компенсаторлардың 
қасындағы көшкін жерлерді тексеруді қамтиды.
      79. Жылжымалы құмдар мен бөгеттерде салынған газ құбырларының учаскелері жылына 1 рет 
тексеріледі.
      80. Зерттеулердің нәтижелері бойынша желілік-пайдалану қызметі жөндеу жұмыстарын жүргізу 
кестесін жасайды. Газ құбырларының учаскелері мен ГТС ажыратуды талап ететін жұмыстарды 
кәсіпорындардың өтінімдері бойынша ГТҰ жоспарлайды.
      81. Зерттеу барысында су өткізетін құрылыстар мен құрылғылар, дүркін-дүркін су басатын, 
газ құбырларына іргелес аумақтар, еңістердің, өтпежолдарымен, су кедергілерімен және 
аңғарлармен қиылысу жерлеріндегі тас үйінділерінің және қаптамалардың жағдайы, су шайып кеткен 
жерлер тексеріледі.
      82. Желілік бөлік пен оның жабдықтарын ақаусыз күйде ұстау, пайдаланудың сенімділігі мен 
қауіпсіздігін арттыру жұмыстары, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жөндеу деп 
есептеледі.
      83. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлеміне газ құбырларын күрделі жөндеу жоспарларында 
көзделмеген, желілік бөлікті, кран алаңдарын, өтпежолдарды және қиылыстарды, компрессорлық 
станцияға қосу торабын, тазарту құрылғысын қабылдау және іске қосу тораптарын, оларға іргелес 
алаңдар мен аймақтарды қарау, зерттеу және оларға техникалық қызмет көрсету кезінде айқындалған
жұмыстар қосылады.
      84. Газ тасымалдау ұйымдары ағымдағы жөндеуді өткізудің жылдық жоспар-кестелерін жасайды,
оларды кәсіпорынның техникалық басшысы бекітеді.
      85. Ағымдағы жөндеудің жоспар-кестелеріне күнтізбелік жыл ішінде өткізілген тексерулер, 
зерттеулер, сынаулар нәтижелері бойынша толықтырулар енгізіледі.
      86. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына мыналар кіреді:
      1) трассаның белгілерін қалпына келтіру;
      2) құбырларды және 500 м-ге дейін созылатын газ құбырларының оқшаулағыш қаптауларын 
жөндеу;
      3) 300 миллиметрге (бұдан әрі – мм) дейін бекіту арматурасын және жалғастырғыш 
бөлшектерді алмастыру;
      4) құбырлардың қалқаларындағы қуыстарды дәнекерлеп жамау;
      5) алаңдарды еселеу;
      6) кран алаңдарындағы, іске қосу алаңдарындағы қоршауларды жөндеу және тазарту құрылғысын
, метанол ыдыстарын қабылдау;

      7) трассабойлық өту және МГҚ арқылы кесіп өтетін жерлерге арналған жолдарды, кран 
алаңдарына және апаттық құбыр қорларына кіреберістерді қалпына келтіру;
      8) газ құбырының жобалық орналасу тереңдігін қалпына келтіру, МГҚ жалаңаштанған және 
тайыз көмілген учаскелерін жою;
      9) жылжымалы құмдарды бекіту;
      10) аңғарлардың, су шайып кеткен жерлердің, шөгінділердің түзілуін және топырақ шөгуінің 
алдын алу, бөгеттерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар;
      11) жобада немесе нұсқаулықта қарастырылған рұқсат берілмеген өткелек және қиылыс 
жерлерінде қорғауларды, қайта төгуді қалпына келтіру;
      12) газ құбырлары мен бұрмалардың трассасы бойынша ағаштар мен бұталарды шабу;
      13) су өткізетін құрылыстарды және жағаны нығайтатын құрылғыларды жөндеу, апаттық 
құбырлар қоры сөрелерін жөндеу және қалпына келтіру, апаттық қорды толықтыру және праймирлеу, 
жазуларды, сандық қатарды және таңбаларды жаңарту;
      14) тікұшақ алаңдарын, авариялық техника алаңдарын (тұрақтарын), желілік пайдалану 
қызметінің аймақтарын және ғимараттарын жөндеу;
      15) газдың кемуін және өзекті ақауларды жою, қалқып шығуды, гофрды жою, іргетастарды, 
тіреуіштерді, бекітпелерді және ауа өтпежолдарының, газ құбырының жерүсті аймақтарының, 
конденсатжинағыштарды іске қосу және қабылдау камераларының, лас заттарды жинау және сақтау 
тораптарының, шығын өлшегіш пункттерінің басқа да құрылымдық бөлшектерін жөндеу;
      16) 1,5 м дейінгі (сабасында) тереңдіктегі суасты өтпежолдарын және аңғарлар өтпежолдарын
жөндеу;
      17) метанолдың, одоранттың, материалдар мен жабдықтардың азаймайтын және авариялық қорын 
сақтайтын қоймаларды жөндеу.
      87. Құмдарды бекіту мына әдістердің бірімен жүзеге асырылады:
      1) механикалық құралдармен;
      2) органикалық және бейорганикалық фиксаторлармен (нерозин, мұнай өнімдерінің қалдықтары,
саз, цемент ерітінділері);
      3) топырақты бекіту үшін өсімдіктер отырғызу арқылы биологиялық фиксаторлармен;
      4) аралас әдіспен құмдарды органикалық және бейорганикалық фиксаторлармен бекіту.
      88. Құмды бекітудің нақты әдісін жергілікті жағдайларға және пайдаланушы ұйымдардың 
мүмкіндіктеріне байланысты қабылдау керек. Газ құбырының топырақтан шығар жеріндегі оқшаулағыш 
қаптауларды жөндеу жоспар-кесте бойынша жүргізіледі.
      89. МГҚ желілік бөлігін және олардың учаскелерін күрделі жөндеу қажеттілігі мен орындау 
мерзімдері тексерудің, зерттеулердің нәтижелері, газ тасымалдаудың болжамды режимдері, 
белгіленген шекті жұмыс қысымы, пайдалану сенімділігін талдау және жергілікті жағдайлар бойынша
анықталады.
      90. Суасты өтпежолдарын, өзендер мен бұлақтардың 1,5 м дейінгі (сабасында) суасты 
өтпежолдарын күрделі жөндеу қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
      91. Дабыл үшін және МГҚ автоматты қорғау жүйесі қысымының артып кетуінен қорғау үшін 
компрессорлық станцияда қысымның артуының мына шамалары белгіленеді: дабылға - 0,05 - 0,1 Мега 
паскаль (бұдан әрі – Мпа) (0,5 – 1 атмосфера (бұдан әрі – атм.), қорғауға 0,1 – 0,15 МПа (1 – 
1,5 атм.).
      92. Газ құбырының өткізу қабілетін сақтау үшін және қалқалардағы шөгінділердің тұрып 
қалуының алдын алу үшін, бұған қоса газ құбырының учаскесін құбырішілік тексеруге және қайта 
сынауға дайындау мақсатымен МГҚ ішін тазалау тазарту құрылғыларын жіберу арқылы жүргізіледі.
      93. Газ құбырларының ішін тазартуға арналған жабдық тазарту құрылғысының іске қосылуына 
және оны қабылдауға, оның учаскесі бойынша өтуіне, газ құбырынан шығарылатын лас заттарды жинау
және сақтауды бақылауға қажетті технологиялық операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді.
      94. Жаңа газ құбырын тазарту немесе тазарту жұмыстары арасында жөндеу жүргізілген газ 
құбырын тазарту қажет болған жағдайда, сондай-ақ бұрын құбырішілік тексеру снарядтарымен 
зерттеу жүргізілмеген газ құбырын тазартуды ұйымдастыру кезінде снаряд-калибр немесе профиль 
өлшеуішті өткізу арқылы газ құбырының ең аз өту қимасын бағалау жүргізіледі.
      95. ГТҰ қайта айдау жоспарларын, құбырішілік тексерулерін жүргізуді және газ 
қасиеттерінің стандарттардан ауытқуын ескере отырып, газ құбырларын тазарту бойынша жылдық 

жұмыс жоспарларын жасайды және бекітеді. Тазарту құрылғыларының конструкциясы тазартылып жатқан
учаскемен ұзына бойы өткенде өзі арқылы лас заттардың құйылуын болдырмайды. Газ құбырының ішін 
тазартуды ГТҰ-мен келісу бойынша кәсіпорын дайындаған арнайы нұсқаулық бойынша өткізеді, онда 
мыналар көзделеді:
      1) тазарту құрылғысын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) тазарту құрылғысын іске қосу және қабылдау технологиясы;
      3) тазарту құрылғысының өтуін бақылаудың әдістері және құралдары.
      96. Тазарту құрылғылары өтіп жатқан кезеңде лупингтер, резервтік жіптер және қатар жатқан
құбырлардың арасындағы жалғастырғыштар негізгі газ құбырынан ажыратылады.
      97. Тазарту құрылғыларын өткізу мерзімдері мен жиілігін жедел-диспетчерлік басқарма 
ГТҰ-ның орталық жедел-диспетчерлік басқармасының келісімімен газ құбыры учаскелерінің нақты 
гидравликалық жағдайларына сүйене отырып белгілейді.
      98. Конденсатты жинауға және сақтауға арналған қоршаулар, құрылыстар жарамды болады және 
бөгде тұлғалардың кіруіне жол берілмейді. Қоршауларда ескерту плакаттары және жазулар ілінеді.
      99. Анықталған барлық газ жылыстауы туралы диспетчерге хабарланады. Бөлімше тез арада 
жылыстау орны мен сипатын анықтайды, қажетті қауіпсіздік шараларын (белгілерді, қоршауларды, 
күзет постыларын орнату) қамтамасыз етеді.
      100. Жылыстауды жоюдың мерзімдері аварияларды (тоқтап қалуды) жою жоспары бойынша 
белгіленеді.
      101. Елді мекен, теміржолдар мен автомобиль жолдарының маңында жылыстау байқалған 
жағдайда, төмендегі:
      1) елді мекеннің тұрғындарын қауіп туралы ескерту бойынша;
      2) газ құбыры жағына көлік қозғалысын тоқтату бойынша;
      3) қажет болған жағдайда жылыстау орнына жақын автомобиль жолында айналып өтетін жолды 
ұйымдастыру бойынша;
      4) теміржол көлігіне қауіп төнген болса, поездардың қозғалысын тоқтату бойынша;
      5) қауіпті бағыттарда желілік персоналдың тұрақты кезекшілігін ұйымдастыру бойынша;
      6) жылыстауды өте қысқа мерзімде жою бойынша қосымша шаралар қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет