3-параграф. Оқшаулау жұмыстары
376. МГҚ объектілерінде оқшаулау жұмыстары осы Қағидалар негізінде әзірленген ГТҰ
нұсқаулықтарына сәйкес орындалады. Құбырларды ұзақ уақытқа төсеу, сонымен қатар оларды тазалау,
бетін тегістеп жабу және оларға битум шайырын (мастика) жағу жұмыстары мастер немесе
бригадирдің басшылығымен орындалады. Тазалау және оқшаулау машиналары құбыр бойымен еш
кедергісіз қозғалуы үшін жолдың жұмыс учаскесі даярланады. Механикаландырылған тазалау және
оқшаулау жұмыстары барысында тазалау және оқшаулау машиналары өте алатын, бірақ жатқан жерінен
(құбырдың төменгі деңгейінен бастап есептегенде) 0,8 м аспайтын биіктікте құбырларды жол
бойымен қозғалатын құбыртөсегіш крандармен демеп тұрады. Адамдарға ор мен (траншея) құбырлардың
ортасында, кран және құбыртөсегіштердің, тазарту және оқшаулау машиналарының қарсысында тұруға
жол берілмейді. Жұмысшыларға оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатқан ордың ішінде тұруға жол
берілмейді.
377. Құммен тазарту жұмыстары кезінде мынадай талаптарды ұстану міндетті болып табылады:
1) жұмыс орындары қоршалады және қауіпсіздік белгілері қойылады;
2) тазалау жұмыстарын орындайтын жұмысшы мен құммен тазалайтын аппаратта тұратын
жұмысшының арасына дабыл орнатылады;
3) жұмыс аяқталған соң жинағышқа ауа жіберу тоқтатылады және ондағы қысым атмосфералық
деңгейге дейін азайтылады;
4) жұмысшылар тиісті жеке қорғаныс жабдықтарымен камтамасыз етіледі.
378. Төсеме бояу жұмыстары кезінде жанғыш сұйықтықтармен жұмыс істеу барысында сақталатын
өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Осы жұмыстардың барысында ашық жалынмен және басқа да
жану көздерін пайдаланбау, сонымен қатар төсеме бояуды (праймер) ашық жалыннан 50 м жақын
қашықтықта әзірлеуге жол берілмейді.
379. Төсеме бояу жұмыстары жүргізілетін бөлме өрт қаупі және жарылу қаупі бар жер болып
табылады, сондықтан ол жерде жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ауаның кіруін және
желдетілуін реттейтін желдеткіш болуы тиіс, жұмыс кеңістігінің ауа құрамында көмірсутек және
зиянды заттардың (бензиннің, битумның, фенолформальдегидті қара майдың) мөлшері шоғырлану
шегінен аспауы және тұтанудың 20% төменгі шоғырлану шегінен аспауы тиіс. Төсеме бояуды битумды
қыздыратын орыннан қауіпсіз қашықтықтағы жерде дайындайды. Осыған сай битум 100 С аспайтын
о
температурада қыздырылуы тиіс. Битум бензинге құйылады, керісінше емес. Этильды бензинді және
бензолды төсеме бояу дайындайтын ерткіш ретінде пайдалануға жол берілмейді. Төсеме бояуды (
праймерді) дайындау, тасымалдау және құбырларға жағу кезінде шылым шегуге тыйым салынады.
Бензин мен битумды араластыру кезінде қоспаны ағаш піскекпен араластыра отырып, температурасы
100 С аспайтын мөлшерде қыздырылған битумды бензинге баяу ағыспен құяды. Бөшкеге толтырылған
о
төсеме бояуды жеке бөлмеде немесе шатырдың астында жанар-жағар майлы заттарға арналған өртке
қарсы қауіпсіздік қағидаларын ұстана отырып сақтайды. Сақтау және тасымалдау кезінде бөшкелер
герметикалық түрде жабылады. Төсеме бояумен жұмыс істегенде оларды тиеу және түсіру кезінде
бөшкелер мен бидондарды лақтыруға, сонымен қатар темір заттармен ұрғылау арқылы тығындарды
бұрап шығару және қақпақтарын ашуға жол берілмейді. Төсеме бояу немесе бензин төгілген жерді
құммен немесе топырақпен жабады. Төсеме бояу тұтанып кеткен жағдайда судан басқа барлық өрт
сөндіру жабдықтарын қолданылады. Төсеме бояуды дайындайтын, сақтайтын және қолданатын жерлерде,
сонымен қатар оны тасымалдау кезінде шылым шегуге жол берілмейді. Оқшаулау машинасының багына
төсеме бояу механикаландырылған әдіспен құйылады.
380. Битум шайырын (мастика) дайындайтын қазанды газбен толтырылған газ құбырынан 30 м
алшақ қашықтыққа орналастыру қажет. Қазан қасындағы жұмыс орны қазанның жоғарғы жағы жұмысшының
кеуде тұсына сай келетіндей болып жабдықталады. Битум қазандығын өз көлемінің 3\4 бөлігінен
аспайтындай етіп толтырады. Қазан орналасатын аймақ шөптен тазартылады. Мастиканы дайындайтын
жерде өртке қарсы жабдықтардың жиынтығы болуы тиіс. Қазанды отқа қойған кезде мастиканың
тұтануына қарсы шаралар қолданылады. Ол тұтанып кеткен жағдайда жеке қауіпсіздікті сақтай
отырып, отты киізбен немесе құммен өшіреді. Жанып жатқан шайырды сумен немесе су
ерітінділерімен өшіруге жол берілмейді. Шұңғыда, орда және сол сияқты жерлерде құбырға төсеме
бояу жұмыстарын кемінде екі жұмысшы орындауы тиіс. Ыстық мастика орға көлемінің 3\4 бөлігінен
аспайтындай етіп толтырылған және тығыз бекітілетін қақпағы мен ілмегі бар арнайы металл
бөшкемен жеткізіледі. Бөшкені орға түсіргенде шарбағы 1 м кем емес арнайы алып шығатын мінбеден
карабині бар берік арқан қолданылады. Бөшкені жұмысшыларды шығарған соң ордың түбіне
орналастырады. Шұңғыда төсеме бояуды (битум шайырын) қолмен жағатын жұмыстарды атқару кезінде
шұңғыға марштық баспалдақ немесе шарбақтары және көлденең тақтайшасы бар жазық басқыш
орнатылады. Ыстық оқшаулау материалдарымен жұмыс істейтін жұмысшылар тиісті жеке қорғаныс
құралдарын:
1) брезент күртешелер мен шалбар (шалбар кең әрі балағы сыртқа шығып тұруы тиіс), ал қыс
мезгілінде мақтадан жасалған костюмдерді;
2) былғары қысқа қонышты етік немесе етік (шалбардың астынан кию үшін);
3) ыстық битум шайырын дайындау, тасымалдау және құю кезінде, құбырларды гидроизолмен
немесе басқа оқшаулағыш материалдармен орау кезінде астары бар және ағытпалы жеңі бар брезент
қолғаптарын;
4) көзге ыстық битумның кездейсоқ тиюінен қорғайтын жай әйнектері бар көзәйнектерін;
5) көзге арналған әйнектері бар дулыға (басты, мойынды және бетті қорғау үшін) қолданады.
Битуммен жұмыс кезінде жұмысшыларға бет, мойын, қол терілеріне қорғаныс пасталарын немесе
ланолин жағуға кеңес беріледі.
381. Оқшаулағыш материалдардың басқа да түрлерін (полимерлі жабысқақ лента, полиэтилен
және эпоксидті жабын) қолдана отырып, өндіруші зауыттың оқшаулау технологиясы талаптарын
сақтаған жөн. Шыны талшықты оқшаулау материалдарымен жұмыс кезінде тыныс алу органдарын
қорғайтын арнайы жеке қорғаныс (бетперде, респиратор) жабдықтарын қосымша пайдалану қажет.
Қазанда газ құбырларын дәнекерлеу мен оқшаулау жұмыстарын қатар жүргізуге жол берілмейді.
382. Жөндеу жұмыстарының мерзімділігі мен ауқымын кәсіпорын жабдықтардың жай-күйіне және
жабдықтарды өндіруші кәсіпорынның пайдалану және жөндеу құжаттамасының талаптарын ескере отырып
белгілейді. Негізгі агрегаттарға тікелей байланысты қосалқы механизмдердi жөндеу негізгі
агрегаттарды жөндеу жұмыстарымен бiр уақытта жүргiзiледі:
1) жабдықты ашып қарағаннан кейін нақтыланатын кемшіліктер тізімдемесі мен сметалар
құрылады;
2) техникалық күйін талдау жасауға қажеттi мәлiметтердi алу үшін жабдыққа сынақ
жүргiзіледі;
3) жөндеу жұмыстарының графигі және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жобасы құрылады;
4) қажеттi жөндеу құжаттамасы дайындалады, жөндеу мерзiмінде орындау жоспарланған
жабдықтарды жаңғырту және қалпына келтiру бойынша жұмыстар құжаттамасы құралады және бекітіледі
;
5) қажеттi материалдар, қосалқы бөлшек, тораптар және тиiстi құжаттамалар дайындалады;
6) көтергiш-көлiк механизмдері, аспаптар және құрал-саймандар дұрыс күйге келтiріледі
және қажеттілігіне қарай сынақтан өткізіледі;
7) жөндеу жүргізетін қызметкерлер құрамы жасақталады және нұсқаулық беріледі.
383. Жөндеу жоспарлары мен графиктерін кәсіпорын құрады және жөндеу жүргізетін ұйыммен
келісім жасайды. Компрессорлық цех жоспарлы тәртіппен жылына 1 рет (жаз маусымында) 48 сағат
көлемінде профилактикалық жөндеу жұмыстарын атқару үшін және станциялық қорғанысты тексеру және
ілмекті арматураның жұмысын тоқтату үшін тоқтатылады. Қосымша уақыт қажет болса, оны кәсіпорын
белгілейді және ГТҰ келісім жасайды. Компрессорлық цехтың жұмысын жоспар бойынша тоқтатар
алдында жетекшiлері мен орындаушылары көрсетілген жұмыс жоспарын құру және бекіту; жоспарланған
жұмыстарды қажетті материалдармен жабдықтау қажет. Газ тасымалдау сенiмдiлiгін арттыру және
компрессорлық станциялардың жабдықтарына апаттық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының уақытын
азайту материалдар мен запас бөлшектердің толықтырылып отыратын қоры арқылы қамтамасыз етіледі.
Бір типтес жабдықтардың запас тораптары мен бөлшектері ГТҰ орталықтандырылған қоймаларына
орналастырылады. Компрессорлы станциялардағы барлық қолда бар запас бөлшектер мен жабдықтарды
есепке алу ұйымдастырылады; олардың жай-күйі мерзімді түрде тексеріледі. Стационарлық және
жылжымалы жүккөтергіш көлік құралдары, такелаждық жабдықтар, жөндеу жұмыстарын
механикаландыратын құралдар мен аспаптарды жабдықтау және дұрыс күйде ұстау қарастырылады.
Белгіленген ресурсқа жуықтаған негізгі жабдықтың жұмыс көлемі атқарылған уақытта ресурсты
толықтыру, жабдықтар мен жүйелерді қайта жабдықтау туралы шешім қабылдау және ресімдеу үшін
қажетті бастапқы деректерді алу мақсатында уақтылы жұмыстар кешені жүргізіледі.
384. Жөндеу мақсатында тоқтатылған жергілікті басқару қалқандары мен орталық қалқан
агрегаттарының панелдері электр қуатынан ажыратылады. Басқару органдарында «Қоспа - адамдар
жұмыс істеп жатыр» деген белгі қойылады. Операциялар оперативтік журналға тіркеледі. Газ айдау
агрегаттарын технологиялық байланыстыратын ілгекті және реттеуші арматура, жанармай және газ
берілетін жөндеуге қойылған газ айдау агрегаты жөндеу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
төмендегідей күйге келтіріледі: арматураны басқарудың электропневматикалық тораптарын қарқынды
газбен толтыру ажыратылған, электр құбыр арматурасының электрмен қоректендірілуі ажыратылған;
құбыр жетектеріндегі ажыратпалар импульстық газдың жалпы стационарлық коллекторынан жетектің
пневмогидроцилиндрлеріне дейін техникалық құралдармен қамтамасыз етілген; арматураның қолмен
басқаруы блокталған, «Ашпа!», «Жаппа!» деген плакаттар мен қауіпсіздік белгілері орнатылған.
385. Жөндеуге қойылған газайдау агрегатында компрессорлық бөлікті ашуға байланысты
мынадай операциялар жасалады:
1) сорғыш және айдағыш газ құбырынан, айдағыш корпусынан газконденсантты дренаждау;
2) сорғыш және айдағыш газөткелдерінен люк-лазаны жасыру;
3) люк-лазалар арқылы газ айдағыштың немесе оған қосылған газ құбырының ішкі аумағын
инертті газбен желдету немесе үрлеу;
4) газ айдау агрегаты тарапынан резеңке шарлар орналастыру, оны ауамен немесе 4000-5000
Па (су бағанының 400-500 мм) дейінгі қысыммен үрлеу.
386. Қолданыстағы цехта газ айдау агрегатын монтаждау және жөндеу мекеменің басшысы
бекіткен нұсқау бойынша жүзеге асырылады. Екінші кезектегі газ айдау агрегатын монтаждау
кезінде, бірінші кезектегі агрегаттар пайдаланылатын машина залының немесе айдағыштар
галереясының бөлігі өртке төзімділігі 0,75 сағ. болатын газ өтпейтін қабырғамен бөлінеді. Газ
айдағыштың машина залын және галереясын жөндеу жұмыстарын компрессорлық цехтың басшысының немесе
оны алмастыратын тұлғаның рұқсатымен және ауысым инженер-диспетчерінің келісімімен жүргізу қажет
. Жөндеуге қатысатын қызметкер жұмысты қауіпсіз жүргізу ережесі мен тәртіптері туралы
нұсқаулықпен танысуы тиіс. Айдағышты ашу жұмыстары компрессорлық станция басшысының немесе оны
ауыстыратын тұлғаның наряд-рұқсатымен орындалады. Айдағышты ашар алдында ауа кіретін желдететін
желдеткіштің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу қажет.
387. Ажыратқыштарды ашу кезінде айырғыштар галереясында технологиялық газдан босатылған
болса да, қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Ғимаратта айырғышты ашу
кезінде ашуды жүргізген адам мен жұмыс істеп тұрған газ айдау агрегаттарында қызмет ететін
қызметкер болады. Айырғышты ашу және жөндеу кезінде жұмыс орнындағы ауаға 30 минутта бір рет
тексеру жүргізіледі, ол журналға тіркеледі. Жөнделген газ айдау агрегатын агрегатта және сорғыш
, айдағыш құбырларда бөгде заттар болмауын қарағаннан кейін жабылады.
Тексеруден кейін осы Қағидалардың
сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Газ
21-қосымшасына
айдағыштың сору бөлігіндегі бекітпелерді және қорғаныс торларының жиілігін қарауды осы
Қағидалардың
сәйкес нысан бойынша қауіпті газ жұмыстарына наряд-рұқсат
12-қосымшасына
ресімделген кемінде үш адамнан тұратын бригада құбырішектік немесе оқшаулағыш газтұтқыштарда
пайдалана отырып жүргізеді. Компрессорлық станцияның газ құбырындағы жаңа дәнекерлеу жігі
жөндеу жүргізілгеннен кейін физикалық әдістердің бірімен барлық периметр бойынша бақыланады.
4-параграф. Газ тарату станциясын жөндеу
388. Құралдарды жөндеу жөніндегі жұмыстардың мерзімділігі мен мазмұны осы Қағидалар
бойынша белгіленеді.
389. Құралдар мен ГТС жүйесі үшін осы Қағидаларда мынадай қызмет түрлері мен жөндеу
жұмыстары белгіленеді:
1) мерзімді техникалық қызмет көрсету;
2) ағымдағы жөндеу;
3) күрделі жөндеу.
390. Мерзімді техникалық қызметтің және жүргізілетін жөндеудің көлемі мен графиктері
бөлімшенің техникалық басшысы бекіткен жыл сайынғы жоспарлармен анықталады. Мерзімді техникалық
қызмет – құралдың жұмыс істеу жағдайын пайдалану құжатында бекітілген уақыт аралықтары арқылы
қолдау бойынша операциялар кешені.
391. Ағымдағы жөндеу – жоспарланған кезекті жөндеу жұмыстарына дейін құралдың қалыпты
пайдаланылуы қамтамасыз етілетін жөндеу түрі. Ағымдағы жөндеуге жататындар: тиекті крандардың
тығыздамаларын және бөлшектерін жуу, тазалау, майлау; сақтандырғыш қақпақшасының қысымын
берілген қысымға сәйкестендіру, корпусын бояу; газ құбырларының, қондырғылардың, арматура мен
жүйелердің үстіңгі қабаттарын бояу, шаңтұтқыш ілгекті арматуралардағы сұйықтықтың ағуын
болдырмау; іргетастарды, қоршауларды ішінара жөндеу және сырлау.
392. Ағымдағы жөндеу кезінде кемшіліктерді жекелеген құрамдас бөлшектерді ауыстыру немесе
қалпына келтіру арқылы жояды. Ағымдағы жөндеу кезінде қалған құрамдас бөлшектердің техникалық
жағдайы міндетті түрде тексеріліп, табылған кемшіліктері жойылады және реттеу жұмыстары
атқарылады. Құралдар мен жүйеге ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігін МГҚ желілік өндірістік
басқармасының басшылығы жоспарланған алдын ала жөндеу жасау графиктері негізінде, жоспарлы
тексерістің нәтижелеріне және ГТС пайдалану үдерісіндегі ескертпелерге сүйене отырып анықтайды.
Қорғауыш қақпақшалары мерзім сайын бекітуші қысымға тексеріледі. Нәтижелері тексеріс және осы
Қағидалардың
сәйкес нысан бойынша пневматикалық алдын алу клапанын баптау
27-қосымшасына
актісімен ресімделеді. Редукциялау сызығында және басқа құралдағы ілгекті крандарды жөндеу
кезінде тұтынушыларға газ беру МГҚ желілік өндірістік басқармасы әзірлеген нұсқаулығына сәйкес
айналма желі арқылы жүргізіледі. Апат жағдайында тұтынушыларға газ беру сызығында берілген
қысымды қалыпта ұстау да станцияның айналма желісі бойынша жүзеге асырылады. Айналма желі
бойынша жұмыс істеген кезде ГТС шығысында қысымды тоқтаусыз тіркеу жұмыстары жүргізіледі,
осыған сәйкес ГТС-те жұмыс атқаратын қызметкерлердің болуы міндетті.
393. ГТС тоқтату қажеттілігіне байланысты жөндеу жұмыстары газ ең аз қолданылатын
мезгілде жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары кезінде құралдың қызмет атқару ұзақтығына,
техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауына бағытталған іс-шаралар орындалады. Жөндеу
кезінде технологиялық схемаларда белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген, әзірленген
жоба бойынша өзгертулер болады. ГТС әр қызмет бөлімінде алдағы күз-қыс мезгілдеріне ГТС апатсыз
жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары әзірленеді:
1) тығыздамалар мен ернемектік қосылыстарды жөндеу және қарау;
2) ілгекті крандарда жаздық жағармайды қыстық жағармайға ауыстыру;
3) редуктордағы жанармайды ауыстыру;
4) біріктіруші жіктердің және олардағы ілгекті арматураның герметикалылығын тексеру;
5) газ қыздырғыш, жылытқыш және желдеткіш жүйелерін тексеру және баптау.
394. ГТС негізгі құралдары жөндеуден кейін қысым астында жұмыс істеуге өндіруші зауыт
көрсеткен, бірақ 48 сағаттан аспайтын мерзім ішінде тексеріледі. Егер осы уақыт ішінде құрал
жұмысында ешқандай кемшіліктер болмаса пайдалануға беріледі. Негізгі құралды жөндеу бойынша
барлық жұмыстарды ГТС инженері атқарылатын техникалық құжат қоса берілетін акт бойынша
қабылдайды. Қосалқы құралдарды жөндеу кезіндегі жүргізілетін жұмыстар туралы толық жазба құрал
құжатына немесе арнайы жөндеу журналына жазылады.
395. ГТС коммуникациясы мен технологиялық құралдарының техникалық ахуалы мен сенімділігін
бағалау үшін вибрация жағдайында, қысым мен температураның өзгерістері жағдайында, коррозия мен
эррозия әсер етуі жағдайында жұмыс істейтін құбыр мен құрал металдарының жағдайына мерзім сайын
техникалық диагностикалау жүргізіледі. Тексеру мерзімділігі жергілікті пайдалану жағдайларын
ескере отырып, бірақ 5 жылда 1 реттен кем емес мерзімге белгіленеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары
қолданыстағы жабдықтағы газды бүлдірмей жүргізіледі.
5-параграф. Газ тарату станциясын жөндеуге дайындық
396. ГТС -тегі құралдар мен жүйені жөндеу жұмыстары осы Қағидаларда көзделген мерзімде
және ауқымда жүргізіледі.
397. Жабдықтарды алдын ала жоспарлы жөндеу графигін ГТС инженері әзірлейді, ГТС қызметтік
бөлімінің бастығымен келісім жасайды және МГҚ желілік өндірістік басқармасының бастығы бекітеді
. Құралдарды немесе жүйелерді жөндеуге қойғанға дейін мынадай даярлық шаралары қолданылады:
1) ақаулар тізімдемесіне сай дайындалған керекті материалдар, аспаптар, жабдықтар және
запас бөлшектер;
2) жөндеу жұмыстары кезіндегі құжаттар дайындалып, бекітіледі;
3) аспаптар, құрал-сайман, такелаж жабдығы және тетiктер көтергiш-көлiк жабдықталып,
дұрыс күйге келтiрілген;
4) жөндеу жүргізуге арналған орындар дайындалды;
5) жөндеу бригадасы жинақталған және нұсқау берілген;
6) тұтынушыға газды үзіліссіз жеткізу шаралары қарастырылған;
7) жеке қорғаныс құралдары мен өрт сөндіру құралдары дайындалды.
398. Ақаулар тізімдемесін жөндеуге жұмсалатын материалдар мен қосалқы бөлшектер нормасы
көрсетілген жобаланатын жұмыстар тізімін қамтиды. ГТС құралдары мен жүйелерін жөндеуге арналған
ауыстырмалы бөлшектер мен материалдарды газ тарату ұйымы ГТС жабдықтарды жөндеу жұмыстарының
жоспарлары негізінде құрылатын МГҚ желілік өндірістік басқармасының тапсырыстарына сәйкес
жеткізеді.
399. ГТС-тегі жөндеу жұмыстары осы Қағидалардың 3-бөлімінің 3-параграфын және 10-
бөлімінің 2-параграфын басшылыққа алып әзірленген, от жұмыстарын және қауіпті газ жұмыстарын
жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі. ГТС-те жүргізілетін жөндеу жұмыстарының барлық түрлері
көрсетілген. ГТС құралдары мен жүйелерін жөндеу бойынша жүргізілетін барлық
27-қосымшада
жұмыстар ГТС-те регламенттік жұмыстарды жүргізудің технологиялық әзірлемесі бойынша және
жөндеуге жауапты тұлғаны көрсету арқылы жүзеге асырылады.
6-параграф. Газ тарату станциясын жөндеуге шығару тәртібі
400. Станцияны жоспарлы жөндеуге шығармай бұрын ГТС қызметінің жұмысшылары оперативтік
кезекші қызметкерлермен бірлесіп осы Қағидаларда көзделген барлық жұмыстар мен өлшеулерді
белгілейді.
401. Станцияны жоспарлы жөндеуге шығаруды ГТС қызметі немесе жөндеу-техникалық тобы МГҚ
желілік-өндірістік басқармасының басшылығы бекіткен күнтізбелік кесте бойынша және
тұтынушылардың келісімімен жүргізеді. ГТС тоқтатқаннан кейін жөндеуге жауапты тұлға алғашқы
ақаулар тізімі мен жөнделетін жабдықты ашқанда табылған ақаулардың негізінде нақтыланған жөндеу
тізімін құрады.
402. ГТС жөндеуге немесе апаттық жағдайда тоқтатқанда тұтынушыға газ жеткізу желісіндегі
белгіленген қысым айналма желінің көмегімен сақталады. Жабдықты күрделі жөндеуден өткізу үшін
ГТС жылына кем дегенде 1 рет тоқтатылады. ГТС тоқтату уақыты мен ұзақтығы тұтынушылармен
олардың резервтік отынға уақтылы ауысуы үшін алдын ала келісіледі.
403. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ГТС тоқтату Қазақстан Республикасы Энергетика
министрінің 2014 жылғы 3-қарашадағы № 96-
бекітілген, Тауарлық және сұйылтылған мұнай
бұйрығымен
газын бөлшектеп сату мен пайдалану Қағидаларына ГТҰ (оператор) жедел-диспетчерлік басқармасымен
және барлық газ тұтынушылармен белгіленген тәртіппен келісіледі.
10. Магистральдық газ құбырында от жұмыстарын жүргізу Жалпы ережелер
404. От жұмыстары дегеніміз ашық отты пайдалануға байланысты, ұшқын тудырушы және газдың,
жанғыш сұйықтықтардың, материалдар мен құрылыстардың (электр дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу,
бензо-керосинмен кесу, дәнекерлеу жұмыстары, ұшқын тудыру арқылы металды механикалық өңдеу)
жануын тудыруы мүмкін температураға дейін қыздырумен байланысты технологиялық операциялар.
405. Қауіпті аймақ дегеніміз осы Қағидалардың
сәйкес газдың кемуі немесе
28-қосымшасына
газ конденсатының мүмкіндігінің салдарынан жарылыс қаупі бар концентраттар шоғырлануы және
жалындау орын алуы (жарылу) немесе басқа да келеңсіз салдардың тууы мүмкін жұмыс аймағының
ортасымен «Магистральдық құбырлар» ҚНжҚ 3.05-01-2010 сәйкес ең төмен қол жетімді ара қашықтыққа
сәйкес келетін шеңбер радиусымен шектелген аймақ. Жұмыс аймағы дегеніміз күзет аумағының
ауқымына тең өлшемдерімен отты жұмыстарға тікелей қатысатын (құбыр жүргізушілер, автокөтергіштер
, экскаваторлар, дәнекерлеу агрегаттары) техника орналастырылатын іргелес аймағы бар отты
жұмыстар атқарылатын (шұңғы, ор, газ құбырлары, газ жабдықтары) қауіпті аймақтың орталық бөлігі
.
406. Жарылыс - талқандау салдарына әкеп соқтыруы мүмкін сығылған газдың құрылуымен
сүйемелденетін пәрменді толқынның тууына және кенеттен қысымның серпінді көтерілуіне әкелетін
зат жағдайының физикалық, химиялық және физикалық-химиялық өзгеруіне байланысты қуат бөлінудің
тез ағымдағы бақыланбайтын үрдіс. Жарылыс қаупі бар аймақ дегеніміз жарылыс қаупі бар қоспалар
болуы немесе шоғырлануы мүмкін жай немесе жайдағы, не болмаса сыртқы орнатудағы шексіз кеңістік
.
1-параграф. Азотты қолданумен орындалатын от жұмыстары бойынша ережелер
407. От жұмыстарының қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында құбырлар және технологиялық
жабдықтар учаскелерінен метанды, ауаны немесе газ ауа қоспасын ығыстыру үшін газ тәрізді азот
қолданылады. Азотты беру кезінде жарылысқа қауіпті компоненттердің – метан мен оттегінің
концентрациясы – азот қосылған газ қоспасында азаяды және олардың концентрациясы (пайыздық
мәніндегі мөлшері) рұқсат етілетін мәнге жеткеннен кейін азот беру тоқтатылады. Азот беруді
аяқтағаннан кейін метан мен оттегінің мөлшері жоғарылап кетуі мүмкін болған жағдайда олардың
құрамын мерзімді түрде бақылау және қажет болғанда азот беруді жаңарту қажет.
408. От жұмыстары жүргізілетін жерде азот беру екі тәсілмен – компрессорлық станцияның,
газды жер астында сақтау қоймаларының, ГТС және басқа газ объектілерінің жабдықтарына кіретін,
жобада көзделген, арнайы стационарлық құбыр жүйесін қолдану арқылы немесе жылжымалы азот
қондырғыларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Құбырға және технологиялық жабдыққа тікелей азот
беру болат құбырлар немесе иілгіш тармақ бойынша жүзеге асырылады. Азотты объектіге беру
кезіндегі азоттың артық қысымы 0,005 бастап 0,2 МПа дейінгі (0,05 кгс/см - 2,0 кгс/см ) шекте
2
2
реттелуі тиіс. Азот қондырғысынан берілетін азоттың температурасы +5оС төмен белгіленбеуі тиіс.
Құбырдың немесе технологиялық жабдықтың қуысынан табиғи газды ығыстыру қоспадағы 1%-дан көп
емес метан концентрациясына дейін жүргізіледі. Азот қондырғысы компрессорлық станциялардың
жаңадан енгізілетін және қайта құрастырылатын жабдықтарының құрамына кіреді. Қолданыстағы
компрессорлық станцияларды жаңарту кезінде құбырлар мен жабдықтарды азотпен толтырудың
технологиялық жүйелері орындалады. Олар жүйеленген жалғау тораптарымен жабдықталады. Жылжымалы
азот қондырғыларын қолдануға рұқсат етіледі. Әр компрессорлық станция үшін азотты беруді
көздейтін нақты жұмыстарды орындау бойынша нұсқаулықтар әзірленеді. Алдын ала тиісті нұсқаулық
әзірлемей, компрессорлық станцияның технологиялық жабдықтарына азот беруге байланысты жұмыстарды
жүргізуге рұқсат берілмейді. Компрессорлық станцияда от жұмыстарын жүргізу кезінде
қауіпсіздікті жоғарылату үшін жұмыстарды орындау учаскелерінде және көршілес жер учаскелерінде
газ ығыстыру орындалады. Компрессорлық станцияның технологиялық құралдары мен жабдықтарына азот
беруге байланысты жұмыстарды орындау үшін азот беру барысында компрессорлық станцияның бекіту
және реттеу арматурасын басқару бойынша жауапты, азот қондырғысының жұмысына және метан мен
оттегінің концентрациясына өлшеу жүргізуге жауапты тұлғалардан тұратын бригада тағайындалады.
409. Азот беру бойынша жұмыстарды бастар алдында бригада басшысы компрессорлық станция
басшысына жабдықтың азот беруге даярлығы туралы баяндайды және азот беруге жазбаша түрде рұқсат
алады. Компрессорлық станцияның технологиялық құбырларына және жабдықтарына азот беру газ
қоспасында метанның 1%-дан көп емес және оттегінің 2%-дан көп емес болуын қамтамасыз ету үшін
жүргізіледі. Жұмыс барысында метан мен оттегінің мөлшерін бақылау технологиялық жабдықтардың
ішкі қуыстарының жұмыстарды жүргізу бойынша тиісті нұсқаулықта көрсетілген жерлерінен сынамалар
алу жолымен жүргізіледі. Өлшемдердің мерзімділігі – азот берілетін барлық процесс ішінде әр 15
минут сайын. Өлшеу нәтижелері құжатпен ресімделеді. Метан мен оттегінің тұрақты, рұқсат
етілетін қосындысына қол жеткізгеннен кейін азотты беруді тоқтатады және дәнекерлеу-монтаждау
жұмыстарын орындайды. Газөткізгішінің желілік бөлігінде от жұмыстарын орындау кезінде азотты
қолдану. Азотты қолданумен әртүрлі от жұмыстарын орындау үшін, азот беруге арналған жабдықтың
нақты түрін қолдануды ескеретін нұсқаулықтар әзірленеді. Көршілес учаскелерде екі рет қысымды
түсіру кезінде азотты қолдануға рұқсат етіледі. Азотты қолданумен қатар газөткізгішін табиғи
газбен толтыру алдында газ-ауа қоспасын ығыстыруға рұқсат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |