5-параграф. Магистральдық газ құбырын пайдалануға қабылдау және газды беру тәртібі
102. Газ тасымалдау процесінің технологиялық параметрлеріне сәйкес келмейтін жұмыс қысымы
мен температурадағы ілмекті арматура орнатылмайды.
103. Арматура жарамды күйде жиынтықта ұсталады, технологиялық схемаларға сәйкес
нөмірленеді, газ ағыны бағытының көрсеткіштері мен бекітпе орнының көрсеткіштері болады. Қол (
механикалық) жетегі бар арматурада тетікпен ашылу және жабылу бағыты нұсқармен көрсетіледі.
Арматурада осы Қағидалардың
сай жазбалар мен белгілер қолданыстағы стандарттарға
7-қосымшасына
және (немесе) нормативтік құжаттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес орнатылады. Сақтандыру
клапандарының қысым мен кезекті тексеру күні белгіленген биркалары болады. Әртүрлі
тұтынушылардың сақтандыру клапандарынан газ шығарындыларын бір шамға қосуға және сақтандыру
клапандарынан кейін ілмекті арматураны монтаждауға болмайды.
104. Желілік бөліктегі және көптармақты өтпелердегі крандарда әдеттегідей, газ
құбырларының жұмыс режимінің ықтимал өзгерістерін есепке ала отырып реттелген крандарды
авариялық жабу автоматтары (КАЖА) болады.
105. Желілік крандар газ қысымын кранға дейін және одан кейін өлшеу үшін техникалық
монометрлермен жарақтандырылады.
106. Арматураны басқару, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша операциялар
дайындаушы зауыттардың нұсқаулық талаптарына сәйкес жүргізіледі. Пневмогидравликалық басқару
крандарының гидрожүйелерінде дайындаушы зауыттардың крандарды пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтарына сәйкес жұмыс сұйықтықтары немесе пайдалануға рұқсат етілген алмастырушылар
қолданылады.
107. Ілмекті крандарды майлау және саңылаусыздығын қалпына келтіру үшін дайындаушы зауыт
пен мамандандырылған ұйымдар ұсынған консистенциялы майлар мен арнайы пасталар қолданылады.
108. Басқару тораптарына, ілмекті арматура орнының көрсеткіштеріне және басқа да
құрылғыларға персоналдың қызмет көрсетуі үшін кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Қызмет
көрсету алаңы мен қоршаулар таза және жарамды күйде ұсталады.
109. Пайдалану процесінде пневмогидравликалық басқару крандарының жүйесіне су тиюіне жол
берілмейді. Сынаулар жүргізілгеннен кейін крандардың корпустарынан және басқару жүйелерінен
суды төгу қажет.
110. Газ құбырларының крандары үшін негізінен қашықтан және жергілікті пневмогидраликалық
басқару қолданылады. Пневмогидравликалық жетек болмаған кезде немесе ол істен шыққан кезде
қолмен басқару жүзеге асырылады.
111. Крандардың қақпағының қалыпты жағдайы желілік бөлікте ашық, шамды және сулы бөлікте
жабық болады. Газ құбырларының көптармақты жүйелерінің тармақтары арасында қосқыштардағы кран
қақпақтарының орны газ құбырларының жұмыс режимімен анықталады және оны ГТҰ орталық
диспетчерлік қызметі (ОДҚ) белгілейді.
112. МГҚ желілік бөлігіндегі кран қақпақтарын ауыстыру авариялық жағдайларды қоспағанда,
ұйымның ОДҚ рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
113. Ілмекті крандарды (шамды және сулыдан басқа) газ қысымын кранға дейін және одан
кейін алдын ала теңестірген соң ашу керек.
114. Шамдағы және судағы ілмекті крандар толық ашылғанға дейін тоқтаусыз ашу керек.
115. Ілмекті арматураға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды тиісті
қызметтің бастығы жүзеге асырады. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс көлемі дайындаушы
зауыттардың және мамандандырылған ұйымдардың нұсқаулықтарымен анықталады.
116. Арматураға ағымдағы жөндеуді тиесілігі бойынша тиісті қызмет немесе мамандандырылған
жөндеу-реттеу ұйымы орындайды. Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс көлеміне кран корпусын
саңылаусыздықтан арылтуды немесе оны бөлшектеуді талап етпейтін жұмыстар кіреді.
117. Техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар қызметтің техникалық
құжаттамасында тіркеледі.
118. Арматураны күрделі жөндеу көлеміне мамандандырылған жөндеу кәсіпорнының жағдайларында
оның жарамдылығын толық қалпына келтіру бойынша жұмыстар кіреді.
119. Әрбір бөлімшеде сапа жағынан «Технологиялық жобалаудың жалпыодақтық нормалары.
Магистральдық құбырлар» ОНТП 51-1-85 сәйкес келетін ілмекті арматураның авариялық қоры болады.
Авариялық қордағы арматура сақталу күйінде қоймада сақталады, бұл ретте оған гидравликалық
сұйықтық құйылып, дүркін-дүркін жаңартылып отырады.
120. Желілік крандардың және қосқыш крандардың қақпақтары жарты жылда 1 рет жұмысқа
қабілеттілігін тексеру мақсатында толықтай ауыстырылады. Қашықтан басқару жүйесімен жабдықталған
крандар осы жүйедегі кешенде сыналады. Нәтижелерді тексеру және ресімдеу тәртібін ГТҰ
белгілейді.
121. МГҚ желілік бөлігіндегі, компрессорлық станциялар тораптарындағы, тазартқыш
құрылғыларды іске қосу және қабылдау тораптарындағы, қоршау ішіндегі кран алаңдары жоспарланады
, жер үстіндегі және жер астындағы сулардың құйылуынан қорғалады және олардың қатты жабыны (
қиыршық тас, ұсақ тас) болады. Кран алаңдарына автомобильдің немесе арнайы көліктің кіру
мүмкіндігі қарастырылады.
122. Компрессорлық станциядағы технологиялық арматураның нөмірленуі осы Қағидалардың 8-
сәйкес, желілік бөліктегісі осы Қағидалардың
сәйкес қабылданады.
қосымшасына
7-қосымшасына
123. МГҚ объектілері мен құрылыстарын салу, оларды қайта құру, техникалық қайта
жарақтандыру немесе күрделі жөндеу кезінде күрделі жөндеу қызметі қызметтің осы түріне
лицензиясы бар ұйымдардың жұмыс жүргізуіне техникалық қадағалауды ұйымдастырады. Құрылысы
аяқталған МГҚ толық пайдалануға дайын болған кезде ғана олар пайдалануға қабылдау комиссиясына
беріледі. Құрылысы және монтаждау жұмыстары аяқталмаған және қабылдау комиссиясы қабылдамаған
объектілерді пайдалануға енгізу жүзеге асырылмайды. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-шілдедегі № 242
сәйкес Мемлекеттік комиссияның актіге қол қою күні объектіні (құрылысты, жабдықтарды)
Заңына
пайдалануға беру күні болып есептеледі.
124. Құрылысы аяқталған газ құбырының құрылыстары мен жабдықтарын пайдалануға қабылдауға
дейін:
1) пайдаланушы персоналды жинау және оларды осы Қағидаларға сәйкес нұсқаулықтармен және
схемалармен қамтамасыз ете отырып оқыту (міндетті түрде білімін тексерумен);
2) бас мердігерден газ құбырының желілік бөлігіне арналған жобалық, атқарушылық және
техникалық құжаттаманы, компрессорлық станцияны, ГТС, жерасты газ сақтау және басқа да
пайдалануға берілетін объектілерді алу;
3) ғимараттың жобаға және келісілген одан шегінулерге сәйкестігін тексеру;
4) қуыстарды тазалау, газ құбырларын және технологиялық коммуникацияларды беріктік пен
саңылаусыздыққа сынау;
5) МГҚ желілік бөлігі құбырларының құбырішілік дефектоскопиясын жүргізу;
6) гидравликалық сынаулардан кейін құбырлардан суды толық шығару;
7) агрегаттар мен олардың жүйелерінің, жалпы станциялық жабдықтардың, ілмекті арматураның
, бақылау-өлшеу аспаптарының, қалыпты және ең жоғары жүктемесімен телемеханика жүйелерінің
жұмыс қабілеттілігін кешенді сынауды дайындаушы зауыттың техникалық шарттарына, жабдықты
жеткізуші әзірлеген іске қосу-баптау сынау бағдарламаларына сәйкес өткізу;
8) өндірістік технологиялық және жергілікті байланыс құралдарының жұмыс қабілеттілігін
тексеру және кешенді сынау;
9) электрохимиялық қорғау, қабылдау тораптары және тазалау құрылғыларын іске қосу
құралдарын тексеру және жұмыс қабілеттілігін сынау;
10) мәдени-тұрмыстық мақсаттағы, денсаулық сақтау, тұрғын үй кешені объектілерін толық
көлемде тексеру;
11) табиғатты қорғау мақсатындағы объектілерді тексеру және кешенді сынау;
12) объектіде рұқсат етілген жұмыс қысымына формулярлар ресімдеу.
125. МГҚ объектілерін пайдалануға қабылдау тапсырыс берушімен, жобалаушы және пайдаланушы
ұйыммен келісілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып, жобаға сәйкес жүргізіледі.
Объектіні Қабылдау комиссиясына көрсетуге дейін ГТҰ тағайындаған жұмыс комиссиясы қабылдауды
жүргізеді. Жұмыс комиссиясы қабылдамаған МГҚ пайдалану. МГҚ желілік бөлігін газ құбырын сынау
бойынша кешенді жұмыстарды орындағаннан кейін пайдалануға қабылдайды. Құрылысы аяқталған
Магистральдық құбырларды пайдалануға беру кезінде құрылыс-монтаждау ұйымы Қабылдау комиссиясына
сәулет және құрылыс саласындағы нормалар мен қағидаларда көзделген көлемде техникалық
құжаттамаларды ұсынады. Құрылысы аяқталған жеке объектілерді (аралап шығатын және кезекші
персоналдың үйлері, электрохимиялық қорғау ғимараттары, байланыс желілері) жұмыс комиссиялары
жұмыс комиссиясы тағайындаған ұйым бекіткен қабылдау актісі бойынша олардың дайындық шамасына
қарай жөнделген жабдықтарымен бірге пайдалануға қабылдайды. Қабылданған, бірақ сынаудан кейін
алты ай бойы пайдалануға енгізілмеген құбыр беріктікке және саңылаусыздыққа қайтадан сынауға
жатады. Гидравликалық сынаулардан кейін газ құбырын газбен толтыру технологиясы мен схемасын
мердігер мен пайдаланушы ұйымның бірлескен бұйрығымен құралған және Тапсырыс берушінің
өкілдерінен тұратын арнайы комиссия әзірлейді және жүзеге асырады. Технология мен схеманы
тапсырыс беруші және мердігер бекітеді.
126. Компрессорлық станцияның жабдықтарын пайдалануға қабылдауға дейін:
1) бас мердігерден атқарушылық техникалық құжаттаманы және қабылданатын жабдыққа жұмыс
комиссияларының актілерін, сондай-ақ жабық жұмыстардың актілерін алу;
2) орындалған құрылыстың жобаға сәйкестігін тексеру;
3) бекіткіш газ құбырларын, май құбырларын және басқа да технологиялық коммуникацияларды
беріктікке және саңылаусыздыққа сынау және үрлеу және олардың қуыстарын тазалау;
4) іске қосу жұмыстарын бастамас бұрын монтаждау, сынау, өрт сөндіру жүйесінің сынамасын
жүргізу;
5) қабылданатын жабдықтарды іске қосу жұмыстарын өткізу;
6) негізгі және қосалқы аппараттардың және бақылау-өлшеу аспаптарының және компрессорлық
цех автоматикаларының жұмысын техникалық шарттарға сәйкес кешенді сынау.
127. Желдету, салқындату және жылыту жүйесі орындаушылық сипаттамаға ие және қалыпты
пайдалануды және газды қайта сору агрегаты мен олардың қосалқы жүйелерінің жылдың кез келген
мезгілінде, оның ішінде тоқтатылған кезеңде де дайындық қалпында ұстауды қамтамасыз етеді.
128. ГТС іске қосу алдында станция ғимаратында және кешенді жабдықтарға қызмет көрсету
бағытында бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу, ғимараттың газдануының, жанғыш
материалдардың, оттектік және газ баллондарының болмауын ерекше мұқият тексеру керек, өрт
сөндіру құралдарының дайындығына көз жеткізу керек. ГТС іске қосудың алдындағы тексеру
станцияның және оның жүйелерінің құрастырылуын есепке ала отырып әзірленген тәртіпке сәйкес
жүргізіліп тексеріледі. Тексеру кезінде мыналарды орындау қажет:
1) жабдықтардың жағдайын және ықтимал олқылықтарды бақылау (сальниктік тығыздамадағы,
ернемек және бұранда қосылыстардағы бос орындар);
2) одоризациялық қондырғыда одорант деңгейін бақылау;
3) сақтандырғыш клапандарда пломбаның, арматурада байпастық сызықтың бар-жоғын тексеру;
4) бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру;
5) қорғау автоматика жүйесінен және крандарды басқару торабынан, сондай-ақ
авариялық-ескерту дабыл жүйесінен крандарды қашықтан басқаруды қосуды және жұмыс істеуін
тексеру;
6) жапқыш арматураның қалпын тексеру (вентильдер, ысырма, крандар, іске қосу процесінде
ашылуға және жабылуға ұшырайтын қысымды реттегіштер), сондай-ақ оның жүрісінің жеңіл және
жатықтығы, крандардың гидрожүйелерінде гидравликалық сұйықтықтың бар-жоғын тексеру;
7) крандарды қайта қосуға арналған жоғары қысымды импульсті газдың бар-жоғын тексеру;
8) метанольдық қондырғыда метанолдың бар-жоғын тексеру;
9) газды қыздыру жүйесінің жұмысын тексеру;
10) өндірістік-технологиялық байланыстың жарамдылығын тексеру;
11) электрмен жабдықтаудың жарамдылығын және электр энергиясын есепке алуды тексеру;
12) ГТС автоматтық басқару жүйесінің жұмыс істеу жарамдылығын, сондай-ақ телемеханиканы
тексеру.
129. ГТС іске қосуға мына жағдайларда:
1) қабылдау-тапсыру актісін тиісінше рәсімдеусіз;
2) ГТС жүйелерінің бірінен берілген жұмыс режимінің жарамсыздығы немесе қамтамасыз
етілмеуі жағдайында (қысқарту, қорғау, газды одоризациялау, авариялық-алдын алу дабылы, газ
өлшеу аспаптары);
3) қорғау жүйелерінің пневмоавтоматикасын қоректендіру үшін газды тазалау және кептіру
деңгейі ҚР СТ 1666-2007 «Магистральдық газ құбырлары бойынша жеткізілетін және тасымалданатын
табиғи жанғыш газдар» Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес
келмеген жағдайда;
4) МГҚ желілік-өндірістік басқармасының диспетчерімен және тұтынушымен
өндірістік-технологиялық байланыс болмаған жағдайда;
5) өрт сөндіру құралдары болмаған жағдайда;
6) тұтынушының төменгі желілердің газды қабылдауға әзірлілігі туралы жазбаша растауы
болмаса;
7) даярланған операторлар болмаса;
8) энергиямен жабдықтау жүйесі болмаса немесе ақаулы болса;
9) табиғи газдың қалдықтарын бейтараптандыратын жүйе болмаса жүзеге асырылмайды.
130. Газбен қамтамасыз ету коммуникациясында отындық, іске қосу, импульстік газ,
сондай-ақ компрессорлық станциялардың құбырларының технологиялық байланысында, ГТС және жерасты
газ сақтау қоймаларында қондырғыларды жеке тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін дәнекерлеу және
басқа да отпен істелетін жұмыстар орындалады. Бұл ретте, қажетті қауіпсіздік шараларын
қамтамасыз ету пайдаланушы ұйымға жүктеледі. Қажетті қауіпсіздік шаралары мердігерлік ұйым
әзірлеген және Тапсырыс берушімен, пайдаланушы ұйыммен және жобалаушы ұйыммен келісілген арнайы
нұсқаулықта көрсетіледі. Нұсқаулықты қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін
мердігерлік ұйым бекітеді. ГТС кешенді сынау кезінде тұтынушының газ құбырларына газ беру
жүзеге асырылмайды.
6-параграф. Газ құбырлары
131. МГҚ мен компрессорлық станциялардың, ГТС, газ өлшеу станцияларының, жерасты газ
қоймаларының технологиялық бекіткіш газ құбырлары үшін, сондай-ақ авариялық қор үшін
қолданылатын құбырлар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.
132. Технологиялық бекіткіш газ құбырларына технологиялық, отындық, іске қосу және
импульстық газ құбырлары жатады.
133. Бұйымның сапа сертификаттары жоқ және құбырлардың үстіңгі бетінде таңбасы болмаған
кезде құбырлар мен фасондық біріктіру бұйымдары қолданылмайды.
134. МГҚ және компрессорлық станциялардың, ГТС, газ өлшеу станцияларындағы, жерасты газ
қоймаларындағы және авариялық қордағы технологиялық бекітетін газ құбырлары үшін қолданылатын
құбырларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жүргізуді ГТҰ бекіткен және басқа
технологиялық жабдықтарды жөндеу мерзімімен келісілген жоспар-кесте бойынша тиісті қызметтер
орындайды. Газ құбырын бекітуді бақылау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады (іргетас, тірек, ілмек
, қамыт), сондай-ақ газ құбырлары қабырғаларының қалыңдығы мен тербелісі эрозиялық және
коррозиялық тозуларға шалдыққан жерлерде бүлінбейтін әдіспен бақыланады.
135. Бақылаудың мерзімін, тәртібі мен көлемін ГТҰ анықтайды. Қолданыстағы немесе күрделі
жөндеуге ұшырайтын газ құбырларында дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары «Дәнекерлеу рәсіміне
қойылатын техникалық талаптар, 1-бөлім. Доғалық дәнекерлеу» ҚР СТ ИСО 15614-7-2008 сәйкес
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.
136. Жұмыс істеп тұрған әрбір газ құбырына (желілік бөлік, компрессорлық станциялар, ГТС,
газ өлшеу станциялары, жерасты газ сақтау қоймалары) кәсіпорындар атқарушылық құжаттаманың
негізінде қолданылатын құбыр маркасын, электрод түрін, жапсарды дәнекерлеуге дайындау шартын
көрсете отырып, дәнекерлеудің технологиялық картасын әзірлейді.
137. Жұмыс істеп тұрған газ құбырларына қосу (бұруды монтаждау) жобаға немесе ГТҰ-мен
келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес орындалады.
138. Құбырларды кесу торабының конструктивтік мөлшері (диаметрі, қабырға қалыңдығы, құрыш
маркасы) жобада белгіленеді.
139. Жұмыс істеп тұрған газ құбырларына бұруларды белгіленген тәртіппен ресімделген
техникалық құжаттама мен технологиялар бойынша отсыз әдіспен қосуға рұқсат етіледі.
140. Пайдалану процесінде оқшаулағыш жабындылар мен желілік бөліктегі жерасты газ
құбырларында, газ құбыры учаскесінен қорғаушы крандарға дейінгі компрессорлық станцияларды
технологиялық бекіту, газ тарату станциялары, газ өлшеу станциялары, жерасты газ сақтау
қоймалары учаскесінде коррозиялық бүлінулер анықталған кезде жөндеу жұмыстары жүргізіледі және
қажет болған жағдайда сынау жүргізіледі. Кем дегенде 8 жылда 1 рет қайтадан сынау жүргізіледі.
141. Желілік бөліктегі газ құбырларын, компрессорлық станцияларды технологиялық бекітуді,
ГТС, газ өлшеу станцияларын, жерасты газ сақтау қоймаларын гидратты тығынды жою мақсатында ашық
отпен жылытуға тыйым салынады.
142. МГҚ желілік бөлігін сенімді пайдалануды қамтамасыз ету және ықтимал коррозиялық
бүлінулерді анықтау мақсатында кемінде 5 жылда 1 рет құбырішілік диагностиканы орындау қажет.
143. Құбырлардың техникалық жағдайына және топырақтың коррозиялық белсенділігіне
мониторинг жүргізу негізінде көрсетілген мерзімнен кейінгі ауытқулар.
7-параграф. Тіректердегі газ құбырлары
144. Тіректерге салынған МГҚ учаскелері ГТҰ басшылығы бекіткен арнайы кестемен
белгіленген кезеңдік бақылауға жатады.
145. МГҚ учаскесінің, оның тіректері мен ілмегінің түрі рұқсат етілген шекке жақын
өзгерген жағдайда, тірек пен ілмектің орны реттеуішпен тиісінше азайтылады.
146. Тірек пен ілмектің жол берілген шектен аса өзгеруі, сондай-ақ олардың техникалық
қауіпсіз жағдайының бұзылуы жойылады.
147. Қатты мұзды, иірімді және топырағы шалшық болған учаскелерде топырақтың
температуралық режимін, газ құбырының орны мен күйін бақылау ұйымдастырылады. Мұндай
учаскелердегі газ құбырының орнын өлшеу кесте бойынша биіктікпен, бірақ кемінде үш айда бір рет
жүргізіледі.
148. Газ құбырының коррозияға қарсы қабаты бұзылған кезде оны қалпына келтіру жүргізіледі
.
149. Газ құбырының ашық учаскелерінің электр берілісі әуе желілерімен қиылысу орындарында
газ құбырын электр берілісі желісінің сымы үзілген кезде оған жоғары кернеу берілуден қорғайтын
құрылғылар орнатылады.
150. Газ құбырының сыртын тазалау және оқшаулау жабындысын жағу оған тірелген жабдықтар
мен механизмдердің көмегімен, газ құбырының осы учаскесін ажыратудан кейін және оны газдан
босатқаннан кейін жасалады.
151. Газ құбырының жекелеген тірегін ауыстыру немесе жөндеу кезінде ауыстырылатын (
жөнделетін) тіректен 2 м-ден аспайтын арақашықтықта уақытша тірек орнатылады.
152. Газ құбыры тірегіне 10 м жақын жердегі трасса бойына көлік құралдары мен
механизмдерінің жүруіне жол бермеу.
153. Жөндеу кезінде МГҚ арқылы өтуге арнайы жабдықталған, газ құбырымен байланысты емес
өтуге ғана рұқсат етіледі. Өту конструкциясы оған ауыстырылатын жабдықтардың, машиналар мен
механизмдердің ең жоғары салмағына есептеледі. 10 м-ден аз жер көрінген кезде көлік құралдары
мен механизмдерінің трасса маңынан өтуін болдырмау.
8-параграф. Тоннельдердегі газ құбырлары
154. Тоннельдерге салынған МГҚ пайдалануға концентрацияның рұқсат етілген шегінен
аспайтын булар мен газдардың концентрациясы кезінде жүзеге асырылады. Тоннельдегі газ құбырында
қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін арнайы нұсқаулық дайындалады. Тоннельдегі газ құбырын монтаждау
және жөндеу кәсіпорын басшысы (бас инженер) бекіткен, жазбаша рұқсат бойынша жұмыс жүргізу
жобасына сәйкес жүргізіледі.
155. Тоннельге кірер алдында көрінетін жерге қауіпсіздік белгісі ілініп, мемлекеттік және
орыс тілдерінде «Бөтен адамдарға кіруге болмайды. Жарылыс қаупі бар» деген жазбасы бар плакат
ілінеді. Тоннельге кірерден 50 м бұрын «Шылым шегуге және от тұтатуға тыйым салынады» деген
жазуы бар қауіпсіздік белгісі орнатылады.
156. Тоннельдегі порталдар құлыптаулы ақаусыз керегекөз қоршаулармен жабдықталады, оның
кілті жақын желілік қараушыда, МГҚ желілік-өндірістік басқармасының диспетчерінде және
желілік-пайдалану қызметінің бастығында болады.
157. Газ құбырында немесе тоннель қабырғасында тікелей газ құбырының үстінде ашық бояумен
әр 20 м сайын туннельге кіру және шығу қашықтығы көрсетілген көлденең белгі салынады.
Тоннельдегі қашықтықты белгілеу бөлшек түрінде жасалады: алымда – тоннельге кірердегі қашықтық
және газ бағыты бойынша сызықша, бөлімде – тоннельден шығу қашықтығы.
158. Тоннель мен газ құбырын тексеру алдында тоннельге кірердің үстіндегі еңісті жерлер
тексеріледі, ол тас қиыршықтарының және тастардың портал алдындағы алаңға, газ құбыры
компенсаторында орналасқан кіреберіске түспеуін қамтамасыз етеді. Бұл зерттеулердің нәтижелеріне
сәйкес тастар мен қиыршықтарды қауіпсіз жою шаралары алынады. Тексеру нәтижелері актімен
ресімделеді. Тоннельдегі ауаның газдылығына бақылау жүргізіп болғаннан кейін жарылыстан
қорғалған кезде екі адамнан кем емес топпен оқшаулағыш газтұтқыш пен аккумуляторлы шырақтармен
туннельге кіруге рұқсат етіледі.
159. Тоннельдегі ауада зиянды заттар рұқсат етілген концентрациядан төмен болған жағдайда
тоннельге оқшаулағыш газтұтқышты кимей кіруге рұқсат етіледі.
160. Газ құбырын бақылау тексеруінде тоннельдің газдылығы әр 50 м сайын тексеріледі.
161. Ауада зиянды заттар мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен жағдайда алға қарай
жүру газ қауіпті жұмыс ретінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда газ құбырындағы қысым
пайдаланудың соңғы жылында учаскеде тексеріліп тіркелген ең жоғары жұмыс қысымынан кем дегенде
30 %-дан төмен болмайды.
162. Тоннельде адамдар ұзақ уақыт болған кезде ауа ортасына сағатына бір рет кезеңдік
бақылау жүргізіледі. Осы уақыт ішінде тоннельде адамдар болса, екі жақтағы есік те ашық болады.
163. Тоннельде адамдар болған кезде, оның кіреберісінде кем дегенде екі адамнан
оқшаулағыш газтұтқышпен (оның ішінде бір резервтіктен кем емес), газталдағышпен, дәрі
қобдишасымен, зембілмен, аккумуляторлы шырақпен, басқа да қажетті заттармен жабдықталып,
кезекшілік атқарады.
164. Құтқару тобының қарауында диспетчермен байланыс құралы, автокөлік және дәрігерге
дейінгі көмек құралы болады. Туннельге кіреберісте тұратын топтың құрамында диспетчермен
байланыс орнататын адам болады.
165. Құтқару тобы екі жағынан ашылатын тыс жерде туннель сыртында болуы тиіс. Құтқару
тобының мүшелері құтқару ісіне, оның ішінде туннельден зардап шегушіні алып шығу, тұншығу, күю
және сыну кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістеріне үйретіледі. Құтқарушылар туннель
ішінде орналасқан адамдармен үздіксіз байланыста (радио, телефон, дауыс немесе шартты дабылдар
арқылы) болады.
166. Байланыс бұзылған кезде құтқарушылар апатты жою жоспарына сәйкес әрекет ете отырып,
онда орналасқан адамдарға көмек көрсетеді.
167. Егер тоннельдегі ауа газдылығы тұтанудың төменгі концентрациялық шегінен 20 пайыздан
асса, ішке кіру тоқтатылады.
168. Тоннельдегі газ құбыры учаскесі өшіріледі, ондағы қысым кемінде 50 пайызға,
қажеттілік кезінде ауа қысымына дейін төмендетіледі.
169. Тоннельдегі ауа газдылығы тұтанудың төменгі шоғырлы шекті мөлшерінен 20 пайыз төмен
болған кезде айналма жол жаңартылады. Бұл ретте табиғи және тоннельдің мәжбүрлі желдетілуін
пайдаланады.
170. Тоннельдің ішіндегі жергілікті құлаулар мен топырақ суының ағуын жою, туннельдің
қабырғалары мен күмбезін жөндеу жұмыстары газ құбырын сақтауды ескере отырып, тау-кен
жұмыстарын орындау үшін арнайы дайындалған жоспарға және нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Тоннельдегі жұмыс уақытында осы жұмыспен тікелей айналысатын немесе оның жүргізілуін бақылайтын
адам болады. Газ құбырының сыртқы қабатын тазарту және бояу үңгіртастағы ауа ағынының қарсы
қозғалысы бағытында жүзеге асырылады.
171. Тоннельдегі газ құбырында отпен істелетін жұмыстар магистральдан саңылаусыз
ажырағаннан кейін және тоннельдің екі жағында одан тыс орналасқан желілік арматура торабының
арасындағы учаске газдан босатылғаннан кейін жүргізіледі.
172. Егер ажыратылатын желілік арматура ол жабылғаннан кейін саңылаусыздығы жеткіліксіз
болса, жөнделетін учаскемен бірге ажыратылады және көршілес учаске (жұмыс жасамайтын
арматураның қасында орналасқан) де газдан босатылады.
173. Тоннельдің екі бөлімінде бір уақытта от жұмыстары жүргізілмейді.
174. Егер жұмыс аймағындағы көмірсутегі газының мөлшері тұтанудың төменгі коцентрациялық
шегінен 20 пайыздан жоғары болса, үңгіртас ішіндегі от жұмыстары тоқтатылады және газ кету орны
табылғаннан және рұқсат етілмейтін газдылық жойылғаннан кейін жаңартылады.
175. Тоннель ішінде пайдаланылатын электржетегі бар қосалқы жабдықтар, электр қуаты бар
бақылау-өлшеу және автоматика аспаптары мен жарықтандыру құралдары жарылыстан қорғалған жағдайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |