7-параграф. Өнеркәсіп алаңындағы және газ объектілерінің (компрессорлық станциялар, газ
тарату станциялары, газ өлшеу станциялары, жерасты газ қоймасы) ішіндегі от жұмыстары
440. Газ объектілерінің жабдықтарында от жұмыстары оны жұмыстан шығарғаннан кейін
жүргізіледі. Газ объектілерінде оны тоқтатусыз от жұмыстарын өткізу қажет жағдайда, мыналар:
1) газдың, газ конденсатының (ТТС) жабдықтардан, құбыр арматурасынан, құбырлардан шығып
кетуін және жабдықтардағы білте және сақтандырғыш қақпақтар арқылы технологиялық газ, конденсат
атылуы мүмкіндіктерін қоса алғанда, от жұмыстарын орындау үдерісінде жарылу қаупі бар аймақтың
жағдайына тұрақты бақылау орнатылады;
2) жабдықтарды, құбыр арматураларын үрлеп тазартуға (газды, газ конденсатын, ТТС),
сондай-ақ жүргізілетін от жұмыстарының қауіптілігін арттыратын басқа да жұмыстарға жол
берілмейді;
441. Газ жабдығы немесе арматура орналастырылған үй-жай ішіндегі от жұмыстары осы
үй-жайға кіретін, арматура көмегімен өндірілетін, мекемеден тыс жерге орналастырылған барлық
газ коммуникациялары толық сөндірілгеннен кейін, бөлме ішіндегі барлық жабдықтарда және
құбырларда қысым атмосфералық деңгейге дейін түсірілгеннен кейін және мына талаптарды орындай
отырып, жүргізіледі:
1) бөлмедегі ауаны әр 15 минут сайын от жұмыстары басталғанға дейін және олар
жүргізілетін барлық уақыт ішінде барынша желдетілуін қамтамасыз ету;
2) бөлмедегі ауаны тасымалды газталдағышпен әр 30 минут сайын бөлменің газталдағыштары (
сигнализаторы) болуына қарамастан бақылау.
Үй-жайлар iшіндегі газ құбырларындағы технологиялық саңылауларды тесуге жол берілмейді.
442. ГТС кеміту мекемесіндегі от жұмыстарын орындау кезінде тұтынушыларға газ беру ГТС
тыс жерде орналасқан айналма (байпастық) желі арқылы, айналма (байпастық) желіде ГТҰдың тұрақты
кезекшілік етуі барысында жүзеге асырылады. Егер от жұмыстары газ жабдығы немесе газ құбыры жоқ
үй-жай ішінде, яғни жарылысқа қауіпсіз, бірақ жарылыс қаупі бар объекті аумағында орналасқан
жерде жүргізілсе, от жұмыстары басталғанға дейін бөлмедегі ауаның жанғыш газ құрамы тексеріледі
және оны желдету бойынша шаралар қолданылады. Компрессорлық станциялардың, ГТС ның, газ өлшеу
станцияларының, жерасты газ қоймаларының аумақтарындағы арматуралардың ашық орналастырылған
жекелеген технологиялық қондырғылары мен тораптарында от жұмыстарын жүргізуге олардың қолданылуы
ұзартылуына қарай, бірақ төмендегі талаптарды сақтай отырып рұқсат етіледі:
1) жөнделетін қондырғыдағы, технологиялық желі немесе тораптағы барлық аппараттар мен
құбырларды өшіру және газ бен конденсаттан босату;
2) жарылыс қаупі бар аймақта орналасқан көршілес қондырғы арматураларының, желілер және
тораптардың аппараттарынан газ және конденсаттың кемуін болдырмау;
3) жарылыс қаупі бар аймақта от жұмыстарын жүргізудің барлық кезеңінде жанғыш газдың
болуына кем дегенде 30 минут сайын тұрақты түрде бақылау жүргізу;
4) оттық жұмыстар жүргізілетін барлық уақыт ішінде, пайдаланудағы аппараттарды,
қондырғылар мен тораптарды қандай да бір үрлеп тазартуды жүргізбеу;
5) от жұмыстары жүргізілетін аймақты қоршау үшін жұмыс қысымындағы және от жұмыстары
жүргізілетін жерге 20 м жақын жерде орналасқан басқа да қондырғылар мен тораптардың
технологиялық аппараттары және арматуралары жағына биіктігі 2 м қалқан орнату.
443. От жұмыстары жүргізілетін барлық уақытқа жарылыс қаупі бар аймақтағы ауа ортасының
жай-күйіне мониторинг жүргізетін және от жұмыстарының жүргізілуіне жауапты тұлғамен және
пайдаланушы қызметкермен байланыс жасайтын кезекші бақылаушы дәрежесінде кемінде бір қызметкер
тағайындалады. Жарылыс қаупі бар аймақтың жай-күйін бақылаушы кезекшіні тағайындаудағы мақсат
апат болуы мүмкін жағдай немесе қосымша қауіптілік туындаған кезде, жабдықтар, аппаратуралар,
желдеткіш, дабыл беру жүйелері, ұжымдық қорғаныс құралдары, қысым, температура түсіру (
жоғарылату) құралдары істен шыққан жағдайда, газ, конденсат (ТТС) ағыны болған жағдайда және
басқа жағдайларда жұмыстардың шұғыл тоқтатылуы туралы дабыл беру болып табылады. Газ айдауыш
галереямен бөлгіш қабырғасы бар компрессорлық цехтың қолданыстағы машина залындағы от
жұмыстарына мына талаптар орындалған жағдайда рұқсат етіледі:
1) жөнделетін агрегатты жеткізуші және тасымалдаушы коммуникациялардан, соның ішінде отын
және іске қосу газынан ажырату;
2) агрегатты немесе арматураның жекелеген тораптарын іске қосу үшін электр немесе
пневможетекті оларды кездейсоқ іске қосуды болдыртпайтын шараларды қолданып ажырату;
3) компрессор жетектері біліктерінің бөлгіш қабырға арқылы өтетін жерлерін герметикалық
тығыздау;
4) от жұмыстарын орындаушыларды біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бойынша мұқият іріктеу;
5) жөнделетін және көршілес агрегаттарда газ кемуі, май және ЛВЖ болмауы;
6) өрт сөндіру құралдарының қолдануға даярлығы.
444. Газ компрессорлануы тоқтатылмайтын ерекше жағдайларда компрессорлық цехтың жарылыс
қаупі бар үй-жайларында жұмыс істеп тұрған агрегаттармен (газ айдауыш галереясы, айдауыш бөлігі
) от жұмыстары жүргізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
1) пайдаланушы ұйымның рұқсаты;
2) филиалдың, бөлiмшенiң басшысы жұмыстарға бастық (бас инженер) болып тағайындалуы;
3) компрессорлық цехты технологиялық бекіткіш режимдік крандармен газды айдауыш контурынан
ғана емес, осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілгендей №№ 1, 2, 3, 3 бис крандарға да
өршітуге болатындай етіп коллекторлық емес түрде бекіткен кезде жөнделетін газ айдауышты бөлу;
4) цехта резерв болған жағдайда газ айдайтын агрегаттың жүктемесін көршілес жөнделетін
агрегаттар тоқтатылатындай және газ технологиялық коммуникациялардан өршітілетіндей етіп
қарастыру;
5) от жұмыстарын бастар алдында газдануды бақылайтын штаттық жүйелердің, ағынды және
соратын желдеткіштің жұмысқа жарамдылығын тексеру;
6) газ айдауыштың сорғыш және шығарғыш келте құбырлардың патрондар арқылы өтетін
жерлеріндегі саңылауларын қымтау;
7) көршілес агрегаттарға дәнекерлеу ұшқындары мен от ұшқындарының тиіп кетуін болдырмау
үшін қорғаныс экрандарын немесе қалқан орнату;
8) газ айдауыштың технологиялық бекіткішінде от жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғамен
байланыс орнатылған бекет болуы;
9) от жұмыстары жүргізіліп жатқанда айдауыш галереясында агрегаттарды іске қосуға,
тоқтатуға, газ айдау агрегаттарында қорғаныстарды қабылдауға тыйым салынады. Газ айдау
агрегатын апаттық тоқтату болған жағдайда от жұмыстарын дереу тоқтату қажет;
10) ағынды және соратын желдеткіш жүйесі от жұмыстары жүргізіліп жатқанда ұдайы іске
қосылып тұрады;
11) от жұмыстары аяқталған соң дәнекерлеу жабдықтары істен ажыратылады және айдауыш
галереясынан шығарылады.
445. Өндiрiс алаңдарында от жұмыстарын жүргізу кезінде мынадай қосымша талаптар орындалуы
тиіс:
1) дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жабдықты, газ құбырын, арматураны жөндеу,
қажет болғанда оларды істен ажырату орнатылатын орны филиалдың, бөлімшенің бастығы немесе бас
инженері бекіткен жобада немесе бас жоспарда белгіленетін от жұмыстарына арналған арнайы алаңда
жүргізіледі;
2) дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған алаң жалпы аумақтан қоршалады, «Дәнекерлеу
алаңы» деген жазбасы бар трафареттермен және қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді, белгіленген
тәртіппен бекітілген және жергілікті жағдайларды ескере отырып құрылған өрт қауіпсіздігі
шаралары және еңбек қорғау бойынша нұсқаулықтарға және өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай өрт
қауіпсіздігі құралдарымен қамтамасыз етіледі;
3) от жұмыстарына арналған алаңда стационарлық дәнекерлеу бекеті ұйымдастырылады (баспа
астында, ғимаратта немесе өрт қауіпсіздігі санатына сәйкес мекемеде).
446. Дәнекерлеу алаңдарында (бекеттерде) наряд-рұқсат ресімдемей от жұмыстарын жүргізуге
рұқсат беріледі. Наряд рұқсат ресімдемей дәнекерлеу жұмыстарын өз бетімен жүргізуге рұқсат
берілген жұмысшылар тізімі филиал, бөлімше басшысының бұйрығымен белгіленеді. Осы Қағидалардың
талаптары, наряд рұқсатта қарастырылған қауіпсіздік талаптары орындалмаған жағдайда, сонымен
қатар қауіпті жағдай туындаған жағдайда от жұмыстары дереу тоқтатылады. От жұмыстарына дайындық
барысында от жұмыстарының жүргізілуіне жауапты тұлға даярлық жұмыстарына жауапты тұлғамен
бірлесіп жұмыс аймағын белгілейді, әрі бұл аймаққа сақтандырғыш белгілерін және жазбалар қояды.
Дәнекерлеу, кесу, қыздыру орындары бормен, бояумен, биркалармен, лентамен немесе басқа да
көрнекі айрықша белгілермен белгіленеді. Жұмыс аймағында орналасқан алаңдар, металл құрылыстар,
ғимараттардың конструктивтік элементтері, өртке және жарылысқа қауіпті материалдардан
тазартылады. Шұңғымалар, науалардың есіктері және жанғыш газдары мен булары бар кәрізбен
байланысты басқа да құрылғылар жабылады. От жұмыстары жүргізілетін жерде ұшқын ұшуын болдырмау
шаралары атқарылады. Мекемелер мен сыртқы қондырғылардың жарылысқа қауіпті аймақтарындағы от
жұмыстары сыртқы коммуникациядан толық ажыратылғаннан кейін және барлық технологиялық жабдықтар
мен газ құбырларындағы қысым түсірілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Бекіту арматурасының
қымталуына байланысты от жұмыстарын жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда мыналар:
1) жөнделетін учаскені жағынан бекіту арматурасымен қосарлы кесу арқылы істен ажырату,
арматура арасындағы газ қысымын түсіру және бекіту арматурасына «Ашуға болмайды!» деген жазба
ілу;
2) жөнделетін учаскені азотпен немесе инертті газбен табиғи газды толық шығарғанға дейін
үрлеп тазарту қажет.
Осыған ұқсас операциялар құбырдың жөнделетін учаскесінде уақытша істен ажырататын
герметикалық құрылғылар (шарлар) орнату үшін технологиялық терезе ою мүмкін болмаған жағдайда
орындалады.
447. От жұмыстары аяқталғаннан кейін құбырдың істен ажыратылған бөлігіндегі газ ауа
қоспасын газ берілетін жердегі табиғи газдың 1 кгс/см (шаршы сантиметрге килограмм күш) көп
2
емес қысымымен немесе азоттың 1,5 кгс/см көп емес қысымымен ығыстыру қажет. Құбырдан шығатын
2
газдағы оттегінің құрамы 2%-дан көп емес болғанда, газ ауа қоспасын ығыстыру аяқталған болып
есептеледі. Бекітілмеген газ ұңғымасының қорғау аймағында құбырлық газ көріністері, грифондар,
фонтандық арматурадан және газ ұңғымасы сағасының бекітпесінен газ және газ конденсатының кемуі
болмаған жағдайда от жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. Газ ұңғымасының және оның шлейфінде,
газ ұңғымасының қорғау аймағында негізгі ысырмалар жабылған, ұңғыма монифольдындағы жұмыс
ысырмалары жабылған жағдайда от жұмыстарын орындауға рұқсат етіледі.
8-параграф. Ыдыстар мен құдықтардағы от жұмыстары
448. От жұмыстары алдында ыдыс (аппарат, сауыт) жуылады, ыстық бумен буланады және
желдетіледі. Ыдыс немесе құдық ішінде жұмыс істеу үшін құрамында үш адамнан тұратын бригада:
ыдыста жұмыс істейтін және сыртында екі дублер тағайындалуы тиіс. Ыдыста жұмыс жасау алдында
ауадағы зиянды заттардың сәйкестігіне талдау жүргізілуі тиіс. Өлшеулер кірістен (люк) бастап,
үш жерден газталдау құралымен алынады. Жұмысшыны ыдысқа түсіру және одан қауіпсіз қағидаларына
сәйкес келетін тасымалдау баспалдағымен көтеруге рұқсат етіледі. Бұл ретте сақтандыру және
ыдыстан (сауыт) мәжбүрлі түрде көтеру үшін арнайы сақтандыру белдемшесінің және фалдың (арқан)
қолдануы қарастырылуы керек. От жұмыстарын өткізу үшін жұмысшыны ыдысқа немесе құдыққа түсіру
алдында оның жай-күйін сұрау, жасақтануын, сөйлесу кодын тексеру керек. Ыдыста жұмыс циклінің
ұзақтығы 15 минуттен аспауы тиіс. Жұмыс процесінде 2-3 минут сайын ыдыстағы жұмысшының (код
арқылы) жұмысшының хал-жағдайы туралы сұрастырып тұру керек. Жауап берілмеген кезде және
қайталап сұраудан кейін оны дереу шығару керек. Ыдыстағы жұмысшы сырқаттануды сезінсе (дабыл
берсе, дабылға жауап бермесе, шлем-маскасын шешсе), дублерлар оны шығарып дәрігерге дейінгі
көмек көрсетуі керек. Құдықта, соның ішінде кәріз туннелі және сол іспеттес құрылымдарында от
жұмыстарын өткізуде, осы объектілермен технологиялық байланыстағы қызмет бастықтарымен келісілуі
тиіс. Ыдыс ішінде дем алу органдарының жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істемеу және жұмыс
орнын желдетуге жол берілмейді. От жұмыстары аяқталғаннан кейін, люкті жабу алдында бастықтың
өзі түтікте (құдықта) жұмысшының болмауын, механизмдердің, құралдардың, жеке қорғаныс
құралдарының, құрылғылар және материалдардың алынғанына көз жеткізуі тиіс.
9-параграф. Газ құбырларының желілік бөлігіндегі от жұмыстары
449. Газ құбырларының желілік бөлігіндегі от жұмыстары негізгі төрт кезеңнен тұрады:
1) технологиялық саңылауларды, уақытша герметикалық қондырғы (бұдан әрі - УГҚ) орнатылған
люктар кесу: резеңке шар немесе от жұмыстары жүргізілетін учаскені уақытша оқшаулауға арналған
от жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын басқа құрылғы;
2) артық газ қысымы астындағы немесе жөнделетін учаскені газдан босатқаннан кейін газ
құбырын ажырату және оны инертті газбен толтыру;
3) дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары;
4) технологиялық саңылауларды дәнекерлеу.
450. Технологиялық саңылаулар тесілетін жерлерде және болжамды саңылау контурынан 100 мм
кем емес қашықтықта қабырға қалыңдығын анықтау мақсатында ультрадыбыстық бақылау жүргізіледі.
От жұмыстарын бастар алдында технологиялық саңылауларды ою және герметикалау сызбасы таңдалады.
Технологиялық саңылаулар сопақ (эллипс) формада болуы тиіс және жоғарғы негізгі құбырынан ± 200
артық емес ығысумен құбырдың жоғарғы ширегінде орналасуы тиіс. Саңылаулардың көлемі 250x350 мм
артық болмауы және 100x150 мм кем болмауы, осыған сай саңылаудың ені құбыр диаметрінің
жартысынан артық болмауы тиіс. Саңылаудың ені мен ұзындығы арасындағы айырмашылығы 50 мм кем
болмауы тиіс. Саңылаулар бойлық жіктен 250 мм және балдақты жіктен 500 мм қашықтықта орналасуы
тиіс. Технологиялық саңылауларды ою механикалық тәсілмен (фрезамен) немесе қолмен газ-оттегімен
немесе өршітуден кейін газдың қысымын тұрақтандырған жағдайда, 100-500 Па (10-50 мм су бағанасы
) шеңберінде газ құбырындағы газдың қысымымен арнаулы жабдықтарды қолдану арқылы жүргізіледі.
451. Технологиялық саңылауларды ою кезінде және алғашқы ойықтарды орындау кезінде газ
тұтанған жағдайда киізбен немесе асбест төсеммен сөндіру қажет, ал кесу тілігіне кескіштің
қозғалысына қарай ылғал немесе бентонит саз жағу қажет.
452. Кесу аяқталғаннан кейін жалындайтын газдың жалыны толығымен өшірілуі тиіс 100 Па (10
мм су бағанасы) кем газ құбыры ішіндегі газдың артық қысымын төмендету кезінде немесе 500 Па (
50 мм су бағанасы) жоғары газдың артық қысымын көбейту кезінде және от жұмыстарын жүргізуге
кедергі жасайтын газ қатты жалынмен жанған кезде, жұмыстарды дереу тоқтату керек, адамдарды
шұңқырдан (ордан) қауіпсіз қашықтыққа шығарып, өрт сөндірудің тиісті құралдарының көмегімен
жалындап жатқан газды өшіру (қажет қызметкерлер санын тартумен) қажет.
453. Артық қысымды төмендетуге немесе көбейтуге әкеліп соққан себептерді жойғаннан және
оны газ құбырында қажет шеңберінде 100-500 Па (10-50 мм су бағанасы) қалпына келтіргеннен кейін
, от жұмыстары жалғастырылады. Газ құбырында технологиялық саңылауларды ою алдында газ
құбырында, істен ажырататын қондырғыларға (кран тораптарында) және от жұмыстары жүргізілетін
орындарда орнатылған сұйықтық манометрлері мен және жүкті тығыздау өлшеуіштерімен қысым өлшенеді
. Жұмыс жүргізілетін орында манометрді газ құбырына диаметрі 6-8 мм саңылауға орнатылған, от
жұмыстары орнында газ құбырының жоғарғы бөлігіне механикалық бұрғымен қолмен бұрғылап
орнатылған арнайы конустық ниппелі бар ыдыспен жалғаған жөн. Газ құбыры бұзылған жағдайда,
технологиялық саңылау ою алдында істен ажыратылған газ құбырының учаскесі жарылыс қаупі бар
қоспаны ығыстыру үшін бұзылу орнына екі жақтан берілетін табиғи газбен немесе азотпен үрлеп
тазартылады. Газ құбырының соңғы оюлары және оны қалпына келтіру бойынша дәнекерлеу-монтаждау
жұмыстары УГҚ орнатылғаннан кейін құбыр мен шұңғыдағы тұтану шегі ең төменгі концентрациялық
шектен 20%-дан көп емес мөлшерде газдалған жағдайда орындалады. Газ құбырын ажыратуға
байланысты от жұмыстарын жүргізген кезде алғашқы оюлар УГҚ жұмыс орындарын оқшаулаудан кейін
жүргізіледі. УГҚ орнатуға дейін олардың жарамдылық (сақтау) мерзімі тексеріледі. УГҚ
технологиялық саңылаулары мен жұмыс орындары арасында от жұмыстарын орындау жерінен (кесу
жерінен) екі жаққа 8-10 м кем емес қашықтықта орнатылады. Кесетін жерден 8 м қашықтықта УГҚ
орнату мүмкін болмаған жағдайда, ұшқындардың тиюінен және дәнекерлеу ұшқынынан қосымша
құралдармен қорғалған (асбоматасымен, асбоцемент қалқандарынан жасалған оттан қорғау
қабырғаларымен) жағдайда жуық қашықтықта орнатуға жол беріледі. Газ құбырына орнатылған УГҚ
ауамен немесе өндіруші белгілеген және УГҚ-да немесе оның төлқұжатында белгіленген қысымға
дейінгі инертті газбен толтырылады. УГҚ құбырдың жоғарғы жағына тығыз тіреп орнатылады. УГҚ
ішіндегі жағдайға және қысымға жүйелі бақылау жасалуы тиіс және бұл жөнінде қысым мәндері
журналына жазба жазылуы тиіс. Қысымның мағынасын журналда жазумен жиі бақылауды жүзеге асыру
қажет. Қысымды тіркеу мерзімділігі мен тәртібін от жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлға
белгілейді. УГҚ жағдайына бақылау жүктелген қызметкер басқа жұмыстарға тартылмайды. Кейбір
УГҚ-да қысым төмендеген жағдайда от жұмыстарын тез арада тоқтату, УГҚ-ны толтыру, оның ішіндегі
қысымның кейінгі өзгерісін тексеру қажет. Егер қысым баяу түсетін болса, онда белгілі бір уақыт
аралығында берілген қысымға дейін толтыру қажет. Қысым жылдам төмендеген жағдайда ақаулы УГҚ-на
ауыстыру қажет. УГҚ ішіндегі қысымды бақылау манометрмен жүзеге асырылады. Құбырда конденсаттың
болуы технологиялық саңылау арқылы шыбық бұрғыны өткізу арқылы анықталады. Конденсат болған
жағдайда оны құбыр қуысынан тазарту қажет. Диаметрі 300 мм дейін газ құбырларында от жұмыстарын
жүргізген жағдайда жұмыс орнын уақытша саз тығындарымен өшіруге жол беріледі. Газ құбырын
ажырату бойынша технологиялық операцияларды орындау тәртібі, технологиялық тесіктердің және
орнатылатын УГҚ саны ұйымның жоспарымен және от жұмыстарын өткізумен анықталады. От жұмыстары
басталғанға дейін жұмыс орнында газ құбыры қабырғасының қалыңдығы ультрадыбыстық қалыңдық
өлшеуішпен тексеріледі. Технологиялық тесіктерді герметизациялау тесікті балдақты төсеніштермен
дәнекерлеу арқылы жүзеге асырылады. Тесікті құбырға қысу арнайы струбцинаның көмегімен, ал
төсеу доңғалағы мен құбырдың ішкі беті арасында саңылауды дымқылдау силикат желімімен тығыздау
арқылы жүргізіледі. Жеке жағдайларда, технологиялық тігістің тігісін дәнекерлеуге (жамауды
дәнекерлеу) радиографиялық бақылауды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, яғни учаскені
суландыру, газ құбырымен тасты жердің бар болуы қайталама ультрадыбыс бақылауы орындалады, бұл
ретте әр бақылау бақылаудың бір жабдығында әртүрлі мамандардың немесе әртүрлі жабдықтарда бір
маманның рұқсаты қажет.
11. Қорытынды жұмыстар
454. Дәнекерлеу қосылыстарын бақылаудың оң нәтижелерін алғаннан кейін (орауышты, үштікті,
кранды, қиғаш) орындау барысындағы қауіпсіздік шаралары тиісті нұсқаулықтармен белгіленетін
қорытынды жұмыстар кешені жүргізіледі. Технологиялық саңылауларды ою, сонымен қатар газ ауа
қоспасын шығару қарастырылған жерлерден басқа құбыр астына топырақ үю және оны жабу бойынша
оқшаулау, жер қазу жұмыстары жүргізіледі. Осыған сәйкес төмендегілерді қосымша есепке алу қажет
. Газ ауа қоспасын ығыстыру және газ құбырын газбен толтыру алдында барлық персонал мен техника
қауіпті аймақтан тыс жерлерге шығарылады. Газ құбырынан, ыдыстан ауа (аппараттан, сыйымдылықтан
) 0,1 МПа (1 кгс/см ) көп емес қысымдағы табиғи газбен немесе 0,15 МПа (1,5 кгс/см ) көп емес
2
2
қысымдағы азотпен ығыстырылады. Ығыстырылған газ ауа қоспасында оттегінің бар болуы 2%-дан (
көлемі бойынша) артық болмаған жағдайда аяқталған болып есептеледі. Газ ауа қоспасын ығыстыру
аяқталғаннан кейін үрлеу білтесі жабылуы тиіс. Технологиялық тесіктерді дәнекерлеу газданған
ауа қоспасын шығарғаннан кейін жүргізіледі. Технологиялық тесіктерді дәнекерлеуге осы
Қағидалардың 29-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Дәнекерлеу жалғауларын
бақылаудың оң нәтижелерін алғаннан кейін, оларға оқшаулау және құм салу жұмыстары жүргізіледі.
Қауіпті аймақтан технологиялық тесіктерді дәнекерлеуге, оқшаулауға, құм салуға қатысқан
қызметкерлер мен техника шығарылады, бұдан кейін газ құбыры (немесе ыдыс) газбен толтырылады.
Толтыру сатылы жүзеге асырылуы тиіс. 20 кгс/см қысымына дейін – үздіксіз. Толтыру жылдамдығы
2
сағатына 3 кг/см ұсталады. Осыдан кейін газбен толтыру уақытша тоқтатылады. Бір сағаттан кейін
2
жұмыстарды өткізу жері тексеріледі. Толтыру өтпелі қысымға жеткізілгенге дейін жалғастырылады.
Жабдықтардың, құбырлардың, дәнекерлеу, ажырау қосылыстарының және тығыздағыштардың
саңылаусыздығы көзбен шолып және/немесе құралдардың (кеміп кетулерді іздегіштердің) көмегімен
бақыланады. Қымталуын қорытынды тексеру кемінде 2 сағаттан кейін жүргізіледі. Жабдықтарды,
құбырларды сынау процесінде қысым көтерілген кезде газдың (сұйықтықтың) кеміп кетуі байқалған
жағдайда, қысым 100-500 Па (10-50 мм су бағанасы) дейін төмендетілген және кеміп кетуді жою
қауіпсіздігі бойынша қажетті шаралар қолданған болуы тиіс. Қысым астында жұмыс істейтін жабдық
дәнекерлеу қолданылған жөндеуден кейін белгіленген тәртіппен кезектен тыс технологиялық
куәландырудан өткізіледі. От жұмыстары аяқталған соң, олардың орындалуына жауапты тұлға от
жұмыстары жүргізілетін орында от тұтану көздерінің болмауын тексереді және от жұмыстары
аяқталған уақытты наряд-рұқсатқа жазады.
12. Жедел-диспетчерлік басқару
455. МГҚ жедел-диспетчерлік басқару Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014
жылғы 21-қазандағы № 63
бекітілген Тауар газымен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесі
бұйрығымен
объектілерінің жұмыс тәртібін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару қағидаларына сәйкес
жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9893 тіркелді
).
Магистральдық газ құбырларын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
I және II-кластағы газ құбырларынан елді мекендерге, жеке өнеркәсіптік және
ауылшаруашылық кәсіпорындарға, ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең төменгі
қауіпсіз қашықтықтар (м-де)
Нысандар,
ғимараттар,
құрылыстар
Ең төменгі қашықтық, м, осінен
Газ құбырының класы
I
II
Газ құбырының шартты диаметрі, мм
300
және
одан
кем
300-ден
жоғары
600-ге
дейін
600-ден
жоғары
800-ге
дейін
800-ден
жоғары
1000-ға
дейін
1000-
нан
жоғары
1200-ге
дейін
1200-
ден
жоғары
1400-ге
дейін
300
және
одан
кем
300-ден
жоғары
1. Қалалар және басқа да елді
мекендер; үйшіктері бар
ұжымдық бақтар, саяжайлық
ауылдар; жеке өнеркәсіптік
және ауылшаруашылық
кәсіпорындар; жылыжай
комбинаттары мен
шаруашылықтары; құс
фабрикалары; сүт зауыттары;
пайдалы қазбаларды өңдеу
карьерлері; гараждар мен 20-
дан асатын автомобильдерге
арналған жеке иеленушілер
автомобильдеріне арналған ашық
көлік тұрақтары; адамдар көп
жиналатын жеке тұрған
ғимараттар (мектептер,
ауруханалар, клубтар,
балабақшалар мен
перзентханалар, вокзалдар және
т.б.); кісі тұратын үш қабатты
және одан биік ғимараттар;
теміржол станциялары;
әуежайлар; теңіз және өзен
порттары мен кемежайлар; су
электр станциялар;
I-IV-кластағы теңіз және өзен
көлігінің гидротехникалық
құрылыстары; тазарту
құрылыстары және магистральдық
құбырға жатпайтын су құбырлы
100
150
200
250
300
350
125
сорғы станциялары; биіктігі 20
м-ден асатын (мұнай құбырлары
мен мұнай өнімдері құбырларын
салған кезде, ағын бойымен
көпірлерден төмен)
I-II - санаттағы автомобиль
жолдары мен жалпы желістің
темір жолдарының көпірлері;
сақтау көлемі 1000 м3-ден
жоғары тұтанғыш және жанатын
сұйықтықтар мен газдар
қоймалары; жанармай құю
станциялары; құбырлар
технологиялық байланысының
көпарналы радиорелелік
желісінің діңгектері (
мұнаралары) мен құрылыстары;
байланысының көпарналы
радиорелелік желісінің
діңгектері (мұнаралары) мен
құрылыстары; теледидар
мұнаралары.
75
2. Құбырлар қатарына салынатын
жалпы желістің теміржол
жолдары (аралықтарда) және
I-III - санаттағы автожолдар;
жеке тұрған: бір және
екіқабатты тұрғын үйлері; бақ
үйшіктері, саяжайлар; желілік
қараушылар үйлері; зираттар;
малдардың ұйымдасқан
жайылымына арналған
ауылшаруашылық фермалары мен
қоршалған учаскелер; дала
тұрақтары.
75
125
150
200
225
250
75
100
3. Жеке тұрған бос және
қосалқы құрылыстар;
бұрғылаудағы және
пайдаланудағы мұнай, газ және
артезиан ұңғымалары ауыздары;
гараждар мен 20 және одан көп
автомобильге арналған жеке
иеленушілер автомобильдеріне
ашық көлік тұрақтары; кәріздік
құрылыстар; өнеркәсіптік
кәсіпорындарының теміржол
жолдары; құбырлар қатарына
салынатын III-п, IV, IV-п және
V-санаттағы автомобиль жолдары
.
30
50
100
150
175
200
30
50
4. Биіктігі 20 м-ден асатын (
мұнай құбырлары мен мұнай
өнімдері құбырларын салған
кезде, ағын бойымен
көпірлерден төмен) III, III-п,
IV, IV-п санатты автомобиль
жолдары, өнеркәсіптік
кәсіпорындардың темір
жолдарының көпірлері.
75
125
150
200
225
250
75
125
5. МАС, КС, кешенді мұнай мен
газ дайындау қондырғылары,
ГЖСС, кәсіпшіліктердің ортақ
және құрама пункттері,
кәсіпшіліктік газ тарту
станцияларының (КГТС), газды
тазарту және құрғату
қондырғылары.
75
125
150
200
225
250
75
125
6. Тікұшақтарды базалауынсыз
вертодромдар мен отырғызу
алаңдары
50
50
100
150
175
200
50
50
7. ГТС, автоматтандырылған газ
тарату станциялары (АГТС),
реттеу станциялары, оның
ішінде газбен қамтуға арналған
шкаф түрлес алаңдары:
А) қалалар; елді мекендер;
кәсіпорындар; жеке ғимараттар
мен құрылыстар; басқа
тұтынушылар;
50
75
100
125
150
175
50
75
Ә) газ құбыры нысандары (газ
шығынын өлшеу пункттері,
термоэлектргенераторлар және
т.б.).
25
25
25
25
25
25
25
25
8. Термоэлектргенераторлары
бар автоматтандырылған электр
станциялары; байланыс,
телемеханика мен автоматика
аппаратурасы.
Шеткі желіден кемінде 15
9. Құбырды бойлай салынып
жатқан магистральдық суару
арналары мен коллекторлары,
өзендер мен сутоғандар; суару
жүйелерінің су жинау
құрылыстары мен станциялары
25
25
25
25
25
25
25
25
10. Арнайы кәсіпорындар,
құрылыстар, алаңдар,
күзетілетін аймақтар, жарылғыш
және өрт қауіптілігі бар
заттардың қоймалары, мұнай
қопару жұмыстары арқылы
өндірілетін пайдалы қазбалар
карьері, сұйытылған жанғыш
газдар қоймалары
Көрсетілген тәртіппен бекітілген арнайы нормативтік құжаттар
талаптарына сәйкес және көрсетілген нысандарды басқаратын
ведомстволар мен министрліктердің және мемлекеттік бақылау
органдарының келісуі бойынша
11. Құбырлар қатарына
салынатын, қуаты жоғары электр
қуатын берудің әуе жолдары;
трассаның ықшамдалған
жағдайындағы құбырлар қатарына
салынып жатқан жоғары электр
қуатын берудің әуе жолдары;
Құбырмен қиысу кезінде, жоғары
электр қуатын берудің әуе
жолдары тіреуіштері; ашық және
жабық трансформаторлық қосымша
станциялары және қуаты 35 кВ
және одан да жоғары жабық бөлу
қондырғылары.
Электр қондырғылары құрылғылары ережелеріне сәйкес
12. Мұнай мен конденсатты газ
құбырынан апатты шығаруына
арналған жер қоймасы
50
75
75
75
100
100
50
50
13. Қалааралық байланыс
кабельдері мен күш беретін
электр кабельдері
10
10
10
10
10
10
10
10
14. Құбырлардың қызмет
көрсетілмейтін аз арналық
радиорелелік байланыс
діңгектері (мұнаралары) мен
құрылыстары
15
15
15
15
15
15
15
15
15. Жер асты
термокамераларындағы кабельдік
байланыстың күшейту пункттері
10
10
10
10
10
10
10
10
16. Тек құбырларда қызмет
көрсетуге арналған тұрақты
трасса бойындағы жолдар
Кемінде 10
Магистральдық газ құбырларын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Форма
Достарыңызбен бөлісу: |