Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет24/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

«ауылшаруашылығы империясынан»
– 
«оқ-дәрі империясына» 
айналып сала береді. Яғни, әскерлерін сол заманның атыс қаруларымен (оқ-
дәрі және артиллерия) жарақтандыра алған түркілер, сөз жоқ өз дәуірінің 
жетілдірілген және өте озық әскери арсеналының иегері болды. К.В.Финдлидің 
әдеттен тыс жасаған тұжырымдамасына сәйкес, осы бір әскери технологиядағы 
аса маңызды революциялық төңкеріс – АҚШ-тың атомдық бомбаларға қолы 
жеткеннен кейінгі ядролық державаға айналып сала беруімен бірдей еді (230, 
93 бет).
Әлемдік тарихтың нормативтік оқулықтарында (314) және осыған тиісті 
зерттеу еңбектерінде бүгінгі түркі әлемінің көкірегіне мақтаныш сезімін 
ұялататындай карта кең қолданылады: онда өркениет пайда болған және 
тұрғындардың басым бөлігі өмір сүретін Еуропа, Азия, сондай-ақ Африканың 
аумақтарын қамтыған түркілік үш ұлы империя – 
Осман 
(1300-1922 ж.ж.)

Сефевид 
(1501-1722 ж.ж.) және
Моғол 
(1526-1858 ж.ж.) империялары 
бейнеленген. Бұл Түркінің Ұлылығын және қазіргі заманғы түркі әлемінің 
жаhандық саяси кеңістіктегі тарихи әлеуетінің қаншалықты зор екендігін 
дәлелдейтін ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Дегенмен, өтіп кеткен 
сол тарихи уақыттың белгілі бір аралығына міндетті түрде тоқталатын, тіпті 
нақты мақсаттар бойынша ерекше көңіл аударатын тұстар да жоқ емес: бұған 
Осман және Сефевид империялары арасындағы соғыстар мен олардың жақын 
және алыс мемлекеттерге жасаған асыра сілтеушіліктерін айтуға болады. 
Сол кездегі тарихи-саяси талдаулар, түбі бір оғыздан тараған және ХVІ 
жүзжылдықта тілі мен мәдениетінде де соншалықты айырмашылығы бола 
қоймаған ағайындас екі түркі мемлекетінің ұрыс даласындағы бір-бірімен 
бетпе-бет келіп қақтығысулары, олардың аймақтық шиеленістіктің орталығына 
айналуы, халықаралық саясаттың бағытын кеңейтуге емес, керісінше кері 
кетушілік пен табыссыздыққа қарай итермеледі. Егер де олар түркі әлемінің
ішкі саясатының тұтастығы мен қауіпсіздігін басты назарға алып және оны
көздің қарашығындай етіп сақтай білгенде ғой, онда халықаралық саясаттың
жаңа үрдісі – ХІХ ғасырдан басталған Еуропаның басымдық жағдайға беталысы, 
Азия халықтарының көпшілігін империализмнің колониясына айналдырып 
жіберуі мұншалықты деңгейге жете алмаған болар еді. Бұл бүгінде баршаға да
аян. Нақ осы кездері темірдей тәртіп пен шешуші қадам қажет еді. Алайда, өкі- 
нішке қарай, феодалдық соғыстың шарасыздық шеңберінен аттап шыға алмаған 


50
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
сол кездегі түркілердің әскери-саяси элитасы, жоғарыда айтылған мүмкіндіктерді 
көре де, оны пайдалана алмады. Дегенмен соған қарамастан, Осман, Сефевид 
және Моғол секілді Азияның үш түркі империясының өктемдік құруы – сол 
кезеңдегі геосаяси құрылымдардың теңгерімдігін қалпына келтіруде аса 
маңызды тарихи рөлге ие болды. Ұлы Моғолдар Қиыршығыстық Азияға дейінгі 
аймақтар, соның ішінде Қытаймен де, ал Сефевидтер – Исламдық Шығыспен, 
сондай-ақ Османдар болса – Еуропа мен Африка елдері арасындағы өзара 
қарым-қатынастардың негізгі бағыттарын анықтап отырды. Әзербайжандық 
түркілердің кавказ бен парсы аймақтанда саяси доминанттық күшке айналуы 
мен Әзербайжан мемлекетінің құрылуы жолында (Әзербайжанның Атабектер 
негізінде, Қарақойлы және Аққойлы әулеттері) Сефевидтер империясы шешуші 
рөль атқарды. Моғолдар империясын құрған Бабыр (айтпақшы, ол Сефевидтер 
империясымен жақсы қарым-қатынаста болды), әкесі жағынан Темірланға, 
ал шешесі жағынан – Шыңғысханға жақын туыс болып келді. Моғолдар 
билеушісі Акбар жария еткен Дин-и иллахидің саясаты (1556-1605), көпұлтты 
Индия мен өзге де көршілес аймақтардың нығаюын қамтамасыз етіп отырды. 
Әзербайжандағы Шах Исмаил Хатаидың исламдық идеологияға сүйенген 
ұлттық саясатын (бұл нақты шиизм доктринасы болды), ал Бабыр мен Акбардың 
Үндістандағы жүргізген жан-жақты діни саясатын, түркі үстемшілдігінің аса 
көрегендігі деп бағалауға болады.
Академик Рустан Рахменалиев түркілердің өктемдігіне төмендегідей 
түсініктеме береді: «Түркілер үш құрлықта да – Пекинде, Делиде, Исфаханда, 
Дамаскіде, Бағдадта, Мысырда, Константинопольде (Ыстамбұлда) және 
Алжирде басқару тізгінін өз қолдарында ұстады және оны уысынан шығарып 
алмау үшін нақты бір шаралар жасау қажеттігін өте жақсы түсінді. Түркілер 
билік жүргізген жерлердің барлығында да, Табгаштың басқаруымен - Қытайда, 
Салжұқтардың басқаруымен – Парсыда, Мәмлүктердің басқаруымен – 
Мысырда, Ұлы Моғолдардың басқаруымен – Үндістанда бұған дейін көз көріп, 
құлақ естімеген керемет өркендеу мен гүлденудің болғандығын атап өту керек. 
Ал, түркінің ұлы басқарушысы Осман империясы жайына тоқтала кетсек, ол 
алдымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет