130
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
де ұғым бар. Дегенмен, ежелгі Азия мемлекеттері (ахменоидтар мен ғұн-түркі
империялары) мен көне еуропалық мемлекеттер (гректің полис қалалары,
Эллада, Македония және Рим империялары) арасындағы «тегіне тартушылық»
эволюциясы үнемі соғыстарға жалғасып отырды. Азия мен Еуропаның оңтүстік-
бағытындағы әскери-саяси қарым-қатынастарында парсылар гректермен, ал
солтүстік бағытында ғұндар-түркілер мен шығыс еуропалықтар римдіктермен
қақтығыста болды. Өркениеттік ойлаудың тарихтағы осындай өзара қарама-
қайшылықтары із-түзсіз кеткен жоқ. Өйткені, геосаяси қарама-қайшылықтар
барысында азиаттардың ең басты нысан екендігіне еуропалықтардың көздері
анық жетті. «Еуропаны Азияға қарсы қоюдың ең алғашқы мәдени-тарихи
тұжырымдамасын бірінші болып Геродеттің (біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр)
қолымен жасалғаны белгілі» (60. 150 бет). Кейіннен шығыс ислам мәдениетіне
ықпалы күшті болған грек философы Аристотель (біздің дәуірімізге дейінгі
IV ғасыр), «гректің еркін рухын Еуразияның құлдық психологиясына қарсы
қойды», сондай-ақ философ ұстазынан осындай сабақты жақсылап үйренген
Александр Македонский де өзінің әскери жаулап алу жорықтарын Еуропадан
Азия бағытына қарай үнді қалаларына дейін жалғастырды» (біздің дәуірімізге
дейінгі 334-326 жылдар).
Еуропаның Азияға қарсы соншалықты деңгейдегі шапқыншылығына
ғұндар-түркілер араға жеті жүз жыл уақыт сала отырып, (біздің дәуірімізге
дейінгі 451-453 жылдар) тегеурінді жауап қайтарды. Тіпті, олар Александр
Македонскийдің қолынан келмеген істерді жасады, яғни ғұн-түркілердің Батыс
империясы Римді жаулап алса, ғұн-түркілердің Шығыс империясы Қытай мен
Үндістанды қоса бағындырды (біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың соңы мен
VI ғасырдың басы). Ғұндар-түркілер империясы тынық мұхиты бағытында
Қытай империясын, ал Атлант мұхитына қарай Рим империясын тізе бүктіріп,
оларды толықтай өздерінің ықтиярына бойұсындырды, сол арқылы олардың
Еуразияға үстемдік ету жөніндегі ниеттерін енді қайтып бас көтермейтіндей
етіп жаныштады. Ең бастысы ұшы-қиыры жоқ алып кеңістіктің, құрлықтағы
«өзегінің» (Heartland) тек қана азиаттар мен оның суперэтносы – түркілердің
ғана басыбайлы жері екендігін мойындатты. Еуразияның өркениеттік заңдарына
негізделген және құрлықтағы Азия мен Еуропа арасындағы өзара қарым-
қатынастарға жол ашатын нағыз геосаяси тарих, барлық бағыттар бойынша
Көктүріктер империясының (немесе, көптеген дереккөздер бойынша – Түркі
империясы) эволюциясымен басталды.
Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдан бастап Көктүріктер империясы
Орталық Азияның өзегіне орын тепкен
Еуразияны әлемдегі ең үлкен геосаяси
құрлық ретінде танып, оның тарихи шекараларын тұңғыш рет
: шығыс
бағытына қарай – Қытайға дейін, ал оңтүстік бағытында – Византияға (Шығыс
Рим империясы) дейін деп белгіледі.
«Әлемдік тарихтағы Орталық Азия»
монографиясының авторы П.Б.Голден:
Достарыңызбен бөлісу: