143
Ресей еуразияшылығы
Орда хандығына мұрагердің бірі ретінде санайтынын» айтады, сондай-ақ ол,
«Еуразия аумағына орналасқан Ресей мемлекеттігін Шыңғысхан мемлекетінің
тікелей мұрагері және оның ізін жалғастырушы» ретінде көрсеткісі келеді.
Тіпті, Николай Трубецкий дегеніңіз аталған мұрагерліктің генетикалық негізін
де таптым деп санайды: «Финдік-угорлық және славяндық халықтар секілді,
орыстардың тамырында да түркінің қаны ағып жатыр. Тек славяндар ғана емес,
сонымен қатар түркілердің де біздің бауырларымыз екендігі (діні мен тіліне
емес, мінезі мен мәдениетіне қарайды) жәйшылық уақытта ұмыт қала береді»,
деп көсемсиді (192. 14, 15-17, 31-36 беттер). Орыс идеологының пікірінше, егер
де Ресей өзін Шыңғысханның мұрагері және оның ізін жалғастырушы екендігін
сезінгенде ғана, Еуразия өзінің шынайы тарихи орынын таппақ екен! Демек,
мақсат айқын: Еуразияның гегемоны болу үшін, Ресей «түркі қоспасына»
байланысты қайшылықтарды бейтараптандыру мақсатында жерін жаулап алған
түркілермен өздерін «қандас бауырлар» ретінде жариялағысы келеді.
1917 жылы Ресей империясының құлап,оның
аумағына КСРО құрылып
жатқан кездері еуразияшылық эмигранттар арасында да арнайы саяси-
идеологиялық үрдіс ретінде дамиды: 1932 жылы шетелде Еуразия партиясы
ұйымдастырылды. Осы партияны құрушылардың бірі Петр Савицкий
еуразиялықтың теориясын дайындап болған соң,
оның саяси тұғырнамасын
жасады. Еуразияшылық идеяға өмірінің соңғы күніне дейін адал болып қалған
Петр Савицкий ресейлік геосаясаттың Еуразиялық нұсқасын жетілдірумен
қатар, оның теориялық тұрғыдан әрекет етуінің практикалық негізін көшіріп
басады. Ол да өзінің алдыңғы ізашарлары секілді, Ресейдің тағдырын Азиямен
байланыстырады, орыстардың азиаттардан қабылдап алған «құрлық сезімін»
оның Еуразияда үстемдік етуінің басты шарты деп санайды (185. 155 бет).
Әрине, КСРО-ның ресми түрде коммунизм идеологиясын басшылыққа
алуына байланысты, мұнда еуразияшылыққа орын болған жоқ. Сондықтан да,
әрі кетті дегеннің өзінде, белгілі бір идеялардың
долбары ғана пайда болуы
мүмкін еді. Дегенмен, осыларға қарамастан КСРО-ның «жасырын» түрдегі
өктемдік жүргізу саясатының ауқымы еуразияшылыққа қарағанда әлдеқайда
көлемді де менменшіл болды. Еуразияшылықтың ашық доктринасы Кеңес
Одағы құлағаннан кейін қайта жаңғыра бастады,
бұл беталыс теориялық-
сараптау әдебиетінде «жаңаеуразияшылық» деп аталды (279.3-6 беттер).
Жаратылысында классикалық еуразияшылықтан еш айырмашылығы жоқтай
көрінетін жаңаеуразияшылық өзін қазіргі заманғы саяси жағдайдың негізінде
және соған сәйкес жайғастырылым деп ойлайды. Алайда, тарихи ахуалдарды
салыстыру кезінде, оның бойынан өте қауіпті өзгешеліктердің бар екендігі
байқалды: Ресейдің бұрынғы «жоғалған» «одақтық» республикалары өздерінің
осылайша «ғайып» болып кеткендеріне бой ұсына қойған жоқ, керісінше, олар
өз тарихында тұңғыш рет мемлекеттік саясаттың, оның жүйесінің маңында
елес кезген еуразияшылыққа айналуға бастамашылық жасайды. Бүгінгі күні