Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет82/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
Ресейде еуразиялану үдерісі бір-бірімен тығыз байланысты төрт бағыты: (1) 
ғылыми-теориялық және гуманитарлық-мәдениеттану тұжырымдамасы; (2) 
қоғамдық-саяси қозғалыстар ұстанымы; (3) саяси партиялардың идеологиялық 
тұғырнамасы; (4) мемлекеттік саясаттың бағдарлары пішіні бойынша жүргізіліп 
келеді. Еуразияшылыққа қатысты, оны қазіргі заманғы жақтаушылардың 
назарын аударып отырған басты мәселе Ресей мемлекетінің бүгінгі геосаяси 
қуатының сақталуы мен оның дамуының бүгінгі тарихи-саяси мүмкіндіктері 
болатын. Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының философия институты 
әлеуметтік-философиялық зерттеулер орталығының басшысы Александр 
Сергеевич Панарин өзінің «Әлемдік тарих кезеңіндегі Ресей», «Жаһандық саяси 
болжамдар», «Жаһандануға алдану» (178; 176; 177) атты шығармаларында 
ресейлік «еуразияшылықты» Батыстың «атлантизміне» балама ретінде қояды. 
Ол Ресей империясы мен Кеңестер Одағының тікелей мұрагері болып табылатын 
Ресейді алдымен Еуразия құрлығына, содан кейін бүкіл әлемге үстемдік құрушы 
саяси күшке айналдыру жайын қатты ойлайды және өзінің осы байламын 
жұртшылыққа ұсынады. А.С.Панарин «Ресейдің құлдыруының жалғасып келе 
жатқандығын» мойындайды (176. 78 бет), солай бола тұра, ол өзінің осы ойына 
қайшы келетін, Ресей үшін әлдеқандай сопылық қисындағы сюрреалистік 
болашақтар туралы айтады. Ол Ресей үшін қайта күресудің негізін жасайтын 
үдерістерды былайша түсіндіріп: «Біздер бүгін үш Еуразиялық жобаның 
бәсекелестігін бақылаудамыз: Солтүстік Еуразия жобасы, ресейлік Еуразия, 
мұсылмандық Еуразия (түркі мемлекетінің ықпалындағы Еуразия) және қытай 
Еуразиясы (Қытай үстемдігімен Ұлы Жібек жолының қайта жандануына 
байланысты Еуразия)» деген ой түйіндейді. Өйткені, мұндағы соңғы екі жоба 
да Атлантикалық және Тынық мұхиттарын Ресейді айналып өту арқылы жалғау 
үшін ойластырылған. «Екі жоба да Каспийдің мұнай байлықтарын ашуға 
бағытталған» (176. 163 бет). 
Автордың пікірінше, егер үдерістер «орыс жобасы» бойынша дамитын 
болса, онда мұның табыс әкелері сөзсіз. Панариннің «Жаңаеуразияшылығы» 
айдалада жалғыз қалған Ресейге «одақтас» серік іздегенді көз алдыңызға 
елестететін секілді. Ол өз мемлекеті үстемдікке ие болған кезде жаңа 
жаһандық альянстардың пайда болатынын болжағанымен де (176. 317 бет), 
бұл тұжырымның саяси прагматикадан қаншалықты алшақ жатқандығы 
күннен-күнге әйгілене түсуде. Өйткені, іс жүзінде Еуразия алаңына жаһандық 
бәсекелестікте «орыс жобасына» көнбейтін ықпалы күшті салалар қалыптаса 
бастады. Еуразияшылықтың Ресейдің барлық саяси партияларының саяси 
тұғырнамаларына орналастырылуы, ресей қоғамының консервативтік бөлігіне, 
оның ішінде әсіресе КСРО-ны аңсайтындар арасындағы коммунистердің, әлемдік 
аренада Ресейдің үстемдігін қолдайтын ұлтшылдардың, сондай-ақ Ресейдің 
саяси этникалық бейнесінің жан-жақтылығын көрсететін космополиттердің 
арасында ерекше танымалдықа ие болу үшін аталған партиялардың барлығының 


145
Ресей еуразияшылығы
да асқан белсенділікпен насихат жүргізіп келе жатқандығы ашықтан ашық 
көрсетіліп отыр. 
Еуразияшылықты Ресейдің қоғамдық-саяси қозғалыстарының деңгейіне 
алып шыққан Александр Дугин «Еуразиялық көзқарас» атты кітабында өзінің 
«Еуразиялық тұғырнамаға» қатысты негізгі қағидасын ұсынды. Жалпы Дугин- 
нің қоғамдық-саяси қызметі (қазіргі кезде ол Ресей Федерациясы Мем- 
лекеттік Думасы жанындағы сараптау кеңесінің мүшесі) бұрынғы кеңестік 
республикалармен ықпалдастық жағдайында Ресейдің «Еуразияның 
супердержавасы» мәртебесін қайта қалпына келтіруге бағытталып 
отыр. Автордың «Еуразия» атты кітабы Жалпыресейлік қоғамдық-саяси 
қозғалыстың әрекеттік бағдарламаларының негізгі ережелерінен құралған. 
Жаңаеуразияшылықтың идеологы Александр Дугин ұсынып отырған 
тұғырнаманың өзегін былайша суреттеуге болады: жаңаеуразияшылық клас- 
сикалық еуразияшылықтың идеологиялық базасында қалыптасады. Ал оны 
«жасаушының» басты тезисі «Батыс адамзатқа қарсы» деген идеядан тарайды 
(160. 6 бет). Сондықтан да Батысқа еліктеген бірде-бір ел өз жолын өздері 
анықтай алмайды, үнемі солардың жетегінде жүрді. Ресейдегі батыстық саясат 
жеңіп алған ұстанымдар құлдырауға ұшырады, тіпті оның жоғалып кетуіне 
жол ашты. «Тап қазіргі заманғы Ресейдегі идеялық дағдарыс» өз бастауын тура 
осы жерден алады. Дәл бүгінгі сәтте Батыстанушылық жаһанданудың үлгілері 
көрініс беріп қалады. Сондықтан да осы аталған қатерлерге қатысты белгілі 
деңгейде ұйымдастырылып отырған қарсылықтар да бар: «Дүние жүзін, оның 
ішінде Ресейді де қоса америкаландыру жаңа гегемонға құлдық ұрып, көнбістік 
ишарасын білдіру көпшілікке ұнамайды» (160. 5 бет).
Жаһанданудың бірполярлық әлем тек еуразияшылдық қана дүниетанымның 
жалғыз көзі ретінде баламалы таңдау бола алады. Соның өзінде «Еуразиялық 
Федерализм» идеясын күшейту, ТМД негізінде «Еуразиялық Одақ» құру, ТМД 
кеңістігі ішіндегі стратегиялық ықпалдастықтың аясын кеңейту, Мәскеу – 
Тегеран – Дели – Пекин бағытындағы «одақтық мемлекеттер өзегін» жүзеге 
асыру басымдыққа ие болып табылады» (160.14-15бет). Тарихта бұған дейін 
де болып келгені секілді, великорустардың бүгінгі күні де славян, түркі және 
финн-угорлық этностардан будандастыру арқылы «бір халық қалыптастыруды» 
қамтамасыз етуге жағдайы бар. «Еуразияшылықтың «дүниетаным, философия, 
геосаяси жобалар, экономикалық теориялар, рухани қозғалыстар, сондай-ақ 
саяси күштердің кең спектрінің шоғырлануының өзегі» болуы мүмкіндігіне», 
өзінің күш-қуатына сенгенгендіктен «Еуразия – бұл тұтас әлем» деп мәлімдеді 
(160.34-35 беттер).
Алайда Александр Дугин өз жобасында Ресей империясынан, тіпті Кеңестер 
Одағы мен ТМД-ден да ары асып түсті: өйткені, ол Еуразия кеңістігінде дүниеге 
келген «Еуразиялық Одақты» тәуелсіз мемлекеттер одағының ұйымы деп емес, 
оны, керісінше, қазіргі заманғы Ресей Федерациясы аясының федеративтік 


146


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет