Бекіту сұрақтары:
1.
Сөйлеу этикеті дегеніміз не?
2.
Әмбебап сөйлеу этикетіне қандай сөз орамдары тән?
3.
Телефонмен байланысқан кезде қандай сөз орамдарын қолдану тәртібі бар?
№22 дәрістің тақырыбы:
Сәлемдесу, қаратпа сөз, танысу этикеті
Сағат саны:
1
Дәрістің топтама-тәсімі.
Сапарлар, іскерлік кездесулер, әртүрлі протоколдық іс-
шаралар әңгімелесулер өткізу үшін дипломатқа кең мүмкіндіктер береді. Дипломатиялық
әңгімелесулер – өте кең ұғым. Оған тапсырма бо-йынша және өзінің жеке бастамасы
бойынша әңгімелесулер, ресми тұлғалармен, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстар өкілдерімен, іскерлік топтармен және т.б. әңгімелесулер жатады.
Жеке әңгімелесулер, одан жиі түрде аса жоғары интеллектуалдық, көбінесе
адамгершілік және жүйке-психологиялық салмақ түсіруді қажет ететін, дипломаттың
тәжірибелік қызметінің шыңы болып саналады.
Парасатты, зейінді әңгімелесулер өткізе алмайтын, демек, өзінің барған елінде
қажетті байланыстарды ұстап тұра алмайтын дипломат, толыққанды қызметкер болып
санала алмайды және оның шетелге баруынан сондай бір маңызды табысты жұмыс
күтіледі деп есеп құру қиын.
Дипломаттың әңгімелесуі кезінде көтерілуі мүмкін мәселелер шеңбері, көп
дәрежеде
оның
әңгімелесушілерінің
кәсібімен,
қызметтік
жағдайымен,
қызығушылықтарымен анықталады. Олардың қатарында, барған елге, дипломатиялық
қызметкердің шеніне (дәрежесіне) және лауазымына қатысты, мемлекеттің басшы
қайраткерлері және Сыртқы істер министрлігі мен өзге ведомстволардың ресми
тұлғалары; дипломатиялық корпустың мүшелері мен партиялардың, кәсіподақтардың,
жастар, әйелдер және өзге де қоғамдық ұйымдардың саяси қайраткерлері, әскери ортаның
өкілдері мен мәдениет және ғылым қайраткерлері, бизнесмендер, банкирлер, журналистер
мен өзге де тұлғалар болуы мүмкін. Осыдан шығатын қорытынды, жекелеген
проблемаларды егжей-тегжейлі білумен ұштастықтағы жақсы эрудиция дипломаттың
ажырағыссыз атрибуты болып саналады.
Дипломат өз позициясын қорғауға (өйткені бұл, оның мемлекетінің позициясы)
қажетті дәлелдерді және қарсы дәлелдерді табуға қабілетті болуы, бұл ретте
өнертапқыштық (жасампаздық) көрсетуі, егер тіпті қажет болса, барлық жағдайлар кезінде
істі өзінің бұрынғы мәлімдеген көзқарасы бойынша жүргізе отырып (егер, сөз қағидаттық
мәселелер туралы болып отырса), айлакерлік танытуы тиіс. Әрине, айтылған сөз
тіркесімен шектеліп, әңгімелесу кезінде алдыға қарай жылжып, қосымша ойлану және
басшылықпен кеңесу үшін «тайғанақ тақырыпты» қалдыра тұратын жағдайлар болады.
Кездесушіге кейде қағидаттық, лайықты тойтарыс бере отырып, ешқандай
жағдайларда да өзін-өзі билеуін жоғалтуға, долылыққа салынуға, айқайдан жаңылысып
қалуға, жеке жәбірленуге жол беруге болмайды. Егер ол өзінің мінезі бойынша тұйық,
жабырқаңқы, қабағынан қар жауған, жиі түрде асқақ, мақтаншақ және дөрекі болса,
дипломат кәсіпқой ретінде сондай-ақ ұтылып қалады. Керісінше, адамдарға жылы
ілтипатты қарым-қатынас таныту, ашықтық, тіл табысқыштық және сол мезгілде
эмоцияларында ұстамдылық көрсету, барлық жағдайда барынша сыпайы болу, барған
елдегі достық байланыстарды ұстап тұруда және оны кеңейтуде, оған осы мақсаттағы
міндеттерді шешуге көмектесетін болады.
Дипломат жұмысында, оның аузынан келеңсіз түрде айтылмауы және оған
жақындамауы тиіс тақырыптар болады. Барған ел үкіметінің ішкі және сыртқы саясатын,
оның салт-ғұрпын сынау немесе жекелеген тұлғалар туралы мақұлдамайтын пікірлер айту
қабылданбаған. Осындай айтылған сын әрқашан да мәлім болып, ол бүкіл одан
туындайтын салдарларымен барған елдің ішкі істеріне араласу ретінде бағаланып, тиісті
дипломатиялық қызметкерді «персона нон грата» деп жариялауға дейін апаруы мүмкін.
Барған ел онымен дипломатиялық қатынас жасайтын үшінші елдің үкіметі туралы сыни
пікір айтудың қажеті жоқ. Журналистерге сұхбат беру кезінде айрықша сақтық танытқан
жөн, өйткені әңгімелесу кезінде тіпті айтарлықтай маңызды ештеңе хабарланбаса да,
жақтырмаушылық мақсатта «елшілікке жақын ортаға» немесе «қабылдау уақытында
алынған ақпаратқа» және т.с.с. жағдайларға сілтей отырып әртүрлі хабарламалар
пайдаланылуы мүмкін. Дипломат шеніне (дәрежесіне) және лауазымдық жағдайына
қатыссыз, әрқашан да өте-мөте ресми тұлға елдің, өз елшілігінің өкілі ретінде қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |