Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет43/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

көрші омыртқамен достық байланыста. Олардың барлығының өзара қарым-
қатынасы байсалды және мінсіз. Менің күшімнің ғана емес, менің иілгіштігімнің де 
бастауы – осында. Мен аспанға да жете аламын, жерге де иіле аламын. Мен, маған 
бостандық пен қауіпсіздік әкелетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша 
омыртқамды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің арқам ұнайды 
Менің арқам - өмірдің өзі. Мен одан моральдық қолдау сезінемін. Мен барлық 
қорқыныштарды қуып жібере аламын. Мен өзімді сүйікті сезінемін. Мен үшін, менің 
өткенім де, барлық жүріп өткен жолым да маңызды емес. Мен артта қалып қойған 
нәрсенің бәрін ұмытамын. Мен бұдан былай өмірдің табиғи дамуына сенемін. Мен, 
маған керек нәрсенің бәрін беретін ойларды таңдаймын. Өмір маған, одан күткен 
кезімде де, одан күтпеген кезімде де оңынан қарайды. Өмір – ең керек нәрсе екенін мен 
білемін. Өмірге деген махаббат мені батыл және келбетті етеді. Мен өзімнің тамаша 
арқамды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің иілген мүсінім ұнайды 
Құдай маған икемді болып, мәжнүн талдың сабақтары суда қалай жүзсе, 
өмірде солай жүзе алатындай иілген мүсін берді. Мен еңкейе аламын, созыла аламын, 
бірақ барлық уақытта қалыпты жағдайыма келемін. Мен, иілген және көнбіс адам 


38 
болу мүмкіндігін арттыратын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша иілген 
мүсінімді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің көкірек жасушам ұнайды 
Мен өзгелерге қанша берсем, сонша аламын. Мен өмірден өзіме не керек болса, 
соны аламын. Мен өзімнің жеке мүмкіндігімнің молдығын сақтай отырып, өзгелерді 
қандай күйде болса солай болу құқығын мойындаймын. Өмір біздің барлығымызды 
қорғайды. Біздің өсуімізге ештеңе кедергі бола алмайды. Мен өзгелерге тек махаббат 
қана беремін. Мен, біздің бәрімізге еркіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің 
тамаша кеудемді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің өкпем ұнайды 
Менің кеңістікке құқым бар. Өмір сүруге құқым бар. Еркін, кеудемді толтырып 
өмірмен тыныс аламын. Мені қоршаған орта тіптен де қауіпсіз. Мен еркін тыныс 
алуға мүмкіндік беретін Күшке сенемін. Мен қанша уақыт өмір сүргім келсе, менің 
тынысым соншама уақытқа жетеді. Мендегі өмірлік күштің қоры мен қанша өмір 
сүргім келсе соған жетеді. Мен қазір, мені сақтай алатын ойларды таңдаймын. Мен 
өзімнің тамаша өкпемді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің тынысым ұнайды 
Мен өз тынысымды қымбат көремін. Ол менің байлығым және өмір сүрудің 
көзі. Мен өз өмірім толық қауіпсіздікте екенін білемін. Мен өмірді сүйемін. Мен 
кеудемнен толық тыныс алып өмірді ішіме аламын. Менің тынысым кіргенде және 
шыққанда үндестікте. Мен, тынысым жеңіл және ұнамды болатындай ойларды 
таңдаймын. Менің қатысуым адамдарға қуаныш әкеледі. Мен жүзіп келемін – мені 
өмір тынысы тартып барады. Мен өзімнің тамаша тынысымды сүйемін және 
бағалаймын!
Маған менің ағзаларым ұнайды 
Ағзалар - өзіңді көрсете білудің бастауы. Менің өзімді көрсетуім – ол менің 
өмірге деген қатынасымның түрі. Мен – ерекше тұлғамын. Мен өзімнің даралығымды 
бағалаймын. Менің өмірімде кездескен барлық жақсылықтың бәрі алдымен менің 
жанымда пайда болады. Менің қайталанбайтындығым мен таңдаған ойлардан 
басталады. Рухани беріктік пен күш менде мықты және теңестірілген. Мен қуатты 
және жеңіл қимылдайтын адаммын. Мен өзімнің тамаша ағзаларымды сүйемін және 
бағалаймын!
Маған менің жүрегім ұнайды 
Менің жүрегім бүкіл бойыма, оның жасушаларына қуат беру арқылы қуаныш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет