Саяси ғылымдарының докторы, профессор


  Тақырыпты пысықтау сҧрақтары



Pdf көрінісі
бет16/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 


26 
Тақырыпты пысықтау сҧрақтары: 
1.
Саяси ӛкілеттілік ету. «Ӛкілеттілік» ұғымы. Ӛкілетті биліктің 
ерекшеліктерін кӛрсетіңіз. 
2.
Ӛкілеттілік және билік үшін күрес. Саяси партия ұғымының қалыптасу 
эволюциясы, мәні және оның белгілерін айтыңыз. 
3.
Билік үшін күресетін саяси партияның типтері мен атқаратын 
қызметтері қандай? 
 
7-дәріс. Саяси билік ҧғымы және оны жҥзеге асыру жолдары 
Демократиялық, авторитарлық тоталитарлық саяси биліктің ерекшеліктері
 
Демократия деген сӛз 
гректің
«демос» – халық, «кратос» – билік
деген 
сӛздерінен алынған, яғни халық билігі дегенді білдіреді. Демократиялық саяси 
режим әлемнің кӛптеген елдерінде, шамамен 50 елде ӛмір сүруде. 
Демократиялық мемлекеттердің кӛп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ 
белгілері болады. 
Демократияның антикалық теориясы
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы 
жатады. Б.д.д. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып 
тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы 
саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Афиналық демократия 
Периклидің (б.д.д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп ӛркендеді. 
Б.д.б. 322 жылы афиналық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып 
қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі 
шын мәніндегі биліктен айырылды. Афиныдағы сияқты демократиялық 
мемлекет Ежелгі Римде де болды. 
Демократия идеясы кӛптеген ойшылдардың – Аристотель, Н. Макиавелли, 
Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, А. Токвильдің 
және т.б. еңбектерінен демократия идеясы орын алады. 
Жаңа дәуірдегі демократия
Жаңа дәуірдегі демократияның
 
классикалық теориясы да антикалық 
идеялардан бастау алды. Оны «Қоғамдық келісім» деген еңбегінде Ж.Ж. Руссо 
жан-жақты қарастырды.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) ол ӛзінің атымен аталған демократияның 
«шумпетерлік» теориясын жасады. Оның ойынша, демократия ешқашандай да 
халықтық басқару емес, жеке адамдар халықтың дауысын алу үшін бәсекелік 
күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.
Демократияны тура, плебисцитарлық, ӛкілдік демократия деп бӛледі. Тура 
демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде 
тікелей қатысады. Тура демократияға референдум жатады. Референдум – ел 
мен мемлекет үшін маңызды саяси шешім қабылдау немесе ішкі және сыртқы 
мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың ойын білдіруі. Тура 


27 
демократия Франция, Италия елдерінде кеңінен тараған. Италияда Екінші 
дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік 
тоқтатылды. 
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға 
сайлау арқылы заңның жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. 
Оны, әдетте президент, үкімет, партия дайындайды. Мұнда халықтың жобаны 
дайындауға қатынасу мүмкіндігі ӛте аз.
Ӛкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің ӛкілетті 
органдарына беріледі. Азаматтар депутаттарды сайлайды, оларға ӛз мүдделерін 
қорғауды сеніп тапсырады. 
Роберт Даль бойынша, либералдық демократияның белгілері: 1) 
лауазымды қызметкерлерді сайлау; 2) еркін, әділ, жиі ӛтетін сайлаулар; 3) ӛз 
ойын еркін жеткізу; 4) балама ақпарат кӛзінің болуы; 5) азаматтық 
бірлестіктердің автономиясы; 6) жалпы азаматтық құқық.
Д.А. Ростоудың пікірінше демократияға ӛту мынадай кезеңдерді басынан 
кешіруі мүмкін: қарама-қарсы саяси күштердің қақтығысы жағдайындағы 
дайындық кезең; саналы тұрде демократиялық ережелер мен институттар 
негізінде шешім қабылдайтын кезең; жаңа әлеуметтік ортада қайта 
әлеуметтеңдірілген дағдылану кезеңі. Мұның барлығы азаматтардың саяси 
қатысуынсыз мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет