Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Тақырыпты пысықтау сҧрақтары



Pdf көрінісі
бет19/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
Тақырыпты пысықтау сҧрақтары:
1.
Билік жүргізудегі мақсат пен құралдар дегеніміз не? 
2.
Авторитарлық биліктің ерекшеліктерін атаңыз. 
3.
Тоталитаризмді биліктің ерекше түрі ретінде түсіндіріңіз. 
 
8-дәріс. Саяси биліктің принциптері мен механизмдері 
 
Биліктің транспаренттілігі, ашықтығы, мақсатты бағыттылығы, 
заңдылығы, бірізділігі 
Биліктің механизмдері 
 
Билік принциптері мен механизмдері дегеніміз – билікті құру мен жүзеге 
асыру барысында басшылыққа алынатын идеялар мен қағидалар. Яғни, 
биліктің кез келген принципі билік қандай болуы керек деген идеядан тұрады. 
Бұл 
принциптер
тӛмендегідей: 
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына басымдық беру 
принципі; 
2) Конституция мен құқықтың жоғарылық принципі. Биліктің ӛкілеттіктері 
мен құзіреттерінің бӛлінуі құқық негізінде жүреді. 
3) заңдылықты сақтау принципі. Мемлекеттік билік органдары заңға 
сәйкес құрылады және қызметінде үнемі заңдылықты қатаң сақтауы тиіс; 
4) биліктің тармақтарға бӛліну принципі; 
5) мемлекеттік органдардың арасындағы қызметтердің ара-жігі ашылуы 
принципі; 
6) демократизм принципі – халық биліктің қайнар кӛзі, сондықтан билікті 
сайлау мен ӛкілдері арқылы қалыптастыруға саяси қатысуы тиіс, билікке 
халықтық бақылау жасалады; 
7) ғылымилық принципі – билікті жүзеге асыру ғылымның қол жеткізген 
жаңа жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Менеджмент, әкімшілік құқық, электронды 
үкімет, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, психология т.б. 
туындаған ғылыми жаңалықтарды билікке ендіру; 
8) жариялылық принципі – билік органдарының ашықтығы, халықты тиісті 
ақпаратпен хабардар ету, биліктің халыққа есеп беруі; 
9) мӛлдірлік, яғни, транспаренттілік – билік қоғамдағы ресурстарды бӛлу 
мен қайта бӛлуді жүзеге асыратындықтан, мемлекеттік бюджеттің қалай және 
қайда жұмсалып жатқандығын халыққа ашық кӛрсетіп, есеп беруі тиіс. Бюджет 
– салық тӛлеушілердің, яғни, халықтың ортақ қазынаға жинаған қаржы-
қаражаты. Сонымен қатар, билік органдарында қызмет етушілер табысы қандай 
екенін ашық декларациялауы шарт. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа 
жол бермеу үшін жасалады; 
10) біліктілік пен кәсібилік принципі – билікті жүзеге асырушылар, билік 
органдарында қызмет етушілер атқаратын жұмыстарына кәсіби түрде 
дайындалған, білімі жоғары, біліктілігі талапқа сай кәсіби мамандардан 


34 
конкурстық негізде құралуы тиіс. Қажет болса біліктілігін арттырып, 
нұсқаулықтар алып отыруы қажет; 
11) унитарлық немесе федерализм принциптері. Мемлекеттің әкімшілік-
территориялық құрылысына қарай жүзеге асатын ұстаным. Мысалы, Қазақстан 
унитарлы мемлекет болса, АҚШ, Ресей сияқты елдер федеративті. Сәйкесінше 
бұл елдер тиісті принципті таңдап, мемлекеттік билігін қалыптастырады; 
12) мақсатты бағыттылық принципі – билік нақты идеологияға, идеяға, 
стратегия мен тактикаға сүйеніп, белгілі бір бағыт-бағдармен жүзеге асады; 
13) бірізділік принципі – билік субъектілері ауысқанымен, биліктің 
бағыты, конституциялық қағидалардың сақталуы. 
Кез келген билік түрін жүзеге асыр үшін жоғарыда аталған принциптермен 
қатар, тӛмендегідей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет